Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605)



Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530 - 1605) - орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, атақты биі. Тарихи шығармаларда оны «Қайырғали Жалаири» деп көрсетеді. Бұл - тарихи тұлғаның аты-жөнінің соңына оның қай мекеннен екенін білдіру үшін туған жерін көрсететін бұрынғы қалыптасқан дәстүр бойынша алынған.
Бірақ мұнда ғұламаның туған жері емес, тайпасының аты көрсетілген. Оның шыққан тегі - Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан. Оның «Жалаири» аталуы осыдан. Тарихи шығармаларда оның есімін Қыдырғали, Қыдырәли, Қадырғали деп құбылтып атай береді. Туған жері - Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. Жастай білім алып, бірнеше тіл меңгерген Қадырғалидың өзі де хан сарайында қызмет атқарып, хан балаларын тәрбиелеу ісімен айналысқан. Шығай ханның баласы «Ұзын оқты» атанған Ондан сұлтан жау қолынан өлген соң, оның 13 жасар баласы Ораз-Мұхаммедті алып, өзіне қараған елмен Сібірдің Көшім ханының қол астына көшіп кетеді. Онда Қадырғалидың білімділігіне, ақыл-парасатына риза болған Көшім хан оны Төбе би етіп сайлайды, өзінің ақылгөй кеңесшісі етеді. Бірақ ол онда ұзақ бола алмайды, кейін Сібір кінәзі Сейдектің ықпалымен, онымен бірігіп, Көшім ханға қарсы шығады. Сөйтіп ол енді Ораз-Мұхаммедпен бірігіп, Сейдектің мәртебесін көтереді. Осында жүргенде оларды Сібір воеводасы Д. Чулков алдап тұтқынға түсіреді. Қадырғалиды Ораз-Мұхаммедпен бірге Москваға жөнелтеді. Кейін шведтерге, Қырым хандығына қарсы соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз-Мұхаммедке Ока бойындағы Қасым хандығынан иелігіне жер бөліп береді. 1600 жылы орыстың жаңа патшасы Борис Годунов оны Қасым хандығының ханы етіп қояды. Қадырғали оның төрт биінің бірі болып тағайындалады. Ол осында ғылыммен шындап айналысады. Ана тілімен бірге араб, парсы тілдерін де жақсы меңгеріп, Шығыстың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең зерттейді. Соның нәтижесінде ол Орта Азияның сол кездегі атақты ғұламаларының деңгейіне көтеріледі. Кейін «Жами аттауарих» («Жылнамалар жинағы») деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады.
«Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге канық көптеген кітап оқыған адаммын» деп жазады ол өзі жайында. «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда казақ хандығының XVI ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып калыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ (1530-1605)
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530 - 1605) - орта ғасырдағы қазақтың
ғұлама ғалымы, атақты биі. Тарихи шығармаларда оны Қайырғали Жалаири
деп көрсетеді. Бұл - тарихи тұлғаның аты-жөнінің соңына оның қай
мекеннен екенін білдіру үшін туған жерін көрсететін бұрынғы қалыптасқан
дәстүр бойынша алынған.

Бірақ мұнда ғұламаның туған жері емес, тайпасының аты көрсетілген. Оның
шыққан тегі - Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан. Оның
Жалаири аталуы осыдан. Тарихи шығармаларда оның есімін Қыдырғали,
Қыдырәли, Қадырғали деп құбылтып атай береді. Туған жері - Қазақстан
жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті
билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның
ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік
Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. Жастай
білім алып, бірнеше тіл меңгерген Қадырғалидың өзі де хан сарайында
қызмет атқарып, хан балаларын тәрбиелеу ісімен айналысқан. Шығай ханның
баласы Ұзын оқты атанған Ондан сұлтан жау қолынан өлген соң, оның 13
жасар баласы Ораз-Мұхаммедті алып, өзіне қараған елмен Сібірдің Көшім
ханының қол астына көшіп кетеді. Онда Қадырғалидың білімділігіне,
ақыл-парасатына риза болған Көшім хан оны Төбе би етіп сайлайды, өзінің
ақылгөй кеңесшісі етеді. Бірақ ол онда ұзақ бола алмайды, кейін Сібір
кінәзі Сейдектің ықпалымен, онымен бірігіп, Көшім ханға қарсы шығады.
Сөйтіп ол енді Ораз-Мұхаммедпен бірігіп, Сейдектің мәртебесін көтереді.
Осында жүргенде оларды Сібір воеводасы Д. Чулков алдап тұтқынға
түсіреді. Қадырғалиды Ораз-Мұхаммедпен бірге Москваға жөнелтеді. Кейін
шведтерге, Қырым хандығына қарсы соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс
патшасы Ораз-Мұхаммедке Ока бойындағы Қасым хандығынан иелігіне жер
бөліп береді. 1600 жылы орыстың жаңа патшасы Борис Годунов оны Қасым
хандығының ханы етіп қояды. Қадырғали оның төрт биінің бірі болып
тағайындалады. Ол осында ғылыммен шындап айналысады. Ана тілімен бірге
араб, парсы тілдерін де жақсы меңгеріп, Шығыстың әдебиеті мен
мәдениетін, ғылымын терең зерттейді. Соның нәтижесінде ол Орта Азияның
сол кездегі атақты ғұламаларының деңгейіне көтеріледі. Кейін Жами
аттауарих (Жылнамалар жинағы) деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің
атақты еңбегін жазады.
Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл
сөздерге канық көптеген кітап оқыған адаммын деп жазады ол өзі жайында.
Жылнамалар жинағы - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш
тарихи шығармалардың бірі. Мұнда казақ хандығының XVI ғасырдың басынан
бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып калыптасуы,
оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі
әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер
берілген.

Жалайыр Қосымұлы Қадырғали
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605.) – орта ғасырдағы қазақтың ғұлама
ғалымы, атақты биі. Тарихи шығармаларда оны Қайырғали Жалаири деп
көрсетеді. Бұл – тарихи тұлғаның ат-жөнінің соңына оның қай мекеннен екенін
білдіру үшін туған жерін көрсететін бұрынғы қалыптасқан дәстүр бойынша
алынған. Бірақ мұнда ғұламаның туған жері емес, тайпасының аты көрсетілген.
Оны шыққан тегі – Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан. Оның
Жалаири аталуы осыдан. Тарихи шығармаларда оның есімін Қыдырғали,
Қыдырәли, Қадырғали деп құбылтып атай береді. Туған жері – Қазақстан
жеріндегі Сырдария бойы.

Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан
сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары
болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосын бек
лауазымын иеленген. Жастай білім алып, бірнеше тіл мегерген Қадырғалидің
өзі де хан сарайында қызмет атқарып, хан балаларын тәрбиелеу ісімен
айналысқан.

Шығай ханның баласы Ұзын оқты атанған Ондан сұлтан жау қолынан өлген соң,
оның 13 жасар баласы Ораз-Мұхаммедті алып, өзіне қараған елмен Сібірдің
Көшім ханының қол астына көшіп кетеді. Онда Қадырғалидың білімділігіне,
ақыл-парасатына риза болған Көшім хан оны Төбе би етіп сайлайды, өзінің
ақылгөй кеңесшісі етеді. Бірақ ол онда ұзақ бола алмайды, кейін Сібір
кінәзі Сейдектің ықпалымен, онымен бірігіп, Көшім ханға қарсы шығады.
Сөйтіп ол енді Ораз-Мұхаммедпен бірігіп, Сейдектің мәртебесін көтереді.
Осында жүргенде оларды Сібір воеводасы Д.Чулков алдап тұтқынға түсіреді.
Қадырғалиді Ораз-Мұхаммедпен бірге Москваға жөнелтеді. Кейін шведтерге,
Қырым хандығына қарсы соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз-
Мұхаммедке Ока бойындағы Қасым хандығынан иелігіне жер бөліп береді. 1600
жылы орыстың жаңа патшасы Борис Годунов оны Қасым хандығының ханы етіп
қояды. Қадырғали оның төрт биінің бірі болып тағайындалады.

Ол осында ғылыммен шындап айналысады. Ана тілімен бірге араб, парсы
тілдерін де жақсы меңгеріп, Шығыстың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең
зерттейді. Соның нәтижесінде ол Орта Азияның сол кездегі атақты
ғұламаларының деңгейіне көтеріледі, кейін Жами ат-ат-тауарих (Жылнамалар
жинағы) деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады.
Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл
сөздерге қанық көптеген кітап оқығын адаммын деп жазады ол өзі жайында.

Жылнамалар жинағы – орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш
шығармаларның бiрi. Мұнда Қазақ хандығының ХVI ғасырдың басынан бергі ішкі-
сыртқа жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның
халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі
әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген.

Қадырғали би Жалайыридің өмірінің соңы осы Қасымов қаласымен және осындағы
Қасым хандығының тарихымен тығыз байланысты еді. Ол ханзада Ораз Мұхаммедті
Қасымға хан етіп көтеру салтанатында оны алтын таққа көтеріп отырғызған
атақты төрт бектің оң жақтағы біріншісі болған. Демек, Қадырғали би Қасым
хандығының патша сарайындағы беделді адамдардың бірі болғандығы осыдан
көрініп тұр. Хан Ораз Мұхаммедтің 1610 жылы өлтірілгені анық. Тарихи
деректер бойынша бұл уақиға Қадырғали би қайтыс болған уақыттан бес жыл
кейін болған. Бабамыз Қазан хандығының сарай қызметінде жүрген Борис
Годунов патшаны мадақтап, Ораз Мұхаммедтің Шыңғыс хан ұрпағынан шыққанын
дәлелдеп, оны хан тағына лайық адам етіп көрсету мақсатында жазған
жылнамалар жинағын 1602 жылы бітірген. Сонда таққа отырғызу салтанаты 1602-
1605 жылдар аралығында болған деуге болады. Олай болса, Қадырғали
бабамыздың сексеннің сеңгіріне жеткен өмірінің дәм-тұзы осы Қасымов
қаласында таусылып, 1605 жылы дүниеден өткен.
Ендігі әңгіме Қадырғали бабамыздың жерленген орны қазіргі Қасымов қаласының
қай жағында жатқаны туралы болмақ. Біз жолығып, әңгімелескен адамдардың
сөздеріне қарағанда, мұсылмандар әулетінің о дүниелік болғандары бұрын да
және осы күнге дейін де тек қана мұсылмандар зиратына қойылады екен.
Мұсылмандардың қазіргі зираты қаланың жанында, ол қоршалып, арнайы күзет
қойылған. Ал бұрынғы зират қаланың шығыс жақ шетінде, Ока өзенінің биік
жағалауында. Ол қаланың алғашқы іргетасы қаланған Старый посад деп
аталатын, қаладан 3 шақырым жерде.
Түсінікті болу үшін тарихқа біраз шегініс жасайық. ХІІ ғасырда бұл жерді
мешер тайпасы мекендеген, “Мешерлер қаласы” деген атпен 1152 жылы қаланың
іргетасы қаланады. ХІІ-ХV ғасырлардағы үлкен тарихи өзгерістер кезінде
мешерлер түгелге жуық славяндармен ассимиляцияға ұшырайды. ХV ғасырда бұл
жер Мәскеу князьдігінің құрамына енеді. Мәскеу князі Василий ІІ Қазан
ханзадасы Қасымның құрметіне бұл қаланың атын “Касим қаласы” деп өзгертіп,
Мәскеу князьдігінің шығыс жақ шетінде, орыс патшасының қолтығының астындағы
“Қасым хандығын” құрады. 1471 жылы қала ресми түрде “Касимов” болып
аталады. Содан бері де талай замандар өтіп, қала өзгеріп өсіп, Ока өзенінің
жоғарғы жағына қарай ауысады. Ал ескі қоныстағы (“Старый посад”)
мұсылмандар зираты сыртта қалады. ХХ ғасырдың басына дейін осы зиратта
көптеген құлпытастардың болғаны туралы жазбалар және көзі көрген адамдар
бар. Бір деректе 20-жылдары осы құлпытастардың ішіндегі Қадырғали би
Жалайыридің аты жазылған тасты жергілікті тұрғынның қорасынан көргенін
зерттеуші жазған. Бірақ ол тастың кейінгі тағдыры белгісіз.
Бұл зират ұзақ уақыт қоршаусыз, қорғаусыз қалғандықтан, әлгі айтылған
құлпытастардың қазір көбісі жоғалып біткен. Кеңес Одағы уақытысында дінмен
күресеміз деген сылтаумен Қасым хандығындағы мұсылман мешіттері қиратылған.
Зираттың үстіне шөп шығып, ол жерлер мал жайылымына айналып кеткен.
Дегенмен, бұл орында тарихтың куәсіндей болып белгі қалыпты. Ол – Афған
Мұхаммед Сұлтанның кесенесі. Мұны жергілікті татарлар текие деп атайды
екен.
Афған Мұхаммед ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Хиуа ханы Араб-
Мұхаммед ханның баласы. 1621 жылы Хиуада таққа таласу күресінде Араб-
Мұхаммед хан жеңіліп, басына ауыр күн туған кезде 11 жасар Афған Сұлтанды
орыстың өкілі аманатқа алып кеткен. Ер жеткен Афған Сұлтан Мәскеу патшасына
қызмет етеді. Ол 1648 жылы қайтыс болады. Сұлтанның мәйітін әйелі Алтын
ханым Қасымов қаласына алып келіп, жерлейді. Басына қызыл кірпіштен
салынған кесене тұрғызады. Сол заманда Ресей аумағында тұратын белгілі
мұсылмандар, бектер, сұлтандар о дүниелік болғанда, жерлейтін жері Қасым
хандығының орталығы болатын.
Біз көне жазбаларға, архив материалдарына және естіп, білген
мағлұматтарымызға сүйене отырып, Қадырғали би Қосымұлы Жалайыри осы қорымда
жерленгені анық деген байламға келдік. Бұл тұжырымды Рязань облыстық
мұрағат директоры Татьяна Синельникова, Қасым хандығын зерттеуші ғалым,
тарих ғылымдарының кандидаты Александр Беляков, Қасымов қаласы өлкетану
музейінің директоры Марина Горожанова да мақұлдады. Ендеше, осы жерге белгі
тас қоюға тура келді. Бірақ тағы да ойланатын мәселе туды. Сонда ескерткіш
тасты зираттың қай жеріне қоямыз? Ақыры құлпытасты кесененің ішіне Афған
сұлтанның және 5 ханзадалардың құлпытастары қатарына қойғанымыз жөн болар
деген байламға келіп, ұсынысымызды жергілікті билікке жеткіздік. Қала
басшылары, мұсылмандар имамы М.Сейфоллаұлы мұны бірауыздан құптады. Олардың
айтуынша, ескерткішті жасап қою үшін кемінде жарты айға жуық уақыт керек.
Бізде үш тәулік қана уақыт қалған. Сондықтан топ мүшелері олардың бұл
ұсыныстарын мақұл көріп, жұмысты тапсырып кетейік деді. Алайда жұмысшыларға
артық ақша төлеп, мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадырғали Жалайыр
Қадырғали Жалайыри зираты
Қадырғали би Жалайыри
Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Өтеміс қажы
Қадырғали Жалайыри
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
М.Х.Дулати
Қазақ хандығының құрылуы жайындағы жазба деректер
Қадырғали Жалайри
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Пәндер