Тауар нарығы: құрылымы, негізгі сипаттары, артықшылықтары мен кемшіліктері


Тауар нарығы: құрылымы, негізгі сипаттары,
артықшылықтары мен кемшіліктері
Тауар өндірісі дегеніміз шаруашылықтың түрі, оның өнімдері сату үшін шығарылады, ал өндірушілер мен тұтынушылардың байланысы нарық арқылы ғана жүргізіледі. Нарықтың мынадай типтері болады: дамымаған, ерікті, реттелетін, өзгерген (қисық) .
Нарық - бұл өзін-өзі реттейтін, экономикалық жағынан еркін негіздегі сатушы мен сатып алушылар арасындағы айырбастау, тауарларды (қызметтерді) алып-сату туралы қатынастар жүйесі. Басқа да қызмет жүйесі сияқты оның да өзіне сәйкес (тән) механизмі бар. Нарық механизмінің негізгі элементтері: баға, сұраныс және ұсыныс. Нарықтың күрделі құрылымы бар. Оның классификациясы таңдап алынған критериясына байланысты:
1. Зат алмастыру объектісінің түріне қарай
2. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша
Сатушылар нарығы
Сатып алушылар нарығы
Дәнекерлік операциялар нарығы (сатушылар аралық нарық) .
3. Географиялық белгілері бойынша:
ішкі - аймақтық, жергілікті, ұлттық болып
сыртқы - әлемдік, шекаралық ж. т. б.
Әрбір нарықтың өзіне сәйкес инфрақұрылымы болуы керек - мамандандырылған ұйымдар жүйесі, олардың ішіндегі ең маңыздылары тауарлар биржасы, қор биржасы және банк жүйелері.
Нарық инфрақұрылымға кірітіндер: несиелеу жүйесі; биржалық сауда жүйесі; көтерме және дара сауда мекемелерінің жинағы.
Несилеу жүйесі сақтандандыру компанияларынан, банк жүйелерінен, кәсіп одақ қорларынан және басқа да ұйымдардан құралады.
Банк жүйелерінің бірінші деңгейі Орталық банк, екіншілері - коммерциялық, ипотека, инновациялық инвестициялық және басқа да банктер.
Биржа - бұл заттарды, құнды қағаздарды және валютаны алып-сататын аукцион сияқты жұмыс істейтін ұйымдастырылған түрдегі көтерме нарық. Ол устав негізіне сәйкес биржа комитетінің жетекшілігімен жұмыс істейді. Биржаның клиенттері деп жеке тұлғалар, сауда-өндірістік корпорациялар жән еқаражат-несие институттарв бола алады. Биржалар болады: тауарлық (азық-түлік өнімдер бойынша мамандандырылған) ; қорлық (құнды қағаздармен жұмыс істейтін) ; валюталық (ұлттық валютаны айырбастайтын) .
Сауда биржасынан басқа да, тауарлар нарығы көтерме және дара саудамен айналысатын жеке мекемелер желісін қамтамасыз етеді - жәрменкелерді, аукциондарды, сауда-көрмелерін және т. б.
Нарық экономикасының негізгі артықшылықтары:
-қоғамға қажетті тауарлар мен қызметті өндіру үшін ресурстарды барынша тиімді пайдалану;
-өндіріс жағдайларындағы өзгерістерге икемділік көрсетіп, жылдам бейімделу;
-ғылым мен техниканың жетістіктерін жылдам пайдалану.
Нарықтың негізгі кемшіліктері:
-тауарлар мен қызметті өндіру үшін ынталандырудың жоқтығы;
-қоршаған ортаны қорғаудың механизінің жоқтығы;
-еңбекке кепілдіктің болмауы;
-дамудың тұрақсыздығы - инфляциялық үрдістерге ұшырауы.
Қазіргі шақтағы нарық бір жағынан, капиталды шоғырландырып бизнестің корпаративтік түрін дамытуды ұйымдастырады, екінші жағынан, көптеген майда тауар өндірушілерді сақтайды.
Нарықты (экономиканы) мемлекет тұрғысынан реттеу
Нарықты мемлекет тұрғысынан реттеу - бұл мемлекеттік органдардың мынадай екі негізгі функцияны орындаудағы іс-әрекеттері: нарық механизмінің тұрақты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету; нарық механизмі нашар облыстардың экономикасына әсер ету.
Нарықты мемлекет тұрғысынан реттеу - бұл нарық механизмінің қолайлы жағдайда жұмыс істеу үшін шаруашылық субъектілерінің іс-әрекетіне мемлекеттін әсері.
Нарық экономикасының жұмыс істеуіне мемлекеттің кірісуі экономиканы реттеуі арқылы жүзеге асырылады. Экономиканы мемлекеттік тұрғыда реттеу әсер ету объектісі бойынша ресурстарды, өндірістерді, қаражатты қамтиды.
Экономиканы реттеу үшін мемлекет экономикалық және әкімшілік әдістерді қолданады. Нарық қатынастарын мемлекеттік тұрғыда реттеудің табысты факторлары болатыны экономикалық және әкімшілік әдістердің нарыққа бірге әсері.
Мекемелерді басқару: механизмі, функциясы
Басқарма - бұл басқарушы органның белгілі бір нәтижені алу үшін басқару объектісіне бағытталған іс-әрекет.
Басқару жүйесіне мынадай компоненттер кіреді:
-басқарудың міндеттері мен принциптері;
-басқару органның құрылымы және оның қызметкерлері;
-заңдылық және экономикалық әдіс. тері;
-ақпараттар және техникалық құралдар
Мекеменің басқармасы мынадай функциальдық шағын жүйелерден құралады:
-стратегиялық және күнделікті басқару;
-жоспарлау;
-жұмысшыларды басқару;
-өндірісті басқару;
-маркетинг басқармасы;
-қаражат басқармасы;
-инвестицияларды басқару.
Басқару стратегиясының міндеттері: мекеменің экономикалық өсуін қамтамасыз ету; бәсекелестік қуатын көтеру.
Күнделікті басқарудың міндеттері, ол мекеменің барлық бөлімшелерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Жұмысшыларды басқарудың міндеті:
-мекемені мамандармен қамтамасыз ету;
-жұмысшыларды оқыту;
-жұмысына қарай ақшасын төлеу;
Өндірісті басқару - жоспарда көрсетілген уақытта сапалы өнімдерді шығаруды ұйымдастыру;
Коммерциялық іс-әрекетті басқару - бұл бір жағынан керекті мөлшерде және белгілі бір уақытта өнімді өндіріп шығаруды ұйымдастыру, екінші жағынан - керекті мөлшерде және табыс әкелетін баға бойынша өнім өткізу нарығын қалыптастыру.
Мекеменің қаражатын басқару дегеніміз ұйымдастыру және өнімдерді таратудан түсетін ақшалай қаражатты бақылау.
Инвестициялық іс-әрекетті басқару:
-инвестициялық ұсыныстардың арқасында инновация (ісденіс) пен таңдап алынған әдістерге сәйкес өндіріс пен еңбек түрін ұйымдастыруды үнемі жетілдіріп тұру.
-инновациялық идея банкісін құру;
-мәселелерді шешу үшін ұйымдастыру процесін жасау.
Басқару механизмінің инструменттері. Норма және норматив.
Өндірістік үрдістердің сипаттамасы соған сәйкес инструменттердің көмегі арқылы анықталады:
-норма және нормативтер;
-көрсеткіш сандарына қарай (параметрлер) ;
-моделдері және моделдеу;
-ақпараттар.
Нормалау - бұл ресурстардың жұмсалуы мен оның шекті мөлшерінің шамасын анықтаудың әдістері.
Норма - бұл өнім бірлігіне сәйкес қандай бір болмасын ресурсты жұмсаудың қолайлы мөлшері (предельно допустимая - максимум, минимум) .
Норманың негізгі функциясы - өлшеу функциясы, яғни ол шығынның объективті өлшемі болып табылады.
Норманы бекітудің мақсаттары:
-ресурстардың шамадан тыс жұмсалуына мүмкіншілік бермеу;
-мекеменің белгіленген режімі бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
-шығарылатын өнімдердің сипатынан ауытқуына мүмкіндік бермеу;
-нормаға сәйкес жұмыс жағдайын сақтау және қоршаған ортаны қорғау;
-мекеменің іс-әрекеттерін жоспарлау үшін керекті мәліметтерді жинау.
Норманың сапасы жасалынған әдістерге байланысты:
-аналитикалық есептерге;
-тәжірибеге;
-статистикалық есепке;
-аралас.
Аналитикалық есеп әдісі - бұл құжаттарға сәйкес мәліметтерге қарай әрбір элементтерді есептеу.
Тәжірибе әдісі - бұл өндіріс пен оның зертханаларында жүргізілген зерттеулермен тәжірибелерді бақылаудың негізіне қарай нормалар енгізу.
Статистикалық есептеу әдісі бойынша нормалау - бұл бухгалтерлік және статистикалық мәліметтер бойынша талдау жасау.
Аралас әдісі - бұл жоғарыдағы көрсетілген әдістерді бірге қолдану.
Туризмдегі іскерлік логистика. Логистикалық жүйенің түсінігі мен концепциясы. Іскерлік логистикадағы жоспарлау мен стратегия.
Логистикалық жүйенің түсінігі мен концепциясы
"Логистика" деген сөз француз тілінен алынған әскери термині - тасымал, жеткізу және орналастыру дегенді білдіретін, ал оны экономикаға аударсақ - ол материалдар ағымы мен өнімдер ағымын шыққан жерінен бастап тұтынушығадейін жеткізуді басқарудағы шеберлік.
Туризмдегі логистика - бұл жоспарлау, бақылау және операцияларды басқару туралы ғылым; бұндай операциялар турды қалыптастыру кезінде және дайын өнімдерді тұтынушыға дейін жеткізу кезінде жүргізіледі.
Логистиканы жүйе ретінде қарастырады. Жүйеге кіретіндер:
-ақпарат - турларды жоспарлау, тапсырыстарды өңдеу, сұраныстарды жобалау. Әрбір логистикалық жүйе ақпарат арқылы басқарылады;
-туристерді тасымалдау - тасымалдайтын компанияны және көлік түрін таңдау;
-туристерге қызмет көрсететін кадрлар - логистика жүйесін құрайтын маңызды элемент;
-қызмет көрсету өндірісі - турдың қалыптасу процесіне қызмет жасайды. Бұған кіретіндер туристік мекеменің өндірістік күші және экономикалық жағдайы.
Іскерлік логистикалық жүйені басқару
Іскерлік логистикалық жүйені басқару - бұл барлық ақпаратты пайдалану шараларын және фирма арналарымен туристер ағымының қозғалуын қамтитын жүйелі принцип. Ол дегеніміз, біріншіден, мамандар бүтіндей кәсіпкерліктің барлық проблемаларын түсінуі керек. Егер логистикалық жүйенің бір облысында (мысалы, тасымалдау облысында) шешімдер дұрыс қабылданбаса, ол бүтін жүйеге әсер етеді.
Екіншіден, туризмдегі іскерлік логистика тұтынушыларға қызмет көрсетумен байланысты, күн бұрын белгіленген шығындар арқылы нарықтағы туристік өнімдерге ұсынысты ескереді. Сондықтан туризмнің логистикалық жүйелеріндегі нарықтық аспектілері бар дегенді айтады.
Үшіншіден, турды құрастыру, сату және қызмет көрсету процестерінің арасындағы тығыз байланысының болуы іскерлік логистиканы тиімді басқарудағы негізгі талап.
Қазіргі нарықта турист маркетинг саясатындағы қандай бір болмасын өзгерісті өз пайдасына қолданатынын маркетологтардың барлығы түсінеді. Сондықтан олар жаңалықтарды енгізуге тырысады. Мысалы, "Детур" атты түркі фирмасы өзінің турпакетіне Туркияға баратын визаны енгізіп алды, өйткені бұрын туристер Туркияға келгеннен кейін ұзың очередьке тұрып оны сатып алушы еді. Фирманы бұндай ұсынысы клиенттердің саның едәуір көтеріп жерді.
Кейбір компаниялар туристерді тасымалдауды толығымен өз қарауына алу үшін авиакомпанияны сатып алады, ал кейбіреулері туристерді орналастыру кезінде проблемалар болмас үшін отельдерді сатып алады, сондай-ақ автомобильдерді прокатқа беретін бюроныда, экскурсиялық бюроныда сатып алады.
Іскерлік логистикадағы жоспарлау мен стратегия
Табысты көтеру проблемаларын шешудің жолдары екі кезеңмен жүргізілуі керек. Бірінші кезеңде стратегиялық мақсаттар мен фирманың келешек шаруашылық даму бағыттары анықталады. Ол үшін мынадай сұрақтармен айналасады:
1. Нарық қажеттерінің өзгеруі. Өнімдердің көлемінде бір арнаның пайдасына қарай өзгерістің барын нарықтарға талдау жасау көрсетуі мүмкін.
2. Логистикаға талапты күшейту. Мерзімі. сенімшілік және қызмет көрсетудің кешенділігі жағынан логистика жүйесіне талапты күшейту.
3. Парето принципі бойынша өнімдерді бөлу. Өнімдерді бөлгенде Паретоның әсерлілігін ескеру керек - негізгі ағым шектелген тауар санына келеді.
4. Икемді өндірістік жүйе. Икемді өндірістік жүйе нарық қажеттіліктеріндегі өзгеріске дер кезінде жауап беруі керек.
5. Іс-әрекеттің жеке түрлеріне назар аудару. Көпшілік туристік өнімдерге ғана емес, сонымен қатар іс-әрекеттің арнайы түрлеріне де назар аудару керек (мысалы, Туркияға барудың визасын Алматыда жасау) .
6. Икемділік. Нарықтың жылдам өзгеруіне қарай логистикалық жүйе қысқа мерзімге бейімделу қасиетін игеруі керек. Сондықтан да соңғы стратегиялық бағыттың икемділігі өте маңызды.
7. Жеткізушілердің логистикалық көрсеткішін көтеру. Бұл фактор клиенттерге туристік қызмет көрсетудің әр түрлі шараларымен байланысты.
Сонымен қатар бірінші кезеңде фирманың барлық қазіргі шаруашылық жағдайлары анықталады, табысты көтеру жөніндегі істелетін істердің жоспары жасалынады, онда мақсатқа жетудің барлық жолдары, ресурстары, графигі ескеріледі.
Екінші кезеңде, фирманың нақтылы жалпы шаруашылық жоспары жасалынады, ол бірінші кезеңдегі стратегиялық бағытты нақтылайды. Стратегиялық бағыттың мазмұнына кіретіндер:
1. Өндірістік күштер. Олар өндірістің көлемімен, ұсынылатын туристік өнімдердің ассртиментімен анықталады.
2. Көлік түрлері. Шығындар жағынан әр түрлі тасымалдаушылар зерттеледі.
3. Бақылау жүйесі. Іс-әрекеттің нәтижесін бақылайды.
4. Жеткізушілер. Олардың қаражат нәтижелері бағаланады.
5. Жалпы шаруашылық жоспар. Әрбір функциональдық облыстар бойынша логистикалық жобалар жалпы шаруашылық жоспарлармен тығыз байланыстырылады. Оның ішіне қаражатты бағалау, ресурстарды пайдалану, логистикалық жүйені басқару туралы мәліметтер кіреді.
Көрсетілген логистикалық жүйенің үлгісі фирманың әсерлі жұмыс істеуіне, табыстың өсуіне бағытталады.
Логистиканың қолданылуы
Логистикалық жүйе кең түрде әр түрлі мекемелердің күнделікті іс-әрекеттерінде қолданылуда. Туристік фирмаларда ол туристердің ағымын басқарудың тиімді әдісі ретінде қолданылады және ақпараттық ағымдар арқылы туристік өнімдерді өндірудегі шығындарды төмендету мақсатында да қолданылады.
Мекеменің кадрлары: құрылымы, басқармасы
Мекеменің кадрлары дегеніміз - мекемеде жұмыс істейтін, оның тізім құрамына кіретін әр түрлі кәсіби-квалификациялық жұмысшылар тобының жинағы. Тізім құрамына жұмыс істейтіндердің барлығы да кіреді.
"Кадрлар", "қызметкерлер" және "мекеменің еңбек ресурстары" деген түсінікті ажырата білу керек.
"Мекеменің еңбек ресурстары" дегеніміз ол мекеменің нақтылы (потенциальды) жұмыс күшін сипаттайды, ал "қызметкерлер" дегеніміз - ол тұрақты және уақытша жалданып жұмыс істейтін мекемедегі барлық адамдардың құрамы. Мекеменің кадрлары дегеніміз мекемедегі штат бойынша жұмысшылар құрамы.
Мекеменің жетекшісі деп, басқарып шешімдер қабылдауға өкілдігі бар адамды айтады.
Мамандарға жататындар, инженерлік-техникалық, экономикалық, бухгалтерлік, заңгерлік және басқа да жұмыс түрімен айналысатын жұмысшылар.
Қызметкелерге жататындар - құжаттарды дайындап реттеушілер (агенттер, кассилер, іс жүргізушілер, есепшілер ж. т. б. ) .
Кәсібі деген түсінік, бұл теориялық білімділікті және мол тәжірибиені қажет ететін еңбектенушіліктің ерекше бір түрі.
Мамандық -кәсіб шеңберіндегі іс-әрекеттің бір түрі, ол жөнінде арнайы білімі бар. Әрбір кәсібтің және мамандықтың жұмысшылары білім деңгейіне қарай бөлінеді.
Қызметкерлер құрамын басқару дегеніміз мекеменің еңбек ресурстарына байланысты менеджмент бөлігі.
Кадрлар тұрақсыздығы (текучесть) дегеніміз пайыз түрінде көрсетілетін жұмыстан әр түрлі себебтермен шыққандар санының орташа тізім санына қатынасы.
Еңбек пен демалыс режимі. Еңбек жағдайлары
Еңбек пен демалыс режимі - бұл мекемедегі белгіленген тәртіп кестесі. Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. 15 пен16 жастағыларға 36 сағат; 15-ке дейінгілерге аптасына 24 сағаттан аспауы керек.
Еңбек жағдайы - бұл еңбек процестері кезіндегі адамның денсаулығына және жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін өндірістік ортаның факторларының жинағы.
Қазіргі санитарлық-гигиеналық критерияға сәйкес еңбек жағдайын бағалау төрт класқа бөлінеді: оптимальды, қолайлы, зиянды және қауіпті.
Жұмысшылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін жұмыс жағдайынын оптимальды дейді.
Қолайлы жұмыс жағдайы организмде болуы мүмкін функциональдық өзгерістерді келесі жұмыс мезгіліне (сменасына) дейін қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Зиянды жұмыс орны санитарлық-гигиеналық нормативтердің сақталмауымен, зиянды өндірістік факторлардың жоғары екендігімен сипатталынады.
Қауіпті жұмыс жағдайына жұмысшылардың өміріне қауіпті бар жұмыс жағдайын айтады.
Жалға беру: түсінігі, түрлері. Жалпұлы. Мекемені жалға беру
Жалға беру - бұл келісім бойынша белгіленген төлем бойынша уақытша пайдалануға мүлікті жалдау. Келісімге екі жақ қатысады: жалға беруші және жалға алушы.
Жалға беруші - жалға берген мүліктің иесі.
Жалға алушы - мүлікті жалға алып пайдаланушы.
Жалға алудың түрлері:
-келісім объектісі бойынша: құрал-жабдықтарды, көлікті, мекемені, жерді жалға беру;
-келісімнің түріі бойынша: жалдау келісімі, прокат келісімі, жалға қаражат беру келісімі (лизинг) ;
-меншіктілікті иеленуді өзгерту бойынша: сатып алусыз мүлікті жалға алу; мүлікті жалға алып, сосын оны сатып алу.
- жалға алу мерзімі бойынша: ұзақ мерзімдік (15-20 жыл) ; орта мерзімдік (1-5 жыл) ; қысқа мерзімдік (бір жылға дейін) .
Жалға алу келісімінің маңызды кезеңі жалпұлының көлемін анықтау.
Жалпұлы - мүлікті пайдаланғаны үшін келісім-шартта көрсетілген жалпұлын уақытында төлеу. Жалпұлын төлеудің мерзімі мен шарттары келісімде көрсетіледі.
Мекемені жалға беру - өз алдына жеке мекеменің мүліктерін жалға беру. Жалға алушы, жалға берушінің келімісіз, мекеменіің мүліктерін, материалдық құндыларын сатуға, айырбастауға, уақытша пайдалануға беруге еркі бар.
Лизинг: түсінігі, түрлері, экономикалық мазмұны.
Лиизнг - жалға берудің бір түрі. Лизингтің классикалық схемасында үш қатысушы болуы керек: мекеме - құрал-жабдықтарды өндіруші, жалға беруші - лизинг фирмасы және жалға алушы - лизинг алушы.
Бұдан басқа да лизингтік келісім-шартқа, құрал-жабдықтарды сатып алу үшін лизинг берушіге несиелер беретін банктерде қатыса алады; лизинг берушінің мүліктерін сақтандыратын сақтандыру компаниясы да қатыса алады.
Экономикалық мазмұны жағынан лизинг тура нақтылы инвестициямен байланысты. Лизингтің арқасында мекеме ірі капитал салмайақ өндірістің құралдарын пайдалануға мүмкіндік туады. Мерзімінің уақытына қарай лизинг бөлінеді: рейтинг - бір айға дейін жалға алу; хайринг - бір жылға дейін жалға алу; лизинг - бір жылдан бірнеше жылға дейін.
Лизингтік контрактіде көрсетіледі - лизингтік төлем мөлшері және төлеу реттері; лизинг келісім-шартының ұзақтық мерзмі; әр жақтың міндеттері мен еріктері; сақатндыру шарттары.
Франчайзмнг - ірі және майда кәсіпкерліктің аралас түрі.
Мекемені басқарудағы бағаның ролі. Баға жүйесі. Бағаның түрлері,
оның классификациясы. Фирманың баға саясаты.
Баға - қызметтің немесе өнімдердің ақшамен көрсетілетін тауарлық құны.
Фирманың баға саясаты - бағаны белгілеп орнататын маркетинг саясатының маңызды бір бөлігі.
Баға саясатының үш негізгі мақсаты болады: өмір сүруді қамтамасыз ету; барынша жоғары табыс; нарықты ұстап тұру.
Фирманың өмір сүруін қамтамасыз ету - фирманың басты мақсаты.
Барынша жоғары табыс табу - нарық конъюктурасын өзіне ең жоғары табыс әкелу үшін пайдалану. Бұндай жағдайларда фирма сұранысқа және әр түрлі деңгейдегі бағаға сәйкес шығынды бағалайды, сосын сол бағалардың ішінде қайсысы ең жоғарғы табыс әкеледі, соған тоқталады.
Нарықты ұстап тұру - нарық жағдайларын сол қалпінде сақтауға тірысу.
Баға жүйесі. Бағаның түрлері, оның классификациясы.
Баға жүйесі - бұл нарықтағы қатысушыларға қызмет көрсетіп және олардың арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін біртұтас, ретке келтірілген әр түрдегі бағалар жинағы.
Салалар мен экономиканың қызмет көрсету сферасындағы баға дифференциациясы бағаның мынадай түрлерін қамтиды:
Өндіріс өнімдеріне көтерме бағалар - бұл бағалар бойынша өндіріс өнімдерді тұтынушылардың барлық категориясына бірдей таратылады немесе сатылады.
Сатып алу бағалары - бұл бағалар бойынша колхоздардың, совхоздардың, фермалар мен халықтардың (жеке шаруашылықтар) ауыл шаруашылық өнімдері сатып алынады, таратылады немесе сатылады.
Баға жүйесі - сурет.
Құнды қағаздар: түрлері, сипаттамасы
Құнды қағаз - бұл мүліктік иелікте куәландыратын ақшалық құжат. Құнды қағаздың үш түрі бар:
-көрсетушіге арналған құнды қағаздар;
-атаулы құнды қағаздар;
-ордерлі құнды қағаздар - векселдер мен чектер.
Құнды қағаздардың басқа да маңызды классификациясы бар - оның қарыздық (долговые) (облигациялар, векселдер, депозиттер және жинақ сертификаттары) және қарызсыз (недолговые) (акциялар, опциондар) .
Мерзімі бойынша құнды қағаздар бөлінеді:
1) қысқа мерзімді (срок погашения до 1 года) ;
2) орта мерзімді (1-5 ж) ;
3) ұзақ мерзімді (5 ж. артық) ;
4) мерзімсіз (бессрочные) - акциялар;
5) көрсеткенге дейін мерзім (срок до предъявления) .
Құнды қағаздардың эмитентінің статусы бойынша құнды қағаздар бөлінеді:
1) федералды органдарының мемлекеттік қағаздары;
2) муниципальдық органдардың мемлекеттік құнды қағаздары;
3) корпаративті құнды қағаздар;
4) жеке тұлғалардың құнды қағаздары (вексель, чек) ;
5) банктік (депозиттік және жинақтау (сберегательные) сертификаттар) ;
6) банктік емес құнды қағаздар.
Тауарлар айналамында және әр түрлі мүліктік істерге қызмет жасайтын құнды қағаздарға жататындар:
-акциялар;
-облигациялар;
-құнды қағаздардың өнімдері;
-депозиттер және жинақ сертификаттары;
-вексельдер.
Акциялар - бұл акционерлік қоғамның (АҚ) мүлігінің үлесіне және жасалынатын іс-әрекетінен түскен табысына иесінің құқығын растайтын, сонымен қатар басқаруға мүмкіндік беретін құнды қағаздар. Акциялар оның құндылығына қарай - номиналдық, баланстық және курстық болып бағаланады.
Номиналдық бағасы - эмиссия кезінде белгіленген бағасы.
Баланстық бағасы - бұл компанияның активтерінің бағасының шығарылған және таратылған акцияларға бөлінуінен есептелінетін баға.
Курстық баға - бұл сұраныс пен ұсынысқа қарай анықталатын акцияның биржадағы бағасы. Курстық баға номиналдық бағадан жоғары немесе төмен болуы мүмкін.
Вексель - бұл міндеттік қарыз, уақыты өткеннен кейін оның иесі талап ететін.
Құнды қағаздар нарығы. Нарыққа қатысушылар.
Эмитент - бұл заңды тұлға, сонымен қатар мемлекеттік орган құнды қағаздарды шығаратын.
Инвестор - заңды тұлға немесе жеке тұлға құнды қағаздарды сатып алатын.
Құнды қағаздардың эмитенттері:
- қаражат министрлігі - Қазақстандағы ең ірі құнды қағаздар шығаратын эмитент;
- жергілікті үкімет органдары;
- бұрынғы мемлекеттік мекемелер - қазіргі акционерлік қоғамдар;
- банктер - акция, вексель, депозит эмитенттері;
- басқа эмитенттер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz