Қадыр Мырзалиев


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
‭ ‬Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған.‭ ‬Ол атақты қазақ ақыны,‭ ‬халық жазушысы.‭ ‬Қаз МУ-дың‭ ‬ филология факультетін бітірген.‭ ‬1958-1993‭ ‬жылы‭ ‬Балдырған‭ ‬журналында әдеби қызметкер,‭ ‬Жұлдыз‭ ‬журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі,‭ ‬жауапты хатшы болды.‭ ‬Мырзалиевтің алғашқы өлеңі‭ ‬1954‭ ‬Пионер‭ ‬журналында жарияланған.‭ ‬Ол‭ ‬Ақ отау‭‬,‭ ‬Домбыра‭‬,‭ ‬Қорамсаң‭ ‬т.б.‭ ‬шығармаларын жазды.‭ ‬Ол шетел елдері үшін ең атақты адам.‭ ‬Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.

Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың.‭ ‬Біздің бұл сөзімізге шегі барлар балалар бақшасын кеше аттаған балдырған бөбегінің тіл ашар тақпақтарын тыңдасыншы.‭ ‬Сонда солардың аузыңдағы бала көкірегіне салмақтысы,‭ ‬оңай айтылып,‭ ‬қиынды ұқтырар ойнақысы‭ ‬,‭ ‬тал бойында бір мін жоқ көркемі мен жинақысы Қадыр қаламынан шыққан болып шығары даусыз.‭ ‬Оның қаламынан туған ертегілер мен балладалар‭ ‬,‭ ‬сюжетті өлеңдер мен пейзаждар,‭ ‬мысалдар мен мазақтамалар,‭ ‬жаңылтпаштар мен‭ ‬жұмбақтар,‭ ‬санамақтар мен диалогтар қазақ балалар‭ ‬әдебиетінің классикасына қосылып,‭ ‬сәби оқушының рухани тәбетін ашып,‭ ‬ой-санасын оятар хрестоматиялық үлгілерге айналды.

Ер жетіп келе жатқан ұлдары мен бой жетіп келе жатқан қыздары бар ағайын солар айтып жүрген әндері мен жаттап жүрген жырларына,‭ ‬сезім ұштар сырларына құлақ тосып көрсінші.‭ ‬Сонау ұлы Абайдан бермен қарайғы‭ ‬құлақтан кіріп бойды алар‭ ‬сиқыр сазды наз жырлардың ең саңлақтырының‭ ‬арасынан тағы да Қадыр қаламы ен таққан сүлей туындыларды мол ұшырастырамыз.

Тіпті жастарды қойып,‭ ‬егделенген өзіміздің де қиялымыз қырық саққа жүгіріп‭ ‬,‭ ‬қатпары мен қалтарысы көп,‭ ‬тіршіліктің небір шытырман‭ ‬,‭ ‬шырғалаңдары кес-кестеп,‭ ‬дағдара қалған сәттерде арғы-бергіден ақылдасар сырлас іздеп,‭ ‬ұйтқыған‭ ‬ сезімге басу,‭ ‬тоқыраған көңілге демеу дәметіп,‭ ‬бағы Бұқар мен батыр Махамбеттен бермен тартқан дуалы ауыздарға жүгінгенде алдымен көңілге оралып,‭ ‬қолға ілігетіндердің санаулы санатынан тағы да Қадыр табылады.‭ ‬Бұл бұл ма,‭ ‬ұзын кепті‭ ‬қысқа қайырып,‭ ‬төбеден түскендей төте айтылар уытты ой,‭ ‬даусыз бәтуа іздегенде ықылым заманнан ыждаһатпен жиналған асыл сөздер,‭ ‬мақал-мәтелдермен жарысып,‭ ‬Қадырдан тұтқиыл тұжырымдары мен мүлтіксіз атар ақ мылтықтын оғындай дөп тіркістері тілдің ұшына өз-өзінен орала кететінін қайтерсіз...

Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап,‭ ‬әріпті көзілдіріксіз көрмейтін қарияға дейінгінің бәрі біледі.‭ ‬Өзін білмесе де сөзін біледі.

Танымал болудың жолы көп.‭ ‬Даулы тақырып,‭ ‬даңғаза пафос,‭ ‬қитұрқы сөз,‭ ‬қиқар мінез,‭ ‬қызыл көрсе қаралай сұғынған ашқарақтық,‭ ‬өзін көрсетер жер,‭ ‬өзіне бас шұлғыр ел іздеген жиыншылдық...Жә,‭ ‬санап тауысуың мүмкін емес.‭ ‬Бір ғажабы:‭ ‬Қадыр соның бәрінен ада.‭ ‬Ол дүбір мен дүрмектен қашпаса,‭ ‬жүгірмейді...Бірақ,‭ ‬соған қарамастан,‭ ‬кеңінен танымал...Ең ғанибеті:‭ ‬көптің назарына өзі жүгіріп танымал болып‭ ‬жүрген‭ ‬жоқ,‭ ‬оның жыры мен сырына көптің өзі жүгіріп танымал болып жүр.

Мұндай даусыз даңқ,‭ ‬татаусыз танымалдықтың сыры неде‭? ‬Оның сыры тағы да сол Қадыр талантының‭ ‬қарапайымдалығында.‭ ‬Қадыр Мырзалиевтің‭ ‬Бұлбұл бағында‭‬ өлеңінде бір сырлы шумақ бар:

Жүйрік арман қуып жете қалсаң-ақ,
Жалт береді,
Соның өзі бір сабақ‭!
Осалдар жүр өзін жұрттан артық деп,
Ал мықтылар өзін жұрттан кем санап‭!
Тап-таза шындық‭!
Алдымен,‭ ‬азамат ойдың айдынында ешқашан арман таусылмақ емес.‭ ‬Ардан туған адам әрқашан арман қуады және арман қуудан жалықпайды,‭ ‬туғаннан өлгенге дейін қуады және сол арманның шегіне жетпейді,‭ ‬жетсе де жеткенін сезбейді.‭ ‬Арманым жоқ дейтіндер‭ ‬қателеседі,‭ ‬яки өтірік айтады.‭ ‬Адамның арманы болмаса,‭ ‬ертеңі болмағаны‭; ‬арманы бітсе,‭ ‬ертеңі,‭ ‬бітеді,‭ ‬мақсаты түгесілгені‭; ‬арманның таусылған жері-адамның өлген жері.‭ ‬Саналы кісіге мұның өзі сабақ екені рас.

Үлкен‭ ‬мықтылық иесінің бірі-Қадыр.‭ ‬Дәлірек айтқанда,‭ ‬Қадырдың қадірі-мықтылығанда.

Қадырдың мықтылығының бір дәлелі:‭ ‬Қадыр өлең өлкесіне күйбеңсіз,‭ ‬кібіртіксіз,‭ ‬тіпті ешқашан ешбір жаттығу жасамағандай бірден кәнігі шебер қалпында келеді.‭ ‬Мұны біз тұңғыш рет Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясында танып-білген едік.

Күні кеше‭ ‬сөз сиқырын‭ ‬үйреткен шабытты шақтарда Ұлы ұстаздың өзі шынтақ сүйеген биік мінбеге киіктің асығындай ғана шып-шымыр қара бала жүгіріп шыққан емес,‭ ‬тура шиырылып түскендей...дік етіп алшысынан тұра қалды да,‭ ‬ағытыла жөнелді:

‭‬Адам жылап туады,‭ ‬жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі,‭ ‬өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап,-жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде,-жақсылар бар қимайтын‭

Жым-жырт тұна,‭ ‬тына тыңдаған дүйім жұрт кенет ду-ду етіп,‭ ‬зал іші самал шайқаған көлдей теңселді де кетті.‭ ‬Жұрттың бәрі бір деммен тыныстады.‭ ‬Әлгі шумақты тыңдаған әр адамға қас пен көздің арасында бұрын ешкім айтпаған бір сыр айтылып,‭ ‬ешкім ашпаған бір шындық ашылды да қалды.‭ ‬Өлең әркімді өзінің өзгеше философиялық тереңіне тартып,‭ ‬оқыс ойға шомдырды да қойды.

‭ ‬Жаным-ау,‭ ‬жанартау ғой мынау‭ –‬деп қақты көп ішінен бір білгіш.-Жаңғалы,‭ ‬жалындағалы‭ ‬ тұрған жанартау ғой‭!

Дәл осы тұста Қадыр да дәл осыған үндес тағы бір тылсым сыр ашып,‭ ‬тағы бір қызық түйін тұрған:

‭‬Жанартаудың сөнгендері-даңқты,
Атылмаған жанартаулар-қауіпті‭

Енді жұрт дуылдамай,‭ ‬үнсіз ойланды.‭ ‬Тағы да сыр,‭ ‬тағы да шындық.‭ ‬Әркім-ақ айтуға болатын,‭ ‬бірақ айтылмаған сыр‭; ‬әркім-ақ ашуға болатын,‭ ‬бірақ ашылмаған шындық.‭ ‬Жалғыз-ақ тыңдаушылар осыны табан аузында талдап түсініп отырған жоқ,‭ ‬тамсана түйсініп отыр еді...

Сол кештен күні бүгінге дейін Қадыр-ақын қалың оқырманын таңдадырудан,‭ ‬тамсандырудан бір жаза басып көрген жоқ.‭ ‬Неге‭?

Асылы,‭ ‬адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді:‭ ‬бірі-өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту‭; ‬екіншісі-өзге ешкімге ұқсамай,‭ ‬тек өзінше айту.‭ ‬Осы екі мақсат орындалған жерде ғана шын мәніндегі әдеби туынды бар.‭ ‬Шын мәніндегі әдеби туынды дегеніміздің,‭ ‬Леонид Леонов айтқандай,‭ ‬мазмұн жағынан‭ ‬жаңалық ашу,‭ ‬пішін жағынан‭ ‬өнер табу‭ ‬болатын себебі де сондықтан.

Енді турасына көшсек,‭ ‬мүбәда қазақ поэзиясына осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп,‭ ‬соңғы жылда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан,‭ ‬тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса-бірі,‭ ‬біреу болса-өзі-Қадыр Мырзалиев.Бір кезде‭ ‬өзінің түлеп ұшқан ұясы Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясы ғана білетін кәдімгі бала Қадырдың бүгінде бүкіл елі-туған халқы тұтас таныған қадырлы дана Қадырға айналу себебін де дәл осы арадан іздеген жөн.

Демек,‭ ‬қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты,‭ ‬қуатты оркестр десек,‭ ‬мұның құрамындағы Қадыр музыкасының қайталанбас өз үні,‭ ‬машығы мен мәнері,‭ ‬айшығы мен өрнегі бар‭; ‬Қадыр лирикасының сыңғыры бөлек,‭ ‬сыры терең.

Қадыр Мырзалиев соңғы ширек ғасырда қатарынан қаздай тізілтіп он кітап берді:‭ ‬Ақ отау‭‬,‭ ‬Бұлбұл бағы‭‬,‭ ‬Ой орманы‭‬,‭ ‬Дала дидары‭‬,‭ ‬Көкпар‭‬,‭ ‬Жерұйық‭‬,‭ ‬Қызыл кітап‭‬.‭ ‬Мұның‭ ‬бәрі,‭ ‬әрине,‭ ‬қолыңыздағы таңдамалы томдарға сыйған жоқ.‭ ‬Ал сыйған кітаптардың бірі болмаса біріне аздап көз тоқтатқанның өзінде де әрқайсысының шежірелік мағынадағы шалқар мазмұн тұтыстығы,‭ ‬симфониялық сипаттағы сұлу композициялық құрылымы адам таң қалғандай.‭ ‬Сонымен қатар бұлар жеке-жеке тұрғанда ақынның ондаған жыл бойы үздіксіз өнуін,‭ ‬өрбуін,‭ ‬өсуін көрсететін эволюциялық сатылар секілді де,‭ ‬бәрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадыр Мырзалиев ақындық шеберлігі
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Қадыр Мырза Әли - балалар ақыны
Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат
Қ. Мырзалиевтың философиялық лирикасы
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ - КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы
Қадыр Мырза Әлінің балалар поэзиясына арналған шығармаларын жинақтарынан топтастыру
Қадыр Мырза Әли өлеңдері
Пәндер