Индер Борат кеніндегі №99 карьеріндегі борды бөліп алу технологиясы және қазіргі экологиялық жағдайы



І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жұмыс өзектілігі: Біздің айбынды да асқақ еліміздің үлкен мақтанышы – жер бетінің қазынаға молдығы. Осындай мақтан тұтар байлығымыздың бірі де бірегейі, жер бетінде сирек әрі шашыраңқы орналасқан, қолданылу ауқымы органикалық және бейорганикалық химияда маңызды көміртегіден кейінгі орында орын алатын, күні бүгінде азайып бара жатырған элемент - бор. Бор жеріміздің батыс аймағында Атырау жерінің қазыналы Индер күмбезінде кездеседі. Зерттеу жұмыстары сонау 1932 жылдан бастау алатын осы бір сала күні бүгін де елімізде кенжелеп, артта қалып бара жатырған салаларымыздың қатарына қосылуда. Байлығының молдығынан кезінде Ресей патшалығының ашық түрде, қалай болса солай пайдалануы салдарынан бүгін де кен құрамы кедейленіп кеткен.
Қорғағалы отырған жұмысымның өзектілігі осы бір байлық көзін тиісінше дұрыс қолдану технологиясы мен қалдығын қолдана білу аясын кеңиту. Кейінгі ұрпақ болашағын ойлай отырып, халық игілігіне оңынан жарату.
Жұмыс мақсаты: Жұмысымның мақсаты осынау өзім туып өскен аймақтың байлығын қайта таптырмас өндіріс орнына қосу. Ескіленіп қалған өндіру жолын жаңарту, өндіруден қалған қалдықтарын халық игілігіне пайдалану, сол жер тұрғындарына тигізер пайдасымен қатар зиянын білу. Қараусыз қалған осынау бір орынды тиімді пайдалану жолын қарастырып, әлеуметтік – экономикалық жағынан қолдау боларлық жоба жасау.
Қ.И.Сәтбаев атамыз кезінде «Өз елінің қара тасын мақтай алмаған азамат, өзге елдің алтын тасын да мақтай алмас» деген сөзін жалау етіп, осы жұмысымды елімнің алдындағы азаматтық борышым деп біліп қолға алдым.
Адам!
Не деген сырлы, не деген нұрлы тұлға!
Барлық тіршілік иелерінен ақыл мен сана арқылы алда болып, бүкіл әлемге билік жүргізу не деген бақыт!
Адам!
Қандай ақылды, қандай дана, қандай шебер, қандай зергер! Себебі жер бетіндегі небір ғажайыптар түп-түгел адамның қолымен жасалған. Алдымен анадан туған, содан соң арман қуған...
Ағашсыз орман болмайтыны сияқты Отансыз адам бола ма? – Мен адаммын деген әрбір пенденің өз Отаны бар-ау деймін. «Менің Отаным нұр келбетті, күн сәулетті - Қазақстан» Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар ерке жел...
Жанға сая панамыз Қазақстан. Бәрінен де сыры терең ұл өсірген, қыз өсірген туған жер.
Мен өзімнің бақыт пен шаттықтың ұясында, туысқандық пен достықтың мекенінде, бар байлықтың ордасында өмірге келгенімді мақтан етемін. Бүкіл әлемге, жер бетіндегі жан біткеннің бәріне жаһанды жаңғырта бар даусыммен айқайлап, өз Отанымды жырлағым келеді, өз Отанымның бүгінгісінен ертеңін нұрландырғым келеді. Өз Отанымның тауын, тасын, суын, жерін, бар қазынасын игеріп, әлемге паш етіп көрсеткім келеді.
Атам қазақ арғымаққа мініп, қара жерді дүрсілдете жортқанда сол өзі алшаңдай басқан жер астында тап осындай қазыналар бар екенін біліп, сезгенмен, оған аса назар аудармай, олар келер ұрпақтың еншісі деп есептеген екен-ау. Рас, шыңыраудан құдық қазып, су көзін іздеп, белден бел асып, шұрайлы қонысты жайлағанда, сапырып сары қымызын ішіп, алты қанат ақ боз үйін көгалдау тұсқа тігіп, ақ текеметтің үстіне шалқалай жатқанда, жаны – жайлау, қиялы ұлан – байтақ жерді аман есен келер ұрпаққа аманаттауды көздеген екен – ау!
1. «Природные богатства Индера и их исползование» М.Д.Дияров, В.Г.Калачева, С.В.Мещеряков, Академия наук Казахской СССР, Издательства «Наука» Казахской СССР Алма-Ата-1981г
2. «Бор қосылыстарының химиясы мен технологиясы» Т.Т.Омаров, М.Р.Танашева Алматы, «Қазақ университеті» 2002 жыл
3. «Индер ауданы шежіресі» Ә.Ғарифолла, К.Байбосынов, «Арыс» баспасы, Алматы, 2006 ж.
4. «Кенді елім менің - Дендерім менің», «Ағатай баспасы» Атырау, 2010 ж.
5. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы
6. Атырау энциклопедиясы
7. «Возраждение производства бора» А. Акбердин // Промышленность Казахстана – 2003. №5.стр 42-43. Химическая технология. Химическая промышленность. Борная кислота.
8. «Анализ минерального сырья» Под общей редакцией Ю.Н.Книпович и Ю.В.Морачевского, 1956г
9. «Общая и неорганическая химия» Н.С.Ахметов, Москва, «Высшая школа», 2008г.
10. «Производство боросодержащих полимерных фосфорных удобрений» М.К.Алдабергенов, Г.Т.Балакаева, Хабаршы журналы, Алматы, №3(63) 2011 ж
11. «Обогащение бедных руд в Западной Европе» Перевод с английского канд.техн.наук С.К.Гребнева, под.ред.докт.техн.н. Г.М.Малохова и канд.техн.наук А.К.Рундквиста, Москва, 1960 г.
12. «Обогащение бедных руд» Л.Д.Ротабылькая, Р.Н.Моисеева, В,Ф,Савин, С.Ф.Поплавский, Издательство «Наука» Москва, 1973 г.
13. «Влияние различных доз цинка на рост и развитие риса, и на поведение бора в заселенной почве», М.В.Есимбеков «Биогеохимия мен геохимиялық экологиялық мәселелер» 2011 ж. №1 стр 53-55
14. «Город Бор в прошлом и настоящим» Н.В.Телегин 1966 г стр 75.
15. Е.В.Власова « Исследование состояние бора в боратах и в борсодержащих водных растворах методом инфракрасной спектроскопий» М.Вамешко 1966 г,стр- 21.
16. «Бор и его соединение» В.Г. Хлопин 1949 г, стр -308.
17. «Практикум по географии почв с основами почвоведения» В.В.Добровольский 1987г
18. «Физико-химические и электрохимические свойства фосфатов и боратов лития-меди (І) и лития-железа» Д.С.Жумабаева, Диссертационная работа 2010/27
19. «Боратные алюмоборатные фторсодержащие стекла, свойства, строение» Н.Б.Князин Диссертационная работа 2011/2942
20. «Ивлечение бора и кремния при гидродифторидном вскрытии дотолитового концентрата» Журнал «Химическая технология» Институт химии ДВО,Владивосток № 11/2010 , стр.646-649.
21. «Получение силикатов кальция из отходов переработки борсодержащего минерального сырья» Журнал «Химическая технология» №3/2011, стр.142-147.
22. «Инфракрасная спектроскопия и строение редкоземельных хромовых боратов R Cr3(BO3)4 (R= La-Er) » Журнал структурной химии. Том 52 №4.2011
23. «Новый метод синтеза аниона В3Н8-» А.Ю.Быков, Г.А.Разгоняева, Н.Н.Мальцева, К.Ю.Жижин, Н.Т.Кузнецов, Журнал неорганической химии,2012, том 57, стр.- 531-534.
24. «Стеклообразование в системах СаО – Ві2О7 – В2О3 », Журнал неорганической химии, том 55.№11/2010. Стр.1920-1927.
25. «Свойства наноматериалов бора, боридов и индия температура плавления сферафический наночастиц проволок и пленок», Журнал неорганической химии, №9/2011. Стр.490-494.
26. «Реакционная способность борных фуллеренов», Журнал неорганической химии, Том 56. №7/2011.стр.1176-1178.
27. «Трехкомпонентные системы NaBO2 – NaCl - Na2CO3 , NaBO2 – Na2CO3 – Na2MoO4, NaBO2 – Na2CO3 – Na2WO4, NaBO2 – NaCl – Na2WO4» Журнал неорганической химии, Том 56, №6/2011.стр.1002-1009.
28. «Синтез кристаллическая структура и спектры сольвата 9(Е) – Фенантрен – 9, 10-диан (1 Z ) – 3,3 – диметил – 3,4 – дигидроизохиналин – 1(2н) - илиден ] гидразоната никеля (ІІ) с трихлорметаном » Журнал неорганической химии, том 56, №5/2011. Стр.728-734.
29. «Квантово химическое исследование взаймодействия дипирролилметенов с трифторидом бора и другими кислотами Льюиса» , Журнал неорганической химии, №5/2011, стр.799-804.
30. «Четырехкомпонентная система NaBO2 – Na2CO3 – Na2MoO4 – Na2WO4 » Журнал неорганической химии, том 56, №5/2011, стр.834-837.
31. «Поведение додекагидро – клозо – додекаборатного аниона В12Н122- при взаимодействии с Au(Ph3P)Cl », Журнал неорганической химии, №4/2011, стр.564-569.
32. «Рентгеноспектарльная исследования электронного строения пленок карбонитрида бора, полученных методом химического осаждения из газовой фазы на подложках Со/Si и CoOx/Si» Ю.В.Федосеева, М.Л.Косинова, С.А.Проходова , Журнал структурной химии. Том 53, июль-август 2012.№4. стр.701-709.
33. «Ундекагидродекаборатный анион В10Н11- - стартовый реагент в реакциях экзополиэдрического замещения и комплексообразования. Теоретические и экспериментальные предпосылки » В.К.Кочнев, В.В.Авдеева, Л.В.Гоева, Е.А.Малинина, Н,Т,Кузнецов , Журнал неорганической химии, 2012, том 57, стр.380-386.
34. «Парообразование и термическое разложение В, В´, В´´- трибромборазина» И.В.Казаков, А.Ю.Тимошкин , Журнал неорганической химии, 2012, том 57, №4, стр.621-627.
35. «Переработка и использование отходов фосфорного и борного производства», Журнал «Новости науки», А.Н.Ещанов №4/2007, стр.38-43.
36. «Жер астындағы алтын сандық» , Бақыт Балғарина, Егемен Қазақстан газеті, 2002 жыл.
37. «Неорганический сорбент из отходов производства для выделения бора из природных вод» Танашева М.Р., Бейсембаева Л.К., Сыдыкбаева С.А., Шенебекова Г.С., Хабаршы химия сериясы, №1(61), 2011 ж.
38. «Использование фосфатов и боратов в качестве катодных материалов для литий – ионных батарей» Д.С.Жумабаева, Ж.Б.Бакенов, М.К.Алдабергенов, Хабаршы журналы, Алматы ҚазҰУ және ҚБТУ, №2(58), 2010ж
39. «Бор шикізатын өңдеуге арналған экологиялық тиімді технологиялық жүйелердің қондырғыларын таңдау тәсілдері» М.Р.Танашева, Ж.Е.Джакупова, Н.А.Бейсембаева, Н.А.Убайдулаева, Вестник КазНУ, Серия химическая, №4(64), 2011 г.
40.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті

Тақырыбы: Индер борат кеніндегі №99 карьеріндегі борды бөліп алу
технологиясы және қазіргі экологиялық жағдайы

Дайындаған:студент Есқалиева Қ.Н.
Тексерген:Қалабаева М.Х.

Алматы, 2013-01-27
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Жұмыс өзектілігі: Біздің айбынды да асқақ еліміздің үлкен мақтанышы –
жер бетінің қазынаға молдығы. Осындай мақтан тұтар байлығымыздың бірі де
бірегейі, жер бетінде сирек әрі шашыраңқы орналасқан, қолданылу ауқымы
органикалық және бейорганикалық химияда маңызды көміртегіден кейінгі орында
орын алатын, күні бүгінде азайып бара жатырған элемент - бор. Бор
жеріміздің батыс аймағында Атырау жерінің қазыналы Индер күмбезінде
кездеседі. Зерттеу жұмыстары сонау 1932 жылдан бастау алатын осы бір сала
күні бүгін де елімізде кенжелеп, артта қалып бара жатырған салаларымыздың
қатарына қосылуда. Байлығының молдығынан кезінде Ресей патшалығының ашық
түрде, қалай болса солай пайдалануы салдарынан бүгін де кен құрамы
кедейленіп кеткен.
Қорғағалы отырған жұмысымның өзектілігі осы бір байлық көзін тиісінше
дұрыс қолдану технологиясы мен қалдығын қолдана білу аясын кеңиту. Кейінгі
ұрпақ болашағын ойлай отырып, халық игілігіне оңынан жарату.
Жұмыс мақсаты: Жұмысымның мақсаты осынау өзім туып өскен аймақтың
байлығын қайта таптырмас өндіріс орнына қосу. Ескіленіп қалған өндіру жолын
жаңарту, өндіруден қалған қалдықтарын халық игілігіне пайдалану, сол жер
тұрғындарына тигізер пайдасымен қатар зиянын білу. Қараусыз қалған осынау
бір орынды тиімді пайдалану жолын қарастырып, әлеуметтік – экономикалық
жағынан қолдау боларлық жоба жасау.
Қ.И.Сәтбаев атамыз кезінде Өз елінің қара тасын мақтай алмаған азамат,
өзге елдің алтын тасын да мақтай алмас деген сөзін жалау етіп, осы
жұмысымды елімнің алдындағы азаматтық борышым деп біліп қолға алдым.

Жұмыс міндеті:
1) Бор және борат кені жөнінде материалдар жинақтап, танысу;
2) Бор және борат кені орналасқан аймақпен танысу;
3) Кен аймағынан алынған кен мен қалдыққа анализ жасау;
4) Кеннің құрамындағы борды бөліп алу тәсілдерін қарастыру;
5) Кеннің құрамындағы борды бөліп алу үшін қышқылдық әдісті қолдану;
6) Кеннің құрамындағы борды бөліп алу үшін нанобөлшектер қолдану;
7) Кеннің құрамынан кенді бөліп алу әдістерін салыстыру;
8) Нәтижесін есептеп, қай әдіс тиімдісін анықтау;
9) Жүргізілген есептеу мен нәтижені қорытындылау;
10) Жалпы дипломдық жұмысты қорытындылау, қорғау.

Жұмыстың жаңашылдығы:

Зерттеу нысаны: Атырау облысы Индер ауданы маңы №99 карьер

Негізгі бөлім
Адам!
Не деген сырлы, не деген нұрлы тұлға!
Барлық тіршілік иелерінен ақыл мен сана арқылы алда болып, бүкіл әлемге
билік жүргізу не деген бақыт!
Адам!
Қандай ақылды, қандай дана, қандай шебер, қандай зергер! Себебі жер
бетіндегі небір ғажайыптар түп-түгел адамның қолымен жасалған. Алдымен
анадан туған, содан соң арман қуған...
Ағашсыз орман болмайтыны сияқты Отансыз адам бола ма? – Мен адаммын
деген әрбір пенденің өз Отаны бар-ау деймін. Менің Отаным нұр келбетті,
күн сәулетті - Қазақстан Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау,
кербез орман, көркем бел, лебі жұпар ерке жел...
Жанға сая панамыз Қазақстан. Бәрінен де сыры терең ұл өсірген, қыз
өсірген туған жер.
Мен өзімнің бақыт пен шаттықтың ұясында, туысқандық пен достықтың
мекенінде, бар байлықтың ордасында өмірге келгенімді мақтан етемін. Бүкіл
әлемге, жер бетіндегі жан біткеннің бәріне жаһанды жаңғырта бар даусыммен
айқайлап, өз Отанымды жырлағым келеді, өз Отанымның бүгінгісінен ертеңін
нұрландырғым келеді. Өз Отанымның тауын, тасын, суын, жерін, бар қазынасын
игеріп, әлемге паш етіп көрсеткім келеді.
Атам қазақ арғымаққа мініп, қара жерді дүрсілдете жортқанда сол өзі
алшаңдай басқан жер астында тап осындай қазыналар бар екенін біліп,
сезгенмен, оған аса назар аудармай, олар келер ұрпақтың еншісі деп
есептеген екен-ау. Рас, шыңыраудан құдық қазып, су көзін іздеп, белден бел
асып, шұрайлы қонысты жайлағанда, сапырып сары қымызын ішіп, алты қанат ақ
боз үйін көгалдау тұсқа тігіп, ақ текеметтің үстіне шалқалай жатқанда, жаны
– жайлау, қиялы ұлан – байтақ жерді аман есен келер ұрпаққа аманаттауды
көздеген екен – ау!
Мен бүгін жоғарғы оқу орнындағы студент болғаныммен, ертең ел жүгін
арқалар елімнің сенім артқан ұл – қыздарының бірімін. Мен өз Отаныма
қандай үлес қосып, қалай қызмет етсем де, ең әуелі туған жерімнің
перзентімін. Халқымызда Туған жердің топырағы деген қасиетті ұғым бар.
Иә, мен туған жерімнің, Атыраудың, қазыналы Индерімнің, кең байтақ өлкемнің
перзентімін. Япыр – ау, менің туған жерім нағыз байлықтың Отаны, бар
шикізаттың көзі емес пе?
Тұз кені, калийлі тұздары, цемент шикізаты, құм, ізбес, гипс көздері,
ангидрит, галит, құрылыс материалдары, Менделеев кестесіндегі бірнеше
элементтер, глиндер, көптеген сала үшін маңызды бор кені бәрі – бәрі
менің туған жерімде жайнап жатыр. Кең байтақ қазақ даласының қай қиырында
болмасын жомарт табиғаттың сый-сияпатын, жомарт та әсем көрініс келбетін
жиі кездестіруге болады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Атырауға барған
сапарында Индер күмбезіне Жер астындағы алтын сандық деп баға берген.
Индер тұзды көлі сол ғажайыптардың бірі. Көлдің тұзды суы құрамында бор,
бром, калий, магний, йод және жоғары құрамды рапа мол. Ресей патшасы І Петр
жасақтаған экспедиция мүшелері аузын ашып, көзін жұмып таң тамаша болған
Индер тұз көлі арада үш ғасыр өтсе де айналаға паңдана қарап, сол сұлу,
тәкаппар қалпында әлі жарқырап жатыр.(33)
І Петр бастап, жасақталған экспедициялар Индер жеріне, оның қазба
байлығын зерттеуді сонау ғасырларда бастады. И.И.Лепихин (1768-1769),
П.С.Паллас (1763-1769), К.Г.Гнелин (1785), М.М.Ковановский (1887),
Н.И.Андрусов (1887) және Н.П.Барбот-де Марни (1874-1889) сияқты
зерттеушілер өз еңбектерінде сөз етті.(3,5)
1927-1931 жылдары бұл аймақта геолог А.Н.Волковтың басқаруындағы партия
жұмыс істеді. Қорытындысында Индер күмбезінің топографиялық картасы
жасалынды (1-сурет), су көздерінің жүйелі химиялық мінездемесі берілді.
Алғаш рет схема түріндегі геологиялық карта пайда болды. Әрине,
А.К.Волковтың атқарған қызметінің ішіндегі маңыздысы борат кенін табуы.(1)
(1-сурет)

Сөйтіп, ЦНИГРИ экспедициясы күшімен атқарылған мақсатты зерттеу
жұмыстары еліміздің борат кеніне деген қажеттілігін қамтамасыз етуге алып
келді. Содан 1935 жылы Индер борат кеніші ашылды. 1935-1936 жылдары
Н.И.Преображенскийдің ғылыми жетекшілігімен ЦНИГРИ (қазіргі ВСЕГЕЙ)
күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция жұмысына профессор
С.В.Малявкин, геологтар Н.И.Морочкин, А.В.Хабанов, М.Н.Годиевский,
В.В.Мокринский, К.А.Иванов, т.б. қатысты. Ал 1932-1935 жылдары жүргізілген
Индер көлінің тұз қабаттары мен оның басты қасиеттеріне физико-механикалық
талдау жүргізумен академик Н.С.Курнаковтың басқаруы негізінде М.Г.Валяшко,
И.Н.Лепяшков шұғылданады. 1936 жылы жүргізілген бұрғылау жұмыстарының
нәтижесінде калий тұзы қабаттары анықталды. 1939-1940 жылдары Қазақ КСР-і
геологиялық басқармасы тұз қабаттарына зерттеуді жалғастырды. Сөйтіп 1941
жылдың 26 ақпанында химия өнеркәсібі халық комиссариаты жанындағы
экономикалық кеңесінің қаулысымен Индер геологиялық - барлау партиясы
құрылды. Алғашқы ұйымдастыру бұйрықтары 1941 жылдың 20 мамырында жарық
көрді. Партия бастығы болып Н.С.Борихин бекітілді. (34)
1941-1957 жылға дейін барлық геологиялық барлау жұмыстары КСРО химия
министрлігі арқылы жүргізілсе, кейін КСРО, Қазақ КСР геология
министрліктеріне ауысты. 1941-1945 жылдары аудандағы геологиялық жұмыстар
геологтар Я.Я.Яржемский, В.Г.Валяшко, А.А.Скробов, С.Ф.Иванова,
М.В.Руднева, т.б. тығыз қатысуымен жүрді. 1945-1950 жылдардағы зерттеу
жұмыстарының түпкі нәтижесінде Қызыл тау маңындағы кедей кен орынын және №
88 учаскесінің мүмкіндігін анықтауға қол жетті. 1950-1951 жылдары мұндай
зерттеу жұмыстары кең қанат жая түсті. Бес жылдың ішінде 40 шаршы километр
гипс қабаты бұрғыланып, № 90, 93, 94, 95, 96 кен орындарын анықтауға жол
ашты. 1956-1961 жылдары С.С.Коробов пен Қ.Тұхфатовтың басқаруындағы
экспедиция күшімен Индер күмбезінің 1:10000 және 1:25000 мөлшеріндегі
(масштабында) геологиялық кескіндемесі жасалынды. 1958 жылы геология
министрлігінің комиссиясы жұмыс істеп, Индер кен орындарының геологиялық
және гидрогеологиялық жұмыстарының арнайы шарасы жасақталынды.
Индер тұзды күмбезін зерттеу барысында 1957 - 1987 жылдары аралығында
18 кен орны, 92 қалыптасу және 260 борлы қабат анықталды. Олардың арасынан
элювиалды бор кенін өндіретін № 98, 99, 100 және 102 учаскелер ашылды. 1962
жылы №99 кен орнындағы борлы-калийлі аймақты зерттеу бағытында алғашқы
шахта негізі салынды. Кешенді зерттеу жұмыстарының арқасында борат кенінің
геологиялық құрамы айқындала түсті. (1,3,34,)
(2-сурет)
Осындай өзіндік зерттелу тарихы бар аймақ - Индер ауданы облыстың
солтүстіктігінде, Жайық өзенінің екі бетін ала орналасқан, Батыс Қазақстан
облысының Тайпақ, Жаңақала аудандарымен шектесіп жатыр. Жерінің аумағы
11,1 км. Индер ауданы тау – кен өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы, қамту
инфрақұрылымдары қатар дамыған аймаққа жатады. Геологиялық және
гидрогеологиялық сипаты жағынан, пайдалы қазбалары жөнінен аудан өте
күрделі жер қойнауымен ерекшеленеді. Пайдалы қазындыларынан құрылыстық
материалдар бағытындағы шикізаттарына аса мол. Жайық – Жем өзендері
арасындағы тұзды аймақ әлемдегі қоры жөнінен ең ірісі болатын болса, соның
ішіндегі көлемдісі – Индер тұз күмбезі 250 мың км жерді алып жатыр. Бұл тұз
күмбезінің жаралу механизмі жер қыртысының тербелмелі қозғалысына және
тұздан жоғары жатқан түзілімнің геостатты қысымының әсері тікелей
байланысты. Ғалымдар тұжырымдауы бойынша галоген типті бораттың
өнеркәсіптік маңызы бар кені – дүние жүзінің бір-ақ жерінен Атыраудағы
Индер жерінен табылған. Тұз қабаттарының алғаш пайда болуы жоғары Пермь
кезеңінде басталса, аяқталу уақыты неоген кезеңінің бастапқы сатысына тұтас
келеді. Тұз қабаттары түзілімінің алғашқы стратеграфиялық схемасын
А.Н.Волков жасаған. Одан кейін де схемалар жасалған, соның ішінде жоғарыда
атап өткеніміздей Индер геологиялық барлау партиясының бастығы, геолог -
минералогия ғылымдарының кандидаты Қ. Тұхпатовтың стратeграфиялық карта –
схемасы ең соңғысы әрі нақты нұсқасы болып табылады. Индердің тұйық көлі –
осы аймақтағы табиғат ғажайыптарының бірі. Көктемде суы молайып, жазда
тайыздайды және таудың сазды қабаттары арасынан шыққан тұзы мол бұлақтардан
қорек алады. Индер көлі суының құрамында бром, калий мол, одан жоғарғы
сапалы ас тұзы өндіріледі. Морфологиялық тұрғыдан Индер тұйық көлі аса зор
сопақ зеренді еске салады, оның түбі өздігінен шөккен ас тұзынан тұрады.
Тұз қабатының қалыңдығы кей жерлерінде 10 - 15 м-ге жетеді. Тұз негізінен
ақ, шыныдай мөлдір галиттен тұрады. Көлдің лайлы қара балшығы түрлі
ауруларды емдеуге көптен бері кеңінен қолданылады.(1,4)
Индер күмбезі борат, гипс, ангидрит, бор, цементтік шикізаттарға бай.
Индер күмбезінің алаңында ангидриттердің жер бетіне шығатын екі белгісі
анықталады. Жуылғаннан кейінгі қалдық түріндегі қалыпты – шөгінді
ангидриттер мен сүттей ақ, қабатты гипстердің арасында көкшіл – сұрғылт
немесе сұр, өте тығыз, ауқымды текстуралы және ұсақ түйіршік құрылымды
ангидриттер жатыр. Бұлардың қалыңдығы 1,5 – 2 м. Осындағы тұз қабаттары
ішіндегі ангидриттері қатар, үйінділер түрінде жер бетіне шығады және
айналадағы жерден жоғары тұрады, биіктігі 10 - 20 м. Жер бетіне шығатын
кезде ангидридтер гипске айналады. Бұл ангидридриттердің қалыңдығы 8 – 12
м. Ақ Роскошь кен орнында гипспен қатар Индер тауының гипс қалпағын
құрайтын негізгі жыныс болып табылатын ангидриттердің аса зор қоры
бар.(3,4)
Индер күмбезі табанының үстіне шығып жатқан гипс аумағы 210 км алқапты
алып жатыр, таза гипстердің орташа қалыңдығы 55 метр. Гипс химия, медицина
өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды шикізат. Жер
бетіндегі гипстің жалпы қоры – 21 миллиард тонна деп есептелсе, соның аудан
жеріндегі жалпы қоры 10-15 млрд.тонна шамасында деп жорамалданады. Гипс
қабатының мейлінше, жақын учаскесі Индербор кентінен бір километр жерде.
Гипс қабаты тұз қабаты еруінің қалдық белгілерінің құрылымы болып
табылады.(6,33)
Ауданымызда өндірілетін бор екі қабатта кездеседі, бірі жоғары қабат
яғни гипстің ішінде, екіншісі гипстің астында, яғни тұздың ішінде
орналасқан. Тұздың ішіндегі борат екі жерде – Атырауда, екіншісі –
Германияда кездеседі.(33)
Гипспен қатар 1934 жылдан бері зерттеліп келе жатырған бордың негізгі
тұздары бораттарда өлкемізде осы уақыттан бастап зерттеле бастады. Бор
борлы – калийлі түбірді немесе одан көп кездесетін гипсті қалпақты
сілтісіздендіру нәтижесінде алынды. Распределение борных минералов в рудах
неравномерное. Залежи имеют пластообразную, линзовидную или неправильную
форму, отличаются пологим, изредка крутым падением. На глубине они
переходят в борно-калийные коренные (морские) соли. Протяженность
элювиальных залежей боратов составляет 100–400 м, иногда достигает 2000 м ;
мощность меняется от 0,5 до до 20 м , в редких случаях возрастая до 50 м .
(35)
Борат – бор қышқылының тұздары. Борат минералдарының ең маңыздысы
тетрабор қышқылының натрий тұзы – бура. Борат ромбылық, моноклиндік,
ішінара кубтық және тригональдық сингонияларда кристалданады. Борат сусыз
және сулы болып топталады. Түрі түзсіз, аморфты немесе кристалды. Сусыз
Бораттың балқу температурасы 500 – 2000°С аралығында. Сулы Бораттың
қаттылығы 2 – 5, ал сусыз Бораттікі 9. Борат кен орындары жанартаутекті
шөгінді, эндогенді жапсарлы - метасоматитті және галогенді шөгінді болып
бөлінеді. Бор қышқылдары негізінде орта борат аталатын қышқылдан (Н3ВО3 )
шығады. Осы қышқылдан біраз су бөліп шығарсақ, ол метабор кышқылына
айналады: Н3ВО3 —Н2О = НВО2 . Орта борат қышқылының 4 бөлшегінен 5 бөлшек
суды алып тастайтын болсақ , одан полибор қышқылдарының бірі — Н2В4О7
шығады. Осы сияқты жолмен шығатын бор қышқылдарының түрі өте көп. Бораттар
аз токсинді. Ауыз суындағы В2О3 ШРК мөлшері 1мгл. (36)
Осы келтірілген мысалдарға қарағанда бораттар бір, екі, үш және одан
басқа да валентті металдардан түзіле алатындығы түсінікті. Алайда бор үш
валентті элемент болғандықтан, оның негізгі қышқылы орта бор болады, яғни
көбінесе үш валентті комплексті анион [ВО3]3- — оның тұрақты түрі болып
табылады. Сонымен қатар бораттар галоид тұздармен бірге көл шөгінділерінде
көп кездеседі. Бұл жағдайда олар көбінесе гидробораттар құрайды. Табиғатта
бораттардың 85-тен астам минералдары анықталған. Индер борат кені
галогендік типке жатады. Галогендік типтегі кенорындарда бораттар әдетте
ірілі – ұсақты қабаттар мен лизалар құрайды. Оларды сыйыстырушы яки
кіріктіруші таужыныстар рөлін алуан түрлі доломитті – ангидритті, гипсті
таужыныстар мен ас тұзы және калий тұздары атқаруы ықтимал. Бұл аумақтың
борлы кенінде негізінен ұшырасатындар магний бораты және кальцийлі – ашарит
, гидроборацит, колеманит, иньиоит, аздаған мөлшерде улексит, борацит,
калиборит, пандермит минералдары түрінде кездеседі. Бораттардың өзі
минерал ретінде де қолданылу аясы кең. Шыны өндірісінде шихта компоненттері
ретінде, керамикада глазурлегенде, эмалдағанда, отқа төзімділік қасиетін
арттыру үшін, рафинирлеуде флюс компоненті ретінде, металлдарды сварклеуде,
пайкалауда, лакпен боялған материалдарда толықтырғыш пен пигменттер
ретінде, коррозияда ингибитор ретінде, электролит компонент ретінде,
тоқыма, кір жуатын ұнтақ заттар дайындауда және бор кенінің бірден бір
көзі болып табылады.
Ендеше Индер күмбезінен тұңғыш рет табылған және әлемдік ғылымға ресми
түрде енген табиғи химиялық минералдарына тоқтала кетсем: Индерборит –
кальцийлі – магнийлі борат минералы, химиялық формуласы CaMgB6O11*H2O.
Табылған Индер жерінің атымен аталған. Тұңғыш рет 1941 жылы Н.Ю.Ихорникова
мен М.Н.Годлевский ашқан. Химиялық құрамы (салмақтық ( есебімен): СаО –
11,14; MgО – 8,01; В2О3 – 41,49; Н2О – 39,36. Сингониясы моноклинді ірі
кристалды агрегаттар түзеді. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша – 3; меншікті
салмағы – 2,0 гсм3, тығыздығы – 1,934 кгм3. Жабысқақ, ұлутастанып сынады.
Әйнектей жылтырайды, қос өзекті. Суда баяу, ыстық қышқылда тез ериді.
Эндотермиялық тиімділігі 2040° С – та, экзотермиялық – 8380° С. Өте сирек
кездесетін минерал. Индерден кейін Түркиядағы Қырқа-Сарықия, Искалекей кен
орындарынан табылды.
Индерит – магнийлі борат минералы, химиялық формуласы
Mg2B6O11*15H2O. Алғаш табылған Индер кенінің атымен аталған. 1935 жылы
А.М.Болдырева ашқан. Химиялық құрамы: MgО – 14,41(; В2О3 – 37,32( және Н2О
– 48,28(. Сингониясы моноклинді. Инеше, призма, кесте тұрқылас кристалдар
құрайды, бүйрек типтес тасберіштері де кездеседі. Түссіз кейде ашық қызғылт
түрлері де ұшырасады, шыныша жылтырайды. Қаттылығы – 2,5, тығыздығы -
1,787 кгм3. Жабысқақтығы жоғары. Екі өзекті, оптикалылығы жоғары.
Эндотермиялық тиімділігі мынадай температулар - аралығында 117° – 202°,
654° – 727° – 7710° С-та. Басқа минералдармен қауымдасып, бор кендерінің
құрамына кіреді, әсіресе борацитпен, гидроборацитпен бірге ұшырасады. Бұл
минералды кейде лессерит деп те атайды. Атыраудан кейін Түркия мен
Қытайда табылған.
Алғаш рет кенорнынан табылған индерит пен индерборит минералдары осы
аумақтың практикалық маңызын ғана емес, оның танымдық маңызын да арттыра
түсті.
Қорғантауит - Sr, Ca2B4O8*H2O. Атауы табылған жері Қорғантауға
байланысты аталған. Тұңғыш рет Индер күмбезіндегі Батыс Қорғантауынан 1943
жылы Я.Я.Яржемский тапқан. Химиялық құрамы: СаО – 15,37(; В2О3 – 41,41(;
SrО – 37,48(; Н2О – 5,74(. Қаттылығы 5-7. Өзіндік салмағы – 2,8. Екі
өзекті, оптимальдығы оң. Эндотермиялық тиімділігі 500° және 900°-1040° С-
та. Өте сирек кездесетін минерал.
Стронциоборит – SrВ8О13*2Н2О. Алғаш рет 1960 жылы Индер кен орнынан
В.А.Лобанова тауып, баяндаған. Химиялық құрамы: SrО – 29,2(; В2О3 – 66,5(;
Н2О – 4,3(. Сингониясы моноклинді. Тығыздығы 2,4. Жабысқақтығы жоғары.
Әйнектей жарқыраған, түссіз, нәзік, екі өзекті, оптимальдығы жоғары.
Эндотермиялық тиімділігі 590° - 600°, 7500° – 7700° С – та. Өте сирек
минерал.
Курнаковит - Mg2B6O11*15H2O. Орыс химигі мен минерологі Н.С.Курнаковтың
құрметіне осылай аталған. Алғаш М.Н.Годлевский 1940 жылы кен орнынан
тапқан. Химиялық құрамы: MgО – 14,40(; B2O3 – 37,32( және H2O – 45,29(.
Сингониясы триклинді. Қаттылығы 3, тығыздығы 1,86кгсм3 , жабысуы әбден
жетілген. Ұлутасша сынады, түсі ақ немесе түссіз, мөлдір. Қос өзекті,
оптимальдығы оң. Эндотермиялық тиімділігі 108° – 185°, 937° – 1027° С – та
және экзотермиялық тиімділігі 713° – 7700° С – та. Атыраудан кейін Крамер,
Фернис – Крик (АҚШ), Тинкалау (Аргентина), Қырқа – Сарықия (Түркия) кен
орындарынан және Цайдам алқабынан (Қытай) табылған. Сирек минерал, басқа
минералдармен бірге бор құрамында болады.
Преображенскит – Mg3B10O18*4H2O. Ашылғаннан кейін көп зерттеген
П.И.Преображенскийдің құрметіне солай аталған. Алғаш Индер кен орнынан 1953
жылы Я.Я.Яржемский тапқан. Химиялық құрамы: MgО – 19,9 -20,82(; B2O3 –
60,91 - 63,74( және H2O – 14,50(. Сингониясы ромбалық. Қаттылығы Моос
шкаласы бойынша 4,5 – 5,0; тығыздығы 2,45кгсм3. Кристалдарының түрі
плазмаға, таблитке ұқсас. Жабысуы жетілмеген. Әйнектей жалтырайды,
изотермиялық көп қырлары алмазды. Әдетте кристалдары ашық сары, көкшіл,
ашық сұр түсті болып келеді. Кейіннен қалыптасқан мөлдір ірі кристалдар да
кездеседі. Қос өзекті, оптималдығы оң. Эндотермиялық тиімділігі 540°-600°,
900° – 9500° С – та, экзотермиялық тиімділігі 730° – 7500° С-та. Индерден
басқа Шалқар, Сәтимолла, Қыз, Барханды күмбездерінде кездеседі.
Ивановит – 5СаО*3В2О3*С12*Н2О. Алғаш 1938 жылы Индер кенінде ашқан
Е.И.Нефедов. Аса ірі тұз зерттеуші – ғалым А.А.Ивановтың құрметіне осылай
атаған. Химиялық құрамы: СаО – 46,7(; В2О3 – 33,7(, С – 11,90( және Н2О –
7,70(. Кристалдары кесте сияқты. Сингониясы моноклинді, қаттылығы 2-3,
тығыздығы 1,96кгсм3. Жабысқақтығы мейлінше жетілген. Түссіз, мөлдір. Қос
өзекті. Оптикалылығы теріс. Индер кені тас тұздары арасынан кездескен. Өте
сирек минерал.
Волковскит - Са(В6О9(ОН)2(*2Н2О. 1960 жылы ашқан А.И.Волковская атымен
аталған. Химиялық құрамы: СаО – 15,0(, В2О3 – 64,24(; Н2О – 16,62. Жұқа
кристалл түрінде кездеседі. Сингониясы моноклинді. Тығыздығы 2,29 - 2,34.
Жабысқақтығы жетілген. Әйнектей жалтыраған, түсі ақ, мөлдір. Қос өзекті,
оптимальдығы оң. Эндотермиялық тиімділігі 3800° С-та. Тұңғыш рет Индер кен
орнындағы тас тұздарында ұсақ өскін, ұялар түрінде табылған. Аса сирек
кездесетін минерал.
Осы алғаш Индер кен орнынан табылған минералдар мен қатар басқа да осы
аймақта көп кездесетін минералдарға тоқтала кетсем.
Ашарит – магнийлі борат минералы, химиялық формуласы - Mg(HBO3(; атауы
Саксониядағы Ашария деп аталатын жер – су атауымен байланысты. Талшықты
немесе байырғы ине тұрқылас кристалдар құрайды, жиі – жиі жазу борына ұқсас
массалар жиынтығы түрінде ұшырасады, түсі - ақ, қаттылығы – 3,5; меншікті
салсағы - 2,68 гсм3.
Борацит – магнийлі борат минералы; химиялық формуласы – Mg3(B2O13(Cl;
ұсақ түйірлі, талшықты агрегаттар құрайды, сирегірек мамыққа ұқсайтын
немесе сеппелі агрегаттары да ұшырасады; түссіз, алмазға немесе шыныға
ұқсап жылтылдайды. Қаттылығы – 7 – 7,5, меншікті салмағы - 2,97 гсм3.
Гидроборацит – калцийлі-магнийлі борат минералы; химиялық формуласы –
СаMg(Н2О)3 (B3O4 (ОН)3(2 ; талшықты және жұқаланған ине тұрқылас
кристалдар, немесе домалақ пішінді, ұсақ түйірлі біршама тығыз агрегаттар
құрайды. Түсі ақ немесе түссіз; шыныша немесе жібекше жылтылдайды.
Қаттылығы - 2-3, меншікті салмағы – 2,167 гсм3.
Иниоит (иньоит) – кальцийлі борат минералы; химиялық формуласы –
Са(Н2О)4(В3О3(ОН)5(; атауы Калифорния штатындағы Иньо кенорнымен байланысты
қойылған. Қысқа ғана призма немесе кесте тұрқылас кристалдар құрайды, түрлі
түйірлі немесе домалақ пішінді агрегаттар түрінде ұшырасады. Түссіз, шыныша
жылтылдайды. Қаттылығы – 2 (Моос шкаласы бойынша ), меншікті салмағы – 1,88
гсм3.
Калиборит – калийлі – магнийлі борат минералы; химиялық формуласы –
KMg2(H2O)9(B11O19(; тең өлщемді кристалдар мен түйірлердің шорларын
құрайды. Химиялық құрамы((): MgО – 11,98; К2О – 7; В2О3 – 56,9; Н2О –
24,10. Түссіз немесе ақшыл, кейде қызғылт – қоңыр түстерді иеленеді. Шыныша
жалтылдайды. Қаттылығы 4-4,5. Меншікті салмағы – 2,13 гсм3. Әдетте
ангидритпен және галитпен бірге кездеседі.
Колеманит – кальцийлі борат минералы; химиялық формуласы –
Са(Н2О)(В3О4(ОН)3(; Атауы Кольман деген фамилиямен байланысты. Тең өлшемді
және қысқа ғана призма тұрқылас кристалдар түзеді немесе түрлі түйірлі және
сопақша пішінді біршама тығыз агрегаттар құрайды. Түссіз немесе ақшыл және
сарғыш түстерге боялған.Шыныша кейде алмазша жылтылдайды. Қаттылығы - 4–4,5
, меншікті салмағы 2,42 гсм3. Жиі – жиі гидроборацит минералын
алмастырады.
Пандермит – кальцийлі борат минералы; химиялық формуласы –
Са2(В5О6(ОН)7(; Атауы Түркиядағы Пандерма кен орнымен байланысты. Жаэу
борына ұқсайтын біршама шымыр агрегаттар түзеді, кейде тасберіштерге ұқсас
агрегаттар байқалады.Түсі ақшыл немесе сұрғылт, жалтырлығы күңгірт.
Қаттылығы 3-3,5, меншікті салмағы 2,42 гсм3.
Улексит – натрийлі – кальцийлі борат минералы; химиялық формуласы –
NaCa(H2O)6(B3O7(OH)4(; Атауы Улекс деген ғалым фамилиясымен байланысты.
Инеше немесе қылшықтар тұрқылас кристалдар құрайды, тасберіштер түрінде
ұшырасады. Борпылдақ, жарғақты немесе талшықты агрегаттар түзуі де мүмкін.
Қардай аппақ, жібекке немесе шыныға ұқсап жалтылдайды. Қаттылығы 1 – 2,5,
меншікті салмағы – 1,95 гсм3. Суда шала ериді, дәмсіз, бұл минералды кейде
боронатрокальцит деп те атайды. Калий тұздағының Индер кен орнындағы ең жиі
кездесетін минералдары – сильвин мен карналлит, сирегірек калиборит
ұшырасады.
Осы Индер кенінен табылған минералдарды жинақтап кесте жасауды жөн
көрдім.
1 - кесте
Алғаш Индер кен орнында табылған және кездесетін бор минералдары

Атауы Химиялық формуласы Химиялық Кездесетін
құрамы (() кен орындары
Индерборит CaMgB3O3(ОН5)2*3H2O СаО – 11,14; Индер, кейін
MgО – 8,01; Түркиядағы
В2О3 – 41,49;Қырқа-Сарықия
Н2О – 39,36 , Искалекей
кен орыны
Индерит Mg2B6O11*15H2O СаО – 1,02; Индер, Түркия
MgО – 14,41; мен Қытай кен
В2О3 – 37,32;орны
Н2О – 48,28
Қорғантауит Sr, Ca2B4O8*H2O СаО – 15,37; Индер кен
В2О3 – 41,41;орны
SrО – 37,48;
Н2О – 5,74
Стронциоборит SrВ8О13*2Н2О SrО – 29,2; Индер кен
В2О3 – 66,5; орны
Н2О – 4,3
Курнаковит Mg2B6O11*15H2O MgО – 14,40; Индерден
B2O3 – 37,32;кейін Крамер,
H2O – 45,29 Фернис – Крик
(АҚШ),
Тинкалау
(Аргентина),
Қырқа –
Сарықия
(Түркия) кен
орындарынан
және Цайдам
алқабынан
(Қытай)
Преображенскит Mg3B10O18*4H2O MgО – 19,9 Индер кен
-20,82; орны
B2O3 – 60,91
- 63,74;
H2O – 14,50
Ивановит 2СаО*3В2О3*Сl2*2Н2О СаО – 46,7; Индер кені
В2О3 – 33,7; тас тұздары
Сl – 11,90; арасынан
Н2О – 7,70 кездескен
Волковскит Са(В6О9(ОН)2(*2Н2О СаО – 15,0; Индер кен
В2О3 –64,24; орнындағы тас
Н2О – 16,62 тұздарында
ұсақ өскін,
ұялар түрінде
Ашарит Mg(HBO3( MgО – 47,9; Индер кені,
В2О3 – 41,3; Венгрия,
Н2О – 10,7 Ресей
Борацит Mg3(B7O13(Cl
Гидроборацит СаMg(Н2О)3 (B3O4 (ОН)3(2 СаО – 13,9; Индер кені,
MgО – 9,75; АҚШ, Турция,
В2О3 – 50,5; Қытай
Н2О – 26,15
Иниоит (иньоит)Са(Н2О)4(В3О3(ОН)5( СаО – 20,3; Индер, АҚШ,
В2О3 - 36,6;Түркия,
Н2О – 43,0 Аргентина,
Қытай
Калиборит KMg2(H2O)9(B11O19( MgО – 11,98; Индер, Ресей,
К2О – 7; Германия
В2О3 – 56,9;
Н2О – 24,10.
Колеманит Са(Н2О)(В3О4(ОН)3( СаО – 27,4; Индер,
В2О3 – 49,9; Аргентина,
Н2О – 22,73 Түркия
Пандермит Са2(В5О8(ОН)3(*2Н2О СаО – 32,4; Индер, АҚШ,
В2О3 – 48,5; Түркия
Н2О – 18,02
Улексит NaCa(H2O)6(B3O7(OH)4( СаО – 13,8; Индер, АҚШ,
В2О3 – 42,9; Индия,
Na2О – 7,65; Аргентина,
Н2О – 35,55 Қытай

Сонымен қатар магний хлориді минералы бишофит те біздің жеріміздің
байлығы. Бишофиттің емдік қасиеті өте жоғары. Геологтардың айтуы бойынша
№99 шахта бишофит тұзын шахталық әдіспен өндіретін жалғыз кен орны. Осы
күнде №99 карьердегі борат кенін анықтау үшін дайындалған тереңдігі 300
метр шахтадағы құрғақ тұз кенін болашақта сауықтыру орны ретінде
пайдалануға болатындығы туралы Фариза Оңғарсынова ұсынған. Тұтас тұз
қабатына орналасқан шахтада демікпе, тыныс жолдары ауруларына
шалдыққандарға пайдалы. Егер шахтаға қолдау табылып, қолайлы жағдай
жасалса, оның берері мол.
Сыртқы пішінімен көлеміне, ішкі құрылысының қаттылығына және кездесетін
аймақтағы бордың маңызды құрамына байланысты бор кені кездесетін кендерді
үш топқа бөліп қарастырады. Кездесу аумағының және маңызды қатты табиғи
ресурстардың жіктелуі атты МПР Ресей №278, 2006 жылдың 11 желтоқсанындағы
бұйрығына сәйкес мынадай І, ІІ, ІІІ топтарға бөледі.
І топқа ірі көлемдегі қарапайым құрылысты бұзылмаған немесе аз
бұзылған, қаттылығы және сапасы жоғары, бірақ маңызды құрамы тұрақты болып
келетін минералдар кездесетін аймақ – біздің еліміздегі галогенді Индер
аумағы және борсиликатты минералды скановты аумақ Ресейдегі Дальнегорск
жерлері жатады.
ІІ топқа көлемі ірі және орта пласто- және линзотәрізді күрделі
құрамды, ауыспалы қаттылыққа ие және қасиетін тұрақты сақтамайтын –
боросиликатты аймақ Тәжікстандағы Акархар, магнезиалды-скарновты Ресейдегі
аймақ Таежно жері және еліміздегі галогенді теңіздік және континентальды
Сәтимолла және Шалқар аймақтары жатады.
ІІІ топқа орта және ұсақ линзо-, гнездо, столбо- тәрізді құрамы өте
күрделі, қате форма алатын, қаттылығы тез өзгеретін және маңызды құрамын
тұрақты сақтай алмайтын немесе құрамы бұзылған аймақтар – орта және
скарновты боросиликатты аймақ, галогенді теңіздік аймақ және борат кенінің
континентальды аймақтары кіреді.
Еліміздің қорғанысын дамытуда Отандық өндірісті дамытудың маңызы зор
деп, президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей осы аталған
минералдарымыздан өзімізге қажетті борды және басқа да элементтерді ,
оксидтері түрінде бөліп алуда шет елдермен қатар өз еліміздің де беделді
ғалымдарының қосқан үлестері орасан. Зерттеу нысанымыз Индер кен орнында
жоғарыда көрсеткенімдей бор элементінің бірнеше минералдары бар. Индер
кенінің табиғи бораттары тұзды күмбездің гипсті рудаларына жатады. Олар
негізінен, ашарит, гидроборацит және улексит. Осы кендерде В2О3 мөлшері 17
- 20( болады, өндірілетін рудалар құрамында бораттардан басқа гипс,
магнези, кальцит сияқты заттар кездеседі. Ғалымдарымыздың зерттеуі бойынша
өндірісте қолданылатын табиғи кендердің технологиялық ерекшеліктеріне және
бор оксидінің мөлшеріне қарай мынадай сорттарға бөлінеді:
1 сорт кенде В2О3 салмақтық 27,5% кем болмайды;
2 сорт кенде 22,0-27,5 және 20,0-27,5 В2О3 болады;
3 сорт кенде 16,5-22,0 және 16,0-20,0 В2О3 бар.
Кейбір жағдайларда бір сортты бор шикізатын өңдеу үшін, бірнеше
әдістерді қолдануға тура келеді. Бор шикізатын өңдейтін әдістерге
тоқталсам: күкірт қышқылды, азот қышқылды, азот – күкірт қышқылды әдіс,
тұзқышқылды, фосфор қышқылды, сілтілік – термиялық әдіс, биборатты әдіс,
классификация әдісі, флотация әдісі, спиртті қолдану әдісі, құрамында фтор
бар қосылыстарды қолдану әдісі, буды қолдану арқылы айдау әдісі және қысым
мен жоғары температураны қолдану әдісі. Индер өңірінің минералдары
құрамында магний тұздарының яғни, сульфаттары көп кездесуіне байланысты осы
әдістер ішінен тиімдісі қысым мен жоғары температурада күкірт қышқылын
қолданып өңдеу әдісі болып табылады. Себебі, қысым мен температураны
жоғарылатқанда магний тұздары ерігіштік қасиеттері төмендеп, кейін
қышқылмен өңдегенде құрамында азғантай магний тұзы бар бор қышқылы алынады.
Елімізде күні бүгінде Индер өңірінде бор шикізатының үлкен қоймалары
бар. Алайда құрамы жағынан алып қарар болсақ, Америка Құрамы Штаты мен
Түркия мемлекетінен өндірілетін борат минералдары құрамымен салыстырғанда,
жеріміздегі борат минералдары кедей. Сондықтан да Индер кен орны ашылғаннан
бері байыту процестері жүргізіліп келеді. Байытудың тиімді әдісі флотация
әдісіне минерал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бор және оның қосылыстары
Бор қышқылы
Фосфор және бор өндеу өндірісі
Топырақтың борлы тұздалуы
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары
Атырау облысындағы аудандар
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ЛАНДШАФТ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Зерттеулердің әдістері мен көлемі
Табиғат жағдайы және оған баға беру
Пәндер