Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
I тарау
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда математика сабақтарының мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II тарау
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1. Математика сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда математикадан сыныптан
тыс жұмыстарының жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Зерттеу көкейкестілігі. Еліміздің білім беру саласындағы негізгі өзгерістер нарықтық экономикаға тез бейімделе алатын педагогикалық-психологиялық негіздері тұрақты, халықаралық білім кеңістігінде кіріктіруге ыңғайлы жаңа ұлттық сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға, оқыту үрдісінің сапалылығының арттыруға, жастарды кәсібі еңбекке дайындауға бағытталған.
Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы осыған дейін ондаған жылдар бойы қойылып келген талаптан әлде қайда өзгеше. Бастауыш мектеп –– орта мектептің органикалық құрамдас бөлігі, тұңғыш баспалдағы. Сондықтан да бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы табиғи нәрсе.
Ол талаптарды орындау оқыту үрдісінде оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, интелектісін жан-жақты дамыту, ғылым негізінде сапалы зерделеу, түрлі шығармашылық әрекеттерді дамыта отырып, олардың өз бетіндік –– танымдық белсенділіктерін арттыру негізінде іске асырылады.
Мектепте оқытылатын әр бір пәннің осы мәселені шешуде өз үлесі бар. Математиканы оқытуда бастауыш сынып оқушылардың ғылым негізінде нәтижелі зерделеудегі дайындық деңгейін арттыруда оқушылардың өзіндік шығармашылығының алатын орны ерекше.
60-жылдары бастауыш білім беруді жетілдіру жолдарын іздестіруде белгілі ғалымдар Л.В.Занковтың, Д.Б.Элькониннің және т.б. ғалымдарының басшылықтарымен жүргізілген зерттеу жұмыстары бастауыш білім берудің дәстүрлік мазмұны төменгі сынып оқушыларының интелектуалды өсуін тежейтінін және олардың танымдық мүмкіндіктерінен анағұрлым төмен екенін көрсетті.
Осыған орай, бастауыш мектеп бағдарламасының өзгеруіне байланысты көптеген математик - әдіскерлер (Ю.М.Колягин, М.И.Моро, К.И.Нешков, А.М.Пышкало, А.Д.Семушин, Қазақстандық оқымыстылар Т.К.Оспанов, С.Е.Шәкілікова, және т.б.) математика пәнінде оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

1. М.А.Бантова, Г.В.Бельтюкова, А.М.Полевщикова «Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы». Алматы «Мектеп» 1978.
2. Т.К.Оспанов «Бастауыш кластарда математиканы оқыту» Алматы «Мектеп» 1987
3. Г.Е. Нұрмұханова Афтореферат. Алматы 2006ж
« Қазіргі кезеңде мектеп оқушыларының математикаға деген шығармашылық қабілетін қалыптастыру»
4. М.Б.Қадырова Афтореферат. Алматы 2006 ж.
« Оқушылардың шығармашылық әрекетіне бағытталған өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру»
5. «Бастауыш мектеп» журнал № 5-6, 2007. 8-11 бет
6. «Бастауыш мектеп» журнал № 1 2006. 7-9 бет
7. «Бастауыш білім» журнал № 1-2006. 3-5 бет
8. «Бастауыш сыныпта оқыту» журнал № 5-2007. 2-3 бет
9. «Бастауыш мектеп» журнал № 2 2006. 32-33 бет

Жоспар
Кіріспе бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 3
Негізгі бөлім
I тарау
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың
ғылыми теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың
теориялық негізі ... ... ... ... ... ... 7
2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда
математика сабақтарының мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9
II тарау
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың
әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1. Математика сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда
математикадан сыныптан
тыс жұмыстарының жолы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
Қорытынды

... ... 25
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27
Зерттеу көкейкестілігі. Еліміздің білім беру саласындағы негізгі өзгерістер
нарықтық экономикаға тез бейімделе алатын педагогикалық-психологиялық
негіздері тұрақты, халықаралық білім кеңістігінде кіріктіруге ыңғайлы жаңа
ұлттық сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға, оқыту үрдісінің сапалылығының
арттыруға, жастарды кәсібі еңбекке дайындауға бағытталған.
Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы осыған дейін ондаған жылдар
бойы қойылып келген талаптан әлде қайда өзгеше. Бастауыш мектеп –– орта
мектептің органикалық құрамдас бөлігі, тұңғыш баспалдағы. Сондықтан да
бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін
дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы
табиғи нәрсе.
Ол талаптарды орындау оқыту үрдісінде оқушылардың ой-өрісін
кеңейтіп, интелектісін жан-жақты дамыту, ғылым негізінде сапалы зерделеу,
түрлі шығармашылық әрекеттерді дамыта отырып, олардың өз бетіндік ––
танымдық белсенділіктерін арттыру негізінде іске асырылады.
Мектепте оқытылатын әр бір пәннің осы мәселені шешуде өз үлесі бар.
Математиканы оқытуда бастауыш сынып оқушылардың ғылым негізінде нәтижелі
зерделеудегі дайындық деңгейін арттыруда оқушылардың өзіндік
шығармашылығының алатын орны ерекше.
60-жылдары бастауыш білім беруді жетілдіру жолдарын іздестіруде
белгілі ғалымдар Л.В.Занковтың, Д.Б.Элькониннің және т.б. ғалымдарының
басшылықтарымен жүргізілген зерттеу жұмыстары бастауыш білім берудің
дәстүрлік мазмұны төменгі сынып оқушыларының интелектуалды өсуін тежейтінін
және олардың танымдық мүмкіндіктерінен анағұрлым төмен екенін көрсетті.
Осыған орай, бастауыш мектеп бағдарламасының өзгеруіне байланысты
көптеген математик - әдіскерлер (Ю.М.Колягин, М.И.Моро, К.И.Нешков,
А.М.Пышкало, А.Д.Семушин, Қазақстандық оқымыстылар Т.К.Оспанов,
С.Е.Шәкілікова, және т.б.) математика пәнінде оқушылардың шығармашылығын
дамыту жолдарын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Егер оқу үрдісінің басты мақсаты –– жан-жақты дамыған саналы
азамат дайындау болса, оның негізінде нәтижелі іс-қимылдар арқылы жүзеге
асатын шығармашылық әрекет жатады. Шығармашылық әрекеттің негізгі
сипаттамаларын, оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттерді, мүмкіндіктерді
И.Я.Лернер, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.И.Словодчиков, Ю.Г.Юдина, А.Н.Лук өз
еңбектерінде қарастырады. Шығармашылық әрекетті қалыптастырудың кейбір
аспектілерін Қазақстан ғалымдары да зерттеді. Б.А.Тұрғынбаева
диссертациялық жұмысында шығармашылық үрдістің кезеңдерін топтастырса,
Ә.Ә.Сағынбаева шығармашылық іс-әркетті қалыптастыруға кері әсер ететін
кедергілерді топтастырады. Қ.Әбдібекқызы оқушылардың шығармашылық
қасиеттерін сөз өнеріне баулу, үйрету үрдісінде қалыптастыруда қарастырады.
Яғни оқушылардың шығармашылық әрекеті туралы зерттеу жұмыстары баршылық.
Дегенмен, тәжірибе жөнінде жақсы үлгеретін оқушылардың шығармашылық
әрекетін дамытуда өзіндік жұмысты жаңа қырынан қарастырып, ғылыми
педагогикалық проблема ретінде шешімдерін іздестіру қажет.
Ал қазіргі бұл тақырыпты зерттеп отырғандар тек теориялық
тұжырымдамалар жасауда, ал оны практикада, оқыту барысында үнемі
қолданбауда. Сондықтан да қазіргі уақытта мектептерде мұғалімдер
оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында қосымша тапсырмалар мен
дидактикалық шарттарды қолдануды назардан тыс қалдырып отыр.
Демек, мектептердегі бастауыш сынып оқушыларына оқу-тәрбие жүйесінде
жеткіліксіз пайдаланылуы, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын даму
қажеттілігі және шығармашылық деңгейде жұмыс істеуін ұйымдастыру мен оны іс-
жүзіне асыруға қажетті жағдайдың толық болмауы арасында қарама-қайшылықтар
бар екенін аңғартады. Бұл қарама-қайшылықты шешудің жолдарын іздестіру
зерттеу мәселелерінің көкейкестілігін айқындайды. Сол себептен, мен курстық
жұмысымның тақырыбын ’’Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық
қабілетін дамыту ’’ деп таңдауды жөн көрдім.
I тарау
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми
теориялық негіздері
Шығармашылық іс-әрекет –– шәкірттің білімге, нәтижеге жетуге деген өте
белсенді, дербес танымдық іс-әрекеті. Оқушылардың шығармашылық дербестігі
–– оны танымдық іс-әрекетті оңтайлы ұйымдастырумен, оқу жұмысына
шығармашылық мақсат қою, оны жүзеге асыруда көптеген қасиеттерді:
ізденімпаздық, шабыт, мақсаткерлік, қызығушылық және өмірлік белсенді
ұстаным, танымдық шығармашылық біліктерді талап етеді.
Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесінде шығармашылық іс-әрекет
нәтижелері оқушының жеке тұлғасына, біліктердің жетілуіне психологиялық
механизмдер арқылы оң әсерлері бар рефлекция нәтижесінде өз әрекетіне және
сол әрекеттің бірлестік іс-әрекет мазмұны мен формасына сәйкес көзқарастары
қалыптасатыны анықталып отыр.
Шығармашылық дербестік категориясы бірқатар психологиялық педагогикалық
екбектерде қарастырылып өткен (С.Л.Рубенштейн, Г.И.Щукина, Л.И.Божович,
А.Н.Леонтьев, Н.А.Половкина т.б.)
Ғалымдарының тұжырымдарын ғылыми еңбектер мен ізденістер нәтижелерін
саралай отырып, шығармашылық іс-әркеттер қоғамда пайда болған жаңа
проблемаларды шешуде іске асады және жас ұрпақтың дамуына әсерін тигізетін
адами құндылық деуге болады.
Шығармашылық іс-әрекет білім мен іскерлік біліктілік тәжірибесінен
көрінеді. Ғылыми еңбектер мен өз тәжірибелеріміз негізінде оқушылардың
шығармашылық іс-әрекеті құрылымын былай көрсетуге болады: қажетсіну,
қызығушылық, белсенділік, ізденімпаздық, шығармашылық дербестік. Мұны
мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті құрылымының іргетасы ретінде есептеуге
болады. Себебі, мұғалімнің ғана бағыттаушылық, педагогикалық іс-әрекеті
негізінде ғана нәтижеге жетуге мүмкіндік болады, оны аталған іс-әрекеттен
бөліп қарастыруға болмайды.
Оқыту процесі ––– екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік
жұмысы, қабілет іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың
ізденімпаздылығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек
етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың
өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері ––– олардың ықыласына және өз
еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтты. Оқушылардың өзіндік
жұмысының жоғарғы формасы олардың өз еркімен амал тәсілдер қолданып
жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын
таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана
білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б.
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың алғы шарты болып
табылады.
Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу дағдылары мен шеберлігі
өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз
кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды
орындау процесінде қалыптасады.
Оқушы белсендірудің қандай да бір тәсілі мен әдістерін пайдалануда
оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді,
танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады. Оқушыға
оның таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігіне жоғары, білім деңгейінен
анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ізденімпаздығын қалыптастыруда
сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ай, пәндік
апталықтар мен ғылыми шығармашылық апталық, жобалар пәндік үйірмелер мен
факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың
қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық
ізденімпаздылығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген
жұмыс түрлерін пайдалану –– олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра
алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және
техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс
қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың
теориялық негізі
Зерттеу барысында философиялық сөздікте шығармашылық қабілетке мынадай
анықтама берілген: ғылымда, техникада, өнерде, еңбек қызметінің сан қилы
салаларында шығармашылық –– адамның жасайтын жаңа, тың дүниелерінің
заңдылықтарын зертейтін саласы. Сондай-ақ ілім мен ойынның шығармашылық
сәттері де шығармашылық қабілетінің объектісі бола алады.Шығармашылық
қабілеттер идеалистік теорияларда шығармашылықты жекелеген адамдарға тән,
түсіндіруге келмейтін құбылыс деп қаралды; еңбектің немесе кез-келген
қызметтің, оның ішінде ойлаудың маңызы жоққа шығарылды; жаңалық ашу
өздігінен немесе түсініктің ғайыптың күшімен туындайды деп есептелінді.
Материалдық шығармашылық қабілеттер процесі кезінде санамен түсіндіруге
келмейтін әрекеттің орнын жоққа шығармайды, бірақ жетілген формадағы
шығармашылықты еңбектің нәтижесі деп қарайды. Шығармашылық қызметтің себебі
мен мақсаты қоғамның қажеттерінен туындайды, ал ғылым, өнер салаларындағы
қайсібір шығармашылық мәселелерді шешудің мүмкіндігі қоғамның даму
барысында осылар үшін қолайлы жағдайлар туындағанда табылады. Алайда,
шығармашылық сәті деп, көбінесе бұған дейін, заттар мен құбылыстардың
қасиеті мен байланысында белгісіз болып келген жаңа тәсілді, амал
қолдануды, әрекеттік әдісті ашу деп келді.Шығармашылық қабілет адамнан
барынша табандылықты, білімді, қабілетті талап етеді. Өзіңді бұлайша арнау
көптеген жазушылар мен философтардың айтып жүргеніндей, еріктің қуатынан
және өзіне тән әсерлену күйінен көрінеді.
Шығармашылық қабілет –– қабілет түрлерінің бірі, субъективті жаңа
өнімнің жасалуымен және оны жасау жөніндегі танымдық іс-әрекеттің өзіндегі
жаңа түзілімдермен сипатталады. Бұл жаңа түзілімдер мотивацияға,
мақсаттарға, бағалауларға, мағына мәндерге қатысты. Шығармашылық қабілет
дайын білімдер мен біліктерді қолдану процестерінен, репродукциялық қабілет
деп аталатынынан ерекшелініледі.
Шығармашылық ––– оқушының танымдық қабілеттеріне моти-вациялық тұрғыдан
басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Оқушының шығармашылық қабілетінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын
аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық
белсенділігі арта түседі.Оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасқанда
баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.
Шығармашылық қабілеттік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі
табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін
көрсетеді.
Шығармашылық қабілеттік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне
отырып, үнемі ізденіп,белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына
мүмкіндік туғызады. Шығармашылық қабілеттік адам өмірін жаңа деңгейге
көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды
эмоционалдық көңіл-күй орнатады.
Шығармашылық қабілеттік жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде
оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік
қуаты оның ерік жігерінің, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын
белсендіретін қызықты интелектуалдық іс-әрекетінде көрініс табады. Ол жеке
тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуіне
ықпал етеді.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда
математика сабақтарының мүмкіндіктері
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әр бір оқушыда
сапалы және терең білім мен іскерлікті болуын, олардың шығармашылықпен
жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге
ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп оқушыларына білім берумен қатар,
олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі
тұр.
Математика пәнінің қарастыратын объектісінің табиғат заңдарымен,
байланыста болуы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың зор
мүмкіндіктерін туғызып, олардың жоғарғы деңгейдегі іс-әрекеттерін қажет
етеді. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын оның іс-әрекетін
шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін математикалық есептерді
шығарудың мәні зор.
Математикалық есептерді мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына,
қиындық дәрежесіне қарай классификациялау мәселенің негізгі жағын –– есепті
шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатын ескермейді. Барлық математикалық
есептер есепті шығарушы оқушы іс-әрекетінің сипатына қарай шығармашылық
және жаттығу есептері болып бөлінеді.
Есеп шығару балаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыруда олардың
бағдарлама анықтап берген теориялық білімді игеру өте маңызды.
Ал, шығармашылық есептердің мәнінде жасырын жатқан заңдылықтарды
ұғыну мақсатына оқушының танымдық ізденістегі іс-әрекеті оның қарапайым
өзгеше шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Шығармашылық есептері оқушы
санасында білімнің логикалық құрылымын ғана емес, ақыл-ой қызметінің
эвристикалық тәсілдерінде қалыптастырады.
Оқушының шығармашылық есепті шығару мен оның мүмкін нәтижелерін
алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекетін талпысын тұғызады.
Математикалық есептерді шығаруда оқушының сұранысы есепті шығаруға
қойылатын талаптар арқылы тудырылады. Мұнда шығармашылық есептердің
қарапайым есептерден айырмашылығы –– оқушының есепті шығарудағы іс-
әрекеттің тек сыртқы талаптарымен ғана шектеліп қалмауын ескеру қажет.
Басқаша айтқанда, оқушының тек есепті шығаруға бағытталған іс-әрекеті
шығармашылық есептердің мазмұнында жасырын жатқан заңдылықтарды ұғынуға
ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы жүзеге асуы қажет.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын
қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту, іскерлігін
арттыру, жалпылай алу, дидуктивті ойлау, логикалық икемділіктер ––
салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру, математика пәнін оқытудың өн-
бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.
Мектеп курсында логика жеке пән ретінде өтілмейді. Логикалық білім
мен дағдыларды қалыптастыруға барлық сабақтардың үлесі бар, олардың ішінде
математика сабағының ара салмағы үлкен.
Логика дұрыс ойлаудың заңдары мен жүйелі де дәлелді түрде
пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, дәлелдеме, пайымдау,
жіктеп саралау сияқты т.б. логикалық амалдарын әр бір оқушы өзінің ойлау
қызметінде қолданып отырады. Оқушы анықтамаларды жаттап, теоремаларды
дәлелдей отырып, дәлелдеумен бөкерлеудің мәні, түрлері және оларды қалай
дұрыс қолдануы туралы әдетте біле бермейді.
Негізгі логикалық терминдер болып табылатын және, немесе,
егер болса онда..., емес, сонда және тек сонда ғана т.б. арқылы
құрастырылған сөйлемдердің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстарды
мақсатты жүргізбейінше мектеп оқушылардың математикалық тілін жетілдіруге
болмайтындығын айта келіп, Д.Ж.Икрамов Теориялық материалды игеруде ғана
емес әр түрлі жаттығулар орындау барысында да негізгі логикалық терминдерді
мектеп оқушыларының саналы түрде қолдана білу ойларын дәл айтуы күнделікті
қолдану тіліміздегі кездесетін көп мағыналық пен түсініксіздерді
болдырмауға мүмкіндік береді деп көрсетеді.
Теориялық және эксперименттік зерттеулер оқушылардың логикалық
білімін дамытудағы ескерілмей қалатын ерекшеліктерінің бірі 5-6
сыныптардағы оқушылардың логикалық мәдениеттілігін тәрбиелеудегі
сабақтастықтың жеткіліксіз екендігін көрсетіп отыр.
Оқыту практикасы көрсетіп отырғандай логикалық білім беруді
бастауыш сыныптан бастау қажет. Оқуышалардың логикалық ойлауын дамытуды
логикалық байланыстардың мағынасын түсіндіруге бастауыш сынып
математикасында мүмкіншіліктер өте көп. Оқушыларға сандар мен есептерге
байланысты жаттығулардан басқа логикалық жаттығуларды да шығарған жөн
екендігіне баса назар аудару қажет.
II тарау
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі
Логикалық есептер кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір
немесе бірнешеу болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де оқушыдан да
аңғарымпаз болуын талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге
сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру
болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа,
еңбектеле білуге тәрбиелейді.
Арнайы формула қолдануға келмейтін, әр қайсысына өзінше талдау
жасауды қажетсінетін есептерді логикалық есептер дейміз.
Математикадан бастауыш сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын
есептер мен тапқырлықты талап ететін шығармашылық, логикалық есептер
астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып,
оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық құлшынысын
арттыратындай, түсіндірілуі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн.
Шығармашылық есеп зерделікке, қиялдауға логикалық ойлауға, тапқырлыққа,
байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы
керек. Сондай-ақ шығармашылық есеп өмірден алынатындығын танытатындай
болуы қажет. Мысалы: 1 сынып оқушыларына Кестелік қосу және азайту
тарауында ойлан тап: * 2 4 түрінде шығармашылық тапсырманы
орындаудың оңай жолы былай болады: Алдымен, жұлдызшаның орнына +
таңбасы қойылады. Сонда жоғарыдағы теңсіздік +2 4 түріне келеді. Енді
’’ ’’ –– нің орнына теңсіздікті тура теңсіздікке айналдыратын қажетті
сандарды табу керек.
Олар:
3 , себебі 3+2 4
4 , себебі 4+2 4
5, себебі 5+2 4
6, себебі 6+2 4
Осы ретпен жалғастыра отырып, бірінші жағдайда ’’ ’’–– нің орнына
3,4,5,6,7,8 сандарын қоюға болатыны анықталды.
Келесі кезекте ’’ ’’ –нің орнына ’’-’’ таңбасын қою арқылы жұмыс
жалғастырылады. Яғни, 7 және 8 сандары ғана 2 жағдайда да тапсырманың
шешімі болып табылады. Демек, шешімі –– 7,8.
Бастауыш мектеп –– бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты
жүретін, еркеше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім ––
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиында қадірлі жұмыс. Бастауыш
мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай оны жалпы дамыту, яғни
сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті
түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге,
дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың басты мақсаты ––
баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті,
қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі болады. Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге
деген бейімі болады.
Бейімділік –– оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың
жасырып, тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау, тек
оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп
дәлелдейді.
Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп
қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Баланы оқу тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі –– бұл көп жылдар
бойы көптеген ғалым психологтардың, педагогтардың, практик-мұғалімдердің
пікірталас тудырып келген және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей
жүрген мәселесі.
Педагогикалық психололгиялық бағыттағы әдебиеттерге, теориялық
материалдарға сүйенсек баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге
асады. Олар:
1. Биологиялық фактор;
2. Әлеуметтік немесе қоршаған орта;
3. Тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.
Ғалымдардың пікірінше осы үш фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу
тәрбие үрдісінің рөлі зор.
Көптеген ғалым педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәжірибесіне
сүйенсек оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең
алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білім, тәжірибелік
шебері мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет
болмаса, жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы
жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел оқушыны дамытуға
бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде жазылған
жаңа оқулықтар. Себебі, мұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына
жете мән беріле бастады.Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін
жете көре білген және ол жөнінде жазған қазақ зиялыларының бірі ағартушы-
ғалым А.Байтұрсынов.
А.Байтұрсыновтың оқу ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның
Бастауыш мектеп, Қазақша оқу жайынан, Мектеп керектері, атты
мақалаларында ашылған.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы
керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін
шығындап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz