Египет пирамидаларының тарихы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.9
І. Египет пирамидаларының салыну тарихының зерттелуі ... ... ... ... ...10.29
1.1. Көне және орта ғасырлық зерттеушілердің Ежелгі Египет пирамидаларының құрылысы туралы зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... .10.19
1.2. Ерте жаңа заманнан бастау алған зерттеулер тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.29
ІІ. Ежелгі Египет пирамидалары және оның қоғамдағы идеологиялық, әлеуметтік.экономикалық жетістігі ретіндегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30.
2.1. Алғашқы әулеттер перғауындарының саяси билігінің діни идеологиялық негіздемесі және оларға табыну культінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30.42
2.2. Алғашқы әулеттер және Ежелгі патшалық тұсындағы Египет пирамидаларының тұрғызылуының әлеуметтік.экономикалық астары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43.69
2.3.Орта және Жаңа Египет патшалары тұсындағы пирамидалық құрылыстар тұрғызылуының шектелуінің қоғамдық саяси және экономикалық себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70.78
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79.89
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .90.93
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .94.98
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .99.
Өзектілігі. Ежелгі Египет пирамидалары көптеген ғалымдардың, зерттеушілердің, археологтардың қалам тартып, зерттеп жүрген күрделі мәселелерінің бірі. Египет пирамидаларын зерттеумен антикалық тарихшылардан бастап бүгінгі тарихшылар да шұғылдануда. Египет пирамидаларын зерттеудің маңызды және өзекті мәселелерге айналуының басты себебі пирамидалардың бойында тұнып жатқан құпиялар мен олардың геометриялық және математикалық өлшемдері. Алып тас құрылыстардың архитектурасындағы геометриялық дәлдіктер және осыдан 40 ғасыр бұрынғы адамдардың салмағы 200-500 тонна болатын тақтатастардан пирамидаларды еш техниканың көмегінсіз тұрғызуы әлі күнге дейін ғалымдарды таң қалдырып келе жатыр.
Египет пирамидалары тас құрылысының ең жоғарғы жетістігі болып табылады. Оның құрылысы архитектура саласында әлі күнге дейін өз маңызын жоймай келеді. Сонымен қатар, Египет пирамидалары Ежелгі Египет халқының, мәдениетінің тамаша жетістігі бола отырып, олардың өмірі, тарихы, тұрмыс-тіршілігі туралы маңызды мәліметтер береді.
Көптеген зерттеушілер «Пирамидаларды не үшін, кім үшін, қалайша тұрғызды екен?» деген сауалдарға жауап іздеп, оған әркім әр түрлі жауап береді. Мәселен, «Пирамидалар перғауындардың зор билігінің айғағы болды» десе, енді біреулері «Пирамидалар Египет байлығының монументальдык көрінісі» дейді. Осындай жауаптардың әрқайсысында ақиқаттың бір үлесі жатқандай. Алайда кейбір патшалар өздеріне арнап пирамидалар тұрғызбаған. Бірақ, олар да пирамидалар салдырған перғауындар сияқты құдіретті болған. Мысалы, II Рамсес Джосер немесе Хинджерадан да бай болған, дегенмен өзінен кейін пирамида қалдырмаған. Месопотамияның да әлеуметтік жағдайы Египеттікі сияқты болды, бірақ онда да пирамида тәрізді патша табыттары ешқашан болған емес. Олардың сыры неде? Тығырықтан шығар жол бар ма?
Пирамидалар құдай деп саналған перғауындардың табыттары, яғни діни сипаттағы құрылыс болғандығын зерттеушілер анықтағаннан кейін ғана мұндай тұйықтан шығудың жолы табылды.
1)Африка: Встречи цивилизации / Под ред. В.Б. Мириманова. - М.: Мысль, 1970.-218с.
2) Белова Г.А. Загадки Древнеегипетских пирамид// Вестник Древней
истории. - 1983.-№5.-С 92-101.
3) Берар П. Религия в современном мире / Пер. с рум. - М.:
Политиздат,1979.-144с.
4)Большаков А.О. Из истории Египетской идеологии Старого царства // Вестник Древний истории. - 1982.-№2.-С 97-101.
5)Болшаков А.О., Сущевский А.Г. Образ и писменность в восприятии Древнего египтянина.-2003.-№1. -С 45-59.
6) Вавилов С.И. Очерки по истории техники Древного Востока. - М.: издательство Академии наук СССР, 1940.-352 с.
7) Варга Д. Древний Восток: У начал истории письменности. -Будапеш: Корвина, 1979.-159 с.
8) Васильев Л.С. История Востока: В 2 т. Т1: Учеб по спец. «История».-2-е изд., испр. и доп.- М.: Высшая школа, 2001.-512 с.
9) Васильев Л.С. Историч религий Востока. Учебное пособие для
вузов.-5-е изд. -М: Книжный дом «Университет», 2000.-432с.
10) Вернер М. Древний Египет: загадки и открытия //Вестник Древнийистории. - 1991.-№1.-С 138-165.
11) Воропаева К.Л. Существует ли загробная жизнь? -М:
Госполиздат,1958.-88с.
12) Всемирная история: Бронзовый век /А.Н. Бадак, И.Е. Войнич, Н.М.Волчёк и др. - Мн.: Харвест, М.: ООО «Издательство АСТ», 2000.-512с.
13) Гонейм М.З. Потерянная пирамида. - М.: Географгиз. 1959.-120с.

14) Дженкинс Н. Ладья под пирамидой / Пер. с англ. Ф.Л. Мендельсона. Послесл. Т.Н. Савельевой.- М.: Главная редакция восточной литературы издательство «Наука», 1986.-127 с.
15) Донини А. Люди, Идолы и Боги. Очерки истории религии. Пер. с
итал. И.И. Кравченко. Изд. 2-е испр. и доп. - М: Политиздат, 1966.-368с.
16)3аблоцка Ю. История Ближнего Востока в древности (от первых поселений до персидского завоевания) /Пер. с польск. Д.С. Гальпериной. Предисл. В.А. Якобсона. -М.: Наука, 1989.-415 с.
17) Замаровский В. Их величества пирамиды. - М.: Наука, 1981. –
432 с.
18) История Древного Вс-стока / Под ред. В.И. Кузищина. - М: Высшая школа, 1988. -416с.
19)История Востока. Т.1. Восток В древности. - М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1997.- 668 с.
20)История Древнего Востока. Зарождение древнейших классовых обществ и первые очаги рабовладельческой цивилизации. Часть вторая. Передняя Азия. Египет./Под ред. чл.- кор. АН СССР П.М. Бонгард - Левина. -М.: Главная редакция восточной литературы «Наука», 1988.-623 с.
21) 26) Кинк Х.А. Как строились Египетские пирамиды.-М.: Наука, 1967.-1 Юс. -М.:Мысль, 1981.-223с
23) Кормышева Э.Е. Новые археологические открытия В Египте (1985-1987г.г.)//Вестник Древней истории. -1990.-№3,-С 186-191.
24) Коростовцев М.А. Религия Древного Египта.- М.: Наука, 1976.-
325с
25) Коростовцев М.А. Из истории Удинастии В Древном Египте //Вестник Древней истории.-1941.-№1.- С 31-44.
26) Котрелл М. Во времена фараонов. - М.: Наука, 1982-380 с.
27) Крол А.А. Хеб-сед и становление Древнеегипетского государства.-
2001.-№4.-СЗ-11.
28) Кубланов М.М. Мыслители древности о религии. - М.: Госполитиз
дат,-1960.- 104с.
29) Культурное наследие Востока: Проблемы, поиски, суждения. - Л.:
Наука, 1985.-338с.
30)Ладынин И.А. и др. История древного мира: Восток, Греция, Рим/Ладынин и др. -М.:Филол. о-во «СЛОВО»; Изд-во Эксмо, 2004. - 576с.
31) Литвиненко Ю.Н. Египетские путешествия М.И. Ростовцева //Вестник Древний истории. -2001.- №2. -С 140-149.
32) Малеваный А.М. Классовая борьба в Древнем мире. –Издательство Казанского университета, 1987.-112с.
33)Максаковский В.П. Историческая география мира: Учебное пособие для вузов. - М: Экопрос, 1999.-584с.
34) Мартин Дж. Саккарская гробница Маиа, казначея фараона Тутанхамона: новое открытие //Вестник Древний истории. - 1991. - №3. -С 159 -165.
35)Матье М.Э. Искусство Древнего Египта. -М.: Искусство, 1970.- 197с.
36) Мифологический словарь/Гл. ред. Е.М. Мелетинский.-М.: Советская энциклопедия, 1991.-736 с.
37) Моисеева Л.А. История цивилизаций.-«Феникс» Ростов-на-Дону, 2000.- 287 с.
38) Павловская А.И. О роли М.И. Ростовцева в развитии
папирологических исследований в России//Вестник Древний истории. -1997.- №1.-169-183 с. ■

39) Перепелкин Ю.Я. Хозяйство Староегипетских вельмож. - М.: Наука.1988.-293с.
40) Перминов П. Улыбка сфинкса. Изд. 2-е, доп.-М.: Главная редакция восточной литературы издательство «Наука», 1991.-398с.
41) Перепелкин Ю.Я. Хозяйство Староегипетских вельмож. - М.: Наука. 1988.-293с.
42) Петровский Н. Египет - сын тысячилетий /Науч. ред. и предисл. акад. В.В. Струве.-Л.: Детгиз, 1959.-287с.
43) Петровский Н., Белов А. Страна болыиого Хапи/ Научно -
художественная книга. Научная редакция и присловие академика В.В. Струве. - Л.: Детская литература, 1973.-400с.
44) Прусаков Д.В. « Старые дюны» в среднем Египте // Вестник Древний истории. - 1997. -№2.-С. 95-99
45) Рубинштейн Р.И. Древний Восток. Книга для чтения/ Пособие для
учащихся. Изд. 5-е, перераб. М.: Просвещение, 1974. - 168 с.
46) Савельева Т.Н. Как жили египтяне во времена строительства пирамид. -М.: Наука, 1971. - 118с с илл.
47) Смирнова В.В. Миррвая художественная культура. Частьі.
Культура Древнего Египта, Месопотамии и античного Средиземноморья. - М.: Издательский центр «Аз», 1995.-152с.
48)Сто великих чудес Света/ Автор составитель Н.А. Ионина. - М.: Вече, 2000. - 310 с.
49) Сухов А.Д. Религия в истории общества. -М.: Наука, 1979.-96с.
50)Токарев С.А. Религия в истории народов мира. - М.: Политиздат, 1964.-5 59с.силл.
51) Тураев Б.А. История Древного Востока.-Мн.:Харвест, 2002.-752с,
8л. илл. Тэнасе А. Культура и религия. /Пер. с румын. - М.: Политиздат,
4977.-127с.
52) Уайт Д. Боги и люди Древного Египта /Пер. с англ. Л.А.Калашниковой. -М.: ЗАО Центрполиграф , 2004.-189с.
53) Угринович Д.М. Искусство и религия: (Теорет. очерк).-М.:
Политиздат, 1982.-288с.
54) Фалькович Ю.А. Древнеегипетские амулеты: археологический
аспект. //Вестник Московского университета. Серия 8. История. - 1992.-№4.- С 52-55.
55) Флиттнер Н.Д. В стране пирамид. - М.-Л.: Государственное учебно-педагогическое издательство, 1936. - 134с.
56) Хрестоматия по истории Древного Востока: Учебное пособие, в 2-х частях. Ч. І/Под ред. М.А. Коростовцева, И.С. Кацнельсона, В.И. Кузищина. -М.: Высшая школа, 1980.-328 с.

58) Элебрахт П. Трагедия пирамид. 5000 лет разграбления египетских
усыпальниц/ Предисловие и редакция кандидата исторических наук О.И.
Павловой.-М.: Прогресс, 1984.-216с.
59) Яблоков И.Н. Социология религии. -М.: Мысль, 1979.-182 с.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3-9

І. Египет пирамидаларының салыну тарихының зерттелуі ... ... ... ... ...10-29
1.1. Көне және орта ғасырлық зерттеушілердің Ежелгі Египет пирамидаларының
құрылысы туралы зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... .10-19
1.2. Ерте жаңа заманнан бастау алған зерттеулер
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..20-29

ІІ. Ежелгі Египет пирамидалары және оның қоғамдағы идеологиялық, әлеуметтік-
экономикалық жетістігі ретіндегі
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30-
2.1. Алғашқы әулеттер перғауындарының саяси билігінің діни идеологиялық
негіздемесі және оларға табыну культінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30-42
2.2. Алғашқы әулеттер және Ежелгі патшалық тұсындағы Египет пирамидаларының
тұрғызылуының әлеуметтік-экономикалық
астары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 43-69
2.3.Орта және Жаңа Египет патшалары тұсындағы пирамидалық құрылыстар
тұрғызылуының шектелуінің қоғамдық саяси және экономикалық
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..70-78

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..79-89
СІЛТЕМЕЛЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...90-93
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 94-98
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...99-

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Ежелгі Египет пирамидалары көптеген ғалымдардың,
зерттеушілердің, археологтардың қалам тартып, зерттеп жүрген күрделі
мәселелерінің бірі. Египет пирамидаларын зерттеумен антикалық тарихшылардан
бастап бүгінгі тарихшылар да шұғылдануда. Египет пирамидаларын зерттеудің
маңызды және өзекті мәселелерге айналуының басты себебі пирамидалардың
бойында тұнып жатқан құпиялар мен олардың геометриялық және математикалық
өлшемдері. Алып тас құрылыстардың архитектурасындағы геометриялық дәлдіктер
және осыдан 40 ғасыр бұрынғы адамдардың салмағы 200-500 тонна болатын
тақтатастардан пирамидаларды еш техниканың көмегінсіз тұрғызуы әлі күнге
дейін ғалымдарды таң қалдырып келе жатыр.
Египет пирамидалары тас құрылысының ең жоғарғы жетістігі болып
табылады. Оның құрылысы архитектура саласында әлі күнге дейін өз маңызын
жоймай келеді. Сонымен қатар, Египет пирамидалары Ежелгі Египет халқының,
мәдениетінің тамаша жетістігі бола отырып, олардың өмірі, тарихы, тұрмыс-
тіршілігі туралы маңызды мәліметтер береді.
Көптеген зерттеушілер Пирамидаларды не үшін, кім үшін, қалайша
тұрғызды екен? деген сауалдарға жауап іздеп, оған әркім әр түрлі жауап
береді. Мәселен, Пирамидалар перғауындардың зор билігінің айғағы болды
десе, енді біреулері Пирамидалар Египет байлығының монументальдык
көрінісі дейді. Осындай жауаптардың әрқайсысында ақиқаттың бір үлесі
жатқандай. Алайда кейбір патшалар өздеріне арнап пирамидалар тұрғызбаған.
Бірақ, олар да пирамидалар салдырған перғауындар сияқты құдіретті болған.
Мысалы, II Рамсес Джосер немесе Хинджерадан да бай болған, дегенмен өзінен
кейін пирамида қалдырмаған. Месопотамияның да әлеуметтік жағдайы Египеттікі
сияқты болды, бірақ онда да пирамида тәрізді патша табыттары ешқашан болған
емес. Олардың сыры неде? Тығырықтан шығар жол бар ма?
Пирамидалар құдай деп саналған перғауындардың табыттары, яғни діни
сипаттағы құрылыс болғандығын зерттеушілер анықтағаннан кейін ғана мұндай
тұйықтан шығудың жолы табылды.
Әрине, пирамидалар Ежелгі Египеттің экономикалық базисі мен саяси
тұрақтылығының көрінісі болды. Дегенмен де, оларды толық түсінудің кілті,
Египет дінінде жатыр. Пирамидалар құдай деңгейіне жеткізілген
перғауындардың О дүниелік панасы ғана болған жоқ, сонымен қатар ол діни
идеология ықпалының нәтижесінде саяси экономикалық мәдени -әлеуметтік
қатынастардың жарқын көрінісі болды. Сол себептен де, діни идеологияның
қалыптасып, дамуымен саяси қатынастарға ықпалы жан-жақты және түбегейлі
зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, диплом жұмысымда осындай өзекті
мәселелерді саралап, талқылауды жөн көрдім.
Мақсаты. Дипломдық жұмысымды жазудағы басты мақсатым Ежелгі Египет
пирамидаларын тереңінен оқып, өзіме беймәлім, белгісіз мәліметтермен жақын
танысу. Египет пирамидалары туралы Ежелгі дүние тарихынан оқыған білімімді
жеке монографиялық зерттеулер тарапынан толықтырып, пирамидаларды жаңа
қырынан тану. Ежелгі өркениеттер қатарында болған Египеттің
саяси, мәдени дамуындағы діни идеологияның ролін анықтап, оның пирамиданың
тұрғызылуына тікелей ықпалы болғандығын көрсету.
Сонымен қатар, бұл тақырыптың мақсаты деректермен зерттеулерді
пайдалана отырып, оқырман қауымды Египет пирамидаларының тарихымен
таныстыру. Әрине, пирамидаларды зерттеуде ғалымдар әлі күнге дейін бір
тұжырымға келе қойған жоқ. Ежелгі грек тарихшысы Геродот пирамидалардың
перғауын зираттары болғандығын айтып кеткен. Кейінгі зерттеушілер оны
дәлелдеп берді. Алайда, мұндай шешімге келу үшін аз уақыт кеткен жоқ.
Өйткені, орта ғасырлардың өзінде пирамидаларды библиялық Иосиф
перғауындардың қазынасын қоятын сейфтері немесе үйлері үшін жасатқызған
деген, кейбірі пирамидаларды Египет абыздарының архивтері немесе ежелгі
обсерваториялар десе, енді біреулері шөлден келетін құмдар үшін бөгет
болатын құрылыс немесе шекаралық бекіністер деп атады. Бұдан да басқа адам
ақылына сыймайтын қисынсыз дәйектер толып жатыр. Кейбірі тіпті бұл
құрылыстардың адам қолынан шыққандығына сенімсіздік білдірген, ондай
адамдар қазір де бар.
Міне, тақырыптың мақсаты осындай оқырмандардың көкейінде жүрген
сауалдарға жауап бере отырып, бұл құрылыстардың Египет тарихында ерекше
орын алғандығын, оның өзіндік саяси, діни, экономикалық астары болғандығын
түсіндіріп, пирамидалардың тарихи - әлеуметтік құбылыс ретіндегі негіздерін
ғылыми деректер тұрғысында көрсету болып табылады. Осы мақсатта мынадай
міндеттерді шешуді қажет деп санаймын:
- Көне және ортағасырлық зерттеушілердің Ежелгі
Египет пирамидаларының құрылысы туралы зерттеулерді анықтау;
- Ерте жаңа заманнан бастау алған зерттеулер тарихын саралау;
- Алғашқы әулеттер перғауындарының саяси билігінің діни-идеологиялық
негіздемесі және оларға табыну культінің қалыптасуын зерттеу;
- Алғашқы әулеттер және Ежелгі патшалық тұсындағы
Египет пирамидаларының тұрғызылуының әлеуметтік-экономикалық астарын ашу;
- Алғашқы әулеттердің патшалары тұсындағы пирамидалық қүрылыстар
түрғызылуының қоғамдық, саяси және экономикалық себептерін ғылыми деректер
мен зерттеулердің негізінде талқылап көрсету.
Тақырыптың зерттелу тарихнамасы: Диплом жұмысын жазу барысында
пирамидалар туралы көптеген оқулықтар мен жеке монографиялық зерттеулерді,
газет-журналдарды қарастырдым.
Қолданған Батыс және Шығыс зерттеушілерінің еңбектерінде
пирамидалардың салыну тарихы мен зерттелуі және египеттіктердің негізгі
тұрмысы, шаруашылығы, ғұрыптары, діни нанымдары туралы мағлұматтар нақты
деректерге негізделе отырып, ғылыми тұрғыдан талқыланып жазылған. Египет
тарихы туралы В.И.Кузищинаның История Древного Востока1,
Л.С.Васильевтің История Востока2 және История религий Востока3,
сонымен қатар, И.А.Ладыниннің История древного мира4, Б.А.Тураевтың
История Древного Востока5 және Всемирная история6 оқулықтары
көптеген мәліметтер бере алады.
Пирамидалардың басым бөлігі осы уақытқа дейін тоналып, бүлінген, тек
алғашқы зерттеушілердің ынта жігерінің арқасында ғана бүгінгі таңда ғылымда
олар туралы мәліметтер бар. Сондай мағлұматтар Л.А.Моисееваның История
цивилизаций7, В.Замаровскийдің Их величества пирамиды8,
П.Перминовтың Улыбка Сфинкса9 атты монографияларында көне және орта
ғасыр, һәм жаңа заман зерттеушілерінің, ғалым - саяхатшыларының
қолжазбалары нақты мысал ретінде келтіріле отырылып берілген. Ал
пирамидалардың кейінгі зерттелуі, яғни экспедициялардың ұйымдастырылып және
олардың тың деректермен көненің көздерін үнемі іздестіріп келе жатқандығын
Вестник Древней истории журналындағы - Загадки древнеегипетских
пирамид10, Египетские путешествия М.И.Ростовцева11, Древний Египет:
загадки и открытия12, Саккарская гробница Маиа, казначея фараона
Тутанхамона: новое открытие13, Новые археологические открытия в
Египте14, Древнеегипетские амулеты: археологический аспект15 деген
мақалалардан оқып білуге болады. Бұл мақалаларда XX ғасырда жүргізілген
археологиялық қазбалардың есебі мен пирамидалардың құрылысы жайлы ғылыми
зерттеулер келтірілген.
М.А.Коростовцевтің Религия Древного Египта16, М.М.Кублановтың
Мыслители древности о религии17, С.А. Токаревтің Религия в истории
народов мира18, Джон М.Уайттың Боги и люди Древнего Египта19 және
А.Донинидің Люди, идолы и боги20 деген монографияларында Ежелгі Египет
дінінің қалыптасуы және оның әлеуметтік ортадағы ролі мен елдегі саяси
үрдістерге тигізген ықпалы жайлы баяндалған. Аталған еңбектер Египет дініне
байланысты әркімнің көкейінде жүрген сауалдарға нақты жөне толық жауап бере
алады.
Египеттіктердің әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы
Ю.Я.Перепелкиннің Хозяйство Староегипетских вельмож21, Т.Н.Савельеваның
Как жили египтяне во времена строительства пирамид22, С.И.Вавиловтың
Очерки по истории техники Древнего Востока23 деген монографияларындағы
материалдар мол мағлұматтар бере отырып, Ніл өзені халықтарының өткен
тарихының пердесін ашып береді.
Ал, Ю.М.Кобищановтың На заре цивилизации: Африка в древнейшем
мире24 және А.М. Малеваныйдың Классовая борьба в древнем мире25
сияқты еңбектерінде Египеттің ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуы мен
қоғамдық катынастарының дамуы жайлы баяндалған.
Египет пирамидалары салыну тарихы жайлы толық мәліметтер Х.А.Кинктің
Как строились Египетские пирамиды26 және М.З.Гонеймнің Потеренная
пирамида27 сияқты монографияларында берілген. Бұл еңбектерде пирамида
тастарының қай жерден алынып, қалай өңделгендігі туралы, олардың қандай
құрал - саймандарды пайдаланғандығын көптеген жазбаша және археологиялық
деректемелерге негізделе отырып жазылған.
Сонымен қатар, Н.Дженкинстің Ладья под пирамидой28, М.Котреллдің Во
времена фараонов29, Н.Д.Флиттнердің В стране пирамид30,
Н.Петровскийдің Египет - сын тысячилетий31 және Страна
большого Хапи32 атты монографиялары Египет пирамидаларын оқып үйренуде
таптырмайтын құнды зерттеулер болып табылады. Аталған зерттеулердің құнды
болуының себебі, бұл еңбектердің авторлары Египетке барып, пирамидаларды өз
көздерімен көріп, зерттеген археолог - ғалымдар. Сондай - ақ П.Элебрахтың
Трагедия пирамид33 аггы монографиясында пирамидалардың көпшілік біле
бермейтін құпия сырлары мен шетелдіктердің мумияланған мүрделерді дәрі
жасау үшін сатып байығандығын, табытнамаларды қалай және қашан қойғандығын
кітапта келтірілген нақты мысалдардан көреміз.
Зерттеу тақырыбының дерегтік негіздері. Ежелгі Египеттің төрт мың
жылға созылған тарихы мен мәдениеті көптеген әдет - ғұрыпқа, рухани өмірге
байланысты сақталған әр түрлі жазбаша және материалдық заттар негізінде
сақталған деректерге сүйене огырып зерттеліп келеді.
Египет жөніндегі мәліметтер шығыс және европалық көне дәуірдегі
авторлардың шығармаларында үзік-үзік келтірілген, онда негізінен алғанда
саяси тарихқа, оның халқы мен шаруашылық кәсібіне, рухани және материалдық
мәдениетіне қатысты деректер бар. Бұл деректердің жиынтығын Хрестоматия по
истории Древного мира34 деген оқулығынан алуға болады.
Кейініректегі хатшылардың, елшілердің, ғалымдардың, саяхатшылардың
хабарлары мен археологтардың зерттеулері нәтижесінде деректердің қатары
толыға түсті. Ондай деректерді Вестник Древней истории журналындағы
М.А.Коростовцевтің Из истории V династии в Древнем Египте35,
А.А.Кролдың Хеб - сед и становление Древнеегипетского государства36,
А.О.Большаковтың Образ и письменность в восприятии древного
египтянина37 деген мақалаларынан алуға болады. Сонымен қатар,
Культурное наследие Востока38 сиякты кітаптағы авторлар ұжымдарының
жинақтарындағы мәлімет - деректер сілтеме жасалына отырып қолданылды.
Зерттеу жүмысының хронологиялық ауқымы. Белгіленген жоспарға сай,
зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы б.з.д III мыңжылдықтан, яғни
пирамидалардың тұрғызылуынан бастап, Жаңа патшалық ыдырағанға дейінгі
уақыт, яғни б.з.д XII ғасыр аралығын қамтиды.
Зерттеудің методологиялык негізі. Зерттеу жұмысы жан-жақты
тексерілген, объективті ғылыми жүйелілік негізінде орындалды. Тарихи
объективтілік таным тұрғысынан сынай бағамдау зерттеудің методологиялық
негізін құрады. Шетел ғалымдарының гуманитарлық ғылым саласында қол
жеткізген табыстары орынды қолданылды.
Зерттеу жүмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысы барысында ғылыми
деректерді пайдаланып, оларға сараптама жасай отырып, пирамидалардың салыну
тарихын көрсету арқылы оны жаңа бір қырынан таныту.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Жұмыс ғылыми объективтілік
және жүйелілік сияқты ұстанымдарға негізделе отырып жазылды. Ізденіс
жұмыстарының нәтежелерін орта, арнайы және жоғары оқу орындарында, жеке
курстар жүргізуге, сонымен қатар, студенттерге семинар сабақтарына
дайындалғанда, бақылау жұмыстарын жазғанда және орта мектептерде
тарих сабағында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диплом жұмысының негізгі бөлімдері
бойынша 2007 жылдың 22 ақпанында университетімізде өткен ХХІ ғасыр білімі:
мәселелер мен даму жолдары атты студенттік ғылыми - практикалық
конференцияда Ежелгі Египет пирамидалары деген тақырыппен ғылыми мақала
жасалынды.
Диплом жұмысының құрылысы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және
пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

I. ЕГИПЕТ ПИРАМИДАЛАРЫНЫҢ САЛЫНУ ТАРИХЫНЫҢ
ЗЕРТТЕЛУІ
1.1 КӨНЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ
ПИРАМИДАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Ежелгі Египеттің өзіндік мәдениеті барлық адамзат баласын бағзы
заманнан бері қызықтырып келеді. Оның мәдениеті - өзіндік өркениеті дамыған
тәккаппар вавилондықтарды да, гректерді де таң қалдырған. Тіптен Ежелгі
Греция фәлсафашылары мен ғалымдары египеттіктерден даналыққа үйренген
деседі.
Мыңжылдықтар өтті, алайда Ежелгі Египеттің тарихына деген қызығушылық
әлі күнге дейін жоғалған жоқ. Керісінше, иероглиф құпияларын анықтаған соң,
біз сонау V мың жыл бұрын Ніл жағалауында дамыған өркениет туралы
түсінігімізді кеңейте түстік32. Египтология Нілдің дарынды да, еңбекқор
халқының жасаған мәдениетін танып білуге кең жол ашты.
Алып пирамидалардың сырына үңіліп, олардың құпиясын зерттеп білуге
алғаш талпынғандардың бірі б.з.д 1290 - 1224 жылдары билік құрған II
Рамзестің төртінші ұлы Кэмвасет болды. Рамзес II билік құрып тұрған кезде
бұл пирамидалардың тұрғанына XIII ғасыр болған еді. Кэмвасет әкесінің
батасын ала отырып, дүние жүзіндегі ең бірінші египтолог және археолог
атанды. Ол пирамидаларды қалпына келтіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар,
Египет мәдениетінің көптеген материалдық заттарын тауып, жан-
жақты анықтап берді. Оның олжаларының ішінде Хуфу перғауынының Кавабада
деген ұлының мүсіні болды. Ханзада бұл өнер туындысын
үйіне, яғни Мемфиске әкелуге тапсырады. Бұл мүсіннің қалдықтарын екінші
рет 1908 жылы, яғни 3200 жыл уақыттан кейін ағылшын археологы Джемс Эдвард
Квибелл тапқан болатын7. Ал б.з.д 663 жылы Саис қаласының билеушісі, XXVI
жаңа әулетінің негізін қалаған Псамметих I Египетті ассириялықтардан
тазартып, елдің басын біріктірген соң ежелгі пирамидаларды қалпына
келтіруге кіріседі. Құл еңбегі аркылы пирамидаға кіретін жолдар бекітіліп,
бұрынғы қалпына келтіріледі. Енді олар өз дәуіріндегідей болмысымен көз
тартатын болды8.
Б.з.д V ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Геродот Египетке
барғанда Псамметих I қалпына келтірген пирамидаларды көрген еді. Сонымен
қатар, ол лабиринт, храм сияқты бірінен - бірі өткен өнер туындыларын да
тамашалады. Геродот өзінің Тарих деген кітабында олардың әрбіреуіне бір-
бір бөлімді арнаса, ол пирамидаға жеті бөлімін арнаған көрінеді. Әрине,
оған дейін де басқа Европалык саяхатшылар пирамидалар туралы жазып кеткен
болар. Бірақ, пирамидалар туралы бізге жеткен алғашқы Египеттік емес жазба
деректер осы Геродоттікі болып танылады10. Пирамидалардың құрылысы мен
өлшемі жөнінде Геродот былай дейді: Абыздардың айтуынша, Рампсинит
патшаның уақытына дейін, жақсы заңдар арқылы Египет дамып, гүлденген еді.
Алайда оның мұрагері Хеопс өзінің іс - әрекеті аркылы елді мүшкіл жағдайға
дейін әкелді. Ол алдымен ғибадатханаларды жабуға бұйрық берді де, онда
құрбандық шалуға тиым салды. Сосын барлық Египеттіктерді өзіне жұмыс
жасауға мәжбүр етті. Біреулеріне арабиялық таудағы тас өңдеу орнынан Нілге
дейін үлкен тастарды апару міндеттелсе (тастарды өзенннен кеме арқылы
өткізген), екіншілеріне оны Ливия тауларына жеткізу керек болған. 100 мың
адам 3 ай сайын ауыса отырып үздіксіз жұмыс істеген. Тасты таситын жолдың
өзін жасау үшін он жыл уақыт кеткен. Жолдың ұзындығы 5 стадий, ені 10
оргий, ал ең биік жерінде 8 оргий. Пирамиданың өзі 20 жыл салынды. Ол төрт
жақты, әрбір жағы енімен 8 плефр, биіктігі де сондай, тастар бір - біріне
ұқыпты қойылған. Әрбір тастың орташа ұзындығы 30 фут.
Пирамида салынуының техникалық жағын Геродот былай деп суреттейді:
Алдымен ол кемерлері бар баспалдақ болып келеді, оны кейбірі алаң немесе
баспалдақ деп атайды. Алғашқы тастардың негізін қалағаннан кейін, қалғанын
тақтайшалар арқылы көтерген. Тастарды бір баспалдақтан екінші баспалдаққа
көтеру үшін көтергіш құралдар қолданылған. Баспалдақ қатары қанша болса,
сонша көтергіш құрал болған.
Египеттіктердің айтуынша, Хеопс 50 жыл билік құрған, одан кейін таққа
бауыры Хефрен отырған. Ол да пирамида салғызған, бірақ биіктігі Хеопстікіне
жеткен жоқ. Өйткені мен оны өзім өлшедім. Ең төменгі баспалдақ қатарын әр
түсті эфиоптық тастардан қалауға бұйырған және ол бірінші пирамидадан 40
футқа төмен болды. Екі пирамида да биіктігі 100 фут болатын жота үстінде
тұр. Абыздардың айтуынша, Хефрен 56 жыл билік қүрған. Бұл жерде Геродоттың
келтірген кейбір мәліметтері шындыққа жанасады. Қазіргі өлшеммен алғанда
оның айтуындағы пирамида жақтарының ұзындығы - 224,8 метр, бұл жерде ол 5
пайызға қателескен. Ал биіктігі 143,7 метр дегені бастапқы биіктігіне сай
келеді.
Абыздардың айтуынша, кейін Хеопстың ұлы Микерин перғауын болған. Бұл
патша да өзінен кейін пирамида қалдырған, алайда ол әкесінікінен аласа
болған. Ол да төрт бұрышты және жартысына дейін эфиоптық тастан қаланған.
Бұл жерде Геродот пирамида жақтарының ұзындығын 20 метрдей азайтып
жіберген, алайда ол оның патшанікі екендігін айтып кеткен.
Геродот Микеринаның ұлы Асихис (Шепсескаф) салуға бұйырған пирамида
туралы былай дейді: Алдындағы Египет патшаларынан асып түсу үшін Асихис
саз балшықтан өзіне пирамида қалатады және таста мына сөздер жазылып
тұрады: Мені тас пирамидалардан аласа деме. Зевс басқа құдайлардың үстінен
қарайтындай, мен де олардан жоғары тұрмын8. Мүны Геродотқа абыздар
жеткізген.
Геродот Саккарадағы, Медумдегі, Дашурдағы пирамидаларды көрмеген
болуы керек. Тіпті Үлкен Сфинксті де байқамаған, тегі ол құммен көміліп
жатқан болар. Геродоттан соң 400 жылдан кейін пирамида етегіне барған тағы
бір европалық Диодор Сицилийский болды. Оның мәліметтері бізге дейін
жеткен. Әрине, оған дейін көптеген саяхатшылар пирамида етегіне
барғанымен олардың деректері жоғалып бізге дейін жеткен жоқ.
Ең үлкен пирамида жағының ұзындығы - 7 плефр, ал биіктігі - 6
плефр, - деп бастайды өзінің сипаттамасында Диодор. Оның бұл мәліметі
дұрыс емес. Ұзындығын - 22 метрге азайтып тастаған да, ал биіктігіне - 33
метр қосып қойған. Алайда, Диодор басқа бір нәрсені байқайды.
Пирамида өзінің биік шыңына қарай кішірейе түседі, оның әрбір жағы
6 шынтаққа тең. Оның барлығы өңделуі қиын, бірақ ұзақ жыл тұратын қатты
тастардан жасалған. Салынғанына 1000 жыл өтсе де (кейбіреуіне 3400 жылдан
да көп), бұрынғы қалпын сақтап тұр. Бұл тастарды алыстағы Арабиядан әкеліп,
үйінді көмегі арқылы салынған деседі, өйткені ол заманда басқадай құрал
жабдықтар ойлап табылмаған болса керек.
Диодор нақты дұрыс болмаса да алғаш болып пирамиданың жасын
келтіреді. Ал, Геродот құрылысты салғызған билеушілердің атымен шектеледі,
тіпті олардың билік құрған жылдарын да көрсетпейді. Диодордың тағы бір
қызықты мәліметі ол үйінді туралы айтады. Оны белгілеу үшін гректің Хома
деген сөзін қолданған, көпшілік оны дуал, төбе деп аударады. Алғашында
бұл сөзді оқырмандар, тіпті археологтар да түсінбеген. Салыну әдістеріне
келгенде, Геродот пен Диодордың пікірлері бір жерден шығады. Ол өзінің
уақытында кең қолданылып жүрген күрделі әдістерді айтуы мүмкін, ал Геродот
болса салыстырмалы түрде қарапайым көмекші құралдар туралы айтқан. Сонымен
қатар, Диодор: Пирамиданың салынуына қамқорлық жасаған патшаға емес, оны
салған архитекторларға тамсану керек. Өйткені солар пирамидалардың
салынуына өзіндік ақылы мен бар ынтасын жұмсаған. Ал перғауындар аталарынан
қалған және қол астындағылардан тартып алынған байлықты жұмсады5, - деп
атап өткен.
Страбон (б.з.д 65 - б.з.д 25 ж.ж. жуық) біздің заманымыз басталғанға
дейін пирамидаға барып келген, ең соңғы европалық саяхатшы.
География әкесі атанған Страбон пирамидалар туралы қысқаша ғана
мәлімет берген және көбінесе алдында айтып кеткендерді қайталады. Алайда
оның да басқалардан өзгеше жаңалығы болды, яғни: Пирамиданың үстіңгі
жағында, тіпті жақтарының орта тұсында тас орналасқан, оны алуға да болады.
Егер тасты көтерсе, онда табытқа апаратын жол ашылады.
Шынында да, ішкі бөлмеге апаратын ондай жол бар, бірақ та ол
пирамиданың орта деңгейінде емес, бар болғаны фундаменттен бірнеше метр
ғана биіктікте орналасқан. Пирамида биіктігінің орта деңгейінде екі тар
желдеткіш канал немесе шахта бар. Бірі-солтүстік, екіншісі - оңтүстік
жағында орналасқан және екеуі де жерлеу камерасына апарады.
Египеттік емес европалықтардан ең бірінші болып пирамида түбіне
түскен Үлкен Гай Плиний Цецилий (2324 - 79 ж.ж.) болды.
Плинийдің қашан пирамида түбіне түскені бізге белгісіз, бірақ ол
туралы Табиғи тарихтың алтыншы кітабында үстірт болсын айтылған. Ғалымдар
бұл ескерткішке жүз жылдан кейін ғана көңіл бөлген. Онда: Үлы пирамиданың
ішінде тереңдігі 80 шынтақ болатын шахта бар, көптеген жобалар бойынша ол
өзенге апарады, - делінген. Егер жолсерік қазіргі келіп-кетуші
саяхатшыларға оны әдейілеп көрсетпесе, олардың ешқайсысы да бұл шахтаны
көрмеген болар еді. Плиний тегі өте байқағыш болған. Сонымен қатар, ол ең
алғашқы болып Сфинкс туралы айтады:
Бұл таңқаларлықтай өнер туындысы, алайда оның айналасын үнсіздік
қоршаған. Жергілікті тұрғындар оны құдірет тұтады. Олардың сенімі бойынша
Сфинкстің астында Харманс патша жерленген. Олардың есептеуінше Сфинкс бұл
жерге алыстан әкелінген. Дегенмен ол сол жердегі үлкен тасқа қашалып
жасалынған8.
Филон Византийский (б.з.д III ғасырда өмір сүрген) пирамидалар туралы
жазып кеткен ең соңғы антикалық автор. Бізге оның Әлемнің 7 кереметі
деген кітабы ғана жеткен, оның өзінде жартысы ғана сақталған. Ол кітаптың
бір бөлімінде Мемфис маңындағы пирамидалар деген атпен Гиза кереметтері
туралы елу жолдай мәлімет жазылған.
Алайда, Ф.Византийский не саяхатшы, не тарихшы болмаған, елден
естігенін, кітаптан оқығанын қорыта отырып жазған. Швейцариялық Ж.Ореллидің
айтуынша, оның кейбір жазбалары шындыққа жанаспайды.
Әрине, пирамидалар туралы басқа да антикалық авторлар жазған, бірақ
қысқаша ғана баяндаған. Солардың қатарында Александриялық грек Клавдий
Птоломей өзіне белгілі әлем туралы бір - екі жол ғана жазып кеткен.
Император Августың кітапханашысы Гай Юлий Гигиннің: Египет пирамидаларының
биіктігі - 600 фут, - деп айтқанын Вибий Секвестгер салыстырмалы түрде
қайталайды. Географ Гай Юлий Солин біздің заманымыздың IV ғасырының басында
алдыңғы Плинийдің айтып кеткен мәліметтерімен шектелген. Соңғы ежелгі
римдік автор Флавий Магнус Аврелий Кассиодор (біздің заманымыздың V-ІV
ғасыры) пирамидалар туралы асығыс түрде айтқандығы соншалық, оның өлшемдері
туралы мәлімет бермеген.
Геродоттан Кассиодорға дейінгі мың жыл аралығындағы европалық
саяхатшылар мен тарихшылардың пирамидалар туралы берген негізгі мәліметтері
осындай.
Б.з.д III ғасырдың бірінші жартысында Себениттен шыққан египеттік
абыз Манефон Египет тарихы деген еңбегін жазып шықты1. Бұл ең алғашқы
Египет тарихының жүйелі түрде, грек тілінде жазылған нұсқасы еді. Манефон
пирамидаларға көп көңіл бөлмеген сияқты. Оның пирамидалар туралы
айтқандарының үш түрлі мәліметі ғана жеткен, соның ішінде біреуі ғана
шындыққа жанасады. Ол Хуфу патшаға байланысты: Ол ең үлкен пирамиданы
салғызған. Геродоттың айтуынша ол Хеопс еді. Қалған екеуінің растығына
сенімсіздік туады. Біріншісі - I әулеттің Уэнефес патшасы жайлы: Ол билік
құрған уақытта Египетте ұлы аштық болды және ол Кохома маңайына пирамида
салғызған, - деген. Ал екіншісі -VI әулеттің Нитокриде деген патшайымы
туралы: Ол өз заманының ең сұлу әйелі болды, үшінші пирамиданы тұрғызды,
- дейді.
IX ғасырдың соңында дүниеге келген Әл - Масудиді Араб Геродоты деп
атаған. Ол өзінің Жуылатын алтын мен ұсақ асыл тастар ұнтағы деген
еңбегінде өзінің бақылауының негізінде пирамидалар туралы
жазылған мәліметтерін келтіреді, бірақ өкініштісі нақты деректерге
сүйенбейді.
Әл - Масуди Гизаның үш пирамидасын суреттеп жазған. Өлшемдерін
келтірмесе де, басқа қызықты деректермен бізді хабардар етеді: Бірінші
пирамиданың алдында қабырғасы арқылы біріктірілген тақтатастардан
жасалынған бағаналы үлкен бөлме тұр, - дейді, тегінде бұл Хуфу перғауынның
пирамидасы болуы керек. Ал батыс жағындағы екінші пирамиданы: Сапфирден
жасалынған қасиетті тұмарлар үшін, тот баспайтын металдан жасалынған
қарулар және сынбайтын жұмсақ шынылар үшін отыз бөлме арналған, - деп
сипаттайды. Бұл Хафра пирамидасы болуы мүмкін. Үшінші түрлі - түсті
пирамида туралы былай дейді: Қара түсті граниттен жасалынған саркофагқа
дінге қызмет етушілердің мәйіті қойылған. Әрбіреуінің қасында кітап жатыр,
онда олардың өмірдегі іс -әрекеті мен мамандықтарының құпиялары жазылған.
Бұл әрине, Менкаура пирамидасы, өйткені оның төменгі жағы қызыл түсті
гранитпен қапталған.
Әл-Масуди бұл пирамидалар туралы одан әрі былай деп
жалғастырады: Билеушісі әрбір пирамидаға бір-бір күзетшіден сайлап қойған.
Шығыс пирамиданың күзетшісі болып, гранитпен қашалған, найза сияқты қаруы
бар мүсін тұр. Оның маңдайында жылан бейнесі бар. Кім келсе де оған
шабуылдауға және қылқындырып тастауға дайын тұрғандай. Батыс пирамиданың
күзетшісі қара және ақ оникстен жасалынған. Найзамен қаруланған ол тақта
отыр және оның көзінен үшқын атып тұрады. Егер біреу келе қалса, сол кезде
- ақ бір керең дыбыс шығады да, келген кісі өліп қалады. Құрылыстар
аяқталған соң билеуші тірі рухтарға оларды басқаруға берген және оларға
құрбандық шалып отыру керек болған. Осылайша олар осы пирамидаларға бөтен
адамдардың кіруіне шек қойды. Бұл күзет жүйесі Әл -Масудидің кезінде де
табысты, жақсы қызмет еткен сияқты.
Гиза пирамидасына барған саяхатшылардың бірі Абд-аль-Лятиф өзінің
Египет туралы хабарлау деген жазбасында жалпы шындыққа жанасатын деректер
береді. XVIII ғасырдың аяғында оны француз шығыстанушысы Сильвестр де Саси
аударып, жарыққа шығарған еді. Оның айтуынша: Пирамидалар ұзындығы 10-20
шынтақ болатын ірі тастардан қаланған, биіктігі мен ені - 2-3 шынтақ
болады. Әсіресе ұқыпты қойылған тастар таң қалдырады. Тақтатастар
соншалықты жақсы қаланған, олардың арасынан ине де өтпейді. Тақтатастарды
біріктіретін құрылыс ерітіндісінің қалыңдығы қағаздың қалыңдығындай. Бұл
ерітіндінің құрамы маған белгісіз. Тастар ежелгі жазулармен көмкерілген,
оны қазір ешкім оқи алмайды. Екі үлкен пирамиданың үстіңгі жағында көрініп
тұрған жазуларды егер біреу көшіріп аламын десе, онда ол мыңнан астам бетті
толтырып тастар еді, - дейді.
Ұзақ уақыт бойы арабтар пирамидалар туралы жаңа мәліметтер бере
алған жоқ. Олар қысқа да нұсқа етіп айтып кетсе де, оның барлығы бүгінгі
күннің еншісінде бағалы да құнды болып табылады.
Египет туралы ең алғашқы нақты ғылыми ақпаратты тек Себастьян
Мюнстердің атақты Космография (1544 ж.) деген еңбегінен көреміз. Өзі
Египетте болмаған, бірақ ғалым - географ ретінде ол ескі шығармалардан
пирамидалар туралы жетерліктей мәліметтер тауып, алғаш рет пирамиданың
суретін сызған.
Мюнстерден кейін пирамидалардың баспадан шыққан сызбасы пайда болды.
Оны 1546 жылы итальяндық архитектор Себастиано Серлио Анвертпенде шыққан
ежелгі сәулет өнерінің ескерткіштері туралы кітапта жариялады. Ол алғашқы
болып Үлкен Сфинксті бейнеледі. Сфинкс шашы сол замандағы сән бойынша
таралған, біраз жымиып тұрған әйел адамға ұқсайды.
Француз бароны Англюр 1395 жылы пирамидалардың сыртқы қаптамаларын
алып жатқандығын көрген. Ол: Мың жылдан астам уақыт бойы бұл жерден
тастарды қопарып, Каирдың ең әдемі құрылыстарын салу үшін алады екен.
Сұлтан бұдан түсетін табыстың 23-ін, ал жұмысшылар 13 бөлігін алады -
дейді.
1486 жылы Мангеймнен шыққан ұлты неміс Брейденбах деген кісі бүл
құрылыстарды Иосиф үйі деп танудан бас тартқан.
XVI ғасырдың басында пирамидаға Ресейден барған ең бірінші саяхатшы
Михайл Гиреев болды. Өзінің алдында барған Ф.Ф.Дорохин, В.Григорович -
Барский сияқты ол да Александрия мен Каирға көп көңіл бөлді.
1512 жылы пирамидаға Венеция республикасы жіберген Доминико Тревизан
барды; оның жол серігі Закария Пагани ең алғашқы болып пирамидалардың
халықтық атауы - перғауындар жотасы дегенді атап өткен. Сол жылы француз
патшасы Людовик XII жібрген Андре Леруа да пирамида етегінде болып қайтқан.
Сорбон профессоры Пьер Белон жаңа заманда ең бірінші болып барған
саяхатшы және ол пирамидалардың ішіне де кіріп шыққан. Ол 1553 жылы ішкі
бөлмелерінде жүріп жазған жазбаларында пирамидалар туралы былай дейді: Үш
пирамиданың ең үлкені өте нашар сақталған. Еңіс келген дәліз арқылы мен
шахтаға жеттім. Кезінде Плиний оның ұзындығы 86 шынтақ болып келеді және
Нілге апарады деп айтқан; қазір онда төбесіне дейін ұсақтас үйіліп қалған.
Белон Хафра пирамидасына кірмеген: Онда адам кіретін жол болған жоқ, оның
биік шыңы үшкірленіп келген және де ол кезінде мрамормен қапталып жатқан,
- дей келе, үшінші Менкаура пирамидасының кеше ғана салынғандай жақсы
сақталғанын атап өтеді. Осылайша XVI ғасырдың өзінде Белонның арқасында
біздің пирамида жайлы білім деңгейіміз сонау 1,5 мың жыл бұрынғы Плиний
уақытындағыдай болып қала берді.
1581 жылы француз патшасы Генрих III жіберген Жан Палерн
пирамидаларды көрген. Ол Ұлы пирамиданың есігі кішкентай екендігін айтқан.
Үлкен пирамидадағы Саркофагқа өте таң қалған, өйткені оны соғып көрсе
қоңыраудың даусындай сыңғырлаған дауыс шығады екен. Палерн Хафра пирамидасы
туралы: "Онда кіретін есік болған жоқ. Оның шыңына шығу мүмкін емес еді,
өйткені ол үшкірленіп келген", - дейді. Жалпы пирамидаларды көріп таң-
тамаша болған ол: "Бұлар антикалық Римнің ескерткіштерінен де керемет", -
деген екен.
Ал ағылшын Джордж Сандис керісінше, бұл пирамидаға
дұрыс тәрбиеленбеген адам ғана қызығып, таңдануы мүмкін деген. Ол өзінің
"Саяхат" (1610ж) деген жазбасында: "Бұлар үш тағылық монументі -
мақтаншақтықтың және әбігершіліктің ескерткіші", - деген. Алайда ол
Египетке барып, пирамидалардың ішіне кіріп көргеннен соң өзінің пікірін
төмендегідей өзгерткен: "Мұнда пирамида негізін қалаушының мәйіті қойылған.
Сол кездегі билеушілер осындай монументальды ескерткіштерді, әрине, тек
мақтану үшін қоймаған. Египеттіктер өлген соң өздерінің рухтарының
өлмейтіндігіне және 30 мың жылдан соң денесіне қайта қосылып бұрынғыдай
қайта өмір сүретіндіктеріне кәміл сенген".
Египтологтар мұндай шешімге бірнеше жүз жылдан кейін ғана келген еді,
ал Д.Сандис болса сол кездің өзінде ескерткіштердің дүниелік туралы
түсінігін ашып беріп кеткен.
Қорыта айтқанда, көне және орта ғасыр дәуірінде ғалымдар,
зерттеушілер, әсіресе саяхатшылар пирамидаларды ғылыми негізде зерттеген
жоқ. Тек құрылыстардың салынуы жөнінде өздерінің, әртүрлі теорияларын ұсына
отырып, олардың сыртқы тұрпаттарына байланысты жалпылама мәліметтер
қалдырған. Мұның өзі Египет пирамидаларын зерттеуге деген үлкен құлшыныстың
және алғашқы бастаманың көрінісі еді.

1.2 ЕРТЕ ЖАҢА ЗАМАННАН БАСТАУ АЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕР ТАРИХЫ

XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында пирамидалар туралы
білгісі келген саяхатшылардың легі көбейе түсті. Венеция өкілдігінің
дәрігері Просперо Альпини ең алғашқы болып пирамидалардың өлшемдері туралы
ежелгі мәліметтерді қайталайды. Француз министрі Кольбер неміс иезуиті
Ванслебті ескі қолжазбаларды іздеуге жіберген. Ванслеб пирамидалар туралы
айтқан араб мәліметтерін ең бірінші болып аударған. 1661 жылы ағылшындық
Эдвард Мельтон Үлкен пирамиданы өлшеді және ең бірінші болып Дашур
пирамидасына барды.
Оксфорд университетінің Джон Гривс деген астрономия саласының
профессоры да пирамидаларды зерттеген. 1683 жылы ол Гизаның үш пирамидасына
ұқыпты түрде өлшемдер жүргізді. Әрине, ол да біраз қателіктер кетірді.
Бірақ оның екі жұмысының нәтижесі бүгінгі күнге дейін маңызды.
Біріншісі-пирамидаларды египеттіктердің салғандығын дәлелдеді,
өйткені ол кезде барлық европалықтар пирамидаларды еврейлер салды деп
сенген. Библияда еврейлер Египетте тұтқында болғанда, балшық илеп, кірпіш
күйдірген делінеді. Ал бұл дегеніңіз пирамидаға қатысты емес, өйткені олар
тастан қаланған.
Екіншісі - Д.Гривс грек, рим авторларының ежелгі египеттіктердің
жерлеу ғұрыптары туралы жазған мәліметтерін оқи отырып, мәні бар мынадай
шешімге келеді: Египеттіктер адам мәйітін ешкім бүлдірмесе, онда оның рухы
өмір сүре береді деп сенген. Тек екі ғасырдан кейін ғана египтологтар мұны
Египеттік деректер негізінде дәлелдеп шыққан.
Д.Гривс өзінің зерттеулерін 1646 жылы Лондонда шыққан Пирамидография
немесе Египеттегі пирамидалар туралы ойлар деген кітабында жариялады.
Жалпы бұл пирамидалар туралы ең алғашқы ғылыми түрде жазылған кітап.
Римнен шыққан голландық тарихшы 1711 жылы Д.Гривстің шешіміне қарсы
шыға отырып, пирамидаларды еврейлер салған деген. Ал оның жерлесі Эгмонт
оған дейін 1709 жылы пирамидаларды Нимрод патша немесе Далука патшайым
салдырған деп айтқан. Көптеген авторлар соның ішінде француздық Тевено
құрылыстарды еврейлермен байланыстырады. Ол Ұлы пирамидадағы саркофагтың
бос жатуын, перғауын II Рамсестің еврейлерді қуғандығымен нәтижесінде Қызыл
теңізге батып кеткендігімен түсіндіреді. Мамандығы бойынша теңіз офицері,
даттық шығыстанушы Египет және Нубияға саяхат кітабының авторы Фредерих
Норден пирамидалардан ешбір жазу өрнегін кездестірмегендіктен, құрылыстар
жазу шыққанға дейін салынған деген шешімге келген. 1692-1708 жылдары Каирда
француз өкілі болып жұмыс істеген Бенуа де Майе пирамидалардың ішкі
құрылысы жайлы мәлімет қалдырған.
Жоғарыда айтып кеткен Норден Гиза пирамидасының маңайындағы, әлі
ешкім көңіл бөлмеген бұзылып жатқан құрылыстарды зерттей отырып, кезінде
Геродот айтып кеткендей олардың ғибадатхана екендігін анықтаған. Сонымен
қатар, ол ең бірінші болып Саккара пирамидасының геометриялық пішіндерінің
дұрыс емес екендігін атап айтқан39.
Француз иезуиті Клод Сикар (1677-1726 жж.) да пирамидаларды зерттеуде
айтарлықтай үлес қосты. Ол көбіне Жаңа патшалықтың астанасы Фивыны ашушы
ретінде танымал.
Пирамидалар туралы құпияларды анықтауда айтарлықтай үлес қосқан
немесе секіріс жасаған адам және 1755 жылы Лондонда шыққан Египет бойынша
саяхат деген кітаптың авторы Ричард Покок болды. Ол Страбон айтып
кеткендей перғауындардың жерасты құпиялы зираты болған атақты Фивы жерлеу
орнын ашып, дүние жүзін осы мәлімет арқылы таң қалдырды.
Геродоттан Пококқа дейінгі саяхатшылардың, зерттеушілердің барлығы
дерлік Гизаның үш пирамидасына көп көңіл бөлген. Әрине, олардың арасында
Египетте басқа пирамидалардың бар екендігін айтқандар да болды. Бірақ
Мельтон мен Норден сияқты, олардың ешқайсысы пирамидаларды суреттеп, оларға
сипаттама бермеген.
Ал Покок болса өзінің кітабында әрбіреуіне сәйкес сызбасы бар 18
пирамидаға сипаттама берген, яғни Гизаның 3 пирамидасына, Абусирдегі
үшеуіне, Лиштадағы бір үлкен және 9 кіші пирамидаға, сонымен қатар, Саккара
мен Дашурдағы басқа үлгідегі 2 пирамидаға тоқталып өткен. Пококқа дейін
Саккара пирамидасы туралы Норден, ал Дашурлық пирамида жайлы Мельтон мақала
жазған еді. Бірақ олардың кітаптары аз таралыммен шығып, тез ұмытылып
қалды. Ал Пококтың әдемі суреттермен безендірілген және түсінікті тілмен
жазған кітабы оқырмандар арасында үлкен беделге ие болды. Бұған дейін
европалықтар пирамидалардың барлығы бір-біріне ұқсас деп ойлаған еді,
ендігі жерде олар пирамидалардың үш түрлі үлгісі бар екендігін білді.
Покок Саккара мен Дашур пирамидаларының өлшемдерін дұрыс айтқан жоқ,
қателіктер кетірді. Өйтпеске лаж жоқ еді, өйткені ол кезде өлшейтін құрал
болған жоқ.
Покок басқа айтарлықтай маңызды жаңалық ашты, яғни Геродот айтып
кеткен Ніл мен Ұлы пирамида арасында болған бұрынғы тас жолдың қалдықтарын
тапқан. Оның Египет бойынша саяхат деген кітабында пирамиданың фут, дюм,
градус және минут сияқты 61 өлшем бірлігі келтірілген. 1762 жылдың
көктемінде осы пирамиданың етегіне келген Карстен Нибурдың анықтағанындай
Пококтан кейін де өлшемдерін толықтыру керек болды.
Карстен Нибурдың (1733 — 1815 ж.ж.) басқалардан ерекшелігі оның
мамандығы жер өлшеуші еді. Пирамидаларды өлшегенде кәсіби маман ретінде
өлшеді. Ол теодолитпен қатар астролябиені де қолдана алатын. Жалпы алғанда,
пирамидаларды өлшеуде және тағы басқа жұмыстарда көптеген кедергілер болды.
Нибурдың маңайында феллахтар әрқашан толып жүрді, олар оның құрал -
сайманын сындырмақшы болса, енді біреулері оған қарғыстарын жаудырып
кететін. Сол кезде сараджи деп аталған сақшылар одан сұғанақтықпен ақша
алатын болған. Ол осының барлығын жеңе отырып, пирамидалардың орналасқан
орнын, бағытын астролябия және компас арқылы дәл анықтады. Нибур Хуфу
пирамидасының үстіне шығып, астына түсіп әлі өлшене қоймаған
олқылықтарды өлшеп толықтырады. Ол Хафра пирамидасына да
көтерілген. Сыртқы тақтатастардың орналасу тәртібіне қарап, пирамидалардың
жоғарыдан төмен қарай қапталғанын анықтап берді. Кезінде Геродот та осылай
жазып кеткен еді. Нибур Менкаура пирамидасында да және оның саттелиттеріне
де көтерілген. Ол тек Хафра пирамидасының биіктігін-138,1 метр деп 80
сантиметрге, яғни жарты пайызға қателескен. Қате деп айту бір жағынан дұрыс
болмас, өйткені сол кезде пирамида етегін құм басып жатуы немесе қазіргі
жоғарғы жағының жөнделген тастары бұрын құлап жатқан болар. Ол кітабының
қорытындысында: Егер осындай керемет құрылыстарды бақылауға уақытын аз
болса, қарақшы сияқты адамдар сені қоршап жүрсе, онда зерттеу тәсілінің
қысқа жолын іздеуге тура келеді8, - деп қынжылады. Оның зерттеулері 1774-
1778 жылдары Копенгагенде неміс тілінде кітап болып шықты.
XIX ғасырдың ортасына дейін пирамидалар сыртынан да ішінен де
өлшеніп, олар туралы құнды деректерге толы, маңызды мәліметтер көп жазылды.
Көпшілік пирамидалар жайлы хабардар болды. Шешілмей қалған пирамидалардың
жұмбақтарын ендігі жерде ешқандай саяхатшы, астроном немесе әскери адам
шеше алмайтын еді. Бұл жұмыс тек египтолог, ғалымдардың қолынан ғана
келетін болды. Өйткені, пирамидалардың әлі де ашылмаған құпия-сырларын
анықтау үшін тастағы Ежелгі Египеттік мәтіндердің, жұмбақ жазулардың кілтін
табу керек болды.
Әрине, европалық ғалымдар бағзы заманнан бері иероглифтерді оқуға
құштар еді. Бірақ иероглиф туралы деректер жеткіліксіз болды. Ғалымдардың
қолында тек біздің заманымыздың IV ғасырында - өмір сүрген Гораполлоның
Иероглифика деген екі кітабы болды. Оны 1514 жылы Пиркхаймер латын тіліне
аударады. Қалай болғанда да бұл еңбек ғалымдар үшін ешқандай нәтиже
бермеді.
Гораполлон иероглифтік жазуды символдық деп санаған. Кейбір
иероглифтің мәнін дұрыс айтса, енді біреуінде қателескен. Мәселен, ирек
таңбасын су деп дұрыс айтса, ара таңбасын халық деп қате айтқан.
Негізінде ара таңбасы Төменгі Египет билеушісі ретіндегі перғауын
лауазымының бір бөлігі. Демек, Гораполлон өз ісін жетік білмесе де кітапты
жазып шыққан.
Ғасырлар бойы көптеген ғалымдар Гораполлоның қателіктерін қайталап
келді. Тек ағылшындық Уильям Уорбертон өзіндік сара жолымен жүрді. 1738
жылы ол таңбалар тек сурет емес, сонымен катар дыбысталуы бар белгілер
деген. Алайда ол да замандасы Жозеф де Гинь сияқты египеттіктер Қытайда
тұрған деп айтқан.
Бонапарттың Египетке жорығынан кейін сол кездің атақты шығыстанушысы
Сильвестр де Саси: Таңбалардың құпиялары - ғылыми түрде шешілмейтін
мәселе, - деген. Ақыр аяғында таңбалардың құпия сырын шешетіндей бір ғалым
табылды. Ол - Жан Француа Шампольон еді.
Ол жеті жасынан бастап Египет тарихына қызығушылық білдіреді. Жиырма
жасына дейін ол Геродот шығармаларынан бастап, Денонның Саяхат және
Жомардың Египет сипаттамасы деген кітаптарын оқыған. Шампольон 17
жасында Гренобль университетінің тарих ғылымының профессоры
атанады да, кейін Розет тасының мәтінін толықтай оқып шығады. Нәтижесінде
Ежелгі Египет жазуының мұқамын анықтайды.
1822 жылы 27 - ші қыркүйекте Шампольон Академия мүшелерінің алдында
өзінің жаңалық ашқандығын дәлелдеп береді39.
1824 жылы Ежелгі египеттіктердің таңбалық жүйесі туралы очерк деген
еңбегі жарық көрді. Алайда Египеттік грамматика (1836ж.) және Таңбалық
жазбадағы Египеттік сөздік (1841ж.) деген кітаптарының жарыққа шыққанын
көре алмады. Өйткені ол 1832 жылы 4-ші наурызда ауырып қайтыс болған еді.
Кейін Пруссия королі Фридрих Вильгельм IV Египетке экспедиция
жіберіп, оның басшылығына Рихард Лепсиусты қойды. Ол Египетте үш жылдан
астам уақыт болды, тіпті сонау Нубияға да асып барды. Египетте ол көптеген
қазба жұмыстарына қатысып, зерттеулер жүргізді. Лепсиус Египет тарихын
Манефон бойынша - Ежелгі, Орта жөне Жаңа патшалық деп үш дәуірге бөліп
берген. Бұл жүйені біз қазіргі күнге дейін қолданамыз. Басқасын айтпағанның
өзінде Лепсиус пирамидалармен байланысты жұмбақтарды шешті. Ол жеке
пирамидалардың иелерін және олардың билік құрған уақыттарын анықтап, бұл
пирамидалардың Ежелгі және Орта патшалық тұсында салынғандығын, ал Жаңа
патшалық уақытында құрылыс тоқтатылғандығын айтқан. Ол Мемфисте жарты жыл
уақыт болғанда Абу -Роаштан Лишта мен Иллахунға дейінгі 64 пирамидаға
сипаттама беріп, отызын өзі ашқан30. Кейін анықталғандай оның пирамида
деп атағандары басқа типтегі құрылыс болып шықты, алайда бұл оның
жұмыстарының дәрежесін төмендетпейді.
Шампольон мен Лепсиустан кейінгі пирамиданы зерттеушілер енді тек
оның құрылысын анықтаумен шектелген жоқ. Геродот пен Плиний білмеген
көптеген мәліметтерді білуге зор мүмкіндік туды.
Жаңа ұрпақтың ғалымдары аз уақыттық барлау жұмыстарына
қанағаттанбады. Тек кешенді археологиялық тексерулер арқылы ғана
пирамидаларды зерттеуге болатын. Ол үшін Ніл еліне жан-дүниесімен беріліп,
Египетте ұзақ уақыт болуға үйрену керек еді. Ғылымға қызмет ететін, жаңалық
ашуда келеңсіз қиын жағдайлардан тайсалмайтын адамдар міне дәл осылай
істеді. Бұл істі бастаушылардың қатарына француздық Мариетт, Масперо және
де Морганды, ағылшындық Флиндерс Питри мен неміс зерттеушісі Борхардты
жатқызуға болады. Кейін олардың орнына швейцарлық Навиль, американдық
Литгоу мен Рейснер, француздық Лорэ мен Жекье және тағы басқалары келді.
Огюст Мариетт (1821-1881 ж.) 1850 жылдың күзінде Лувр қызметкері
ретінде Египетке коптық жазбаларды сатып алу мақсатымен келеді. Египет
пирамидасына қайраң болған ол, сол жердің басқа да ескерткіштерін зерттеу
үшін қалып қояды. Ең аяныштысы египеттіктердің өз елін тонауда өзара
бәсекелесетін еді. Олар аз ақшаға бола мүсіндердің басын жұлып,
саркофагтарды кесіп, бөлшектеп сататын. Мұны көрген ол барлық күш жігерін
салып ескерткіштерді сақтап қалмақ болды. 1857 жылы Мариетт Каирдың Булак
деген елді мекенінде мұражай ашады. Бұл мұражай атақты Египет мұражайының
негізін қалады, 1902 жылы Каирдың бас алаңы Тахрирдағы бір ғимаратқа
көшірілді. Риза болған Египет халқы Мариеттке арнап ескерткіш орнатқан.
1880 жылы Гастон Масперо (1846-1916 ж.ж.) Сакараның оңтүстігіндегі
VI әулет перғауыны II Пиопидің пирамидасын ашты және оның қасындағы
пирамида VI әулетке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнер кереметі
Египет пирамидалары
Пирамиданың құдіреті
Сахара маңайы аймағындағы елдерге экономикалық-географиялық тұрғысыдан толық сипаттама
Сызу тарихы
Мысыр өнерінің классикалық кезеңі
Әлемнің жеті кереметтері
Египет
Геодезияның даму тарихы жайлы
Көне Египет мәдениеті
Пәндер