Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу


Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Жұмыста кедендік құқық ұғымы және оның мәртебесін, тәртіптік жауапкершілік ұғымын, кеден қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі түсінігі мен оның мәнін, оларға қолданылатын тәртіптік жаза түсінігі және оның түрлерін жан-жақты талдаулар жасауға арналған.

Жұмыстың өзектілігі.

Мемлекет кедендік құқықтың жеке дара құқықтық сала болуын көздейді. Оның жеке болуы - кедендік қызметтің жүйелі, қалыпты құқықтық, экономикалық ұйымдастырушылық негізде болуы кедендік қатынаста жүйелі реттеу қалыптаспай мемлекеттің кедендік еркіндігі мен экономикалық қауіпсіздігін, азаматтардың құқығын, басқа мемлекеттермен әлемдік байланыстың белсенділігін және олармен кедендік қызмет саласындағы міндеттердің сақталуын қорғау мүмкін емес.

Кедендік қатынастардың кешенді болуына байланысты, құқықтық ретеудің негізгі бір ғана әдісінің болуы қажет емес. Құқықтық түсінігі бар әр қоғамдық қатынастарға өздеріне тән әдістер пайдаланылады.

Кедендік қатыстардың кешенділігіне сай кедендік құқықтың «кешенді әдісі» - комбинацияланған құқықтық әдістердің субъектілерге кедендік режимнің және Қазақстан Республикасындағы саясаттың басқа әдістерінің қамтамасыз ету аспектісіндегі таралуы.

Мемлекет қызметінің негізгі бағыты адамдар мен азаматтар еркіндігінің құқығын, денсаулығын, өмірін құқықтық қорғау, мемлекет пен қоғамды қылмыстан қорғаудың тиісті жағдайының болуы.

Мемлекет қызметінің осы сферасы құқық қорғаушылық болып табылады және арнайы органдардың жүйелілігін, заң режимін қоғамдық тәртіптің сақталуына жауаптылығын байқатады, қылмысқа қарсы бағытталған тиімді шараларды қабылдайды.

Осындай міндеттерге Қазақстан Республикасы Конституциясының 84 бабының [1] мазмұны қызмет етеді, анықтама органдарының бөлімдері, сот және прокуратура тарапынан алдын ала тергеу, құқықтық негіздің мемлекет деңгейінде кешенді шараларды қабылдау және Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының 1994 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген ережесі [2] болып табылады.

Кедендік саясат пен кедендік іс сыртқы экономикалық қызметте оның құралы болып қана қоймай, басқа мемлекеттермен жаңа экономикалық байланыстарды орнатудың тәсілі және реттеушісі ретінде табылады. Сондықтан кеден ісі құқықтық реттеудің қажеттілігі туды.

Қазақстанды тәуелсіз және егеменді деп жариялау республикада экономикалық және саяси жүйедегі жеке мемлекет ретінде құқықтық статусын нығайту, қалыптастыру үшін құқықтық жүйеде толық қайта құрудың болу қажеттілігі шартты еді.

Көптеген жылдар бойы мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметте болған монополиясы тоқтатылды. Қазақстан Республикасына тауар және көлік құралдарын кіргізуге немесе шығаруға, егер ол заңға қайшы келмесе кедергі келтіре алмайды. Экономикалық әрекетті либеризациялау мекемелер және сыртқы нарыққа шығуға толық құқығы бар жеке кәсіпкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындар ортасын кеңейтті.

Осыған сәйкес халықаралық тауар, жұмыс, қызмет көрсету, ақпарат алмасу салаларында мемлекет әрекетінің мақсатты бағыттағы рөлі көп есе артты, соның ішінде тек танымдық әрекеттің нәтижесі еліміздің ұлттық қауіпсіздігімен байланысты, тек қана осыларға құқылы.

Сапалы, жаңа құқықтық инфраструктураның болуы, приоритетті бағыттар мен тиісті шараларды қолдану қажеттігін анықтады.

Кедендік режимде - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар және транспорттық құралдардың өтуінің нақты тәртібі мен жағдайлары көрсетілген. Оларға жататындар: кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды қадағалап дәйекті түрде орындау; нақты кедендік төлемдер жинау, лицензия беру және тауарларды сақтау үшін, тауарларды кедендік алып бару, кедендік құжаттау бойынша жоғары білімді, білікті маман аттестатын беру үшін түрлі кедендік алымдар жинау.

Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлеуметтік -мәдени макро деңгейде, ал қазіргі өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылықтарды дамыту ісінде микро деңгейде ашық экономикалық саясат бағытын ұстанатын болады.

Мемлекет тарапынан кедендік қызмет тек қана нақты және детальды құқықтық негізде құрыла алады. Кедендік саясат пен кедендік қызметті тарату құралдары әлбетте жеке қожалық ету субъектілері ортасының тауарларды экспорттау және импорттауға байланысты қызығушылықтарын қозғамай қоймайды.

Кедендік қатынасқа қатысушылардың тәртібін анықтайтын арнайы ережелер болады, ол көп жағдайларда екі жақтың келісімімен ғана не өзгере, не ауыса алады.

Қазіргі уақытта «кедендік іс» термині мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатымен тығыз байланысты, күрделі де кешенді қатынасты қамтиды. Мемлекеттік саясат аумағында кедендік қызмет көпмақсатты, әртүрлі қажеттіліктердің мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет жасайды.

05. 04. 2003 жылғы Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде былай делінген [3] : Қазақстан Республикасының кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдер мен салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушыларға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлеуметтік -мәдени макро деңгейде, ал қазіргі өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылықтарды дамыту ісінде микро деңгейде ашық экономикалық саясат бағытын ұстанатын болады. Жүргізілген жүйе қазіргі кездегі қазақстандық кедендік қызметтің құрылысын ғана бейнелейді. Бірақ кедендік қызмет тұрақты болып табылмайды. Кедендік саясаттың жаңа міндет-мақсаттары оның кедендік қызметінің тепе-тең болуы үшін, құруға, өзгертуге және толықтыруға, жаңа әдістерді қолдана алады.

Бірақ қай уақытта да кедендік істің жиынтығы қолайлы болса да, олар өз жиынтығында мемлекеттің экономикалық, реттеуші, құқық қорғаушылық мақсатына жетуге бағытталған. Кедендік қатынасқа қатысушылардың тәртібін анықтайтын арнайы ережелер болады, ол көп жағдайларда екі жақтың келісімімен ғана не өзгере, не ауыса алады.

Қазақстан Республикасындағы кедендік саясатты жүзеге асырушы орган - қазақстандық кедендік қызмет. Кедендік қызмет мемлекеттің монополиясы болып табылады. Ол - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден қызметін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы дегенді білдіреді. Мемлекеттік кедендік органдар арқылы кедендік қызметті басқаруға арнайы құрылған функциялар қарайды.

Мемлекет монополиясындағы кедендік қызметтің ең негізгі мазмұны орталықтандырылып реттелген сыртқы тауар алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Кедендік қызмет монополиясының шешетін екі негізгі мақсаты: еліміздің экономикасын дамыту үшін барынша сыртқы экономикалық байланыстарды пайдалану және сыртқы экономикалық факторлардан алыпсатарлық, монополиялық, конъюкторлық жағымсыз әрекеттерден қорғау. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлеуметтік -мәдени макро деңгейде, ал қазіргі өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылықтарды дамыту ісінде микро деңгейде ашық экономикалық саясат бағытын ұстанатын болады.

Мемлекет тарапынан кедендік қызмет тек қана нақты және детальды құқықтық негізде құрыла алады. Кедендік саясат пен кедендік қызметті тарату құралдары әлбетте жеке қожалық ету субъектілері ортасының тауарларды экспорттау және импорттауға байланысты қызығушылықтарын қозғамай қоймайды.

Кедендік қызмет - Қазақстан Республикасының жүргізу құралы. Кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы - елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады. Кедендік саясаттың жаңа міндет-мақсаттары оның кедендік қызметінің тепе-тең болуы үшін, құруға, өзгертуге және толықтыруға, жаңа әдістерді қолдана алады.

Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтің даму жолындағы ары қарайғы негізгі бағыты - ол кедендік қызметті халықаралық нормалар мен практикаға сай сәйкестендіру және бір ізге салу.

Халықаралық әкономикалық интеграцияны нығайту және даму барысында Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 27-28 баптары былай белгілейді: Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен кедендік одақ құра алады. Кеден органдары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен әрі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасап отырады. Кедендік қызмет халықаралық қатынастармен, сыртқы байланыстармен тығыз байланысты. Ол Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға тәуелді және оның жүзеге асуына ықпалын тигізеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Қазақстандық заң ғылымында кеден қызметінің тәртіптік жауапкершілік мәселелері, кедендік қызметтің халықаралық қатынастары, сыртқы байланыстары, яғни оның кешендiк сипаты жүйелi түрде толық зерттелуде. Жұмысты жазу барысында отандық және шетел ғалымдарының еңбектері қолданылды: С. Т. Алибеков., Б. Н. Габричидзе, А. Ф. Ноздрачев, С. Р. Ушурова,

В. А. Беляшов.

Дипломдық жұмыстың пәнi және нысаны.

Бұл жұмыстың нысаны Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу болып табылады.

Зерттеудiң пәнін кедендік органдарының құқықтық мәртебесі, кедендік органдарының лауазымды тұлғалар түсінігі, кедендік органдарының жүзеге асыратын функциялары, кеден органдары қызметінің құқықтық негіздері құрайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi.

Осы зерттеу өзiнiң алдына кедендік органдарының тәртіптік жауапкершілік институтын реттеудi, яғни кедендік органдарының тәртіптік жауапкершілігіне қатысты ұлттық заңдарды, сондай-ақ, доктринаны зерттей отырып, кедендік органдарының тәртіптік жауапкершілік институтының тарихи-құқықтық және еңбектік-құқықтық аспектiде талдау жасауды және оны шешуге қатысты нақты теориялық қорытындылар мен ұсыныстар жасауды мақсат етiп қояды.

Аталған мақсатқа жету үшiн зерттеу барысында төмендегiдей мiндеттердi шешу көзделедi:

- кедендік қызмет мәнін, кеден органдарының құқықтық мәртебесін айқындау;

- кеден органдарының тәртіптік жауапкершілік институтының түсінігін, тәртіптік теріс қылық құрамын зерттеу;

- кеден органдарының қызметшілеріне қолданылатын тәртіптік жаза түсінігі, түрлері және олардың ерекшелігіне кешендi теориялық талдау жасау;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Қазақстан Республикасының еңбек, әкімшілік заңдарын, кеден қызметшілерге қолданылатын тәртіптік жауапкершіліктің шарттық тәжiрибесiн, еңбек құқығы қалыптары мен доктринасын ескере отырып, кешендi түрде кедендік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелері теориялық және тәжiрибелiк тұрғыда зерттелiндi.

Дипломдық жұмыс нәтижелерінің тәжiрибелiк құндылығы және теориялық маңыздылығы.

Кеден органдарының тәртіптік жауапкершілік мәселелері республикамыз үшін еңбек құқығындағы жан-жақты зерттеуді қажет ететін институттың бірі. Кеден органдарының тәртіптік жауапкершілік аясындағы қатынастарды шешуде тәжірибені қолдану тәртіптік жазалардың негізгі белгілерін анықтауға көмектеседі.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.

Жұмыстың бағытын таңдауда кеден органдарының тәртіптік жауапкершіліктерінің түсінігін, түрлерін, және оның қолдану ерекшеліктерін объективті зерттеу қажеттілігіне бағытталған.

Танымдық жалпы ғылыми диалектикалық әдісі негізінде зерттелген тәртіптік жауапкершілік туралы ойлар жұмыстың әдістемелік негізі болды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында автор зерттеулердің жеке-ғылыми әдістерін: талдау мен синтез әдістерін, тарихи, формалды-логикалық, жүйелі-құрылымдық және жүйелі-функционалдық әдістерді, статистика мен жинақтау әдістерін пайдаланды. Қолданыстағы отандық еңбек және әкімшілік заңдарын, құқық қолдану тәжірибесін зерделеу салыстырмалы-құқықтық әдіс көмегімен жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізін қазақстандық, ресейлік заңгерлердің еңбегі құрады. Жұмыс тақырыбының кешендік сипаты отандық және ресейлік заңи әдебиеттерге негізделген.

Қолданылған оқулықтар, талдаулар, белгілі бір ғылыми тәжірибелер авторға дипломдық жұмыс бойынша мәселені терең ұғындырды.

Жұмыстың құрылымы.

Жұмыс зерттеудің сипаты, алдына қойған мәселелерді қарастырып, жүргізілген зерттеулердің логикалық байланысы мен мақсаттарына сай құрылған. Жұмыс кіріспеден, үш бөлім мен жеті бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған дереккөздерден құрылды.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

1. 1 Кедендік органдарының құқықтық мәртебесі

Кеден органдарының қалыптасуына қабылданатын заң мен нормативтік актілер ықпал етеді, олардың көпшілігінінің мемлекеттік тіркеуі бар және кедендік бақылауды, құжаттауды төлемдер мен кедендік режимдеуді реттейді. Бірақ бүгінгі таңға олар әлі жеткіліксіз.

Қазақстан Республикасының кедендік іс туралы жарлығына енгізілген өзгерістер, кеден органдары қызметкерлерінің кейбір жеңілдіктерінен айырумен қатар, басқа категориялы азаматтарға да өз кесірін тигізді. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 16 қыркүйектегі №1119 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы лауазымдық тұлғалардың қызметтен өтуі туралы ережесі [4] мен ант мәтіні, оларға негізгі ережелер, қызметте қабылдану мен одан өту сұрақтары да бекітілген.

Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы ұйымдастырушылық өзгерістердің болуы мен Мемлекеттік Кеден комитетінің құрылуын жағымды кезең ретінде қабылдау керек. Қазір комитеттің төрағасы өкімет мүшесі болып табылады және дауыс құқығы бар ол барлық отырыстарға қатыса алады. Бұл кеден заңдарындағы артта қалушылық жойылады деп үміттендіреді, Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі жарлыққа сай қылмыстық - процессуалды, әкімшілік сұрақтар мен өкіметтің кейбір шешімдерді шалып өтеді.

Өкімет актілерінде тауарлар мен транспорттық құралдарды алып өту, кедендік төлемдердің ставкалары және т. б. Жарлықта қарастырылған кейбір сұрақтар да бар, негізінен кеден органдарыны орындауына жүктелген. Жақын уақытта Мемлекеттік кеден комитеті туралы, тәртіп туралы жарғы мен кеден органдарымен лауазымдық тұлғаларды құжаттауға қатысты ереже қабылдануы қажет.

Кедендік қызметтің ұйымдастырылуы Жарлықта жеке тараумен көрсетілген, бұл осы мәселеге мемлекеттік ыңғайын осы мәселеге табу.

Қазақстан Республикасының кедендік іс жарлығына сай, кеден органдарының негізгі мақсаттары болып табылады:

  • кедендік саясатты өткізу мен қолдануға қатысу;
  • Қазақстан Республикасының заңдары мен кедендік іс бойынша заңдардың, азаматтардың құқығын қорғау мен кедендік істі жүзеге асыруды ұйымдастырудың сақталуын қамтамасыз ету;
  • өз құзырлығы аясында экономикалық қауіпсіздік пен экономикалық көзқарасты қамтамасыз ету;
  • экономикалық сауда қатынастарында кедендік реттеу әдістерін пайдалану;
  • кедендік төлемдер мен салықтарды жинау; кеден шекарасынан өтетін тауар қатынастарында экономикалық саясат шараларын қолдауға қатысу;
  • кеден шекарасынан тауар мен транспоттық құралдардың өту тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
  • кедендік құжаттауды кеден шекарасындағы тауар айналымының жеделдетуіне жағдай жасау мен жүзеге асыру;
  • арнайы кеден статистикасы мен кедендік сыртқы сауда статистикасын жүргізу;
  • тауарлардың сыртқы экономикалық әрекетінің номенклатурасын жүргізу;
  • Өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

- Кеден органдарының бақылауына жүктелген, Қазақстан Республикасының кеден және басқа заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының заңымен қойылған кеден шекарасынан өтетін тауар мен көлік құралдарының тарифтік және бейтарифтік реттелуін сақтау шараларын қамтамасыз ету;

- Кеден қызметі сферасында сыртқы экономикалық және басқа әрекеттерге қатысушылардың құқығын қорғау;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сай кеден қызметі сферасында құқықбұзушылықпен күресу;

- Кедендік бақылау мен кедендік құжаттауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауар айналымын жедедетуге жағдай жасау;

- Өз құзырлығы аясында валюта бақылауын жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерінің орындалуы мен кеден қызметі сферасында Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерге отыруға қатысуға; кеден және басқа да шет мемлекеттік құзырлы органдармен қызметтес болуға, кеден қызметі бойынша халықаралық ұйымдармен сұрақтар шешуге қатысуды қамтамасыз ету;

- Біртұтас бюджеттік саясатты жүзеге асыруға, кеден органдарын әлеуметтік базасы мен материалды-техникалық дамуына қатысу;

- Өз құзырлығы аясында ұлттың қауіпсізідік, адам өмірі мен қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында рационалды бақылау жүргізу;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған басқа да мндеттерді орындау.

  • біртұтас қаржы-шаруашылық саясаттың таралуына, кеден органдарының матеиалды-техникалық базасының дамуына үлес қосу.

Жүктелген міндеттерге ТМД-ның мемлекеттік кедендік заңдары негізіне сай және біздің құқық қорғаушылық заңдарға сай, кеден органдары кедендік қызмет сферасында контрабандамен және басқа да қылмстармен күрес жүргізу, кеден ережелерінің бұзумен және салық заңдарына бұзу кеден шекарасынан өтетін тауарларға байланысты, наркотикалық заттардың заңсыз шекарадан өтуі, психотропты заттардың, қарулардың, Қазақстан мен басқа да шет елдердің мәдени, тарихи және археологиялық құндылықтарының, танымдық меншік объектілерінің құри бастаған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын /терісі, тісі, бас сүйектері, мүйіздері және т. б. /, басқа да тауарлардың, сонымен қатар халықаралық терроризмге қарсы күреске асалысып, Қазақстан Республикасының аэропортында халықаралық азаматтық авиациялық заңға қарсы әрекетіне қарсы күреседі [5] .

Кеден органдарының міндеттері қажетті кедендік құқық институтын, мысалға кедендік саясат, кедендік қызмет, кеден әкімшілігінің барлық сферасын қамтиды.

Мемлекеттік кеден қызметі 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Кеден комитеті құрылғаннан бері әртүрлі құрылымдық өзгерісті басынан кешірді: 1992 жылдың қараша айында қаржы министрлігінің негізгі кедендік басқармасына, 1995 жылдың сәуір айында Министрлер кабинеті жанындағы кедендік комитет, 1995 жылдың қазан айында - орталық орган статусы бар, бірақ өкімет құрамына кірмейтін, бірақ оған бағынатын Қазақстан Республикасының кеден комитеті, 1997 жылдың 14 қаңтарынан бастап - мемлекеттік кеден комитеті құрылды.

Кеден ісіне жалпы жетекшілік өкіметке жүктелген, тікелей жетекшілік - мемлекеттік кеден комитетінде.

Мемлекеттік кеден комитетімен бекітілген типтік ережеге сай, кеден органдары жүйесінде облыстық кедендік басқару, кедендер, кедендік посттар соынмен қатар орталық кеден зертханасымен кедендік басқарудың бөлімдері жұмыс жасайды.

Ведомстволық мекемелердің жарлығында көрсетілгендей Орталық кеден зертханалары мен кедендік экспертиза бөлімшелері кеден басқармаларында, ірі кедендерде қызмет атқарады. Орталық кеден зертханаларында және эксперттік қызмет көрсетуге кедендік мақсаттағы тауарларды зерттеу кіреді.

Зертттеу үрдісінде мыналар анықталады:

  • тауарлар номенклатурасы /коды/;
  • тауарлар өндірілетін ел;
  • тауардалдың кедендік бағасы;
  • тауарлар мен шикізаттардың қайта өңдеуден кейінгі идентификациясы;
  • тауарлардың физикалық және химиялық құрылымы және құрамы;
  • тауарлардың маркасы, сорты мен сапасы;
  • тауарларды өндіру технологиясы;
  • шикізат пен басқа да тауарларды қайта өңдеуден өткендегі продукцияның шығу нормасы;
  • тауарлардың наркотикалық, қатты әсер ететін, улы, уландыратын тауарларға жатуы;
  • тауарлардың экологиялық және қанау қауіпсіздігі;
  • тауарлардың Қазақстан Республикасында және шет ел халықтарының мәдени, тарихи, археологиялық мұраларына жатуы;
  • арнайы танымды қажет ететін басқа сұрақтар. Осы зерттеуледі толық қамту үшін эксперттік кеден қызметін нығайту керек. Бұл жерде эксперттер мен мамандарды дайындау мәселесін шешу керек. Қазақстан Республикасының жарлығында Ресейдің кеден кодексінен айырмашылығы олардың статусын анықтайтын баптар жоқ.

Осыған қарамастан мамандармен мынандай күрделі зерттеулер жүргізілуде:

  • физика-химиялық /органикалық және бейорганикалық заттардың сапалы және санды сараптамалары/;
  • хроматографиялық / бояулар, консерванттар мен пестицидтердің сараптамалары/;
  • спектралды /химиялық ұнтақтар элементтерінің сандық және жартылай сандық сараптамалары/;
  • рентгенофлуоресцентті /химиялық элементтерді бұзбай сандық сараптама жасау/;
  • микроскоптық / жарық өтетін және жарық шағылысатын зерттеулер/.

1993 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті қаулысымен нәтижелі және біртұтас саясаты жүзеге асыру мақсатында кедендік-тарифтік кеңес құралды.

Қазақстан кедендік одаққа кіргеннен кейін оның аумағында қызмет ететін ережеге сай Кедендік-тарифтік кеңес дикриминацияланған әрекеттегі жауапты шараларға байланысты, баға қою мен шығару туралы сұрақтарды шешуі қажет. Жарлықтың 397 бабына сай кеден органдарының лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының іске жарамды азаматтары бола алады, өздерінің іскер, моральды қасиеттері, білім деңгейі мен денсаулық жағдайцына байланысты тапсырылған міндеттерді жақсы орындауы керек.

Жарлықта көрсетілгендей лауазымдық тұлғалар кеден органдарының қызметкерлері болып табылады және бір айдан үш айға дейінгі сынақпен кеден органына қабылданады.

Қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне қатысты жұмысқа қабылдауға қатысты ескертулер бар. Құқыққорғаушылық пен салық органдарында арнайы атақөтары бар болса, кеден органдарының лацуазымды тұлғалары да, соның ішінде ведомстволық мекемелер мен ұйымдардың жетекшілерін дербес, жеке атақтар беріледі. Олардың 10 сатысы қарастырылған:

  • нағыз мемлекеттік кеңесші;
  • кеден қызметінің 1, 2 және 3 рангтегі мемелекеттік кеңесшісі;
  • кеден қызметінің 1, 2 және 3 рангтегі кеңесшісі;
  • кеден қызметінің 1, 2 және 3 рангтегі инспекторы;
  • кеден қызметінің 1, 2 және 3 рангтегі инспекторы;

1993 жылғы 3 мамырдағы №341 Өкіметтің қаулысымен киім тізімі мен формалық киім киюдің, аяқ киім кию мен кеден органдарындағы қызметкерлерін жабдықтау бекітілген.

Қызметтік міндеттерді атқару барысындағы лауазымсдық тұлғалар билік өкілдері болып табылады. Кеден органы немесе кеден қызметкерлерінмен қабылданған әрекет пен шешімді тоқтатуға, мемлекеттік органнның, саяси қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға, бұқара ақпарат құралдары; басқа жеке тұлғаларға заңсыз араласуға қатаң тыйым салынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Кедендік бақылау жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Кеден ісі және оның кеден құқығындағы орны
Қазақстан Республикасының кеден органдары
Кедендік төлемдер: түрлері, есептеу, төлеу тәртібі
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz