Батыс Тянь-Шань флорасы. Батыс Тянь-Шаньның физико-географиялық жағдайы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Тянь-Шань флорасы

Батыс Тянь-Шаньның физико-географиялық жағдайы

Батыс Тянь-Шань деп біз Қырғыз Алатауы немесе Александр жотасының орталық бөлігінен батысқа қарай орналасқан перифериялық тау жоталарын айтамыз. Осы маңға жақын жерде жалпы бағыты солтүстік-батысқа бағытталған Талас өзені Шу өзенінің сол жағалауындағы құмға сіңіп, Қырғыз Алатауынан тура батысқа тармақтала отырып, жоғарғы Таластың сол жағалауын түзетін гранит пен парфирден құралған альпі жотасы. Талас Алатауының биіктігі 4500 м асады да 3500 м-ден бастап қар жамылғылары басталады. Жамбыл қаласынан азырақ батысқа қарай жота оңтүстік-батысқа ауысады да бұл бөлік Угаш жотасы деп аталады.

Тура осы Угаш жотасынан бастап, темір жолы өтетін шақпақ асуының ойпаты арқылы, Талас Алатауынан Солтүстік-батысқа бірінші неғұрлым төмен және төбесі жота бастау алады да солтүстікке қарай Тараз қаласынан Шымкент қаласына дейін неғұрлым кең, ұзындығы 400 м-ге жететін Сырдариялық Қаратау жотасы солтүстік-батысқа темір жол арқылы шамамен Бурное станциясынан Шиелі станциясына дейін созылып жатады. Бұл жотаның әр бөлігі әр түрлі аталады, Шақпақ асуынан бастап осы атаумен Ванновка елдімекенінің жанынан Боралдай тау деп аталатын бөлік созыла өтеді. Жотаның Түркістан қаласына қарсы орналасқан орталық бөлігі Мыңжылқы деп аталады.

Қаратау батыс баурайы жайпаң және кең төбесі тау бөктерінен құралған, шығысы құрамалы, тіпті иіле асылып тұрған тастама шөлейтіне ұласады. Жотаның орташа биіктігі шамамен алғанда 1000-1500 м, Боралдайда биіктігі 1700-1800 м-ге жететін шоқылар бар. Мыңжылқының орталық ең биік бөлігі 2000-2100-ге жетеді. Жота сиенитті яғни ертепалеозойлық ізбесті тау жынысы мен тас көмірлі порфирлер, туфтар, гранит, аменит және металоморфтық хлоритті тақтатастан құралған. Угаш жотасы мен Қаратаудан басқа Талас Алатауынан оңтүстік-батысқа Сырдария өзеніне қарай Ташкент және Ходжент қалаларының маңында тағы да биік бір-біріне параллель орналасқан жоталардың ең шығысындағы шеткісін мәңгі қар басып, аспа мұздықтар жамылып жатады. Шатқал жотасы жоғарыға 4500 м көтеріліп, солтүстік-батысында Фергана алқабын жауып жатады. Шатқал жотасының оңтүстік-батыс тармақталған ұшы Ходжент қаласы маңынан Сырдария өзенімен кесіліп өтетін, сиенит пен порфириттен тұратын жалғыз жота. Моғал таудың абс. биіктігі 2000-ге жетеді. Шатқал жотасының Талас Алатауынан тармақталған жерімен бой көтерген кең сиенитті. Сансоновтың шыңы пирамидасының абс. биіктігі 4100 м. Шатқал жотасынан батысырақ Талас Алатауынан да оңтүстік-батысқа биік әрі құлама шыңды Піскем жотасының тармақталған жеріне жақын маңда Талас жотасының ең биік шыңдарының бірі Манас шыңының биіктігі 4800 м-ге жуық.

Сонымен Батыс Тянь-Шаньның батысында орталық Тянь-Шаньның орталық тізбектерін тұйықтайтын Ферғана жотасын жатқызуға болады. Ақ-Шинрақ, Кокшалтау т. б. өзі солтүстік-батысқа айқын созылып, Қаратау жазығымен сәйкестеліп, Талас, Шатқал, Ферғана жоталары түзілетін түйіннен тікелей жалғап жатқандай болады.

Батыс Тянь-Шань флорасын зерттеудің тарихы

Батыс Тянь-Шань флорасын алғашқы зерттеушілердің бірі А. Ф. Миддендарф (1882) болды. Ол Ферғана аңғарының флорасы мен өсімдіктер жабынын сипаттап жазған. Кейіндеу Ферғана аңғарында А. П. Павлов (1903), Л. С. Берег (1916) 1866 жылы генерал Герняевтың отрядының құрамында зоолог натуралист А. Северцов Батыс Тянь-Шаньннан 1000 экземпляр гербарий жинаған. Онда шамамен 700-ден астам өсімдіктердің түрі болған. 1864-1870 ж. ж Э. Л. Регель Н. А. Северцовтың коллекциясын толықтырған. Б. А. Федчено (1903) және В. И. Липсвий (1906) Талас Алатауы мен Боралдай тауларында зерттеулер жүргізген. 1903 жылы Шымкент қаласының батысынан Аулие-ата маңына дейін О. Э. Иноринг және З. А. Минович (1910-1912) аралап өтіп, гербарилар жинаған.

Совет дәуірінде Батыс Тянь-Шанды САГУ-дің профессорлары Р. И. Аболин (1929), М. Г. Попов, Е. П. Коровин, М. В. Культиасов (1927) зерттеді.

Батыс Тянь-Шань флорасын талдау

Жалпы 2894 түр кесте 1

Тұқымдастар
Түрлер саны
% қатынасы
№: 1
Тұқымдастар: Compositae
Түрлер саны: 424
% қатынасы: 14, 6
№: 2
Тұқымдастар: Leguminosae
Түрлер саны: 294
% қатынасы: 10, 1
№: 3
Тұқымдастар: Gramincae
Түрлер саны: 257
% қатынасы: 8, 8
№: 4
Тұқымдастар: Crucilerae
Түрлер саны: 179
% қатынасы: 6, 1
№: 5
Тұқымдастар: Umbeliferae
Түрлер саны: 149
% қатынасы: 5, 1
№: 6
Тұқымдастар: Labiatae
Түрлер саны: 138
% қатынасы: 4, 7
№: 7
Тұқымдастар: Rosaceae
Түрлер саны: 138
% қатынасы: 4, 5
№: 8
Тұқымдастар: Liliaceae
Түрлер саны: 121
% қатынасы: 4, 1
№: 9
Тұқымдастар: Caryophyllaceae
Түрлер саны: 108
% қатынасы: 3, 7
№: 10
Тұқымдастар: Ranunculaceae
Түрлер саны: 94
% қатынасы: 3, 2
№: 11
Тұқымдастар: Boraginaceae
Түрлер саны: 89
% қатынасы: 3, 0
№: 12
Тұқымдастар: Cyperaceae
Түрлер саны: 75
% қатынасы: 2, 5
№: 13
Тұқымдастар: Scrophylariaceae
Түрлер саны: 75
% қатынасы: 2, 5
№: 14
Тұқымдастар: Polygonaceae
Түрлер саны: 66
% қатынасы: 2, 2
№: 15
Тұқымдастар: Chenopodiaceae
Түрлер саны: 52
% қатынасы: 1, 7
№:
Тұқымдастар: Жалпы
Түрлер саны: 2258
% қатынасы: 76, 8 %

Флорада ең ірі тұқымдас Compositae - 197 туыс, 424 түрден құралған. Алдыңғы 9 тұқымдас 100-ге тарта түрді қамтиды, яғни әрқайсысы 11-ден 22 түрге дейін өсімдік бар. Саналған тұқымдастар флораның 76, 8 % туыс және 83, 7 % түр құрамын қамтиды. Алдыңғы 15 тұқымдас Орта Азияның барлық үш бөлігінде дерлік ортақ ұқсастықта, ал 4 тұқымда бірдей десек те болады. Ал қалған борсальды тұқымдастар: мыс, Rosaceae, Ranunculaceae, Cyperaceae, Umbeliferae, Boraginaceae, Polygonaceae Батыс Тянь-Шань флорасын құрудағы үлесі зор.

Батыс Тянь-Шаньнның ірі туыстарының сандық тізбегі

Кесте 2

Astragalus 127
Agropyron 21
Astragalus 127: Allium 57
Agropyron 21: Gadea 21
Astragalus 127: Cousinia 52
Agropyron 21: Poa 21
Astragalus 127: Oxytropis 48
Agropyron 21: Tulipa 20
Astragalus 127: Carex 41
Agropyron 21: Draba 19
Astragalus 127: Polygonum 37
Agropyron 21: Scufellaria 19
Astragalus 127: Ranunculus 36
Agropyron 21: Bromus 18
Astragalus 127: Artemisia 29
Agropyron 21: Rosa 18
Astragalus 127: Silene 29
Agropyron 21: Cuscula 17
Astragalus 127: Taraxacum 27
Agropyron 21: Galium 17
Astragalus 127: Veronica 27
Agropyron 21: Parrya 17
Astragalus 127: Erigeron 27
Agropyron 21: Dracocephalum 16
Astragalus 127: Ferula 26
Agropyron 21: Stipa 16
Astragalus 127: Potentilla 26
Agropyron 21: Cotoneaster 15
Astragalus 127: Euphrbia 24
Agropyron 21: Orobanche 15
Astragalus 127: Heolysarum 23
Agropyron 21: Rumex 15

Туыстық коэффициент - туыстық санының түрлер санына қатынасы, флораның 24, 3 % пайызын құрап отыр.

Өсімдіктердің тіршілік формалары

Батыс Тянь-Шань флорасында кездесетін өсімдіктер арасында әртүрлі тіршілік формалары кездесетіні байқалды. Флорадағы түрлердің негізгі тіршілік формалары мен сандық мөлшері төмендегідей бөлінген.

Кесте 3

Тіршілік формалары
Түрлер саны
% қатынасы
№: 1
Тіршілік формалары: Ағаштар
Түрлер саны: 54
% қатынасы: 1, 90
№: 2
Тіршілік формалары: Ағаштар немесе бұталар
Түрлер саны: 15
% қатынасы: 0, 53
№: 3
Тіршілік формалары: Бұталар немесе бұташықтар
Түрлер саны: 167
% қатынасы: 5, 87
№: 4
Тіршілік формалары: Жартылай бұта немесе жартылай бұташықтар
Түрлер саны: 98
% қатынасы: 3, 44
№: 5
Тіршілік формалары: Көпжылдық шөптесін өсімдіктер
Түрлер саны: 1813
% қатынасы: 63, 75
№: 6
Тіршілік формалары: Көпжылдық немесе біржылдық өсімдіктер
Түрлер саны: 8
% қатынасы: 0, 28
№: 7
Тіршілік формалары: Екіжылдық өсімдіктер
Түрлер саны: 86
% қатынасы: 3, 02
№: 8
Тіршілік формалары: Екіжылдық немесе біржылдық өсімдіктер
Түрлер саны: 41
% қатынасы: 1, 41
№: 9
Тіршілік формалары: Біржылдық өсімдіктер
Түрлер саны: 562
% қатынасы: 19, 77

Талдау жасай отырып, түрлердің биіктіктегі әртүрлі тіршілік формалары вертикаль бойынша орналасуы біркелкі болмайды. Көпшілігі орталық тау белдеуінде кездеседі, флораның 1758 түрі (61, 8 % ) белгіленген. Төменгі тау белдеуінде 1132 түр (39, 8 %) кездеседі. Бұл жақта көбіне 1 жылдық, оның 223 тек төменгі тау белдеуінде кездеседі (39, 6 %) . Жоғарғы тау белдеуінде (субальпілік және альпілік) көпжылдық шөптесін өсімдіктер басымдылық танытып тұр, 918 түр (32, 3 %) . Бұл жерде 1 жылдықтар жоқтың қасы, ал кездесетін түрлер кең экологиялық амплитудада (субальпіліктен альпілік белдеуге дейін) - Bromus tectorum, Polygonum acerosum, Chenopodium foliosum, Lepidium ruderale, Viola occulta, Rochelia caroliosepala, Antonina debelis, Veronica campylopoda, Euphrasia tatarica және т. б. немесе жоғарғы тау белдеуінің спецификалық түрлері: Torularia glandulosa, Draba stenocarpa, Androsace fedtschenka, Gentiana karelinii, Artemisia macroaphala және т. б. Бұндай спецификалық түрлердің жалпы саны - 20.

Батыс Тянь-Шань эндемдері

Батыс Тянь-Шань флорасының басты ерекшелігі - оның эндемдік түрлердің әртүрлілігімен сипатталады.

Эндем түрлерінің жалпы саны 393 немесе 13, 8 % флораның жалпы түрлер санының пайызын құрайды. Флора эндемдерінің саны мен пайызы алып жатқан алаңы бойынша Орта Азиядағы басқа территориялардан едәуір басымдылықты көрсетеді.

Кесте 4

Батыс Тянь-Шань эндемдері
Туыс, түрлер саны
% қатынасы
№: 1
Батыс Тянь-Шань эндемдері: Papilionaceae
Туыс, түрлер саны: 294 (56)
% қатынасы: 7, 4*8
№: 2
Батыс Тянь-Шань эндемдері: Compositae
Туыс, түрлер саны: 424 (72)
% қатынасы: 10, 7
№: 3
Батыс Тянь-Шань эндемдері: Umbeliferae
Туыс, түрлер саны: 149 (39)
% қатынасы: 3, 7
№: 4
Батыс Тянь-Шань эндемдері: Labiatae
Туыс, түрлер саны: 138 (35)
% қатынасы: 3, 5
№: 5
Батыс Тянь-Шань эндемдері: Liliaceae
Туыс, түрлер саны: 121 (31)
% қатынасы: 3, 0
№: 6
Батыс Тянь-Шань эндемдері: Cruciferae
Туыс, түрлер саны: 179 (23)
% қатынасы: 4, 5
№: 7
Батыс Тянь-Шань эндемдері: Caryophyllaceae
Туыс, түрлер саны: 108 (14)
% қатынасы: 2, 7
№: 8
Батыс Тянь-Шань эндемдері: Gramincae
Туыс, түрлер саны: 257 (13)
% қатынасы: 6, 5
№: 9
Батыс Тянь-Шань эндемдері: Rosaceae
Туыс, түрлер саны: 131 (14)
% қатынасы: 3, 3
№: 10
Батыс Тянь-Шань эндемдері: Boraginaceae
Туыс, түрлер саны: 89 (11)
% қатынасы: 2, 2

Эндем туыстарының саны - 5, оларды атап айтсақ: Shhenocarpus Eug. Kor., Stephanocaryum M. Pop., Pseudoeremostachys M. Pop., Ugamia N. Parl., Hypacanthium Juz.

Батыс Тянь-Шань территориясында эндемдердің орналасу тәртібі біркелкі емес. Жекелеген топтарға бөліп қарасақ:

1 топ. әртүрлі қыраттарда кездесетін бір-бірінен алшақ орналасқан эндем түрлері. Жалпы саны - 97. (Талас және Шатқал, Пскем және Куралшинск) .

Эндем түрлерді жекелеп айтсақ: Abies semenovii B. Fedtsch., Elymus ugameus Drob., Allium pskemense B. Fedtsch., Tulipa dosystemonordes Vred., Populus talassica Kom., Silene adenopefula Raik., Rhodiola viridula Boriss., Oxytropis albovillosa B. Feoltsch., Pranyos tschimganica B. Fedtsch., Ferula prangifolia Korov., Scutellaria ramosissima M. Pop., Peolicularis korolkovii Rgi., Cousinia bonralotii Franch., Syreitschikovia spinosa (Franch) N. Pavl және т. б.

2 топ. Сырдарияның Қаратау қыратында кездесетін, кең таралған батыс тянь-шань ареалының эндемдері. Жалпы түрлер саны - 76 тең.

Мыс: Cadea parva Vreol. Et Grossh., Tulipa Kaufmanniana Rgl., Dianthus karataviensis N. Pavl ., Astragalus amygdalina Bge., Oxytropis ornala Vass, Scaligeria ugamica Korov., Scuttellaria adsungens M. Pop., Psendoere mostachys sewerzowii M. Pop., Cousinia chrysantha Kult және т. б.

3 топ. Чаткал қыратының эндемдері. Түрлердің жалпы саны - 74. Атап атасақ: Tulipa ferganica Vred., Parrya angrenica Botsch et Vred., Cerasus chodshaofensis Pjat et Linez., Astragalus amugdalinus Bge., (Dianthey Karataviensis N. Pavl., және т. б. )

Флорадағы эндем түрлердің биіктік белдеуіндегі таралуы төмендегідей:

  • төменгі белдеуде - 113 түр, 10%;
  • орталық тау белдеуінде - 235 түр, 13, 4%;
  • субальпілік белдеуде - 120 түр, 16%;
  • альпілік белдеуде - 92 түр, 14, 7%;

Батыс Тянь-Шандағы көптүрлі эндемдік өсімдіктердің 15 доминантты болып келеді: Мыс, Abies semenovii, Eqochorola tianschanica, Ferula pallida, F. Prangifolia, F. Tenuiseta, Acantholimon Litvinovii, Cousinia bonvalotii, C. Egregia және т. б.

Эндемдердің негізгі экобиоморфтың негізі мынадай: ағаштар - 13 түр (3, 3%), бұталар - 24 түр (6, 1%), жартылай бұталар - 22 түр (5, 6%), көпжылдық шөптесін өсімдіктер - 312 түр (79, 4%), 2 жылдық - 13 (3, 3%), біржылдық - 9 түр (2, 3%) тең.

Эндемдердің арасында ежелгі реликт типтер - эпибиотиктер кездеседі (Вулеф, 1941) .

Exochorda tiamschanica, Calophaca tianschanica, Vitis usunachmatica, Tracheian thus korolkovii, Stephanocaryum olgae, Sergia sewertzoli.

Қорытынды

  1. Флораның абсолютті байлығы - 2844 түр, 690 туыс, 99 тұқымдасқа тең.
  2. Ортаазиялық тау типі.
  3. Памиро-Алай флорасының ортақ ұқсастығы.
  4. Флораның жоғарғы эндемизм құбылысы жалпы 13, 8% тең.

Ботанико-географиялық тұрғыдан аудандастыру

Батыс Тянь-Шаньда байқалатын жоғарғы биіктік белдеудің өзіндік ерекшелігіне сәйкес, Н. В. Павлов (1942) бұл аймақты үш аймақ тармағына бөлді.

  1. Машат-Талас аймақ тармағы. (Машат таулары мен Талас Алатауының солтүстік макробаурайынан шығыста Бешташ өзеніне дейін) . Аймақ тармағы белдеудің шумақты таластық типімен сипатталады.
  2. Шыршық-Шатқал аймақ тармағы. (Келес өзенінің бассейнін қоса алғанда) . Аймақтың территориясының көп бөлігін алып жатыр (Қоржантау, Угай, Майдантал, Піскен, Санталаш және Шатқал жоталары) . Аймақ тармағына өсімдіктердің ерекше батыс тянь-шаньдық белдеуділік типі тән.
  3. Құрамын-Қассансай аймақ тармағы. Оған Құрамын жотасы, Шатқал жотасының етегі мен ортасы және Ангрен шоқысы жатады. Бұл аймақ тармағы Кукиотандық белдеулік өсімдіктер типімен сипатталады.

Ауданы бойынша біршама үлкені және өсімдік әртүрлілігі бойынша ең көбі Шыршық Шатқалы аймағы болып табылады. Оның территориясының үлкен бөлігіне өсімдіктердің батыстяньшаньдық белдеулік типі тән: таудың ортаңғы белдеулеріндегі ұсақ топырақты шалғынды баурайларында турандық астық тұқымдасты - әртүрлі шөпті жазықтықтар мен ірі шатыргүлділер бірлестігі басым болса, тасты жерлерде аршасы сирек ормандар (Juniperus serapschanica, J. Semiglobosa), ал таудың жоғарғы бөлігінде жоғары сатыдағы шөптердің субальпілік шалғындық жазықтығында Prangos pabularia, кейде бориальды субальпілік және альпілік шалғындар және басқа да өсімдіктер типтерінің бірлестігі басым келеді. Бұл жерден сонымен қатар өсімдік жамылғысы жаңғақты және қылқан жапырақты ормандар қатысымен күрделілене түскен іш аймақты бөліп көрсетуге болады. Ол жерлерде Пскен және Угала өзендерінің төменгі ағысында қылқан жапырақтар ормандар болмаса, қожаата және Афлатун өзендерінің бассейнінде жаңғақты және қылқан жапырақты ормандар кездесетін аймақтар бар. Осы ормандар алып жатқан кішкене ауданды (территорияның 2% кем емес) өсімдіктердің осы типтері үстем кездесетін белдеулер сипатына қоспайды. Алайда олардың болуы аталған аймақтарды мүмкіндігінше өсімдіктер типінің ағашты түрлерінің өсуіне қолайлы жағдай тудырады.

Шыршық-Шатқал аймағының ішінде белгілі бір белдеулік типтердің үстемдігіне сәйкес бұл жерден бірнеше аудандарды бөліп көрсетуге болады. Бадам-Келестік, Қаржантау, Сайрам тау түйінінің және Қазықұрт жоталарының сыртқы баурайларын алып жатыр. Ауданның басты ерекшелігі эфемерлі-эфемероидты шөлдің (төменде) және әртүрлі шөпті - астық тұқымдастарынан тұратын жазықты (жоғарыда) бірлестіктер кең таралған жұмсау төмен және ортаңғы тау релефтерінің үстемдігі болып табылады.

Яркент ауданы Шыршық өзенінің сол жақ жағалауы, Газалкент елдімекенінің солтүстігінде Агангаранға дейін оңтүстігінде, яғни Батыс Тянь-Шаньның қазіргі «Ташкент маңы Алатауы» деп аталатын аудан. Сонымен қатар бұл Шатқал жотасының батысқа қараған сыртқы баурайында (1200-1300 м теңіз деңгейі бойынша) жоғары: шегі эфемерлі - шөлді таудың төменгі және ортаңғы белдеуінде өсімдік жамылғысының көптеген бөлігін аршалар алып жатады (сирек ормандар, ал кей жерде неғұрлым иін тіресе орналасқан бірлестіктер) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Флора эндемизмі және реликтілігі
Өсімдіктер типінің субаридті тобы
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Тянь - Шань тауының климаты, биіктік белдеулері
Тарбағатай жотасы - Геоқұрылымдық тұрғысынан
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі туралы ақпарат
Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Шоқан Уәлиханов подполковник
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz