Банк құқығы
Кіріспе
1. Банкілік құқықтың пәні мен принциптері
2. Банкілік құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастардың түсінігі
3. Банкілік құқықта қолданылатын құқықтъқ реттеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Құқық теориясында құқықтыңк реттеудің пәні деп атаулы құкық саласымеп реттелетін белгілі бір қоғамдық қатынастар саласын айтады. Адамдардың жеке қылығын құқықтық реттеу пәні деп санауға болмайды. Құқық дегеніміз жеке-дара мінез-құлықда емес қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне арналған жалпы сипаттағы нормалардың жиынтығы. Баныкілік, өндірістік немесе сауда қызметтерін бүтіндей алып құқыкты реттеудің пәні болады деп есептеудің де жөні жоқ. Коғамдық катынастардың адамдардың әртүрлі қызметінің салдарынан туындайтын белгілі бір жақтарына ғана құқықтық ықпал әсер етеді.
Демек, құқықтық реттеудің пәні қоғамдық қатынастар екен. Әр түрлі қоғамдық қатынастар, табиғаты бойынша объективті түрде нормативті-ұйымдастырушылық ықпалға ұшырауы мүмкін және қазіргі әлеуметтік-саяси жағдайда құқықтық реттеудің механизмін құрайтын құқықтың нормалар мен басқа да құқықтық құралдардың көмегімен іске асырылатын әсер етуді қажетсінеді. Банкілік құқықтың реттеу пәні - банктер мен банкілік емес қаржылық мекемелердін, ақша-несие нарығында делдалдық міндетін іске асыру барысында халыктың шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттің бос ақша каражаттарын айналымға жіберу аясында пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Банкілік құқыққпен реттелетін коғамдық қатынастар – пәні ақша болып табылатын мүліктік қатынастар. Объект ретінде ақша көптеген қатынастарда қолданылады. Мысалы: қаржылық, азаматтық (заем шарты), еңбек (енбекақы төлеу), әкімшілік (ақшалай айыппұл өндіріп алу), жанұялық (алимент төлеу). Осы ақша қатынастарының барлығы - бүтіндей алғанда акшалай қатынастар болса, қандай-да бір бөлігі мазмұны, мақсаты және мәні бойынша әр түрлі болады. Олай болмаған жағдайда ақша жөніндегі қатынастар біртекті, тұтас болар еді.

1. Агарков М.М. Основы банкоскокго права. Курс лекции. Издание второе. М., Бек, 1994
2. Аллахвердян Д.А. Финансово-кредитная система СССР. М.1982
3. Алексеев С.С. Пробелмы теории права. Свердловск, 1972.
4. Банковское дело. Под редакцией О.И.Лаврушина. М. 1992, 1994.
5. Банковское дело. Учебное пособие в 2-х частях. Санкт-Петербург. 1992.
6. Банковское дело. Учебник под редакцией В.И.Колесникова, Л.П. Кроливецкой. М.1995
7. Банковское дело. Српвочное пособие под редакцией Ю.А.Бабичевой М.1994.
8. Банки н.а развивающихся рынках. 2 тома М.1994.
9. Банки Казахстана на внутреннем финансовом рынке. А.1996.
10. Безналичные взаимные расчеты в СССР. М.1946.
11. Белоглазова Г.М. коммерческие банки в условия формирования рынка. Автореферат.М,1992.
12. Борисов С.М. Госбанк и банковская система в условиях перехода к рынку. Журнал “Деньги и кредит” 1990. N12.
13. Бричко Л.В. правовые основы деятельности Госбанка СССР как расчетного центра страны. Автореферат. М.1996.
14. Гражданское право. Под редакцией Суханова Е.А. том-2. М. 1993.
15. Долан эдвин Дж., колин Д. Кэмпбелл, Розмарин Дж. Кэпмбелл. Денрги, Банковское дело и денежно-кредитная политика. М-Л, 1991
16. Когоан М.Л. Предприятие клиент банка. Расчетное кредитное обслуживание. Валютные операции. М. 1994.
17. Коган М.Л. Хозяйственная реформа и финансовое право. М. 1968.
18. коган М.Л. Хозяйственная реформа и кредитные правоотношения Госбанка с предприятием. Советское Государство и Прово, 1966 N5.
19. Кузьмин В.Ф. К вопросу о договолрах расчетного счета. М.1971.
20. Малеин Н.С., Кузьмин В.Ф. Правовые проблемы кредитования и расчетов на народном хозястве. М.1970.
21. Олейник О.М. Основы банковскогоапрва. Курс лекции. М.1997.
22. Осипов Е.Б. Гаржданско-правовые договоры с участием банков. А. 1997
23. Полонский Э.Г., Плинер В.А. О правовом регулировании расчетных и кредтных отношении. Советское Государство и Прово, 1962
24. Фурусов Д.А. Банки. Пособие для судей. М.1997.

Жоспар
Кіріспе
1. Банкілік құқықтың пәні мен принциптері
2. Банкілік құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастардың түсінігі
3. Банкілік құқықта қолданылатын құқықтъқ реттеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Құқық теориясында құқықтыңк реттеудің пәні деп атаулы құкық саласымеп
реттелетін белгілі бір қоғамдық қатынастар саласын айтады. Адамдардың жеке
қылығын құқықтық реттеу пәні деп санауға болмайды. Құқық дегеніміз жеке-
дара мінез-құлықда емес қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне арналған
жалпы сипаттағы нормалардың жиынтығы. Баныкілік, өндірістік немесе сауда
қызметтерін бүтіндей алып құқыкты реттеудің пәні болады деп есептеудің де
жөні жоқ. Коғамдық катынастардың адамдардың әртүрлі қызметінің салдарынан
туындайтын белгілі бір жақтарына ғана құқықтық ықпал әсер етеді.
Демек, құқықтық реттеудің пәні қоғамдық қатынастар екен. Әр түрлі
қоғамдық қатынастар, табиғаты бойынша объективті түрде нормативті-
ұйымдастырушылық ықпалға ұшырауы мүмкін және қазіргі әлеуметтік-саяси
жағдайда құқықтық реттеудің механизмін құрайтын құқықтың нормалар мен басқа
да құқықтық құралдардың көмегімен іске асырылатын әсер етуді қажетсінеді.
Банкілік құқықтың реттеу пәні - банктер мен банкілік емес қаржылық
мекемелердін, ақша-несие нарығында делдалдық міндетін іске асыру барысында
халыктың шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттің бос ақша
каражаттарын айналымға жіберу аясында пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Банкілік құқыққпен реттелетін коғамдық қатынастар – пәні ақша болып
табылатын мүліктік қатынастар. Объект ретінде ақша көптеген қатынастарда
қолданылады. Мысалы: қаржылық, азаматтық (заем шарты), еңбек (енбекақы
төлеу), әкімшілік (ақшалай айыппұл өндіріп алу), жанұялық (алимент төлеу).
Осы ақша қатынастарының барлығы - бүтіндей алғанда акшалай қатынастар
болса, қандай-да бір бөлігі мазмұны, мақсаты және мәні бойынша әр түрлі
болады. Олай болмаған жағдайда ақша жөніндегі қатынастар біртекті, тұтас
болар еді. Ақша қатынастарының мазмұны мен мақсатының айырмашылығын
мемлекет анықтайды. Ол экономиканың талаптарын ескеріп, қоғамның
экономикалық мүдделерін зерттеу арқылы ақшаны тиімді пайдаланудың әдіс-
тәсілдерін анықтау жолымен ақша қатынастарын тараптардың құқықтары мен
міндеттері түріндегі мазмұнмен толықтыра түседі, ал бұл ақшаны әр түрлі
мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы: еңбегі үшін төленетін ақы
түрінде, құқықбұзушылық үшін материалдық жауапкершілік ретінде, ұлттық
табысты бөлу құралы ретінде, товарлық шаруашылықта құндық қатынастарды іске
асыру ушін, өндіріске және материалдық құндылыктарға экономикалық мүдделер
арқылы ықпал ету үшін.
1. Банкілік құқықтың пәні мен принциптері.
Мүліктік қатынастардың экономикалық мазмұны әр түрлі. Мүліктік
қатынастар товарлық қатынастардан және товарлық болып табылмайтын бөлу
қатынастарынан тұрады. Экономикалық әдебиетте коғамдық өнімді құру, бөлу
және пайдалану барысында ақша товар айналымынан бөлектеніп, салыстырмалы
түрде ерікті қозғалыс жасайды және осы қозғалыс барысында біріншіден, -
ақша айналымын, екіншіден, - шарушылық субъектілерінің, халықтың,
мемлекеттің ақша қаражаттарының қорларын құрайды деп көрсетілген. Бөлу
аясындағы қатынастардын, бір бөліп тікелей өндіріс қатынастарының құрамына
кіреді: өндірістің саласы жене түрлері бойынша өндіріс құралдары мен еңбек
күшін бөлу. Әлеуметтік формасы бойынша да, мазмұны бойынша да бөлу
өндіріспен анықталады. Сонымен бірге, осы салада қалыптасатын қатынастар
ерікті болып келеді.
Біз, банктердің негізгі міндеті - салым қабылдау және несие беру,
есептесуді жүзеге асыру екендігін анықтаған болатынбыз. Банк салым қабылдау
барысында қарыз алушы, несие беру кезінде кредитор болады десек, банкілік
құқық реттейтін ақша қатынастарын несиелік және есептесу қатынастарына
бөлуге болады.
Банкілік құқықпен реттелетін ақша қатынастарының ерекшелігі -олардың
уақытша бос капиталды айналымға жіберу байланысты пайда болуында. Банк
өзінің қызметін атқару барысында өз ақашсын емес, негізінен бөтеннің
қаражатын пайдаланады. Банк салымшылардың қаржыларын орналастыра отырып,
оның сақталуын ғана емес, сонымен бірге, кез келген уақытта ерікті күйін
қамтамасыз етуі керек.
Банкілік несие объективті экономикалық категориялар қатарына жатады.
Себебі, кейбір авторлардың пікірінше, несиелік қатынастар тікелей товар-
ақша қатынастарынан және құн заңының күші мен халық шаруашылығының дамуының
экономикалық заңдылықтарынан қайта өндіру процесіндеп қаражаттардың
айналымының шарттарынан және өндірістің шынайы-заттық элементтерінің
қозгалысының ерекшеліктері мен айырмашылықтарынан және олардың ақшалай
формадағы құнынан туындайды. Сондықтан банкілік несиені өндірістік қорлар
мен айналым қорларының қозғалысының қажетті шарты, экономикалық базистің,
товар-ақша жене шаруашылық-есептік қатынастардың элементі, несиелік
өндірістік қатынас деп атайды.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, құндылық меншікке емес, уақытша
пайдаланға берілгенде несие жөнінде айтуға болады. Экономист үшін манызы
зор осы белгі құқықтық мағынада несие беру ушін сол қалпында қолданылуы
мүмкін емес. Құқық тұрғысынан алғанда, заттың меншік иесі кім екендігінің
маңызы зор. Бұл қасиетті несие алған сәттен бастап оны қажетті мөлшерде
және мерзімінде қайтаруға міндеттенетін несие алушы иеленеді. Ол дәл сол
ақшаны қайтармайды, себебі несиеге алынған ақша заңды түрде меншігіне өтті.
Бірақ, несие шартымен белгіленген мерзімде және мөлшерде ақшаны қайтаруы
экономикалық тұрғыдан алғанда сақталып қалады. Мұндай жағдайда пайда болған
қатынас экономикалық мағынада несиелік қатынас болса, құқықтық мазмұны
бойынша несиелік құқықтық қатынас болады. Аталған белгілерді бірге
пайдалану несиелік қатынастар мен несиелік құқықтык қатынастардың басқа
экономикалық қатынастармен және заңдық құқықтық қатынастармен араласу
мүмкіндігін болдырмайды.
Несиені кім, қандай мақсатқа алғандығына қарамастан несиелеу
барысында пайда болатын құбылыстардың табиғаты бір. Несиенің мәні
өзгермейді, тек формасы ғана өзгереді.
Несиенің формасы оны ұйымдастырумен тікелей байланысты және несиенің
өзі қызмет ететін белгілі бір мүдделерге ыңғайын білдіреді. Басқаша
айтканда, несиенің формасы оның ұйымдастырылуының жеке
көріністерін немесе оны ұйымдастырудың элементтерін сипаттайды.
Сондай-ақ, банктер, есептесуді іске асыру барысында делдалдық қызмет
атқарады. Қолма-қол ақшасыз есептесу ақшаның міндетін атқаратын товарлық
қатынастармен ауыстырылатын ақшалай қатынастардың түрі. Тиісті қатынастың
негізгі экономикалық мазмұнының көмекші міндетін атқаратын болғандықтан
экономикалық қатынастардағы есептесу қатынастары ерекше түр деп саналмайды.
Қолма-қол ақшасыз есептесудің экономикалық-қуқықтық мәні оның
мазмұнында, яғни, тараптардың қуқықтары мен міндеттерінде. Осы құқықтар
мен міндеттердің жиынтығы ақшаның белгілі бір сапасы мен жеке міндеттері
қолданылатын қатынастардың ішкі құрылымын және оны ұйымдастыруды құрайды.
Құқықтық әдебиеттерде ұйымдастырушылық және мүліктік қатынастардың
күрделі құрамын білдіретін банкілік несие мен қолма-қол ақшасыз есептесу
әкімшілік, азаматтық, қаржылық және тіпті колхоз құқықтары секілді әр түрлі
құқық салаларыныд нормаларымен реттеледі деген көзқараста кездеседі. Осы
пікірге сәйкес, несиелік және есептесу жөніндегі құқықтық қатынастарды
талдау әкімшілік және азаматтық, қаржылық және азаматтық немесе азаматтық
және колхоздық-құқықтық элементтерді шектеу негізінде жүргізіледі. Себебі,
бұл қатынастарды біртұтас зерттеу құқық жүйесі және оның жеке салаларының
пәндері туралы қалыптасқан көзқарастармен үйлеспеді.
Алайда, көптеген заңгерлердің айтуынша, несиелік және есептесу
қатынастарында ұйымдастырушылық және мүліктік, басқару және шаруашылық
элементтерінің несиелік және есептесу қатынастарының біртұтастығы идеясын
дамыта отырып тоғысатын көрінеді.
Банктің өз міндеттерін атқару барысында қандай қатынастарға
түсетіндігіне қарамастан банктің қызметін бөлуге болмайтындығын айта
отырып, МЛ.Коган банкілік қатынастарды тіпті теориялық тұрғыдан шектеу
олардың мәнінің тарылуына әкеліп соғады дейді.
Несиелік және есептесу қатынастарындағы ұйымдастырушылық элементтерді
мүліктен ажырату олардың органикалық бірлігінің терістелуі арқылы осы
қатынастардың терістелуіне әкеледі. Егер, атаулы қатынастардың
ұйымдастырушылық элементтері мүлжтік қатынастар үшін жоқ және онымен
біртұтас қалыптаспаған болса өздігінен мүлікіктік негізін жоғалтып қажеті
болмай қалады.
Банкілік құқықтың нормаларын азаматтық және әкімшілік құқықтың жеке
бөлімдеріне бөліп, өз бетінше “жұмыс істететін” болсақ бұл нормаларды
жойған болар едік.
Несиелік және есептесу қатынстары өзінің табиғаты, белгілері,
мақсаттары, мазмұны, объектісі бойынша банкілік болады және банкілік
құқықпен реттеледі. Оларды банкілік құқықтық қатынастар жүйесінен алып
азаматтық, әкімшілік қаржылық және басқа да элементтерге бөліп тастау
мүмкін емес. Бұл қатынастардың басқа құқықтық қатынастармен араластыруға
болмайтындай ерекше белгілері бар. Алайда, құқықтың әр түрлі салаларының
элементтерінің бір нормадағы үйлесімділігі олардың ұйымдастырушылық
бірлігін білдірмейді деген келіспеушілік те болуы мүмкін. Мұндай
келіспеушілікті ескеру баска құқық салаларының, атап айтқанда,
ұйымдастырушылық және мүліктік элементтерінің үйлесімділігі бар еңбек,
колхоз, жер құқықтарының нормаларында да органикалық бірліктің жоқтылығын
мойындауға әкеледі.
Банкілік қатынастардың міндетті субъектісі банк немесе заңмен
көрсетілген басқа қаржылық делдал болып табылады. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 31 тамызда шыққан “Банктер және банкілік қызмет
туралы” жарлығына сәйкес, банкілік категориясына жатқызылған
операцияларды іске асыру банкілік операцияларды жүргізуге Қазақстанның
Ұлттық банкінің лицензиясын алған банктер мен банкілік емес қаржылық
мекемелерге рұқсат етіледі.
Банкілік құқықпен реттелетіп қатынастар - банктердің немесе банкілік
емес қаржылық мекемелердің ақша-несие нарығындағы өзінің делдалдық
қызметін атқаруы процесінде халықтың, шаруашылық субъектерінің,
мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын айналымға жіберу барысында пайда
болатын қоғамдық қатынастар.
Жоғарыда айтқанымыздай, банкілік құқықтың пәні қоғамдық қатынас
болып табылады. Банкілік қызметті іске асыру барысында пайда болатын
қатынастар объективті болады: олар экономикалық қажеттілікке байланысты
пайда болып, экономикалық заңдарға сәйкес, өндірістік қатынастардың
нәтижесінде дамиды. Ал өндіріске - шарушылық жүргізі субъектілерінің
күшейе түскен өзара қарым қатынасы сияқты ерекше белгі тән. Осы
субъектілердің кез-келгені өзінің қызметі барысында белгілі бір қаражат
тапшылығына тап болуы мүмкін немес керісінше, уақытша бос қалған ақшаны
жәрдемақы түрінде бере алады. несиені ұйымдастыру дегеніміз несиелік
қатынастарда бір жағынан, өз тарапынан несиелік қолдануды қажет ететін
құндылықтар массасы жинақталатын орталық, екінші жағынан, сол орталықтың
маңында несиеге деген сұраныс болатындай тәртіпті орнату. Несиені
ұйымдастырудың мазмұны - несиенің пәні бола алатын құндылықтарға қатысты
сұраныс пен ұсынысқа негізделеді. Дәл осы несиені ұйымдастыруды банкілік
іс қамтиды.
Әдебиеттерде банкіліқ құқықтың қарайтын сұрақтары атап айтқанда,
Орталық банк пен коммерциялық банктердің қызметі, сондай-ақ, несиелік
жүйені ұйымдастырудың негізгі принциптері мен несиелік мекемелердің
клиенттерге қызмет көрсету тәртібі жеке саланың пәнін қарау үшін тым
шектеулі және өзіндік белгілері жоқ деген пікірлер кездеседі. Бұл
көзқараспен келіспеуге болады. Біріншіден, банкілік жүйенің дамуымен қатар
банктер көрсететін қызметтердің де шеңбері өсіп отырады: осы қатынастарға
тартылатын тұлғалардың саны көбейіп, одан әрі дамудың нәтижесінде
реттелетін қатынастардың шеңбері де үздіксіз өседі. И.И.Кауфман айтқандай
“несиелермен қақтығысатын кез-келген мүдде қалай ауқымды болса, банкілік
істің шеңбері де сондай кең болады. Ақша айналымы және ақша сомасынының
қолдан-қолға ауысуымен қатысты кез-келген ақша айналымын да, ақша аударуды
да жеңілдетіп, жетілдіре түсетін несиемен соқтығысады”.*
Қорыта айиқанда, елдің экономикасының дамуына банкілік жүйенің
мәнінің күшеюімен бірге банктер мен клиенттердің өзара қатынастарын
реттейтін құқықтық нормалардың мәніде өседі.
Екіншіден банктердің және құқықтық жағдайы банктердің құқықтық
жағдайымен теңестірілетін басқа да несиелік мекемелердің атқаратын қызметі
ерекше табиғатына байланысты толығымен азаматтық құкық нормаларымен
реттелмейді. Себебі банкілік қызметті жүзеге асыру барысында пайда болатын
қатынастар азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік қатынастардан біршама
ерекшеленеді банктер өзінің ақшасын емес, қарызға алу негізінде сырттан
тартылған қаражатты пайдаланады.
Клиенттің өзі сеніп тапсырған қаражаты банктің меншігінде болады және
болады-ау деген теуекел бойынша банк жауапкершілік атқарады. Ие, мүлікті
тапсыру жөніндегі шарттың қандай екендгіне қарамастан клиенттің банкке
тапсырған мүлкі банктің меншігінде болады және сол шарттың негізінде банк
аталған мүлікті басқа тұлғаларға пайдалануға бере алады, әр түрлі
инвестиқиялық жобаларға салуға құқығы бар. Алайда, әдебиеттерде банктің
ақшаға деген меншік құқықығы клиент банкке банкнот түрінде ақша салғанда
ғана пайда болады, себебі, меншік құқығы тек заттарға қатысты пайда болады
деген пікір де кездеседі. Дегенмен банкке ақша тапсырған клиент банктің
кассасына өзінің салымына сәйкес меншік иесіндей қарайды және оның өз
ақшасын алу үшін талап ету құқығы сақталып қалады. Ақша иесі үшін кассаға
келген уақытта онда ақша болмай қалмайтындығына деген сенінмінің маңызы
зор. Банкілік істің сауда-өнеркәсіптік кәсіпкерліктің баска салаларынан
айырмашылығы - оның белгілі бір мерзім аралығында еркіндік жағдайда болатын
бос капиталмен жұмыс істеуінде. Елдегі банктердің қызметінің тұрақтылығы
мен сеінімділігі - бұл экономиканың тұрақтылығының кепілі. Банктер
өздерінің клиенттері шығынға ұшырамайтындай, экономика зардап
шекпейтіндей, өндіріс қарқыны құлдырамайтындай қызмет етуі керек. Дүние
жүзінің нарықтық экономиканы таңдаған көптеген елдері, соның ішшде,
Қазақстан да банкілік заңдарды банкілік салада пайда болатын қатынастардың
өзіндік ерекшелігін және арнайы құқықтық реттеудің қажеттігін ескере
отырып, азаматтық және қаржылық заңдар жүйесінен белін қарайды. Мысалы, ГФР-
да банкілік мәмілелерді жасауға рұқсат алу тертібі, банктердің несиелік
операциялары, берілген несие бойынша проценттер алу тәртібі және тағы да
басқа сұрақтар 1961 жылғы банктер туралы заңмен реттеледі. Эмиссиялық
банктердің құқықтық жағдайлары да арнайы заңдармен: Францияның банкінің
жағдайы - 1993 жылғы заңмең Англияның банкінің жағдайы – 1946 жылғы
ұлттандыру туралы зааңмен анықталады. Қазақстанда банкілік заңдарды
азаматтық заңдардан болу Президенттің “Ұлттық банк туралы” және “Банктер
және банкілік қызмет туралы” заң күші бар Жарлықтарымен ғана емес,
Казақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне толықтырулар енгізумен де
іске асырылды. Делірек айтар болсақ, банктерді құру, қайта құру, жою,
олардың қызметі және банкроттығымен байланысты, банктерді аудиторлық
тексеру және есеп берумен, банкілік операциялардың жеке түрлерін
лицензиялаумен қатысты пайда болатын қатынастар, егер, банкілік заңдарға
қайшы келмесе Азаматтық кодекспен реттеледі. Жеке құқықтың дуалистж жүйесі
қалынтасқан елдерде көптеген банкілік мәмілелерге азаматтық және сауда
құқықтарының жалпы нормалары қолданылады. Бірақ, бұл қолдану банкілік
құқықтың азаматтық құқықтан шарттардың атауын және құқықтық қатынастардың
субъектілерінің тараптарның атауын алумен шектеледі. Мемлелердің құқықтық
табиғаты банкілік істің ерекшелігіне қарай көп өзгеріске ұшыраған. Банкілік
мемлелердің құқықтық табиғаты жөнінде біз кешірек айтатын боламыз. Банкілік
операцияларды жүргізуді азаматтық заңдармен емес, арнайы нормалармен реттеу
ақылға сыйымды екендігін мойындаған дұрыс.
Бірақ банкілік операцияларды жүргізудің барлық жағдайы банкілік
нұсқаулармен реттелмейді. Заң бүтіндей, тіпті кейде ұсак-түйегіне дейін
қамтитын банкілік операциялардың екі түрі бар.
Біріншісі - эмиссиялык операция. Басқа банкілік операциялардың ішінде
банкноттар шығару жөніндегі операция ерекше орын алады. Ол әдетте бір ғана
орталық эмиссиялық банкке тапсырылады. Операцияны дұрыс жүргізудің ақша
айналымы үшін маңызы зор, әрі ол несие және мемлекеттік қаржылардың жай-
қүйімен тығыз байланысты болады.
Күшті заңның ықпалын қажет ететін келесі бір сала - валюталық
операциялар. Бұл жерде де алға қойылатын мақсат - банктің мүддесі емес,
мемлекеттің, оның валюталық саясатының мүдделері.
Сонымен біз, банкілік құқықтың пәнін халықтың, шаруашылық
суъектілерінің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын айналымға жіберу
саласында банктер мен банкілік емес қаржылық мекемелердің ақша-несие
нарығында делдалдық қызмет атқару барысында пайда болатын қоғамдық
қатынастар құрайтынын анықтадық.
Профессор М.М.Агарков жазғандай құқықтық принципті одан шығатын
қорытынды құқыққа сейкес болған жағдайда немесе De lege Ferenda мәселесін
қарағанда ақылға сыйымды болса ғана тұжырымдауға болады. Әдетте, құқыктық
принциптердің маңыздылығы салыстырмалы сипатты иеленеді. Оларды қандай да
бір институттың қызмет етететін практикалық мақсаты турғысынан тексеру
керек. Практикалық мақсат жеке құқыктық қатынастарды біртұтас құқықтық
институттқа біріктіретін элемент болып табылады. Осы мақсатты анықтай
отырып біз заңмен шешілуі керек болатын проблеманы анықтаймыз. Бірінініі
жағдайда - күші бар заңға негізделген, ал, екінші жағдайда - ақылға
сыйымдылық тұрғысынан шешім табамыз. Шешімге келгеннен кейін құқыктық
принципті құрастыруға болады. Кез келген принциптің табиғаты прагматикалық
сипатқа ие. Ол қандай да бір теоретикалық проблеманы шешудің ыңғайлы тәсілі
болып табылады.
Банкілік заңдардың негізінде жатқан принциптер үш жағдайға келіп
тіреледі: бірінініден, банктің кредиторлары мен депозиторларының мүддесін
қамтамасыз ету, екіншіден, ақша айналымын реттеу, үшіншііден, банктерге
материалдық және процессуалдық сипаттағы жеңілдіктер беру. Бұл принциптер
мыналар:
1)Банкілік қызметті лицензиялау принципі;
2)банкілік қызметті тек қана банктердің іске асыруы принципі;
3)банктердің тек банкілік метті атқаруы принципі;
4)Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің шаруашылық-оперативтік
қызметіне араласпау принципі.
Міндетті түрде лицензиялау принципі дегеніміз, біріншіден, банкілік
қызметпен тек лицензиясы болса ғана айналысады; екіншіден, лицензияда
қандай банкілік операцияларды іске асыруға болатындығы туралы, яғни,
банкілік операциялардң түрлері көрсетілуі керек; үшіншііден, лицензиялауды
бір орган, заңдылыққа бақылауды іске асыратын Ұлттық банк жүргізеді;
төртіншіден, лицензияны қайтарып алу немесе тоқтату заңмен көзделген
негіздерде ғана мүмкін.
Банкілік қызметті тек банктер іске асыратындығы принципі Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 31-тамыздағы “Банктер және банкілік
қызмет туралы” заң күші бар Жарлығының 6-бабында бекітілген. Бұл принцип
бойынша ресми түрде тіркелген және ресми мәртебесі бар мекемелер ғана
банкілік қызметті жүзеге асыра алады.
Банктердің тек банкілік қызметпен айналысу принципі заңдарда былайша
сипатталады: біріншіден, банктер банкілік операцияларға жатқызылған
операцияларды ғана орындауы керек, екіншіден, депозиттік және инвестициялық
банктердің қызметінің аясын шектеу.
Казақстан Республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктердің
оперативтік-шаруашылық қызметіне араласпау принципі дегенміз - банктердің
банкілік қызметінің стратегиясы мен тактикасын өздері анықтауы, банктің
іске асыратын бизнес-планыың несиелік саясатын, маркетинг жоспарын өзінің
жасауы. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердін, оперативтік-шаруашылық
қызметіне заңмен көзделген жағдайларда ғана араласуға құқығы бар.
2. Банкілік құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастардың түсінігі.
Құқықтық ойдың даму тарихы көрсетіп отырғандай, құқық қоғамның
қажететігіне, ондағы қатынастардың сипатына карай пайда болады, өзгеріске
ұшырайды және жойылады. Құқықтың мазмұны мен оның адамдардың мінез-құлығына
әсер ету мүмкіндігі құқықтан тыс жатқан экономикалық қажеттілікпен
анықталады, яғни, коғамның дамуыныың әрбір сатысындағы құқықтық
құбылыстарға негіз болатын әлеуметтік-экономикалық процестермен
негізделеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында банкілік құқық
проблемаларымен байланысты көптеген өзгерістер болуда. Атап айтқанда:
• үнемді және ыңғайлы болып табылатын, қолма-қол ақшасыз есептесудің
ролі артуда және сонымен қатар, есептесудің жаңа формалары колдануда;
• ақша мен бағалы қағаздар менінік иесінен одан әрі бөліне түсуде: бұл
тәуекелді азайтады, мысалы: ұрлап кету тәуекелі инфляциямен ауысады;
• ақша айналым реттейпи институттардың ролі артып, кеңейе тусуде, ақша
айналымын іске асыруға компьютерлік технология енгізілуде;
• “олашақ ақшалардың” маңыздылығы артуда;
• биліктің үш тармағына құқықтық жағнан заң шығарушы да, атқарушы да,
сот билігі де болып табылмайтын, жаңа банкілік-қаржылық билік косылуда.
Осы және тағы да баска көптеген факторлардың ықпалымен банкілік
құқықтық калыптасуының алғышарттары құрылады. Олар заңдардың ұлттық жүйесін
де, халықаралық құқықтық ортаны да қамтиды:
а)банкілік құқыктың барлық жерлерде дами түсуінің нәтижесінде жаңа
құқықтық механизм пайда болады. Халықаралық ережелерге сәйкес банкілік
құқықтың болмауы Қазақстанның құқықтық дауларда жеіңіліске ұшырауына,
Қазақстан банктерінің дүние жүзілік банкілік-қаржылық жүйеге қосылуына
мүмкіндігінің болмауына әкеліп соғады;
б)қаржылық-ақша айналымының кажеттігі неғұрлым нақты классификациялау
үшін белгілерді ашуды, ұымдарды қайта қарап, өзгешеліктерді анықтауды,
құқықтық білмді тәртіпке келтіруді, материалдар жинақтауды талап етеді;
в)бәсекелестікке негізделететін кажеттіліктер туындайды.
Банктер:
• салымдардың хауіпсіздігі мен сенімділігін, клиенттің экономикалық
табыс алуын;
• еліміздің экономикалық дамуын, тұрартылығын;
• өзінің қызмететінің қоғамның және клиенттің бақылауында болуын
қамтамасыз етуге ұмтылады.
Банктер осы талаптарды негізге ала отырып, құқықтық нормаларға
айналатын қызмет ету ережелерін шығарады.
Банкілік құқық - қаржылық құралдардың айналымы саласындағы құқықтық
қатынастарды ретгейтін нормалар мен институттардың жүйесі.
Бұл нормалар мен институттар қазіргі кезде құқықтың әр түрлі
салаларына жататын әр түрлі нормативті актілерде бекітілген. Тіпті атаулы
нормалар бір-бірімен келісілмеген, кейде бір-біріне қайшылық тудырады.
Қазақстан Республиқасының Банкілік құқығы қазіргі даму сатысында жалпы-
құқықтық және жеке-құқықтық нормалардан да турады. Ол банкілік жүйенің
құрылуы барысында пайда болатын сондай-ақ, қаржылық құралдардың
қозғалысымен байланысты банктер қатысатын қоғамдық қатынастарды, жалпы және
жеке мүдделердің келісімі негізінде реттейтін құқықтық нормалар мен
институттардың жүйесі.
Экономиқалық негіздердің сақталып қалуы болашақта банкілік құқықты
жеке құқық саласына айналдырады. Мәні жағынан бұл бірнеше құқық салаларының
белгілері мен тәсілдерін біріктірететін екінші тәртіптегі құқық саласы
болмақ.
Банкілік құқық мынадай элементтерден тұрады:
1) банкілік құқықтық қатынастарға қатысушылардың құзіретін және
банкілік қызметті іске асыру тәртібін анықтайтын құқықтық нормалар;
2) іскерлік банкілік айналымның дәстүрлері, яғни, банкілік қызмет пен
құқықтық қатынастарды іске асырудың қалыптасқан тәртібі мен ережелері;
3) қарама-қайшылық сипаты бар банкілік құқықтық тежірибе мен мәдениет;
4) сот шешімдерінен көрінететін банкілік соттық тәжірибе;
5) банкілікк құқықтық ой-сана.
Банкілік құқықтың ерекше құралдарына :
▪ принциптер мен презумпциялардың өңделген жүйесі;
▪ іскерлік айналым дәстүрлерін кең келемде енгізу;
▪ диспозитивтілікті дамыту;
▪ банкілік қызметтің құқықтық тәртіптерін
субъектілері мен объекілері бойынша дифферециациялау;
▪ сақтандыру нормалары;
▪ тәуекелдердің құқықтық аныңтамалары;
▪ банкілік қызметтінн субъектінерін қорғау туралы нормалар;
▪ ұйымдастыру-құрылымдық нормалар;
▪ процедуралық нормалар;
▪ стандарттар және т. б. жатады.
Банкілік құқықтың құрылымы кез келген, кешенді түрде өзгеріп отыратын
жаңа құқық салаларының құрылымы секілді дамуды қажет етеді.
Банкілік құқықтың құрылымы:
• банкілік жүйенің құрамы мен элементтерін реттейтін, оның ішкі
арақатынасының деңгейін, құрылымын және принциптерін аныңтайтын
нормаларды;
• банктерге атқарушы және сот биліктерінің бақылау жүргізуі туралы
нормаларды;
• банктердің құқықтық құзіретін, олардың құрылу тертібі мен
процедурасын бекітетін нормаларды;
• банк акционерлерінің мүдделерін есепке алу және банктерді басқару
органдары туралы нормаларды;
• банктер пайдаланатын мүліктер туралы, өзіндік және тартылған
қаражаттардың құқықтық режимі туралы, банктердің мүліктік және заттық
құқықтары туралы нормаларды;
• банкілік операциялар мен мәмілелер туралы нормаларды;
• банктің клиенттері мен үшінші мүдделі тұлғалар туралы, олардың
құқықтық жағдайы, құқықтары мен заңды мүдделері туралы нормаларды;
• банкілік құқықтық қатынастардың субъектілерінің жауапкершілігі
туралы нормаларды қамтиды.
Осындай құрылымдары барлық нормаларды материалдық-құқықтық,
процессуалдық, ұйымдастырушылық деп бөлуге болады. Егер, банкілік заңдарды
жақсылап талдасақ, аталған нормалардың барлығы кездесетіндігін, бірақ,
кейде біріне-бірі қайшылық тудыратындығын байқаймыз. Алайда бұл, әлі
қалыптасу сатысында жүрген жана құқық саласына тән құбылыс.
Дегенмен, банкілік құқықтың құралдарынын, азаматтық құқыққа ешбір
қатысының жоқтығы қазірдің өзінде-ақ түсінікті.
Жоғарыда аталған құрылымның шеңберінде құқықтық ықпал етудің жалпы
құралдарын ашып көрсеткеніміз жөн. Банкілік құқық тиісті қатынастардың
субъектілерінің мінез-құлығын, жеке және заңды тұлғалардың әрекеттерін,
соттың және тағы да басқа органдардың шешімдерін анықтайды. Мұндай ықпал
етуді қамтамасыз ету үшін банкілік құқыққа сәйкесінше құралдар мен тәсілдер
қажет.
Әдетте, жалпы құқықтық құралдарға рұқсат ету, презумпция, принциптер,
алғышарттар және тағы да басқа құқықтық формалар жатады. Банкілік құқықтың
идеалді құрылымында, бәрінен бұрын, құқықтық нормалардың мүмкіндігін
анықтайтын, олардың арасында байланыс орнататын банкілік құқық нормаларын
талдауға мүмкіндік берететін жалпы ережелер түріндегі принциптер болуы
керек.
Одан әрі қарай:
• құзіреттік сипаттамалардың түрлерін: банктің ұйымдастырушылық-
құқықтық формасы, оның басқа мекемелерге тәуелдігі, қызмететінің шегі,
банктің түрі және тағы басқалар;
• рұқсат етулер мен тыйым салуларды;
• белгілі бір әрекеттерге немесе әрекетсіздіктерге міндеттейтін
алғышарттарды;
• құқықтар мен міндеттерді;
• негіздері мен санкцияларды кеңінен қолдана беруге болады.
Банкілік құқықтық қатынастар төмендегідей ерекше белгілердің жиынтығы
арқылы анықталуы мүмкін:
1) арнайы субъектінің – банктің немесе несиелік ұйымның болуы;
2) арнайы объектінің - қаржылық құралдардың болуы;
3) банкілік құқықтық қатынастар арқылы мемлекеттің несие-ақша
саясатының іске асырылуы, яғни, тараптардың құқықтық қатынастың формасын
және оларды жүзеге асырудың тертібін анықтайтындай еркі болмайды, сонымен
қатар, бұл қатынастарға мемлекет тікелей немесе жанама ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz