Ғарышты игеру. Байқоңыр


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ы. Алтынсарин атындағы

№159 жан-жақты профильді гимназия

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ғарышты игеру

Орындаған: Сартаева Н.

Тексерген: Сейітқалиева Б.

Алматы 2006 жыл


Жоспары:

1. Байқоңырдың - қазақ даласындағы ғарыш айлағы.

2. Ғарышты игеруде - қазақтың ғарыш қаһармандары

3. Қорытынды

а) Байқоңырдың бүгінгі қасіреті

Ғарышты игеруде еліміздің ғарыш айлағы Байқоңырдың рөлі үлкен. Байқоңыр құрылысы 1955 жылы басталған ғарыш айлағы 1957 жылы мамырда пайдалануға берілді.

Аты айтып тұрғандай, айлақтың «айналасы қара қоңыр топырақты, шөбі де алтын түстес қоңыр. Ғарыштық старт алаңына орын таңдауда көптеген жағдайлар ескерілді. Біріншіден, ол халық тығыз орналасқан аймақтар мен өндіріс орталықтарынан алыс, екіншіден, Алматы - Москва теміржолының Қызылқұмнан өтетін тура осы маңына таяу. Бұрынғы КСРО-ның, қазіргі Қазақстанның оңтүстігі салыстырмалы түрде экваторға тым қашық емес. Бұндай жағдай ғарыш кемелерін ұшыру барысында жердің айналу жылдамдығын пайдалануға мүмкіндік береді. Ғарыш зымырандары ұшырудың шығыс бағытында экватор жазықтығына 48-ден 81 градусқа дейін еңкейте ұшырылып, орбитаға шығарылады. Бұл жағдайда ұшырылған дене секуінде 316 метр болатын қосымша 4 пайыз орбита жылдамдығына ие бола алады.

КСРО заманында ғарыш кемелерін ұшырудан басқа Байқоңыр стратегаялық мақсаттағы ракета әскерлерінің объектісі ретінде пайдаланылды. 1957 жылдың тамызында айлақтан құрылықаралық баллистикалық зымыран ұшырылды. Бұл әскери істегі нағыз революция еді. Өйткені зымырандар ядролық қаруды жер шарының кез-келген нүктесіне жеткізе алатын. Қазір басқа кезең туды. Қазақстан Республикасы Ресей және АҚШ арасындағы келісім-шарттарға сәйкес әскери ракеталар бөлшектеліп, ядролық қастұмсықтар Ресейге жіберілді. Өйткені еліміз өз аумағындағы ядролық қарудан біржола бас тартып отыр. Жер маңайындағы ғарыш кеңістігін игеруде Байқоңыр Кеңес ғылымын бірінші орынға шығарып отырды. Сол кезден бері әртүрлі елдердің 150-ден астам ғарышкерлері ғарышта болып қайтты. Байқоңырдан «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сипатындағы барлық ғарыш кемелері, «Салют» және «Мир» орбиталық станциялары ұшырылды. Қазақстан жерінен аспанға «Космос», «Протон», «Зонт», «Прогноз» серияларындағы жердің ондаған жасанды серіктері шығарылған болатын. Бұлар халық шаруашылығының ғарыштағы бағларламаларын жүзеге асыру мақсатында орындалды. Олардың байланыс құралдарын, метеорологаяны, биологаяны, қорғанысты, экономиканы дамытудағы маңызы зор болғандығын атап өту қажет.

Ғарыш айлағынан зымрандар ғарыш кеңістігіне қарай басты-басты бес түрлі мақсатпен ұшырылады. Бірі - зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді. Екіншісі - тасымал кемелері. Онымен ғарыш кеңістігіндегі сатыларына қажетті құрал-жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық-түлік, су, киім-кешек, ең аржағы оттегіге дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.

Үшінші - әскери мақсаттағы зымырандар.

Төртінші - байланыс-жер серіктері. Біздің түрлі-түрлі құрылықтармен телефон теледидар араларына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді.

Бесінші - планетааралық ғарыш кемелері.

Қазақстан Республикасының ғарышты игеруге қатысуы біздің ғылымымыздың салмақты екендігін, ең күрделі ғылыми-техникалық міндеттерді өз ғалымдарымыз да шеше алатындығын дәлелдейді. Біз әлемдік деңгейдегі ең күрделі технологияларды жасай аламыз. 80-жылдардың ортасынан бастап «Протон» зымырантасығышының базасында ғарыш кемелерінің жаңа буындарын ұшыратын бағдарлама жүргізіле бастады. Енді орбитаға 20 тоннаға дейінгі дайдалы жүкті шығаруға болады. 1982 жылдың 31 наурызында Жер маңындағы орбитаға әлемдегі бірінші «Квант» астрофизикалық модулі шығарылды. Ол «Мир» орбиталық станциясымен түйілісті. 1982 жылдың 15 мамырында старттық массасы 2 мың тоннадан асатын жаңа әмбебап «Энергия» зымырантасығышы ұшырылды. Бұл зымыран орбитаға 100 тоннадан астам пайдалы жүк алып шыға алады. Шынтуайтында, бұл ғарышты игерудің жаңа дәуірінің басы еді. Байқоңырдан Күнді, Айды, Қызыл жұлдызды, Шолпанды, Галлей кометасы сияқты кометаларды, шағын планеталарды, астероидтарды зерттейтін ғарыш аппаратгары бар зымырандар ұшырылуда. Бұл аппараттар алыс ғарышты, шоқжұлдыздар мен галактикаларды зерттейді.

Байқоңыр - бүгінгі таңда халықаралық ғарыш айлағы. Одан әртүрлі елдердің ғылыми және коммерциялық зерттеу бағдарламалары бойынша Жердің жасанды серіктері, сондай-ақ АҚШ, Германия, Франция, Үндістан ғарышкерлерінің интернационалдық құрамы мен ғарыш кемелері ұшырылды. Алғашқы ғарыштық туристер де көк жүзінде самғауда.

ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ҒАРЫШКЕРІ

ТОҚТАР ӘУБӘКІРОВ

Егеменді де тәуелсіз Қазақстанның ғарыш беттін алғаш рет тұғыш қазақ ғарышкері, Кеңестер Одағының батыры Т. Әубәкіров 1991 жылдың 2 қазанында ашты. Өзінің осы ұшуы арқылы еліміздің тәуелсіздік пен бостандыққа қол жеткізгенін жалпақ ғаламға паш етті.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылдың 27 шілдесінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының 1-Май колхозында өмірге келген. Колхоз ұстасының ұлы, жастайынан ұшқыш болуды армандаған Тоқтар еңбек жолын Теміртау құю механика заводында токарь болып бастайды, «Армавир әуе қорғанысы» ұшқыштарының жоғары әскери авиациялық училищесін 1969 жылы бітіргеннен кейін, КСРО Әуе қарулы күштерінде қызмет етті. КСРО Авиациясы өнеркәсібі министрлігінің сынақшы үшқыштар мектебін 1976 жылы, Москва ивиация институтын 1979 жылы бітірген. Сөйтіп инженер-гидромеханик мамандығын алады. «Авиатасығыш кемелердегі қондырғының жарық техникалық жүйесі. Ұшу құралын әзірлеу әдістемесі» деген тақырыпта каңдидаттық диссертация қорғаған. 1976 жылдан 1992 жылдың ақпанына дейін Т. Әубәкіров М. Громов атындағы ғылыми-зерттеу институтының Л. Микоян атындағы атақты тәжірибелі конструкторлық бюросының сынақшы ұшқышы болды. Ұшақтардың 50-дей түрін меңгерген. 1988 жылы «МИГ-31-мен» ( олтүстік Полюс аймағына дүниежүзінде тұңғыш рет қонбай ұшып өткен. 1989 жылы «Тбилиси» авиатасығышында «МИГ-29»-ды ұшырып, қондырған. «МИГ-29» және «СУ-27» ұшақтарымен өте күрделі де қиын сынақ ұшулары үшін Тоқтар Әубәкіровке Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. 1991 жылы ол ғарышкерлер отрядына тіркеліп, Ю. А. Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында қызмет істеді. 1991 жылдың 2-10 қазанында «Союз ТМ-13» кемесінде Кеңес-Австрия экипажының сынақшы ғарышкері болып ғарышқа ұшты. Ғарышқа қаһармандықпен көтеріліп қайтқан Тоқтар Әубәкіров, өкінішке орай, екінші мәрте Кеңес Одағы Батыры атағын алып үлгірмей қалды. Өйткені бұл оқиға алып державаның тарқаған кезіне тұспа-тұс келген еді.

Қазақ халқының батыр ұлы Тоқтар енді өз отаны тәуелсіз Қазақстанда қызмет етуде. Авиацияның генерал-майоры, КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (1994 жылдың қазанынан) Тоқтар Әубәкіров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, қорғаныс жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары, ғылым және жаңа технологиялар министрінің орынбасары, Ғарыштық зерттеулер агенттігінің бас директоры болды.

Тоқтар Әубәкіров Кеңестер Одағы Батырының жұлдызымен, «Халық қаһарманы» жұлдызымен, Ленин, Октябрь революдиясы, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Ол өзінің Қазақстаны туралы «Мен өз халқымның бақытты болғанын көргім келеді. Көп ұлтты, ғылымға құмар, жоғары технологаялық өндірісі бар мемлекет ретінде көргім келеді», - дейді.


Қазақтың екінші ғарашкері Талғат Мұсабаев бортинженер ретінде «Союз ТМ-19» ғарыш кемесімен көк аспанның тұңғиығына тұңғыш рет сапар шеккен болатын.

Талағат 1996 жылдың 29 қаңтарында екінші рет ғарышқа аттанды. Бұл жолы ол «Союз ТМ-27» деп аталатын ғарыш кемесін өзі басқарады. Алғашқы сапарда 125 тәулік ғарышта жұмыс істеді. Екі рет кемеден тыс, ғарыш кеңестігіне шығуға тура келеді. Тығырыққа тірелген тұстар да аз емес. Бәрінде ал, ырлықпен жол таба білді. Екінші сапарда 207 тәулік бойы ғарыш кеңістігінде қалықтады.

Талғат Қазақстанға қатысты ғарыштық ғылыми-зерттеу бағдарламасын толық орындады. Бүгінгі оның кеудесінде «Ресей Федерациясының Батыры», «Халық қаһарманы» алтын жұлдыздарымен қоса бірнеше орден, медельдар жарқырайды. 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы селосында дүниеге келген Талғат 1968 жылы Алматыдағы №58 мектепті бітіргеннен кейін Ритадағы Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі. 1974 жылы оны тәмәмдаған соң Боралдайдағы азаматтық авиация жасағы бірлестігіне радио саласының инженері болып жұмысқа орналасады. 1975 жылы осы бірлестіктің косомол комитетінің хатшысы болып сайланады. Бір жалдан кейін қазақстанның азаматтық авиация басқармасының саяси-тәрбие бөліміне нұсқаушы болып тағайындалады.

Бос уақытында ол Аламатыдағы ДОСААФ мекемесіне келіп ұшақ спротымен айналысатын. Сөйтіп жүріп ол Мәскеуге хат жазып, өзін Ю. А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын орталыққа қабылдауын өтінеді. Ондағылар мұны әскери ұшқыш емессің деп бетін қайтарып тастайтайды. Соған қарамастан ол ұшақ спорты бойынша «КСРО спорт шебері» атағын алады. 1984жылы КСРО чемпионы атанады. Қазақстаннан бұрын соңды мұндай спортшы шықпаған.

1986 жылы Талғаттың денсаулығын арнайы тексеру үшін Мәскеудегілер айналыса бастайды. Бұл аралықта ол қарап жүрмей Азаматтық авиацияның оқу-жаттығу жасағында оқып, азаматтық авиацияның ұшқышы деген куәлік алып үлгереді. Сөйтіп, «АН-2», «ТУ-134» ұшақтарымен ұшып, оларды басқарып тәжірибе жинақтай береді.

1990 жылдың 11 мамырында Талғатты Бас медициналық комиссия тағы тексеруден өткізеді. Бұдан кейін Азаматтық авиация министрлігі оны Ғарышкерлер дайындайтын орталыққа ұсынады. Сол жылдың қазан айынада армандаған оқуына қабылданады. Келесі жылы ғарышкер-зерттеуші деген құжатқа ие болады.


ҚОРЫТЫНДЫ

«Байқоңырдан» 1200-дей ғарыш аппараты мен 1186 континетарлық баллистикалық зымыранды ғарыш көгіне самғатыпты. Бұл зымыран тасымалдаушы «Протон» секілді кемелерді қоспағанда. Шынында, ғарыш қазба байлыққа, ауа райын болжау, экологиялық зерттеу, дақылдар шыдамдылығын анықтау, теледидар, радио, интернет, электронды почта, телефон байланысына қызмет ететін көрінеді. Ресей үшін оның ең маңыздысы әскери міндеттерді шешуге қытыстылығы болар. Статегиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді, навигациялық координатты анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байқоңырдың экологиялық проблемасы
Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
Байқоңыр
Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық-құқықтық қорғау
Ғарышты қорғау мәселесі туралы
Байқоңыр қаласының статусы
Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
Қазақтың тұңғыш жер серігі Kazsat пен Байқоңыр болашағы
Байқоңыр айлағының экологиялық мәселелері
БАЙҚОҢЫР КОМПЛЕКС ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz