Халықаралық қылмыстық полицияның ұйымы шеңберiнде ынтымақтастықты зерттеу жолдары


МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . . … . . . ……. …. …. . 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ . . . 7

1. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылу тарихы және құрылымы . . . 7

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ . ……. 15

2. 1 ХҚПҰ қызметінің негізгі бағыттары . . . 15

2. 2 ХҚПҰ аясында халықаралық қылмыстық іздестіру механизмдері . . . 20

2. 3 ХҚПҰ арқылы қылмыскерлерді ұстап беруді жүзеге асыру мәселесі (Экстрадиция) . . . 36

2. 4 ХҚПҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы . . . 43

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХҚПҰ-ның ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ БЮРОСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ . . . 50

3. 1 Қазақстан Республикасындағы ХҚПҰ-ның Ұлттық Орталық Бюросының жалпы қызметі . . . 50

3. 2 Қазақстан Республикасындағы ХҚПҰ-ның Ұлттық Орталық Бюросы - халықаралық қылмыстық іздестіру жүйесінің бөлігі ретінде . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

КІРІСПЕ

Зерттеудегі тақырыптың өзектілігі. Бүгінде мемлекеттер арасындағы шекаралар, адамдардың бір тобын екіншісінен бөлетiн, алынбас тосқауылдар емес. Егер заңға бағынатын адамдар үшiн шекарадан өту оңай болса, онда қылмыскерлер үшiн тіпті қиындыққа соқпайтыны жақсы белгілі. Қазiргi әлемде қылмыстылықтың өсуі "халықаралық қылмыстылықтың" да өсуіне әсерін тигізді. Соңғы уақытта өздерінің қылмыстық мақсаттарына халықаралық қатынастардың дамуын пайдаланатын трансұлттық (халықаралық) қылмыстық ұйымдардың жандануы және олардың санының өсуі байқалуда. Сондықтан да қауiптi қылмыскерлердi ұстау, iздестiру және тану iс-әрекеттерін үйлестiру және ұлттық полиция қызметтерiнiң өзара бірлесіп әрекеттесуiн қамтамасыз ету үшін халықаралық ұйым құру қажеттілігі пайда болды.

Сонымен 1923 жылдың 7 қыркүйегінде Венада Халықаралық полиция конгресінде 20 елдің 138 өкілі Халықаралық қылмыстық полиция Комиссиясын құрды және оның жарғысын қабылдады. 1956 жылы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы «Интерпол - халықаралық қылмыстық полиция ұйымы» болып өзгертілді. Қазіргі уақытта Ұйымға әлемнің 188 мемлекеті кіреді. Интерполдың міндеті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға, есірткі трафигіне, экономикалық қылмыстарға, адамдар саудасына және ұйымдасқан қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастығын үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады. Мақсаты - халықаралық іздестірудегі қылмыскерлерді және із-түссіз жоғалған адамдарды анықтау. [1, 4б. ] .

Халықаралық ұйымдасқан қылмыстардың күрт өсуі Қазақстанды халықаралық полиция ынтымақтастығын анағұрлым белсендірек жүргізуге міндеттеді. Қылмыскерлердің сот әділдігінен шетелде жасырынуы әдетке айналды. Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 4 қарашасында Дакар қаласында (Сенегал) Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымы Бас Ассамблеясының 61-ші сессиясында Интерполға қабылданды. «Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (Интерпол) Қазақстан Республикасының кіруіне байланысты іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шілдедегі № 629 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында Интерполдың Ұлттық орталық бюросы құрылды. Осы күннен бастап Қазақстан Интерпол арқылы қылмыскерлерді және із-түссіз жоғалған адамдарды халықаралық іздестіру мүмкіндігін пайдалануда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы Интерпол ҰОБ заңнамаға сәйкес өз өкілеттіктері шеңберінде қазақстандық құқық қорғау органдарының БҰҰ, ШЫҰ, Еуропол және басқа да халықаралық ұйымдармен және құқық қорғау институттарымен өзара іс-қимыл жасасуды жандандыру жөнінде шаралар қабылдауда.

ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басы халықаралық қатынастардың кез-келген саласына, сонымен қатар ұлт аралық қылмыстылықпен күрес шеңберінде интеграцияның жаңа деңгейінің қалыптасуымен белгіленді.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы, яғни Интерпол шеңберiнде ұлт аралық қылмыстылықпен күрес, бүгінгі таңда мемлекеттердің халықаралық-құқықтық ынтымақтастық аясындағы ең көп зерттелетін сұрақтардың бірі. Полиция ынтымақтастығының ең негізгі шарты - оның халықаралық, сондай-ақ мемлекет ішіндегі деңгейде тиісті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шараларын жетілдіру, ал халықаралық іздестіру қызметі осы ынтымақтастықтың әсерлі жұмыс істейтін бағыты болып табылады[2, 26б. ] .

Кеңестік елдер 1990 жылдардың басынан құқықтық көмек көрсету жөнінде көптеген екіжақты және көпжақты келісімдерге қол қойып, бекітті, сонымен қатар дерлік барлығы (Түркменстаннан басқасы) Интерполға кірді. Қылмыстылыққа халықаралық деңгейде қарсы тұру тек мемлекеттердің бірыңғай жігерімен, және бұл іс-әрекеттер жоғары ұйымдасқан, анық алып қойылған әрекеттестік тетігімен жабдықталған және бәрінің алдына қойылған мақсатқа жетуге бағытталған болуы тиіс. Осы талаптардың бәрін Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы қамтамасыз етеді. Қазір тек осы ғана құрылым дүниежүзілік масштабта ұлтаралық қылмыстылықпен күресетін халықаралық үкіметаралық ұйым болып табылады. Аймақтық деңгейде бұл қызметтерді ТМД, ЕО сияқты ұйымдардың органдар қатары жүзеге асырады. Еуропада Еуропол қызмет атқарады.

Қазақстан Интерполға кіргеннен бастап, ұйымның жұмысына белсенді қатысуда. Бiздің елдiң бұл ұйымдағы мүшелiгi бiзбен тиiстi келiсiмдер жоқ болатын мемлекеттерiмен қатынастарда құқықтық көмек көрсету туралы мәселенiң шешiмiне оң ықпалын тигізуде.

Тақырыптың зерттелгендiгiнiң дәрежесi . Дипломдық жұмысты дайындау барысында Интерполдың қызметi толық зерттелінген арнайы әдебиеттерге сүйендік. Халықаралық қылмыстық құқықтың Интерпол қызметімен байланысты мәселелері келесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан: М. Б. Құдайбергенов, Н. М. Ғалымжанов, А. Б. Токсанбаев, А. Б. Айтуарова, А. Ж. Шпекбаев, А. Н. Акпарова, Б. С. Карикболов және тағы басқа ғалымдар.

Cоның ішінде, М. Б. Құдайбергеновтың «Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі» атты диссертациялық зерттеу жұмысында жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі институтының құрылуының тарихи процесі талданған, халықаралық қылмыстық соттардың қызметі қарастырылған, ұйымдар мен олардың органдарының қызметі, соған қоса халықаралық қылмыстық полиция ұйымы қарастырылған.

А. Б. Тоқсанбаевтың «Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдар жүйесінде» атты диссертациясында, Интерполдың ҰОБ қызметінің ұйымдасқан құқықтық негізін халықаралық сипаттағы қылмыстылықпен күресуде қамтамасыз ету қажеттілігін белгілеген және дәлелдеген.

Сонымен қатар А. Б. Айтуарованың «Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросы халықаралық қылмыстық пен халықаралық сипаттағы қылмыстылықты тергеу мен ашуда мүмкіншіліктерін қолдану» атты диссертациялық зерттеу жұмысында Интерполдың құрылу себептері мен әртүрлі мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен халықаралық ынтымақтастықтағы Интерполдың рөлі көрініс тапқан, сондай-ақ Интерполдың ҰОБ мен Қазақстан Республикасының ІІМ, ІІББ, ІІБ іздестіру аппараттарымен әрекеттесуі қарастырылған. Зерттеуге сонымен қатар ресейлік келесi авторлардың жұмыстары да қызмет еттi: К. С. Родионов “Интерпол: вчера, сегодня и завтра”, Я. М. Бельсон, сонымен қатар В. И. Самарин, И. В. Путова, В. П. Панов, И. И. Карпец. Соның ішінде А. Г. Антропов өзінің диссертациясында, мемлекеттердің бір-біріне құқықтық көмек көрсетуде Интерполдың рөлі туралы жазған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты : (ХҚПҰ) Халықаралық қылмыстық полицияның ұйымы шеңберiнде ынтымақтастықты зерттеу болып табылады. Оған кіреді: біріншіден, халықаралық бiрлестiктiң тәжiрибесі мен мүмкiндiктерiн белсендiрек және жан-жақты қолдануы арқылы қылмыстылықпен күрестiң тиiмдiлiгін жоғарылату; екіншіден, шетелдердiң құқық қорғау органдарының қылмыстардың алдын алу, бұлтартпау және тергеу іс-әрекеттері барысында өзара құқықтық көмек көрсетуін нығайту.

Міндеттері : Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының пайда болуы мен дамуын зерттеу, ұйымның сипатын анықтау, ұйым қызметінің қайнар көздерін анықтау, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының ҰОБ Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша көмек көрсетудегі рөлін аныктау болып табылады.

Шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары ХҚПҰ-ны әмбебап полиция деп жазады, бірақ ол тек қана жүздеген ұйымдардың бірі. Басқа халықаралық ұйымдардан оның айырмашылығы, оның қызметі әртүрлi елдердiң қылмыстық полициясының мекемелерiнiң қылмыстық қылмыстылықпен күресiндегi ынтымақтастығын қамтамасыз етуiне бағытталған. Оны нақтылап айтқанда, тiкелей жұмыс iстейтiн емес, ақпараттық ұйым деп атауға болады, өйткенi полиция операцияларын тиiстi мемлекеттердiң полициялары жүзеге асырады. ХҚПҰ-да әр түрлi мемлекеттердiң аумақтарында жасалған қылмыстар туралы және әлем бойынша көшпелi қылмыскерлер туралы мәлiметтер есепке алынған.

Зерттеудiң әдістері. Зерттеу кешенді сипатта болғандықтан жалпы зерттеу әдістері дипломдық жұмыста қолданылды. Атап айтқанда: салыстыру, талдау, тарихи әдіс.

Зерттеудiң объектісі. Зерттеудің объектісі Интерполдың және оның ҰОБ мүше-мемлекеттердегі iздестiру қызметiнiң халықаралық - құқықтық реттеу саласындағы қоғамдық қатынастардың аспектілері болып табылады.

Зерттеудің пәні болып , Интерполдың қосымшаларымен 1956 жылғы Жарғысы, халықаралық келісімдер мен басқа да құжаттар, ҚР заңдары, сонымен қатар қылмыстық істі тергеуге қатысы бар заттар мен тұлғаларды анықтауға, тұлғаларды іздеу мен тұтқындауға бағытталған, Интерполға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметі табылады.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы, бұл тақырып Қазақстан Республикасында терең қарастырылмаған, тек қана 1993 жылы тәуелсiздiктiң алуынан кейiн, бiздiң республикамыз осы ұйымның толық құқықты мүшесі болды. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының Интерполдың ҰОБ-мен тығыз байланыс орнатқаны, халықаралық сипаттағы қылмыс және халықаралық қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту және бұлтартпау мәселенiң шешiмi.

Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Осы бітіру жұмысын орындау нәтижесінде берілген қорытынды және ережелер тәжірибе жүзінде халықаралық қылмыстылықпен күресу саласында заңнаманың жетілдіруіне байланысты ұсыныстарда қолдануы мүмкін. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы негізгі тақырып бойынша алынған нәтижелер бойынша жалпы қылмыстылықпен күресуде мемлекеттер арасындағы өзара құқықтық көмек көрсетудің реттелуін жетілдіру және ынтымақтастықтарын нығайтуға бағытталған.

Зерттеудің құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспе және үш тараудан, оның әрқайсысы екі, төрт бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Жалпы көлемі - 68бетті құрайды.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ

1. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылу тарихы, құрылымы, қызметі

Қылмыскерлерді ұстап беру институты - халықаралық құқықтың көне институттарының бірі. Ұстап беру қылмыстылықпен күресте халықаралық ынтымақтастықтың бастауын құрады. Қазақстандық ғалым М. Б. Құдайбергеновтың қарастыруы бойынша, «қылмыстылықтың белгілі бір түрімен күресу саласында, мемлекеттер арасындағы келісім шарттық құқықтық қатынастардың тарихи дамуында қылмыскерлерді ұстап беру институты ерекше маңызға ие болады. Сонымен қатар, ол жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі институтының пайда болуы мен дамуына алып келді. Тек ұстап беру институтынан халықаралық қылмыстық құқық өз бастамасын алады»[6, 15б. ] . Қазiргi әлемдегi қылмыстылықтың өсуi, сондай-ақ "халықаралық қылмыстылықтың" да өсуімен тұспа-тұс келуде. Сондықтан батыс елдердің үкіметімен қауiптi қылмыскерлердi ұстау, iздестiру және тану iсіндегi үйлестiру және ұлттық полиция қызметтерiнiң өзара әрекеттесуiн қамтамасыз ету үшін халықаралық ұйым құру қажеттілігі пайда болды.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - (ағылшын тілінен International Criminal Police Organization - Interpol) халықаралық үкіметаралық ұйым[12] .

1914 жылы Бірінші халықаралық криминалды полиция конгресі Монте-Карлода Монако Альберт I-нің әрекетімен өтті. Бұл конгресте Еуропа, АҚШ және Азияның 24 мемлекетінен заңгерлер, қорғаушылар мен полиция қызметкерлері қатысты. Жиналыста екі мәселе қарастырылды: бірыңғай халықаралық қылмыстық тiркеу орталығын құру және экстрадиция жұмысын унификациялау. Алдымен мемлекеттер арасында халықаралық кәсіби қылмыскерлерге қарсы әрекет мақсатында жедел ақпарат алмасу мәселесін шешу ойластырылды. Конгресте айтылған ұсыныстардың ең маңыздысы, барлық мемлекеттердің полицияларымен қолданыла алатын, белгілі бір ақпараттарды орталықтандыру мақсатымен бірыңғай ұйым құру қажеттілігі болды[7, 21-22б. ] . Бірақ Бірінші Дүниежүзілік соғыс халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын құруға бағытталған әрекеттерді тоқтатты.

1923 жылы Венада Екінші халықаралық криминалды полиция конгресін Австрияның астанасының бас комиссары Иоганн Шобер шақырды. Конгрестің шешімі бойынша 7 қыргүйекте тұрақты ұйым - Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы, жеке мемлекеттердің жалпы қылмыстық қылмыстылықпен күресу үшін күштерiн үйлестiру мақсатында құрылды[8, 25б. ] . 1924 жылы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы келесі маңызды шешімдер шығарды: дәлелдердiң жүйелерiнiң өңдеу және қылмыскерлердің халықаралық іздестірілуі; адамдардың қашықтықтағы теңестiрілуі; халықаралық полиция газетiнің шығарылуы; жалған банкноталар және құжаттарды айқындау үшін бірыңғай бағдарлама өңдеу[9, 11б. ] . Тағы бір ерекшелiк, ол Комиссия мүшелері еш уақытта саяси, діни немесе нәсілге байланысты мәселелермен емес, тек қылмыстық қылмыстылықпен жұмыс атқарды[10, 42б. ] .

Ресми түрде Комиссия өз қызметін Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде де тоқтатпады. Штаб-пәтері Венада орналасты, өйткені сол уақытта австриялық полицияда Еуропадағы халықаралық қылмыскерлерге ең толық досьенiң картотекасы болды. Сонымен қатар бастапқы кезеңде Австрия Комиссияны қаржыландыруын өз мойнына алды. Басында Комиссия құрылымдық дербестiкке ие болған жоқ: ол халықаралық полиция конгресінің көмекші органы болды және бір уақытта Австрияның юрисдикциясында болды. 1930 жылы Комиссияның Бас Ассамблеясы ұйымның конгрестен тәуелсіз болуына дауыс берді. Осы уақыттан бастап ұйымды қаржыландыру әр мүше-мемлекеттің жарнасымен жүзеге асырылды.

1930 жылы Комиссия бiржолата Хатшылықты құрды, ол келесі бөлімдерден тұрды: жалғандардың әр түрімен күресетін Орталық халықаралық бюро, халықаралық қылмыскерлерді тіркейтін Бөлім, теңестіру Бөлімі, құжаттарды жалғандарымен күресетін Бөлім. 1935 жылы жеке халықаралық радио желiсiн құру жұмыстары басталды[10, 44б. ] .

Австрияның Германияға қосылғанынан кейін барлық құжаттар ұлтшыл үкіметтің қолына түсті, солай Берлинге орын ауыстырды. Германия соғысушы елдерге және басып алғысы келген мемлекеттерге қарсы осы құжаттарды қолданды[11, 31б. ] . Соғыста Германия қирағаннан кейін, Комиссияны қайта құруға дәл келді. Өйткені құжаттардың көбісі жоғалтылды. 1946 жылы Брюссельде кезекті конгресс шақыртылады, онда Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы шеңберінде байланыстарды жаңарту мәселесі талқыланды. 1956 жылы Венада Бас Ассамблеяның 25-ші сессиясында делегаттардың барлығы жаңа Жарғы қабылдауға шешім шығарады. Жаңа Жарғының 1 бабына сәйкес: «Халықаралық қылмыстық полиция комиссия - деп аталатын ұйым, енді Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы деп аталады».

Ұйымның Бас Хатшылығының орналасатын жері Франция деп шешілді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ұйымның штаб-пәтері үш рет ауыстырылды. 1946 жылдан бастап Париждің өзінде, 1966 жылы Сан-Клуға, кейін 1989 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Лионда орналасады.

1946 жылдан 1971 жылға дейін Интерпол халықаралық үкiметтiк емес ұйым мәртебесін БҰҰ ресми түрде 1948 жылы берді. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы мен БҰҰ өзара әрекеттестігі 1971 жылы Интерпол мен Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арасында «Арнайы келісім шарт» жасалғанда танылды. БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1996 жылғы 15 қазанда Интерполға бақылаушы мәртебесі бекітілді. Нью-Йоркте 1997 жылы 8 шілдеде БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннан мен Интерполдың Президенті Тошинори Канемото БҰҰ мен Интерпол арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды[9, 40б. ] . Демек осы келісім шарттардан кейін Интерполды - халықаралық үкіметаралық ұйым деп тану керек.

Қазіргі уақытта Интерпол БҰҰ кейін мүше-мемлекеттерінің көлемі бойынша екінші халықаралық үкіметаралық ұйым болып табылады, ол 188 мемлекетті біріктіреді.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы

1956 жылғы Жарғының 5-бабына сәйкес Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы мынандай органдардан тұрады:

- Бас Ассамблея;

- Атқарушы комитет;

- Бас Хатшылық;

- Ұлттық Орталық Бюро;

- Кеңесшілер.

Ұйымның басты органы Бас Ассамблея болып табылады, жылына бір рет күз уақытында шақырылады. Оған ұйымның мүше-мемлекеттерінің барлық өкілдері қатысады. Жарғы бойынша өкiлеттiктері: Интерпол шеңберінде әртүрлі мемлекеттердің полицияларының ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтайды; жаңа мүшелер қабылдайды; алдағы жылға бюджет пен жұмыс жоспарын қарастыру және бекіту; ұйымның лауазымды тұлғаларын сайлайды және қаржы сұрақтарын шешеді. Осында кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен, есірткіні тарату және осындай әрекеттермен күресу мәселелеріне байланысты арнайы сұрақтарды шешетін, тұрақты және уақытша комиссиялар құрылады. Бас Ассамблеяның ұйым ішіндегі сұрақтар бойынша резолюцияларының атқарылуы міндетті, ал үкімет пен құқық қорғау органдарына бағытталған резолюция кеңес ретінде қолданылады.

Ұйымның атқарушы органы Атқарушы комитет Бас Ассамблеяның сессиялар арасындағы қызметін атқарады. Ол жылына үш рет жиналып, Бас Ассамблеяның ұсыныстарын жүзеге асырады, Бас Хатшының қызметіне тексеріс жүргізеді және келесі кезекті сессияларының күн тәртібін дайындайды. Атқарушы комитет Бас Ассамблеясымен сайланатын Президенттен (4 жылдық мерзім), әртүрлі мемлекет пен аймақты (Азия, АҚШ, Африка, Австралия және Еуропа) ұсынатын үш Вице-президенттен (3 жылдық мерзім) және тоғыз делегаттан тұрады. Атқарушы комитет Президенті ұйымның басшысы болып табылады, ол Бас Ассамблеяның сессиялар арасындағы қызметімен айналысады. Атқарушы комитет мәжілістері жылына бір реттен кем болмай өткізіледі. Барлық шешімдер көпшілік дауыспен қабылданады. Өз қызметтерін Атқарушы комитет мүшелері өз мемлекеттерінің өкілдері ретінде емес, Интерпол өкілдері ретінде атқарады.

Ұйымның тұрақты қызмет ететін органы Бас Хатшылық, оған Бас Хатшы, мамандар мен әкімшілік қызметкеолер кіреді. Ол Бас Ассамблея мен Атқарушы комитет шешімдерін жүзеге асырады, жалпы қылмыстылықпен күресуде халықаралық, мамандандырылған және ақпараттық орталық қызметін атқарады, ұйымға тиімді әкімшілік басқарушылықты орындайды, халықаралық ұйымдар мен ҰОБ байланыс орнатады, қажетті жариялымдарды дайындайды, Бас Ассамблея сессияларында және Атқарушы комитет мәжілістерінде хатшылықтың қызметін атқарады, Президентпен байланыс орнатады. Бас Хатшылықты Бас Хатшы басқарады, оны Бас Ассамблея 5 жылдық мерзімге сайлайды (65 жастан артық емес) . Бас Хатшы өз қалауымен Бас Хатшылыққа қызметкерлерді алады және оның барлық қызметтерін басқарады.

Бас Хатшылық 5 бөлімнен тұрады: әкімшілік және қаржылық, полициялық, ғылыми-техникалық, ақпараттық аймақтық ынтымақтастық және даму. Соның ішінде полициялық бөлімінің бөлімшелері бар, соның бірі Субаймақтық бюро. Бұл бюролар Бангкокте (Оңтүстік-Шығыс Азия үшін), Буэнос-Айресте (Оңтүстік Америка үшін), Сан-Сальвадорде (Кариб бассейні үшін), Харарда (Оңтүстік Африка үшін), Найробада (Шығыс Африка үшін) және Абиджанда (Батыс Африка үшін) [14] .

Ұлттық Орталық Бюро (ҰОБ) Интерполға мүше-мемлекеттердің барлығының құқық қорғау органдар құрылымында құрылады. Белгілі бір мемлекетте ҰОБ ұйымның тұрақты қызмет ететін органы болып, дәл сол уақытта мемлекеттің полициялық органы да болып саналады. ҰОБ өз мемлекеттерінде соттармен, прокуратурамен, кеден және шекара қызметімен, ал халықаралық деңгейде басқа мемлекеттердің ҰОБ мен Бас Хатшылықпен қызмет бойынша байланыста болады.

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

2. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қызметінің негізгі бағыттары.

Интерпол құрылғаннан бастап алдына қойылған міндеттері сол күйінде қалған, алайда бүгінде оларды орындауға әлдеқайда ықпалды тәсілдер мен шешімдер қажет. Қазір халықаралық құқық қорғау қызметі бір орында тұрған жоқ, ол белсенді түрде даму үстінде. ХҚПҰ-тың құрылу тарихын оқып білгеннен кейін, Интерполдың бүкіләлемдік халықаралық қылмыстық іздестіру жүйесі ретінде құрылу барысында, осы жүйенің әр тетігі дамып келеді. Ж. О. Құлжабаеваның айтуы бойынша «адамзат қоғамының дамуына сәйкес қылмыстық құқықтың дамуы саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату қажеттілігі туады. Қазір халықаралық қоғамда халықаралық қылмыстылықтың үрдісі мен құрылымы өзгереді. Халықаралық қылмыстылықтың жаңа түрлері: экоцид, геноцид, адам құқықтарын жалпы бұзу сияқты пайда болып жатыр»[42, 65б. ] . 1923 жылдан халықаралық қылмыстық іздеу тәртібі тым күрделенді және көп сатыланды, бірақ ондағы көптеген аспектілері толықтыру мен жетілдіруді қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің мәселелері
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құқықтық мәртебесі
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы туралы
Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі
Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларынан үстемдігің
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі
Қылмыскерлерді халықаралық іздестіру ұғымы және құқықтық негіздері
Халықаралық қылмыс құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz