Демократия



Демократия (грек.demos – халық және kratos – билік) – қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі пішімдерінің бірі; ұдайы дамып, жетіліп отыратын саяси режим. Қазіргі кезде демократия атауы бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесін; мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның сипаты; қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар желісін бейнелеу үшін қолданылады. Тіпті, демократияның көпшілік мойындаған бірегей анықтамасы да қалыптаспаған. Әр дәуірде өмір сүрген ойшылдар демократияны өз заманының құндылықтары, нақты бір әлеуметтік ортаның аңсар – мұраттары тұрғысынан түсіндіріуге тырысты. Азамат тарихында демократия қоғамның саяси - әлеуметтік құрылымының бастапқы ұйымдық пішімі ретінде пайда болған. Мысалы: алғашқы қауымды демократия, әскери-тайпалық демократия Ежелгі Римның өзінде ол монархиядан бұрын қалыптасты. оның үстіне, әлемнің әр түрлі елдеріндегі тарихи, ұлттық, саяси-әлеументтік т.б. ерекшеліктерге орай демократия нышандары алуан түрлі реңк-мазмұнға ие болды. Демократиялық мемлекеттердің алуан түрлілігіне қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілер: халық заң жүзінде мемлекет биліктің бірден-бір бастауы болу, азаматтардың заң алдында теңдігі, еркіндігі мен бостандығы, сондай-ақ, әлеуметтік тұрмыс әділеттігі принціптерінің орнауы; мемлекет билік органдарының жүйелі түрде сайлануы; азшылықтың көпшілікке бағынуы және азшылықтың пікірімен санасу қағидасы т.с.с. тән болады. Д-ның теориялық түсіндірмесі оның мазмұнындағы өзгерістерге, жаңа ерекшеліктер мен қағидалардың, пішімдердің енуіне байланысты өзгеріп отырды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Демократия (грек.demos – халық және kratos – билік) – қоғамды, мемлекеттік
билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі пішімдерінің бірі;
ұдайы дамып, жетіліп отыратын саяси режим. Қазіргі кезде демократия атауы
бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесін; мүшелерінің
теңдігіне, басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен
шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның сипаты;
қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар
желісін бейнелеу үшін қолданылады. Тіпті, демократияның көпшілік мойындаған
бірегей анықтамасы да қалыптаспаған. Әр дәуірде өмір сүрген ойшылдар
демократияны өз заманының құндылықтары, нақты бір әлеуметтік ортаның аңсар
– мұраттары тұрғысынан түсіндіріуге тырысты. Азамат тарихында демократия
қоғамның саяси - әлеуметтік құрылымының бастапқы ұйымдық пішімі ретінде
пайда болған. Мысалы: алғашқы қауымды демократия, әскери-тайпалық
демократия Ежелгі Римның өзінде ол монархиядан бұрын қалыптасты. оның
үстіне, әлемнің әр түрлі елдеріндегі тарихи, ұлттық, саяси-әлеументтік т.б.
ерекшеліктерге орай демократия нышандары алуан түрлі реңк-мазмұнға ие
болды. Демократиялық мемлекеттердің алуан түрлілігіне қарамастан, олардың
бәріне ортақ белгілер: халық заң жүзінде мемлекет биліктің бірден-бір
бастауы болу, азаматтардың заң алдында теңдігі, еркіндігі мен бостандығы,
сондай-ақ, әлеуметтік тұрмыс әділеттігі принціптерінің орнауы; мемлекет
билік органдарының жүйелі түрде сайлануы; азшылықтың көпшілікке бағынуы
және азшылықтың пікірімен санасу қағидасы т.с.с. тән болады. Д-ның
теориялық түсіндірмесі оның мазмұнындағы өзгерістерге, жаңа ерекшеліктер
мен қағидалардың, пішімдердің енуіне байланысты өзгеріп отырды. Осы заманғы
Д. – ұзақ мерзімді тарихи дамудың жемісі, ол қоғамның өзін экон.-әлеум.
үрдістер негізінде дауға орай қалыптасты. Бірнеше кезеңнен тұратын таихи
процесс ретінде Д-ның ежелгі дәуірлік, классикалық және осы заманғы
теориясы түзілген. Ежелгі дәуірлік Д-ның теориясы – ежелгі грек
топырағында, Африка республикасында б.з.б. 5 ғ-да дүниеге келді. Мұнда
жоғары билік тұрақты шақырылып тұратын Халық кеңесінің қолында болады. Оған
20 жасқа толған әрбір африкалық еркін азамат ретінде қатысады. Өйткені,
полис-мемлекеттегі әрбір еркін азамат ел билеуге қақылы әрі міндетті
саналған. Ал Д. терминінің өзі алғаш рет грек тарихшысы Герадоттың
шығармаларында ғана қолданылған. Ежелгі философ Платон мемлекеттік
құрылымды 3 түрге: монархияға, аристократияға және Д-ға бөліп, олардың
әрқайсысы “заңды және заңсыз болуы мүмкін” дейді. Оның пікірінше, Д. ел
басқарудың жақсы және жаман пішімдерінің, яки бір жағынан – монахия мен
аристократияның, екінші жағынан – тирания мен олигархияның арасында өмір
сүреді. Аристотель мемлекет құрылымының 3 дұрыс пішімін: билік тізгіні бір
адамға берілетін монархияны; билік бірнеше адамның қолында болатын
аристократияны; сындай-ақ, баршаның немесе көпшіліктің билігі жүзеге асатын
политияны жақтайды. Ол бір ғана билеушінің пайдасына қызмет ететін
тиранияны, ат төбеліндей ауқатты азаматтардың қамын күйттейтін олигархияны,
сонымен қатар жарлы-жақыбайлардың мүддесін қорғайтын Д-ны “басқарудың дұрыс
емес” пішімдеріне жатқызады. Одан кейінгі кезеңдерде Д. басқарудың дұрыс
пішімдерінің қатарына қосылып, оның орнына заңға бағынбайтын қара табан
“тобырдың билігін” бейнелейтін охлократия ұғымы “дұрыс емес басқару пішімі”
ретінде орнықты. Осылайша Д. атауы билік баршаға немесе заңға бағынатын
азаматтардың көпшілігіне тиемел болатын мемлекет құрылымның түрі ретінде
ұғынылды. Осы түсінік 18 ғ-дың соңына шейін, Д-ның өзіне қатысты
көзқарастар өзгеріп, саяси құрылымның пішімдерінен гөрі принциптеріне мән
беріле бастағанға шейін үстемдік етті. Жаңа дәуір ойшылдары енді Д-ның
негізгі екі қағидасына – еркіндік пен теңдік принціптеріне көңіл бөлді,
адамның өзіндік құндылықтары мен өкілдік Д. идеяларын негіздеуге талпынды.
Әсіресе, Д-ның классикалық теориясын қалыптастыруға Ж.Ж.Руссо мен
австриялық социолог И.Шумпетер (1883 – 1950) елеулі үлес қосты. Шумпетердің
ойынша, қоғамды басқаратын адам емес, кәсіпқой топтар. Көпшілік тек
солардың біреуіне, әдетте, жетекшісіне дауыс береді. Мұнда халық емес, жеке
адам басым тұрады. Тұлғанаң еркіндігі, барлық азаматтардың саяси теңдігі
мен ажырамас құқыларының сақталуы, т.б. маңызды саналады. Осы заманғы Д.
ұғымына плюрализм (алуан түрлілік) және элита (таңдаулы топ) теориялары
жолбасшылық жасап, жаңа мазмұн бітіріп отыр. Яғни алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі демократия теориясы
Демократиялық ұйым формаларының тарихы
Қазақстан Республикасындағы демократия
Демократия – қоғам ұйымдасуының саяси формасы
Демократияның қазіргі теориялары
Демократия - мемлекет бастауы
Демократия және оның пайда болуы кезеңдері
Демократияның конституциялық негіздері
Демократия туралы түсінік
Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары
Пәндер