ҚР-сының гендерлік саясаты



Кіріспе
• Гендер және адам дамуы.
• Қазақстандағы гендерлік факторды есепке алғандағы адам дамуының ерекшеліктері.
• ҚР.сының гендерлік саясаты.
• Гендірлік теңдік идеясын алға бастырудағы БҰҰ ролі.
• Қортынды.
Қолданылған әдибеттер.
Адам дамуы идеясы мәнінің төркіні мынада, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемдерінің өсу түріндегі экономикалық даму қара бастың қамы болмауы тиіс, қоғам дамуының басты міндеті – адамның өзінің дамуы үшін даму. Адам дамуы тұжырымдамасы авторларының бірі Амартья Сен, дамуды адамдардың «мүмкіндіктерін» ұлғайту үдерісі, еркіндік мәселесі ретінде қарайды.
Бірақ адамдар арасындағы кейбір айырмашылықтар (мәселен, нәсілдік, ұлттық, таптық немесе жыныстық ) мүмкіндіктерді іске асыруда белгілі бір шектеулерді туындатуы мүмкін, ол адам дамуына кедергі жасайды. Осы тақырыптан біз жыныстық айырмашылықтардың әлеуметтік теңсіздіктердің бірі – гендерлік теңсіздікке қалай ұшырататынын білеміз, осы теңсіздік еркектер мен әйелдер арасында қоғамның тапшы ресурстарын (табыс, билік,білім және бедел ) тең бөлуге бөгет болады.
Алдымен біз «гендер» категориясының мәнін ашамыз, биологиялық жыныстың әлеуметтік жыныстан айырмашылығын көрсетеміз, содан соң адам дамуының гендерлік факторларына және Қазақстандағы гендерлік факторды ескеру арқылы адам дамуының ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Тұңғыш рет гендер (тек) ұғымын ғылыми тіркеске американдық психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы енгізді, ғалым бұл сөзді өзінің «Жыныс және гендер» кітабының атына қолданды. Столлер былай атап көрсетеді, жыныс пен гендердің айырмашылығы мынада, жыныс биологиялық, ал гендер психологиялық, демек, мәдени феномен болып табылады.
Одан әрі осы термин әлеуметтануда пайдаланылды. Оны енгізген Энн Оукли: 1972 жылы ғалымның «Жыныс, гендер және қоғам» кітабы шықты. «Гендер» ұғымын әлеуметтік түсіндіру әлеуметтік мазмұнға негізделеді, оны әлеуметтендіру үдерісінде туындайтын әлеуметтік конструкт ретінде қарайды.Қоғамда орын алатын гендерлік рольдер салыстырмалы, және өзгертілулері мүмкін, олар түрлі тарихи уақыттар (замандар) мен түрлі қоғамдарда өзгешеленеді.Оукли былай атап көрсетеді: «...биологиялық жыныс бойынша еңбекті бөлуәмбебап еместігімен ғана шектелмейді; оның неге бұлай болуы тиіс екендігіне себептер жоқ. Адамзат мәдениеттері әркелкі және мәңгі өзгермелі. Олар өздерінің жасалуына жеңілмейтін биологиялық күштерден гөрі, адамның өнертапқыштығына міндетті» .
Гендер проблемасының өзі Еуропадағы феминистік қозғалыстың дамуына байланысты туындайды. Алдымен әйелдердің бағыныштылық проблемаларын талдайтын әйел қозғалыстары мен зерттеулері пайда болады. Содан соң әйел проблематикасыныңталдауы жаңа сапаға ұласады- еркектер де,сондай- ақ әйелдер де тең дәрежеде ғылыми объектілер болып табылатын гендерлік зерттеулерде, барлық әлеуметтік үдерістерге гендердің қатысуы мойындалады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

• Гендер және адам дамуы.

• Қазақстандағы гендерлік факторды есепке алғандағы адам дамуының
ерекшеліктері.

• ҚР-сының гендерлік саясаты.

• Гендірлік теңдік идеясын алға бастырудағы БҰҰ ролі.

• Қортынды.

• Қолданылған әдибеттер.

Кіріспе

Адам дамуы идеясы мәнінің төркіні мынада, материалдық игіліктер мен
қызметтер көлемдерінің өсу түріндегі экономикалық даму қара бастың қамы
болмауы тиіс, қоғам дамуының басты міндеті – адамның өзінің дамуы үшін
даму. Адам дамуы тұжырымдамасы авторларының бірі Амартья Сен, дамуды
адамдардың мүмкіндіктерін ұлғайту үдерісі, еркіндік мәселесі ретінде
қарайды.
Бірақ адамдар арасындағы кейбір айырмашылықтар (мәселен, нәсілдік,
ұлттық, таптық немесе жыныстық ) мүмкіндіктерді іске асыруда белгілі бір
шектеулерді туындатуы мүмкін, ол адам дамуына кедергі жасайды. Осы
тақырыптан біз жыныстық айырмашылықтардың әлеуметтік теңсіздіктердің бірі –
гендерлік теңсіздікке қалай ұшырататынын білеміз, осы теңсіздік еркектер
мен әйелдер арасында қоғамның тапшы ресурстарын (табыс, билік,білім және
бедел ) тең бөлуге бөгет болады.
Алдымен біз гендер категориясының мәнін ашамыз, биологиялық
жыныстың әлеуметтік жыныстан айырмашылығын көрсетеміз, содан соң адам
дамуының гендерлік факторларына және Қазақстандағы гендерлік факторды
ескеру арқылы адам дамуының ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Тұңғыш рет гендер (тек) ұғымын ғылыми тіркеске американдық
психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы енгізді, ғалым бұл сөзді өзінің
Жыныс және гендер кітабының атына қолданды. Столлер былай атап көрсетеді,
жыныс пен гендердің айырмашылығы мынада, жыныс биологиялық, ал гендер
психологиялық, демек, мәдени феномен болып табылады.
Одан әрі осы термин әлеуметтануда пайдаланылды. Оны енгізген Энн
Оукли: 1972 жылы ғалымның Жыныс, гендер және қоғам кітабы шықты. Гендер
ұғымын әлеуметтік түсіндіру әлеуметтік мазмұнға негізделеді, оны
әлеуметтендіру үдерісінде туындайтын әлеуметтік конструкт ретінде
қарайды.Қоғамда орын алатын гендерлік рольдер салыстырмалы, және
өзгертілулері мүмкін, олар түрлі тарихи уақыттар (замандар) мен түрлі
қоғамдарда өзгешеленеді.Оукли былай атап көрсетеді: ...биологиялық жыныс
бойынша еңбекті бөлуәмбебап еместігімен ғана шектелмейді; оның неге бұлай
болуы тиіс екендігіне себептер жоқ. Адамзат мәдениеттері әркелкі және мәңгі
өзгермелі. Олар өздерінің жасалуына жеңілмейтін биологиялық күштерден гөрі,
адамның өнертапқыштығына міндетті .
Гендер проблемасының өзі Еуропадағы феминистік қозғалыстың
дамуына байланысты туындайды. Алдымен әйелдердің бағыныштылық проблемаларын
талдайтын әйел қозғалыстары мен зерттеулері пайда болады. Содан соң әйел
проблематикасыныңталдауы жаңа сапаға ұласады- еркектер де,сондай- ақ
әйелдер де тең дәрежеде ғылыми объектілер болып табылатын гендерлік
зерттеулерде, барлық әлеуметтік үдерістерге гендердің қатысуы мойындалады.
Сонымен, гендер ұғымдардың тұтас кешенін (жиынтығын) қамтиды:
• әлеуметтік жынысконструкт, яғни жыныстық рольдер құрастырылған және
қоғам арқылы жасалады;
• әлеуметтік және мәдени нормалардың жиынтығы, оларды қоғам адамдардың
биологиялық жынысына қарай орындауды белгілейді;
қоғамда әркелкі жағдайды еншілейтін (қағида бойынша, иерархиялық)

• еркектер мен әйелдердің әлеуметтік мәртебесі;
• гендердің мән- мағыналық сипаттары- қайшылық, қарама- қарсы қою,
теңсіздік.

1-кесте. Гендерлік қарама- қарсылық
Еркек заты( маскулиндік ) Әйелдер заты(феминділік)
құдай табиғат
шығармашылық самарқаулық
жарық түнек (қараңғылық)
күш әлсіздік
белсенділік енжарлық
ұтымдылық былық
үстемдік басымдық бағыныштылық

Осындай гендерлік стереотиптердің қайшылығы, яғни еркек және
әйел туралы ұғымдарға сай келетін жүріс- тұрыс үлгілері мен мінез
ерекшеліктері жөніндегі стандартталған түсініктерді көптеген зерттеулер
теріске шығарады, олар әр жыныс тобының ішінде, солардың арасындағыға
қарағанда қабілеттер мен мінездердегі түрленімдердің анағұрлым көп
екендігін қуаттайды. Көп ғасырлар бойы қоғамда орын алып келген орнықты
гендерлік стереотиптер (таптаурындар) әйелдердің бағыныштылық жағдайын
туындатады және бекітеді.(1-кесте).

Гендер және адам дамуы
Адам дамуы тұжырымдамасының негізгі идеясының төркіні мынада, адам
дамуы гендерлік аспектті есепке алу арқылы жүзеге асырылуы тиіс.Осы
тұжырымдаманың аясында арнайы индекаторлар әзірленді, олар адам қызметінің
негізгі сипаттамалары тұрғысында ркектер мен әйелдердің хал- жағдайлары
арасындағы айырмашылықтарды қадағалауға және өлшеуге бағытталған.
Гендерлік индикаторлар
ГФДИ. Гендерлік факторды есепке алғандағы даму индексінің
(ГФДИ) көмегімен АӘДИ (ИРЧП) арналған базалық мүмкіндіктер саласындағы
жетістіктердің көрсеткіші анықталады, бірақ мұнда еркектер мен әйелдер
арасындағы жетістіктер көзқарасы тұрғысынан қарғандағы теңсіздік назарға
алынады.Қолданылатын әдістеменің аясында теңсіздік үшін айыппұл салынады,
яғни қайсыбір елдегі жетістіктер деңгейі еркектер үшін, сондай- ақ әйелдер
үшін де төмендеген кезде немесе олардың жетістіктері көзқарасы тұрғысынан
қарағандағы айырмашылық күшейген кезде ГФДИ көрсеткішінің дәрежесі
азаяды.Базалық мүмкіндіктер саласында гендерлік айырмашылықтар неғұрлым
елеулі болса,АӘДИ-мен (адам әлеуетінің (потенциалының) даму индексі)
салыстырғанда, ел бойынша ГФДИ көрсеткіші соғұрлым төмен болады. ГФДИ
көрсеткіші жай шектелген немесе гендерлік теңсіздікті есепке алу арқылы
азаю жағына қарай түзетілген АӘДИ көрсеткішін білдіреді.
ӘМҰК. Әйелдердің мүмкіндіктерін ұлғайту көрсеткішінің
(ӘМҰК)көмегі арқылы әйелдер мен еркектердің экономикалық және саяси тыныс-
тіршілікке, сондай-ақ шешімдер қабылдау үдерісіне белсенді қатысу
қабілеттері анықталады.ГФДИ мүмкіндіктерді ұлғайтуға баса назар аударса, ал
ӘМҰК аясында осы мүмкіндіктерді өмірлік маңызды мүмкіндіктерді іске асыру
мақсаттарында пайдалануға айрықша көңіл бөлінеді.
Осы индикаторлар әр елдегі гендерлік теңсіздіктің дәрежесін
өлшеуге мүмкіндік туғызады және әлемдегі өзге елдердің арасында жыныстардың
тең құқықтылығына қол жеткізуі бойынша нақты елдің рейтингін анықтауға
көмектеседі. Бұлар- елдің жалпы прогресі туралы пікір айтуға мүмкіндік
жасайтын өте маңызды индикаторлар.
Білім адам дамуы мен гендерлік теңдіктің аса маңызды индикаторы
болып табылады. Әлеуметтендірудің қуатты ресми агенттері ретіндегі нақ сол
білім институттары арқылы гендерлік стереотиптер жаңғыртылады және сол
арқылы әлеуметтік саралаудың негізіне айналатын үдеріс- қоғамның гендерлік
стратификациясы қуатталады.
Еркектер мен әйелдердің білім саласындағы жағдайларының
арасындағы айырмашылық соңғы онжылдықта біршама азайды. Әйелдердің
сауаттылығы жөніндегі және бүкіл әлем бойынша оқудағы әйелдер санының
көрсеткіштері ұлғая түсуде. Жоғары білім саласындағы еркектер мен әйелдер
арасындағы алшақтық күрт азаюда, ал кейбір елдерде үшінші сатыдағы жоғары
оқу орындарында еркектермен салыстырғанда әйелдер көбірек оқиды. Соған
қарамастан, дамушы елдердегі 900 млн. сауатсыз адамдар қатарында
әйелдердің саны еркектер санынан екі есе жоғары. Бастауыш білім алуға
мүмкіндігі жоқ 103 млн. баланың 60 % - ын қыздар құрайды .
Білім саласындағы гендерлік проблемалар :
• білім жүйесіндегі басқарушылық харекеттерін көбіне еркектер
еншілейді;
• мұғалімдердің жыныстық сәйкессіздігі (әйелдер санының басымдығы және
еркек мұғалімдердің, әсіресе бастауыш мектеп деңгейінде
жетіспеушілігі) ;
• мектеп бағдарламаларындағы, пәндеріндегі жыныстық сегрегация (бөлу),
ол алдағы уақытта еңбек нарығындағы сегрегацияға ұшыратуы мүмкін;
• төмен сыйақы, соның салдары ретінде беделді емес жұмыс;
• мектеп бағдарламаларында гендерлік стереотиптерді жаңғырту.
Білім саласындағы гендерлік теңдіктің стандарттық өлшемінен басқа
(қыздар мен ұл балаларды бастауыш және орта біліммен қамту) білімдегі
гендерлік теңдіктің жай- күйі туралы анағұрлым объективті ақпарат алу үшін
өзге де көрсеткіштерді талдау қажет.
• мектеп оқуының барлық деңгейлеріне қабылдау кезіндегі жыныстардың ара
салмағы (бастауыш, орта, кәсіптік, жоғары сыныптар), гендерлік
алшақтықтардың себептері, әлеуметтік мәртебенің ықпалы;
• бастауыш, орта және жоғары сыныптардағы барлық пәндерге қабылдау
кезіндегі жыныстардың ара салмағы (пәндерде жыныс бойынша сегрегация
бар ма);
• барлық деңгейлердегі оқуды бітіргеннен кейінгі жыныстардың ара салмағы
(жасөспірімдер мен бойжеткен қыздардың оқу бітірмеу себептері);
• оқытушылар құрамындағы еркектер мен әйелдердің ара салмағы;
• Мектеп басқармалары мен ата- аналар жиналыстарына қатынайтын ата-
аналар арасындағы еркектер мен әйелдер ара салмағы.
Адам дамуы индексі де сондай- ақ өмір сүру ұзақтығы мен денсаулық
жөніндегі көрсеткіштер арқылы есептеледі. Болжалды өмір сүру ұзақтығы мен
денсаулық жөнінде гендерлік айырмашылықтар бар, осы айырмашылықтар
әлеуметтік, экономикалық, мәдени және өзге факторларға негізделеді.
Экономикалық және саяси өмірдегі гендерлік теңсіздіктің
көріністері:
• Еңбек нарығында деңгейлес кәсіптік сегрегация орын алады (еркектер
мен әйелдерді экономика мен мамандық бойынша әркелкі бөлу) –
дәстүрлі әйел мамандықтарына бір сатыға кем ақы төленеді және
олар қоғамдағы беделге ие емес;
• әйелдер үй шаруашылығына байланысты ақы төленбейтін қызмет
түрлеріне анағұрлым көп уақыт бөледі, еркектер қоғамдық өндірістегі
ақы төленетін қызметке көбірек уақыт жұмсайды;
• сатылас кәсіптік сегрегация орын алады (лауазымдық сатыдағы орындар
бойынша еркектер мен әйелдерді әркелкі бөлу) – еркектер, қағида
бойынша, лауазымдық сатыдағы жоғары лауазымды орындарды әйелдермен
салыстырғанда көбірек еншілейді;
• еңбек нарығындағы жағдайларына, қоғамдағы және отбасындағы
әлеуметтік мәртебесіне байланысты әйелдер арасындағы жоқшылықтың
өршуі;
• қаржы несиелеріне әйелдердің шектеулі мүмкіндігі;
• еркектермен салыстырғанда әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың
анағұрлым жоғары деңгейі;
• бірдей еңбек үшін әркелкі төлем (әйелдердің орташа жалақылары
еркектердің орташа жалақыларынан төлем);
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің бүкіл әлемде орын алатын
көріністері қабылданатын шешімдерді іске асыруда өмірдің барлық салаларына
гендерлік тәсілді енгізу қажеттілігінің маңызын арттырады (мэйнстриминг).
Соңғы кездерде халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, Еуропалық одақ, Еуропа кеңесі)
арнайы бөлімшелерінде осы ұғым өзекті ұғымға айналып келеді.
Мейнстриминг дегенде гендерлік теңдік проблемасын саясаттың
барлық салаларына барлық – жергілікті, муниципалды және ұлттық деңгейлерде
инкорпорациялау және оны шешуге арналған шаралар әзірлеу ұғынылады.

Қазақстандағы гендерлік факторды есепке алғандағы адам дамуының
ерекшеліктері.
Қазақстандық қоғамдағы қазіргі заманғы гендерлік қатынастар
мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
• барлық салаларда жыныстар теңдігін бекітетін құқықтық заңнаманың
болуы;
• қоғамдағы гендерлік теңсіздіктің өткірлігі мен шешімін таппағанын
мойындау;
• тарихи сипаттағы факторлардың ықпалы:
а) еркектер мен әйелдердің қазақ социумында өткен ғасырларда
қалыптасқан, бірақ сақталып қалған және жаңа жағдайларға
бейімделгендәстүрлі қарым- қатынастары;
б)сана және мінез- құлық стереотиптерін қосқанда, коммунистік режим
саясатының ықпалымен әйелдерге, отбасыға және т. б. қатысты қалыптасқан
бұрынғы кеңестік заманның мұрасы;
в) жыныстардың жағдайлары мен мәртебесінің жаңа болмыстары, олардың
үлкен ашықтық пен қазақстандық қоғамның демократиялық жағдайларында
қалыптасқан өзара іс- қимылдары, оған өзге мәдениеттер мен өтпелі кезеңдегі
ағымдардың ықпалы.
Өтпелі кезеңнің салдарлары экономикалық, саяси және әлеуметтік
салалардағы гендерлік теңсіздікті өршітіп жібереді. Осы салалардағы
гендерлік теңсіздік мына себептермен байланысты:
• әйелдер мен еркектердің экономикадағы, еңбек нарығындағы, жұмыспен
қамтылу саласы мен әлеуметтік- еңбек қатынастарындағы жағдайларына;
• капиталға қол жеткізуге, меншік пен билікке;
• әйелдер мен еркектердің шешімдер қабылдауға қатысуларына;
• отбасылық табыс пен уақыт ресурстарын бөлу кезіндегі үлеске.
Барлық осы көрсеткіштер бойынша әйелдердің мүмкіндіктері еркектермен
салыстырғанда анағұрлым шектеулі.
Әйелдердің білімділік деңгейінің еркектерден гөрі едәуір асып
түсетініне (халық санағаның нәтижелері көрсеткендей) қарамастан, экономика
салалары бойынша жалданып жұмыс істейтін адамдардың жалпы санында
әйелдердің анағұрлым төмен үлесі байқалады. Мәселен, 1995-1999 жж. әйелдер
жалданып істейтіндердің 45,6-дан 47,0-ге дейінгі; 2000 жылы 42,2% құрады.
Жалданып жұмыс істейтін әйелдердің 2000 жылы ең көп саны анағұрлым
төмен жалақылы салаларда шоғырланды – білімде (75,3%), денсаулық сақтау
мен әлеуметтік қызмет көрсетулер саласында )79,2%), қонақүйлер мен
ресторандарда (68,8%). Салыстыру үшін, жалданып жұмыс істейтін еркектердің
көпшілігі мемлекеттік басқаруда (77,4%), құрлыста – 82,7%, өнеркәсіпте –
69,1%, өндіріс пен электр энергетикасын, газ, су бөлуде – 72,3%,
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда, жалға беру мен қызмет
көрсетулерде- 60,8% шоғырланған.
Жалпы әйелдер жалақысының еркектер жалақысына ара салмағы 1999 жылы
67,6%-ды, 2000 жылы 61,5%-ды құрады.
Бұл ара салмақ жалданып жұмыс істейтін әйелдердің анағұрлым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі жайлы
Қоғамдағы әйелдерге қатысты гендерлік мәселелер
Гендерлік саясат
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаты
Әйелдердің саясаттағы рөлі
ҚР - ның азаматтық құқығы
Мемлекеттік басқару органдарындағы мемлекеттік қызметтің құрылуын талдау
Қазақстан Республикасындағы адами ресурстардың дамуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ЗОРЛЫҚЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫ
Әйелдердің саясаттағы рөлі мен орны
Пәндер