Қазақста Республикасының банк жүйесi


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ 3

I ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАНКТЕРДIҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ 4

1. 1 Банктердiң мәнi және қызметi 4-7

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНКТIК ЖҮЙЕСIН 13

ТАЛДАУ

2. 1 Қ. Р-да банктiк жүйенiң қалыптасуы 13-17

2. 2 Ұлттық бакнтiң банк жүйесіндегі ролi 18-20

2. 3 Банк жүйесінің екінші деңгейіндегі коммерциялық банктердiң 21-23

сипаты мен қызметтерi

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДIҢ 24

ДАМУ БОЛАШАҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

КIРIСПЕ

Әлемдiк тәжiрибе кљрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар љз-љзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.

Елiмiздiң љз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның љзiн-љзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет љзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.

Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады.

Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.

Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.

Қазақстан Республикасында екi деңгейлi банктiк жүйе 1990 ж. ҚазКСР-нiң “Қазақ КСР-дағы банктер және банктiк қызметтер туралы” Заңы бойынша қалыптасты. Мемлекеттiк банк ҚР-да Ұлттық банкке айналды. Ал қалған банктер акционерлiк банктерге, Жинақ банкi ҚР-ның халықтық банкi деп аталды. Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы љтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық љсуге бет алдық.

Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.

Мiне, сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақста Республикасының банк жүйесi” деп алдым.

I ЭКНОМИКАДАҒЫ БАНКТЕРДIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

1. 1 Банктердiң мәнi және қызметi

Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi.

Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен љзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы љндiрiс үрдiсiне қатысушылардың экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да кљптеген қызмет кљрсетедi, соның арқасында љндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық љнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi. (1-сызба)

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметiн атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Љз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Әр түрлi кљздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының “тобын” құрайды және оларды жұмыс iстеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлi шарттарға несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелiк қызмет кљрсетуiн ұйымдастыру және несиелiк жүйенiң қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналыды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы љндiрiстiң барлық фазасының аясына ғана кiредi. Банктер шаруашылық љмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi болып табылады.

Қаржы институттары:

Банкетер, сақтандыру ком-

паниялары, зейнетақы және

инвистиция қорлары

Депозит түрінде Жеке салымдарға

немесе басқа жол- және келісімшарт

мен берілетін ақша- б/ша қарыз түрін-

шалай қаражат де берілген ақша-

лай қаражат

Ақшалай қаражатпен Ақшалай қаражатты

қамтамасыз етушілер пайдаланушылар (фир-

(фирмалар, компания- малар, компаниялар, үкі-

лар, үкімет, жеке тұл- мет, жеке тұлғалар)

лар)

Тікелей инвистиция Акцияны, облигацияны

жолымен, акцияны, және басқа да қаржы ас-

облигацияны және паптарын сату арқылы

басқа да қаржы ас- нарықта алынған ақща-

паптарын сатып алу лай қаражат

арқылы берілетін ақ-

шалай қаражат

Қысқа мерзімді капиталдың

қаржы нарығы (ақша нары-

ғы), ұзақ мерзімді капитал-

дың нарығы(акция, облигац-

ия, құнды қағаздар нарығы)

1сурет. Қаржылық делдал ретінде қаржы-несие институттарының рљлі (А. Н. Б. Сейітқасымов Ғ. С. 2005ж. - 265 бет)

Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, љзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды. Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық қатынастарын кљрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретiнде кљрiнiс алады, ал экономикалық мүдде љндiрiстiң мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.

Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр түрлi несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздiксiз қызмет қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық љнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.

Банктер есеп айырысу операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұл, тљлем тљлеу күнiн созғаны үшiн љсiм, несиенi љз уақытында қайтармағаны үшiн жоғары пайыздарды алуымен љзiнiң мүддесiн ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесiн қорғайды.

Банктер љз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергiлiктi орган) басқару органдарымен љзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi. / (4), 172 б.

Банктерде басқарудың басқа органдарындағы жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет кљрсетiлген клиенттерiнiң негiзгi қызметi туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға тљлем жасау, банктiк несиелердi қайтару үшiн қаражаттың болмауы тек объективтi ғана емес, сонымен бiрге, осы шарт иесiнiң жұмысының нашар екендiгiнiң күнделiктi оперативтi кљрсеткiшi болып табылады. Банктiң мәлiметтерi бухалтерлiк есептi құруды күтпей-ақ кәсiпорын қызметтерiнiң кљптеген маңызды факторлары туралы, әрi олардың нәтижелерiн алдын-ала кљруге мүмкiндiк бередi.

Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуынабелсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы љндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық экономикаға кљшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын - экономикалық әдiстер алмастырды.

Сљйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi.

Бұл жағдайда экономикада инфляцияның тљмендеуiнде және олардың нарықтық жолға кљшуiнде, ең алдымен меншiктi жекешелендiрудегi ролi айрықша. Мұнда банктiк жүйенiң негiзгi мақсаты - несиелiк механизмдi жетiлдiру, ақша массасын реттеудегi әдiстерiн жетiлдiру, есеп айырысуды тездету және тљлем тәртiбiн сақтау болып табылады. Елiмiзде 1993 жыл 15 қараша айынан бастап љзiмiздiң ұлттық валютамыз - тљл теңгемiздi енгiздi. Бiрақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шiлде айында 46% -ке жеттi. Ұлттық банкпен үкiметтiң монетарлық саясаты қабылдануының нәтижесiнде 1994 жылы тамызда 13, 5%-ке, ал бүгiнгi таңда инфлиция жоспарланудан ауытқымай 10%-тi құрады. / (4), 174 б. /

Мемлекеттiк меншiкке кәсiпорындарды жекешелендiрудi қайта құруға банктiк жүйенiң ролi маңызды. Сондықтан, банктiк реформаның негiзгi мақсаттарының бiрi - экономикалық жеке секторды құру және кәсiпорынды жекешелендiруде демеушiлiк кљрсету болып табылады.

Банктiк жүйенiң реформасы инвестициялық қорлардың ролiн жоғарылату және сауықтыру банктерiн құру жолымен жекешеленген кәсiпорындарды қайта құруға қолғабыс етедi. Сауықтыру банкiнiң ролi жекешелендiру бағдарламасының негiзгi мақсаты болып табылатын, тиiсiнше жекешеленген және кљп шығынды кәсiпорындарға корпоративтi жетекшiлiктi күшейтуге қатысты арта түседi.

Банктiк жүйенiң реформасы жеке кәсiпорындардың банктен несие алуын қамтамасыз етедi, жеке сектордың дамуына жәрдемiн тигiзедi. Осы мерзiмде ол шығынды мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құруды ынталандырады.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНКТIК ЖҮЙЕСIН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасында банктiк жүйенiң қалыптасуы

Љз егемендiгiн алғанға дейiн Қазақстан Республикамызда банк жүйесi болған жоқ. Елде КСРО - ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары мен бљлiмшелерi қызмет кљрсеттi. Сондықтанда Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы қазан тљнкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО - ның банк жүйесiмен тығыз байланысты. Сондықтан мен елiмiздiң банктiк жүйесi туралы љз егемендiгiн алған 1991 жылдан бастап қалыптасуы мен жүргiзiлiп жатқан реформаларға тоқталғым келдi.

Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға кљшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет кљрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң љз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы љзара қарым - қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды љз кезегiнде макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды. Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi; екiншi категория мәселерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың љмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi.

Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР - нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк - ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және тљменгi (екiншi) деңгейдегi банк - коммерциялық банктер жүйесi. / 2, 178 бет /.

Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншiгi болып саналды. Мемлекеттiк банк республиканың меншiгi және оның Орталық банкi болып саналды. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгiлерiн эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттiк бюджеттiң кассалық жұмысын жүргiзуде, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретiн құқығы болды.

Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргiзу үшiн республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер љз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте болып бљлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп ( Орталық - Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе акциянерлiк капиталдың басым бљлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi.

1991 - 1993 жылдары елiмiзде экономиканың күрт құлдырауымен байланысты инфляция қарқыны љте жоғары болды. Оның тiптi кейбiр кездерде 1000% - ға дейiн жеткенi кљрiндi. Нәтижесiнде банктерде несиелiк жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзiмi љтiп керкен несиелер үлесi ұлғайды. 1992 жылы Республикада басталған тљлемсiздiк дағдарысы кәсiпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер еттi. Кљптеген кәсiпорындар љнiм љндiрудi тљмендеттi, ал кейбiреулерi љндiрiстi тiптi тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша 1993 жылы љзiмiздiң тљл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi. Осыдан бастап ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен ақша - несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен љзара қарым - қатынаста классикалық қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты толық жауапкершiлiк жүктелдi.

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша -несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.

Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейiн сәттi жүзеге асырылған жағдайда келесiлершге қол жеткiзу мүмкiндiгi болжанған:

  1. Ұлттық банктiң негiзiнен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай - несиелiк реттеулердiң барлық құралдар жиынтығын енгiзудi аяқтау және оны пайдалану;
  1. Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтiк реттеудi жетiлдiру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебiнен барлық коммерциялық банктер қызметiнiң сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейiн жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;
  1. Банкаралық несиелiк және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мљлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткiзу, ал Ұлттық банк оларға тек љзiнiң тiкелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етедi;
  1. Республикалық бюджеттiң тапшылығын Ұлттық банктiң тарапынан тiкелей несиелеуден бас тартып, оның iшкi және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдiстер арқылы қаржыландыруға кљшу;
  1. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында тљлемдердiң қауiпсiз, уақтылы және тиiмдi жүзеге асыру мақсатында елiмiздiң тљлем жүйесiнiң сапалы қызмет ететiн жаңа деңгейiне қол жеткiзу және ұзақ мерзiмдi ұлттық тљлем жүйесiн дамыту;
  1. Орта және ұзақ мерзiмдi инвестициялық жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесiнiң негiзiн қалау.

Бағдарламаның љткiрлiгiне қарамастан, iстiң нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды. Ең алдымен ақша - несиелiк реттеудiң құралдары мен әдiстерi дами түстi.

Банктердiң қайта қаржыландыру механизмдерiнде маңызды љзгерiстер болды. 1995 жылы қаңтар айынан бастап директивтi несиелердi беру тоқтатылды. Орталықтандырылған кљздер есебiнен берiлетiн несиелердiң кљлемi және мерзiмi қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметi негiзiнен Ұлттық банктен екiншi деңгейлi банктерге кљштi және олар љз кезегiнде экономиканы несиелеудi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды љздерi тарту есебiнен қамтамасыз етуге бейiмделедi. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге кљбiрек ден қойды, оларға: банктердi несиелеу, Үкiметтi несиелеу және жалпы ақша - несиелiк және ақша - валюталық реттеу жүргiздi.

1995 жылы Ұлттық банк мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз еттi, ашық нарықтағы операциялар басталды.

Ұлттық банк жүргiзген валюталық бағам саясаты нарықтық жағдайлардың қысқа мерзiмдi љзгерiстерiнен туындайтын теңгенiң алмастыру бағамының қозғалысын реттеуге бағытталған. 1995 жылы қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасындағы АҚШ долларын сатып алу түрiндегi Ұлттық банктiң интервенциясы олардың нарықта сату формасындағы интервенциясымен сай келдi.

1995 жылы алтын валюталық резервтердi басқару бойынша кљптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 жылы сәуiрде Ұлттық банктiң басқармасы алтын валюта резервтерiн басқару тұжырымдамасын бекiттi. Ұлттық банк алтын валюта резервтерiн кљбейту мақсатында валюта мен қымбат бағалы металдарды депозитке орналастыру, валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргiздi.

Осы жылы ел экономикасын сауықтыру мақсатында макроэкономикалық ретеу мен ақшалай-несиелiк және салық бюджеттiк саясатты үйлестiру iсiнде Ұлттық банк пен Қаржы министрлiгi арасындағы қатынастар бекеи түстi.

1995 жылы екiншi деңгейдегi банктер жүйесiнде љзгерiстер болды. Банктердi тарату немесе бiрiктiру процесi жалғасты. Бұған Ұлттық банк тарапынан екiншi деңгейдегi банктердiң љтiмдiлiгi мен олардың капиталдануына қоятын талаптардың күшеюi әсер еттi. Нәтижесiндеi, бiр жыл iшiнде банктердiң саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ олардың құрылымы да љзгердi. Мемлекет аралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейiн), шетелдiк және бiрлескен банктердiң саны (6-дан 7-ге дейiн) љстi.

Ұлттық банк пен Үкiмет бiрiге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктердi қайта қалыптастыру мен одан әрi дамыту бойынша күрделi жұмыс жасады. Елде функционалдық арнайы мемлекеттiк банктердiң құрылуы жалғасты. Екiншi деңгейдегi банк - Сауықтыру банкi құрылып, љз жұмысын бастады.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банктiк жүйенiң қызмет етуi бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар iс жүзiнде толығымен орындалды. Осыған орай бағдарламаға сәйкес “Қазақстан Республикасы Ұлттық бактi туралы” және “Қазақстан Республикасы банктер және банктiк қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтары шықты.

1995 жылы Қазақстан банктiк жүйесiн реформалау бағдарлмасын жүзеге асыру орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға мүмкiндiк туғызды.

Оның мақсаты мен мiндеттерi тұтастай алғанда, 1995 жылғы бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банк ретiнде атқарған қызметi кезiнде жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша - несиелiк саясаттың құралдарын пайдалануға кљшу мiндеттерiн жүктедi.

Бағабарламада қарастырылған банк жүйесін жұмыс істету және реформаны құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша шаралар толық орындалды десе деболады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы»және «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» заңдық күші бар Жарғылық осылайша шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйелі әдіспен ауылдық әкімдерді іріктеу
Еуразиялық Экономикалық Бірлестік (ЕврАзЭС)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары
Қазақстан Ресупубликасындағы туризмнің дамуына жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасында валюта нарығын реттеу
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Биология сабақтарындағы оқыту әдістерінің әртүрлілігі
Қазақстанда жүргізілген макроэкономикалық реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz