Гені бұзылған организм



Ұлттық қауіпсіздік жүйесінде экономикалық қауіпсіздіктің
орны белгілі және елеулі. Ол осы жүйенің элементі бола тұра жүйенің басқа элементтеріне шешуші түрде әсер етеді. Осы орайда елдің экономикалық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету қанағаттанарлықсыз денгейде екенін атап өту керек, яғни «экономикалық қауіпсіздік » түсінігін, критерийлерді, құрлымдық элементтері мен басқа да маңызды позицияларда анықтайтың базалық заңнаманың жоқтығын сипаттайды.
Азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету жағдайы тіпті нашар. Азық-түлік қауіпі бүгінде дүние жүзін алаңдатып отырған гені бұзылған немесе трансгенді азық-түлік өнімдерінің санының өсуінен туындайды.
Гені бұзылған организм немесе қысқаша ГБО (Гено модифицированный организм) дегеніміз – генетикалық тәсілдер көмегімен белгілі бір сапада өнім алу үшін ДНК-сы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімі. Мәселен, томат клеткасына балық генін енгізіп, үсік шалмайтын, жарты жылға дейін бұзбай сақтауға болатын қызынақтың өсірілуі. Осындай әдіспен табиғи өсімге қарағанда орташа есеппен 20% артық өнім алуға болады. Бүгінде әлемдік рынокта үлес салмағы өсімдіктен жасалған азық-түлік өнімдерінің 40% құрап отырған ГБ дақылдарының пайда болуы 1990 жылдан басталады.(1)
Алғаш гені өзгертілген өнім 1982 жылы АҚШ-та алынған. Америкада өндірілетін ГБО қатарында
- қызанақ
- картоп
- жүгері
- соя
- ірімшік
- шұжық және т.б. 50-ден астам тамақ өнімдері бар. Енді күріш пен ұнға тәжірибе жасалу үстінде. Қазір әлем бойынша гені бұзылған өнім өсірілетін жер 50 миллион гектарға жуықтаса, оның 35 миллионы АҚШ-қа тиесілі. Ал ГБ дақылдардың сатылуы бүгінде 4.75 миллиард долларды құраса, 2010 жылдары сатылуы 25 миллиард долларға жетеді делінуде.
1. Р.Гумеров «Продовольственная безопасность РФ» Россиский экономический журнал №11-12, 2006г.

2. Т.Тәшен «Трансгенді азық-түлік мәселесі» Айқын 22 маусым 2005 ж.

3. Ғ.Қалиев «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету-ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету » Айқын 16 маусым 2005 ж.
4. Ж.К.Иманова «АӨК-де мемлекеттік реттеуді жетілдірудің негізгі элементтері» ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3 (37). 2003.

5. Ш.Қаңтарбаева « Государственное регулирование селоского хозяйства за рубежом » Экономика негіздері. №3 (21),2007ж.

6. Р.Алшанов, Ә.Әшімбаева « Жаһандық экономика және Қазақстан » Егемен Қазақстан №51-54, 28 ақпан 2007ж.

7. С.Ясин « Модернизация и общество » Экономист №5, 2007г.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық қауіпсіздік жүйесінде экономикалық қауіпсіздіктің
орны белгілі және елеулі. Ол осы жүйенің элементі бола тұра жүйенің басқа
элементтеріне шешуші түрде әсер етеді. Осы орайда елдің экономикалық
қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету қанағаттанарлықсыз денгейде екенін
атап өту керек, яғни экономикалық қауіпсіздік түсінігін, критерийлерді,
құрлымдық элементтері мен басқа да маңызды позицияларда анықтайтың базалық
заңнаманың жоқтығын сипаттайды.
Азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету жағдайы тіпті
нашар. Азық-түлік қауіпі бүгінде дүние жүзін алаңдатып отырған гені
бұзылған немесе трансгенді азық-түлік өнімдерінің санының өсуінен
туындайды.
Гені бұзылған организм немесе қысқаша ГБО (Гено модифицированный
организм) дегеніміз – генетикалық тәсілдер көмегімен белгілі бір сапада
өнім алу үшін ДНК-сы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімі. Мәселен, томат
клеткасына балық генін енгізіп, үсік шалмайтын, жарты жылға дейін бұзбай
сақтауға болатын қызынақтың өсірілуі. Осындай әдіспен табиғи өсімге
қарағанда орташа есеппен 20% артық өнім алуға болады. Бүгінде әлемдік
рынокта үлес салмағы өсімдіктен жасалған азық-түлік өнімдерінің 40% құрап
отырған ГБ дақылдарының пайда болуы 1990 жылдан басталады.(1)
Алғаш гені өзгертілген өнім 1982 жылы АҚШ-та алынған. Америкада
өндірілетін ГБО қатарында
- қызанақ
- картоп
- жүгері
- соя
- ірімшік
- шұжық және т.б. 50-ден астам тамақ өнімдері бар. Енді күріш пен
ұнға тәжірибе жасалу үстінде. Қазір әлем бойынша гені бұзылған өнім
өсірілетін жер 50 миллион гектарға жуықтаса, оның 35 миллионы АҚШ-қа
тиесілі. Ал ГБ дақылдардың сатылуы бүгінде 4.75 миллиард долларды құраса,
2010 жылдары сатылуы 25 миллиард долларға жетеді делінуде.
ГБО турасында ғалымдардың пікірі екіге бөлінеді. Бір тобы
миллиондаған адамдардың аштық құрығынан құтылуына осы
жасыл ревалюцияның септігі тиюде, өсімдіктің генін өзгерту әлемде
аштықты болдырмау үшін қолға алынған шара десе, екінші тобы қанша жерден
ғылым жетістігі деп дабыр айтсақта, мұны адамдардың табиғат заңына өрескел
қол сұғуы демеске лаж жоқ дейді.(7)
Қытай сияқты қарақұрым ел бір жағынан өнімнің төзімділігі мен
өсімін қолдан көбейтудің арқасында ғана жан сақтап отырғаның ешкім жоққа
шығара алмайды. Екінші жағынан, адам ағзасына тигізер қауіпті әсерін
жасырып, қанша жерден белсенді түрде жарнамаласа да, ГБО өнімдерін тұтыну
адамның иммундық жүйесін нашарлатып, семіздікке ұшырататыны, аллергияны
қоздыратыны, дәрі-дәрмектің әсер етпейтіндігі қазірдың өзінде белгілі бола
бастады. Ал оның аса қауіпті әсері 20-30 жылдан соң нақты белгі бере
бастауы мүмкін. Оның үстіне бүгінде жылдам өсу үстіндегі адамзат қауымын
қарқынды түрде құрғақшылық құрсауы тықсырып келе жатқанын ескерсек, алда
трансгенді азық-түлік өнімдерінің жаңа толқыны пайда болатыны көрінеді. Оны
ойласаң, әлемде экономикадан басқа саяси мақсатты да көздейтін соғыстың
жаңа түрі, яғни адамдарды тәжірибе ретінде пайдаланатын генетикалық соғыс
жүріп жатыр демеске лаж жоқ.(2)
1998 жылы Европа Одағы елдері АҚШ-тан келетін гені өзгертілген
импорттық тағам өнімдеріне мараторий жариялағаны белгілі. 2003 жылы
Европалық сот ГБО өнімдеріне тосқауыл қойған Италияның әрекетін дұрыс
деп мойындады. Европалықтардың осы әрекетінен кейін әлемдегі өзге де елдер
гені өзгертілген азық-түлік өнімдерінің өз шекарасынан асып кетпеуін қатаң
қадағалай бастады. АҚШ-тың талап етуімен 2005 жылдың соңында ғана Европа
трансгендік азық-түлік өнімдеріне амалсыз есік ашты. Сонда да гені 0.9%
немесе одан жоғары өзгертілген кез-келген өнім міндетті түрде қорабында
тиісті таңбасы көрсетіліп сатылуы тиіс деген қатаң талап қойып отыр. Оның
үстіне Европаның барлық елінде ГБО-ға жатпайтын таза азық-түлік өнімдері
сатылатын қымбат дүкендер жұмыс істейді.(6)
СЭС мәлеметтеріне қарағанда, Қазақстанда жылына бір тонна сапасыз
азық-түлік ұсталынады екен. Бұл, әрине, ресми тіркелгені ғана. Ересектерді
былай қойғанда, сәбилер тағамының құрамындағы бояғыштар мен
иістендіргіштердің кесірінен балалар арасында аллергиямен ауыратындар
шамадан тыс көбейіп келеді. Қазірдың өзінде жағдайымыз осындай болғанда,
ертең Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірген соң жоғары биотехнологияның
тұтқынына мықтап түсуіміз әбден мүмкін. Темекі қорабындағы Денмин
ескертеді деген сияқты, тағам құрамындағы ГБО денгейі белгіленуі керек
десек, елімізге негізінен, Ресей арқылы АҚШ, Қытайдан келетін жоғарыдағыдай
азық-түліктің қорабында гені өзгертілгені жөнінде ешбір айғақ, белгі
көрсетілмейді. Көрсетілседе оны ескеретін тұтынушы, не оған жол көрсетіп
тұрған сатушыны кездестіру қиын. Ал тағамдық қоспалар ішінде әр түрлі
ауруларды қоздыратын немесе ресми түрде пайдалануға рұқсат етілмейтін
улылары аз кездеспейді. Сондықтан тұтынушылардың еліміздегі супермаркетерді
жаулап алған шетелдік неше түрлі әдемі құтылар мен қалбырлар сыртындағы
сапалық индексін білдіретін әріптер мен цифрларды ажырата алатын сауаты
болуы керек. Өкінішке қарай, елімізде гені бұзылған азық-түлік өнімдері
бойынша әлі күнге заңдық база ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағзаларды клондау жайлы
Сомалық будандастырудың принциптері туралы
Медициналық генетика. Негізгі түсініктері мен терминдері
Гендік инженерия жайлы
Мутациялық өзгергіштіктер
Сомалық будандастырудың негіздері
Ген инженериясы шешетін мәселелер
Мутациялық өзгергіштік. Жасанды мутациялар
Молекулалық биология ғылымы. Анықтамасы. Міндеттері
Ген инженериясының пайда болуы
Пәндер