Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
І ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ СЕКТАЛАР ҚЫЗМЕТІ
1. 1 Қазақстандағы миссионерлік және діни секталар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. 2 Дәстүрлі емес діни қозғалыстар және «Грейс Благодать» ... ... ... ... ... ... .9
ІІ «ГРЕЙС БЛАГОДАТЬ» СЕКТАСЫНЫҢ СИПАТЫ
2. 1 Грейс благодать діни сектасының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2. 2 ««Грейс Благодать» шіркеуінің Алматы қаласындағы әрекетіне әлеуметтік талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

Жұмыстың негізгі сипаттамасы. Қазақстанда қазіргі кезде миссионерлік саясаттарын емін-еркін жүргізіп келе жатқан секта «Грейс благодать» немесе олардың екінші атауы «Күзет мұнарасы қауымы» деп аталады. Бұл діни ағым жалған христиандық (псевдохристиандық), ариандық, апокалиптикалық, милленаристік (хилиастық) болып табылады.
Елімізде әрбір азаматтың діни сеніміне бостандық және әрбір діни бірлестікке заң алдында тең құқығы берілген. Осы еркіндікті ұтымды пайдаланған шетелдік миссия өкілдері өз миссиясын атқарып келеді. Кейбір діни ұйымдардың мақсаты мемлекет заңдарын сыйламаушылық, қоғамдық әдеп қағидалары мен ұлттық дәстүрге немқұрайлық, жеккөрушілік, жоққа шығару сонымен қатар ұлт, тіл тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін. Мұндай ұйымдар біз адамды тура жолға салып, шынайы құдайлық өмірге жеткізушіміз, парызымызды өтеп жүрміз (өзінің діни сенімі бойынша) деп түсіндіреді. Бұл діни бірлестіктер қоғамдық әдеп қағидаларын өздерінше түсінеді және халықтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрін сырттай құрметтегендей көрінгенімен, шын мәнінде жоққа шығарады, яғни ой мүдделерін жасырын ұстайды, мақсаттары діни сенімдеріне тарту.
Олардың ішінде «Грейс Благодать» өзіне ерекше назар аударады. Осы күні көшеге шыға қалсаңыз, өз дініне шақырған уағызшыларды жиі кездестіресіз. Олар алдымен: «Мынау киелі кітап сөздері» дейді. Артынан сізге отбасы, өмір мәселелері жайлы сұрақ қояды, пікіріңізді сұрайды. Олар сізбен сөйлесіп, соңында қолыңызға әсем безендірілген бүктемелі бір парақша, не болмаса журнал ұстатады.
«Грейс Благодать» діни бірлестігіне кірген адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып, адам отбасында жақын адамдармен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап, дәлелдеуге тырысады. Өзімшілдікке бой алдырып, тіпті кейбір діни бірлестік мүшелері жеке мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншікке қосады. Бұл дәстүрлі қоғамдық өмірді өзгертуге алып келеді.
Олар көшеде де, үйде де қыр соңыңыздан қалмайды. Арасынан қазақша сөйлеген басқа ұлт өкілдерін көресіз. Бұл әрбір қазақстандық кездестірген жайт. Қазақша сөйлейтіндер сирек кездесетін немесе ауылдан келген бауырларымыз ғана сөйлейтін көшелерімізде басқа ұлт өкілдері қазақша тіл қатса, әрине сіз оған ризашылығыңызды білдіріп, көңіл аударасыз. Мұндай қазақ тіліндегі уағыздың себебі айтпаса да түсінікті. Бұл бір ғана тәсіл емес.
«Грейс Благодать» мүшелерінің негізгі міндеті - өз ілімдерін насихаттау, діни ұйымға адамдарды кіргізу. Үгіт-насихатқа ұйым мүшелері табыстарының 10% береді және үгіт-насихат жұмыстарына айына кемінде 10 сағат бөлуі тиіс және бұл шарамен өте белсенді айналысады. «Грейс благодать» мүшелері басшыларының бұйрығын орындауға әр уақыт дайын болуы керек. Ұйымның әрбір мүшесі ай сайын қанша рет миссионерлікпен айналысты, неше рет ұйым жиынына қатысты, Библияны оқуға қанша уақыт бөлгені, ұйымға қанша ақша қосқаны туралы есеп жүргізіп отырады, жыл соңында басшылыққа есеп береді.
Курстық жұмыста «Грейс благодаттің» Қазақстанға таралуы, ерекшеліктері, мақсаттары талданып, олардың жұмыстары мәліметтер, статистикалық есептер арқылы қарастырылды.

1. Қазақ-совет энциклопедиясы 8-т. - Алматы, 1972.
2. www.eravsar.de. Hamza Eravsar. Endulus Emevileri.
3. Інжіл Шариф «Жаңа өмір баспасы». Стамбул 1993.1996.2000.
4. Мырзахметов М. «Қазақ қалай орыстандырылды?» - Алматы 1993.
5. Артемьев А.И. Дінтану. Философия және діндер тарихы. – Алматы6 2008ж.
6. Трофимов Я.Ф., Иванов В.А., Христианство в Казахстане. Караганда 2000.
7. www.church.uz. А.Б.Никитин. Христианство в Центральной Азии (древность и средневековье).
8. Подопригора Р. А. Государство и религиозные организации. (административно-правовые вопросы). - А; «Аркаим». 2002.
9. Святые Новомученики и Исповедники в земле Казахстанской просш. Москва 2008.
10. Е.Г. Балагушкин. Нетрадиционные Религии в современной Росии. Москва 2000.
11. Яблоков.И.Н.Религиоведение. - Москва, 2000.
12. Иванов В.А. Вознкновение и становление нетрадиционных религии в Казахстане. Журнал Религия и право. №4. 2004
13. Қазақ халқының философиялық мұрасы. - Астана 2005. 5-том.
14. Г.Рубрук «Путешествие в восточные страны». Перевод А.И.Малина. Москва 1957.
15. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Атамұра, 1999.
16. Монтьеске Ш.О. О духе законов // Избранное произведения. - Москва, 1955.
17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 1999.
18. Вероучение. Свидетели Иеговы. Кто они? Во что они верят? Watch Tower Bible and Tract Society Pensylvanya. 2000
19. Артемьев А.И. Свидетели Иеговы. Казахстан и Средней Азии. историко – религиоведический анализ. - Алматы, 2002.
20. Дінтану негіздері. Ғ.Есім, А.Артемьев, С.Қалаев, Г.Біләлова. Алматы 2003.
21. Мырзахметұлы М. Түркістанда туған ойлар. - Алматы 1988.
22. www.sektoved.ru. Хвыля – Олинтер. Тоталитарные секты деструктивные культы
23. www.egemen.kz. Н.Байтенова. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
24. Халықаралық Діни Бостандық Жөніндегі Есеп Беру. 2006.
25. Кислюк.К.В.Кучер.О.Н Религиоведение. - Ростов, 2003.
26. Казымбетова Д.К. «Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования». - Алматы, 2006.
27. Қойшиева Л. Дәстүрлі емес діни ағымдар, олармен қалай күресу керек. // Алматы ақшамы. 2006. № 10.
28. Шойынбет Ж. Сасқан үйрек артымен жүзеді немесе сиқыры көп саентология сектасы бозбалаларға көз тігіп жүр. // Сары арқа. 2001. 17 ақпан.
29. Ақылбеков А. Самсаған секталар мен сансыраған саналар. // Үш қиян. 2009. 18 қаңтар.
30. Ермеков Ә. Секталардан сақтан, бауырым! // Ақиқат. 2008.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстандағы Грейс благодать шіркеуінің қызметі
Орындаған:
1 курс магистранты
Ермұхамед МӘУЛЕН
Ғылыми жетекші:
ф.ғ.д., профессор
Қайрат ЗАТОВ,
д.,ғ.,докторы.
Норма бақылаушы:
ф.ғ.к., доцент
Қорғауға жіберілді
“___”_____________ 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі:
ф.ғ.д., профессор
Алматы, 2012
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
І ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ СЕКТАЛАР ҚЫЗМЕТІ
1. 1 Қазақстандағы миссионерлік және діни
секталар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. 2 Дәстүрлі емес діни қозғалыстар және Грейс
Благодать ... ... ... ... ... ... . 9
ІІ ГРЕЙС БЛАГОДАТЬ СЕКТАСЫНЫҢ СИПАТЫ
2. 1 Грейс благодать діни сектасының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..18
2. 2 Грейс Благодать шіркеуінің Алматы қаласындағы әрекетіне әлеуметтік
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.41
КІРІСПЕ
Жұмыстың негізгі сипаттамасы. Қазақстанда қазіргі кезде миссионерлік
саясаттарын емін-еркін жүргізіп келе жатқан секта Грейс благодать немесе
олардың екінші атауы Күзет мұнарасы қауымы деп аталады. Бұл діни ағым
жалған христиандық (псевдохристиандық), ариандық, апокалиптикалық,
милленаристік (хилиастық) болып табылады.
Елімізде әрбір азаматтың діни сеніміне бостандық және әрбір діни
бірлестікке заң алдында тең құқығы берілген. Осы еркіндікті ұтымды
пайдаланған шетелдік миссия өкілдері өз миссиясын атқарып келеді. Кейбір
діни ұйымдардың мақсаты мемлекет заңдарын сыйламаушылық, қоғамдық әдеп
қағидалары мен ұлттық дәстүрге немқұрайлық, жеккөрушілік, жоққа шығару
сонымен қатар ұлт, тіл тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін. Мұндай ұйымдар
біз адамды тура жолға салып, шынайы құдайлық өмірге жеткізушіміз,
парызымызды өтеп жүрміз (өзінің діни сенімі бойынша) деп түсіндіреді. Бұл
діни бірлестіктер қоғамдық әдеп қағидаларын өздерінше түсінеді және
халықтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрін сырттай құрметтегендей
көрінгенімен, шын мәнінде жоққа шығарады, яғни ой мүдделерін жасырын
ұстайды, мақсаттары діни сенімдеріне тарту.
Олардың ішінде Грейс Благодать өзіне ерекше назар аударады. Осы күні
көшеге шыға қалсаңыз, өз дініне шақырған уағызшыларды жиі кездестіресіз.
Олар алдымен: Мынау киелі кітап сөздері дейді. Артынан сізге отбасы, өмір
мәселелері жайлы сұрақ қояды, пікіріңізді сұрайды. Олар сізбен сөйлесіп,
соңында қолыңызға әсем безендірілген бүктемелі бір парақша, не болмаса
журнал ұстатады.
Грейс Благодать діни бірлестігіне кірген адамдар өмірінде күрт
өзгеріс орын алып, адам отбасында жақын адамдармен басқаша қатынас жасап,
өз сенімін насихаттап, дәлелдеуге тырысады. Өзімшілдікке бой алдырып, тіпті
кейбір діни бірлестік мүшелері жеке мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншікке
қосады. Бұл дәстүрлі қоғамдық өмірді өзгертуге алып келеді.
Олар көшеде де, үйде де қыр соңыңыздан қалмайды. Арасынан қазақша
сөйлеген басқа ұлт өкілдерін көресіз. Бұл әрбір қазақстандық кездестірген
жайт. Қазақша сөйлейтіндер сирек кездесетін немесе ауылдан келген
бауырларымыз ғана сөйлейтін көшелерімізде басқа ұлт өкілдері қазақша тіл
қатса, әрине сіз оған ризашылығыңызды білдіріп, көңіл аударасыз. Мұндай
қазақ тіліндегі уағыздың себебі айтпаса да түсінікті. Бұл бір ғана тәсіл
емес.
Грейс Благодать мүшелерінің негізгі міндеті - өз ілімдерін
насихаттау, діни ұйымға адамдарды кіргізу. Үгіт-насихатқа ұйым мүшелері
табыстарының 10% береді және үгіт-насихат жұмыстарына айына кемінде 10
сағат бөлуі тиіс және бұл шарамен өте белсенді айналысады. Грейс
благодать мүшелері басшыларының бұйрығын орындауға әр уақыт дайын болуы
керек. Ұйымның әрбір мүшесі ай сайын қанша рет миссионерлікпен айналысты,
неше рет ұйым жиынына қатысты, Библияны оқуға қанша уақыт бөлгені, ұйымға
қанша ақша қосқаны туралы есеп жүргізіп отырады, жыл соңында басшылыққа
есеп береді.
Курстық жұмыста Грейс благодаттің Қазақстанға таралуы,
ерекшеліктері, мақсаттары талданып, олардың жұмыстары мәліметтер,
статистикалық есептер арқылы қарастырылды.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде кез келген адам үшін өте қиын, әрі
ауыр уақыттар өтіп жатыр. Бұлай дейтін себебіміз, адамды жан-жағынан
психологиялық түрде аздыратын, санасына салмақ салып, жынды ететін, ауру
ететін неше түрлі ағымдар Қазақстанда таралып жатыр. Баспасөз беттерінде
адасқан секталардың арбауына ілініп, өмірлері қиылған, отбасылық өмірде
келеңсіз жайттар орын алған жекелеген субьектілердің бастан кешірген
жанайқайлары туралы материалдар жиі-жиі жарық көруде. Осының бәрі Қазақстан
қоғамы үшін керітартпалық сипатқа, қауіпті құбылысқа айналып отырған діни
факторлардың тамырын танып, тереңінен зерттеуге итермелейді.
Курстық жұмыстың пәні. Қазақстандағы Грейс Благодать сектасының
таралу тарихы мен қазіргі кездегі жағдайы. Сонымен қатар курстық жұмыста
олардың психологиялық зардаптары, қоғамға зияны туралы да кеңінен сөз
болады. Және социологиялық талдау арқылы Алматы қаласындағы миссионерлердің
қызметтері сарапқа салынған.
Курстық жұмыстың нысаны. Жалпы Қазақстандағы миссионерліктің тарихы
мен Грейс Благодать діни сектасының келуі жайлы. Әрі қарай Грейс
Благодать сектасының зияндары, жамандықтары туралы да айтылады. Осылардың
барлығын талдай отырып, белгілі бір қорытынды шығару зерттеудің нысанына
жатады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.
- Қазақстандағы Грейс благодать сектасының тарихын анықтау, оларды
барлау, негізгі ерекшеліктерін танып-білу;
- Қазақстандағы сектаның жұмыс әрекеттеріне, сонымен бірге олардың
деструктивті сипаттарына тоқталу;
- Секталармен күресуде қажет болатын негізгі іс-шараларды анықтау.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Бітіру жұмысының мақсат-міндеттеріне
сәйкес сипаттамалық зерттеу, жүйелеу, тақырыптық-мағыналық топтастыру,
талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Курстық жұмыста төмендегідей әдебиеттер
пайдаланылды:
І ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ СЕКТАЛАР ҚЫЗМЕТІ
1. 1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИССИОНЕРЛІК ЖӘНЕ ДІНИ СЕКТАЛАР
Миссионерлік-діни қызметтердің ерекше бір түрі. Сонымен бірге
миссионерлік-шіркеу немесе бір діни ұйымның сенім негідерін насихаттау үшін
қолданылатын діни сипаттағы әрекеті. Миссия-латын тілінде missio міндет,
жауапкершілік, орындалуы тиіс тапсырма деген мағынаға келеді. Әлемдік және
дәстүрлі діндер Иудаизмнен басқасының барлығы да осы миссионерлікке
мүдделі [1]. Иудайзмде миссионерлік қызметтің болмауының себебі оның сенім
негіздеріндегі догматтарға байланысты
Миссионерлік қызмет барлық дәстүрлі діндерде бірдей сипатқа ие болған
емес. Мәселен буддизм дінінде қасиетті Будда ілімін тыңдаған шәкірттеріне:
Дін тақуалары! Адамзаттың құтылып, бақытқа жетуі және дүниеде
мейірімділікті насихаттап, Тәңірлер мен адамдардың сәттілігі үшін жолға
шық! [2], - деп ескерткеніндей, қазіргі таңдағы әлемнің осы дінді
ұстанатын халықтарының арасында Будда дінінде біркелкілік жоқ. Себебі
Буддизм дінінің басты идеясы-христиан дініндегідей саяси мәселелерді
көздемей, өмірлік рахаттардан бас тартып, қайғы-қасыреттен адам жанын
құтқару және барынша сергектенуге-Нирванаға қол жеткізу. Әрбір адам
Нирванаға өзінің күші арқылы ғана жете алады. Сондықтан Буддизм жайылған
халықтардың бұрыңғы діни сенімдерімен және жергілікті әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлермен синтезделіп, өзгерістерге ұшыраған. Мәселен Үндістанның өзінде
Буддизм Махаяна формасымен таралса, Ү-ғасырда Қытайда чань-Буддизм, Тибетте
ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Ламаизм түрінде таралған.
Миссионерлік басқа діндерге қарағанда Христиан дінінде өзгеше мәнеге
ие. Миссионерлік дәстүрді христиандар Исаның серіктеріне және Маркос, Лұқа
және Жохан нұсқасындағы Інжіл мен Павелдің хаттарына негіздейді.
Інжілдің жаңа өсиетіндегі Матай, Марқа және Лұқа жазған ізгі
хабарларындағы: 28:18. Маған көк пен жердің барлық билігі маған берілген!
28:19. Сондықтан барлық күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің
шәркірттерім етіп, Құдай Әкенің, Рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен
шомылдыру рәсімінен өткізіңдер! 28:20. Әрі сендерге өсиет еткендерімнің
бәрінде ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын, мен бұл дүниенің ақыр соңына
дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын. 10:5;6;7. Осы
он екі елшісін Иса төмендегі тапсырмалармен жіберді:-Басқа ұлт адамдарының
жерлеріне бар май, самариялық қалаларға кірмеңдер. Қайта, Исрайл халқының
адасып кеткен қойларға ұқсасадамдарына барыңдар!
- Бүкіл жер бетіндегі күллі адамдарға барып, Ізгі хабарды жариялаңдар!
Кім сеніп, шомылдыру рәсімінен өтсе, сол құтқарылады! Ал кім сенбесе,
сотталады.
24:47. Оның атынан Иерусалимнен бастап барлық ұлттарға да теріс жолдан
қайтқан адамдардың күнәларын құдай кешіреді деген хабарды жариялау да
қажет(5.97,35,153,247б.),-деп көрсетілген негіздерге сүйене отырып, Әке,
Ұл және Киелі Рух атынан христиандар әлемге миссионерлікті ғасырлар бойы
белсенді түрде насихаттап келеді.
Христиандар Павелді тұнғыш миссионер және құдайдың елшісі ретінде
таниды. Оның миссионерлік анықтамаларында алар орны ерекше. Христиандықтың
негізінде (тарихында, теологиясында, этикасында) Павел үлкен фигура болып
есептеледі. Ол миссионерлікті белсенді түрде жүргізуде шәкірттеріне былайша
бағыт береді: Мен бүкіл адамдардан тәуелсіз болсамда, олардың барынша
көбін Мәсіх жолына түсіру үшін өзімді барлығының құлы еттім. Яһудилерді сол
жолға түсіру үшін араларында яһуди сияқты өмір сүремін. Таурат заңына
бағынған оларды Мәсіхке әкелу үшін өзім Тауратқа бағынышты болмасамда, оған
бағынушыдай араларында жүріп тұрамын. Таурат заңын білмейтін басқа
халықтарды әкелу үшін Тауратты білмейтіндей араларында өмір сүремін. Бұл,
құдай заңынсыз жүремін деген сөз емес, шынында мен Мәсіхтің өсиеттеріне
мойынсұнып келемін. Сенімі әлсіздерді әкелу үшін оларға ұқсап өмір сүремін.
Әр түрлі адамдар арасында ең болмағанда бірсыпырасын құтұару үшін оларға
бейімделудемін. Осының бәрін хабардың таралуы үшін істеп жүрмін, сонда оның
игілгінен үлесімді алатын боламын [3, 493] Павелдың Інжілдегі
Корыннттықтарға жазған хатындағы өсиеттер шәкірттернің айнымас қағидаларына
айналды. Миссионерлер ерте уақыттарда және қазіргі замандада осы хатта
берілген мәтіннің негізінде жүреді.
Миссионерліктің 13 ғасырға жуық және жеті сатылы тарихы қалыптасқан.
Әрбір саты өзіндік әдістемелік және кезеңдік шарттарды көрсететін даму
жолының көрсеткіші десекте болады. Бірінші саты 33-100 жылдар аралығы-Иса
серіктертерінің кезеңі, 800-1500 жылдар арасы-орта ғасыр кезеңі, 1500-1650
жылдары реформалық кезеңі, 1650-1793 жылдары аралығы постреформа кезеңі,
1793-жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезең модернизация кезеңі болып
есептеледі [4].
Христиан діні үшін миссионерліктің үш сатылы мақсаты бар. Бұл еш
өзгермейтін қасаң қағида. Әлемге Христиан дінін жайып Иса Мәсіхке
сенушілердің санын арттыру, шіркеу құрылыстарын салмас бұрын миссионерлік
әрекеттерін жалғастыратын мамандар мен адамдар табу және тұрғылықты
халықтың ғылыми-әдеби шығармаларына, мәдени құндылықтарына христиандық
элементтерді еңгізу болса сонымен бірге дамыған Батыстық өркениетті
христиандық пен бір деп көрсету. Батыс өркениеті мен мәдениетін мәдениетін
негізгі өлшем, эталон ретінде ұсыну, еліктіру шарт [5].
Христиан миссионерлік орталықтарына саяси-әлеуметтік
жауапкершіліктерде артылып отырғаны тарихтан белгілі. ХҮ-ХҮІ-ғасырларда
католик шіркеуінің миссионерлері испан және португал басқыншыларының
Оңтүстік Америка құрылығын жаулап алудағы белсенділіктерін арттырды.
Басқыншылар жаңа жерлерді жаулап алуына өз көмектерін көрсетіп отырған
католик шіркеуінің миссионерлік әрекетіне басшылық жасаған Рим папасы
Григорий ХҮ 1622 жылы өз конгрегациясын (лат.congregatio-қоғам, одақ)
жариялады. Ол 1968 жылы әлемді Інжілдендіру деген атпен қайта жарияланды
Миссионерлік-діни ілімдер арқылы мақсат-мүдделерін іске асыру үшін
қолданылатын саяси қызметтің бір түрі десек те болады. Қазіргі таңда бір
қатар империалистік мемлекеттердің құрылымдары, қайырымдылық қорлары,
үкіметтік емес ұйымдарымен қаржылық топтары материалдық және моральдық
тұрғыдан көмектесіп, отарлау саясатын шіркеумен бірлесе отырып жүргізеді.
Бұлардың мақсаттары діни ағарту немесе адамды күнаһарлықтан құтқару емес
керісінше, сол мемлекеттің халқының мәдениетімен өткен тарихын жадынан
шығарып мәңгүрттендіру арқылы жер байлығына ие болу. Бұндай әректтер біздің
ғана халықтың басындағы нәубет емес, орта ғасырларда Христиан миссионерлері
өз әрекеттерін Африка және Азия халықтарының да ортасында жүргізді. Соның
нәтижесінде көптеген жергілікті халықтардың мәдени, діни құндылықтары
деформацияланып, өздеріне құлдық қамытын кигізгені тарихи ақиқат.
Өткен тарих тереңіне бойласақ, христиан миссионерлігі белгілі бір
халықтың ұлттың болшағы үшін қызмет етпегенін, керісінше шағын мәдениеттер
мен ұлттарды ассимилицияға ұшырату, жер бетінен жоюдың таптырмас құралы
болғанын байқаймыз. Мәселен ХVIII-ғасырда Батыс отаршыл мемлекеттері
Австралия құрылығының байырғы тұрғындарын ұлттық табиғи қалпынан айырған
өзі осы миссионерліктің үлкен жемісі болатын.
Миссионерлік қызметін атқаратын ғалымдар алдымен баратын жердің
географиялық ерекшеліктерін, халқының рухани болмысы мен өткендегі тарихи
жолын, психологиясын, мінез-құлқын, салт-ана дәстүрінің ерекешелігін,
билеу жүйесін, яғни өзіне қажет буынды да ұрымтал тұстарын терең барлап
зерттей отырып, миссионерлік саясатының стратегиялық негіздері мен
тактикалық әдістерін, мақсаттарын анықтап алады
Еліміздің аумағында христиандардың пайда болғаны туралы алғашқы
деректер V-VI ғасырлаға жатады. Әсіресе ІХ-Х ғасырларда Ұлы Жібек жолы
бойынша ауып келген христиан миссионерлерінің белсенді қызметінің
нәтижесінде несториандық кең таралды. Дереккөздер мәліметтеріне сүйенсек,
Тараз бен Меркіде сонымен қатар Сырдария өзені бойында христиан шіркеулері
болғандығы археологиялық қазбалар арқылы мәлім. Алайда Х-ХІ ғасырларда
аймақта исламдандыру процесі етек алып, христиандық шіркеулер мешіттерге
айналдырылды [7, 16]
Ал, миссионерлік әрекеттер біздің елімізде және Орта Азия
территориясындағы түркі халықтарының арасында өте ерте заманнан-ақ
жүргізілгені белгілі. XVI-ғасырда Ресейдегі Қасым хандығының соңғы мұрагері
Сайын Болатханның шоқынып, өз атын өзгертіп Самсон атанғаны тарихтан
белгілі жәйт. Өйткені шоқынған бұратана атаулының ата-анасы қойған есімі
міндетті түрде өзгертіліп, оның аты мен фамилиясы жаңадан орысшалап
қойылатын дәстүр сол тұстан-ақ қалыптасқандығын аңғартады(8).
Христиан миссионерлігінің Қазақ жеріне орналасуы төрт кезеңге
бөлінеді. Оның бірінші кезеңі-ІІІ-ХІҮ ғғ. аралығын қамтиды. Бұл уақытта
еліміздің және Орта Азия территориясына мелькиттер, яковиттер, несторияндар
Армияндық Апостоль және Католик шіркеулері болатын. Бұл кезеңде Христиан
діні жергілікті басқада діндермен яғни, Зороастризм, Иудайзм, VIII-ғасырда
Ислам дінімен амалсыз ымыраласып әрекет етуге мәжбүр болды. Алайда ХІV
ғасырда Христиандық Ислам дінінің ықпалымен Қазақ даласынан біраз уақыт
ығыстырылды.
Қазақстанда миссионерлік әрекеттің қарқындаған уақыты Ресей империясы
қазақ жерін мемлекет меншігі ретінде жариялаған тұста және шекарасын ресми
түрде белгілеп, картасын сызып бекіткен соң патша үкіметі бұрыңғы уақытша
ислам дінін тарату саясатынан бас тартып, 1862 жылдан бастап ресми түрде
қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын ашық
жүргізе бастады(12). Патша үкіметі бұл миссионерлік әрекетті жан-жақты
зерттеп әрі сақтықпен жүргізді. Мәселен ең шұрайлы жерлерден қазақ
шаруаларын ығыстырып, орыс мұжықтарын көбірек қоныстадыру, жер-су аттары
мен адам есімдерін өзгерту, елді мекендерде аралас мектептерін ашу,
жергілікті халықтың жазу емлелерін ауыстыру, билік структурасы мен туыстық
нинститутарына өзгерістер енгізуді шіркеу мемлекетпен бірлесе жүргізді.
Бұл саяси процесс Ұлы Қазан төңкерісі кезінде біраз уақытқа
тоқтағанымен әрі қарай Кеңес үкіметі миссионерлікті басқаша сипатта
жүргізді. Қысқаша айтқанда Кеңес үкіметі өзіне бағынышты аз халықты қызыл
орағымен орып, балғасымен жаншып, төл діні мен мәдениетінен айырып дінсіз
ұрпақ тәрбиелеп, дүбәрә ұлт жасады. Жетпіс жыл өмір сүріп, тарих сахнасынан
кеткен ұлы держава миссионерлікке айқара жол ашып берді.
Екінші кезең-ХҮІІІ ғасырдың аяғы-ХХ басында Қазақ хандығының Ресей
бодандығын алғаннан кейін, әскерилер арқылы келген. Бұл кезеңнен бастап
орыс православ шіркеуі іргесін берік орнатып миссионерлік әрекеттерін
жүзеге асыра бастады. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың аяғында Ктоликтер,
Протестанттар, Баптистер, Адвентистер және Менониттерде келе бастады. Бұл
Протестанттық секталармен қоса орыс православ шіркеуінен бөлініп шыққан
ескі дәстүрді қолдаушы ағымдары молокандар, скопцылар, иеговист-ильинцилар
Қазақстанға жер аударылған қара шекпенділер арқылы да келіп орналысты.
Үшінші кезең-1917 жылмен 1991 жылдар арасын қамтиды. Бұл дінге деген
жаппай қарсылық білдіріліп, діни ғибадат орындары жабылып, діни
қызметкерледі қудалаған кезең болды.
Ұлы Отан соғысына дейін көптеген діни қызметкерлерді жер аударып,
қатаң түрде жазалап, келген Кеңес үкіметі соғыс басталғаннан кейін дінге
деген қатаң саясатын сәлде болса босаңсытты. Көптеген жабылып қалған
ғибадат үйлері қайтадан ашылып, 60-80-жылдары Католиктер мен түрлі
Протестанттық секталар да ресми тұрғыда пайда бола бастады [7].
Соңғы кезең-еліміздің тәуелсіздік алған жылдармен тұспа-тұс келеді.
Осы уақыт ішінде Республикамыздың территориясында бұрын соңды кездеспеген
ағымдар мен секталар атап айтар болсақ, пресвитариандық және методистік,
протестанттық конфессиялар: Агапе, Жаңа өмір, Грейс благодать, Бахай
сенімі, Ібіліс шіркеулері, Саентология шіркеуі және т.б. өз алдарына
діни бірлестік болып құрылып орналаса бастады [8, 56].
Тәуәлсіздігіміз жарияланып егеменді ел болғалы бері елімізде
жасыратыны жоқ діни экспанция үдеп, дін мәселесі қоғамымызда басты назарда
тұрғаны да жасырын емес. Іргесі бекімеген егемен еліміздің Діни-сенім
бостандығы туралы заңымыздың тым асығыс әрі еш дайындықсыз қабылдануын
пайдаланған кейбір түрлі жат пиғылдағы діни секталар миссионерлік
әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп келеді.
Тәуелсіздік алғалы миссионерліктің қарқынды түрін Дәстүрлі емес діни
қозғалыстар жалғастырды. Бұл діни қозғалыстар өз қызметтерін заманауи
ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып жүргізеді. Көпшілік жиналатын
акт залдырында, стадиондарда сенімді түрде сұхбаттар өткізіп, жеке интернет
сайттары, телеарналар, радиожелілері арқылы хабарлар таратып, өздерінің
жекелеген газеттері мен журналдарына мақалалар, жарнамалар жариялап
отырады. Батыс мемлекеттерінен елімізге және де басқада тәуелсіз
мемлекттерге жіберілетін әдебиеттердің 1991 жылдың қыркүйек айына дейінгі
саны екі миллионнан асып түскен. Соңғы жыдары Қазақстанда қазақ және орыс
тілдерінде шығатын кітап пайызы (қазақша 5%, орысша 21%) сырттан келетін
кітап санының төрттен бірін құрайды [9, 29].
Миссионерлік әрекетті әлемнің бірнеше мемлекеттерінде белсенді түрде
атқарып жүрген Грейс благодать журналдар шығарып, көптеген елде үгіт-
насихат жұмыстарын жүргізеді. Орталығы Лос-Анжелес (АҚШ) қаласындағы
Еваглистер сектасының Благодать шіркеуі бағдарламасында былай делінген
(сөйлемнің мағынасын бұзбау үшін орысша қалпымен келтірейік): Видение:
Словом Божиим изменим мышление народов Казахстана. Цели: Устоновить Центр
по подготовке лидеров чтобы к 2005 году поднять и воспитать мощных и
оптных лидеров в Средней Азии и Казахстане для практического служения в
церкви. Открыть молитвенный центр в Средней Азии и Казахстане, чтобы
мобилизовать молитвенных войнов для защиты и пробуждения в окне 40-70.
Достич полной Евангелизации стране к концу 2010 года. Стратегия: 1.Поднять
мощных духовных лидеров через ячечное служение и к концу 2005 года
поставить не менее 4000 ячеек. 2. Донести Царство Божие В этом обществе
разрушая духовные твердыни этого региона через духовное картографирование и
ходатайственное молитзенное служение (77). Міне бұл республикамыздағы
барлық діни секталардың көздеген түпкі мақсаты. Миссионерліктің жалпы
тарихы мен сан-салалы қырларын ашатын мәліметтер өте көптеп кездеседі.
Десекте біздің еліміздегі миссионерлік әрекеттер туралы жазылып жүргенмен
әлі бір түбегейлі зерттелмеген тақырыптардың бірі саналады. Сол себептен
біз осы еліміздегі христиан миссионерлігі туралы зерттеуімізді Қазақстан
территориясына қай уақытта келгені және олардың өз кезеңдерінде қоғамға
тигізген кері әсерлерін нақты фактолар арқылы берсек.
1. 2 ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ ИЕГОВА СЕКТАСЫ
Соңғы кездерде дәстүрлі емес діни қозғалыстарға көптеген
классификациялар беріліп жүрседе, жіктелуі туралы ғылымда ортақ жүйе
қалыптаспаған, оның себебі мәселенің күрделілігінде. Кейбір дінтанушы
ғалымдар немесе зерттеушілер бір діни сектаны белгілі бір топқа жатқызса,
екінші бір зерттеушілер оны басқаша жіктейді. Дінтану ғылымында діни
секталарды генетикалық шығу тегіне, дүниетанымдық негіздеріне қарай шартты
түрде топтастыру қалыптасқан. Заманауи тәртіпке қатысты дәстүрлі емес діни
қозғалыстар үш топқа бөлінеді: дүниеге төзімділікпен қарайтын яғни,
дүниелік заңдармен саяси- әлеуметтік қағидалардан тыс олардың үстінде
тұратын кемел қоғам құру идеясын қолдамайтын діни секталар. Бұл топқа
тантралық бағыттағы діни және дүниетанымдық ілімдер жатады. дүниені жоққа
шығаратын дәстүрлі емес діни ағымдарда негізгі мәселе дуалистік ілімдерінде
немесе әлемде өзара күресуші бітіспейтін ізгілік пен зұлымдық секілді екі
күш бар, мәңгілік ізгілік орнайды деген эсхатологиялық сенім.
Генетикалық принцптері бойынша діни секталарды заманауи дінтанушылар
мен әлеуметтанушы ғалымдар: А. Баркер, Э. Бенса, Ч .Глока, М. Йингер, В.
Уильсон, М. Элида және т.б. еңбектерінде: Дәстүрлі емес діни
қозғалыстардың пайда болуы ерте замандағы өркениеттерден бастау алған.
Поленезияда, Солтүстік Америка үндістерінде, Африка құрылығымен Малайзияда
бұдан жүздеген жылдар бұрын мәдениеттердің өзара қақтығысынан, қалыптасқан
өмір сүру нормативтерінің бұзылуы және сана- сезімнің езілуі салдарының
сондай- ақ миссионерлік прозелитизм салдарынан пайда болған [10, 78].
Осы дәстүрлі емес діни қозғалыстардың генетикалық принцптеріне қарай
классификациялануы туралы ғалымдар жан- жақты пікір ұсынады. Мысалы
психолог Маргарет Тэлор Сингер: неохристиандық діни топтар; шығыстық және
үнділік діни топтар; оккульттік, магиялық және сайтанға табынушылар тобы;
спиритуалдық топтар; шығыстық мистикалық- философиялық бағыттағы Дзендік
топтар; нәсілшілдік топтар; психологиялық немесе психотерапевтік топтар;
саяси топтар; діни- психологиялық топтар.
Әлеуметттанушы Роналд Энроттың зерттеуі бойынша: шығыстық- мистикалық
топтар; жалған Христиандық (псевдористианские) топтар; діни- психологиялық
топтар; эклетикалық және синкеттік топтар; парапсихологиялық, окульттік
және астральді топтар.
Психолог Майкл Лангун былайша жіктейді: шығыстық медитация;
христиандық қозғалыс; окульттік, магиялық және сайтанға табынушылық; саяси
терроризм; психотерапия; нашақорлыққа қарсы топтар; коммерциялық культтер
[11].
Белгілі дін зерттеушілері К.В. Кислюк және О.Н. Кучердің
еңбектерінде: неохристиандық бірлестік; неоориентальдық культтер;
саентологиялық бағыт; синтетикалық діндер; жаңапұтқа табынушылық; сайтанға
табынушылық. Біз осы соңғы ғалымдардың жасаған тұжырымдарын қолдаймыз,
себебі бұл тұжырым генетикалық жағынан тура келеді.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстарға генетикалық тұрғыда берілген
классификациясына төмендегідей талдау жасалынады: жаңа христиандық діни
секталар- бұл қозғалыстар Библияны басты қайнары ретінде таниды. Иса-
ілімдернің орталық фигурасы, бірақ олардың Иса туралы түсініктері дәстүрлі
христиан дінідегі бейнесінен мүлде басқаша қарастырады. Мессияндық
(құтқарушы), құтылу, эсхатологиялық ілімдеріне аса мән беріп, ресми
шіркеуді мойындамай ғұрыптарын басқаша атқарады. Бұл топқа Грейс благодать,
Мормондар, Христос тәні, құдай уағызы және т.б. көптеген інжілдік
христиандарының діни секталары жатады: жаңашығыстық діни ғұрыптар- бұл діни
ғұрыптардың негізінде қазіргі заманға бейімделген (модренизация) буддизм,
синтоизм, индуизм діндерінің діни ілімге аса мән бермейтін, ғұрыптық
практиканы жоғары қоятын (медитациялармен шұғылданатын) Кришна қоғамы,
Йога, Дзэн буддизм, жаңа синтойзм ғұрыптары және т.б. діни қозғалыстар;
саентологиялық бағыттағы- дін, ғылым және құпия ілімдерді синтездеп, адам
психикасының құпия тылсым сырларын ашып оны ізгілікпен молшылыққа кенелтіп,
бақытты етудің мақсатындағы діни секталар. Саентология шіркеуі, Ақыл ілімі,
Христиан ғылымы тәрізді діни қозғалыстар осы топқа кіреді; синкреттік
бағыттағы- бүкіл адамзатты бір дінге біріктіруді мақсат етуші Бірігу
шіркеуі, Бахай сенімі және Ұлы Ақ ағайындар секілді дәстүрлі емес діни
бірлестіктері жатады; шайтанға табынушылық- зұлымдықты насихаттайтын,
мистикалық тұрғыда шайтанмен байланысқа түсуді уағыздайтын құпия әрекеттер
жасайтын діни ілімдер. Оларға прагматизм, зорлық- зомбылық жасау, күш
көрсету, оқшауланушылық элементтері тән; жаңа пұтқа табынушылық – әр
елдердің көне нанымдары мен сенімдері негізінде жаңадан пайда болған,
сондай- ақ әлемдік діндерді бір ұлттың дініне айналдыруды мақсат еткен
немесе сол діндердің түп негізін көне нанымдардың элементтерінен құралған
деп, оларды ғылыми негіздеуге тырысатын ғұрыптар[12, 12].
Қазақстан қоғамының рухани тұрғыда жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды
рөл атқарды Ислам, Христан және Иудайзм діндерінің жалпы адамзаттық және
гуманистік ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты
орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрметпен
түсінушілікті нығайтуға қызмет етеді.
Бірақ біздің мемлекетіміз діни теократиялық емес зайырлы мемлкет. Ол:
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары[13].
Зайырлылық әртүрлі яғни, оның принципінің іске асырылу моделдері көп.
Зайырлылық мемлекеттің діндерге ұстанатын принціпі мемлекеттің басты
заңында азаматтарына діни сенім бостандығына заңды түрде кепілдк береді.
Бұл деген мемлекет азаматтырдың діни сеніміне араласпайды. Азамат дінге
сене ме, сенбей ме таңдау құқығына еркіндік береді.
Зайырлылық принципінің мәні мемлекеттің азаматтарына заң жүзінде діни
сеніміне, таңдауына және ұстану құқығына кепілдік береді. Мемлекет неге
зайырлылық принципін ұстанады? Өйткені дін (сенім) адамның ішкі дүниесіне
қатысты, ол- жүрекке орналасады. Сондықтан да мемлекеттің зайырлылық
принципін ұстанатыны осында.
Дінімізде де зайырлылықтың мәні осы яғни, Құран Кәрімде: Дінде зорлық
жоқ немесе Сенің дінің өзіңе, менің дінім өзіме, -деген. Әркім қандай
дінде болсын оған ешкімнің қарсылығы жоқ, оны адамның қалау еркіндігін
өзіне береді. дін саясатына деген ұстанымы бөлек. Заң жүзінде барлық діни
бірлестіктер мен түрлі конфессияларға тең құқық бергенімен, саясаты
басқаша. Мемлекетіміз дәстүрлі діндерді қолдайды. Себебі бұл әлемдегі
дамыған мемлекеттердің практикасында бар. Мысалы Англия зайырлы мемлекет
болса да іс жүзінде Англикан шіркеуін, Ресейде Православ дінін, Амермиканың
өзі католик діні мен протестанттарға, Египет заң жүзінде зайырлы болғаны
мен мемлекеттік діні Ислам. Түркия да Ислам дініне қолдау көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясында ождан бостандығы мен діни
бостандықтың қағидаттары, әртүрлі конфессияларға жататын азаматтардың
өздерінің діни бірлестіктерін құрудағы тең құқылығы, мемлекеттің діннен
бөлінгендігі туралы қағидаттар бекітілген. Сондай- ақ діннің және діни
бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне
негізделген өзге де бірқатар нормативтік- құқықтық негіздер бар. Соған
қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен
рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік- саяси, рухани салаларына тигізер
әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл
анықталмаған. Осындай белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі
қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа үрдістерге байланысты анық та айқын
аңғарылуда. Бұл әрине дін мен діни сананың күдік туғызатын діни- рухани
нормалары мен догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың
пайда болуына байланысты.
Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіл әлемдік діни- рухани форумның орталығы
есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұлым
маңызды мәселелерді шешу үшін жиналады. Діни басшылардың басқосуында
толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу мен ұлтаралық келісім
қағидаттары анықталды. Бұл туралы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында
былай делінген: Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және
Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз.
Осындай маңызды шаралар жасалып тұрғанмен елімізде дін мемелекеттен
бөлінген. Яғни дін мемелекеттің, мемелекет діннің ішкі істеріне
араласпайды. Бірақ бұл іс жүзінде мүмкін емес. Дінге сену дегенміз құдайдың
бар екеніне сену ғана емес. Дін- өмір сүру ережесі, идеялогия, салт- сана
[14, 155].
Дін- әлемді байланыстыратын, интеграциялық үдерістердің күшті факторы
бола алады. Ол үшін діндердің қайшылықтары емес, керісінше, ортақ белгілер
мен қағидаттары, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші
бастауды іздеуге міндеттіміз. Қазақстан ерте заман- ақ діни толеранттылық
пен конфессияаралық келісім ісінде игі дәстүрлерге ие және сан алуан
мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның
аумағында әртүрлі нанымдар бейбіт өмір сүрген, яғни толеранттылық пен
конфессияаралық келісімнің үлгісі болған. Сондықтан Президентіміз
Н.Назарбаев: Бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат. Бұл рухани
дәстүр, қандай шеңберде болмасын Құдайдың өзіне деген ашықтық. Бұл-
Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі. Біз
әлемге өзіміздің толеранттығымызбен, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен
диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің өскелең дүниетанымдық әулеті бұдан
әрі қарай да сақталуға, дамуға тиіс [15]. Осы тұрғыда еліміздегі этно-
демографиялық, саяси- әлеуметтік жағдайдың дамып, өзгеруіне байланысты осы
идеялардың арасынан, басталған реформалардың табысты жүргізіліп, оған қоғам
мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ететін, халықтың көпшілк бөлігінің
рухани сұранысын қамтамасыз ете алатын дара түрін мемелекеттік дәрежеге
көтеру қажет.
Тәуелсідіктің бастапқы кезеңіндегі қоғамымыздағы идеялогиялық
бостықты, сондай- ақ берілген заңды құқықтық артықшылықтарды ұтымды
пайдалануға тырысқан жат жерлік дәстүрлі емес идеялық ағымдар, Елбасымыз
Н.Назарбаевтың Ұлттық идея ол ең алдымен өзінің ұлттық тұтастығын айқын
түсінуге негізделеді. Ұлттық идея қоғамның өз ішінде пісіп жетіледі. Онда
сырттан таңылған сипат болмайды. Ұлттық идея идеялогия жәдігөйлерінің ашқан
жаңалығы емес, миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерін
түсінуінің жемісі болып табылады. Ұлттық идеяны қалыптастырумыз өзіміздің
төл тарихымызды жаңаша ұғыну негізінде ғана мүмкін болмақ деп атап
көрсеткеніне қарамастан Қазақстан қоғамынан өз орындарын алуға тырысты.
Түрлі саяси, әлеуметтік- экономикалық себептерге байланысты дәстүрлі емес,
жергілікті халық санасына қайшы кейбір идеялық ағымдар қоғам мүшелерінің
көлемді бөлігіне идеялық ықпал ете алатын дәрежеге жетті. Дегенмен, сол
идеялардың көпшілігі жергілікті этностың, әсіресе бірден- бір титулды
саналатын қазақ халқының рухани талабына сәйкес келе алмағандықтан, қоғам
мүшелерінің басқа бір тарапынан белсенді қарсылыққа тап болып, халықтың
ұлттық- психологиялық болмысына елеулі нұқсан келтіріп жатыр.
Жалпы, белгілі бір идеяның мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелері
тарапынан қолдау табу үшін негізгі екі талапқа жауап беруі тиіс.
Біріншіден, ол сол мемлекетте өмір сүріп отырған халықтың мақсат
мүддесіне, болмысымен толық сәйкес келгені жөн. Бұл туралы Монтьеске:
заңдар, үкіметтің табиғаты мен принциптеріне, басқару формасына, елдің
географиялық факторы мен физикалық қасиеттеріне, жағдайы мен көлеміне,
климатына, топырақ сапасына, халықтың тұрмыс тіршілігіне, санына, байлығы
мен қабілетіне, әдет- ғұрпына сәйкес болу керек,- деген [16, 530-560с].
Екіншіден, идеологиның мемлекеттік сипат алуына қажетті тағы бір қасиет
оның сол мемлекет тарихымен сабақтас болып, ұзақ мерзімдер бойы сол қоғамда
үйреншікті, жетекші идеялогиялық деңгейде болуы тиіс.
Адамдардың діни сеніміне қатысты Қазақстан Республикасы
Кониституциясының 22- бабында былай делінген: Әркімнің ар- ождан
бостандығына құқығы бар. Адамның қандай діни сенімге енуі, оның жеке
басының ісі. Бұл жөнінде Президент Н.Назарбаев: Әртүрлі этникалық және
діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің
болашағы жоқ,- деген. Конституцияның бесінші бабында дін және діни
бірлестіктер туралы былай жазылған: 3. Мақсаты немесе іс- әректі
Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге оның тұтастығын
бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік,
ұлттық, діни, тектік- топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған
қоғамдық бірлестіктер және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда
көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тиым салынады.
4.Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіп одақтарының,
діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіп
одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен
халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді. 5.Шетелдік діни
бірлестіктердің Республика аумағында қызметі, сондай- ақ шетелдік діни
орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы
Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге
асырылады.
Он төртінші бапта: 2. Тегіне, әлеуметтік, лаузымдық, және мүліктік
жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез- келген өзге жағдаяттар бойынша
ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Он тоғызыншы бапта: 1. Әркім өзін қай ұлтқа, қай партияға және қай
дінге жататынын өзі анықтау және көрсету- көрсетпеуге хақылы.
Жиырмасыншы бапта: 3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп
өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан
келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік- топтық және
рулық астамшылықты, сондай- ақ қатігездік пен зорлық- зомбылыққа бас ұруды
насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді[17].
Демек, дін және діни бірлестік туралы құқықтық конституциялық негіз
жасалған. Бірақ, бүгінде 1992 жылы қабылдаған Діни сенім бостандығы және
діни бірлестіктер заңды 1995 жылғы қабылдаған соңғы конституция
негіздеріне сай етіп, қайта толықтыру мәселесі басылым беттерінде
талқыланып жатыр.
Біздің ойымызша Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы
қабылданған демократияшыл деп санайтын заңды, ұлттық мүддені, ұлтымыздың
болашағын, ислами құндылқтарын жоғары қоймайтын, дәстүрлі емес діндердің
миссионерлері үшін өте қолайлы деп есептейміз. Себебі заңның 4- бабында
Барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей, делінген. Осы
баптағы норманы кеңейтіп айтар болсақ, оның қайшылығы діндер мен діни
бірлестіктерді тең қояды. Дін мен діни бірлестіктер екеуі- екі нәрсені
білдіреді. Әлемдік діндер ол- Ислам, Буддизм, Иудайзм және Христиан. Ал
қалғандары осы негізгі діндерден тарайтын ағымдар мен секталар. Діндер мен
олардың салалары (ағымдары) миллиардтаған миллиондаған адамдарды
біріктіреді.Діни бірлестік болса, он адамнан құрыла алады. Сонымен қатар
діни бірлестік негізгі діннің шағын бір бөлшегі болғандықтан дәстүрлі
діндер мен теңесе алмайды.
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі бұл- дәстүрлі емес діни
қозғалыстардың қызметтерін ретке келтіру. Олардың әрекеттері қоғамда
негтивті көзқарастар туғызып отыр. Миссионерлік әрекеттерінде белсенді
түрде жүргізіп отыр. Қоғам мүшелерінің көпшілігі өзінің тарихи, дәстүрлі
діндерінен шығып, секталардың мүшелеріне айналып отыр. Осының негізінде
дәстүрлі отбасылық және қоғамдық қарым- қатынастың діни негізде бұзылуы
орын алып жатыр.
Бұл туралы мемлекет әзірге заң жүзінде шара қолданып жатқан жоқ, тек
қоғамда қарсы пікір ғана бар. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қызметтерін
заң арқылы реттеу керек. Ол үшін біздің еліміздегі діни ахуалды, діни
қатынастарды, әсіресе олардың әдіс- амалдарын, қаржылық көздерін,
еліміздегі ұлтаралық және дінаралық бірлік пен тұтастыққа тигізіп отырған
залалдарын терең зерттеу керек.
Христиан діні миссионерлік пен ғасырлар бойы айналысып келеді. Ал енді
осы миссионерлікті жүргізудің үш сатылы мақсаты бар. Бұл еш өзгермейді.
Бірішісі- Христиан дінін жаю, Исаның дініне кірушілердің санын арттыру.
Екіншісі- сол елдегі шіркеулер құрылысын салмас бұрын шіркеуді толтыратын
маман, адамдарды табу; ол үшін сол елдің зиялыларының шығармаларына,
мәдениетіне христиандық элементтерді еңгізу. Үшіншісі- дамыған Батыстық
өркениетті христиандықпен бір деп көрсету. Батыс өркениеті мен мәдениетін
негізгі өлшем, эталон ретінде ұсыну,еліктіру шарт.
Елімізде діни құндылықтарға деген талпыныс ескірген кеңестік
идеологияның салдарынан болды. Бұл процесс өзіндік мәнге ие. Дінге деген
құлшыныста ең алдымен интелегенция мен зиялы қауым өкілдері белсенділік
танытты. Осы кезге дейін дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діндер
мемлекетімізде ірі рухани- мәдени орталықтарға айналуда.Соның көпшілігі
Алматы, Қарағанды қалалары мен республикамыздың басқада аймақтарында
шоғырланған. Бұл көрсеткіш дәстүрлі емес діни қозғалыстардың еліміздің
аумағына жаппай таралуын білдіреді.
Өте ғасырдың 90- жылдарында осы Кришна санасы қауымдастығынан бөлініп
шыққан діни ағымдары мен ілімдері вайшнавов бірлестігі, Сатья Сай Баба, Шри
Чиньмония және т.б.мемлекетіміздің территориясына орналаса бастады. Бұл
бірлестіктер Алматы, Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облыстарының және
еліміздің басқада өңірлерінде өз ілімдерін, ежелгі үнділердің рухани-
мәдени құндылықтары, қасиетті Веда мәтіндері мен философиясын насихаттауда.
Тоқырау кезеңі мен дінсіз қоғамның нәтижесінде діни, жартылай діни және
діни ұйымдардың еліміздің территориясына жаппай келіп орналасуына жағдай
жасады. Осындай саясаттың арқасында көптеген діни бірлестіктер заңды түрде
өздерін діни емес ұйым ретінде тіркеуден өткізіп алған. Қазірдің таңда
Алматы қаласының өзінде мұндай ұйымдардың жиырмадан астамы бар, мүшелерінің
көпшілігі ұлтымыздың зиялы қауым өкілдері, ғылым докторлары мен кандидаттар
да бар. Олардың қатарын кейде шығармашылық ізденіспен жүрген жазушылар,
журналистер мен суретшілер де толықтырып отырады, мысалға: Әлем
раушандары, Әлем нұры, Акрезон Археев және басқа діни бірлестіктердің
мүшелерінің дені интелегенттерден құралған. Сонымен қатар республика
аумағында мүшелері жиырма адамнан аспайтын оринталистік және
неоринталистік бағыттағы: (олар саны төртеуден аспайды) Трансцендентальді
медитация, Әлемдік бірігу шіркеуі және т.б.да діни ұйымдар қызмет атқаруда.
Қазақстанда жастар арасында кейінгі кезде орын алған шайтанға табынушы
культтері пайда болуда. 90- жылдары Қарағанды облысының Саран қаласында
олар мемлекеттік тіркеуден өткізуге өтініш білдірген.
Үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары елімізде жаңа пұтқа табынушылардың
неофиттер деп аталатын ағымы пайда болған. Неофиттер 90- жылдардың басында
еліміздің басқада аймақтарына тарала бастады. Жаңа діни қозғалыстардың
Протестант бағытындағы Қазақстанда бұрын кездеспеген секталары отанымыздың
территориясына жаппай таралу белсенділігі тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1994-
96 жылдары орын алды(61).
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар дәстүрлі діндердің бейқамдығын мен
қорғансыздығын, заң олқылықтарын, тұрмыс қиыншылығы мен жұмыссыздықты
пайдаланып, рухани экспанция жүргізіп жатыр. Бұл еңбектері жеміссіз де
емес. Шетел инвестициясы тек мұнай және газ саласына құйылып жатқан жоқ,
рухани өріске де ауыз салуда. Секталар кәсіпорын ашып, оған өз дініне енген
Қазақстан азаматтарын ғана жұмысқа қабылдайды.
Дәстүрлі емес діндердің құрамына кіруге екі фактор әсер етеді. Оның
біріншісі рухани фактор болса, екіншісі материалдық фактор. Батыс елдерінде
адамдардың көбінің жаңа діндерге кіруіне рухани фактор әсер етсе, біздің
елімізде материалдық, рухани және діни факторларға байланысты. Ең басты
нәрсе жұмыссыздық. Одан кейін діни сауаттың жоқтығы. Оларға діни ақпарат
беретін біздің діни басқармамыздың мамандары жеткіліксіз және көбі
қоғамдық білімдерден сауатсыз. Кейбір баспасөз деректеріне сүйенсек Батыс
елдері жылына тек миссионерлік үшін 23 млрд. доллардан астам қаржылай көмек
беріп отырады. Соның 11 млрд. Қазақстандағы миссонерлік әрекеттеріне
бөлінеді.
ғибадаттары аптыасына Қазақстанда қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-
салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1- қаңтарда 30 конфессияға
тиселі 700- ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1- қаңатрында 3206
діни бірлестіктер жұмыс істеген. Мемлекет аумағы 1,052,540 шаршы милль, ал
халық саны мемлекеттік агенттіктің 2006 жылғы қаңтар айындағы
статистикасына сай 15, 219, 300 адам. Этникалық жағынан халқы көп тектес
және әр түрлі діни топтар кездеседі. Көшпенділік және кеңес тұрмыс-салтының
ішінара ықпалына байланысты кейбір тұрғындар өздерін ешқандай дінге
жатқызбайды. Бірнеше зерттеушілердің пайымдауынша және жүргізілген
сауалнамалардың көрсетуінше, халықтың діни сенімі және діни ғибадат ету
рәсімдеріне қатысу деңгейі төмен. Үкімет тіркелген конгрегациялар мен
ұйымдар саны жөнінде статистика жүргізеді, алайда әр бірлестіктің көлемі
жөнінде мәлімет жоқ. Діни ұйымдар жайында соңғы толық және сенімді
статистика көрсеткіштерін 1999 жылы өткен халық санағынан алуға болады.
1999 жылдан бері тіркелген, құрамы жағынан шағын конгрегацияға жататын
топтардың саны айтарлықтай өскенімен, Қазақстан үкіметі белгілі бір дінге
сенушілердің пайызы бірқалыпты деп санайды [21].
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін
бостандығы жаңа арнаға түсті. Кеңес империясы негізінде атеизм мемлекеттік
идеология болғандықан діни әрекетке шектеу қойылған болатын. Маркстік
–Лениндік ілімнің келмеске кетуімен бірге атеизм бұрыңғы күшін жойды.
Атеистік дәстүр орнына дінге сену ісі өріс алды. Қазіргі Қазақстанда 46
конфессия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік құқық
қорғау орындарында тіркелген. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионер
республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бәрі 1992 жылғы Діни сенім
бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңмен реттелген. Соңғы халық
санағы бойынша қазақтардың еліміздегі үлес салмағы елу пайыздан асқандықтан
ислам дінінің қоғам орнындағы орны ерекше [22, 79].
Ислам діні Қазақстанда мемлекеттік дін болмағанымен жұртшылық арасында
беделі зор. Себебі қазақ халқының мәдениті, салт- дәстүрімен біте қайнасып
кеткен дін. Республикада Ислам дінінің өрістеуіне шетелдік мұсылман елдері
ресми тұрғыдан ынта білдіруде [23].
Мемлекеттік статистика агенттігінің мағлұматтарына сүйенсек,
протестандық христиандардың конгрегациясы орыстардың православиялық
конгрегациясынан саны жағынан жоғары, алайда протестандық дінді
ұстанатындардың саны көп емес секілді. Осы құжат қамтитын уақыт барысында
Қазақстан үкіметі 93 дәстүрсіз протестандық христиандардың шіркеуі және осы
шіркеулерге қызмет ететін 45 шетел миссионері тіркелгенін хабарлады.
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700
діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай республикада 62 діни
бірлестікке енетін 5000 қауым бар. Олардың 75% мұсылман қауымы құраса, 1300
қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік
христиан –баптистердің 378 қауымы болса, 222– сі орыс православиялық
шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың
70% жуығы мұсылмандар, православиялықтар– 28%, католиктер– 1%,
протестантар– 0,5%, басқалары– 0,01%.
Ал соңғы яғни, 2008 жылдың 1-қаңтарында Әділет министрлігінің жанына
құрылған Дін істер комитетінің мәліметіне сүйенсек:
Ақмола облысы бойынша: 143 мұсылман, 26 православ, 11 католик, 116
протестант, 4 иудейлік, 1 дәстүрлі емес діни қозғалыстар, 201 бөлім, шағын
діни топтар 83, 17 тіркелмеген ұйымдар, 24 миссионер, 168 ғибадат орындар,
оның ішінде мұсылмандық 120, православтық 21, барлығы 301;
Ақтөбе обылысы: 68 мұсылман, 5 православ, 2 католик, протестант 26,
иудейлік 1, дәстүрлі емес діни қозғалыстар 1, 8 қайырымдылқ қорлары, 102
бөлім, шағын діни топтар 83, тіркелмеген ұйымдар 3, миссионер 15, ғибадат
орындар 76, барлығы 111;
Алматы облысы: 363 мұсылман, 46 православ, 10 католик, 142 протестант,
1 иудейлік , 2 дәстүрлі емес діни қозғалыстар, 533 бөлім, 28 шағын діни
топтар, 3 тіркелмеген ұйымдар, 7 миссионер, 484 ғибадат орындар;
Атырау облысы: 363 мұсылман, 2 православ, 2 католик, 7 протестант, 1
иудейлік , 40 бөлім, 11 миссионер, 29 ғибадат орындар барлығы 40;
Шығыс Қазақстан облысы: 149 мұсылман, 34 православ, 5 католик, 101
протестант, 1 иудейлік, 9 дәстүрлі емес діни қозғалыстар, 272 бөлім, 24
шағын діни топтар,3 тіркелмеген ұйымдар, 9 миссионер, 215 ғибадат орындар ,
барлығы 299;
Жамбыл облысы: 266 мұсылман, 10 православ, 1 католик, 73 протестант, 1
иудейлік, 2 дәстүрлі емес діни қозғалыстар, 1 қайырымдылқ қорлары, 316
бөлім, 33 шағын діни топтар, 5 тіркелмеген ұйымдар, 2 миссионер, 326
ғибадат орындар , барлығы 354;
Батыс Қазақстан облысы: 41 мұсылман, 16 православ, 1 католик, 17
протестант, 1 дәстүрлі емес діни қозғалыстар, 1 Буддизм, 7 қайырымдылық
қорлары, 68 бөлім, 16 тіркелмеген ұйымдар, 4 миссионер, 52 ғибадат орындар
, барлығы 84;
Қарағанды облысы; 126 мұсылман, 25 православ, 17 католик, 215
протестант, 3 иудейлік, 8 дәстүрлі емес діни қозғалыстар, 3 қайырымдылқ
қорлары, 256 бөлім, 112 шағын діни топтар, 29 тіркелмеген ұйымдар, 66
миссионер, 295 ғибадат орындар , барлығы 397;
Қостанай облысы: 47 мұсылман, 26 православ, 4 католик, 3 протестант,
4 иудейлік, 3 дәстүрлі емес діни қозғалыстар, 2 қайырымдылқ қорлары, 137
бөлім, 46 шағын діни топтар, 6 тіркелмеген ұйымдар, 20 миссионер, 82
ғибадат орындар , барлығы 189;
Қызылорда облысы: 129 мұсылман, 2 православ, 23 протестант, 2
иудейлік, 1 дәстүрлі емес діни қозғалыстар, 139 бөлім, 18 тіркелмеген
ұйымдар, 4 миссионер, 140 ғибадат орындар , барлығы 157;
Маңғыстау облысы: 16 мұсылман, 1 православ, 1 католик, 8 протестант, 1
дәстүрлі емес діни қозғалыстар, 23 бөлім, 4 шағын діни топтар, 3 миссионер,
140 ғибадат орындар , барлығы 27;
Павлодар облысы: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz