Балаларға арналған хабарлардың қоғамдық мәні. Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау психологиясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Ι. Кiрiспе . . .

ΙΙ. Негізгі бөлім

1. Тарау. Балаларға арналған хабарлардың қоғамдық мәні . . .

2. Тарау. Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау

психологиясы . . .

ΙΙΙ. Қорытынды . . .

ΙV. Сілтемелер . . .

V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Бүгінде жаһандану үрдісі қоғамға жаңа леп әкелді. Бұл жаңашылдық қай салаға болмасын әсерін тигізіп, даму процесіне де елеулі өзгерістер енгізді. Бұрын төрт қабырғада қамалып отырған жұртшылық ақпарат ағымына тап болғандай. Бүгінгі заң журналитикасы, әсіресе теле журналитика аз уақыт ішінде түрленіп, бағыт-бағдарын да өзгертті. Кеңістік жүйе кезінде бұқаралық ақпарат құралдары үкіметтің саясат жүргізетін құрал болса, қазір ол бұқара санасын билейтін үлкен күшке айналып отыр. Телевиязияның адам психикасына әсерін батыста кеңінен пайдалануда. Шет елдің арзанқол, жабайы мәдениетін насихаттайтын хабарларын қарап, олардың талғамының биіктігіне кейде қайран қаламыз.

Ал шындығына келсек, адам психикасын шаршатып, болмашы нәрсеге эмоциямызды көл етіп батыстың таусылмас сериалдары, шытырман оқиғалы фильмдері (айта кетерлігі, сол фильмдердің бас кейіпкерлері американдықтар, сол елдің серілері де, ал жеккөрінішті, сұмырайлары не орыстар немесе азиаттар болып келеді) түптеп келгенде еріккеннің ермегі емес. Мұның астарында да үлкен саясаттың иісі аңқиды. Мысалы, жұмыстан қажып, шаршап келген адам сондай телеөнімдерді көріп, жүйкесін тоздырып, моральдық жағынан қажиды. Ондай адамдардың бар проблемасы мен бар қуаныш-қайғысы сол фильмдердің кейіпкерлерінің өмірі. Ал саясатқа, қоғамдық өмірге араласуға оның қажыры да қайраты да жоқ. Бұдан шығатыны батыстың жабайы мәдениетінің, тобырларға арналған телевизиялық өнімдердің артында қоғам санасын мәңгүрттеу саясаты жатыр. Сол кездегі бағдарламалар тізіміне көз салмаңыз, Қазақстанның телеарналар торы тек көтеру мен шетелдік фильмдерден ғана тұрған болатын. Ал ағартушы-танымдылық мінездегі бағдарламала тіптен жоғалып кеткен болатын. Бүгінде отандық телеарналарда әр түрлі сипаттағы теле өнімдер саны артқан. Бірақ, олардың мазмұны, сапасы бүгінгі қоғам құндылығына сай ма? Адам психологиясына, қоғам санасына әсері қандай?

«TNS Gallup Medіa Asіaң тәуелсіз зерттеу компаниясының мәліметтеріне жүгінсек, прайт-тайм мезгіліндегі 2003 жылғы телеарналар рейтингісі мынадай болмақ:

2003 (қаңтар-сәуір телеарналардың көрермен жинау % 2001, 2002-ші жылғы таблицамен салыстырғанда бірінші орынды жылда 1 Еуразия-Қазақстан арнасы еншілейді. Ал КТК арнасы 2001 жылы 8, 67% -ті көрсетіп, 5-ші орыннан 17%-ды көрсетіп 2-ші орынға жылжыған. Бұл кестеден байқағанымыз өзіміздің ұлттық сипаттағы арналардың бағдарламаларына сұраныстың аз болуы. Оған біріншіден мына фактор әсер етеді. Қазақ тілді бағдарламалар қанша деңгейі, сапасы жоғары болғанмен аудиториясы аз. Еліміздегі парламент, сенатта отырған «халық қалаулыларыныңң өзі қазақ тіліне үрке қарайтын болса, қалғандарына не демекпіз? Ал, екіншіден технологиялық жағынан мешелдеу болып келеді. Бұл туралы технологияның Қазақстандағы санаулы мамандарының бірі Сұлтан Ыбырай «журналистің газетке берген сұхбатында былай дейді: «Қазақстандағы көп телекомпаниялар қолдағы техниканы толық игере алмай келеді. Технология жылдан-жылға күрделеніп келеді. Оны сауатты басқаратын арнай дайындықтан өткен мамандар жоқтың қасы. Бүгінгі технология мүмкіндіктерін теле-жаңалықтарды таратқанда, монтаж жасағанда, кадрды байытуға және эстетикалық құндылығын арттыруға кеңінен қолдануға болады. Біздің елде әлі күнге дейін журналитер монтажды оператордың көмегімен жасайды. Әр монтаж бөлмесінде бір-бір оператор отырады. Бұл дұрыс емес, ертең ол алыс сапарға кетіп, шетелдерден хабар жіберуі тиіс болса, жылжымалы монтаж аппаратымен қалай жұмыс істейді? Кадрдағы әрбір бейненің өзіндік эмоциональді, мазмұнды жүгі бар. Дамыған елдерде журналитке деген талап мүлдем басқа. Олар әрі жазады, әрі оператордың міндетін өздері атқарады.

Мысалы, соңғы кезде сенат немесе мәжіліс отырысратын конференциялар туралы айта келе ұйықтап немесе көңілі басқа жаққа ауып отырған адамадырды көрсету дәстүрге айналып кетті. Әрине, әрқашан тілшілер мұндай сынды аузымен айтуға батылы бара бермей, жақсы жағын айтады. Ал бейнекадрлардағы кереғарлықты көріп отырған көрермен ойы мүлдем басқаға ауады. Осыдан соң журналист сөзіне қайдан сенім тусын?!

Тележурналистиканың газет, радио айырмашылығы мен қуаттылығы да осында. Телевиязияның адам санасына, психикасына әсері күшті. Өкінішке орай бұл факторды есінде ұстамайды. Жалпы, бүгінгі таңда телебағдарламаға сын азайған. Журналистер демократия мен этиканың шекарасын солғындатып, біржақты болып кеткен сыңайлы.

Біздің телеарналар соңғы кезде жаңалықтардың өзін объективті емес, саясаттандырып жіберген. Әрине, әр телеарна, ақпарат құралдарының ар жағында бір алпауыттың тұратыны қазіргі уақытта заңдалыққа айналып кеткен. Бірақ, сонда да журналист ақша мен мансаптың құлы емес, көрерменге қызмет ететінін есте ұстауы шарт. Тек Қазақстан емес, жалпы әлемде суыт хабарларды, лаңкестік пен қылмыс хроникасын беруге құштарлық белең алуда. Кадрда қантөгіс пен соғыс-жанжалдарды көрсету әдетке айналған. Мұны көріп, үндемей кеткен. Әрине, теледидар тек жамандық хабаршысы деуден аулақпыз. Бірақ, журналистика төртінші билік, қоғам санасын тәрбиелеуші десек, бүгінгі қоғам, әсіресе жастардың ой-санасына, бағдарына қарап мұндай пікір қалыптасырмасқа шара жоқ.

Жалпы, бүгінгі қазақ журналитикасы қандай десек, ең алдымен ұлттық арналарға көз саламыз.

Жиырма бірінші ғасырға ие қазақ даласы зор жетістіктермен, жаңа бастамалармен еніп отырғандығы анық. Егемендік алған еліміздің ақпарат әлемі бүгінгі таңда өзінің аудиториясын бағдарламаларының тартымдылығы, сан алуандағы, сапалылығы мен шеберлігімен тәнті етуде.

Белгілі журналист Құдайберген Тұрсын “Қазақ теледидары қай деңгейде?” атты мақаласында былай дейді: “Қазақ теледидары қай деңгейде? Көкірегі ояу, көзі ашық көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ. Жүрдек уақыттың уысынан шыға алмай, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшыңа айналуда. Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай, “ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды”. Шын мәнінде солай.

Расында да әр нәрсеге екі жақты баға береміз. Себебі, дүниенің тұтқасы тепе-теңдікте болса керек. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығы Қазақстан теледидары үшін шын мәнінде тоқырау жылдары болды. Егемендік елестен шындыққа айналып, әлемдік терезе айқара ашылып, батыс пен өзге де елдердің телеөнеріндегі сан алуан бағыт экранға лап қойған кезде, біздің орта әрі жас буын әлемдік авангардты қуып жетуге ұмтылды. Әрі жаңа қоғамдағы өзгермелік ахуалдың құбылмалылығы да қазақ телесахнасының эстетикалық құндылықтардан ажырай бастауына, есесіне жеңіл-желпі үрдістік танымға бейімделуімізге негіз болды десек, әсте артық айтқандығымыз болмас. Дәстүр мен жаңашылдық кең мағынасында - философиялық ұғым. Барлық даму атаулының негізі. Әлемдегі бар нәрсе уақытқа, ортаға, кезеңге сай түрлене, жаңарып өзгеріп отырады. Ол кеше мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасында тамырласа, іштей өзектесе байланысып, жаңашылдықпен түрлене дамиды. Демек, әр бағдарлама дүниеге келген кезде өзінің заманының тынысына сай негізделіп шығады. “Қазақстан” телеарнасындағы бағдарламалар легі ұлттық нақышқа негізделіп, ұлттық идеологияның оңтайлы қалыптасуына септігін тигізіп жатқаны бесенеден белгілі. Әрине, жеміс бірден болмасы анық аксиома. Дей тұрсақ та, әр нәрсенің тәй-тәй басып буыны қатқанда жетістік болатынын ескергеніміз абзал. Соңғы жылдары серпін алған “Қазақстан” телеарнасындағы бағдарламалардың мазмұны тағылымды болып көрерменнің жүрегіне жол табуда. Бірақ, бір айтатыны біз бағдарламалардың мазмұны мен формасын бірінші орынға қойып, ал сол бағдарламалардың көрерменге психологиялық әсерін елемей келеміз.

Адам өмірінде ана тілінің алатын орны ерекше. Бүгінде ұлт тілі - Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі халқымыз үшін де, Қазақстанда тұратын жалпы жұрт үшін де аса нәзік, өте - мөте маңызды фактор болып отыр. Осы орайда жас бүлдіршін мен жеткіншек ұрпақ тілінің қалыптасуына барынша көңіл бөлуге тиіспіз. Өйткені олар - ертеңгі ана тілінің болашағы, тіл мерейін көтерер, тіл мәйегін игерер белді буын.

Балалар әдебиеті деген не? Оның мақсаты қандай? Балалар әдебиеті - жас буынның сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытатын, оларды адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, 16 жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялы қызықты шығармаларды беруді көздейді. Осының барлығы жас буынды өмір сүре білуге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.

Балалар әдебиетін жасаған - халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық ешнәрсе болмаған. Халық ешнәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, жақсы қыялын өлең етіп, ән етіп тұңғыш peт баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек мақсаттар қою өлеңмен, жырмен көркем сөзбен айтылған.

Қай ұлтта болсын халық ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған, ең алғаш айтылған өлең жыр, әңгімелер балаларға арналған. Өйткені баланы өз өмірінің жалғасы деп ұққан. Сондықтан халық ауыз әдебиетінің алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың өз баласына арналып айтылған өлең, жыр, ертегілерден, әндерден басталады деген қортындыға келеміз.

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Қонақ келсе, қой бөпем.

Қой тоқтысын сой бөпем,

Құйрығына той бөпем - деп жырлайды Халық.

Мұнда балаға деген сый-құрмет, ықыластар, оның болашақ азаматы болсын деген тілек-мақсаттардан туатыны айтылған. Халық тәрбиесі баланың жас басынан көпшіл , ынтымақшыл, сый-сыйпат көрсете білетін өнегелі адам болуын көздеген, баладан адамгершілік қасиетті талап еткен. Қолы ашық, алақаны жазық береке иесі болсын, жұдырығын түйген сұм болмасын дегенді балаға жас басынан ұқтыруға тырысқан.

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Ұста болар ма екенсің? - деп оған ізгі тілектер қояды. Игілікті істерге бастайтын өнер-білімге баулыйды.

Таңдайларың тақылдап,

Сөйлегенде сөз бермей,

Шешен болар ма екенсің? - деп бесікте жатқан жас нәрестенің болашағын ойлайды. Қай іске , қандай өнерге болса да икемі бар, бір сырлы сегіз қырлы болуын көздейді. Әйтеуір қандай іс, қандай өнер болса да өзінің бейіміне, ықылас, әрекетіне қарай кәсіп ете беруін халық ертеден-ақ жақтаған. Сондықтан өз сәбиін өнердің, еңбектің қандай түріне болса да баулый беруге, ынталандыра беруге әрекет етті.

Кең балағың түрісіп,

Ойға, тауға жүрісіп,

Балуан болар ма екенсің?

немесе

Аайыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің? - дейді.

Мұнда жеке бастың пайдасы үшін, не даңқ, атақ алу үшін емес, «атасының баласы болу» үшін емес, адамның баласы болуын жақтағандықтан айтылған, халықтың асыл ойлары берілген. Өз отанын қорғайтын патриот болар ма екен деген тілектер қойған. Бала жұбатудан -басталатын бірінші қойылған тілек мақсаттар оның болашақтан күткен арманына жетудің жалғасы болады деп үміт еткен.

Айналайын балам-ай,

Айналсын сенен анаң-ай.

Әлдилеп сені сүйгенде,

Атаңның болар көңілі жай,

Әлди балам, әлди-ай! - деп өз өмірінің жалғасы деп таныған жас нәрестені тәрбиелеп өсіруге халық зор мән берген. Сондықтан да баланы қызықтыруға, оның ой өрісін кеңітіп толықтыруға, өмір мектебімен ерте таныстыруға себепші болатын қызықты ертек, көркем әңгіме, өнегелі өлеңдер шығарған.

Халық ертегісі ішінде балалардың сүйіп тыңдайтын, олардың жас ерекшеліктеріне тән мұралар сондай көп . Х алық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, олардың жас жанына әсер етіп, көңілді шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Ертек мазмұны балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қыяпатын танытады, сана-сезім, ақыл-ой қызметінің ерте дамуына ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.

Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитыны, барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны оның ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен, берілетіндігінде. Басталған жерден-ақ уақиғасы қызықты, тартымды, ұшқыр қыялды болып келеді де, баланың ойын бірден қызықтырып, жетектеп әкетеді.

Халық ертегісінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады.

Ертегі, өлең мақалдар мен мәтелдерден басқа халық шығармаларында ерлік істерді дәріптейтін батырлар жырлары да бар. Халықтық шығармалардың ең көлемдісі, ең көбі, мазмұны мол ұзақ жырланатын осы батырлар жыры. Батырлар жырының желісі, ондағы суреттелетін кейіпкерлер де ерте заманда болған оқиғаға жатады.

Батырлар жыры ауыз әдебиетінің ең асыл мұраларының бірі. Батырлар жырының оқиғасы қызық, мазмұны терең, тілі көркем болады да, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекеттері: қайтпас ер, жауына мейлінше қатал, өз еліне мейірімді, ар-намысқа берік, ұстамды, өнегелі ісі бар адамдар болып суреттеледі. Сондықтан батырлық жырларды балалар да аса қадірлеп, сүйсініп оқиды. Біз мұнда батырлық жырлардың бәрі бірдей балалардың қабілетіне сай, кез келгенін олардың оқуына ұсына беруге бола береді деуден аулақпыз. Солардың ішінде балалар әдебиетіне аса жақын, үлкендер мен қатар оларға да бірдей қызмет етуге жарайтын Қамбар батыр жыры екенін ерекше атап көрсетпекпіз. Ересектермен қатар бұл жыр 15 пен 18 жастың арасындағы балалардың қабілетіне сай шығарма. Қамбар батыр жырындағы басты кейіпкерлердің өздері де кәмелетке жетпеген, сонда да болса, батырлық, ерлік істерді бала кезден-ақ бастаған азаматтар болып суреттеледі. Өздері жас болса да үлкендердің қызметін атқарып жүрген халық ұлы бейнесінде ірі тұлға боп көрінеді. Қамбар батырдың ерлік істері халқына сіңірген еңбегі балаларды қажырлы өжет іске бастайды. Олардың патриоттық рухын көтереді. Нашарларға жаны ашу, оларды қолдай білетін рахымшыл, кеңшіл, қоғамшыл болуға үйретеді. Адамгершілік сапаны мейлінше жоғары ұстаудың жақсы үлгілерін білдіреді.

Қорыта айтар болсақ, менің төрт жылдыө білім нәтижемнің нүктесі балалар хабары туралы сөз болып отыр. Менің жұмысым негізгі екі бөлімнен тұрады, әр бөлім қорытындыланып отырадыда, соңғы нүкте қорытындыда қойылады. Бұл бітіру жұмысында балалар әдебиетімен де таныса аласыздар.

I ТАРАУ. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ХАБАРЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘНІ

Өскелең ұрпақ үшін радио - жан-жақты азамат болып қалыптасу университеті, адам баласының ең асыл қасиеттерін тарату мектебі. Радионың басқа ақпарат құралдарынан негізгі айырмашылығы да, пәрменділігі де балаларға әр түрлі дыбыс арқылы әсер ететіндігінде болса керек. Олардың дыбыс құдіреті арқылы түрліше көңіл-күйге түсіп: қуануы мен ренжуіне, ойлануы мен толғануына, ең бастысы, жаңалық тындауына мүмкіндігі мол.

Ондай мүмкіндікті қазір жас шамалары әркелкі балаларымыз пайдалана алады. Мысалы, Бүкілодақтық радионың балаларға арналған хабарлары бас редакциясының Бас редакторы қызметін атқарған А. Меньшикова ол тұрғысында былай дейді: «Бүкілодақтық радионың программасында әлі жаза, сыза білмейтін сәбилерден бастап, орта мектепті аяқтап, өмірге қадам басқалы отырған жасөспірім қыздар мен жігіттерге де арналған хабарлар бар». Дәл осындай хабарлар Қазақ радиосынан да беріледі.

Дыбыс ерекшелігін жас балалар жақсы ұғынып, тез қабылдайды. Олар бір-біріне қайсыбір оқиғаны, ойды жеткізу үшін екеуара диалогтан гөрі, әр түрлі дыбыстарға көбірек сүйенеді ғой. Ондағы дыбыстар олардың сол құбылыс жайлы түсініктерімен ұштасып жатады. Осыдан-ақ дыбыстардың балалар жан дүниесіне ерекше әсері бар екенін аңғару қиын емес. Сондықтан балалар хабарында әр түрлі дыбыс сөйлем, музыкалық үн бір-бірімен ымдасып тұрса, мазмұны мен тартымдылығы үйлесіп кетсе, ол жақсы тыңдалады.

Ұлы педагог В. А. Сухомлинский: «Балалық шақ- күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы кабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулығы мен дүниеде ешбір асыл затқа тендесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» - деген еді. Яғни жас ұрпақты өнегелі тәрбиелеп өсіру ісі Отан, ел мүддесімен берік қабысып жатуға тиіс. Ұлы тәрбиеші, тамаша педагог «Біздің балаларымыз - еліміздің және әлем азаматтарының ертеңгі болашағы. Олар тарихты жасайды. Біздің балаларымыз - болашақ аналар мен әкелер, олар да өздерінін балаларын тәрбиелейтін болады. Балаларымыздың тамаша азамат болып өсулері қажет. Алайда әңгіме мұнымен бітпейді, балаларымыз - бұл біздің ертеңгі қарттығымыз. Дұрыс тәрбие - бұл біздін бақытты кәрілігіміз, нашар тәрбие - бұл біздің болашақ қайғымыз, көз жасымыз: басқа адамдар алдындағы, ел алдындағы кінәміз болып табылады» деген еді. Осы орайда радиохабарлары өзінің ең басты міндетінің бірі - балаларға жас кезінен қоғам, семья алдындағы өз борышын сезінуді, еңбексүйгіштік қасиетті бойына сініруді үйрету, жақсылықка, сұлулыкка баулу деп біледі. Оны Қазақ радиосы өзінің алғашқы хабарларынан бермен қарай мақсат тұтып келгенін білеміз.

Республикалық радионың балаларға арналған алғашқы хабарларының мәтінін мұрағат қорларынан кездестіру қиын. Бірақ оның қай кезден бастап берілгендігі туралы мағлұмат берерлік деректер бар.

Бүкілодақтық радио «Таң шапағы» радиогазетін 1934-жылдын 1-қазанында эфирге шығарса, ал Қазақ радиосы бойынша «балаларға арналған хабар 1931-жылдың 15-қарашасынан бастап берілді», - деп жазды Р. Сағымбеков өзінін «Алматыдан сөйлеп тұрмыз» деген кітабында. Бірақ осы кітаптың тағы бір жерінде бұған қайшы пікір бар. Оның «Тұңғыштар сөйлейді» деген тарауында жазушы Айтпай Хангелдин: «1930-жылдардың бас кезінде Қазақстан Орталық Атқару Комитеті жанындағы Өлкелік радио-комитеті Карл Маркс көшесіндегі бір кездегі музей болған үйге көшіп келді. Бұл кезде мен осы комитеттің председателі едім . . . 1932-жылы радио арқылы берілетін хабарлардын көбі қазақ тілінде жүргізілуі керек деген нұсқау болды. Келесі жылы (1933-жылы - Н. О. ) көктемде балалар хабарын ұйымдастырдық. Бұған негіз болған Алматыдағы «Үлгілі қазақ мектебінің» оқушылар хоры, сол хордың бастаушысы - Мина Сейітова көп кешікпей-ақ радиоға диктор болып орналасты. Бұл кісі сонғы күндерге дейін осы қызметті атқарып келді» - дейтін естелік бар.

Сонымен, екі дерек екі түрлі мерзімді: яғни, бірі - 1931-жылдын күзі десе, екіншісі - 1933-жылдың көктемі дегенді айтады.

Осы жерде еріксіз ойландыратын бір мәселе бар. Ол Р. Сағымбеков алғашқы мерзімді атағанда нендей дерекке, болмаса естелікке сүйеніп отырғандығын көрсетпейді. Егер бұлтартпас дәлел келтірсе, оның үстіне әлгіндей қайшылық болмаса, зерттеуші тұжырымына иланар едік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау психологиясы
Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі
Отандық телевизияның әлемдік телевизия бағытымен салыстырмал
ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Қазіргі қазақ деректі фильмі: әлеуметтік киноның ерекшелігі («Жетімдер қалашығы» атты фильм негізінде талдау)
Қазақ радиосы - қазақтың киелі қарашаңырағы
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Балалар психологиясына теледидардың әсері
Қазақстан арналарындағы балалар бағдарламалары
Теледидардың бала психологиясына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz