Бағалы қағаздарды инвестициялау


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Бағалы қағаздарды инвестициялаудың экономикалық қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Инвестицияның мәні, жіктелуі, мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қазіргі таңдағы нарықтағы бағалы қағаздардың түрлері ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ. Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын портфельдік инвестициялау объектісін қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.1 Бағалы қағаздарды жеке талдау және инвестициялық шешім қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Бағалы қағаз портфелін инвестициялаудың тиімділігін бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Қазақстанда нарықтық өрлеудің кеңеиюі мен тереңдеуіне байланысты инвестициялық процесстер маңызды орын алып келеді. Ал нарықтық жағдайға көшу барысында инвестициялық процесстің тиімділігін арттыру арқылы экономикамызды нығайтып және тұрақтандыру қаржы-несиелік механизмге көп байланысты. Бұл механизмнің белсенді қатысуы мемлекетіміздің экономикадағы маңызды салаларының дамуына әкеледі.
Іскерлікпен айналыспайтын ішкі инвесторлар қаражатын қайда құюдың тиімді екендігін білмей, көбінесе жылжымайтын мүліктер алуға ғана тырысады. Соның кесірінен тұрғын үйлердің бағасы күннен-күнге шарықтауда. Ал бағалы қағаздар рыногы дамып, оның тиімділігін халық көзімен көретін болса, басы артық қаражатын соған жұмсаған болар еді...
Мен, бұл курстық жұмысымның тақырыбына сай, бағалы қағаздарды инвестициялауды айтып өтемін. Яғни бос ақша қаражатты неге басқа құралдарға емес, тек бағалы қағаздарға инвестициялау керек екендігін түсіндіруге тырыстым.
Берілген жұмысымның зерттеу құралы болып, Қазақстандағы бағалы қағаз нарығы табылады. Ондағы объектілер мен субъектілері, яғни бағалы қағаздар, инвестицияланатын басқа да қаржылық құралдар, бағалы қағазды инвестициялаумен айналысатын немесе сол салада қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалар.
Берілген жұмысымдағы зерттеудің мақсаты, экономикамызды дамытудың өзекті мәселесі болып табылатын бағалы қағаз нарығымыздың құрылымын анықтап, ары қарай дамуын тоқтатып тұрған кедергілерді анықтап, проблемаларды шешу жолдарын іздестіру. Яғни халықты бағалы қағаздарды, басқа да қаржы құралдарын инвестициялауға тарту жолын іздестіру. Тұрып қалған нүктеден бағалы қағаз нарығын жылжыту, оның дамуын тоқтатып тұрған экономикалық және құқықтық проблемаларды ашу.
Міндеті, нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз мүмкін емес. Сондықтан қор рыногын дамытуға іс-шараларын қарастыру болып табылады. Сонымен қатар, бағалы қағаздар рыногының дамуына, жаңа қаржы институттары мен құралдарының пайда болуына және жаңа технологиялардың дамуына байланысты инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жүйесi мен әдiстерiн тұрақты түрде жетiлдiру қажеттiгін дәлелдеу. Бағалы қағаздарды, басқа да қаржылық құралды салыстырмалы түрде жан-жақты талдау, анализ жүргізу.
Бұл жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Негізгі бөлімнің өзі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде, жалпы инвестицияға түсініктеме беріп, оның түрлерін, объектілерін, инвестициялау жолдарын, типтерін және қызметтерін түсіндіріп жазып өттім. Сонымен қатар, қаржылық инвестициялаудың құралы ретінде бағалы қағаздарға түсініктеме беріп, Қазақстан Республикамыдың қазіргі бағалы қағаздар нарығын суреттедім. Яғни, бұл нарықтың құрылымын, нарықтағы негізгі құралдарын атап өтіп, олардың жіктелімін кесте түрінде жазып, оларға қысқаша анықтама бердім.
1) №373-ІІ 2003жылдың 8 қаңтарының Қазақстан Республикасының Инвестиция туралы заңы.
2) №461-ІІ 2003жылдың 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңы.
3) № 2155 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» туралы заңы.
4) М.М.Гейдаров «Анализ инвестиционных проектов» А,2006
5) У.М.Искаков, Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева «Финансовые рынки и посредники» учебник А,2005
6) Е.Р.Орлова «инвестиций» курс лекций М,2006
7) Л.Дж. Гитман, М.Д.Джонк Основы инвестирования. – М.: Дело, 1997.
8) М.М.Гейдаров «финансирование и кредитование инвестиций» А,2005
9) "Деловая неделя" газеті 27 қыркүйек 2006 (Осторожный пессимизм. Зейнулла Какимжанов.)
10) «Егемен Қазақстан» газеті №100-101. 21 сәуір 2007 жыл (Жаңаның бәрі жарқырап көрінбейді. Жақсыбай Самрат.)
11) «Егемен Қазақстан» газеті №117-118. 05 мамыр 2007 жыл (Қазақстан экономикасы: басымдықтар және проблемалар)
12) ҚР Үкіметінің 2003ж. 28 шілдедегі №753 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы»
13) Журнал «Финансовый обозреватель» (процесс инвестирования) №3 (ноябрь) 2006
14) Деловой еженедельник «Бизнес Путеводитель» 01.02.2007 (http://www.putevoditel.kz)
15) журнал ЮРИСТ, № 4, 2007 (виды инвестиций и их классификация, инвестиционный фонд)
16) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
17) http://www.cbonds.ru/info/Справочник инвестора
18) (Портфель инвестиций, методы его формирования и оценка.)
19) http://www.minfin.kz 2006 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызметінің нәтижелері туралы ақпарат
20) http://www.Hotreferats.ru Инвестиционный анализ
21) http://www.inform.kz 16.11.2004 Нұрсұлтан Назарбав: Қаржыгерлер ел мүддесіне, халық игілігіне қызмет етуі тиіс
22) http://www.google.kz/search/Управление_финансами.htm
22) http://www.nationalbank.kz ҚР-ң Ұлттық Банкінің 2006 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есебі.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 35 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Бағалы қағаздарды инвестициялаудың экономикалық
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Инвестицияның мәні, жіктелуі,
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .5
1.2 Қазіргі таңдағы нарықтағы бағалы қағаздардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ...1 0

ІІ. Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын портфельдік инвестициялау
объектісін
қарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Бағалы қағаздарды жеке талдау және инвестициялық шешім
қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Бағалы қағаз портфелін инвестициялаудың тиімділігін бағалау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .36

Кіріспе
Қазақстанда нарықтық өрлеудің кеңеиюі мен тереңдеуіне байланысты
инвестициялық процесстер маңызды орын алып келеді. Ал нарықтық жағдайға
көшу барысында инвестициялық процесстің тиімділігін арттыру арқылы
экономикамызды нығайтып және тұрақтандыру қаржы-несиелік механизмге көп
байланысты. Бұл механизмнің белсенді қатысуы мемлекетіміздің экономикадағы
маңызды салаларының дамуына әкеледі.
Іскерлікпен айналыспайтын ішкі инвесторлар қаражатын қайда құюдың
тиімді екендігін білмей, көбінесе жылжымайтын мүліктер алуға ғана тырысады.
Соның кесірінен тұрғын үйлердің бағасы күннен-күнге шарықтауда. Ал бағалы
қағаздар рыногы дамып, оның тиімділігін халық көзімен көретін болса, басы
артық қаражатын соған жұмсаған болар еді...
Мен, бұл курстық жұмысымның тақырыбына сай, бағалы қағаздарды
инвестициялауды айтып өтемін. Яғни бос ақша қаражатты неге басқа құралдарға
емес, тек бағалы қағаздарға инвестициялау керек екендігін түсіндіруге
тырыстым.
Берілген жұмысымның зерттеу құралы болып, Қазақстандағы бағалы қағаз
нарығы табылады. Ондағы объектілер мен субъектілері, яғни бағалы қағаздар,
инвестицияланатын басқа да қаржылық құралдар, бағалы қағазды
инвестициялаумен айналысатын немесе сол салада қызмет көрсететін заңды және
жеке тұлғалар.
Берілген жұмысымдағы зерттеудің мақсаты, экономикамызды дамытудың
өзекті мәселесі болып табылатын бағалы қағаз нарығымыздың құрылымын
анықтап, ары қарай дамуын тоқтатып тұрған кедергілерді анықтап,
проблемаларды шешу жолдарын іздестіру. Яғни халықты бағалы қағаздарды,
басқа да қаржы құралдарын инвестициялауға тарту жолын іздестіру. Тұрып
қалған нүктеден бағалы қағаз нарығын жылжыту, оның дамуын тоқтатып тұрған
экономикалық және құқықтық проблемаларды ашу.
Міндеті, нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды
қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз мүмкін емес. Сондықтан қор рыногын
дамытуға іс-шараларын қарастыру болып табылады. Сонымен қатар, бағалы
қағаздар рыногының дамуына, жаңа қаржы институттары мен құралдарының пайда
болуына және жаңа технологиялардың дамуына байланысты инвесторлардың
құқықтары мен мүдделерiн қорғау жүйесi мен әдiстерiн тұрақты түрде
жетiлдiру қажеттiгін дәлелдеу. Бағалы қағаздарды, басқа да қаржылық құралды
салыстырмалы түрде жан-жақты талдау, анализ жүргізу.
Бұл жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Негізгі бөлімнің
өзі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде, жалпы инвестицияға түсініктеме беріп, оның түрлерін,
объектілерін, инвестициялау жолдарын, типтерін және қызметтерін түсіндіріп
жазып өттім. Сонымен қатар, қаржылық инвестициялаудың құралы ретінде бағалы
қағаздарға түсініктеме беріп, Қазақстан Республикамыдың қазіргі бағалы
қағаздар нарығын суреттедім. Яғни, бұл нарықтың құрылымын, нарықтағы
негізгі құралдарын атап өтіп, олардың жіктелімін кесте түрінде жазып,
оларға қысқаша анықтама бердім. Инвестиция түсінігі кең мағынада мемлекет
экономикасының дамуына мен өсуіне қажетті механизммен қамтамасыз етуді
білдіреді. Бұл мәселелерді шешу үшін, сәйкес қаржылық институттар
қалыптасқан, соның ішінде инвестициялық қорды атап өтуге болады. Әрине, бұл
бағалы қағаз нарығында маңызды субъектілердің бірі болғандықан, осы бөлімде
бұл қаржылық институттар да қарастырылады.
Екінші бөлімде, алдымен бағалы қағаздардың әрқайсысына толық анықтама
беріп, бір бірінен айырмашылығын жаздым. Оларға салыстырмалы түрде талдау
жүргіздім. Жалпы бағалы қағаздарды инвестициялаудың тиімділігін анықтайтын
фундаменталды анализін келтірдім. Бағалы қағаздардың жиынтығынан тұратын
портфельді инвестициялаудың артықшылығын атап өттім. Сонымен қатар,
портфельді инвестициялаудағы тәуекелдерді ескере отырып, оның тиімді жолын
табуға әдістемелер келтірдім.
Үшінші бөлімде, Қазақстанда бүгінгі таңдағы инвестициялық климаты
суреттеледі, жалпы қаржылық инвестициялардың өзекті мәселелерін және оларды
шешу жолдарын қарастырылады. Инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
тетігін жетілдіру жолдары, бағалы қағаз нарығының инфрақұрылымын дамыту
жолдары қарастырылады. Қазақстанда бағалы қағаз нарығын дамытудағы
бағдарламаны қостым. Тағы бір тиімді қаржылық құрал ретін және бағалы
қағаздардың орнына альтернатива ретінде, инвестицияланатын монетаның алдағы
перспективаларын келтірдім. Бұл соңғы тарауымның үшінші бөлімінде
инвестициялық монеталардың түрлері және олардың кейбір шетелдерде,
Қазақстан Республикасында жұмыс істеу ерекшеліктері қаралады және де
тағы бір қаржылық құралдың басқа бағалы қағаздармен салыстырғандағы ең
тиімді түрі деп қарастыруға болатындығы дәлелденеді.

І. Бағалы қағаздарды инвестициялаудың экономи-калық қажеттілігі.
1.1 инвестицияның мәні, жіктелуі, мақсаты
Инвестиция латын тілінен қазақ тіліне аударғанда – қаражат салу, жұмсау
деген мағынаны білдіреді. Инвестиция сөзі отандық экономика үшін біршама
жаңа термин. Себебі бір орталықтан жоспарлау кезінде, яғни 1991 жылға дейін
оның орнына капитал жұмсалымы деген сөз көп қолданылды.
Инвестиция ұғымы капитал жұмсалымына қарағанда кең мағыналы. Жоспарлы
экономика тұсында капитал жұмсалымы деп, негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне
жұмсалынатын, соның ішінде оларды жөндеу шығындарын қамтитын барлық
шығындарды түсінген. Ал инвестиция – пайда табу мақсатында өз елінде немесе
шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына, кәсіпкерлік жобаларға,
экономикалық әлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға ұзақ
мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді.

Инвестицияның мынадай түрлері болады:
• Мемлекеттік инвестиция – мемлекеттік бюджет есебінен және басқа да
мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық және әлеуметтік дамуға
байланысты инвестициялар.
• Жеке инвестициялар – корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдардың
меншікті және тартылған қаражаттары, сондай-ақ азаматтардың жинақтары
есебінен жүзеге асатын инвестициялар.
• Шетелдік инвестициялар – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік және басқа
да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шетелдік инвесторлардың
барлық мүліктік және интелектуалдық құндылықтары.

Инвестиция туралы заңға сәйкес шетел инвестициясы Қазақстан
Республикасының заңды тұлғалардың жарғылық қорына қатынасу нысанында,
сондай-ақ, оларға займдар немесе несиелер беру және ҚР-ның лизинг туралы
заңымен көзделген шарт пен лизинг заттарын беру жолымен жүзеге асырылатын
инвестицияларды білдіреді.
Қазақстан Республикасы аумағында шетел инвесторлары заңмен тиым
салынбаған кез-келген объектіге инвестиция салуға құқылы.
• өндірістік инвестициялар деп – жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды
кеңейтуге, қайта құруға және техникалық жағынан қайта қаруландыруға
жаңа жұмысқа капитал жұмсаумен байланысты инвестициялар.
• Интеллектуалдық инвестициялар дегеніміз – интеллектуалдық және рухани
өнімдерді жасауға жұмсалынатын инвестициялар.
• Бақыланатын инвестициялар дегеніміз – басқа компаниялардың дауыс
беруге құқығы бар акцияларының 50% астамын иеленуді қамтамасыз ететін
тікелей инвестициялар.
• Бақыланбайтын инвестициялар – басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы
бар акцияларының 50% төмен бөлігін қамтамасыз ететін тікелей
инвестициялар.
Инвестициялау объектілеріне мыналар жатады:
• Халық шаруашылығының барлық салаларындағы жаңадан құрылатын және
жаңартылытын негізгі қорлар мен айналым құралдары
• Мақсатты ақшалай салымдары
• Ғылыми – техникалық өнімдер
• Интеллектуалдық құндылықтарға қатысты құқытар
• Мүліктік құқықтар.
Шетел инвестициялары мынадай жолдармен жүзеге асады:
1. заңды және жеке тұлғалармен бірігіп құрылатын кәсіпорындарға үлес қосу
2. шетел инвесторларына толық тиесілі кәсіпорындар. Сондай-ақ, шетелдік
заңды тұлғалардың филиалдарын құру
3. кәсіпорындар, ғимараттар, құрылғылар, кәсіпорындарға қатысу үлесін
акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу
4. займдар мен несиелер беру
5. жерді және табиғи ресурстарды пайдалану құқығын сатыпалу
6. мүліктер мен мүліктік құқытар беру

Инвестициялардың типтері:
1. портфельді инвестициялар – мемлекеттік, муниципалдық өзін-өзі басқару
органдарының, корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына,
облигацияларына және басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша
қаражаттары.
Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе
дивиденд түрінде табыс алады және өтімді резервтерін қалыптастырады.
Портфельді инвестицияны уақытша бос ақша қаражаттары бар банктер,
инвестициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикадағы портфельдік инвестициялардың құрылымында
корпоративтік бағалы қағаздарға қарағанда мемлекеттік бағалы қағаздарына
жұмсалымдардың үлесі біршама жоғары. Оның себебі мемлекеттің бағалы
қағаздарына салынған қаражаттың сенімділігі, яғни тәуекелге
үшырамайтындығын көруге болады. Ал корпоративтік бағалы қағадардың табысы
қанша жоғары бола да соншалықты олардың тәуекелі жоғары болады.
2. нақты капитал жасайтын инветициялар – материалдық өндіріске материалдық
заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда
жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды қайта құру және техникалық жағынан қайта
қаруландыруға жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалынатын инвестициялар.
Бұл жерде инветор кәсіпорын өзінің капиталын негізгі өндірістік
қорларды ұлғайту мақсатында жұмыс жаайды.
3. материалдық емес активтерге салынатын инветициялар – бұл кәсіпорындарға,
жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға,
лицензияларға, ноу-хау және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер ныаныдағы
инвестициялар болып табылады.

Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар
қызметтер атқарады. Инвестициялық қызметінсіз кез-келген мемлекеттің
тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметі екі деңгейде
бөліп қаратырылады:
Макродеңгейде атқаратын қызметі
• ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру
• Ғылыми техникалық прогрессті жеделдету
• Отандық өнімдердің сапаын жақартып, олардың бәекелестік қабілетін
арттыру
• Экономиканың барлық алаларының бірдей дамуын қамтамаыз ету
• әлеуметтік, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, білім аласын
дамыту
• жұмыссыздық мәелесін шешу
• инфляция қарқынын тежеу
• қоршаған ортаны қорғау
• мемлекеттің қорғаныс қабіетін қамтамаыз ету
Микродеңгейде атқаратын қызметтері
• өндірісті кеңейту және дамыту
• негізгі қордың шамадан тыс моральдық және заттай тозуын болдырмау
• өндіріс деңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау
• нақты кәіпорын өнімдерінің сапаларын арттыру және бәсекелетік
қабілетін қамтамаыз ету
• бағалы қағаздар сатып алу және кәсіпорынның активтеріне қаражат
жұмсау.

Барлық инветициялады мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
1. инвестицияны жұмсау объектісіне қарай
• нақты инвестициялар
• портфельдік инвестициялар
• қаржылық емес инветициялар
2. инвестициялау мерзіміне қарай
• қысқа мерзімді,1жылға дейн
• орта мерзімді, 1-3-5жылдар аралығында
• ұзақ мерзімді 5 жылдан жоғары
3. инвестицияға қатысу нысанына қарай
• тікелей инвестициялар
• жанама инвестициялар
4. меншік нысанына қарай
• аралас немесе бірлескен инвестициялар
• шетелдік инвестициялар
• мемлекеттік инвестициялар
• жекеменшік инвестициялар
5. аумақтық белгісіне қарай
• шетелге инвестициялау
• елдің ішінде инвестициялау
6. пайдалану бағытына қарай
• өндірістік бағыттағы инвестициялар
• өндірістік емес бағыттағы инвестициялар

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес инвестициялық қызмет
инвестициялауды жүзеге асыру процессімен байланысты кәсіпкерлік қызметті
сипаттайды. Кейбір экономикалық әдебиеттерде инвестициялық қызмет пайда
табу немесе қандайда бір тиімділікке қол жеткізу мақсатында инвестиция
жұмсау және іс тәжірибелік әрекеттер ретінде түсіндіріледі. Жалпы
инвестициялық қызметті екі жақты түсінуге болады. Кең мағынада
инвестициялық қызмет инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға қаражат
жұмсау. Сондай-ақ инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға
байланысты іс әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Ал тар мағынада
инвестициялық қызмет инвестициялық процессті білдіреді. (1)
Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты мыналар болып табылады:
• салымдардың қауіпсіздігі мен сенімділігі;
• салымның табыстылығы;
• салымның нарықтық құнының өсуі;
• салымның өтімділігі.
Инвестициялық қызметтің объектілеріне – экономиканың барлық
салаларындағы жаңадан құрылған және жаңғыртылған негізгі қорлар мен айналым
құралдары кіреді. Бағалы қағаздар, мақсатты салымдар, ғылыми-техникалық
өнімдер, интеллектуалдық құндылықтар, меншіктің басқа да құндылықтары және
мүліктік құқықтар жатады.
Инвестициялық қызметтің субъектілеріне – заңды және жеке тұлғалар, оның
ішінде шетелдік тұлғалар, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар жатады.
Инвестициялық саясат дегеніміз – бұл инвестициялық қызметті жандандыру,
экономиканы дамыту, өндірістің тиімділігін арттыру және әлеуметтік
мәселелерді шешу мақсатында барлық шаруашылық субъектілері үшін қолайлы
жағдай жасау барысында мемлекеттің жүргізетін шараларының жиынтығы.
Әлемдік тәжірибеде инвестиция термині шынайы және қаржылық инвестиция
түрінде шетел мемлекеттеріне және мемлекет ішінде ұзақ мерзімді капитал
салымы ретінде түсіндіріледі. Мұндағы шынайы инвестиция дегеніміз – бұл
капиталды материалды және материалды емес активтерге салуды айтады, ал
қаржылық инвестиция деп қаржылық активтерге инвестицияны айтады.
Қазіргі нарықтық экономикада инвестицияның айтарлықтай бөлігі қаржылық
инвестицияға келеді. Бірақ Қазақстанда инвестицияның негізгі үлесі шынайы
инвестицияға келеді.
Қаржылық инвестиция табыс алуға бағытталған, нарықта кәсіпорынның
белгілі бір орын алуға, кәсіпорынның басқа кәсіпорындардың қызметін
басқаруға қатысу мүмкіншілігіне бағытталған.
Шетелдік және отандық әдебиеттерде қаржылық инвестицияға әртүрлі
анықтама беріледі.
Қаржылық инвестиция қағазда жазылған келісімшарттарды білдіреді, бұл
қарапайым акциялар мен облигациялар.
Қаржылық инвестиция – бұл материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорынның
бағалы қағаздарына капитал салымы, сонымен қатар банктік мекемелерге
капитал орналастыру.
Қаржылық инвестиция тікелей емес инвестиция болып табылады. Яғни
делдалдың болуын суреттейді (инвестицияық қор немесе қаржылық делдал).
Қаржылақ инветиция қаржылық активке инвестицияны айтады. Қаржылық
активтерге қолма қол ақшалар, банктердегі мерзімді және ағымдағы шоттарға
салымдар, шетел валютасы, бағалы қағаздар жатады. Яғни әртүрлі қаржылық
құралдарға қаражат салуды түсіндіреді. Бұл қаржылық құралдардың ішінде
көбінесе маңызды үлесті бағалы қағаздар алады. Бірақ бағалы қағаздардың
белгілі бір бөлігі қаржылық инвестицияға жатпайды, мысалы, коммерциялық
бағалы қағаздар.
Қаржылық құралдар – бұл қаржылық міндеттемелердің әртүрлі формалары
(қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияға), олармен сауда қаржылық
нарықта іске асады. Қаржылық құралдар өзіне ақшалай қаражат пен бағалы
қағаздарды кіргізеді. (6)
Инвестициялық қор мемлекетке тартылатын үш әртүрлі серияға бөлінеді, ол
қолдану қызметі, шарттары т.б бойынша бөлінеді.
А тобын экспорттық несиелер құрайды, ол бip немесе ipi жобалармен
байланысқан несие, ол экспорттер мемлекеттен қызметке немесе тауар сатып
алуға арналады. Олар негізгі екі формада болады: сатып алуға арналған 3
жылдық инвестициялық техналогия немесе жабдық және дайын қолдану
тауарларды, жабдықтарды инвестициялық жобаларға байланыссыз алу (3 жылға
дейін).
Әлемдік тәжірибеде мұндай несиелер ipi, ceнiмдi бөліктерде кепілдікке
беріледі. Бipaқ көшпелі экономикалы елдерде, саяси және экономикалық
қауіпті, экспортерлер өкіметтен кепілдік талап етеді. Мұндай жағдайда
кепілдік үш деңгейлі болады:
контркепілдік соңғы алушының контркепілдік алушы-елдің, банктың, алушы-
мемлекет кепілдігі. Несиені жабу жауаптылығы алдымен соңғы алушыға
беріледі, бұл банк пен бюджетке қayiптi. Өкіметтің кепілдігі несие туралы
банктік келісім жасаудың негізі болады.
Б тобы дамуға нақты көмек беру болып табылады. Мұндай несие мемлекетке
өкімет аралық деңгейде беріледі және екі формаға бөлінеді: техникалық және
қаржылық.
Техникалық көмек әртүрлі сфераға берілетін көмек, қызыметтер: оқыту,
кеңес беру, жабдық сатып алу. Мұндай көмек екі түрде беріледі: грант-алушы-
елге техникалық көмекті қайтарымсыз беру және займ – техникалық көмек ақылы
мерзімді және уақытылы қайтару түрінде беру. Қаржылық көмек арнайы көмек
көлемінде инвестиициялық жобаны және тауарды сыртқа шығару, ақылы балансты
қолдауға бағытталады.
В тобындағы инвестицияға ел экономикасына қосылатын шетелдік қор жатады.
Олар екі түрге бөлінеді: тікелей инвестиция — шетел қорының қауіптілігіне
қарамастан ел экономикасына кірістіру және жылдық инвестиция (қаржылық) -
каржылық құрамдарды арнайы қорға кірістіру: акция және басқа бағалы
қағаздарға В тобы өкіметтің тартымдылық кепілдігін талап eтпейді. (8)

1.2 Қазіргі таңдағы нарықтағы бағалы қағаздардың түрлері.
Бағалы қағаз – бұл иесіне (ұстаушы) белгілі бір мөлшерде табыс алуға
құқық беретін, сондай-ақ оны шығарушылардың басқару шешімдеріне араласуға
құқық беретін куәлік немесе құжат.
Бағалы қағаз нарығында негізгі құралдар болып бағалы қағаздар табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес бағалы қағаздарға
келесідей анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді
сақтай отырып, жүзеге асырулы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын
мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бағалы
қағаздың берілуі оған деген құқықтың өтуімен сипатталады, ол оны жоғалтқан
жағдайда толық құжаттан айырылғандығын көрсетеді. Бұл анықтама заңнамалық
болып табылады. Ал экономикалық мазмұны, ол барлық тауар әлемі екі топқа
бөлінеді: тауарлар (материалды құндылықтар, өндірістік құралдар, қызметтер)
және ақшалар. Ақшалар қарапайым ақша мен жаңа ақша әкелетін капитал да бола
алады. Үнемі бір заңды немесе жеке тұлғадан басқа тұлғаға ақша айырбастау
қажеттілігі туады. Қаржылық нарықтың әлемдік тәжірибесінде екі негізгі ақша
айырбасталуын таңдады – несиелеу процессі және бағалы қағаздарды шығару
және айналысы арқылы. Тауарлы нарықта мұндай жағдайлар да болып тұрады,
тауардың өзі болмаған жағдайда, оның берілуін, айырбасталуын іске асыру
қажет. Бірақ бағалы қағаз – бұл ақша емес және материалды тауар емес. Оның
құндылығы өзінің иесіне беретін құқығында тұжырымдалады. Тұтынушы өзінің
ақшалай капиталына құқығын сақтай отырып, оны бағалы қағазға ауыстырады,
сонымен қатар, қарызға берілген капитал орнына пайыз немесе дивидендтер
түрінде белгілі бір табыс алып тұруға құқығы бар.
Ақша да, тауар да қазіргі жағдайда – капитал бар болуының әртүрлі
нысаны екені белгілі. Экономикалық мағынасы жағынан бағалы қағаз – бұл
капиталдың нысаны, яғни оның тауарлы, өндірістік және ақшалай нысанынан
айрықша, нарықта тауар ретінде айналыста жүріп, табыс әкелетін нысан.
Бағалы қағаз – бұл ерекше нарықта – бағалы қағаз нарығында айналыста
жүретін ерекше тауар, бірақ физикалық тауар болып, қызмет болып, ақша болып
табылмайды. Оның ақшамен ұқсас қасиеттері жеткілікті, ең бастысы – ол
әртүрлі формада ақшаға айырбасталу мүмкіндігі (сөндіру арқылы, сату-сатып
алу, эмитентке қайтару және т.б.). Ол есептеуде қолданыла алады, кепіл
ретінде бола алады, бірнеше жыл сақталып немесе мерзімсіз мұраға беріле
алады, сыйға тартыла алады және т.б.
Сөйтіп, бағалы қағаз өзінің иесіне кейбір табыс әкелетін, жаңа
келісімшартқа тұрмай-ақ, құқық пен міндеттемені үшінші тұлғаға бере алатын
қатаң белгіленген үлгідегі құжатты білдіреді. Әсіресе соңғысы бағалы
қағаздың негізгі қасиетін анықтап, оны ерекше етеді. Құқық пен
міндеттемелерді істегі келісімшарт бойынша басқа тұлғаға беру кезінде жаңа
келісімшарт жасау қажет. Ал бағалы қағаз бойынша құқықты беру жаңа
келісімшартты қажет етпейді, бұл белгілі бір жеңілдіктер береді және
трансакционды шығындарды азайтады.
Бағалы қағаз бірнеше қоғамға қажетті қызметтерін жүзеге асырады:
• экономиканың салалары арасында, мемлекеттер мен территориялар,
экономика сферасының халықтары мен мемлекет арасында және т.б.
ақшалай құралдарды (капиталды) қайта бөледі;
• иеленушілерге қосымша белгілі бір құқық береді: капиталға,
басқаруға қатысуға, сәйкес ақпараттарға, белгілі бір жағдайда
бірінші болуға сияқты;
• капиталға табыс алуын қамтамасыз етеді немесе капиталдың өзін
қайтарады. (5)

Бағалы қағаздың келесідей негізгі белгілері бар:
- бұл құжат
- құжат арнайы форма мен міндетті реквизиттерді сақтаумен құрылады.
- мүліктік құқықтарды айғақтайды
- мүліктік құқықтар оны көрсеткен немесе біреуге берген жағдайда,
бағалы қағазды алғаннан кейін құқықтары қолына өтеді.
Бағалы қағаздарға: облигация, коносамент, акция және заң актілерінде
немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған
басқа да құжаттар жатады.
Кесте 1
Қазақстандағы бағалы қағаздардың жіктелуі
Мінездеме Бағалы қағаз түрлері
Экономикалық Үлестік, яғни жарғылық капиталға үлес
жаратылысына қарай қосқандығын куәландыратын бағалы қағаз
немесе эмитент Қарыздық, яғни эмитенттің қарыздық
міндеттемесі бойынша: міндеттемесін сипаттайтын бағалы қағаз
Туынды, яғни белгілі бір тауарларды
немесе валюталарды сатып алу, сатуға
құқық беретін екінші ретті бағалы
қағаздар.
Эмитенттеріне - Мемлекет
байланысты: - Акционерлік қоғам
- Комерциялық банк
- Ұлттық банк
- Инвестициялық қорлар
- Жеке зейнетақы қорлары
- Қор биржалары
- Брокерлік фирмалар
- Сауда ұйымдары
Яғни: - мемлекеттік, корпоративтік, жеке
және шетелдік.
Айналыс мерзіміне - мерзімсіз
байланысты: - мерзімді:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
орта мерзімді (1 жылдан 10 жылға дейін)
ұзақ мерзімді (10 жылдан астам)
Шығару нысанына - құжатты
(формасына) байланысты: - құжатталмаған
Құқықты іске асыру - атаулы
формасына қарай: - ұсынбалы
- ордерлі
Табыс төлеу тәсіліне - тұрақты төлемдермен
қарай: - бір жолғы төлемдермен
- тіркелгенн % ставкасымен
- қалқымалы % ставкасымен
Айналыс аумағына қарай: - аймақтық
- ұлттық
- халықаралық
Базисті актив бойнша: - негізгі
- туынды
Табысты алу тәсіліне - инвестициялық
қарай: - нарықтық
Эмиссиялану тәсіліне - эмиссияланатын
қарай: - эмиссияланбайтын
Номинал ваютасы бойынша:ұлттық валютадағы номиналымен
шетел валбтасындағы номиналмен
номиналдың екі түрімен
номиналсыз
Айналыс шартына қарай: қайтарылатын
қайтарылмайтын

Қазақстан Республикасындағы барлық бағалы қағаздар келесі
категорияларға бөлінеді:
Негізгі бағалы қағаздар. Олардың негізінде қандайда бір активке
мүліктік құқық жатады, әдетте тауарға, ақшаға, капиталға, мүлікке, әртүрлі
ресурстарға және т.б.
Туынды бағалы қағаз – бұл қандайда бір базисті активке бағалы қағаз:
базисті активтің бағасына, пайыздық ставкалар, индекстер. Базисті актив
болып тауарлар (мұнай, алтын, бидай және т.б.), негізгі бағалы қағаздар
(акциялар, облигациялар және т.б.) табыла алады. Туынды бағалы қағаздарға
мыналар жатады: фьючерсті келісімшарттар (тауарлы, валюталық, пайыздық,
индекстік және басқалары), варранттар, құқықтар және еркін айналыстағы
опциондар.
Бағалы қағазға иелік құқығын іске асыру нысаны бойынша оларды былай
бөліп қарастырады:
Атаулы бағалы қағаздар, олардың барлық ұстаушыларының идентификациясын
қарастырады. Ұстаушылар туралы мәлімет реестрде тіркеледі, ал олар бойынша
иелік құқығын аудару иелерінің идентификациясын талап етеді. Яғни, қағазбен
куәландырылған құқықтар, онда аталған адамға тиесілі болады.
Ордерлік бағалы қағаздар, олар бойынша құқық бағалы қағазда аталған
тұлғаға жатады және осы бағалы қағазда тапсырыс жазбасы арқылы беріледі –
индоссамент. Мысал болып вексель, ипотекалық куәлік табыла алады.
Ұсынбалы бағалы қағаздар – бұл қағаз бойынша куәланған құқық оны табыс
еткен тұлғаға жатады. Берілген бағалы қағазды ұсыну қағазбен белгіленген
құқықты іске асыру үшін жеткілікті іс-әрекет.
Жоғалған бағалы қағаз бойынша және де ордерлік бағалы қағаз бойынша
ұсынушы құқығын қалпына келтіруді, із жүргізу заңдарында көзделген
тәртіппен сот жүргізеді.
Құжатты – қағаз тасушыда эмитенттелген.
Құжатсыз - шоттарға жазу арқылы эмитенттелген.
Нарықтық бағалы қағаздар – олардан бағамның айырмасы арқылы табыс алуға
мүмкіндік беретін қағаз.
Инвестициялық бағалы қағаздар – берілген бағалы қағаз бойынша
дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде ағымдағы табыс алу мақсатында ұзақ
мерзімге сатып алынатын қағаз.
Қайтарылатын бағалы қағаздар – уақыт жетпесе де сөндіріле алады.
Қайтарылмайтын – айналыс уақыты бітпегенше айналыстан алына алмайтын
бағалы қағаздар.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналысқа келесідей бағалы
қағаздар түрлері жіберіледі:
• мемлекеттік бағалы қағаздар;
• акциялар;
• облигациялар;
• коносаменттер;
• ипотекалық куәліктер;
• туынды бағалы қағаздар;
• қарапайым қоймалық куәлік;
• екі еселік қоймалық куәлік (қоймалық+кепілдік куәлік);
• ҚР-да айналысқа жіберілген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары;
• Белгіленген тізімде заңнамалық актімен қарастырылған бағалы қағаз
қатарына жататын басқа да құжаттар.

Сурет 1. Қазақстанның бағалы қағаз нарығының қаржылық құралдарынның
құрылымы
Мемлекеттік Депозитарлық
бағалы қағаздар распискалар
нарығы нарығы

Бағалы қағаз
нарығы
Депозитті Акциялар нарығы
сертификаттар
нарығы

Фьючерстер және Облигациялар
опциондар нарығы нарығы

(Сурет 1)

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) – орталық және жергілікті басқару
органдарымен шығарылған қарыздық бағалы қағаздар. Олар мемлекеттің ішкі
және сыртқы қарызының нысаны болып табылады.
Ішкі МБҚ қарызға қарағанда ұстаушының мүліктік құқығын куәландырады,
қарыз алушы болып ҚР-ң Үкіметі, ҚР-ң Ұлттық банкі, жергілікті атқарушы
органдар табылады. Сыртқы нарықта мемлекеттің еврооблигациялары айналыста
жүреді.
Олардың бірінші орналастырылуы Қазақстан Республикасында ҚР-ң қаржы
Министрлігі және Ұлттық банк арқылы жүзеге асады. Барлық МБҚ құжатсыз
нысанда шығарылады.
МБҚ әртүрлі әдістермен орналастырыла алады (аукциондар, сауда, ашық
сауда-саттық, жабық тарату және т.б.). Сатып алушылар кез келген заңды және
жеке тұлғалар бола алады, соның ішінде резиднт еместер де. Негізгі
инвесторлары болып халық, екінші деңгейдегі банктер, зейнетақы және
инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары табылады.
Сонымен, мемлекеттің бағалы қағаздары – мемлекеттік бюджет тапшылығын
қаржыландыру үшін пайдаланылатын мемлекеттік органдар тарапынан шығарылатын
бағалы қағаздар.

Кесте 2
Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздардың сыныпталуы
Мазмұны Түрі
Эмитен түрі бойынша үкіметтік
муниципалды
- Ұлттық банктікі
Айналыс мерзімі қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
бойынша ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)
Айналыс тәсілі бойыншанарықтық
нарықтық емес
Табыс алу тәсілі пайыздық
бойынша дисконтты
біріктірілген (комбинированный)
инфляция бойынша индекстелген
девальвация бойынша индекстелген
Пайыз есептеу тәсілі тіркелген пайыз ставкасымен
бойынша қалқымалы пайыз ставкасымен
Шығарылу валютасы ұлттық валютада
бойынша шетел валютасында

Нарықтық МБҚ бірінші орналасымнан кейін еркін қайта салыла алады.
Нарықтық емес МБҚ қайта сатылмайды, белгілі бір мерзімнен кейін
эмитентке қайтарыла алады.
Дисконтты МБҚ номиналынан төмен бағамен шығарылады, бірақ номиналымен
өшіріледі. Нарықтық және номинал құнының арасындағы айырмашылық ұстаушының
табысы болып табылады.
Купондық МБҚ белгілі бір пайыз есептелумен номинал бағасы бойынша
шығарылып сөндіріледі.
Біріктірілген МБҚ номинал бағасынан төмен шығарылып, кейбір пайыз
есебімен номинал бойынша сөндіріледі.
ҚР-ғы бағалы қағаз нарығында айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың
кейбір түрлері:
Олардың эмитенті болып Қаржы Министрлігі табылады
МЕККАМ – бағалы қағаз нарығын әртараптандыруға, бюджет тапшылығын
инфляциялық емес жолмен қаржыландыруға, мақсатты мемлекеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға шығарылады. Айналыс мерзімі: 3;6 және 12 ай.
Номинал – 100теңге. Дисконтты болып табылады.
МЕОКАМ – бағалы қағаз нарығын әртараптандыруға, бюджет тапшылығын
инфляциялық емес жолмен қаржыландыруға, мақсатты мемлекеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға шығарылады. Айналыс мерзімі: 2 және 3 жыл.
Номиналды құны – 1000теңге. Тіркелген пайыз ставкасымен.
МЕАКАМ – мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттеме – айналыс мерзімі
10 жылдық мемлекеттік бағалы қағаз. Бағалы қағаз нарығын әртараптандыруға,
бюджет тапшылығын инфляциялық емес жолмен қаржыландыруға, мақсатты
мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға шығарылады. Номиналды құны –
1000теңге. тіркелген пайыз ставкасымен. МЕАКАМ-ң шығарылымына ауқымды
сертификат толтырылады, онда мына жағдайлар қарастырылады: ұлттық
сәйкестендіру номері, шығарылым көлемі, айналыс мерзімі, шығарылу күні,
өтелу күні, номиналды құны, сыйақы мөлшері, сыйақы төлеу күні.
АВМЕКАМ – арнаулы валюталық мемлекеттік қазынашылық міндеттеме. Айналыс
мерзімі: 5 жыл. Купондық ставкасы 6,14% жылдық. Номиналды құны – АҚШтың 100
доллары. 1999 жылдың 19 сәуірінде жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар
активтерінің девальвациясынан сақтау мақсатында нарыққа шығарылды.
МЕИКАМ – мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттеме. Инфляциядан
қорғалу үшін эмитенттеледі. Айналыс мерзімі 1 жыл және одан жоғары. Номинал
құны – 1000теңге. Қалқымалы пайыздық ставкасымен, инфлияция қарқынына
байланысты болып табылады. МЕИКАМ-ң алғашқы орналасуын және өтелуін ҚР ҰБ-і
қаржылық агент ретінде жүзеге асырады.
МЕКАВМ – мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттеме.
Дисконтты қағаз болып табылады. Айналыс мерзімі: 3;6;9 және 12 ай.
Номиналды құны – АҚШтың 100 доллары. Бірінші нарықта сатып алу кезінде
инвесторлар эмитентке сатып алынған күнінің ресми бағамы бойынша ақшаны
теңгеде аударады, ал сөндіру кезінде, эмитент инвесторларға қағаздың
номиналды құнын сөндіру күнінің доллардың ресми бағамы бойынша теңгемен
төлейді.
ҰЖО – Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі қарызының Ұлттық жинақ
облигациялары. Бюджеттің ағымдағы дефицитін қаржыландыру үшін шығарады. 364
күнге.
Мемлекеттік бағалы қағаздар ең сенімді болып табылады.
Мемлекеттің бағалы қағаздарды шығарудың негізгі себебі – мемлекеттік
бюджеттің тапшылығын инфляциялық емес түрмен жабу. Қазақстанда айналыста
жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың статистикалық көрсеткіші қосымшада
берілген.
Мемлекеттің бағалы қағаз нарығында басқа елдердің мемлекеттік және
мемлекеттік емес облигациялары айналыста жүре алады. Еврооблигациялар – бұл
еврорынокта ұзақ мерзімді қарыз алу кезінде қарыз алушы шығаратын қарыздық
міндеттеме. Олар қарыз сомасы, мерзім мен оны сөндіру шарты туралы
ақпаратпен қамтылады.
Еврооблигацияны эмиссиялаудың ерекшелігі мынада:
• бірнеше елдердің нарығына орналастыру;
• кредиторлар үшін қарыз алу валютасы шетелдікі болып табылады;
• орналастыру мен кепілдендіру бірнеше елдердің банктерімен
көрсетілген эмиссиялық синдикатпен іске асады;
• Эмиссиясы мемлекет жағынан айтарлықтай аз деңгейде реттеледі;
• Жай облигациялардан айырмашылығы, купон бойынша пайыз ұстаушыға
толық сомасымен төленеді, яғни салық ұсталымынсыз.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік жылдар ішінде төрт суверенді
еврооблигациялары шығарылды, олар сырттан қарыз алу мақсатында европалық
нарықтарда орналастырылды.
Бағалы қағазды инвестициялаумен айналысатын делдалдар
Жалпы инвестициялық саладағы қызметке байланысты арнайы қаржылық
институттар бар. Соның бірі инвестициялық қорлар болып табылады. Олар
қаржылық нарықта инвесторлар құқығын қорғау мен әртараптандыруды ескере
отырып, тартылған ақша-қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялаумен
айналысады. Бұл қорлар маңызды роль атқарады, өйткені олар ақырында
өндірістің дамуына жіберілетін, майда салымшылардың айтарлықтай
қаражаттарын жинақтайды. Сонымен қатар инвесторларға ақша-қаражаттарын
салудың көзі бола отырып, қаражатты тікелей кәсіпорынның акциясына,
облигациясына салады.
Инвестициялық қор тартылған қаражаттың есебінен бағалы қағаздардың
инвестициялық портфелін құрастыру және өзінің акцияларын шығару мен
орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды тарту қызметін атқаратын заңды
тұлғаны білдіреді. Қазақстанда олар акционерлік қоғам ретінде қалыптасады,
олардың акционерлері болып кез-келген заңды және жеке тұлғалар табылады.
Бұл қорлардың тек әртүрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды
тартумен айналысады және лайықты табыс табу мақсатында қалыптасқан
портфелді басқарады. Басқа ешқандай қызмет түрлерімен олар айналыса
алмайды.
Қазақстанның заңдылығында инвестициялық қор екі негізгі типке бөлінеді:
өзаралық қор және инвестициялық компания.
Өзаралық қор (Взаимный фонд) ашық инвестицияллық қор болып табылады.
Барлық қалаған инвесторлардың қаражаттарын тарта отырып, өздері
эмитенттеген акцияларды өздерінің акционерлерінен қайта сатып алуға
міндетті. Акцияның шектеусіз көлемін шығара алады және керек жағдайда
акционерлар жиналысының ортақ шешімінсіз олардың қосымша эмиссиясын іске
асыра алады. Бұл қор артықшылығы бар акцияны шығара алмайды. Сонымен қатар
акциялары ұйымдастырылмаған нарықта айналады, акцияларына күнделікті баға
белгіленуі заңмен бекітілген.
Инвестициялық компания – бұл жабық инвестициялық қор. Бір немесе
бірнеше заңды және жеке тұлғалардың – берілген қордың құрылтайшысы мен
акционерлерінің қаражаттарын тарта алады. Өзінің акционерлерінен
эмитенттелген акцияны сатып алуға міндетті емес, ал оның жарғылық капиталы,
акционерлердің ортақ жиналысының шешімінсіз акцияның қосымша шығарылымымен
өсе алмайды немесе акцияның белгілі бір бөлігін сөндіру арқылы азайта
алмайды. Инвестициялық компанияның акциялары қорлық биржада айналады.
Компания акцияға күнделікті баға беруге міндетті емес және артықшылығы бар
акцияларды шығара алады.
Сонымен қатар пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар болып
бөлінеді.
Пайлық инвестициялық қор (келісімшарттық) мыналарға бөлінеді:
• ашық – пайдың қайта сатып алынуы 2 аптада 1 рет;
• жабық – пайшы қайта сатып алуға құқы жоқ;
• интервалды – пайдың қайта сатып алынуы жылына 1 реттен кем емес.
Оның жарғылық қоры құрылтайшылардың салынған қаражаттардың (пайлардың)
үлесінен тұрады. Оның басқа қызмет түрін атқаруға құқы жоқ және бағалы
қағаздары ұйымдастырылған нарықта айналмайды.
Акционерлік қор акцияларды эмиссиялау жолымен жарғылық қорын
қалыптастырады. Инвестициялық қордың акционерлік формасының артықшылығы
нарықта паиға қарағанда акцияны сатқан оңай. Акцинерлік инвестициялық қор
тек қарапайым акциялардан басқа қаржылық құралдарды шығаруға және басқа
қызмет түрлерін атқаруға құқығы жоқ.жарғылық қоры акциялардан тұрады және
бағалы қағаздар ұйымдастырылған нарықта айналмайды.
Инвестициялық стратегияны өндіру ерекшелігіне байланысты қорларды мына
категорияларға бөлуге болады:
1. бағамның құбылмалығының шектеулі тәуекелмен бағалы қағаздарға
капиталды инвестициялаушылар.
2. бағалы қағаздардың бағамының жоғары құбылмалдылық тәуекелімен табыстың
көбейуіне бағытталатындар.
3. қаржылық активтердің әртараптандыруын жүзеге асыратындар.
4. ақша нарығының пайыздық ставкасын капитализациялауға маманданғандар.
Бірінші категорияға бағалы қағаздардың тәуекелдігі төмен болып
саналатын мемлекеттік емес облигацияларын және жергілікті атқарушы
органдардың мемлекеттік облигацияларын сатып алатын, коллективті
инвестициялау мекемелері жатады.
Екінші топқа ұзақ мерзімді инвестицияны іске асыратын қорлар жатады.
Олар акция базасында пайда болатын бағалы қағаздар мен конвертацияланатын
облигацияларды және акцияларды сатып алады. Мұндай компанияның клиенттері
болып өздерінің активтерін салу кезінде жоғары тәуекелге келісетін
тұлғалар табылады.
Үшіншіге ұзақ мерзімді салымдарын әртүрлі бағалы қағаздарға
әртараптындыратын қорлар жатады. Бұл капитал жоғалту тәуекелін шектеудің
сенімді әдісі болып табылады. Мұндай инвестициялық стратегияны жүргізу үшін
айтарлықтай капиталға ие болу керек.
Төртінші топ өзіне ақша нарығының пайыздық ставкаларын
капитализациясына бағытталған қорларды кіргізеді. Олар инвестицияны өте
қысқа мерзімге іске асырады, тіпті бір күндік келісіммен де. Сондықтан
капиталды жоғалту тәуекелі шамалы.
Қорлардың инвестициялық қызметі әр елде қор нарығының ерекшелігіне
байланысты өзінің сипаттық көрсеткіштеріне ие. Көптеген мемлекеттерде
портфелді инвестиция құрамында акцияға қарағанда облигациялар мен қысқа
мерзімді бағалы қағаздар басым.
Дамыған нарықтық экономикасымен мемлекеттерде көптеген инвестициялық
қорлар мамандандырылған болып табылады. Мысалы ипотекалық қорлар бар,
корпорация облигацияларының қорлары, ұзақ мерзімді муниципалды қағаздардың
қорлары, опционды табыстардың қорлары, кәсіпорын акциларына қаражат салатын
өсу қорлары. (5)

ІІ. Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын портфельдік инвестициялау
объектісін ҚАРАУ

2.1 бағалы қағаздарды жеке талдау және инвестициялық шешім қабылдау
Қаржы – шаруашылық субъектінің экономикасына әсер ететін ең маңызды
құралдың бірі. Қаржылық құралдар термині қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді инвестициялаудың әртүрлі формаларын түсіндіреді, олармен сауда
қаржылық нарықтарды жүзеге асады. Оларға ақшалай қаражаттар, бағалы
қағаздар, опциондар, форвардты және фьючерсті келісімшарттар, своптар және
т.б. жатады.
Айтып өткеніміздей, Қазақстан территориясында айналыста жүрген бағалы
қағаздар мыналар болып табылады: акциялар, қарыздық бағалы қағаздар,
коммерциялық қағаздар (чектер, коносаменттер, кепілдік куәліктер т.б.). Осы
бағалы қағазардың ең көп тараған қағаздың бірі акция табылады.
Негізгі бағалы қағаз болып табылатын, Акциялар – қосымша табыс алу
мақсатында кәсіпорынның өзіндік капиталына қаржылық салымдар. Бұл табыстар
қаражат салынған акциялардың бағалары өсу салдарынан капитал өсімі мен
дивиденттер сомасынан құралады. Акция кәсіпорынның өзіндік капиталына
қатысуды куәландырады.
Акциялар мемлекеттік органдармен шығарылмайды, тек акционерлік
қоғамдармен эмитенттеледі және белгіленген айналыс мерзімі жоқ.
Акцияны сатып алу инвестордың мүліктік және басқа да құқытарға иелігін
білдіреді: акционердің компания капиталының келісімді үлесіне және оның
жойылу жағдайында қалған активтеріне құқығы бар; дивидендтер формасындағы
пропорционалды бөлігіне құқылы; компанияның стратегиялық бағыттарын
таңдағанда және басқару органдарын сайлау кезінде акционердер жиналысында
дауыс беруге құқылы; иесінің акцияны басқа бір тұлғаға сатуға құқылы;
жылдық есепте басылып шығарылатын компания қызметі туралы ақпараттарды
алуға құқылы. Акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша оның акциясына
салынған сома мөлшерінде ғана жауапты. Сондықтан эмитенттің банкротқа
ұшыраған жағдайда акцияға инвестицияланған ақшаның қайтарылуы шарт емес.
Акцияның номиналы әртүрлі болуы мүмкін. Көптеген мемлекеттерде
компаниялар аз ғана номиналды құнымен акциялар шығаруға тырысады. Бұл ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздарды басқару портфелі
Бағалы қағазды инвестициялау
Бағалы қағаздарды шығару механизмі
Ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарды түгендеу
Бағалы қағаздарды сату және сатып алу
Инновациялық секторды инвестициялау
Құнды қағаздарды техникалық талдау
Іс қағаздарды жүргізу
Публицистикалық қағаздарды аудару
Инвестициялық бағалы қағаздар нарығы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь