Аль-фараби және педагогика


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Аль-Фараби және педагогика

Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки - әлi Аристотельден кейiнгi «Екiншi ұстаз» атанған данышпан ойшылдың толық есiмi осындай. Ол Сырдарияның Арысқа қоятын тұсындағы көне Отырар қаласында (арабша Фараб) әскербасы әмiр қызметшiсiнiң отбасында дүниеге келдi. Бiрақ жас Әбу Насырды сарай қызметi кызықтырмады. Ерте оянған ғылымға деген қызығушылық оны жолға алып шықты. Бiлiм туып Шығыстың сол кездегi iрi ғылым және мәдениет орталықтарын тегiс шарлады. Оның осы сапары өмiр бойына жалғасып, соңында Сирияның Дамаск қаласында 950 жылы желтоқсанда үзiлдi.

Әл-Фараби өз заманында мәлiм болған ғылым салаларын әрi қарай дамытып, 160 шамасында трактат жазған. Ол Аристотельдiң барлық кiтаптарына дерлiк түсiндiрме жазған. Бұл iсте ғалымның қандай мґқияттылығынан бiр мысал: Аристотельдiң «Жан туралы» деген еңбегiне ол өз қолымен «Мен бұл кiтапты мың қайтара оқыдым» деген белгi соқјан.

«Таза ағайындар» iлiмiнен кейiн араб тiлiндегi философиялық ойдың орталығы Орта Азия мен Иранға ауысты. Сол кезде мәдениет орталығы болған қалалар: Бұхара, Самарканд, Мерв, Нишапур, Исфаған, Рей, Хамадан, Отырар, тағы басқалар. Мiне, осы заманда, яғни X-XI ғасырларда есiмдерi әлемге әйгiлi болған екi адамды айтуға болады, олар - әл-Фараби және Ибн-Сина. Заманында теңдесi болмаған бґл ғґламалар - Аристотель еңбектерiн терең бiлген әрi оларды жан-жақты түсiндiруде аса үздiк еңбек етушiлер.

Әл-Фарабидiң грек философиясын, әсiресе Аристотельдi жетiк бiлгенi үшiн оны «екiншi ұстаз» деп атаған. «Екiншi ұстаз» деу - философия тарихында әл-Фарабидi Аристотельден кейiнгi орынға қою деген сөз.

Әл-Фараби этникалық тегi жағынан түркi жұртынан шыққаны шындық. Оның «фамилиясы» өзi дүниеге келген Фараб деп аталған қаланың атауы. Фамилия етiп туған жерiн немесе туған қаласын алу - көне заманнан келген дәстүр. Мысалы, Александр Македонский (Македония елi, қаласы), Солон Афинский (Афина қаласы), Фалес Милетский (Милет қаласы), Анахарсис Скифский (скифтерде қала болмағандықтан, «Скиф» ел атауын алған), Фома Аквинский (Аквиант - жер аты) . . .

Дәстүр ортақ. Мәселе фамилияны бiлдiретiн жалғауда. Араб-тар «и» қолданса, Еуропа «сқий»-дi қолданған. Ал Аристотель тарихта Стагирит деген есiммен белгiлi. Стагирит деген ғаламаның туған жерi. Аристотельдiң «кемшiлiгi» - ол Афиндық еместiгi. Мұны кезiнде ғұламаға сын ретiнде, яғни «тағысың» деген мәнде айтқан. Мұның бәрiн айтып отырғаным, Әбу-Насыр (өз есiмi) «фамилия» алғанда әлемдiк мәдени дәстүр контексiнде болғаны. Адамның аты-жөнiнiң аталуы мәдени-тарихи феномен. Ғұламалар бґл мәселеге айрықша мән берген. Екiншi ұстаз Әбу-Насыр әл-Фараби дегенде, бiз оның тарихи тегiнiң қайдан шыққанын бiрден бiлемiз.

Сондықтан оның кiм екенiнде еш талас жоқ.

Фарабитану iсi бiзде, негiзiнен, қолға алынған, оның бiршама еңбектерi орыс тiлiне аударылды. Қазақшаланған әл-Фараби еңбегi әзiрше шамалы және ғұлама еңбектерiнiң орысша аудармасы көңiлден шыға қоймайтын дәрежеде.

Сондықтан оның еңбегiн тура араб тiлiнен аударған жөн болар. Бұлай деуге басты себеп, араб тiлiндегi философтарды орысшаға аударғанда, олар бiздiң түркiлiк-қазақы ұғымнан алыстап кетедi. Араб философтарының еңбегi түпнұсқада бiзге жақын, көптеген түсiнiктер, ұғымдар қазақ дүниетанымында ешбiр аудармасыз сол араб философтары қолданған мәнде жүр. Демек, арабшадан қазақшаға тiкелей аударғанда көп ойлар өз бояуын жоғалтпай, ой толық, жґлмаланбай жетедi. Фалсафа мен философияның (батыстық мәндегi) түсiнiктерiнде айырма бар. Олай болатыны - фалсафа мґсылмандық ойлау принципiне негiзделсе, философия христиандық менталитет негiзiнде. Дiни партикуляризм мiндеттi түрде дүниетанымдық үйлеспеушiлiктi туғызады.

Ендi Әбу-Насыр әл-Фараби iлiмiнiң ерекшелiгiне қысқаша тоқталып өтелiк.

Бiрiншiден, әл-Фараби философия тарихында, жоғарыда айтқандай, Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау жасау арқылы мәлiм болған. Демек, ол Аристотельдi түпнұсқада оқыған. Олай болмағанда, ол Аристотельдi, көне грек философиясын жете меңгеруi мүмкiн емес едi.

Бұлай деуге нақтылы негiз бар. Әл-Фараби заманында латын әлi модаға кiрмеген. Латынның күшеюi католицизмнiң дүниеге келуiмен байланысты. Латын араб тiлiне қарсы қолданылған мәдени-тарихи феномен.

Латынға дейiн зиялы қауым араб тiлiнде сөйлеген. Оның саяси негiзi араб халифатының өмiрге келуiмен байланысты. Демек, араб ғұламаларына көне грек тiлiн меңгеру қажет болған. Сондықтан олар Платон, Аристотельдердi өз тiлiнде оқыған, одан кейiн оларды араб тiлiне аударған.

Бұл жайды әл-Кинди туралы бiрiншi бөлiмде айтқан (Қараңыз: «Ақиқат», № 4, 1998) болатынбыз.

Екiншiден, Фараби дiн мәселесiне келгенде, Құдай деген идеяны жоққа шығармаған. Ол Аристотель iлiмi негiзiнде әлемнiң алғашқы себебiн мойындайды, алғашқы себеп - ол Құдай. Бiрақ Фараби дүниенiң материалдығын да мойындап, оның заңдылықтарын (Жаратушыдан тыс) зерттеудi ғылымның мiндетi деп есептеген. Ол Аристотель сияқты материя мен форма туралы көптеген құнды пiкiрлер айтқан. Фараби форма үздiксiз өзгерiсте, ал материя мәңгi деген. »

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ - ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізі
VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Ортағасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары
Педагогикалық практиканың жүргізілуі жөнінде оқытушылардың есебі
Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz