Дін әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы



Кіріспе
Негізгі бөлім
Дін әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы
Дін және қоғам
Діннің әлеуметтік функциялары
Діни ұйымдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әлеуметтануда негізгі тақырыптардың бірі болып дін әлеуметтануы болып табылады. Біз осы тақырыбымызда дін әлеуметтануының қалыптасуы, дамуы, және бұл діннің адам мен қоғаммен тығыз байланыстылығы қарастырылады. Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып, қалай түсіндірілгенімен, әлеуметтану қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай тұра алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру нысандарының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.
Дін әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге әлеуметтану олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар. Әлеуметтанушылар мен басқалар арасында да діннің шіркеу, құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік байқалса, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік тудырады. Әлеуметтану беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ дінді зерттеудегі әлеуметтанушылық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар тұйықталмайды.
1. Интернет желісі, http://almaty.tv/index.php?uin=1150950317 сайты
2. Егемен Қазақстан газеті, 2006ж, №18
3. Айқын газеті, 2007 ж, шілде айы
4. Интернет желісі, www.muftyat.kz сайты
5. Наука и жизнь N 3,6-8 /М.:Пресса,1993.
6. Марченков В.Г. Начала православия. М.:Петит,1991.

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
Дін әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы
Дін және қоғам
Діннің әлеуметтік функциялары
Діни ұйымдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлеуметтануда негізгі тақырыптардың бірі болып дін әлеуметтануы болып
табылады. Біз осы тақырыбымызда дін әлеуметтануының қалыптасуы, дамуы, және
бұл діннің адам мен қоғаммен тығыз байланыстылығы қарастырылады. Ғылымда
діннің мәні қалай бағаланып, қалай түсіндірілгенімен, әлеуметтану қоғамның
дінге әсер ету жәйтін мойындамай тұра алмайды, жоқ дегенде теологияға
қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру нысандарының өзгерісін
табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте
әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді
психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен
ерекшеленеді.
Дін әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік
феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең
тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып
отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра
отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын,
қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен
бірге әлеуметтану олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән
қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді.
Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің
бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға
ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да
мысалдар бар. Әлеуметтанушылар мен басқалар арасында да діннің шіркеу,
құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен
пікірлестік байқалса, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда
үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі
тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді
жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп
тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік
тудырады. Әлеуметтану беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын
жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін
әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ
дінді зерттеудегі әлеуметтанушылық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар
тұйықталмайды.

Дін әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы

Дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық
қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты. Бұл
сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798-1857) жасады. Ол
әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген
индуктивті әдісті қолдануды ұсынды. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің
негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа О.Конт “тарихтың үш сатысы жайлы
заңында” жауап берді. Бірінші саты – діни немесе “теологиялық жағдай”, онда
адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік
негізсіздіктер үстемдік етеді. Екіншісі – философиялық, “метафизикалық
жағдай”, онда абстракция, дөрекі дерексіздік шынайылық ретінде қабылданады.
Үшінші - позитивті, онда ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс
баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш “сана жағдайының” әрбірі бүкіл
әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды. Дін және позитивті білім, ғылым
арасындағы жанжалдың міндетті түрде болатындығын мойындай отырып, сонымен
бірге оның дами түсуі діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне
алып келеді дей отырып, Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін
болжады. Ақырында Конт әлеуметтік байланыстардың рухани тірегі ретінде
“екінші теологиялық синтез” керек деген қорытындыға келіп, адамзаттың
бірыңғай ортақ “ұлы тірі жан” культі, барлық өмір сүргендердің, өмірден
өткендердің және болашақ ұрпақтардың үлкен әлеуметтік организмі ретінде
“позитивті дінді” жасады.
К.Маркс (1818-1883) дінді қоғаммен өзара байланыста қарастырды, бірақ
оның түсінігінде ол екі дербес өмір сүретін шаманың өзара әрекеттесуі
болған жоқ. Маркс, шын мәнінде алғаш рет дін өзінің табиғатымен әлеуметтік
феномен болатынын көрсетті. Ол қоғамдық байланыстар, қатынастар жүйесіне
енгізілген және оның түп-тамыры әлеуметтік құрылымдарда. Діннің
түсіндірмесін содан іздеу керек. Жаратылыстан тыс, қасиет туралы
көзқарастар осындай негізде пайда болды: дін аспан есебінен емес, жердің
есебінен өмір сүреді.
Дінді әлеуметтік феномен ретінде түсіну оны қоғам өмірінде әбден шынайы
функциялар орындайды, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырады деп
түсінуді білдіреді. Маркс осылайша дінді зерттеудегі функционалдық әдістің
негізін қалап кетті. Бірақ Маркс көзқарасының айрықша ерекшелігін дінді
тарихи табиғатында мәңгілік емес, ауыспалы әлеуметтік жағдайлардың -
олардың негізін басқаның еңбегін иемдену жүйесі, әлеуметтік теңсіздік
жүйесі құрайтын жағдайлардың туындысы ретінде сендіру құрайды, яғни
біреулердің бостандығы екіншілердің құлдығын білдіреді; қоғамның таптарға
бөлінуі, әлеуметтік антогонизмдер, таптық күрес осыдан келіп шығады.
Маркстің пікірі бойынша, дін - идеология, ол оның ең ежелгі, тарихи алғашқы
нысаны. Оның әлеуметтік қызметі - идеологиялық қызмет: ол оны ақтайды
немесе сонысымен қолда бар тәртіптерді заңдастырады немесе оларды сынайды,
оларға өмір сүру құқығын беруден бас тартады. Ол қоғамдық дамудың тежеушісі
ретінде қызмет атқара отырып, әлеуметтік конформизмді сіңіруі мүмкін немесе
әлеуметтік наразылықты ынталандыруы мүмкін. К.Маркстің діннің шарасыз өлуі
немесе оның жеңіске жеткен жұмысшылар табы тарапынан жойылуы жайлы
айтарлықтай қатаң түрдегі қорытындысы осыдан шығады. Көріп отырғанымыздай,
олай болған жоқ және болып жатқан да жоқ, оған қоса Конт айтқандай, олардың
діннің дәл сол әлеуметтік қызметтерін иелену арқылы діни идеологияның басқа
жүйелермен ауыстырылуы болып жатыр.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында еуропалық қоғамда діннің жағдайы
айтарлықтай өзгере бастады. Индустриаландыруға және урбанизациялануға
байланысты күшейе түскен әлеуметтік жіктеліс процестері қоғамды біріктіруші
факторлар жайындағы мәселені күрделі түрде қойды. Мұндай фактор ретінде
діннің жағымды рөлі жайында әлеуметтік қатынастарды, өрлеу, тұрақтылық пен
тәртіпті жете түсінуге әрекет жасаған ғалымдар айта бастады. Француз ойшылы
Э.Дюркгеймнің (1858-1917) көзқарасы тұрғысынан, дін қоғамның ынтымақтастығы
мен оның тұтастығы үшін маңызды әлеуметтік қажеттілікке жауап береді.
Діннің шығу көзі - қоғамның өзі. Ол дінді қасиетті немесе қарапайымнан
бөлінген тыйым салынған заттарға қатысты сенімдер мен нанымдардың тұтас
жүйесі ретінде анықтайды. Олар артынан ерушілердің барлығын шіркеу деп
аталатын моральдық қауымдастыққа біріктіреді. Ол әлеуметтік сезімді оятады,
ұжымдық көзқарастарды қалыптастырады. Дінде адамдарға тән жай заттарды
құдай деп тану қасиеті жүзеге асады, оларға қасиетті мән беріледі, соның
арқасында олар қоғамды тұтас ортаға топтастыру қызметін атқара алатын
болады. Олар салт-жоралық әрекеттердің, құрметтеудің, ізгілік көрсетудің
ерекше объектісіне айналады. Олар сол әлеуметтік топтың нышаны ретінде
қасиетті, оларда өмір және оның құрамына кіретін адамдар әл-ауқатының
жақсаруы іске асырылады.
Әлеуметтік өмір өзінің табиғатынан ұжымдық болып келеді. Сондықтан
сенушілердің оларды “жоғары күшпен” байланыстарын біріктіруші толғаныстары,
адамның туылуында, өлімінде қолданылатын салт-жоралық әрекеттер, бірігіп
жасалатын ырымдар бірігу және ынтымақтастық сезімдерін нығайтады. Осылайша
дін басқалардан өзінің қасиетті объектіге бағыттылығымен ерекшеленетін
айрықша әлеуметтік әрекет болады. Бірақ сенімнің қасиетті объектісін
құрметтеу - ол шындығында өз “әлеуметін” құрметтеу, оның мықтылығы - топтың
ұйымдасып өмір сүруі жалғасуының кепілі, бұл оның әрбіреуінің және
барлығының үстінен талассыз билігін мойындау. Сонымен діннің шығу көзі -
адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік тәсілі.
Э.Дюркгейм шындығында әлеуметтік және діниді теңдестіре отырып, дінге
кеңейтілген түсіндірме береді. Алайда қазіргі қоғамда дүниені ғылыми
түсіндірумен байланысты жаңа мифтер мен нышандар пайда болды. Сондықтан ол
діннің рөлі мен әсерін нақтылы тарихи тұрғыдан бағалау талаптарын қояды.
Әлеуметтіктің дінимен бірлігінің ажырау өзгерісі болып жатыр, мұнда саяси,
экономикалық және ғылыми қызметтер діни қызметтерден біртіндеп босанады
және ол бірте-бірте айқын көрінген зайырлы сипатқа ие болады. Сонымен,
қоғам өмірінің бүкіл саласының діннің әсерінен құтылуының үздіксіз процесі
бар екендігі мойындалады. Солай бола тұра, Э.Дюркгеймнің пайымдауындағы бір
нәрсе – бұл процестің дамуы діншілдіктің аяқталуын білдірмейді. Оның
ойынша, дін К.Маркске қарағанда, мәңгі өмір сүреді. Қоғамның бірлігі мен
жеке-даралығын айқындаушы ұжымдық сезімдер мен идеяларды үнемі тірілтіп,
нығайту қажеттілігін бастан кешірмеген қоғам өмір сүруі мүмкін емес. Ол бұл
процестің нәтижесінде діннің және құдайдың орнына “адамгершілік дінінің”
келетініне сенді.
Дюркгейммен қатар, неміс ғалымы М.Вебер (1864-1920) дін әлеуметтануының
негізін салушы болып саналады. Ол әлеуметтануды әлеуметтікке айналатын
әлеуметтік мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырды. Егер ол мәнге ие
болса, онда олардың белгілі бір мінез-құлқын күтуге бағыт ұстанған басқа
адамдардың мінез-құлқымен саналы түрде субъективті ара қатынаста болады,
осыған сәйкес қандай да бір өзінің әрекеттерінің табысты болу мүмкіндігін
субъективті бағалаумен өз жалғасын табады дейді.
Әлеуметтану пәнінің осындай жалпы тұжырымдамасына сәйкес М.Вебер дінді
зерттеуге әлеуметтанушылық ыңғайдың ерекшелігін қалыптастырады. М.Вебер
тұрғысынан әлеуметтанушы теолог пен философқа қарағанда, діннің шығу көзі
жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық
“мәніне” мән бермей, оның өмір сүру жағдайын қарастыруды немесе проблеманы
сену объектісінің шынайылығымен, құдай болмысы, т.б. жөніндегі мәселелерді
шешумен алмастыру керек. Басқаша айтқанда, дін әлеуметтанушы үшін тек
адамдардың әлеуметтік мінез-құлқы дәлелденуінің ерекше түрі ретінде ғана
қызық болады. Сонымен, М.Вебер бойынша, әлеуметтану діннің шынайылығы мен
жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселені қозғамай, көзқарастардың
діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге
әсерін анықтаумен шектелуі керек. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ұсынылған
маңызды ережелер, бұрын көбіне дінді атеистік дүниетанымдық үгіт шеңберінде
сынау үшін эмпирикалық материал жасаумен айналысуға үйреніп қалған қазіргі
заманғы әлеуметтанушылар үшін айрықша өзекті болып отыр.
Дін әлеуметтануының пәніне мұндай баға беру – діннің әлеуметтік қызметін
Вебер бойынша түсіндіруге негізделеді. М.Вебер дінді мәдени жүйенің
белгілерін сәйкестендіретін әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырды,
яғни білім саласын, нышандарды және жеке адам мен қоғамның құндылықтарын
анықтайды және сонымен бірге ол өзінше әлеуметтік институт ретінде қызмет
атқарады.
Вебердің дін әлеуметтануының тағы бір маңызды бөлігі - “шіркеу мен
секта” арақатынасын қарастыруға саятын діни ұйымдар түрлерін зерттеу.
Діни әлеуметтанудың негізін қалаушылар қатарына Б.Мали-новский де (1884-
1942) жатқызылуы тиіс. Дінтанушылар Дж.Фрэзер және оның соңынан Л.Леви-
Брюльдің есептеуінше адамның дамуының ертеректегі сатысында оның санасы
пралогиялық сипатта болды және сиқырлық (магия) хабарсыздық пен надандыққа
негізделеді, одан көмек сұраған адамның талпынысын сәтсіздікке ұшыратады.
Сиқырлық пен діннің айырмашылығын көрсете отырып, Б.Малиновский дін адамның
әлеуметтік табиғатына негізделеді, ол сиқырлықты өлімге ұшыратып, оның
орнын басады деп санады. Ол адамдар шындығында да олардың әрекеті өзіне
бағынышты болған жерлерде - өзінің бау-бақшасында, балық аулауда кәдімгідей
ұтымды ойлайтынын көрсетті. Сиқырлық іс-әрекет тәуелділік пен анықсыздық
элементі жоғары болған кезде өз күшіне енеді. Сиқырлықтың адамның өмірі мен
әрекетіне айтарлықтай мықты әсері бар, өйткені олар толығымен еш уақытта
адамның билігінде болмайды және ол ешқандай есептеуге келмейді. Сиқырлықтың
қандай да бір қоғамда әсер ету көлемінің деңгейі сол қоғамдағы табиғи және
әлеуметтік процестерге бақылау орнатуға қол жеткізу деңгейіне байланысты
болады. Малиновский сиқырлықтың таза функционалдық түсінігін ұсынады. Ол
Фрэзер сияқты оның дінмен ұқсастығын, екі жағдайда да әңгіме ойдағы
нәтижеге тексеруге келмейтін құралдар көмегімен қол жеткізу жөнінде болып
отырғанын көреді.
Дінге және мәдениетке жалпы фунционалдық көзқарасқа сәйкес, өркениеттің
әрбір түрінде әрбір әдет-ғұрып, идея, сенім-нанымдар бірқатар өмірлік
қызмет атқарады. Оның ішінде ең бастысы - қоғамдық тәртіптің тұрақтылығын
сақтау. Малиновскиймен келісер болсақ, сиқырдың қызметі адамға бағынбайтын
үмітсіз жағдайды, үрей-қорқынышты жеңуге үміттенуге көмектесіп,
қиыншылықтардан өте білуінен тұрады. Функционализм тұрғысынан дін сол
сияқты рөл атқарады: ол Дюркгеймдегі секілді қоғамның бірігу факторы болып
табылады.
Жоғарыда келтірілген дін әлеуметтануының негізін салғандардың еңбектері
оның кейінгі барлық дамуын, зерттеудің негізгі бағыттарын, проблематикасын,
әдіснамасын анықтады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дін
әлеуметтануы жеке пән ретінде қалыптасты. Әлеуметтану дінді қоғамға
қатынасында қарастырады, оның қоғамдық өмірді ұйымдастырумен байланысы
тұрғысынан талдайды. Бұл байланыс екі жақты болады. Қоғамның дінге әсер
етуі қалай бағаланып, түсіндірілмесін, әлеуметтану мұндай әсер ету фактісін
мойындамай тұра алмайды. Діннің әлеуметтік тәртіптің құрылуындағы, оны
ұстап тұру мен өзгерісіндегі, тұлғаның іс-әрекетінің қалыптасуындағы рөліне
баға беру мен түсіндіру әр түрлі болуы мүмкін, алайда діннің қоғамда қызмет
етуі әлеуметтану тұрғысынан талдаудың басты пәнін құрайды.

Дін және қоғам.

Діннің әлеуметтік функциялары

Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір
сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес шамалардың
әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана
алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп
кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен
дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік
жіктелудің күшеюімен қатар, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының
тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам мамандану және жіктелу жолымен жылжи
отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып,
оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін
білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.
Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін, егер мәселе дамыған қоғам
жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер
мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер
дамушы қоғамда болса, ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі
сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін
білдіреді.
Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны, оның қызмет етуі олардың
құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік
қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді,
біріншіден, қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір нысандарын
заңдастыру факторы ретінде, екіншіден, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап
тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде
қарастырылуы шарт. Бұл діни белсенділіктің негізінде діннің басты
қызметтерінің қатарына жататын - мағыналық пайымдау қызметі жатады, ол
Вебер, Дюркгейм және басқа қазіргі заманғы діни әлеуметтанушылардың
түсінігінде діннің негізгі қызметі болып табылады. Дін - адам өмірін саналы
қылатын нәрсе, ол оны ең маңызды құрамдас бөлігі “мағынасымен” қамтамасыз
етеді. Бұл діннің дүниенің (ғарыштың, универсумның) бейнесін беруінің
арқасында болады, онда әділетсіздік, қайғы-қасірет көру, өлім, “менің
өмірімді” қайғылы сәтсіздікке алып келетіннің барлығы үмітті үзуші, “менің
тағдырымды бұзады, ол тіпті басқаша болуы мүмкін еді”, міне, осының бәрі
“соңғы немесе түпкі нақтылық” перспективасында басым мағына мен мәнге
айналады, ол жерде дін дүниені өз бейнесінде ұсынады. Егер қайғыру және
өлім мағынаға ие болса, егер адам оның мәні неде екенін білсе, онда
қайғыруды жеңе отырып, адамда өмір сүруге деген жігер пайда болады. Адамның
не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады. Адам егер ешнәрсесі
жоқ бостықты сезініп, өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған
кезде ол әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып, өзін-өзі жоғалтқан
қалыпқа түседі. Сол сияқты, егер адам, оның кездейсоқ жолы болып өзінің
бақытты жеребе үшін еңбегі сіңгенін сезбесе, онда өмір мағынасыз болады.
Осы жағдайда да өмір мағынасыз болады, өйткені барлық іс соқыр
кездейсоқтықтан басталады, ешнәрсе сенімді емес.
Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан оның
құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып, өздерінің кім екенін түсінуге
көмектеседі. Діннің осы біріктіруші және адамның өзін-өзі анықтауына
мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі қоғамдарда ерекше күшті
әрекет етті. Мысалы, американдық дінтанушы-әлеуметтанушылар плюралистік
американдық қоғамда бірде-бір дәстүрлі діндер бұл мақсатты орындай алмай
отырғанын айтады. Әлеуметтің сипатымен бірге өзгеруінен дін де өзінің
қызметімен өзгеруде. Сондықтан діннің біріктіруші қызметі қазіргі қоғамда
ең бір маңызды болып сақталуда, бірақ ол өзінің іске асыру амалдары мен
нысандарын өзгертуде.
Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге
оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы
нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның
моральдық міндеттерді орындауы үшін алғышарттар жасайды. Адамдардың осы
тыйым салынғандарды бұзу оқиғалары орын алғандықтан, көпшілік діндер қайта
орнына келу және міндеттемелерді орындау үшін талпыныстарды қолдайтын
амалдарға ие - тазалану және кінәсін жуу ырымдары, олар күнә сезімін
бәсеңдетуі немесе оны арттыруы мүмкін.
Қоғамның тұрақтылығы төрт деңгейдегі қызметтердің орын-далуымен:
бейімдеуді, мақсатты бағыт ұстануды, қоғаммен бірігуді және мінез-құлықтың
институцияланған мәдени үлгілерін орындау мен қолдауды қамтамасыз етумен
орнығады. Бейімделу - ол қоғамның өмір сүру ортасына, ең әуелі табиғи
ортаға үйренуі; бұл міндетті қоғам ішіндегі экономикалық шағын жүйе шешеді.
Мақсатты бағыт ұстану - ол жерде жеке адамның қоғам үшін қиратушы, өзінің
жалпы мақсаттарымен бәсекелесуші жағдайларды жете түсінбеуін қамтамасыз
ету; қоғамдық жүйе ішінде бұл қызметті орындауға отбасы да қатысқанымен,
оның негізінен саяси шағын жүйе орындайды. Ықпалдасу – ол бір-бірінен
тәуелсіз белсенді тұлғалар арасындағы келісімді қамтамасыз ететін әрекет
ету құрылымын жасау арқылы жанжалдар мен шашыраңқылық қаупін болдырмауды
білдіреді. Функциялар институционалды түрде жіктелетін дамыған қоғам
шеңберінде бұл қызметті әлеуметтік рөлдердің нормативтік анықта-маларын
белгілей отырып, құқықтық шағын жүйе қамтамасыз етеді.
Сайып келгенде, егер де оның мүшелерінің әрекеті белгілі бір деңгейде
шектелмесе, егер де олардың әрекеті өз бетінше және шексіз өзгеріп отыратын
болса, ешқандай жүйе өмір сүре алмайды. Жүріс-тұрыстың белгілі бір
заңдастырылған түрлерін сақтап және орындап отыру керек. Мұндағы әңгіме жай
ғана нақтылы әрбір қоғамдағы нормативтік тәртіптер жөнінде ғана емес (бұл
қызмет құқықтық шағын жүйенікі), сонымен қатар заңдастыру, яғни сол
нормативтік тәртіптің өзінің өмір сүруін негіздеу және заңдастыру туралы
болып отыр. Сөз қандай да бір заңды орындау туралы болып отырған жоқ, жалпы
алғанда заңға деген көзқарас туралы, адамды заң түріндегі қандай да бір
байланыстырушы нұсқау бар ма және оны мойындау керек пе деген сарында болып
отыр. Парсонс бұл проблема құндылықтардың әлеуметтік емес мәдени жүйесіне
қатысты екендігіне назар аудартты. Бұл мінез-құлықтың мәдени үлгілерін
қолдану міндетін Парсонс діннің мәдени таратушы қызметі саласына жатқызады,
өйткені ол саясатқа немесе құқыққа қарағанда адам мінез-құлқын оның нақтылы
мақсаттар мен жағдайларға қатысты жекеліктің, партикулярлықтың шеңберінен
шығатын нәрселердің ара қатынасын белгілеу арқылы, - оны “соңғы” немесе
“түпкі” нақтылықтармен ара қатынасын белгілеу арқылы реттейді. Қандай да
бір нормалардың дұрысына немесе бұрыстығына сілтеме жасау жеткіліксіз.
Діннің міндеті - қандай да бір норманы заңдастыру емес, нормативтік
тәртіптің өзін қабылдау. Тиісінше, сөз мінез-құлықты саяси құқықтық немесе
экономикалық реттеуге қарағанда діннің тереңірек қызметі жайында айтылып
отыр. Бұл теориялық тұжырымдама дінді оның қоғамдағы алатын орны мен
атқаратын рөлі жөнінде тәжірибелік біршама кең көлемді мәліметтерді
түсіндіруге мүмкіндік беретін құбылыс тұрғысынан түсінуді ұсынады. Алайда
ол бірқатар қиыншылықтармен кезігіп, міндетті түрде мойындауды кездестіре
бермейді.
Ең алдымен, ойдан шығармайтын нәрсе – дінді функционалдық тұрғыдан
түсіну – жеткіліксіз түрде негізделген алғышарт негізінде құрылады:
функционализм мықты қоғамдық ынтымықтастық пен тұрақтылық тек рухани-мәдени
факторлар, идеялар, құндылықтар, мағыналар, нышандар жүйелерінің көмегімен
қамтамасыз етілуі мүмкін дегенге сүйенеді. Дін бұл тұжырымдамада жан-жақты
фактор ретінде қызмет етеді. Өйткені қоғам алдын ала діни шектеулерсіз
басқаша қызмет ете алмайтын қандай да бір мәдени-рухани тұтастық ретінде
түсіндіріледі. Функционализм әділетсіз, біржақты болып қалады. Ол, мысалы,
адамға табиғатынан тән және тарихи дамыған қажеттіліктер, белгілі бір
мүдделерді қанағаттандыру және оны келістіру негізінде, яғни сол әлеуметтік-
мәдени жүйенің механизмі арқылы қоғамның нығайып, бірігуі мен тұрақтылығы
мүмкіндігін елемейді. Шынайы жағдайда жоқ дегенде ықпалдасудың рухани-
мәдени факторлары және қоғамдық тәртіпті негіздеу, әлеуметтік жүйені сақтау
деңгейінде әрекет еткен күш көрсету мен мәжбүрлеу сияқты факторлар назардан
тыс қалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар әлеуметтануы туралы
Саяси әлеуметтану
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Құқық әлеуметтануы
Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері.
Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету
Әлеуметтану бойынша дәрістер
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Макс Вебердің өмірбаяны
Қазақ қоғамының бүгінгісі мен ертеңгісі
Пәндер