Медицинадағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. МЕДИЦИНАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Әлеуметтік жұмыстағы медицинаның шығу тарихы мен ғылыми тәжірибесі . . . 6
- Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негізі . . . 14
- Шетелдегі медикоәлеуметтік жұмыс тәжірибесі . . . 17
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ МЕДИЦИНАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі халқымыздың қазіргі жағдайы. . 24
2. 2 Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс . . . 35
2. 3 Қарт адамдармен медико-әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиялары . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда біздің қоғамымыз мәселені мойындап және сол мәселені шешу шарықтау шегінде. Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Өткен соңғы жылдары әлеуметтік экономикада және тағы басқа өзгерістерде медициналық көмекке сұраныс көп болған. Ертеректе дәрігелер ауруды емес ауру адамды емдегендерін жоққа шығармайды, ал қазіргі таңда барлығыда ауру организм ерекшелігімен көрсетілуде. Ауырып жатқан адамға тек дәрігердің ғана емес сонымен қатар оның өмірлік мәселелерін шешетін әлеуметтік қызметкерлер керек екені айқындалып келеді.
Халқымыз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекр айтпаған. Денсаулық сақтау әлеуметтік жұмыстың мақсаттары тән және психикалық ауытқушылықтары бар, сонымен қатар әлеуметтік жағдайы нашар тұлғалардың бейімделуі мен іс-әрекет етуін және де қарт, мүгедек адамдардың денсаулығын барынша жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Қиын өмірлік жағдайы мен денсаулық ауытқушылығы бірін-бірі қиындатып тығырыққа тірейді, одан медициналық шаралар көмегімен ғана шығу өте қиын.
Әлеуметтік медициналық көмекті қажет ететін адамдарға ұзақ және қатты ауыратындар, әлеуметтік бейімделмегендер, мүгедектер, жалғыз басты қарттар, жетім балалар, 18 жасқа толмаған жас аналар, көп балалы және әлеуметтік қамсыздандырылмаған отбасылар, табиғи зіл зала құрбандарытағы басқа жатады. Осылардың ішінде қарттармен медико-әлеуметтік жұмыс мәселесін жете қарастырып өтуге болады.
Дегенмен де, саны жағынан бірталай теорияларды ескірген тәсіл арқылы жұмысын жалғастыруда, әлеуметтік мекемелерде және медициналық танымда материялдық жағдайы және кадрлық қамтамасыз етілуі қарастырылмайды .
Нарықтық экономикаға өту барысындағы әлеуметтік саясаттың басымырақ бөлігі әлеуметтік қорғау болып табылады. Ал әлеуметтік қорғаудың ең негізгі бағытының бірі негізінен реабилитация болып табылады. Реабилитация мәселесі Қазақстанда жақсы дами қойған жоқ. Бұл медико-әлеуметтік реабилитация бағытталған жүйемен байланысты және осы ортаға тиісті. Заң шығарушылық жағын ұлғайту және реабилитациядағы емдеуді қайта қалпына келтірудің, сонымен қатар денсаулық сақтау құрылымының шығынын экономикалық қиындықтарды қалыпқа келтіру. Сол себептенде біріңғай жүйедегі реабилитацияны құру қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады және де біріңғайлықты талап ететін, ары қарай ғылыми өңдеу және әлеуметтік жұмысты денсаулық сақтау жүйесіне практика жүзінде енгізу болып отыр.
Тақырыптың өзектілігі: Халықтың денсаулығының деңгейіне қарап еліміздің халқының әлеуметтік жағдайына баға беруге болатыны бәрімізге мәлім жағдай. Соңғы жылдары елімізде әлеуметтік жағынан елеулі аурулардың жоғарғы көрсеткіші сақталуда. Психикалық және наркологиялық аурулар, қант диабеті, өңеш өкпе аурулары, жүрек қан тамыры патологиясы, туберкулез, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, қатерлі ісіктер елеулі проблема болып табылады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда денсаулық сақтау аурулардың алдын алуға емес емдеу сипатындағы шараларға көбірек бағдарланған, ал халықтың өзі денсаулығын сақтауға жеткілікті дәрежеде бағдарланбаған. Бұл туралы атап айтқанда, асқынған нысандағы ісік ауруларының анықталуының өсуі, сондай-ақ халықтың жүрек қан тамыры ауруларынан қайтыс болуының жоғары көрсеткіші айқындайды. ДДҰ деректері бойынша туберкулез ауруының ТМД елдерінің ішінде жетекші орын алып отыр: 2005 жылы 100мың халыққа шаққанда - 149, 0, ал 2008 жылы -165, 4. Қан айналу жүйесі аурулары айрықша алаңдаушылық туғызуда және олар республикада өлім-жітім себептері арасында бірінші орын алады. Осы көрсетіштердің санын азайту үшін алдын алу қажет, оған жалғыз медицина қызметкерлерінің шамасы жетпеуі мүмкін сол себептен әлеуметтік қызметкерлермен бірлесе жұмыс жасағанда ғана жақсы нәтижеге қол жетізуге болады.
Бітіру жұмысының нысаны: қазіргі таңдағы әлеуметтік, экологиялық, экономикалық жағдайларға байланысты, медициналық соның ішінде әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар.
Пәні: Қазақстандағы медико-әлеуметтік қызметтің технологиялары мен дамуындағы мәселелер.
Жұмыстың мақсаты : халқымыздың денсаулығын арттыру мақсатында әлеуметтік жұмыс мамандығының медицина саласында да қаншалықты қажет екендігін дәлелдеп, оның негізгі бағыттарын анықтап, қоғамда қаншалықты жүзеге асырылып отырғанын және халық үшін тиімділігін ашып көрсету
Жұмыстың мақсаты келесідей міндеттерді айқындап шешуді жүктейді:
- әлеуметтік жұмыстағы медицинаның шыу тарихы мен ғылыми тәжірибесін көрсету;
- денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негізін ашып көрсету;
- Шетелдегі медико-әлеуметтік жұмысты теориялық жағынан қарастыру;
- әлеуметтік жұмыстағы медицинаның технологиялық ерекшелітері қарастыру;
- еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі халқымыздың қазіргі жағдайына талдау жасау;
- медицинадағы әлеуметті жұмыстың теориялық негізін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыстың маңыздылығын көрсету;
- қарт адамдармен медико-әлеуметтік жұмыс жүргізудегі технологияларды көрсету;
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ), денсаулық сақтау ұйымындағы қажеттіліктерді, денсаулық сақтаудың тек медициналық аспектілерін бейнелейтін көптеген кешенді факторлардың қосындысы деп қарастырмайды. Сонымен қатар олармен тікелей байланыста әлеуметтік экономикалық мәселелерді, яғни денсаулыққа қаупі бар өмір сүру салты мен әдет-ғұрыптар; тез әсерленушілік және соған ұқсас мәселелер; сексуалды және репродуктивті денсаулық; биологиялық пен медициналық мәселелерді қарастырады. Бұл жерде денсаулық сақтау саласындағы қажеттілік түрі индивидуумның мүмкіндіктерімен ғана анықталмайды, оған қоса оның тікелей айналасындағылармен, жалпы қоғаммен байланысты. Бүкіл адамзаттың дені сау болуына қол жеткізу ісінде БДҰ-ның басым бағыты, денсаулықты нығайтуға арналған саясат. Ол халықтың салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайтумен сақтап қалуда нақты тәжірибелік істерді дамытуға тіреледі. БДҰ халықтың негізгі денсаулық сақтау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін медициналық санитарлық көмек қызметтерінің дамуына көмектесу қажет деп есептейді. Бұл жерде олардың іс-әрекетін біріктіру, қызмет көрсету сапасымен қажеттілігі қандай маңызды болса соған сәйкес қажетті қормен қамтамасыз етуде маңызды. Осының бәрі денсаулық сақтау қызметтерінің құрамын оқыту мен дайындауда, оладың денсаулық негізі саласындағы, әлеуметтік және тәлім-тәрбие ғылымдардағы білімдерін кеңейтуде, сонымен қатар халықтың нақты сұраныстары және қызығушылығымен кеңірек танысуына жаңаша қарауды қажет етеді.
Жұмыстың негізгі құрылымы: кіріспе, екі бөлім, алты бөлімшеден және қорытынды, сонымен қатар пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыс 60 бетті құрайды.
1 МЕДИЦИНАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ МЕДИЦИНАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕСІ
Қазіргі қоғамда адам өмірінде маңызды орынға ие болатын салалардың бірі болып медицина және денсаулық сақтау болып табылады. Кей жағжайларда осы сала бізге экономика мен саясаттан көп әсер етеді. Барлық уақытта адамдардың денсаулығы мен олардың жаппай жұқпалы ауруларға шалдығуы қай қоғамда болса да үрей тудыратын жағдай болған. Бізге ерте заманнан жеткен Египет папирусының жапырағына жазылған және отта күйдіру арқылы жазылған жазбаларда әр түрлі аурулар мен оларды емдеу туралы деректер сол заманда белгілі болып қазіргі күнге дейін сақталып отыр [22] .
Тарихты қарап отырып он сегізінші және он тоғызыншы ғасырларда науқастың өміріне қатер туғызатын өткір жұқпалы ауруларға ем табу мәселесімен шұғылданғаны аян. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі адам өліміне басты себеп болып жұқпалы аурулар, өкпенің қабынуы, туберкулез болып, ал осы жүзжылдықтың басты аурулар болғандар жүрек аурулар мен тағы басқа да кеселдің түрлері болды. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында дәрігерлер адам өміріне қатерін тигізетін созылмалы аурулар мен дерттермен күресу шараларын жүргізумен қолдары босамады.
Осындай клиникалық медицина мен социологиядағы үлкен өзгерістердің нәтижесінде жаңа холистикалық медицина деген жаңа түсінік пайда болды. Бұл жерде басты этнологиялық фактор ретінде енді ұсақ ағзалар емес күнделікті стресс орын алды. Емдеу түсінігі жиі әлеуметтік реабилитация және әлеуметтік қамсыздандыру деген ұғымдар мен алмастырып жүрді. Сондықтан да аталған жағдайларда басты өзекті мәселе ретінде медициналық әлеуметтік зерттеулер өзектілікке ие бола бастады.
Тап осы кезеңде жаңа әлеуметтік медицина атты ғылыми пәннің пайда болуы мен қалыптасуы басталады. Ендігі кезекте әлеуметтанушылар мен дәрігерлер денсаулық сақтау саласы мен тәжірибесін әлеуметтік жүйе ретінде қарастырып денсаулық сақтаудың экономикалық және саяси мәселелерінде назарларынан тыс қалдырмады.
Медицина социологиясы социология мен медицинаның түйсу аймағында қалыптасты. Бастапқы кезде ол социологияның бөлімі болатын, уақыт өте келе ол жеке тәуелсіз ғылыми пән ретінде қалыптасып та үлгерді. А. В. Решетников осы ғылыми пәннің қалыптасуына әсер еткен бірнеше факторларды атап көрсетеді:
- Нарықтық экономиканың принциптеріне қайта оралуына байланысты қоғамдағы әлеуметтік аномия жағдайы;
- Қоғам өміріндегі денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік медициналық қажеттіліктері мен түсініктерінің орнын анықтау;
- Аурулардың құрылымы мен демографиялық процестердің өзгерулері (табиғи өсім, халықтың қартаю процессі, созылмалы аурулардың саны т. с. с) ; адамдарды емдеу мен аурулардың түрлерін зерттеуде социологиялық 16 көзқарасты пайдалануға деген қажеттіліктің тууы; [1] .
Әлеуметтік медицинаның зерттеу пәні болып адам мен әлеуметтік топтардың денсаулық және түрлі ауруларға деген көзқарасы, сонымен қатар денсаулық сақтау саласын әлеуметтік институт ретінде басқару мен ұйымдастыру және оның басқа да қоғамның құрылымдық элементтері мен үнемі байланыста болуын қадағалау. Бұл Решетниковтың берген анықтамасы [2] .
«Әлеуметтік медицина халық денсаулығын социологиялық тұрғыдан зерттейді: біріншіден, бүкіл жер шары адамдарының деңгейінде, жекеленген аймақтар мен мемлекеттерді, екіншіден, оның өнімділік жағдайларына байланысты, үшіншіден, әртүрлі кәсіби топтар мен халықтың жас ерекшелік категориясының өміп сүру үрдістері де назардан тыс қалмайды».
Әлеуметтік медицинаның зерттеу пәнін анықтауда әртүрлі нұсқалардың болуы әбден мүмкін жағдай. Осы анықтамалардың негізінде зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтауға болады: адам денсаулығы, әлеуметтік топтардың демографиялық, кәсіби, жастық еңбек жағдайларына тәуелді, өмір сүру қалпы, экологиялық фактор, адамдар мен топтардың іс-әрекеттерінің өзін өзі қорғауы, денсаулық сақтау жүйесін, сонымен қатар оның құрылымдық элементтнрімедицина, дәрігер, денсаулық сақтау, адамдардың денсаулығын зерттеудегі гендерлік аспектілері.
Денсаулық сақтау мен медицинаның, адамдар мен топтардың өзара байланысын қоғамда әлеуметтік медицина ғана зерттемейді. Әлеуметтік медицина басқа да әлеуметтік ғылымдар мен тығыз байланыста, олар: экономика, саясаттану, әлеуметтік психология, этнография, медициналық демография, әлеуметтік гигиена осы байланыс арқылы өздерінің аспектілерін зерттейді. Әлеуметтік медицина социология, экономика, философия, статистика және т. б. ғылымдардың негізгі категориялары мен түсініктеріне сүйенеді. Осылардың баррлығы бізге әлеуметтік жүйедегі болып жатқан құбылыстарды тереңінен түсінуге көмегін тигізеді.
Әлеуметтік медицина салыстырмалы түрде жас ғылым болып саналады бірақ та өзінің қалыптасуында ұзақ және оңай емес жол жүргенін байқауға болады. Әдебиеттерде оның дамуының бірнеше этаптарын көрсетеді:
- ерте кезең (дисциплинаның пайда болуы) - XVII-XVIII ғ. ғ.
- құрылу кезеңі (20ғ. бас кезімен Бірінші дүние жүзлік соғысқа дейін) .
- қалыптасу кезеңі (20ғ. 20-40- жылдар бірінші және екінші дүние жүзлік соғыс жылдары аралығында) .
- Тәуелсіз пәнін дамытуы (20ғ. 50-80-жылдары) .
- Ғылымның қазіргі жағдайындағы кезең (90-жылдардан бастап қазіргі күнге дейін)
Әлеуметтік медицинаның тәуелсіз ғылымдардың қатарына отбасысоциологиясы, білім социологиясы, құқық социологиясы, дін социологиясы т. б. да, ғылым салаларыбекітіліп алды. Оның қалыптасу кезеңінде үлкен септігін тигізген шетелдік ғалымдардың үлесі мол болды. Олар: У. Петти, К. Маркс, Ф. Энгельс, Т. Парсонс, Э. Фрейдсон, П. Мертон, К. Уинтер және т. б. Кеңес заманында әлеуметтік медицина мәселелерімен Д. А. Бирюков, И. Грашенков, В. М. Жданов, А. М. Щуткин, О. В. Кербиков, Ю. П. Лисицин, Б. Я. Смулевич, Т. И. Царегородцев [3] .
Қазіргі батыстық социология медицинасы өзіндік ерекшеліктерімен қиыншылықтары бар. Батыстық әлеуметтік медицинада жалпылама сипат беру немесе жалпы көзқарас деген ұғымдардан алшақ болғанды қалайды. Дұрысын айтқанда бұл ерекшелік барлық социологияның өзіне де тән құбылыс.
Шетелдік социологтар, қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік процестерді тереңірек түсінуге тырыспай жатып, нақты зерттеулердің нәтижелеріне қорытынды жасай береді. Олар көпшілік жағдайда дәрігерлердің жеке іс-әрекеттері мен қызметтерін, кіші персонал мен пациенттердің өздерін ұстау ережелерін зерттейді. Нәтижесінде әлеуметтік медицина социология мен медицинаның қолданбалы аясы болып есептелінеді. Жалпы алғанда теориялық концепциялар тапшылығы байқалады.
Бүгінгі таңда әлеуметтік жұмыскерлерді даярлауда әлеуметтік медицина маңызды орын алады. Әлеуметтік жұмыстағы медицина - медициналық білім құрылымы мен әлеуметтік тәжірибе жүйесінде де дербес пән болып табылады. Әлеуметтік дәрігерлердің базалық білімін медицина және әлеуметтану саласы құрайды. Әлеуметтік дәрігердің қызметі науқастарды емдеуге негізделмеген. Сондықтан да олар науқастармен емес клиенттермен жұмыс жасайды. Сонымен қатар, әлеуметтік медицина өзімен бірге адамның танымдық дүниесін кеңейтуге себебін тигізеді.
Әлеуметтік дәрігерлер қоғамдағы саяси, идеологиялық, мәдени, діни, процестердің қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулыққа әсерін зерттейді. әлеуметтік медицинаның пәні - қоғам денсаулығы болып табылады.
Әлеуметтік медицина пәні- қоғамдық денсаулық болып табылады. Бұл өте күрделі және ішінара детериминацияланған түсінік. Ол өзіне қоғамның жай күйі туралы мәліметтерді енгізе отырып оның құрылысы мен мазмұнын анықтайды.
Әлеуметтік медицина пәніне қоғам денсаулығы түсінігі де кіреді. Қоғамдық денсаулық және қоғам денсаулығы ұғымдары бір біріне өте жақын ұғымдар. Егер қоғамдық денсаулық түсінігі өзіне қоғамдық құрылымдардың бір тармағындағы ауытқу процестерін зерттеуге негізделсе осы жағдайға әлеуметтік дәрігер түсінігімен қарар болсақ қоғамның моральды және деонтологиялық жағдайына түсінік беру болып табылады. Бірақта, бұл ұғымның өзі де ішкі детерминацияланған құрылымға ие. Олар қоғам денсаулығын бұзатын идеологиялық әлеуметтік психологиялық, экономикалық себептерге де ие.
Сонымен қатар, әлеуметтік медицина пәні қоғамдық құрылымдардың яғни, мәдениет, қоғамның өркениетті дамуына, мемлекеттің әрдайым алға ұмтылуына қамқорлық жасайды. Әлеуметтік медицина денсаулықтың қазіргі қоғамдағы дәрежесі мен қоғам мүшелері үшін маңыздылығын зерттейді.
- Қоғам денсаулығына саясат, мәдениет, экономиканың, идеологияның, этникалық дістүрдің, діннің және т. б. институттардың әсері
- Қоғам денсаулығына экологиялық, ғылыми техникалық, табиғи географиялық факторлардыңәсері
- Жоғарыда аталған факторларға денсаулықтың тәуелділік деңгейі
- Жоғарыда аталған факторлардан қоғам денсаулығы қаншалықты қаншалықты дәрежеде қорғалған.
- Негізгі әлеуметтік құрылымдардың арасындағы байланыстар және олардың беріктігі, осы құрылымдардың әлеуметтік денсаулыққа тигізер әсері.
- Денсаулық пен денсаулық сақтаудың өзара байланысы.
- Қоғамдағы дәрігерлердің алатын орны. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы пайызы және осы салаға қамқор болатын қоғамдық қорлардың даму деңгейі. Денсаулық жорғарғы құндылық екенін қоғам мүшелерінің сезіну дәрежесі.
- Мемлекет және қоғам үшін денсаулықтың алатын орны.
- Демография және репродуктивтілік көрсеткіштерінің халық денсаулығының деңгейімен өзара байланысты.
- Қоғамдағы психикалық ауруларға шалдыққан адамдар мен халықтығ қартаю деңгейі.
- Еңбекке жарамды және экономикалық белсенді топтың қоғамдағы алатын ара салмағы.
- Зорлықпен өлтіру немесе өзіне өзі қол жұмсау, қоғамдағы қылмыстың деңгейі.
- Қоғамдаңы бала туу деңгейінің жасанды түсік жасау мен өзара қатынасы.
- Бедеу әйелдердің балалы әйелдер санына қатынасы.
- Жүрек қан қан тамыры ауруынан мезгілсіз дүние салған ерлер мен әйелдердің ара салмағы.
- Дүниеге келген кемтар балалардың ара салмағы.
- Қоғамдағы дала кезген, панасыз қарттардың үлесі.
- Қылмыстың себептеріне статистикалық және географиялық, демографиялық көрсеткіштер тұрғысынан түсінік беру.
- Әлеуметтік медицина халықты өмір сүрудің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз ететін институттардың бір тармағы болып табылады. Әлеуметтік медицина ұғымына халықты әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау түсінігі құрамдас бөлік ретінде.
Әлеуметтік дәрігер денсаулығына байланысты көмекке зәру адамдармен яғни, клиенттермен жұмыс жүргізеді. Әлеуметтік дәрігердің клиенттеріне науқастықтың немесе бала күнінен мүгедекке шалдыққан адамдар жатады. Бұл категория екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа дәрігердің көмегін керек ететін мүгедектер яғни бұл топқа бір мезгілде дәрігерлердің көмегі мен әлеуметтік дәрігердің көмегіне сүйенетін мүгедектер. Сонымен бірге қарттығынан мүгедекке айналған адамдар да жатады.
Екінші топқа бұлар клиникалық дәрігердің көмегіне жүгінбей, тек әлеуметтік дәрігердің қамқорлығындағы адамдар. Олар генетикалық науқас адамдар мен девиантты мінез құлық иесі, қылмыскерлер, нашақорлар, таксикомандар.
Әлеуметтік медицинаның басты қызығу облысы халық денсаулығы болып табылады. Әлеуметтік медицина қоғамдық денсаулықты сақтаушы әрі қамқоршы әлеуметтік құрылым болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет халқының денсаулығы ол сол елдегі өмір сүру сапасының көрсеткіші болып табылады.
Әлеуметтік медицина білім аясы ретінде және қолданбалы әдістер жиынтығы болып алғаш рет Ұлыбританияда 1940 жылы негізі қаланған. Әлеуметтік медицинаның жаһанға таралуы капиталистік елдерде Екінші Дүние жүзлік соғыстан кейін бастау алады.
Әлеуметтік медицинаның осыдан жарты ғасыр бұрын тәелсіз сала ретінде қалыптасуына қарамастан әлі күнге дейін жаңару мен жаңа бөлімдер мен қызметтерді игеру сатысында жүр. Соңғы жеті жылдың ішінде әлеуметтік медицина тәуелсіз тармақтарға бөлінді. Олар бұқаралық медицина, қоғамдық медицина, социологиялық медицина, пенитенциарлық медицина болып тармақталған [8] .
Әлеуметтік жұмыстағы медицинаның басты міндеттері болып саналатындар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz