Бөкей ордасының тарихи сипаттамалары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ. БӨКЕЙ ОРДАСЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАЛАРЫ
1.1 Бөкей ордасының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Бөкей ордасының құрылуы және қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ ТАРАУ. БӨКЕЙ ОРДАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ, САЯСАТЫ, МӘДЕНИЕТІ
2.1 Бөкей Ордасы қазақтарының XIX ғасырдағы шаруашылығы, экономикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Бөкей Ордасының әкімшілік құрылымы, саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3 Әлеуметтік саласы, мәдениеті және қоғамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

ІІІ ТАРАУ. 1917 Ж. ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. ¬ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ (1917.1920 ЖЖ.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан тарихының бір тұсы – Бөкей Ордасының тарихын, құрылуын, шаруашылық қызметін ашып көрсету. Бөкей Ордасы ұлттық, әкімшілік-территоршылық құрылым ретінде Отандық тарихтың революцияға дейінгі кезеңінде үлкен орын алады. Бүгінгі таңдағы тарихи біліміміздің негізгі тірегі: қазіргі жеріміз - қазақ жері десек, Қазақстанның барлық тұрғыдағы заңды дамуының басты кепілі - оның территориясының тұтастығы. XIX ғасырдағы Бөкей Ордасы осы заңды құбылыстарды бойына жинақтауымен тарихымыз үшін қажет. Қазақтың этникалық территориясын қалпына келтіріп, оны заңдастырып, сақтауда Бөкей Ордасы ешқандай талассыз орын алады/1/.
Бөкей Ордасы – Ресей императорының рұқсатымен құрылып, 1801-45 ж. Еділ мен Жайық өзендері аралығында болған қазақ хандығы. Ішкі орда немесе Бөкей хандығы деп те аталады. 18 ғ-дың соңына қарай Кіші жүзде Қаратай, Жантөре, т.б. сұлтандардың таққа таласып өзара қырғи-қабақ болуы және ұлттық езгінің күшейе түсуі халықтың тұрмыс – тіршілігін күшейтті.
Бөкей Ордасының тарихында шаруашылық дамуы ғылыми қызығушылық туғызады. Өйткені, жалпы қазақтын көшпелі мал шаруашылығы дамуындағы кедергілі қиындықтар мен қайшылықты жариялауынан бастау алады. XVIII ғасырда-ақ Россия Еділ-Жайық аралығын "қазына жері" деп, әркімге үлестіріп, отарлық езгіні шығарған. Оған қоса қазақтардың шапқыншылығы, сұлтан, байлардың орыс офицерлерімен бірігіп елді талауы, Кіші жүзді әлсірету мақсатында феодалдардың өзара қырқысына тиым салынбауы, хан өкіметінің дәрменсіздігі, қоныс, егін салуға тиым жасалуы /3/, сұлтан, байлардың малы өсуіне байланысты жердің тарылуы, т.б. қазақтардың өз ішінде, өз күшіне, мүмкіндігіне сенбестікті туғызды. Бұл көзқарас шаруашылықты қалпына келтіріп, дамытуға зиянын тигізді. Егіншілікпен, балық аулаумен айналысушы қазақтар жазаланып /2/, қыстау салып, шөп шабуға тиым салынды. Бұл құбылыстар XVIII ғасырдың екінші ширегінде басталған Кіші жүз қазақтарының Еділ - Жайық аралығындағы "атақонысқа" ұмтылысын үлкен қозғалысқа айналдырып, XIX ғасырдың басында Бөкейдің басшылығымен нәтижелі аяқталуына әкелген. Осы мәселелер бүгінге дейін тыңғылықты зерттелмеді.
1. Назарбаев Н.Э. Қазақ тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. // Қазақ
тарихы, 1998. № 3. 3-10 бб.
2. Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы//Алматы:
Қазақстан, 1995. - 32 б.
3. Қазақстан тарихы. Очерк. 304-315-беттер.
4. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 9-10-бөлімдер
5. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). т. ІІ - М.-Л.: Изд. АН СССР, 1940. - 543 с.
6. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Т. 3. - Алматы: Атамұра, 2000. - 768 с. (241 б).
7. РФ Астрахан Обл. Мем. Архиві; қор - 857, тізбе -- 1, іс - 100, парақ-1-2.
8. РФ Орынбор Обл. Мем. Архиві; қор - 6, тізбе - 10, іс - 7628, парақ-10.
9. Ханыков Я.В. Очерки состояния Внутренней Киргизской Орды в 1841
году. // Записки РГО. - 1847. Кн. П.
10. Небольсин П.И. Очерки Волжского низовья. '/ Журнал Министерства
Внутренних Дел, 1852, № 7-8.
11. Небольсин П. Путешествующие киргизы, //ж.Русский вестник, 1860. №9.
12. Бекмаханов Е. Очерки истории Казахстана XIX в. - Алма-Ата: Мектеп,
1966. - 190 с.
13. Толыбеков СЕ. Кочевое общество казахов в XVII - начале XX века:
политико-экономический анализ. - Алма-Ата: Наука, 1971. - 633 с.
14. Зиманов С. Общественный строй казахов первой половины XIX века. -
Алма-Ата: Изд. АН КазССР, 1958. - 296 с.
15. Зиманов С. Россия и Букеевское ханство.- Алма-Ата: Наука, 1982 - 171с.
16. Кенжалиев И.Н. Исатай-Махамбет. - А.: Қазақстан, 1991. – 190 6.
17. Харабалин Г.Е. Бөкей Ордасы қазақтарының XIX ғасырдағы шаруашылығы.- Орал.- 2001.- 30 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ. БӨКЕЙ ОРДАСЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАЛАРЫ
1.1 Бөкей ордасының
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...6
1.2 Бөкей ордасының құрылуы және
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..9

ІІ ТАРАУ. БӨКЕЙ ОРДАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ, САЯСАТЫ, МӘДЕНИЕТІ
2.1 Бөкей Ордасы қазақтарының XIX ғасырдағы шаруашылығы,
экономикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Бөкей Ордасының әкімшілік құрылымы,
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3 Әлеуметтік саласы, мәдениеті және
қоғамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 16

ІІІ ТАРАУ. 1917 Ж. ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ
ОРНАУЫ. ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ (1917-1920
ЖЖ.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан тарихының бір тұсы – Бөкей
Ордасының тарихын, құрылуын, шаруашылық қызметін ашып көрсету. Бөкей Ордасы
ұлттық, әкімшілік-территоршылық құрылым ретінде Отандық тарихтың
революцияға дейінгі кезеңінде үлкен орын алады. Бүгінгі таңдағы тарихи
біліміміздің негізгі тірегі: қазіргі жеріміз - қазақ жері десек,
Қазақстанның барлық тұрғыдағы заңды дамуының басты кепілі - оның
территориясының тұтастығы. XIX ғасырдағы Бөкей Ордасы осы заңды
құбылыстарды бойына жинақтауымен тарихымыз үшін қажет. Қазақтың этникалық
территориясын қалпына келтіріп, оны заңдастырып, сақтауда Бөкей Ордасы
ешқандай талассыз орын алады1.
Бөкей Ордасы – Ресей императорының рұқсатымен құрылып, 1801-45 ж. Еділ
мен Жайық өзендері аралығында болған қазақ хандығы. Ішкі орда немесе Бөкей
хандығы деп те аталады. 18 ғ-дың соңына қарай Кіші жүзде Қаратай, Жантөре,
т.б. сұлтандардың таққа таласып өзара қырғи-қабақ болуы және ұлттық езгінің
күшейе түсуі халықтың тұрмыс – тіршілігін күшейтті.
Бөкей Ордасының тарихында шаруашылық дамуы ғылыми қызығушылық
туғызады. Өйткені, жалпы қазақтын көшпелі мал шаруашылығы дамуындағы
кедергілі қиындықтар мен қайшылықты жариялауынан бастау алады. XVIII
ғасырда-ақ Россия Еділ-Жайық аралығын "қазына жері" деп, әркімге үлестіріп,
отарлық езгіні шығарған. Оған қоса қазақтардың шапқыншылығы, сұлтан,
байлардың орыс офицерлерімен бірігіп елді талауы, Кіші жүзді әлсірету
мақсатында феодалдардың өзара қырқысына тиым салынбауы, хан өкіметінің
дәрменсіздігі, қоныс, егін салуға тиым жасалуы 3, сұлтан, байлардың малы
өсуіне байланысты жердің тарылуы, т.б. қазақтардың өз ішінде, өз күшіне,
мүмкіндігіне сенбестікті туғызды. Бұл көзқарас шаруашылықты қалпына
келтіріп, дамытуға зиянын тигізді. Егіншілікпен, балық аулаумен айналысушы
қазақтар жазаланып 2, қыстау салып, шөп шабуға тиым салынды. Бұл
құбылыстар XVIII ғасырдың екінші ширегінде басталған Кіші жүз қазақтарының
Еділ - Жайық аралығындағы "атақонысқа" ұмтылысын үлкен қозғалысқа
айналдырып, XIX ғасырдың басында Бөкейдің басшылығымен нәтижелі аяқталуына
әкелген. Осы мәселелер бүгінге дейін тыңғылықты зерттелмеді.
Бөкей Ордасында жер мәселесі өте шиеленісті болды. Жарамды жерлер
қазақтар мен помещиктердің және сұлтан, билердің қолында болды. Оған қоса
қазақтарды отырықшылықты және шаруашылықпен тұрақты айналысуды білмейтін
халық деп есептеп, Энгель, Генс, т.б. бөкейліктерді өздерінше
отырықшыландыруды көздеген. Бірақ, бөкейліктер отырықшылықты, мал бағып,
егін салып, шаруашылықты жүргізуді өз тәжірибесіне сүйеніп дамытуға
ұмтылған. Бөкей Ордасы қазақтарының бұл тәжірибесін зерттеп, жинақтап,
пайымдаған еңбектер болмады. Сондықтан, шаруашылықтың даму барысындағы
өзгерістер мұнда өзіндік жолымен жүрді 3.
Қазақтардың шаруашылығын отырықшы дүниемеи байланыстырған Бөкей Ордасы
қазақтарының шаруашылығы дамуын зерттеу жалпы қазақтардың XIX ғасырдағы
қоғамдық өмірін түсінуге әкелетін бірден-бір жол. Сондықтан, бұл тақырыпты
терең игеру қазақтардың шаруашылық өмірінің ерекшелігін анықтауға жол
ашады.
"Ішкі Орда" деген атау империяның құрамындағы қазақтардың
территориялық орналасуын анықтауға қолданылды. Империя құрамында "пайда"
болған хандықты "Бөкей Ордасы" деп атауға да болатындықтан, XIX ғасырдың
екінші ширегінен бастап "Бөкей хандығы" деген атауды да қатар қолданамыз.
Сонымен қатар, Бөкей Ордасы империя құрамындағы қазақтың бір бөлімі
болғандықтан, біз бұл әкімшілік-территориялық бірлестіктің бастапқы
кезеңіндегідей Бөкей Ордасы деген атауын қалдыру орынды болды 4.
Хандықтың революцияға дейін біртұтас әкімшілік-территориялық бірлестік
ретінде қала отырып, дамуының барлық саласында ұлттық ерекшеліктерін
сақтап, өркениет дамуының түрлі жетістіктерін тиімді қабылдап, бойына
сіңіруі-ғылыми тұрғыдан қызығушылықты үзбеді. Бірақ барлық зерттеулер
қажетті талаптар деңгейінен шықпады. Еліміздің тәуелсіз болуы, хандықтың
құрылуына 200 жыл толуы, оның шаруашылық тарихын жаңа көзқарас тұрғысынан
пайымдау қажеттілігін алға қойды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бөкей ордасының тарихи сипаттамаларын
зерттеу барысында Бөкей ордасының тарихын, қалыптасуын, құрылуын және
құлауын т.б. зерттеу барысында тақырыпты ашып көрсету.
XIX ғасырдың алғашқы ширегінде Бекей Ордасы қазақтарының шаруашылығы
Жайықтың шығысындағы басқа Кіші жүз руларының шаруашылыгымен байланысты,
сабақтас дамығандықтан, Бөкей Ордасының жалпы шаруашылық өмірін анықтау,
тұтас осы аумақтың тарихын жаңа көзқарас тұрғысынан таразылауга мүмкіндік
ашады.
XIX ғасырдың басында-ақ Каспий теңізі бойын иеленсе халықты
отырықшыландыруға көшетіндігін мәлімдеген Бөкейдің тұсында осы процесс
басталып, өзіндік жолымен жүрген. Жер қатынастары, жерге иелік түрі
өзгеруінің алғышарттары XIX ғасырдың алғашқы ширегінде-ақ байқалды. Саяси
жағдай өзгеруіне байланысты шаруашылықтыңәр түрімен барынша тиянақты
айналысуға мүмкіндік туып отырды. Бөкей Ордасының шаруашылық саласының
күрделі, қайшылықты дамуы-жартылай көшпелі мал шаруашылығының, отырықшы
түрлерінің пайда болуы XIX ғасырда жүзеге асқандықтан, бұл жұмыс осы
салалар ерте басталған хандықтың шаруашылық саласын зерттеуге арналды.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты мынадай
міндеттер қарастырылды:
- Бөкей ордасының құрылу тарихын зерттеу;
- Бөкей ордасының экономикасын, саясатын, әлеуметтік саласын т.б.
зерттеу.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізіміне тұрады.
І ТАРАУ. БӨКЕЙ ОРДАСЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАЛАРЫ
1.1 Бөкей ордасының тарихы

Бөкей Ордасы: Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының
вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы —
қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген
мемлекеттік құрылым.
Атауы: Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.
Жағырапиясы: Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан.
Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий
теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр
уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі
бойынша — 77 624 km2.
Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады.
Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей
тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар,
Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды.
Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum)өсетін
ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда
тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр
төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде
топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Енң
ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін
қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік
табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен
қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің
қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді.
Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері
болған 4.
1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық
қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды.
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен
Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000
шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен,
Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және
Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._
ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының
құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін
Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды.
1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз
қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке
карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың
ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүз руларына
Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы
қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау
саясатындағы басты бағыт деп қарастырды. Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845жж) -
Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан
араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен
Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында осы Ханның кеңесіне төраға
болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне
жағымды болды. Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахан
губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-
саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен
билікке ие болды5.
Хандық: 1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына
бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-
қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей
сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген
рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы
хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне
рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен
мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын6.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен
Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей
ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
1806 ж. мамырыдың 19 Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың
территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді. Жарлықта былай деп
көрсетіледі:
Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға Үлкен және Кіші өзендерінен
Боғда тауларына дейін, одан Шапшашы арқылы Дудацкий немесе Телепнёв
батағаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі.
1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және
Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі.
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі
Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан
сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер Хан тоғайы
деп аталады.
1815 жылдың мамырыдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір
жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы
отырады.
1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж.
маусымдың 22 Хан тоғайында ақ киізге көтеріліп, хан сайланады.
Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен кезеңі анағұрлым
елеулі із қалдырды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді
тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан
сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық
үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады.
Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен
Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бұл — патша
әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін
бастаған бой көтеруі болды.
1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық
жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер
енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір
Бөкейұлы қайтыс болады.
Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Паждар корпусында оқыған
Жәңгірдің баласына Сайып-Керейге көшті. Хан дәрежесі берілгенде басқа
Жәңгір Бөкейұлының балаларына сияқты тегі Шыңғысхан деп өзгертілді.
1847 ж. Сайып-Керей хан қайтыс болады, Бөкей ордасындағы хандық басқару
құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік — Уақытша Кеңес құрылады. Сол кездегі
болған ірі Исатай-Махамбет, Кенесары көтерілістерінен шошыған Ресей
империясы Бөкей Ордасын аннексияландырады7.

1.2 Бөкей ордасының құрылуы және қалыптасуы

Бөкейдің өз өмір тарихына қысқаша тоқсталсақ, Бөкей – Бөкей ордасының
ханы (1812-15), Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Айшуақ хан
тұсында хан кеңесінің төрағасы болды. Бөкей 1801 ж. Ресей үкіметінен рұқсат
алып, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігін Жайық пен Еділ аралығындағы ноғайлы
қазақстардың ескі жұртына қоныстандырды. Каспий жағалауындағы Дамбай деген
жерге өз ордасын тікті. 1812 ж. Бөкей ордасының ханы болып сайланды.
Бөкей Ордасы – Ресей императорының рұқсатымен құрылып, 1801-45 ж. Еділ
мен Жайық өзендері аралығында болған қазақ хандығы. Ішкі орда немесе Бөкей
хандығы деп те аталады. 18 ғ-дың соңына қарай Кіші жүзде Қаратай, Жантөре,
т.б. сұлтандардың таққа таласып өзара қырғи-қабақ болуы және ұлттық езгінің
күшейе түсуі халықтың тұрмыс – тіршілігін күшейтті. Кіші жүз қазақтарының
дені тіршілік етуге жеңілдеу басқа жерлерге көшуді көкседі. Сондай
қолайлы жердің бірі – Жайық пен Еділ аралығындағы Нарын құмы болды. Бұл
өңірді қалмақтар тастап кеткеннен кейін (1771) ешкім қоныстанбаған болатын.
Қалмақ аймағы 8деп аталған осы жерге Кіші жүз қазаұтары үлкен үміт
артты. Мұны Бөкей сұлтан пайдаланып қалды. 1801 жылдың басында ол Нарынды
тұрақты қоныс етіп бекітіп беру жөнінде Павел І – ден рұқсат сұрады. Павел
І өзінің 1801 жылғы ІІ наурыздағы жарлығымен Бөкей сұлтанның тілегін
орындады. Ресей үкіметі бұдан ұтылған жоқ:
Біріншіден, Кіші жүз екі иелікке бөлінді. Демек, ол саяси жағынан
әлсіреді.
Екіншіден, Еділ мен Жайық арасындағы сауда жолдары қауіпсіздендірілді.
Содан Ресей өкіметінің Қазақстанға ықпалы күшейе түсетін болды. 1806 ж.
Патша жарлығы негізінде Бөкей Ордасының нақты шекарасы, сонымен қатар
жәрмеңке орындары белгіленді.
1808 ж. Шілденің 17 – і күні патша жарлығымен Бөкей Ордасы Астрахан
әскери губернаторы мен Орынбор шекаралық комиссиясына бағындырылды. Патша
нұсқауында Бөкей Ордасы Ресей империясына бағынадыделінгенмен, Бөкей сұлтан
Жайық пен Еділ аралығындағы жерде қазақ руларын өзі басқарды. Әуелде
ордадағы үй саны 5 мыңдай болса, 1812 ж.- 7500, 1819 ж.- 8500, 1825 ж.-
10490 үйге жетіп, халық саны 50 мыңнан асты9.
1815 ж. Бөкей хан қайтыс болды. Жәңгір ер жеткенге дейін хандық
уақытша Бөкейдің туысы Шығай сұлтанға көшті. 1823 ж. Таққа Жәңгір отырды.
Ол билікті нығайтуға тырысты. Басқару әкімшілігі өзгертілді. Орталықтан
басқарылатын әкімшілік құрылды.
Бөкей Ордасының әкімшілік орталығы Орда қаласы 1826 ж. салынды. Бөкей
Ордасын жан-жақтан орыс әскерлерінің бекініс шептері қоршап жатты.
Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда, мұнда тауарлы-ақша қатынасы
басымырақ өркендеді.
Бөкей Ордасында егіншілік жанданды. 1840 ж. хан ордасына бастауыш орыс-
қазақ мектебі ашылды. Бөкей Ордасы жерінде 1836-37 ж. Исатай Тайманұлы
бастаған көтеріліс болды. Көтеріліс хан ордасын шайқалтып тастады. 1845 ж.
Жәңгір өлгеннен кейін хандық өкімет жойылды. Хандықтың орнына Ішкі орданы
басқару жөніндегі уақытша кеңес құрылып, оған патша шенеуніктері басшылық
етті10.

ІІ ТАРАУ. БӨКЕЙ ОРДАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ, САЯСАТЫ, МӘДЕНИЕТІ
2.1 Бөкей Ордасы қазақтарының XIX ғасырдағы шаруашылығы, экономикасы
Бөкей Ордасы құрылған алғашқы жылдары халықтың қоныстанып, орнығуы
үлкен қиындықтармен жүзеге асқан. Бөкейге еріп көшпестен бұрында қазақтар
Жайық бойына қыстау тұрғызып, егін салып, шөп шауып, орнығуға үнемі ұмтылып
отырғаны мәлім. Бөкей хандығы құрылар қарсаңында егін салып, балық аулап,
Нарын құмдарында аңшылықпеи кеңінен шұғылданған. Қазақтардың шаруашылық
салаларын жүргізуде өзіндік тәжірибесі болғандығы айқындалады. Бөкей
хандығы қазақтары өз шаруашылығын осы тәжірибелері негізінде біртіндеп
жалғастырды. Сонымен қатар XVIII ғасырдың соңындағы шаруашылық-экономикалық
жағдайдың күрт төмендегенін, 1801 жылы Бөкей сұлтан бастаған 183 шаңырақтың
Жайықтан түпкілікті өткенде, барлығы 3300 жылқы, 1366 мүйізді ірі қара,
10250 қой, 24 түйесі болғаны, әр шаңырақтың орташа 82 бас мал иеленгені де
дәлелдей түседі11.
Россиямен айырбас сауданың кеңеюі 49, Жайық бойындағы қала-
бекіністерде оның үздіксіз дамығанын көрсетсе де, қазақтардың өндіріс
әдісіне әсері тимесе де, сауда айырбасы бұл кезеңде кең тараған.
Хандық жеріне халық қоныстануы, орнығуы белгілі бір халықтық дәстүрмен
жүргізілді. Территориялық көлемін айқындау 1806 жылы нақтыланып, Қазақстан
тарихында тұңғыш рет осы хандықтың жер көлемі анықталған. Бөкей
хандығының құрылуы қазақ жерінің көшпелі шаруашылық дамуын жалғастыруға
және империямен "жақындасуға" мүмкіндік туғызған маңызды оқиға болғаны
сипатталды. Кіші жүз қазақтарының ұзаққа созылған қайшылықты және бұқаралық
сипаттағы ұмтылысы, жер үшін күресі нәтижелі болғаны айқындалды. Аумаққа
орнығу, тұрақтану зор кедергілермен жүзеге асты.
Бөкей Ордасының құрылуы қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіріп,
сақтауда маңызды роль атқарды. Бастапқыда табиғи жағдайдың тиімділігін
қазақтар кеңінен пайдаланды. Қоныстануда түпкілікті мақсаттар басшылыққа
алынды. Бөкей Ордасында ішкі-сыртқы факторлар әсерінен әлеуметтік
қатынастар жүйесі өз дамуының жаңа түріне енді.
Бөкей тұсында қыстау салу, оны тұрақты қыстаққа айналдыру жүреді.
Қарағай үйлер мен тас қыстаулар сол кезеңде салынып, қолға алынған. Бұл
мәліметтер Бөкей хандығында отырықшылық, қыстау салу тек кейіннен Жәңгір
ханның тұсында басталып жүзеге асқан - деген орнығып қалған пікірдің
орынсыздығын көрсетеді12.
Бөкей Ордасы құрылғасын, XIX ғасырдың алғашқы 20 жылында шаруашылық
дамуының соңғы жетістігінің сыры 1771-1801 жылдар аралығында "тыныққан"
хандық территориясының табиғи жағдайы, жайылыстың молдығына байланысты еді.
Екіншіден, қазақтар шаруашылықты жүргізудің өзіндік тәжірибесіие сүйенуі
нәтижесінде болды. Үшіншіден, ең бастысы шаруашылықтағы өміршең
құбылыстар, осы кезеңде бастау алған. Қазақтардың шаруашылық жағдайына
үйлесімді, сәйкес келетін, қажетті бастамалар, белгі-элементтер біртіндеп
игерілді.
XIX ғасырдың алғашқы ширегінде Бөкей Ордасындағы дәстүрлі
шаруашылықтың жаңа ортада дамып, шаруашылық құрылымындағы өзгерістер мәні
ашыла бастайды. Табиғи тиімділік жағдайында көлемі тез өскен мал басы,
бірден империя құрамындағы шикізат базасына айнала бастаған хандықтың сауда
айырбасына негізделген дәнекерлік роль атқарды және әлеуметтік-экономикалық
даму деңгейін, дәрежесін ақйқындайтын негізгі көрсеткіш болып қала берді.
Сонымен қатар, көшпелі шаруашылық үшін қажетті шарт - хандықтағы
ауқымды территорияға, мал шаруашылығына бұрыннан жоспарланған қысымшылық
күшейді. Шаруашылық үшін өте маңызды саналатын үш ауданның екеуі қазақтар
иелігінен осы кезде алынып үлгерді. Мал шаруашылығының одан әрі даму
мүмкіндігі шектелді. Осылай мал шаруашылығының дамуын тоқырауға ұшыратқан
себептер біртіндеп қалыптасты. Шаруашылық қызметінің күрделенуі, кәсіп
іздеп кетушілік натуралды шаруашылықтың ыдырағанын көрсетеді. Сауда ісін
қосымша кәсіпке, пайда көзіне айналдырған жацң дәулетті топ қалыптаса
бастады.
Бөкей Ордасы құрылғасын, оның хапқының көшпелі мал шаруашылығының
дамуына бетбұрыс, өзгеріс жасалуы керек еді13.
Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта
ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының
өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті.
Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай,
оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан
ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат
жарыстары ұйымдастырылып тұрады.
1840 ж. Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді.
Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал
ауруларына қарсы екпе, тәжірибе — зерттеу жұмыстары қолға алынады.
1841 ж. Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта — телеграф
байланысы орнатылады.

2.2 Бөкей Ордасының әкімшілік құрылымы, саясаты

Әкімшілік бөлінісуі: Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19
ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
Уақытша Кеңес: Уақытша Кеңес 1847—1917 жж. аралығында билік жүргізеді,
орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен
бірге, Орда қазынасы пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске
асырылды.
1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын,
Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы
округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады.
1862 ж. Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О.
Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконың кітаптары, сондай-
ақ Ресейдің басылымдары болған.
Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын
реттейтін әрі сақтайтын орын Казначейство мекемесі 1867 ж. ашылып, банк
қызметін атқарады.
1869 ж. 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы
обоз жасақталады.
1870 ж. Ресейден ауарайын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық
станция жұмыс жасайды.
1832 ж. Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет
тарапынан қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөкей ордасының қазақтары
Жәңгір ханның игілікті істері
Жәңгір ханның саяси ұстанымы
Жәңгір ханның саясатын ашып көрсету
Бөкей ордасы және Жәңгір хан
Қазақтың тұңғыш білімді ханы-Жәңгір
Бөкей Ордасы
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс
БӨКЕЙ ОРДАСЫ ТАРИХИ - МУЗЕЙЛІК КЕШЕНІ
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) - Ресей империясының вассалы ретінде
Пәндер