Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы



Қазіргі «Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихи – жәдігерлерін зерттеу, мыңдаған жылдар бойы жасалған материалдық игіліктердің тарихын, көне заманнан қазіргі уақытқа дейінгі халықтың тарихи даму сабақтастығын көрсету болып табылады. Ұлттық мәдениеттің дәстүрлері мен жетістіктерінің барлық бағалылары – әлем халықтарының бірегей интернационалдық мәдениет қазынасына қосылған баға жетпес және қайталанбас үлесі. Дәстүрлі шаруашылықтың шығу тегі мен даму кезеңдерін, оның ішінде мал шаруашылығының түрлерін зерттеу этнография ғылымының актуальді мәселесі.
К.Маркс «Капиталда» былай деп жазады: «Животные и растения, которых обыкновенно считают продуктами природы, в действительности являются продуктами труда не только прошлого года, но в своих современных формах и продуктами видоизменений, совершившихся на протяжении многих поколении под контролем человека при посредстве человеческого труда». [333.188б] Қоғамдық ғылымдардың өкілдері адамзаттың дамуындағы мал шаруашылығы мен егіншіліктің экономикалық және әлеуметтік маңызын өз еңбектерінде үнемі көрсетіп отырады. Бұл проблеманың қазіргі тарихи зерттеулерде кезек күттірмейтін актуалдығы мен көп мәселелердің шешілмегендігі жөнінде 1980 жылдардан бері «Советская этнография» журналының беттеріндегі пікірсайыстар куә. Мал шаруашылығының классификациясы мен дефинициасының мәні, түрлері мен салаларының төңірегінде айтыс бүгінгі күнге дейін жалғасуда. [104.330.331.332.335.398.404.]
Сонымен қатар соңғы уақыттағы археологиялық қазбалар Қазақстан территориясы табынды жылқы шаруашылығының пайда болып, дамыған ошақтарының бірі екенін дәлелдейді. Көкшетау облысындағы Ботай қонысынан (энеолит дәуірі б.з.д. 3 – 4 мың жылдықтың арасы) орасан көп қолға үйретілген жылқы сүйектерінің табылуы, Қазақстан территориясы – әлемдегі ең бір көне жылқы шаруашылығының отаны екенін көрсетеді. [213.214.215.]
Қазіргі мал шаруашылығында халықтың ғасырлар бойы бойына сіңірген тәжірибелері мен дәстүрлі әдістері ыждахаттылықпен сақталып дами түсуде деп көрсетеді В.П.Курылев. [263] Зерттеушінің пікірінше мал шаруашылығының жайылымды мейлінше тиімді пайдалану түрлері, әлі күнге дейін ғасырлар бойы отарлап мал жаю қолданылған жерлерде дамуда. Ғасырлар сынынан өткен мал жаюдың мұндай тәсілі – жайылымды жыл мезгілдеріне байланысты пайдалануда өте тиімді. Сонымен бірге мал айдаудың дәстүрлі маршруттары, мал жаюдың, мал басын сақтаудың, өсімін көбейтудің баға жетпес тәжірибелері, малшының ежелгі құрал – саймандары, қора – қопсы, үй – жайы, шаруашылық құрылыстары әлі күнге дейін сақталуда. Республикамыз қазіргі таңда жылқы саны жөнінен ТМД бойынша бірінші орында тұрады (1.2 млн), ТМД елдеріндегі жылқының 22% құрайды.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазіргі Мәдени мұра бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақ
халқының ғасырлар бойғы тарихи – жәдігерлерін зерттеу, мыңдаған жылдар бойы
жасалған материалдық игіліктердің тарихын, көне заманнан қазіргі уақытқа
дейінгі халықтың тарихи даму сабақтастығын көрсету болып табылады. Ұлттық
мәдениеттің дәстүрлері мен жетістіктерінің барлық бағалылары – әлем
халықтарының бірегей интернационалдық мәдениет қазынасына қосылған баға
жетпес және қайталанбас үлесі. Дәстүрлі шаруашылықтың шығу тегі мен даму
кезеңдерін, оның ішінде мал шаруашылығының түрлерін зерттеу этнография
ғылымының актуальді мәселесі.
К.Маркс Капиталда былай деп жазады: Животные и растения, которых
обыкновенно считают продуктами природы, в действительности являются
продуктами труда не только прошлого года, но в своих современных формах и
продуктами видоизменений, совершившихся на протяжении многих поколении под
контролем человека при посредстве человеческого труда. [333.188б] Қоғамдық
ғылымдардың өкілдері адамзаттың дамуындағы мал шаруашылығы мен егіншіліктің
экономикалық және әлеуметтік маңызын өз еңбектерінде үнемі көрсетіп
отырады. Бұл проблеманың қазіргі тарихи зерттеулерде кезек күттірмейтін
актуалдығы мен көп мәселелердің шешілмегендігі жөнінде 1980 жылдардан бері
Советская этнография журналының беттеріндегі пікірсайыстар куә. Мал
шаруашылығының классификациясы мен дефинициасының мәні, түрлері мен
салаларының төңірегінде айтыс бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
[104.330.331.332.335.398.404.]
Сонымен қатар соңғы уақыттағы археологиялық қазбалар Қазақстан
территориясы табынды жылқы шаруашылығының пайда болып, дамыған ошақтарының
бірі екенін дәлелдейді. Көкшетау облысындағы Ботай қонысынан (энеолит
дәуірі б.з.д. 3 – 4 мың жылдықтың арасы) орасан көп қолға үйретілген жылқы
сүйектерінің табылуы, Қазақстан территориясы – әлемдегі ең бір көне жылқы
шаруашылығының отаны екенін көрсетеді. [213.214.215.]
Қазіргі мал шаруашылығында халықтың ғасырлар бойы бойына сіңірген
тәжірибелері мен дәстүрлі әдістері ыждахаттылықпен сақталып дами түсуде деп
көрсетеді В.П.Курылев. [263] Зерттеушінің пікірінше мал шаруашылығының
жайылымды мейлінше тиімді пайдалану түрлері, әлі күнге дейін ғасырлар бойы
отарлап мал жаю қолданылған жерлерде дамуда. Ғасырлар сынынан өткен мал
жаюдың мұндай тәсілі – жайылымды жыл мезгілдеріне байланысты пайдалануда
өте тиімді. Сонымен бірге мал айдаудың дәстүрлі маршруттары, мал жаюдың,
мал басын сақтаудың, өсімін көбейтудің баға жетпес тәжірибелері, малшының
ежелгі құрал – саймандары, қора – қопсы, үй – жайы, шаруашылық құрылыстары
әлі күнге дейін сақталуда. Республикамыз қазіргі таңда жылқы саны жөнінен
ТМД бойынша бірінші орында тұрады (1.2 млн), ТМД елдеріндегі жылқының 22%
құрайды. Қазақстандағы барлық жылқының 70 – тен астамы ежелгі ата – бабалар
дәстүрімен, тебіндеп жайылу әдісімен бағылады, мұның өзі халықтың ғасырлар
бойғы жылқы бағу тәсілдерінің өміршең екендігін көрсетіп отыр. ТМД – дағы
қымыз өндірудің 85 Қазақстанның үлесінде, бұл көрсеткіш жылма – жыл өсуде.
Көптеген ауыл – шаруашылық жұмыстары аттың күшімен атқарылуда. 1980 жылы
64,9 мың күннің жұмысы атпен істелінген, мұның өзі ТМД елдері бойынша
көрсеткіштің 12%. Жанармайдың тапшылығы, ауыл – шаруашылығына арендалық –
мердігерлік, кооперациялық, фермерлік әдістердің енуі, жылқының жұмыс күш –
көлігі ретінде маңызын онан сайын арттыруда. Жылқы шаруашылығы
республикамыздағыет өндірудің бірден-бір ең арзан көзі.
Соңғы кезде жылықының әлемдік цивилизация тарихындағы ролі, көшпелі
халықтардың өміріндегі орны, рухани мәдениеттегі үлес салмағы жайындағы әр
қырынан зерттелген, сан – салалы мәселелерді қозғаған еңбектер ресейлік,
шетелдік тарихнамаларда жарық көруде. [277. 151. 248. 249. 261. 262. 267.
333. 512. 605. 608.]
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы болғандықтан, қазан
төңкерісіне дейін дейін қазақ жерін аралаған көпшілік жиһанкездер мен
саяхатшылардың, елшілер мен зерттеушілердің жазбаларында міндетті түрде
жылқы туралы мәліметтер кездесіп отырады. Қазақ халқының тарихына,
географиясына, этнографиясына т.б. арналған үлкенді – кішілі еңбектердегі
ақбарлар мен қысқа үзінділерді есепке алмағанда, қазақ жылқысының тікелей
өзіне арналған арнаулы әдебиеттер мен газет – журнал мақалаларының өзі бір
төбе. [540] Дегенмен бұл әдебиеттердің біраз бөлігінің ғана ғылыми мәні бар
деп айтуға болады. Олардың көпшілігі ең алдымен қазақтың жылқы шаруашылығын
қызығушылықпен, таңырқаушылықпен үстіртін суреттеп жазған шығармалар.
Мұндай еңбектерде көбінесе жылқының бағылуы мен күтілуі, аракідік тұқымдары
жайында сөз болады. Революцияға дейінгі әдебиеттердің басты кемшілігі сол,
көпшілігінде авторлар бірін – бірі қайталап белгілі жағдайлар мен
фактілерді тізіп жаза береді.
Қазақ жылқысы жайындағы дәйекті ғылыми зерттеулер Орта Азия мен
Қазақстанның Россияға толық қосылып бітуімен, яғни 1870 жылдардан бастап
жарық көре бастады. Бұл жылдары қазақ жылқы шаруашылығының белгілі бір
мақсатпен мамандар зерттегендіктен, мақалалар мен еңбектер фактілерінің
молдығымен, мазмұнының байлығымен көзге түседі, сондықтан біз басты – басты
еңбектерге жеке –жеке тоқталамыз.
1870 жылы жарық көрген Н.Бахметьевтің мақаласы Түркістан өлкесіндегі
жылық заводтары жайындағы мәліметтер – деп аталғанымен, автор қазақ
жылқысына көп тоқталған. Жылқының далада бағылып, табиғат аясында өсетінін,
тек аса бағалы жүйріктерді иелерінің ерекше күтімге алып жеке өсіретінін,
дала жылқысының салт мінуге арналатынын, құнан кезінен бастап ерте мінетіні
сияқты фактілерді айта отырып оқушыларды қазақ жылқы шаруашылығымен
таныстырады. Жабайы сұлы, без, бидайық, жоңышқа, бетеге жылықының негізгі
азығы деп, шөптерді өз атымен жазады. Жылқы санының көптігінен қазақтар
Орал, Орынбор казак әскерлерінің жеріне октябрьдің 1 мен 15 – ші май
аралығында ақысын төлеп, отарлап бағатынын, әр жылы қанша бас мал
бағылғанын көрсетеді. Арғымақ тұқымына анықтама береді. Орта Азияда кең
тараған қарабаир тұқымының шығуы жөнінде зерттеуші арғымақ айғыр мен қазақи
биенің І – ші ұрпағы арғымақтан айнымайды, 3 – ші ұрпағынан әйгілі қарабаир
шығады. Н.Базметьевтің мақаласы қазақ жылқысы жайында кең көлемдегі алғашқы
еңбектердің бірі. [67]
А.Вилькинс бүкіл Орта Азия жылқы шаруашылығына шолу жасай отырып,
түркмен жылқысымен қазақ жылқысын салыстыра зерттейді.
Біріншісі ежелден мәдени жылқы шаруашылығының отаны болса, дала
жылқысы ғасырлар бойы табиғи сұрыпталу арқылы өткен, яки сол жердің өзінде
өсіп – өнген деп түйіндейді. Алыс қашықтыққа шабатын ат бәйгелері осы екі
халықта ғана болатынын көрсетеді. Зерттеуші жергілікті халықтың аттың
қандай жүрісін ұнататынын назарынан қалдырмайды. Дала үшін ең жақсы жүріс
хода (біздің ойымызша бұл аяң болу керек, себебі қазақ ат таңдағанда,
адамға жайлы аяңы бар ма екен деп жатады А.Т.). Аттың мұндай жүрісін Европа
әлі білмейді, себебі бұл қолдан жасалған аллюр, атты жастайынан бастап, осы
әдіске үйретеді, осы жүрісіне қарай ат бағаланады деп көрсетеді.
Европалықтар рысь (желіс) пен галопты (шоқырақтап шабу) жақсы көрсе
хода (аяң) осы екеуінің арасындағы жүрісінің түрі деп пайымдайды.
Мақалада ат жарату өнеріне біраз орын берілген. Автор қазақ, түркмен
халықтарының ат жарату өнері мен европа тренингісінің тәсілдерінің
ұқсастығына сүйене отырып, ат жарату өнері Европаға шығыстан келмеді ме
деген ой тастайды. [121.122]
Атты әскер офицері А.Гардер 1870 жылы салт атпен Саратовтан шығып,
Орал, Ойыл, Қиыл, Ембінің бастауын, Мұғаджар тауларын, Кіші және Үлкен
Борсық құмдарын, Қазалы маңын аралап жылқы табындарын көреді. Одан соң
мінген атын ауыстырмастан Амударияның оң жақ жағалауын жағалай отырып,
мыңдаған шақырым жол жүріп, Бұхараға жетеді, одан әрі Орта Азияны аралап
шығады, мінген көлігі де қазақ жылқысы болады. Қазақ жылқысы ерекше
төзімді, және шыдамды, кавалерия мен артилерияға жарамды деп бағалайды.
Табынды жылқының айғыр – үйір болып бағылатынын мұның өзі мал басының
жоғалмауына себеп болатындығы, сондықтан қазақтар өмірі айғырды
сатпайтындығын – мыңдаған бас жылқы малын бағудағы көшпенділерге тән тамаша
тәсіл деп санайды. Көп зерттеушілер қазақтар жылқының жастай тай – құнан
кезінен үйретіп мінеді, бұл бойының өсуіне кедергі болады десе, А. Гардер
керісінше атты бұлай үйрету, ерте бастан шынықтырады, қазақи жылқы
тұқымының төзімділігі осыдан болар деп тұжырымдайды. Жайылымның ақ от,
қара от болып бөлінетінін айтып өтеді. [130]
С.Вогактың мақаласы Торғай, Орынбор, Орал, Маңқыстау аймақтарындағы
қазақтардың жылқы табындарының жайылымы, бағым – күтімі, бәйге, жорға –
жарыс, жылқының саны мен бағасы сынды мәліметтерге толы. С.Вогактың өзі
Ырғыз уезінің бастығы болған, мақаласында ...менің көмекшім Есет Көтібаров
би (Айман – Шолпан эпосындағы Көтібар батырдың баласы А.Т.) атқыштар
полкіне жылқылар берді... – деп ілтипатпен еске алады. Аталған
аймақтардағы қазақ жылқысының төрт түрге бөлінеді дей келе тұқымға, түрге
бөлуге алғашқы қадам жасайды. Торғай мен Тобыл өзенінің арасында арғын,
Маңқыстауда адай, Үлкен Борсық пен Мұғаджар тауларында шекті, солтүстік –
батыста Жетісу жылқылары мекендейді деп, тұқымдарды айырады. Жорға ұстау
Орта Азия мен қазақ даласында ғана емес Байкал халықтары якуттар мен
буряттарда кең таралғанын мәлімдейді. [124]
1877 – 1878 жылғы орыс – түрік соғысына қатысқан Жайық казактарының
атаманы генерал В.Дандевильдің казак полктері, орыстың басқа атты
әскерлеріне қарағанда өзінің шыдамдылығымен төзімділігімен, қандай қиын
жағдай болса да күй талғамайтындығымен көзге түседі. Ішкі Россиядан келген
гусар, ұлан, драгун полктері ұрысқа кіргенде 16 қатар болса, Дунайдан өткен
соң аттарының көбі қатардан шығып, шаршап өліп, 7 – ақ қатары қалады.
Жорықтың алдында жүріп отырған, қазақ жылқысына мінген, Жайық қазақтары
бірде – бір қатарын жоғалтпай, Дунай өзенінен өткенде де, олардың аттары
төзімділік танытып, тың қалпынан айрылмаған. Россия жағында соғысқан
австрия атты әскерлерінің командашысы, полковник Ленейзен орыс –түрік
соғысынан кейін, Орынбор даласына 5 рет келіп, Австрия армиясы үшін, әр жыл
сайын 3 мың бас қазақ жылқыларын сатып алып отырған. В.Дандевильдің өзі
Біздің атты әскерлердің төзімділігі атты үлкен мақала жазады. Орыс –
түрік соғысының сабақтары әскери ведомстволардың қазақ жылқысына деген
ынтасын бұрынғыдан да күшейтті, әскери мамандардың қазақи жылқы тұқымдарын
зерттеуі арта түсті. Осы жылдары жылқы шаруашылығына арналған журналда дала
жылқысы жөнінде сипаттамалық тұрғыда жазылған тағы да бірнеше мақалалар
басылып шықты. [156]
1871 жылы М.Бабаджановтың Жылқылар және оларды Ішкі қырғыз (қазақ)
ордасында баптау – деген көлемді еңбегі бірден екі журналға басылып шықты.
М.Бабаджанов (1832 – 1898) 1851 жылы Орынбор кадет корпусының азиялық
бөлімін бітіреді де, он бір жыл бойы шекара комиссиясында қызмет істеп,
1862 жылы демалысқа шығады. 1850 жылдың аяғынан бастап, орыс география
қоғамымен байланыс жасап, Бөкей ордасының археологиясына, этнографиясына
қатысты мақалаларын, хабарларын жіберіп тұрады. М.Бабаджанов ғылыми
еңбектері үшін ресми награда алған алғашқы қазақтардың бірі болды.
М.Бабаджановтың еңбегінің басқа зерттеулерден артықшылығы орыс ғалымдары
байқамаған жылқының қасиеттерін, этнографиялық қалтарыстарын, халықтың өмір
– тәжірибесін шынайылықпен суреттейді. Жылқының ежелгі тұқымдары: арғымақ,
қазанат, сауранат шығу тегі, тұқымға бөлудің халықтық классификациясы,
сыншылық өнер, ат жарату т.б. туралы құнды деректер келтірген. Ғылыми
тұрғыда қазақ жылқысын қазақ зертеушісінің жазған еңбегі өз заманында – ақ
мамандардың назарын аударды. [86. 226. 227]
Н.Бахметьевтің (1870), М.Бабаджановтың (1871), П.Великосельцевтің
(1871), В.Дандевильдің (1881) еңбектерінде қазақ жылқысының бітімі,
шыдамдылығы, бағылуы жайында нақты пікірлер айтылды. Осы еңбектер жарыққа
шыққаннан кейін Россияның қажеттілігін кез – келген уақытта қанағаттандыра
алатын таусылмас дария – дала жылқы шаруашылығына мемлекет тарапынан
көңіл аударыла бастады. Оның үстіне орыс атты әскерлерінің негізгі жылқы
базасы – Дон аймағында ХІХғ. екінші жартысынан бастап, егіншіліктің мықтап
дамып, жердің жаппай жыртылуына байланысты жайылымдық жер қалмады. Дон
аймағындағы табынды жылқы өсіретін шаруашылықтар жылқы жайылымына жарамды
жерлер іздей бастады. Армияны атпен қамтамасыз етудің жаңа көзі – қазақ
даласындағы сан миллиондаған жылқыны игеру үшін, сөзден іске көшу керек
болды. 1884 жылы мемлекеттік жылқы заводтары басқармасының бастығы граф
И.И.Воронцов – Дашковтың бұйрығымен Торғай, Орал облыстарына, Бөкей
ордасына, кейінірек қазақ жерінің басқа да аймақтарына мамандар жіберіледі.
[357. 178] Нәтижесінде Торғай облысында үш зауыт, Әулиеата мен Верныйда
шағылыс (рассадник) орны ашылды.[1] Зауыттардың мақсаты қазақи тұқымдарды
мәдени тұқымдармен будандастырып армияны жоғары сапалы, атты әскерге
жарамды тұқымдармен қамтамасыз ету еді. ХІХғ. аяғында қазақ жері әскери
жылқы өсірудің жаңа базасы есебінде мемлекеттік жобалар мен жоспарларда,
баспасөзде көп айтыла бастады. Торғай облысының жылқы шаруашылығы – Россия
үшін қаншалықты маңызды болғанын төмендегі екі деректен байқаймыз. Мәселен
Тургайская газетаның эмблемасы аттың суретімен әшекейленсе, Торғай
облысының гербінде қазақ жылқысының басы бейнеленген. [133а.159б]
ХІХ ғасырдың 80 – 90 жылдары жылқы жөніндегі материалдар бұрынғыдан да
көбейіп, баспасөз бетінде көлемді мақалалар мен арнаулы деректер басыла
бастады. [10в-111.130.]
1883 жылы мемлекеттік жылқы заводтары бас басқармасының өтінішімен
Ахмет Жантурин сұлтан көлемді очеркін жариялады. Очеркте қазақ жерінің
климаты, жылқының бағылымы, жайылымдық жерлері, басқа түліктермен
салыстырғандағы үлес салмағы, саны, европа мемлекеттеріндегі жылқы санымен
салыстырғандағы пайыздық мөлшері т.б. мәселелер қамтылған. Экономист –
маман ретінде жылқы түлігінің пайдасын, үлес салмағын ұтымды көрсеткен.
Орынбор облысында 1879 – жылғы санақ бойынша 1,8 млн жылқы болса, бүкіл
қазақ жерінде 4 миллионнан асу керек деп шамалайды. Қазақи тұқымның ерекше
шыдамдылығы мен төзімділігі туралы жазылған 20 – дан астам зерттеушілердің
мақалаларына сүйене келіп, қазақ жылқысы салт мініске арналған тұқым болып
қалу керектігін дәлелдейді. Қазақи тұқымның тек бір кемшілігін, бойының
аласалығын бітімінің қораштығын кетіру үшін кавказ, таза желгіш, түркмен,
араб тұқымдарымен будандастырып, асылдандыру жолдарын ұсынады. 1879 – 1880
қоян жылында Торғай мен Орал облыстарында 6 млн. бас төрт түлік мал өліп,
70 мың сом зиян келген. Мұндай апаттан құтылудың жолы қысқа мал азығын
дайындап, шөп шабудың әдіс – тәсілдерін үйреніп, тұрақты жем – шөп қорының
қажеттігін баса айтады. Автор өз зерттеуін жылқы шаруашылығы қазақ
жеріндегідей, ешбір жерде табиғат жағдайына тікелей тәуелді емес деп
қорытындылайды. А.Жантуриннің еңбегі М.Бабаджановтан кейінгі өз халқының
ішінен шыққан зерттеушінің жергілікті жағдайды терең білетіндігімен,
деректерінің молдығымен, толғағы жеткен мәселелерді орынды қоя білуімен
ерекшеленеді. [160]
Агроном И.Шумков Сельское хозяйство и лесоводство журналында қазақ
жылқысы туралы көптен жаза келіп, жылқы шаруашылығының дамуын климатпен,
табиғат жағдайымен байланыстыра қарастырады. Көпшілік әдебиеттерде кең етек
алған қазақтар жылқыны ет үшін семіртіп бағады деген пікірдің қазақ
жылқысының табиғатын білмеушіліктен туғанын атап айтады. Қазақ жылқысының
тез қоңданып ет алғыш болуы және үнемі семіртіп қоңды күйінде сақтап отыру,
қазақтың қанына сіңген жылқы етін жегіштігінен емес. Даланың қатал
табиғатын тек осындай жануарлармен ғана жеңе алуға болады. Қазақи тұқымның
арба – шанаға жегуге, әсіресе ауылшаруашылық жұмыстарына бейімділігін
еңбегінің бірнеше жерінде уағыздайды. Қазақ жылқы тұқымын үлкен үш топқа
бөледі. 1. Торғай облысының жылқысы, мұның нақты өкілі – шекті руының
жылқысы. 2. Сібірлік қазақи орақ тұмсықты жылқы. 3. Адай тұқымы, бұл қазақи
тұқымды арғымақ тұқымымен қосудан пайда болған. Академик А.Ф.Миддендорфтың
қазақ жерінің барлық бөліктерінде жылқы тұқымдары бір түрге жатады деген
пікірінің қателігін ашып көрсетеді. [587]
Орта Азия мен Қазақстандағы жылқы тұқымдарын тарихи – иппологиялық
зерттеудің үлгісі деп В.Фирсовтың еңбегін атауға болады. Шмаковтың,
Медведскийдің, Белинскийдің, Бабаджановтың еңбектерін пайдалана отырып,
қазақ жылқысының тұқымы көне заманнан қалыптасқан деп қорытынды жасайды.
Еңбектің 2 – бөлімі тұтастай қазақ халқының этнографиясына, әдет – ғұрпына
арналған. Атпен өткізілетін мерекелер, ондағы ұлттық ойын түрлері бәйге,
көкпар, сайыс, наным – сенімдер шынайы көркем жазылған. В.Фирсовтың жұмысы
басқа әдебиеттердегідей шаруашылық тұрғысынан емес, тақырыпты халықтың
тарихымен байланыстыра жазылған жан – жақты еңбек. [550]
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мал шаруашылығын этнографиялық
тұрғыдан зерттеген В.В.Радлов болды. Төрт түліктің ішінде жылқының алатын
орны, ат – әбзелдері, аттың қазақтың әдет – ғұрпымен байланыстылығы,
жылқыдан алынатын өнім түрлері көрсетілген. Қазақша жылқы түстерінің
атаулары, оның орысша баламалары берілген. Қазақ үшін жылқы сату
бақытсыздық әкелетіні, егер адам жолда өлсе, атын теріс ерттеп үйіне
қайтаратыны, халықтың байлығы жылқының санымен, қымыздың көптігімен
бағаланытыны секілді әдет – ғұрыптар орынды сипатталған. [443]
Қазақ жылқысының байырғы тұқымдары мен түрлерінің шығу тегі, басқа
тұқымдармен араласу жолдарын зерттеген Я.Я.Полферовтың мақалалары әлі күнге
дейін маңызын жойған жоқ деп айтуға болады. Адай, қарабайыр, арғымақ
секілді қазақтың көне жылқы тұқымдарын жеке – жеке мақалаларға арқау етіп
алып, сол заманғы ғылыми тұрғыдан мазмұнды баяндап берген. Автор зерттеуін
одан әрі жалғастыра келе, қазақ жылқысын асылдандыруға, қандай мәдени
тұқымдар сәйкес келетінін дәлелдеген. [420. 421. 422. 424. 425.]
Халықтың ат жарату өнерін Бөкей ордасына 33 жыл Жәңгір ханның атбегісі
болған Шоқай Шонқаевтың ауызба – ауыз, сөзбе – сөз жазып алған атты әскер
офицері А.Каллердің мақаласы бұл тақырыпқа жазылған бірден – бір еңбек,
атбегінің ұзақ жылдардағы мол тәжірибесі айна – қатесіз қағаз бетіне
түсірілген. А.Каллердің көрсеткеніндей ат баптау мерзімі март айының
басынан басталып екі жарым айға созылып, үш кезеңнен тұрады. 1 – жемдеу, 2
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XV-XVII ғ.ғ. этнопсихологиялық ой-пікірлер (асанқайғы, қ. жалайри, м.х. дулати, шалкиіз, жиембет жырау т.б.)
Сақ мәдениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеттесуі
Қазақ философиясы туралы
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Көшпенді түрік тілдес халықтар өркениеті зерттелу дәрежесі
Қазақ музыка мәдениетінің қалыптасуы
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
ҚАЗАҚ - МОҢҒОЛ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СӘНДІК- ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫҢДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
Жігіттер сақтаныз жаман достан
Жыраулар әлеміне шолу жасау
Пәндер