Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлем қабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың рөлі мен кәсіпорын үшін маңызын зерттеу


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық, банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.

Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындардың көпшілігі төлем қабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының ұзақ мерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.

Жалпы әрбір кәсіпорын үшін бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.

Жоғары денгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлем қабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлем қабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.

Банкроттық - кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттық жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

Банкроттық - нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан, Қазақстанда, ол оны сауықтырудың құралына айналмады. Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты - кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлем қабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың рөлі мен кәсіпорын үшін маңызын зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес және жұмыстың маңыздылығына қарай міндеттері:

-«банкроттық» ұғымының әлеуметтік- эконмикалық, экономикалық-құқықтық мазмұнын ашу;

-кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен белгілерін анықтау;

-кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;

-банкроттыққа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;

- оның шешу жолдары мен ұсыныстар;

Дипломдық жұмыс объектісі ретінде банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды атауға болады.

Жұмыстың зерттелу барысындағы ақпараттық негізі Қазақстанның заңшығарушылық актілері мен нормативтік құжаттары, банкроттық кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру сұрақтары бойынша мәліметтер, сонымен қатар әсіресе орыс ғалымдарының кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау мен банкроттыққа жол бермеу шаралары бойынша ғылыми еңбектері мен оқу құралдары өз көмегін тапты.

Зерттеу барысында жаңа қорытынды деп танылған ұсыныстар көрініс тапты, атап айтсақ:

-отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастарын талдау мен жүйелеу негізінде «банкроттық» ұғымының нарықтық экономиканың объективті экономикалық феномені ретінде мәні анықталды;

-кәсіпорынның «банкроттық» алдындағы жағдайының пайда болуын негіздейтін факторлары мен белгілері сипатталды;

-кәсіпорындағы банкроттыққа дейінгі кезеңнің тұрақтылығын сақтау мен банкроттыққа қарсы басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстардың жүзеге асуы;

Қазіргі уақыттағы заң, алдымен борышкер кәсіпорынды мүмкіндігінше сақтап қалуға бағытталған нормаларды қамтиды. Өйткені кәсіпорындардың жалпылама бәрінің банкроттыққа ұшырауы елеулі әлеуметтік салдарға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан да барлық нарықтық қатынас орнаған мемлекеттерде кәсіпорынды жалпы күйреуден қорғауға бағытталған белгілі бір механизмдер қалыптасқан. Мұндай механизмдердің негізгі элементтерінің біріне- банкроттықты кұқықтық реттеу жатқызылады.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ КӘСІПОРЫН БАНКРОТТЫҒЫНЫҢ РӨЛІ

1. 1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі, оның қаржы-экономикалық тұрақтылығы болып табылады. Бірақ бірқатар отандық кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуы ойдағыдай қолданыс таба алмай, дәрменсіз немесе банкроттық жағдайға душар болуда.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы ретінде соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады.

Банкроттық - борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі. Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Ерікті банкроттық несие берушілердің сотқа арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттық туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолданылу мерзімі біткен облигацияларды сатып алуға қабілетсіз корпорациялардың бұрынғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгертуіне рұқсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және қарызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының орны мемлекеттік дотация (жәрдемақы) есебінен толтырылады. Кәсіпорынның шығынға ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс істеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. Әдетте, ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды. Алайда еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жаңа көзғарастар пайда болды:

  • банкроттық - шаруашылық өмірінің обьективтік немесе субъективтік себептерінен туындайтын белгілі бір табиғи құбылысқа айналып келеді;
  • мемлекеттік дотациялар елеулі түрде тарылуда, баға неғұрлым икемді бола түсіп, сұраным мен ұсынымды айқынырақ көрсетуде.

Сондықтан тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорынның банкротқа ұшырауы мүмкін, оны тиісті өкілеттік орган куәландырады. Ондай кәсіпорындардың мүлкі қосымша қаражат табу үшін басқа кәсіпорынға (ұйымға) сатылуы, жалға берілуі немесе акционерлік меншікке өткізілуі мүмкін.

Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-1 Заңы (2012. 10. 07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) ол қарызын төлей алмайтын, ақшалай міндеттемелер талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, мідеттемелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

«Банкроттық» ұғымы экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара тығыз байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық - кәсіпорынның жойылуына (ликвидация) негіз болатын төлем қабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып саналады. Сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco - банк және gotto - құлдырау) - дәрменсіз, кәсіпорынның немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы .

Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша - борышкердің төлем қабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы. [1]

Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық - шаруашылық субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның қарыз міндеттемелері бойынша төлем қабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы. [2]

Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша - нарықтық экономиканың қалыпты құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік күрес нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады. Банкроттық туралы көптеген анықтамалар бар, банкроттық - кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. [3]

Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық Кодексінің” 52, 53, 54, 55, 56, 57-баптарында, “Банкроттық туралы” заңда көзделген. Осы актілерге сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышқор арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен “жалған Банкроттыққа” ұшырау деректері де кездесед. Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, несие берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңды тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады. Егер бір ай ішінде мұндайлар табылмаса, кәсіпорынның банкроттығы туралы іс заң құжаттарында көрсетілген тәртіппен қаралады да кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып, таратылады. Әдейі (касақана) банкроттық - экономикалық, қызмет саласындағы қылмыс, коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, ірі зиянға немесе өзге де ауыр залалдарға апарып соғуы. Коммерциялық ұйым басшысының немесе оның меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады. Банкроттық- кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

Дегенмен көптеген ғалымдар банкроттықты құқықтық қатынастарды сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық - ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға дәрменсіздігі. [4]

Банкроттық - кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның төлем қабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың негізі соттың дәрменсіз деп тануы. Сонымен бірге, қазақстандық зерттеушілер төлем қабілетсіз және дәрменсіз түсініктеріне нақты жауап берген: төлем қабілетсіз - деп борышкердің өтеу мерзімі бойынша қаржы міндеттемелері мен басқа да қарсы сипатындағы талаптарын орындай алмауы, ал дәрменсіз - деп кәсіпорынды банкрот деп тану мақсатында тауарлар (жұмыс, қызмет) төлемі бойынша кредиторлар талабын қанағаттандыра алмауы. [5]

Банкроттық - қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз - сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс-әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Сот шешімі бойынша борышқорлық міндеттемесін өтеуге қабілетсіз кәсіпорындар қайта құрылуы мүмкін, яғни оған борышын өтеп, банкроттықтан шығу үшін мөлшерлі мерзім беріледі, ал кей жағдайда борышқор фирмалар мен мекемелердің, өнеркәсіптердің шаруашылығын тоқтатып, тарату ашық жарияланып, мүлкін сату арқылы, не болмаса қаржы мүліктерін өнеркәсіптің өз адамдары сатып алу арқылы таратылады. Егер де төлем қабілетсіздігін айқындап сотқа борышқордың өзі арыз жазса, банкроттық "ерікті" деп аталады, ал арыз қарызы қайтарылмаған несие берушіден түссе, банкроттық "ықтиярсыз", "мәжбүрлі" деп аталады.

Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады. Экономика- құқықтық тұрғыда банкроттықты қарастыруда оны таза экономикалық, немесе таза құқықтық деп бөлуге болмайды. Банкроттықты экономикалық тұрғысынан қарастырғанда негізінен шаруашылық субъектісінің дәрменсіз болуының себептерін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге, банкроттық макро- микроэконмикалық түрде қарастырылады, яғни бірінші бағыт бойынша нарық теориясының қорытындыларына негізделсе, екінші - фирмалар теориясына негізделеді. Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт- кәсіпорынның банкроттығын экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы банкроттық ретінде қарастырады, ал құқықтық бағыт-кәсіпорынның төлем қабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға душар болғанын мойындағаннан кейінгі кәсіпорындардың жойылуы. Ұйымдастырушылық - құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан туындайды, яғни ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс ретіндегі банкроттық. Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен борышкерлер арасындағы соңғылардың төлем қабілетсіздігі мен міндеттемелері бойынша уақытылы қарызын төлей алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Кез келген басқару қызметі өз деңгейінде тәуекел сипатына ие болады. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы басқару шешімдерінің қабылдау күрделілігімен, олардың нәтижесін болжау күрделілігімен сипатталады. Коммерциялық ұйымдар пайданы максимализациялауға ұмтылуда заңдылыққа сүйенеді: пайда көп болған сайын, тәуекел де көп болады. Мұндай жағдай үш мүмкін болатын экономикалық нәтижесінен сипатталады: теріс (жеңілу, жоғалту, банкроттық, зиян), нөлдік, оң (жеңіс, пайда, табыс) .

1. 2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 07. 04. 95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмауы, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмауы жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді. Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.

Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық "ауруын" және одан «арылу» жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенденцияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің темендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Жалпы абсолютті төлем қабілетті кәсіпорын деп міндеттемелері жоқ және капиталының құрамы толық өзіндік капитал болып табылатын төлем қабілетті кәсіпорындар жатады. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі міндеттемелердің мөлшеріне тура пропорционалды және пайда көлеміне кері пропорционалды болады. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілетсіздігінің негізгі себептеріне, 1-ден, пайда көлемінің төмендеуіне әсер ететін факторлар, 2-ден, міндеттемелердің өсуіне әсер ететін факторлар жатады .

Пайданың өсу деңгейінің бәсеңдеуі немесе оның абсолютты азаюы орын алады, егер:

- тауар бастылық жағдайда, яғни өнімнің сапасы қанағаттанарлықсыз, бағасы жоғары және оған қажеттілік деңгейі төмен болса, нарықта ол өніміне деген сұраныс азаяды;

- жіберілген өнімге төлемнің қайтарылмауының өсуі, яғни кәсіпорын сенімсіз сатып алушылармен байланыста болып немесе сатып алушыларды еріксіз таңдағанда орын алады;

- тыйым салу, квота, кедендік кедергілер, т. б. шектеулер орнату арқылы нарықты шектеу;

Ал міндеттемелердің озып өсуі келесі жағдайларда орын алады:

- кәсіпорынның тиімсіз ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асыруы;

-кәсіпорынның өндіріс көлемі мен табысының өсуіне әкелмейтін, жұмыс істемейтін қорлармен жүктеуі;

-кәсіпорын құралдары пайдаға қатысы жоқ есеп айырысулармен жүзеге асырылуы;

-кәсіпорынның зиян шегуі;

Жоғарыдағы аталған төлем қабілетсіздіктің жалпы себептерінің жиыны мемлекет өндірісі мен нарыққа тәуелсіз өз міндеттемелері бойынша уақытылы есептесу қиындықтарына душар болған барлық кәсіпорындарға тән. Сонымен бірге, ақшалай ағымдарды жоспарлау мен басқарудың болмауынан жағдай қиындайды.

Жалпы төлем қабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т. б. туралы айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне ұшырайды.

Сонымен қатар, банкроттықтың пайда болуының объективті және субъектвті себептері бар.

Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:

  • экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
  • инфляцияның аса жоғары деңгейі;
  • фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
  • бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі және сәйкесінше өндіріс шығынының төменемеуі;

Шаруашылық жүргізуіне тікелей қатысты субъективті себептер:

  • банкроттықты уақытында болжап және келешекте сақтану;
  • жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы сұранысты толық зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
  • өндіріс көлемінің төмендеуі;
  • ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдерінің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
  • ақталмаған жоғары шығындар;
  • өнімнің төменгі рентабельдігі;
  • өндіріс циклының өте көлемді болуы;
  • үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
  • ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік танытпауы, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы;

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:

-банкроттықты құқықтық реттеу;

-кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;

-келешегі бар (перспективалы) тауар өндірушілерді қолдау мақсатында төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;

-банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;

-кең ауқымды қоғам үшін банкрот жайында ақпараттар жариялылығын қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе "Банкроттық туралы» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.

Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады. Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болғанда, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.

Жоғарыдағы аталған факторлар жиынынан, яғни кәсіпорын дамуына кедергі келтіретін факторларды екі топқа бөлуге болады: сандық және сапалық.

Сандық, тәжірибеде сандық индикатор қолданылады, ол банкроттықты болжауға мүмкіндік беретін - «z-есебің, оның негізінде қаржылық көрсеткіштердің қатынасы өлшенген салмада болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың банкроттығы
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі
Кәсіпорынның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері
КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙДАН ШЫҒАРУ ӘДІСІ
Құрылған кәсіпорынды басқару
Кәсіпорынның тәуекелділігін болжау
Кәсіпкерлік қызметтің банкроттықтан сақтандыру жолдары
Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Кәсіпорынды қаржылық сауықтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz