Атырау экологиясы



Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы барлығы және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды деп ашып көрсетілген.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының құжаттарында ашық айтылғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пайда болса, оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға байланысты екен.
Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз” деген ұран аяғында егіндік, шабындық жерлеріміздің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына, атмосфераның бүлінуіне әкеліп соқтырғанын көрдік. Ал қоршаған ортаның қолайсыздығынан адамның денсаулығына келетін зиян аса қауіпті екенін жоғарыда айтып кеттік. Халықтың денсаулығын қорғау - мемлектіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.
Облысымызда 1 мың адамға шаққанда туылғандар саны республикалық көрсеткіштен жоғары болып, Атырау өңірі елімізде адам санын көбейтуде алдыңғы қатардың бірі екендігі көңілді қуантады. 2004 жылы бұл көрсеткіш еліміз бойынша 18,19 болса, Атырау облысында 21,36 болды, ал 2005 жылы республикада 18,41 болғанда, біздің облыста бұл көрсеткіш 23,09-ке жетті. Бірақ өкініштісі тұрғындардың жалпы аурулылық көрсеткіші жылдан жылға өсіп келе жатыр. 100 мың адамға шаққанда бұл көрсеткіш 2004 жылы 32494,8 болса, 2005-ші жылы бұдан да көтеріліп 33496,3 жеткен. Соның ішінде, бір жастан бес жасқа дейінгі балалар арасында 1 мың балаға шаққанда аурулылық көрсеткіші өсіп отыр.
1. "Егемен Қазақстан" газеті 12.05.2007г.
2. http://www.google.kz
3. Дала мен қала

Атырау экологиясы

Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
деп, алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы барлығы
және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы
ортаны қорғауды мақсат етіп қояды деп ашып көрсетілген.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының құжаттарында ашық айтылғандай,
адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пайда болса,
оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға байланысты екен.
Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып
аламыз” деген ұран аяғында егіндік, шабындық жерлеріміздің тозуына,
топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына, атмосфераның бүлінуіне
әкеліп соқтырғанын көрдік. Ал қоршаған ортаның қолайсыздығынан адамның
денсаулығына келетін зиян аса қауіпті екенін жоғарыда айтып кеттік.
Халықтың денсаулығын қорғау - мемлектіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі.
Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан
қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп
нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден
болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың
денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік
органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.
Облысымызда 1 мың адамға шаққанда туылғандар саны республикалық
көрсеткіштен жоғары болып, Атырау өңірі елімізде адам санын көбейтуде
алдыңғы қатардың бірі екендігі көңілді қуантады. 2004 жылы бұл көрсеткіш
еліміз бойынша 18,19 болса, Атырау облысында 21,36 болды, ал 2005 жылы
республикада 18,41 болғанда, біздің облыста бұл көрсеткіш 23,09-ке жетті.
Бірақ өкініштісі тұрғындардың жалпы аурулылық көрсеткіші жылдан жылға өсіп
келе жатыр. 100 мың адамға шаққанда бұл көрсеткіш 2004 жылы 32494,8 болса,
2005-ші жылы бұдан да көтеріліп 33496,3 жеткен. Соның ішінде, бір жастан
бес жасқа дейінгі балалар арасында 1 мың балаға шаққанда аурулылық
көрсеткіші өсіп отыр. Бұл жағдайды да біз экологиялық проблемалардан тыс
қарай алмаймыз. Ал облыстағы рак ауруларының көрсеткіші 100 мың адамға
шаққанда 2004 жылы 160,7, ал 2005 жылы 172,1 адам болған. Туберкулезбен
ауыратындар саны жөнінен облыс көрсеткіші елімізде алдыңғы қатарлардың
бірінде. Егер 2004 жылы осы дертке шалдыққандар саны облыс бойынша 1004
адамды құраса, 2005 жылы оның саны 981 адамға дейін кемігенімен, көрсеткіш
100 мың адамға шаққанда республикалық көрсеткіштен көп жоғары. Бұл саны
жағынан онша үлкен емес облыс халқының болашақ ұрпағына төнген “қауіп-
қатер дабылы”. Сонымен бірге еңбекке қабілетті 18 бен 54 жастағы адамдар
арасында осы аурудың көптігі, әсіресе оның ер азаматтар арасында бой алып
тұрғаны да алаңдатады. Еліміз бойынша 2006 жылы туберкулез сырқатына
шалдығып, дәрігерлік бақылауға алынған науқастар саны 23 мың адамды
құраса, ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау
облыстарымен бірге біздің Атырау облысында да тіркеліп отыр. Бұл
облыстарда аурулылық көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 10-30 пайызға
артық екенін Республикалық туберкулез проблемаларымен айналысатын Ұлттық
орталықтың басшысы Шахимурат Исмаилов мырза да жасырмайды. Өңірімізде 2001
жылмен салыстырғанда 2005 жылы балалар арасындағы тыныс алу жолдарының
қабыну аурулары 1,2 есе, нерв жүйесі аурулары 1,5 есе, психикалық аурулар
2,0 есе, көз аурулары 2,86 есеге өскен екен.
Бұл күрделі мәселенің түп тамырларының бірі экологияда жатырғаны
ешкімге жасырын емес, себебі өмірге қажетті басқа қоғамдық, экономикалық,
әлеуметтік ахуал бізде басқа өңірлермен салыстырғанда артық болмаса кем
емес.
Елімізде жұмыс жасап жатырған үкіметтік емес ПРООН деп аталатын
мекеменің қызметкері Гордон Джонсонның деректері бойынша тек соңғы он жыл
көлемінде еліміздегі киіктер саны 40 есеге, Каспий теңізіндегі қызыл
балықтар саны 8 есеге дейін азайып кеткен. Жыл сайын өте үлкен көлемде
итбалықтар қырылуда. Мұның басты себептерінің бірі мұнай мен газды өндіру
барысында табиғатымызға жыл сайын келетін орасан зор зиян мен табиғат
байлығына деген тойымсыздық. Біздің еліміздегі жан - жануарлар әлемінің
төрттен бірі Қызыл кітапта тіркелгендігін ескерер болсақ, осы бір адам
психологиясына ғана емес, табиғат экологиясына да жат қылықтарды уақытылы
“құрықтаған” абзал.
Біздің атыраулықтарды қатты алаңдататын нәрселердің бірі - Каспий
аймағының экологиялық жағдайы. Теңіз жағалауындағы мемлекеттердің өз
беттерінше қолға алып жатқан іс-шараларының жеткіліксіздігі, теңіздегі
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелі іс-әрекеттердің
жоқтығы, Каспийдің экологиясы бүгінгі күні дағдарыс деңгейіне жақындығы,
теңіздің, теңіз жанындағы жердің, ауаның ластануы, тірі ағзалардың,
жәндіктердің, өсімдіктердің азаюы, аурудың көбеюі айтылып жүрген мәселелер
болғанман, әлі шешуін тапқан жоқ. Өкінішке орай осы бір Каспий теңізі
аймағына қарайтын бес мемлекет тарапынан теңіздің проблемасымен
айналысатын халықаралық қозғалыс құру мәселесі де күн тәртібінде
тұрғандығымен әлі күнге дейін шешілер емес. Осы проблемаларды бірігіп шешу
мақсатында сот, құқық және табиғат қорғау органдарымен бірлесіп
мемлекетаралық ұйым құратын мезгіл жеткен секілді. Осы ұйымды құру жөнінде
біздің ел бастама көтерсе құба құп. Елбасы Н.Назарбаевтың жалпы дүние
жүзіндегі беделін ескере отырып, қазіргі уақытта ауадай қажет осы мәселені
алғашқы болып көтерер болсақ, ол іс біздерге тек қана оң ұпай әкелетіні
сөзсіз. Әрі Каспий өңіріндегі бекіре балығының 90 пайызы осы теңіздің
Қазақстан бөлігінде жатқандығы да ескеруге тұрарлық жағдай. Еліміздің
табиғатына жанашырлық ахуал - күйді көтеру - бәсекеге бет алған қабілетті
50 ел қатарынан нық орын алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атырау қаласының экологиясы
Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу
Атырау қаласы
Каспий жағалауындағы проблеммалар
Атырау қаласының және Атырау облысының өркендеуіндегі проблемалар
ЖАЙЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Атырау табиғатының бүгіні және болашағы
Өсімдік экологиясы өңдеу
Ауа алабының ластануы
Пәндер