Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары


Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары
Қаржы нарығының ең маңызды салаларының бірі - сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз - екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруғав келесімін береді. Сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп - қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. 18 ғасырдың ортасында - ақ мүліктер мен жеке бастарды сақтандырудың 100 - ден аса түрін жүзеге асырып үлгірген көптеген кәсіпқой сақтандыру қоғамдар пайда болды.
Әлуеметтік - экономикалық кеңестік болып табылатын сақтандыру нарығында сақтандыру қызметін қажет ететін сақтандырушылар, олардың талаптарын қанағаттандырушы сақтандырушылар(сақтандыру компаниялары), сақтандырушы делдалдар мен сақтандыру инфрақұрылымдарының ұйымдары әрекет етеді. Оны құрудың негізіне күтпеген жағдайларда қолайсыздыққа ұшырағандарға ақшалай жәрдем көрсетудің ұдайылығын үздіксіз қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.
Сақтандыру нарығы сақтандырушылар мен сақтандырушының арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық қарым - қатнастардың жиынтығын қамтиды. Бұл нарықта сақтандыру қызметін жалпылама танып білу жүзеге асырылады да, оның өмір сүруінің негізгі экономикалық заңдары ретінде құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңдары алынады. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығы қалыптасуының барысында құрылатындықтан екеуінің де пайда болуының шарты ретінде еңбектің қоғамдық бөлінуі мен әр түрлі жекеменшік иелері - ерекшеленген тауар өндірушілердің болатындығы есептелінеді. Бұл нарық нарықтық қатынас субъектілерінің дербестігін, сақтандыру қызметіндегі сатып алу - сатуға байланысты серектестіктің тепе- теңдігін қарастырады.
Сақтандырудың мән - мағынасына қарай отырып, сақтандыру нарығының мына төмендегідей негізгі міндеттерін бөліп көрсеткен дұрыс:
- Реттеуші - нарық, сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады:
- Коммерциялық - сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді;
- Бағалық - компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;
- Сенімділік функциясы - сақтандыру операциялары қолайсыз, тағы басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.
Сақтандырудың мына төмендегідей түрлері бар:
- Салық белгісі бойынша:өмірді сақтандыру нарығы (бұған сондай - ақ ұзақ мерзімді сақтандырудың барлық түрлері: зейнетақы, денсаулық сақтау, некелесу және басқалар да жатады ) мүліктерді сақтандыру нарығы; жауапкершілікті сақтандыру нарығы; бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы;
2. Ауқымы жағынан:
- ұлттық
- аймақтық
- халықаралық
3. Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру- құқықтық түрлеріне байланысты:
- Мемлекеттік сақтандыру
- Акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру
- Сақтандыру қорларын сәйкесінше құрайтын өзара сақтандыру.
4. Жүзеге асырылуы түрлері бойынша:
- Міндетті
- Ерікті
5. Объектілері бойынша:
- Жеке
- Мүліктік
Міндетті түрде - заңдық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге асырылытын сақтандыру. Азаматтың өмірін немесе денсаулығын ешқандай заңдық актілерімен, келіс- сөздермен сақтандыруға күштеп мәжбүр етуге жол жоқ. Міндетті түрдегі сақтандыру ерікті түрдегі сияқты келісім негізінде жүзеге асырылады. Міндетті түрдегі сақтандыру келісім сақтандырушымен сақтандырудың нақты осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда ғана жасалады.
Ерікті түрде - екі жақ бірдей ерік білдірген жағдайда жасалатын сақтандыру. Заңға қайшы келмейтін кез келген азаматтық мүдде немесе заңды тұлғаның мүддесі сақтандырудың объектісі болып табылады. Міндетті түрдегі сақтандырудың ерікті түрдегі сақтандырудан айырмашылығы - келісімнің мерзімі шектеулі болып келетіндігінде, сақтандыру жарналарын төлегенде ғана жүзеге асырылатындығында.
Міндетті түрдегі мен ерікті түрдегі сақтандырудың үйлесімділік табуы қоғамдық өндіріс пен халықтың сақтану жағынан қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе құруға мүмкіндік береді. Өйткені сақтандыру әрікеті қандай болған жағдайда да көптеген жандардың мүддесін қорғайды.
Жеке сақтандыру . Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы жеке сақтандырудың объектілері болып табылады. Мүліктік сақтандыруды өздеріне тиесілі немесе жалға алған меншіктеріне тікелей немесе жанамалай зиян келтірмеу мақсатымен жекелеген адамдар мен шаруашылық субъектілері жүргізеді. Мүліктік сақтандырудың объектілері болып жер бетіндегі, әуедегі және су көлігі, жүктер мен басқа да мүліктер, сондай - ақ қаржылық тәуелділік саналады.
Мемлекеттік сақтандыру жағдайында сақтандырушы мемлекеттік ұйым болып есептелінеді де, ол заңдар арқылы реттелініп отырады. Ол сақтандырудың барлық түрлеріне мемлекеттің үстемділігі болғанда, мемлекеттік сақтандырудың тек жекелеген түрлеріне үстемдігі болғанда немесе сақтандырылуға ешқандай да мемлекеттік үстемділік болмаған жағдайларда жүзеге асырыла береді. Қазір ТМД елдерінде сақтандырудың дамуы өзінің шегіне жетуге жақын.
Акционерлік сақтандыру - жеке байлығы аз құрылтайшыларға ақшалай ресурстарды өздеріне тарту арқылы сақтандыру операцияларын жүргізуді тездетуге мүмкіндік беретін акциялар бойынша өзінің жарғылық капиталын құрайтын акционерлік қоғамдар сақтандыру қызметінің сақтандырушылары ретінде танылатын түрі. Бұл жағдайда ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік бастапқы капиталды құраудың тәртібіне сәйкес өзгешеленеді. АҚ-ның мұндай түрлері бүкіл әлемдік іс - тәжірибиеде бар. Қазақстанда акционерлік қоғам түрінде сақтандыру ұйымын құру заңмен анықталған.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Д. А. Қонаев атындағы Университет
Тақырыбы:«Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары »
Ф - 07 - КО
Орындаған:Камалдинова Р. К.
Тексерген:Абдибеков С. У.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz