Дін мен дәстүр (дүкеншінің әңгімесі)



Қайырымды да мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қызық деген осы. Күні кеше мен қолыма қалам алып, бірдеңе жазып ой толғаймын деп ойлаппын ба? Ойламақ түгілі, ондай нәрсе үш ұйықтасам түсіме кіріп пе екен? Енді міне, түн ұйқымды төрт бөліп, сөз теріп, сөйлем құрастырып, басым қатып отырғаны. Абай атамның: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» дегені өз басымнан өткен соң ғана түсіне бастағандаймын. Расында, маған да ат пен атақтың қажеті шамалы. Тек қана жүрегіме жүк болған бір мәселені айтып салып тынышталмасам болатын емес. Ендеше, бәрін басынан бастайын.

Мен жер шары деген көк глобустың бір нүктесіндегі аты жазылмаған ауылдың қарапайым ғана дүкеншісімін. Көргенім көп болмаса да, ауыл деңгейіндегі мәселелердің бел ортасында жүруге мәжбүрмін. Және мен айтқалы отырған жағдай бір ауылға ғана қатысты емес-ау деп топшылаймын…
Қазақ қонақжай, жомарт халық. Қазекеңнің кеңқолтық пейілі, жаймашуақ, жайылмасуат мінезі біздің жаңаарқалық ағайындарда жап-жақсы сақталған. Өзім деген кісіге өзегін суырып, жаяу қонаққа астындағы жалғыз атын түсіп беретін дархандығы қандай мақтауға да сиярлықтай. Соның бір көрінісіндей нәрсе – тойшылдығы. «Шілдехана, бесіктой, тұсаукесер, сүндеттой… ай, шіркін-ай!» деп ақындардың шырқайтынындай-ақ бар. Қарызданып, қауғаланып жасайды да жатады. Қалталарында көк тиын болмаса да мейлі. Бәрібір, байлардан бетер тәуекелшіл. Ленин айтатын коммунизм бізде. Жалақыдан – жалақыға дейін дүкенге келіп, керегін алып кете береді. Оған көнбесең, саудаң жүрмейді.
Әлбетте, ел болған соң, оның тыныс-тіршілігі, қимыл-қозғалысы, ыстық-суығы болмай тұрмайды. Мәселен, біреудің ұлы келін әкеп қалды делік. Әбігерге түскен әке «ә» дегенде дүкенге қарай тартады. Яғни, маған келеді. Керек заттар тізімін алдыма тастайды. Мен түгендей бастаймын. Барын буып-түйіп болғанда, ол маған ақшасы жоқ екенін айтады (айтпаса да білемін ғой). Оған уайымдамаймын, бір-екі қапшық азық-түлікті артамын да жіберемін. Тойдан соң есептесеміз. Бұл жағдай күніге-ақ болып жатыр. «Киіз кітабымның» ішінде талай есімдер мен цифрлар бар. Қалаңды қайдам, ауыл дүкенінің бәрінің жұмысы осылай болып келетін шығар деп ойлаймын. Елдің бәрі ақшасы айналымда жүрген саудагер емес қой. Бірде бар, бірде жоқ, бірде зар бірде тоқ. Көктемде дән сеуіп, күзде егін орып алатын егіншідей, айдың басынан бастап таратқан тауарларымның ақысын жалақы, зейнетақыдан түгендеп аламын.
Бір күні бір ауылдасым келіп, тойға деп кәмпит-пішіни, сусын… секілді азық-түліктер сұрап тұр. Берейін десем, қайтара алмайтынын білемін. Бермейін десем, жағама жармасардай екпіні қатты. Болмағасын:
«Әй, ел қаншадан беріп жатыр, өзі? Мен олардан асырып берейін. Он-онбес мың теңгенің затын тегін ал. Бірақ, ары қарай мені қинама» дейім. Көнбейді. Сұрағаны менің айтқанымнан он есе асып тұр. Ренжиді. Ашуланады. Мен бар елдің қажетін өтей беруге міндетті сияқтымын. Абайдың сөзі бар ғой: «Бай болғаннан не пайда, кедей болғаннан не зиян, бәрі ортақ болса?» деген. Сол психология әлі де бар. Елге жексұрын боламын.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ДІН МЕН ДӘСТҮР (дүкеншінің әңгімесі)
авторы: Сахы Бірімбетов (ауыл дүкеншісі)
Қайырымды да мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қызық деген осы. Күні кеше мен қолыма қалам алып, бірдеңе жазып ой
толғаймын деп ойлаппын ба? Ойламақ түгілі, ондай нәрсе үш ұйықтасам түсіме
кіріп пе екен? Енді міне, түн ұйқымды төрт бөліп, сөз теріп, сөйлем
құрастырып, басым қатып отырғаны. Абай атамның: Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін... дегені өз басымнан өткен соң ғана түсіне бастағандаймын. Расында,
маған да ат пен атақтың қажеті шамалы. Тек қана жүрегіме жүк болған бір
мәселені айтып салып тынышталмасам болатын емес. Ендеше, бәрін басынан
бастайын.

Мен жер шары деген көк глобустың бір нүктесіндегі аты жазылмаған ауылдың
қарапайым ғана дүкеншісімін. Көргенім көп болмаса да, ауыл деңгейіндегі
мәселелердің бел ортасында жүруге мәжбүрмін. Және мен айтқалы отырған
жағдай бір ауылға ғана қатысты емес-ау деп топшылаймын...
Қазақ қонақжай, жомарт халық. Қазекеңнің кеңқолтық пейілі, жаймашуақ,
жайылмасуат мінезі біздің жаңаарқалық ағайындарда жап-жақсы сақталған. Өзім
деген кісіге өзегін суырып, жаяу қонаққа астындағы жалғыз атын түсіп
беретін дархандығы қандай мақтауға да сиярлықтай. Соның бір көрінісіндей
нәрсе – тойшылдығы. Шілдехана, бесіктой, тұсаукесер, сүндеттой... ай, шіркін-
ай! деп ақындардың шырқайтынындай-ақ бар. Қарызданып, қауғаланып жасайды
да жатады. Қалталарында көк тиын болмаса да мейлі. Бәрібір, байлардан бетер
тәуекелшіл. Ленин айтатын коммунизм бізде. Жалақыдан – жалақыға дейін
дүкенге келіп, керегін алып кете береді. Оған көнбесең, саудаң жүрмейді.
Әлбетте, ел болған соң, оның тыныс-тіршілігі, қимыл-қозғалысы, ыстық-суығы
болмай тұрмайды. Мәселен, біреудің ұлы келін әкеп қалды делік. Әбігерге
түскен әке ә дегенде дүкенге қарай тартады. Яғни, маған келеді. Керек
заттар тізімін алдыма тастайды. Мен түгендей бастаймын. Барын буып-түйіп
болғанда, ол маған ақшасы жоқ екенін айтады (айтпаса да білемін ғой). Оған
уайымдамаймын, бір-екі қапшық азық-түлікті артамын да жіберемін. Тойдан соң
есептесеміз. Бұл жағдай күніге-ақ болып жатыр. Киіз кітабымның ішінде
талай есімдер мен цифрлар бар. Қалаңды қайдам, ауыл дүкенінің бәрінің
жұмысы осылай болып келетін шығар деп ойлаймын. Елдің бәрі ақшасы айналымда
жүрген саудагер емес қой. Бірде бар, бірде жоқ, бірде зар бірде тоқ.
Көктемде дән сеуіп, күзде егін орып алатын егіншідей, айдың басынан бастап
таратқан тауарларымның ақысын жалақы, зейнетақыдан түгендеп аламын.
Бір күні бір ауылдасым келіп, тойға деп кәмпит-пішіни, сусын... секілді азық-
түліктер сұрап тұр. Берейін десем, қайтара алмайтынын білемін. Бермейін
десем, жағама жармасардай екпіні қатты. Болмағасын:
Әй, ел қаншадан беріп жатыр, өзі? Мен олардан асырып берейін. Он-онбес мың
теңгенің затын тегін ал. Бірақ, ары қарай мені қинама дейім. Көнбейді.
Сұрағаны менің айтқанымнан он есе асып тұр. Ренжиді. Ашуланады. Мен бар
елдің қажетін өтей беруге міндетті сияқтымын. Абайдың сөзі бар ғой: Бай
болғаннан не пайда, кедей болғаннан не зиян, бәрі ортақ болса? деген. Сол
психология әлі де бар. Елге жексұрын боламын.
Хош делік. Айтқаным ауыл деген организмның ыстық (нөлден жоғары) жағдайы.
Ал, суығында қандай болады? Енді соған келейік.
Аяқ астынан адамынан айырылып, қанатынан қайырылып, үлкен қайғыға душар
болған, басы қаралы, жүрегі жаралы ауылдас та алдымен маған келеді. Ол да
қонақ күту керек. Оған да азық-түлік қажет. Ол да жеңіл автокөліктің іші-
сыртын толтырып қайтады. Жылап-сықтап жүріп, ағайын-туған, құда-жекжаттарын
күтеді. Шығарып салады. Бәрін бітірген соң қайтып маған келеді. Есептеседі.
Өлген кісінің артынан оның жетісін, қырқын, кей аймақтарда жүзін де
беріп жатады. Оған да көп ел жиылады. Оларға да тамақ керек. Алғашқы
жолғыдай емес, ендігі тамақты келген-кеткендер тегін жеп кетеді. Ал, өлік
иесі бәрібір менімен есептесуі керек. Не істейді? Шығыс бар да, кіріс жоқ.
Ендігі жылауы – кісісі қайтыс болғаннан да бетер болады. Ботадай боздайды.
Жоқтау айтады. Одан не пайда? Болар іс болды. Туысының қырқын өткіземін
деп, қарыздың астында қалған адамның дұғасы қалай қабыл болмақ? Осы нәрсе
керек пе халыққа? Сонымен, ол қарызбын деп кетеді. Айналымдағы ақшамнан
айырылып мен де қала беремін. Енді не істеуім керек? Онда ешкімнің шаруасы
жоқ. Жар басындағы жантақты жанынан безген нар жейді деп біраз
тәуекелдерге барып жатып бірдеңе жасаймын. Оған да шүкір. Бар әңгіме осы
ғана. Кітабымның прологы да, негізгі бөлімі де бітті. Енді эпилогына
келейік.
Абай атам: Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деген еді. Жоғарыдағы
қиыншылықтардың төркіні дәстүрде жатқан сияқты. Жалпы, ұлтымызда жақсы
дәстүр көп: құда түсу, қыз айттыру, үлкенді сыйлау, өлгенді жамандамау,
қонақ күту... айта берсе, аз емес. Ал, енді сонда жаңағы жан ауыртар
қиындықтарды да тастамай алып жүре беру керек пе? Одан не ұтамыз, не
ұтыламыз? Қайтсек бізге жақсы болады? Оны кімнен сұрайын? Көп ойландым. Ой
елегінен біраз кісіні өткізіп байқадым. Бәрі де өзім сияқты ет пен сүйектен
жаралған, өлшеулі ғана ақыл-парасаты бар, шайтаны мен нәпсісімен арпалысып,
бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүрген жұмыр басты пенделер. Олар да қателеседі.
Сонда қателеспейтін, шексіз дана кім бар? Байқасам, бүкіл әлемдерді жоқтан
бар етіп жаратқан және басқарып отырған Ұлы Раббымыз – Алла Тағаладан басқа
ешкім жоқ екен. Ендеше, Содан сұрау керек. Қайтіп сұраймын? Пайғамбар
(с.ғ.с.) айтады: Егер сен Алламен сөйлескің келсе – намаз оқы, Алла
сенімен сөйлессін десең – Құран оқы деп. Онда Алланың сөзі Құран кәрімді
оқып көрейін дедім. Бастан аяқ оқып шықтым. Еш жерінде кісі өлгесін
жетісін, қырқын, жүзін, жылын, асын өткізіп, елді тойдыр, өзің
шығындал деген нәрсе жоқ. Сонда, бұл бұйрықтың иесі кім?! Алла айтпаса,
бәлкім Оның елшісі – Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан шығар? Оны қайдан білеміз?
Білетіндерден сұрастырып көрдім. Сөйтсем, Пайғамбардың (с.ғ.с.) өсиеттерін
хадис деп атайды екен. Әйгілі хадис жинаушы шоң ғалымдардың ең жолы
үлкен, жалы биігі – Имам Бұхари көрінеді. Ендеше, сол Бұхари жинақтаған
Сахих (шын, дәл) хадистер топтасқан Сахих Бұхари деген екі томдық алып
кітапты оқыдым. Бұл кітап Құраннан кейінгі ең жоғары орында тұрған дүние
боп бағаланады екен. Іздегенім ол кітаптан да табылмады. Бірақта, ол жерден
мынандай хадис таптым: Сендер өздеріңе дейінгілердің дәстүріне еліктемей
қоймайсыңдар. Олардан бір қарыс, тіпті, бір елі қалмайсыңдар. Ақырында,
олар кесірткенің ініне кірсе, сендер де қоса кіресіңдер депті Пайғамбар
(с.ғ.с.). Сонда, қасындағы сахабалар: Олар кімдер, христиандар мен
яһудилер ме? деп сұрайды. Басқа кім болушы еді? депті сонда Алла елшісі.
Енді байқасам, орыс ағайындар өлген адамның соңынан тоғыздығын, қырқын,
жылын өткізеді екен. Дәні бізден бұрын қалыптасқан христиандар дәстүрін
бізге үйреткен Ібіліс сияқты. Осы орайда міндетті түрде білуіміз керек бір
нәрсе бар: Кез-келген дәстүр-салт, әдет-ғұрыптың дұрыс-бұрысын шариғат
заңынан іздеу керек. Салтымыз жоғарыдан түскен бұйрыққа қарсы келсе, онда
ол дәстүр бізге қажет емес. Себебі, Алла бізге пайдалының бәрін үйреткен.
Ал, авторы белгісіз дәстүрді анық атамыздыкі дей алмаймыз. Тіпті, солай
болған күнде де, аталарымыз - өзіміздей ғана адамдар болған. Бізді
жарататын, сынайтын, жарылқайтын, жазалайтын шексіз құдіретті Аллаға
бағынбаудың арты дұрыс болмайтындықтан, тәкәппарсымай-ақ қойғанымыз
өзімізге қайырлы. Салт-дәстүрдің жақсысы да, жаманы да болатынын мойындау
керек. Соңғы кезде босағада тұрып амандаспайтын болдық, себебін білмесек
те, сөйтеміз. Байқасақ, ол да христиандардан келіпті. Олар ілгеріде өлген
әке-шешелерін босаға астына көмеді екен. Әруақ жақын жерден қолдасын
дегендері сияқты. Сондықтан, әруақтарын сыйлаған олар босағада тұрып
амандаспайды екен.
Жақында бір қазақ қайтыс болды. Оны жерлеп келген біраз жақындары арақ
ішті. Поминка жасады. Солардың ішінде бір тәуірі: Жігіттер, мұндайда
соғыстырмай ішеді депті. Ал керек болса! Бұл қайдан шыққан дәстүр? Енді
осылай кете берсек, бір күні шөбереміз: Құдайың не айтқанында шаруам жоқ,
менің аталарым сөйткен десе, сауаптың астында қаламыз ба? Біз де ата-баба
болмаймыз ба? Қатесіз, мінсізбіз бе?
Адамдар адасады, қателеседі. Бірақ, қандай жағдай, қай заман болса да
бағытымыз жәннат болуы керек. Оған жетер жолды Құран анықтап берген. Ақиқат
деген сол. Темір өзек пенде жоқ, өлмес адам елде жоқ деп Жамбыл атамыз
жырлағандай, әуелде келген жағымызға ертелі-кеш бір қайтамыз. Яғни, екі
дүниенің ортасындағы есіктен өтеміз. Кешіріңіз, мен қазақ едім, жеңілдік
болмас па екен?.. деген сөз ол жақта айтылмайды. Өйткені, қасиетті Құран
Кәрім бүкіл адамзат баласына түскен. Құран - әлем жұрты үшін ортақ
насихат (Жүсіп cүресі: 104-аят). Құранды адам баласы үшін шындық бойынша
түсірдік (Зумәр сүресі: 41-аят). Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат.
Әлбетте, оның хабарын бір замандардан кейін түсінесіңдер (Сад сүресі: 87-
88-аяттар).
Яһуди (иудей) дініндегілер Мұхаммедті (с.ғ.с.) арап болғаны, еврей
болмағаны үшін ғана мойындағысы келмейді. Өйткені, олар еврейлерді жоғарғы,
арабтарды төменгі сорттағы адамдар деп есептейді. Аят, хадистерде
христиандарды адасқандар, яһудилерді қарғысқа ұшырағандар дейді. Олар біле
тұра мойындамайды. Ібіліс те адамнан артықпын деген тәкәппарлығынан
тозақы болып үмітсіз шайтан атанған. Ендеше, қазақтар да: Біздің қанымыз
таза, араптардың діні керек емес. Тәңір діні керек бізге десе, ұлттық
тәкәппарлыққа ұрынып, Ібіліс пен яһудилердің ортақ статьясы мойындарына
ілінеді. Алла айтады: Сендерді ұлт, қауым етіп жараттым. Сендердің Алла
қасындағы құрметтіректерің – (Менен) қорқушырақтарың (Хұжырат сүресі: 13-
аят). Ислам баланы әкеге қарсы айдап салмайды. Керісінше, ата-ананың хақы
жайлы өте қатаң ескертеді: Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-
шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті (Исра сүресі: 23-аят). Алла әрдайым
Өзінен кейін, бірінші кезекте әке-шешені құрметтеуді ескертіп отырады. Оның
елшісі (с.ғ.с.) айтады: Алла Тағала Өзінен басқаға арнап құрбан шалғанды,
ата-анаға тіл тигізгенді, бұзақыға пана бергенді қарғысқа ұшыратады. Тағы
да: Үш түрлі адамға жәннат иісі харам – Аллаға ортақ қосқанға, ата-анаға
қарсы келгенге, дін жолындағы соғыстан қашқанға. Көрдіңіз бе, Алла алдымен
Өзіне бағынуды бұйырады. Ендеше, біз ата салттан – шариғатты биік қоюымыз
керек, егерде ақиқатты көздесек, Құдайдан қорықсақ. Қазақ: Құдайдан
қорықпағаннан қорық демей ме? Біз: Құдайдан қорқамын деп ауызымызбен
ғана айтып, ал, Оның әміріне бойсұнбасақ, Ақыреттегі ахуалымыз не болмақ?
Әлбетте, біз әке-шеше, ата-бабаларымызды жақсы көреміз, олардың әр сөзін
алтынға балаймыз. Абай атамыз: Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, тірісінің
жаманнан аманы жоқ демеді ме? Атадан жақсы сөз де, жаман сөз де қалады.
Ал, Алла сөзі тек қана жақсы, пайдалы. Айтқанның ауызы жаман, жылағанның
көзі жаман деген аталардан қалған нақыл бар. Қатты айтсаң - қарындасқа
жақпайсың, ақырын айтсаң – ақың кетеді деген де өзіміздің аталарымыз.
Көпке топырақ шашу мұратым емес. Көпті жамандағанның көмусіз қалатынын да
білемін. Алайда, көріп тұрып көз жұму - Алла алдында үлкен күнә. Біз
біреуге оның шамасынан тыс нәрсе жүктемейміз. Жақындарың болса да әділін
айтыңдар (Әнғам сүресі: 151-152-аяттар). Кемшілік айту оңай, оның себебін
табу қиын. Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді деген
бекер сөз емес. Шариғатқа шарқы жетпейтін шала молда көп. Айтсаң, бәлеге
қалдың. Шала молда шарт кетердің дәл өзі. Көбіне өлік шыққан үйдегілерді
күнәға итермелейтін де солар:
- Әй, Пәленшенің үйінде семіз жылқы тұр, Түгеншеден өсімге ақша ал да, соны
сой, өлі разы болмай, тірі байымайды дейді ауызы қисаймай. Сондағысы,
күнде келіп Құран оқып, жылқының жас етін жеп тұру. Ал, әлгі бейшараның
баласының киерге нәскиі де жоқ шығар. Көп қазақ бөрі болғысы кеп, итке
жүнін қампайтып әлек. Алланың емес, адамдардың разалығын алғысы келеді.
Соның салдарынан қаралы отбасы мүшелері адамша аза да тұта алмайды. Сойыс,
жеміс, киім-кешек іздеп әбігерге түседі. Қатардан қалғылары келмейді. Дос-
дұшпанға күлкі болмау үшін жоқтан бар жасап шабылады. Өлім - бардың
малын шашады, жоқтың артын ашады деп шығарып қойған ауызша заң бар, соның
статьясына ілінуден қорқады.
Әлбетте, қаралы адам ет жақынынан айырылып отырған соң, несін аяй қойсын?
Ілгеріде, қаза болған кісінің киімдерін тарататын. Бүгінде, дүкеннің су
жаңа киімдерін сатып алып, елге үлестіреді. Әйтеуір, ел сөз қылмаса екен
дейді. Киім тарату деген шариғатта бар ма, өзі? Жоқ болса неге артық
шығынға, ысырапқа жол береміз? Бұл не қылған дарақылық? Не деген жалған
намыс?! Жыртыс беру дәстүрінің де жаны сірі екен. Әсіресе, оңтүстікте бұл
аламан бәйгеге айналғалы қашан?! Адамдар ақша қолына тие салысымен дүкенге
қарай тарта берген соң, жыртысты жердің басына барып, бір-ақ тарататын
болды. Мұсылман мұсылманның жаназасына тұрса, сауаптың астында. Ал, оны
көміссе, тағы да сонша сауап беріледі. Бұл – хадис. Ал, біздегілер кісі
жерлеуде сауап бар екенін де біле бермейді. Зират басы ақша тарататын
кассасы бар мекеме секілді. Кейбір қулар шығарған ырым немесе дәстүр
бойынша, өліктен алған ақшаны үйге апаруға болмайды-мыс. Оны ішіп құрту
керек. Кейбір елде бұл жыртысты жілік деп те атайды екен. Тіпті,
біреулер: Пәленшенің жілігі қаншадан болыпты? деп сұрайтын көрінеді.
Астағфируллаһ!
Шариғатта жоқ бола тұра қазақ үшін міндетке айналған не өліге сауабы, не
тіріге пайдасы жоқ ысырапқорлықты тыюға тәуекеліміз жете бермейді. Мынау –
қабір қазғанға, мынау – сүйек жуғанға, мынау – жаназа шығарғанға, мынау –
таһлил оқығандарға деп, киім, мата, ақша үлестіреміз де жатамыз. Дәл сол
кезде өлік шыққан үйдің, өзінің, туысының, көршісінің үйіне қонақасыға
жиналғандардың ішінде жыртақ-жыртақ, ыржақ-ыржақ, қалжыңдасып отырғандар
табылады. Тіпті, карта ойнауға дейін баратындар да бар...
Ал, өлік иесі жаназа кезінде өліктің өміріндегі оқымаған намазы, тұтпаған
оразасы, істемеген жақсылығының орнын толтыру үшін пәленбай мал, ақша
шығарып, өлген адамды күнәдан пәк етеді-мыс. Осындай да ақылға қонбайтын,
төбе шашыңды тік тұрғызатын дәстүрлеріміз әр жерден төбе көрсетеді.
Алланы қаралағымыз келеді! Әр адам өз амалының тұтқыны (Муддәссир сүресі:
38-аят). Әр адам өз қылығы үшін ғана жауапты болады (Тур сүресі: 21-аят)
деген аяттарды оқымаймыз.
Өлікті жөнелтіп, яғни, жерлеп келгесін, тағы да кісісі өлген үйден жақсылап
тұрып, әңгіме айтып отырып, тыңқиып тойып тамақ жеп барып зоға тараймыз.
Қайтып бара жатып, атқарылған шаруаларға баға береміз. Кейде екіліктер
қоямыз. Пыш-пыш... Алла елшісі (с.ғ.с.): Қаралы үйден дәм алған кісіден мен
аулақпын деген екен. Пайғамбарға (с.ғ.с.) жақындай алмаған кісінің ақыреті
қандай болмақ? Осының бәрінің дұрыс-бұрысын түсінудің ең тура жолы – Құран
кітабы мен Хадитер жинақтарын оқу. Әрине, түсінсем, білсем деген
ниетпен. Ниетің дұрыс болса, Құдайдан қорықсаң, Алла саған жақсы мен
жаманды айыра алатын қабілет береді. Алла мен Оның діні ешкімге қиыншылық
қаламайды. Дәстүр күнде өзгереді. Ал, дін өзгермейді. Дінді бұрмалап,
дәстүр жасаушылар кімге қастандық жасап жатқандарын білуге тиіс.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Дін тазалығын сақтау жолындағы қиыншылықтарға
сабыр қылып шыдаймын деген адам қолына қып-қызыл шоқ ұстап тұрғандай
кезеңдерге тап болады деген екен. Алла Тағала баршамызға сабыр берсін!
Әмин!
Бабаларымыз: Өз отыңды өшірме! деген. Себебі, бұрын кісісі өлген үйде от
өшірілетін. Қазан төңкерілетін. Яғни, тамақ пісірілмейді. Көршілер әр түрлі
дәмді астан күніге әкеп беріп тұрады. Көңілдерін аулайды. Себебі, өлік иесі
көркем аза тұтуы керек. Елдің елдігі осындайда. Бүгінде ондай қайда? Адамы
өлген үйден әбден тойып, кекіріп отырып: Енді жетісі қашан болады? дейді.
Біздің бетіміздің қызыл бояуы оңып кеткен сияқты. Рияның шегінен де асып
кеттік-ау...
Шариғатта той жасама демейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): Балаң үйленсе, қойдың
бір жамбасын ассаң да той жаса деген. Бірақ, бүгінгідей ағыл-тегіл
ақтарылып ысырап қыл демейді. Керісінше: Ысырапқор – шайтанның досы деп
ескертеді. Әйтпесе, қайтыс болған кісінің өлген, туған күндерін
тойлағанымыз – қай сасқанымыз? Дұға жолдау үшін, дүрілдетіп, мейрамханада
той жасап, тост айтудың қаншалықты қажеті бар?
Бір қызығы – Ақырет Күніне сенгісі келмейтіндердің өзі өлген адамды арулап,
он сегіз метр ақ кебінге орайды. Көрін кең етеді. Жаназа шығарады. Қайта-
қайта тамақ пісіріп, Құран оқытып тұрады. Мүмкін, онысын дін емес, дәстүр
деп қарайтын шығар. Біз дін мен дәстүрді шатастырмауымыз керек. Дінді
жәннатқа апарар жол деп Алла үйретеді. Дәстүрді өзіміз жасаймыз. Шектеулі
ғана ақылымызбен. Абай айтады:
...Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса мейлі сол айтты.
Ақылменен жеңсеңіз –
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят-хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз
Аят-хадистің әр әрпін байқап айту керек. Ол жерде қателесуге болмайды. Ал,
дәстүрді әркім ойынан шығара береді. Арақ ішкіш қазақтардың өзі қаншама
дәстүр қалыптастырып тастады. Кебіс кигізер, бау байлатар... соңында
құйрықтан тебер дегені де бар. Біз алдымен, өлген адамға бізден не қажет
екенін білуіміз қажет. Алла елшісі (с.ғ.с.) айтады: Өлген адамға (артынан)
үш нәрсе барып тұрады: жария садақасы (мешіт, көпір салу, шөлге құдық
қазу...), пайдалы ғылымы (шәкірт тәрбиелеу, кітаптар жазу...) және салихалы
ұрпағының дұғасы. Яғни, мұсылманшылықты ұстанып, Алланың жақсы көретін
амалдарын жасап жүрген ұрпақ дұға етсе, сол барады. Біздің ағайындардың
көбісі өздерінің шайтанның армиясында қызмет етіп жүргенін білмей, арақ
ішіп, зина жасап, өтірік айтып жүреді де, сүре, дұға жаттауға ерініп,
молдаға ақша төлеп Құран оқыта салып, әке-шешелерін жарылқап тастағылары
келеді. Садақасын Алла қабыл ете ме, жоқ па, онымен тиіттей шаруасы жоқ.
Керісінше, сондай оңбаған ұрпақ тәрбиелегендері үшін әке-шеше сұралатынын
білмейді. Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың
қасында зор сыйлық бар (Әнфәл сүресі: 28-аят). Мал мен балалар – дүние
тіршілігінің сәні. Ал, бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында.
Табыс бойынша да, әрі үміт тұрғысынан да жақсы (Кәһф сүресі: 46-аят). Алла
жәннатты не үшін беремін дейді? Сынақ болған баланы дұрыс тәрбиелесең ғана.
Сыннан өтпесең не болады? Онда біттің...
Рас, өлімнің де сән-салтанаты бар. Соның бірі – жоқтау. Мұны қазақы дәстүр
деп есептейміз.
Біз кейде өлген адамға неғұрлым қатты жыласақ пайдалы деп ойлаймыз.
Мәйіттің басында: Асқарым, тірегім деп жыласа, мәйітке періштелер келіп:
Сен расында сондайсың ба? деп соққының астына алады екен. (Хадис). Бұл –
Алла елшісінің (с.ғ.с.) өсиеті. Бір заманда араптар да өлікті әкесін
танытып тұрып жоқтайтын болған. Оларға Пайғамбар (с.ғ.с.) тыйым салды.
Әуелде араптар да қазіргі көп қазақтар сияқты: Дәстүрімізді қорлады деп
шу шығарды. Өздерінше ұлтшыл, ұлтжанды болды. Сонда олар Алла рұқсат
етпеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының көркемдік ерекшелігі
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақтың драмалық шығармалары
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Маргарет Тэтчердің саяси бейнесі
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Абай оқыған шығыс шайырлары
Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына талдау
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Пәндер