Кәсіпкерлік капиталдың маңыздылығы және қалыптасу көздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Кіріспе: 1. Кәсіпкерлік капиталдың теориялық аспектілері . . .
:
Кіріспе: 1. 1 Кәсіпкерлік теориясының эвалюциясы . . .
:
Кіріспе: 1. 2 «Кәсіпкерлік капитал» мәні және маңыздылығы . . .
:
Кіріспе: 1. 3 Кәсіпкерлік капитал қалыптасуының көздері және қызметі . . .
:
Кіріспе: 2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік капиталдың даму перспективасы . . .
:
Кіріспе: 2. 1 Кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және мәселелері . . .
:
Кіріспе: 2. 2 Кәсіпкерлік дамуын экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету . .
:
Кіріспе: 2. 3 Бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды даярлау бағыттары . . .
:
Кіріспе: Қорытынды . . .
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
:


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қою керек. Алайда, мұндай стратегиялық міндетті шешу үшін экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, шикізаттық бағыттан бас тарту және өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру, әлемдік стандарттарға сай өнімдер өндіру, салалық кластерлер құру, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру сияқты көптеген маңызды шараларды жүзеге асыру қолға алынды [1] .

Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданып, оны іске асыруда және өңдеуші саланың мүмкіндігі мол басым бағыттары анықталып, кластерлер құру арқылы дамытуға баса назар аударылып отыр. Мұның барлығы жоғары деңгейде орындалып, оң нәтижесін беру үшін еліміздегі шағын кәсіпкерлік қызметті ұтымды ұйымдастыру, дамыту және қызмет тиімділігін арттыруға ерекше мән беру қажет.

Кәсіпкерлік капитал қажеттілігін тудыратын негізгі факторлар - сұраныс және ұсыныс. Аталмыш факторлардың туындауына кейбір елдерде капитал көлемінің өсуі, ал екінші бір елдерде капитал көлемінің құлдырауы себепкер болады. Өндірісі дамыған елдерде жоғары кіріс көзін қамтамасыз ететін инвестициялық қорлар санының артуы ұсыныстардың өсуіне ықпал етеді. Бұл елдерде ұлттық өндірісті дамыту үрдісі фирмалар мен компаниялардың табысты қызмет етуге ұмтылысының және шетелдік капиталға деген сұраныстың артуына әсер етіп отыр.

Кәсіпкерлік капиталды пайдалану мақсатына қарай ішкі капиталға қарағанда шетелдік капиталдың бірқатар өзіндік артықшылықтары бар: шетелдік капитал қазіргі заманғы жаңа өндірістік технологияларды ендіруге ықпал етеді; халықты жұмыспен қамтамасыз етуге және кәсіби мамандар мен жұмысшы күшінің өсуіне әсер етеді; заманға лайық басқару дағдыларын қалыптастырады; тауар экспорты мен қызмет түрлерін кеңейтеді; шетелдік компаниялармен бәсекелес жергілікті фирмалардың қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Капитал ағынының әсерінен құнсыздануға байланысты қиындықтардың да туындауы мүмкін. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлар игерілуі қиын жекеменшік заттар мен акциялар толқынын әкелуі ықтимал. Олар өз кезегінде сатып алу мүмкіндігі жоғары ақша мөлшерінің артуына ықпал етеді. Соның нәтижесінде мемлекеттік қаржы органдарында қаржы саласы мен жалпы экономиканы реттеу, басқару мәселелеріне байланысты күрделі мәселелер туындайды.

Сонымен қатар, капитал ағыны белгілі бір мерзім аралығында ұлттық валюта бағамының ауытқуына ықпал етуі мүмкін. Соның салдарынан баға тұрақтылығы бұзылып, сауда-саттық және инвестиция саласында тиімсіз шешімдердің қабылдануы ықтимал. Сондықтан көптеген елдер мұндай капитал ағынына тосқауыл қоюға тырысады. Капитал ағыны елдің салықтық базасын әлсіретіп, мемлекетті шамадан тыс инвесторлар тартуға мәжбүр етуі мүмкін.

Сол себепті түрлі мемлекеттер өз дамуының әр түрлі сатыларында ішкі нарықты сыртқы капитал әсерінен қорғау мақсатында шетелдік инвестиция ағынына түрлі әкімшілік шектеулер мен кедергілер қойып отырған. Аталмыш шектеулер мен тиымдарды алып тастап, олардың орнына капиталдың кіріс-шығыс ағынын реттеу жолдарын қарастыру қаржы қорларын тиімді түрде қайта бөлуге ықпал етеді. Жаңа ақпараттық технология дамып, қаржы саласы жетілдірілген сайын, осындай мүмкіндіктер арта түседі.

Кәсіпкерлік капиталды реттеудің әдістерінде жүйеліліктің, бірізділіктің болмауы жаһандандық дағдарыс басталған кезде көптеген елдердің экономикасының дамуына кері әсерін тигезді. Сондай-ақ, жүйелі түрде қайталанып отыратын дағдарыстар экономиканың рецессиялық жағдайдан шығуына тосқауыл болды. Сол себепті кәсіпкерлік және ссудалық капиталды реттеудің әдіснамалық аспектілерін анықтау және олардың қаржы қорлары қозғалыстарын ұйымдастыру формаларымен байланысын айқындау - бүгінгі күнгі экономика ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Капитал теорияларына арналған классикалық және неоклассикалық теория өкілдерінің көптеген еңбектері бар: А. Смит, Д. Рикардо, Р. Кантильон, К. Маркс, Дж. Милль, Ж. Б. Сэй, А. Маршалл, Й. Шумпетер, Дж. Кларк, П. Самуэльсон және т. б. Қазақстандық ғалымдар арасында қаржы капиталының әлемдік мобильділігіне және кәсіпкерліктің қалыптасуы мен кәсіпкерлік капиталдың ерекшеліктеріне байланысты мәселелерді Я. Ә. Әубәкіров, Е. Б. Жатқанбаев, Р. Е. Елемесов, У. Баймұратов, А. Қ. Қошанов, О. Сәбден, М. С. Тулегенова. Н. К. Нурланова, А. Е. Есентүгелов сияқты экономист-ғалымдар зерттеп жүр.

Аталған ғылымдар еңбектерінде капиталдың мазмұнын зерттей отырып, өндіріс процесін ұйымдастыру нысаны мен капиталдың қайта құрылған құнның иемдену мен бөлу нысаны ретінде капиталды айыруға негізделген әдіснамалық тұрғыны негіздеуге болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ж ұмыстың негізгі мақсаты кәсіпкерлік капитал дамуындағы негізгі проблемалар мен факторларды уйрену болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткізу барысында келесі міндеттерді шешу көзделеді:

- кәсіпкерлік теориясының қалыптасу жағдайына түсінік беру;

- кәсіпкерлік капиталдың мәні мен маңыздылығын ашып көрсету және негізгі қалыптасу көздерін анықтау;

- Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайына сипаттама беру;

- мемлекеттік реттеу мақсатында кәсіпкерлікті құқықтық және экономикалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру;

- Қазақстан экономикасына кәсіпкерлік капитал тарту мәселелерін басқару-реттеудің ғылыми және әдіснамалық негіздерін жасау;

- бәсекеге қабілеттілікті анықтау және кәсіби маман даярлау бағыттарының әсерін анықтау.

Зерттеу нысаны. Кәсіпкерлік капиталдың маңыздылығы және қалыптасу көздері зерттеледі.

Зерттеу пәні. Тақырыптың зерттеу пәні ретінде кәсіпкерлік капиталдың қызмет етуіне байланысты туындайтын әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қатынастар қарастырылады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Экономикалық теория классиктерінің ғылыми еңбектері, халықаралық экономикалық қатынастар саласы бойынша, әсіресе капиталдың қозғалысын зерттеуге арналған Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері, сонымен қатар дамыған және дамушы елдердің экономикалары жөніндегі зерттеу жұмыстары мен Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтерді реттеуші заңдар мен нормативтік-құқықтық құжаттар - зерттеу жұмысымыздың теориялық және әдіснамалық негізі болып табылады.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде ҚР Статистика агенттігінің анықтама материалдары және еліміздегі ұзақ мерзімді стратегиялар қарастырылды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1. КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Кәсіпкерлік теориясының эволюциясы

Кәсіпкерліктің мәнін түсіну үшін, ең алдымен бұл сөздің этимологиясын және даму эволюциясын зерттеуден бас тарту керек. Кәсіпкерлік түрлі елдерде және түрлі халықтарда әр түрлі түсінікті иемленеді. Француз сөзі «Enterprendre» ХІІ және ХV ғасырларда «бар нәрсені жасау» дегенді білдірсе, Англияда ХV ғасырдан бастап кәсіпкерлікке жақын келесі көрсетілгендей түсініктер қоланылды: «merchant» - саудагер, «adventure» - тәуекелге барушы адам, «undertaker» - міндеттерді өзіне алушы тұлға.

Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырлардан басталады. Осы кезеңнен бастап саудагерлер, қолөнершілер, көпестер, миссионерлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсете білді. Капитализмнің пайда болуынан бастап байлыққа деген ұмтылыс шексіз пайданы алуға ынта тудырды. Кәсіпкерліктің іс-әрекеті мәдени шеңберге ие бола отырып, мамандандырылған сипатқа ие болды. Көп жағдайларда кәсіпкерлер өндіріс құралдарының иесі бола отырып, өз фабрикаларында, зауыттарында өздері қызмет жасады.

ХІV ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болып, акционерлік қоғамдар пайда құрыла бастады. Бірінші акционерлік компаниялар халықаралық сауда саласында қалыптасты. Ең бірінші 1554 жылы Ресеймен сауда қатынастарын жүргізу үшін ағылшын сауда компаниясы қалыптасты. Кейінірек, Гудзон шығанағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының құрылуына алып келді. Осыдан кейін шарушылықтың акционерлік формасы экономиканың басқа салаларына ене бастады.

ХVІІ ғасырдың аяғында бірінші акционерлік банктер қалыптасты. Осылай 1694 жылы акционерлік бастамалар негізінде Ағылшын банкі, 1695 жылы Шотландия банкі құрылды. ХVІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың басында банктік істің акционерлік формасын жүргізу көптеген мемлекеттерде кеңінен дами бастады. Бұндай жағдайларда ұсақ фирмаларға өмір сүру қиынға соғып, орта және ірі фирмалар пайда болды. Соның негізінде максималды пайда табу мотиві күшейді. Осы кезеңде жаңа мамандықтар - жетекші менеджер және ірі өндіріс ұйымдастырушы мамандықтары қалыптасты. Алғашқы кезде бір жаққа жинақталған кәсіпкерлік функциялар мамандандырылған бағытқа бөлінеді. Экономистер, қаржыгерлер, бухгалтерлер, заңгерлер, конструкторлар, технологтар, мамандықтары пайда бола бастады. Олардың бәрінен болып, олар көптеген қызмететрден босатылып, өндірісті басқаруға және ұйымдастыруға тоқталған.

Кәсіпкерлік функциясының негізгі мағынасы тәуекелдік жүктілікті көтеру идеясының келесі деңгейі екендігі И. Тюненнің атымен байланысты. И. Тюнен өзінің «Шектелген мемлекетінің» екінші томында пайданы жалпы пайдадан инветицияланған капиталдан түскен пайызды, басқарушылық үшін төлемді және сақтандыру жарнасын айырғандағы қалдық табыс деп анықтайды. Соңғысы кәсіпорынның есептелетін тәуекелдігіне сәкес есептеледі. Осылайша, кәсіпкердің табысы тек қана тәуекелділікпен емес, сонымен, қатар одан сақтана алмайтын болжанбайтын, есептелмейтін тәуекелдікпен байланысты. Бұндай тәуекелдік кәсіпкердің қызметінде мол, себебі ол өзінің саласында өнертапқыш және зерттеуші болып келеді.

Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы орта ғасырлардан бастау алса, кәсіпкер түсінігін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ХVІІ-ХVІII ғасырдың басында енгізген. Бастапқы «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкер тауарды өндіру және сатуға байланысты тәуекелділік пен жауапкершілікті өзіне алатын адаммен байланыстырылды. Р. Кантильон кәсіпкерлік тұрғысындағы тәуекелділікті өзіне міндеттеумен байланыстырып, сонымен ол капитал салушы, өзінің жеке еңбегін және ресурстарын пайдаланушы кәсіпкер деп айыра білді. Кәсіпкерді өзіне жұмыс орнын жасай алатын адам ретінде қарастырды. Қашан адамды өзінің жұмысындағы нақты еңбек ақысы қанағаттандырмаған жағдайда, ол өзінің идеяларын жүзеге асыратын жолдарды іздей бастайды, ақыр соңында ол кәсіпкер бола бастайтындығын айтады.

Кантильонның ойынша кәсіпкер мен жұмысшы арасындағы басты айырмашылық, бұл - кәсіпкерлер белгісіз жағдайда жұмыс істеуінде дейді. Өзінің «Сауда туралы эссе» кітабында экономикалық теорияға бірінші болып «кәсіпкер» терминін енгізді. Ол кәсіпкерді тауарды белгілі бір бағамен сатып алып, белгісіз бағамен сата отырып, тәуекелге баратын адам ретінде көрсетті. Р. Кантильон кәсіпкердің тауар өндіруге немесе өз қаражатына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға міндетті емес екенін атап көрсетті. Кантильонның кәсіпкерлік функциялары капиталистік немесе басқару функцияларынан ерекшеленеді.

Оның пікірінше, кәсіпкер-тұрақсыз табыс табатын адам, ал кәсіпкерлік-қалыпты және тәуекелге баратын жағдайларда өзіне барлық жауапкершілікті алатын уақыт. Кантильон кәсіпкерліктің экономикалық теориясын зерттеу барысында нарықтық сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылық төмен бағамен сатып алып және жоғары бағамен сатуға мүмкіндік беретінін анықтады.

ХVІІ ғасырдың жартысындағы физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте білді. Физиократ Николас Бауле өндірістік топтың және фермерлердің жаңалықтарды енгізуге бейім, ойлап табуға жақын болатындығын айтады. Бауле әрқашан еңбек өнімділігінің арттыруына технология мен ғылымның маңыздылығына көңіл аударды. Ол кәсіпкер мен меншік арасында айырмашылық бар екенін түсінді. Меншік иелері кәсіпкерлерді капиталмен қамтамасыз ете отырып, ал соңғылары бұл қаржыларды ресурстар мен жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге жәберу арқылы тәуелділікті өз басына алатындар деп тұжырымдады. Ол өзінің еңбектерінде, басқаруда жаңашылдықты қолдануды дәлелдеп, сонымен қатар білім ғана тәуелділікті төмендете алады деді.

Өкінішке орай, экономикалық ғылымның негізін қалаушылар - классиктер кәсіпкердің тұлғасына онша көңіл бөлмегенін айта кеткен жөн. Кәсіпкерлік қызмет олардың ғылыми анализінің пәні болған жоқ. Ағылшынның экономист-ғалымдары Адам Смит (1723-1790ж. ж. ) және Давид Рикардо (1772-1823ж. ж. ) экономиканы өзін-өзі реттейтін механизм ретінде көрді. Бұндай механизмде шығармашылық кәсіпкерлікке орын табылмады. Бірақ, А. Смит өзінің «Халық байлықтарының табиғаты мен себептерін зерттеу» атты негізгі еңбегінде кәсіпкердің сипатына көңіл бөлген.

А. Смиттің ойынша, кәсіпкер капиталдың иесі бола тұрып, белгілі-бір коммерциялық ойды жүзеге асыру үшін және пайда табу мақсатында тәуекелділікке барады, өйткені қандай да бір қызметке капиталды салудың өзі белгілі бір тәуекел элементінен тұрады. Кәсіпкерлік пайда, А. Смиттің ойынша, бұл тәуекелге барғаны үшін компенсация болып табылады. Кәсіпкер өзі жоспарлайды, өндірісті өзі ұйымдастырады, еңбекті бөлумен байланысты пайданы жүзеге асырады, сонымен қатар өндірістік қызметтің нәтижесінде билік етеді. А. Смит кәсіпкерді кәсіпорынның меншік иесі ретінде қарастырады. Оның ғылыми зерттеулерінде кәсіпкерді үш көзқарас тұрғысынан қарастырады:мораль және адамгершілік; мемлекеттік және азаматтық тұрғысынан; экономика тұрғысынан. А. Смит еңбектерінде кәсіпкер-негізгі құралдардың яғни өндірістік құралдардың иесі. Оның пікірінше кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты-кәсіпкерлік табыс табу.

Давид Рикардо капитализмде - абсолюттік табиғи, жойылмайтын өндіріс әдісін көрді, ал кәсіпкерлік қызметті тиімді шаруашылықтың міндетті элементі ретінде қарастырады [10, 43] .

Кейінірек, ХVІІІ ғасырдың аяғы - ХІХ ғасырдың басында танымал француз экономисті Жан Батист Сэй өзінің «Саяси экономияның трактаты» (1803 ж) атты еңбегінде кәсіпкерлік қызметтің анықтамасын үш классикалық өндіріс факторларымен - жердің, капиталдың, еңбектің бірігуімен байланыстырды. Сонымен қатар, ол «ағылшын кәсіпкерлерінің дарындылығы» - Англия өнеркәсібінің дамуының бірден-бір факторы деп атайды. Кәсіпкерлік теориясының дамуына қомақты үлес қосқан Ж. Б. Сэй өз кезінде кәсіпкерлікпен айналысып, тоқыма фабрикасына иеленген. Сэйдің пікір бойынша кәсіпкер немесе өндіріс шеберлері келесідей қасиеттерді және сапаны иемденуі тиіс:

- олар төлем қабілетті, тұрақты, парасатты, мұқиятты боуы тіис;

- олар капиталды қарыз түрінде тартып, уақытында несиеніқайтаруы тиіс;

- олар бизнесте әділетті, бизнес ақпаратынан хабардар, өжеттілік сияқты моральдік қасиеттерді өзіне біріктіруі тиіс;

- олар қандай да тауар ерекшелігін, маңыздылығын және болжанатын сұраныс пен өндіріс әдістерін нақты бағалуы тиіс;

- бір уақытта олар жұмыс күшін, керек құрал-жабдықтарды, тауарларды сатып алатын тұтынушыларды тауып, оларды бір жүйеге біріктіріп, сонымен қатар экономикалық көрсеткіштерді бақылау мен қойылған мақсаттарға жетуге тырысу керек . Басқаша сөзбен айтқанда олар басқару мен әкімшіліктендіру өнерін иемдену керек;

- олар өнімді рынокта сатудың бұрын оның бағасы мен құнын дұрыс есептеуді білу керек [13, 58] .

Сэйдің негізгі тезисі өнімді шығарудағы кәсіпкерлердің басымды рөлін мойындауда. Сэйдің ойынша, кәсіпкердің табысы мен еңбегі үшін марапат, өндірісті ұйымдастыра білу және тауар өткізу, «тәртіптің рухын» қамтамасыз ету болып табылады. Оның айтуынша, кәсіпкер - бұл өзіне және белгілі бір тауар өндіруде тәуекелділікті қолына алатын адам

Кейіннен (ХІХ ғасырдың ортасынан бастап), меншік пен басқару функцияларының жеке бөлінуіне орай кәсіпкерліктің маңызы өндірісті ұйымдастыру мен оны басқару саласына ойысты (Ж. -Б. Сәй, Дж. С. Милль) .

К. Маркстің экономикалық теориясының негізінде кәсіпкер капиталист-эксплуататор ретінде көрсетілген. Марксистік теорияда кәсіпкерлік мүлдем басқа жағынан қарастырылған. К. Маркс кәсіпкерліктің маңызын меншік қатынастарының ерекшелігімен салыстыра келе, кәсіпкерді қызметі жалдамалы қызметкерлерді пайдалану арқылы капиталдың өсуін қамтамасыз ететін жұмыс істейтін капиталист ретінде сипатталады [13, 57] .

Американдық экономист Дж. Б. Кларк (1847-1938ж. ж. ) Сэйдің «үш біріккен формуласын» біршама өзгертті. Оның ойынша, өндірістік процессте әрдайым төрт фактор қатысып отырады:

  1. капитал;
  2. капиталдың игіліктік пен өндірістік құралдары және жер;
  3. кәсіпкердің қызметі;
  4. жұмысшының еңбегі [10, 69] .

Осылай бола тұра әр факторға өндіріс табысының арнайы бөлігі керек: Капитал - капиталистке пайыз әкеледі, капиталдық игілік - рентаны, капиталистің кәсіпкерлік қызметі - пайда әкеледі, ал жұмысшы еңбегі - оған жалақыны қамтамасыз етеді.

Еркін бәсеке еңбекке - еңбекпен жасалатынды, капиталистке - капиталистпен жасалатынды беруге ұмтылады деп жазған. Кәсіпкерлер қызметін американдық экономист Дж. Б. Кларк осылай қабылдады.

А. Маршалл (1842-1924ж. ж. ) - неокласикалық экономикалық теорияның ең басты өкілі, бірінші болып жоғарыда айтылған үш классикалық саяси экономияның өндіріс факторларына «жер, капитал, еңбек» төртінші фактор - ұйымдастыруды қосты. Ол менеджер мен кәсіпкер арасындағы айырмашылықты дәлелдеді, ерекшеліктерін көрсетті. Осы кезден бастап кәсіпкерлік түсінігі, сонымен қатар оның функциялары кеңейе түсті. Менеджер - кәсіпорындағы ең басты функцияны атқарса, кәсіпкер бизнестің сәтті болуына байланысты барлық жауапкершілік пен тәуекелділікті өз мойнына алушы тұлға болып табылады. Сондықтан ол менеджерге және кәсіпкер тән қасиеттерді иемденуі керек.

Сонымен қатар А. Маршалл мінсіз кәсіпкерді сипаттайтын қасиеттердің көп болуын ескеріп. Тек кәсіпкерлердің кейбіреулері ғана бұл қасиеттерді иемдене алады деген тұжырымға келеді [17, 125] .

Негізінде кәсіпкерлер кейбір кезде өте күшті, кейбір кезде керісінше, бірақ кәсіпкерлердің басты міндеті капитал мен еңбекті айналысқа келтіру негізінде жоспар жасап, оны келешекте орындау іс-шараларын егжейлі-тегжейлі көрсету болып табылады. Кәсіпорын өскен сайын, кәсіпкерлік қабілет те арта түсу керек, сонымен қатар ол өзінің қайсарлығын, бірегейлігін, сан қырлылығын, бастамашыл іс-әрекеттерге дайындығын өн бойына жинақтап, сақтап қалған жағдайда ғана, ол әмбебап та, сәттілікті кәсіпкер болып қала алады.

Кәсіпкерлікті арнайы көңіл бөлгіп зерттеген маман Йозеф Шумпетерді (1883-1950) қазіргі кәсіпкерліктің атасы деп те атайды. XX ғасырда кәсіпкерліктің маңызы одан сайын тарылып, енді ол тек жаңашылдық қызмет ретінде қабылданатын болды (Й. Шумпетер) . Танымал американдық ғалым, Й. Шумпетер кәсіпкер түсінігін «новатор» ретінде сипаттайды. Атап айтатын болсақ, кәсіпкер - бұл жаңа технологияларды әзірлейтін новатор (жаңашыл) . Басқаша айтқанда, ол өндіргіш күштерді жаңаша ұйымдастырады, үйлестіреді және олардың қозғаласы өз кезегінде жалпы экономикалық өсімге немесе өндіріс циклінің жеделдеуіне алып келеді. .

Й. Шумпетердің ойынша: Кәсіпкер болу өзіндік көзқарас, көрімшілдік болуы қажет. Жаңашылдық табу болып табылады, тәуекелге бару, қорқынышты жою, кәсіпкер еңбекке, жеңіске деген ұмтылыс болады. Кәсіпкердің интеллектіне келетін болсақ, Й. Шумпетердің ойынша, өзгелерден ерекшеленеді: тығыз ойға қалыптасқан, оның әрбірін кәсіпкер қарастырады.

Оның ойынша, кәсіпкердің функциясы - экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, капиталистік экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты Шумпетер кәсіпкерлік қызметті іске асыруда пайдаланылатын немесе ескерілетін негізгі мәселелерді атап көрсеткен. Оларға төмендегілер жатқызылады:

- өндірістің жаңа әдістерін анықтау немесе жаңа технологиялар енгізу;

- өткізудің жаңа нарықтарына ие болу;

- жабдықтаудаң (шикізіттың) жаңа көздеріне ие болу мүмкіндіктері;

- ұйымдастырудың жаңа нысандарын анықтаудың қажеттілігі.

Кәсіпкерліктің жаңашылдық, ал кәсіпкердің экономикадағы ілгері жылжытатын қозғалтқыш күш болып табылатын адам ретінде қабылдануы ғылыми - техникалық революция өрістеген кезеңмен әбден үйлесіп, жуық арада өктемдік ете бастады. Осы идея кейіннен одан әрі дамып, енді ол қайта құратын күшке (Л. Мизес, О. Уильямсон, Д. Норт) айналды [18, 56] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капиталды өсірудің негізгі әдістері
Кәсіпорынды қаржылық – экономикалық талдау (ЖШС Кокшетауский хлебзавод мысалында)
Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың ролі
Қаржы ресурстарының көзі
Капитал құрылымы
Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері
Шетел банктері инвестицияларының маңыздылығы
Қор нарығы және оның қазақстандағы инвестициялық процеске әсері
Бухгалтерлік баланстың кәсіпорында қолдану ерекшеліктері
Өнеркәсіптік компанияның қаржы ресурстарын басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz