Ақпараттық жүйелер. Олардың түрлері және ТКМ-да пайдалану ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Ақпараттық жүйелер. Олардың түрлері және ТКМ-да пайдалану ерекшеліктері.
Есептеу техникасы көптеген салалардың ішінен әсіресе, екі салада кең қолданылады. Бірінші сала - өте ұзақ немесе қолмен есептеуге келмеитін сандық есептеулердің орындалуы. Екінші сала-бұл ақпаратты өңдеуге арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
Ақпараттық жүйе(АЖ) - ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір-бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен персоналдардың жиыны.
Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.
Ақпараттық жүенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авйация және теміржол билетін, қонақ үйде орынды алдын-ала сатып алу және т. с. с. автоматтандырылған жүйелерді қарастыруымызға болады.
Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:
- ақпаратты сақтау;
- ақпаратты енгізу және өзгерту;
- ақпаратты көру және іздеу;
- берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;
- кез-келген формада есеп құжатын алу;
- ақпараттың дұрыстығын қадағалау;
- Ақпаратты іздеу жүйесі- берілген іздеу критериі бойынша жалпы жиыннан мәліметерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің өңдеу технологиясы емес, тек алынатын ақпарат ғана керек. Мысал, қаладағы анықтау қызметіне телефон шалғанда, қолданушыға нақты ақпарат ғана керек.
- Мәліметтерді өңдеу жүйесі- мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл жүйеде өңдеуден шығатын ақпарат болмауға немесе жүйе өңделген ақпараттың нәтижесін ғана беруі мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде барлық региондардан мәліметтер жинайтын метеорология қызметінің ақпарат жүйесін алуға болады. Қолданышуға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі, яғни ауарайы болжамы керек.
Сонымен қатар, ақпарат жүйесі келесі түрлерге бөлінеді: фактографиялық, құжаттық, құжаттық-фактографиялық.
- Фактографиялық. Фактографиялық жүйеде нақты өмірдегі объект жайлы мәліметтердің (атрибуттардың) дәл мәндері тіркеледі. Бұл жүйенің негізгі идеясы - объект жайлы барлық деректер (адамдардың аты жөндері және заттардың атаулары, сандар, мерзім КК. АА. түрінде) беріледі. Фактографиялық АЖ-дегі ақпараттар қатаң құрылыммен беріледі, өйткені бұл компьютерге мәліметтерді бір-бірінен айыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан фактографиялық жүйе қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап береді, мысалы: “Мектепте қанша оқушы“4” және “5” деген бағаларға оқиды’’, “Оқушылар арасындағы 13 пен 15 жастағы қыз балалар саны?” және т. с. с.
- Құжаттық. Қандай да бір формалданған іздеу аппараты бар құжаттық жүйе мәтіндік құжаттар (статьялар, кітаптар, рефераттар, заң мәтіндері және т. б. ) мен графикалық объектілерден құрылады, бірақ қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап бермеиді. Жүйенің мақсаты - қолданушының сұранысына жауап ретінде сұраныстағы шартты қанағаттандыратын құжаттардың тізімін беру болып табылады. Мысалы, “синергетика” сөзі, бар барлық статьялардың тізімін беру.
3) Құжат-фактографиялық. Бұл аралас жүйенің мәліметтері бөлек мәліметтерден, сонымен қатар, бүтін құжаттардан тұрады.
Сонымен, ақпараттық жүйенің мақсаты нақты өмірдегі объектілердің өзара байланысын ескере отырып, объектілер жайлы деректерді өңдеу болып табылады. Мәліметтер қоры теориясында мәліметтерді атрибуттар , ал объектілерді маңыздылықтар деп атайды. Объект, атрибут және байланыс -АЖ-нің іргелі түсініктер болып табылады.
- Объект(маңыздылық) -бүл нақты өмірде бар және бір - бірінен айыруға болатын “нәрсе”, яғни аталуы және өзіне ұқсастардан айыратын тәсілдерден тұратын “нәрсені” объект деп атауымызға болады. Мысалы, әрбір мектеп бұл объект. Объект ретінде сондай-ақ адам, мектептегі сынып, фирма, химиялық қосындылар және т. с. с бола алады. Нақты өмірді бейнелейтін абстрактылы түсініктер де объект бола алады. Мысалы оқиға өнер шығармасы, театр қойылымы, кітаптар, кинофильмдер және т. с. с.
- Атрибут(мәліметтер) -бұл объектіні сипаттайтын анықталған көрсеткіш және бұл объектінің нақты экземпляры үшін санды, мәтінді немесе басқа мәндерді қабылдайды. Мысалы, фирма шығаратын өнім объект болсын. Бұл өнімнің мәләметі ретінде оның аталуы, түсі, салмағы және т. с. с. бола алады. Мысалға, объектілер жинағы ретінде мектептің сынаптарын алайық. Сыныптағы оқушылар саны - бұл сан түріндегі мәнді қабылдайтын мәлімет(бірінші сыныпта 28 оқушы, ал екінші сыныпта 32 оқушы) . Сынып атауы - бұл мәтін түріндегі мәнді қабылдайтын мәлімет.
Объект жайлы ақпарат құрылымды болуы тиісті, өйткені компьютерде құрылымды ақпаратты өңдеу оңай. Құрылымды ақпарат- бұл мәліметтердің көрініс тәсілдеріне қандайда бір келісімді енгізу болып табылады. Мысалы, мәтіндік файлдар компьютердің ұғымды өңдеуіне жарамсыз болып келетін “құрылымсыз” немесе “әлсіз құрылымды” ақпараттардан тұрады.
Құрылымсыз мәліметтердің көрінісіне мысал келтірейік:
Глобалды идентификатор #5407. Нұрымбетов Рүстем Абазұлы. Туылған күні 4 ақпан 1979ж., GlobalID #3601. Иманалиев Данияр Сағатұлы, туыл. Күні 22 маусым 1973ж. ; Идентификатор номері 4472 Шаповалов Иван Иванович, 10 тамыз 1975 жылы туылған.
Мәліметтерді жүйелеу мен іздеуді автоматтандыру үшін мәліметердің көрініс тәсілдерін алдын - ала келісіп алған жөн, мысалы, әрбір студенттің туылған жылын бір форматта жазу және олардың ұзындығы бірдей болуы керек және олардың ұзындығы бірдей болуы керек және басқа ақпараттар арасында өзінің орны болуы тиіс. Бұл тәсіл басқа мәліметтерге (аты - жөні, мекен жайы және т. с. с. ) де тиісті болуы керек. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді келісілген құрылымға келтірілгеннен кейінгі көрініс:
Иденти-
фикатор
5407
3601
4472
Нұрымбет
Иманалиев
Шапавалов
Рүстем
Данияр
Иван
Абазұлы
Сағатұлы
Иванович
04. 02. 1979
22. 06. 1973
05. 01. 1975
Алғашқы кезде ақпаратты құрылымға келтіру мәселесі файл жүйесін құру арқылы шешілген. Мұнда әрбір элемент қандай-да бір түрдегі ақпаратты сақтауға жауапты болады. Бірақ файл жүйесі әлсіз құрылымды ақпарат мәселесін шешу арнайы қолданбалы программалар арқылы жүзеге асырылды.
Мәліметтер қоры кең мағынада қандайда бір пәндік аймақтағы өмірде бар нақты объектілер жайлы деректердің жиыны. Пәндік аймақ - басқару мен автоматтандыру ұйымдастыру үшін зерттелінетін сала. Мысалы мекемелер, жоғары оқу орындары және т. с. с. Мәліметтер қорын құра отырып, қолданушы өзіне керекті деректі тез алу мақсатында ақпаратты әртүрлі белгілері бойынша реттеуге тырысады. Қолданушы осы мақсатта МҚБЖ қолданады Мәліметтер қоры - бұл МҚБЖ басқарудағы, бір - бірімен байланысқан мәліметтердің атаулы жиыны.
Сонымен, мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бұл мәліметтер қорын құратын, оларды өзекті жағдайда ұстайтын және одан керекті ақпаратты іздеуді ұйымдастыратын программалық және тіл құралдарының кешені.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz