Қазақстан Республикасындағы патенттеу жүйесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы патенттеу жүйесі»
Тексерген: Каримова М. Д.
Орындаған: Үмбетова Г. К.
Э-04-02 тобы
Алматы 2007
Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы №80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республиксы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары және 2006 - 2008 жылдарына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламысы 2006 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі
Бағдарламаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Ұлттық патенттік жүйенің тиімділігін арттыру
Бағдарлама міндеттері
1. Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу рәсімін жаңғырту, оның ішінде патенттік өтінімнің сараптамасын уақтылы қамтамасыз ету, қорғау құжаттарын беру мерзімін қысқарту және олардың сенімділігін арттыру.
2. Зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласын кеңейту және жетілдіру.
3. Толыққанды патенттік-ақпараттық ресурстарды құру.
4. Патенттік қызмет инфрақұрылымының институционалдық негіздерін жасау.
5. Өнертапқыштық және патенттік-лицензиялық қызметті жандандыру және қолдау.
6. Ішкі нарықты жалған тауарлардан қорғауға ықпал ету және өнеркәсіптік меншік объектілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесу жөніндегі шараларды жетілдіру, контрафактілік өнім деңгейін қысқарту.
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері 2007 - 2011 жылдар
Бірінші кезең: 2007 - 2009 жылдар
Екінші кезең: 2010 - 2011 жылдар
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері Бағдарламаны қаржыландыруды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
Бірінші кезең:
2007 жылға республикалық бюджеттен қаржы шығындары талап етілмейді.
2008 жылы - 668, 27 млн. теңге.
2009 жылы - 876, 65 млн. теңге.
Барлығы бірінші кезеңде - 1 544, 92 млн. теңге
Екінші кезең:
2010 жылы - 653, 607 млн. теңге
2011 жылы - 166, 02 млн. теңге
Барлығы екінші кезеңде - 819, 627 млн. теңге
Республикалық бюджеттен қаржы шығындарының жалпы көлемі - 2364, 547 млн. теңге
Бағдарламаны іске асыру бойынша қаржыландыру көлемдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Күтілетін нәтижелер «Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасының» ойдағыдай іске асырылуы - тиімді ұлттық патенттік жүйенің құрылуын қамтамасыз етеді, оның ішінде:
алдын ала патентті жою, өнертабыс пен өнеркәсіп үлгілерді бір қадамдық патенттеу жүйесін құру, инновациялық патентті енгізу жолымен өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу рәсімі жаңғыртылады;
өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер және пайдалы модельдерге қорғау құжаттарын беруге өтінімдердің сараптама жасау мерзімі орташа есеппен 20% қысқартылады;
халықтың өнертапқыштық белсенділігі арта түседі және өтінімдер саны ең аз дегенде 50% өседі;
барлық облыс орталықтарында патенттік-лицензиялық қызметтің және патенттік клиникалардың желісі құрылады;
ең аз дегенде әлемнің 11 елінің және 3 халықаралық ұйымының патенттік құжаттары сақталатын патенттік ведомство үшін патенттік-ақпараттық ресурстардың сараптамалық қоры қалыптастырылады;
өнеркәсіптік меншік объектілеріне электрондық өтінім беру жүйесі енгізеді;
өнеркәсіптік меншік объектілеріне лицензиялық шарттардың орташа есеппен 1, 5 есе өсумен лицензиялық қызмет жандандырылады;
мемлекеттік патенттік сарапшылардың корпусы орташа есеппен 50% артады;
зияткерлік меншік саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау жүйесі құрылады;
қызметтік және құпия өнеркәсіптік меншік объектілері саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу туралы мәселелер шешіледі;
қазақстандық өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелдерде патенттеудің деңгейі ең аз дегенде 100 % артады;
зияткерлік меншікті бағалау стандартталады;
- контрафактілік өнімдер орташа есеппен 10 % қысқарады;
- Қазақстан зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы алты халықаралық шартқа қосылады.
2. Кіріспе
Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап - барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.
Жиырмасыншы ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.
Бұрын бәсекелес артықшылықтардың негізін қол жетімді табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші, өндіріс ауқымының факторын қолдану, ал кейінгі уақытта - жақсы бедел және клиенттермен бірегей тауарлар мен қызметтерді саралау негізінде тығыз байланысты қамтамасыз ететін күшейтілген маркетингілік қызмет құрады. Жаңа жағдайларда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің компаниялары ноу-хауға, өнертабыстарға, тауар белгілеріне және салалық стандарттарға ерекше құқықтарды алдын ала алу және виртуозды пайдалану негізінде бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады. «Жоғары реттегі бәсекелік артықшылықтарға» қол жеткізуге талаптану - болашақ байлықтың және Қазақстанның өркендеуінің негізі зияткерлік меншік бола алатынын түсінгендіктен туындайды.
Біздің елімізде даму институттарының көмегімен инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы жұмыс істейді, бірқатар технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған. Бірақ, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін құру, қорғау және экономикалық тұрғыда жүзеге асыру жүйесінің нарықтық құралдарының бірқалыпты дамымауы инновациялардың дамуына кедергі келтіретін болады.
Осы жүйе құралдарының жиынтығы, өзінің мәні бойынша, ұлттық патенттермен қорғалған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін инновациялық өнімдерді кейіннен тауарлар мен қызметтердің нарығына шығара отырып, инновациялық белсенді өндіріске енгізу жөніндегі іске асыру кешені ретінде қызмет етуі қажет. Бұл кешен Ұлттық патенттік жүйе ғылыми-техникалық идеялардың жиынтығын зияткерлік меншік объектілерінің басқарылатын құқықтар жүйесіне сенімді әрі тиімді айырбастайтын бағаны құрудың негізгі буыны болуы қажет.
Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет.
Қазақстан Республикасының жаңа жағдайдағы патенттік жүйесінің міндеті «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясынан» туындайды. Бұл міндет Қазақстанда тауарлар мен зияткерлік меншік құқықтары қорғалған тауарлар мен қызметтердің өндірісі үшін қолайлы инновациялық ахуалды қалыптастырудың қажетті әрі жеткілікті патенттік-құқықтық, патенттік-ақпараттық және институционалдық шарттармен қамтамасыз етуге және жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқылы және бәсекеге қабілетті әріптесі ретінде өз орнын алуға бағытталған.
Патенттік жүйенің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту проблемалары
3. 1. Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы әлемдік жүйенің жағдайы және оның даму үрдістері
Жүз жылға жуық тарихы бар әлемдік патенттік жүйені құру адамзаттың ең керемет жетістіктерінің бірі деп айтуға әбден болады. Қазіргі өнертабыс патенттерінің алғы үлгісі болып табылатын бірінші факультативтік артықшылықтардың пайда болуы орта ғасырлардың соңына келеді. XVIII ғасырдың соңынан басталған патенттік құқықтың дамуындағы жаңа кезең бірінші облигаторлық патенттердің пайда болуымен сипатталады. Осы кезеңнің эволюциясы, шын мәнінде, патенттік жүйенің негізгі қағидараларын белгілейтін, өнертапқыш пен мемлекет арасындағы мәмілені құрайтын 1877 жылғы герман Патент Заңының шығуымен аяқталды, оған сәйкес өнертапқыш өзі шығарған, жалпы жұрттың назарына жарияланатын жаңалығының мәнін ашады және осылайша ғылыми-техникалық прогресті ынталандырады. Оның орнына мемлекет өнертапқышқа осы жаңалықты белгілі бір мерзімде, белгіленген бір аумақта пайдалануға монопольдық құқық береді.
Әлемдік патент жүйесінің ХХ-ХХІ ғасырлардағы ең жаңа тарихында басқа мемлекеттерде кейіннен шыққан заңдар әлде де классикалық патент құқығының қалыптасқан нормаларын түбегейлі өзгерте алатындай ешбір жаңа идеяны енгізген жоқ. Осыған қарамастан, әлемдік патенттік жүйе Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясын қабылдаған сәттен бастап даму жолында және бүгінгі таңда барынша жаһанданған болып табылады.
Өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық саласындағы 20-дан астам келісім қазіргі заманғы халықаралық зияткерлік меншік жүйесінің негізі болып табылады, олардың ішіндегі мейлінше маңыздылары мыналар:
1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж Конвенциясы;
1944 жылғы 15 сәуірдегі Зияткерлік меншік құқықтарының сауда-саттық аспектілері жөніндегі келісім (бұдан әрі - ТРИПС Келісімі) ;
1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шарт (бұдан әрі - РСТ шарты) ;
1958 жылғы 31 қазандағы Тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісімі;
1961 жылғы 2 желтоқсандағы Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау туралы халықаралық конвенция (бұдан әрі - УПОВ конвенциясы) ;
1968 жылғы 8 қазанда Локарнода қол қойылған Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық сыныптамасын құру туралы Локарно келісімі;
1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде және 1977 жылғы 13 мамырда Женевада қайта қаралған, 1957 жылғы 15 маусымдағы Таңбаларды тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы туралы Ницца келісімі;
1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі;
1925 жылғы 6 қарашадағы Өнеркәсіп үлгілерін депозиттеу туралы Гаага келісімі.
Бұл шарттар әрбір елдегі Зияткерлік меншікті қорғаудың халықаралық деңгейде келісілген негізгі стандарттарын белгілейді. Бірақ жеделдетілген техникалық прогресс пен сауданы жаһандандыру қысқа мерзім ішінде жаңа өнертабыстар мен көптеген елдерде тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер болып табылатын коммерциялық құндылығы бар активтерді қорғауды қамтамасыз ететін тетіктерді құру қажеттілігін туғызады. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Өнертабыстарды, тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді қамтитын төрт шарты: Патенттік кооперация туралы шарт, Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі, Тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісімі, Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депозитке салу туралы Гаага келісімі бір халықаралық тіркеу немесе берілген өтінім қатысушы мемлекеттердің кез келгенінде күшін сақтайтындай жағдайды қамтамасыз етеді. Қазақстандық өтінім берушілерге, сонымен бірге осы өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау сұралатын барлық елдерде өтінімдерді оңайлатылған тәртіппен беру мүмкіндігі берілген.
1970 жылы құрылған ДЗМҰ сәйкес жағдайларда кез келген басқа халықаралық ұйымдармен өзара әрекет жасау және мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы зияткерлік меншікті қорғауға көмектесуге шақырылған, сондай-ақ Париж одағы мүшелерінің қол қойған бірнеше шарттарының шеңберінде сонымен қатар Париж және Берн конвенцияларының шеңберінде құрылған одақтардың әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ететін Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) жүйесінің мамандандырылған халықаралық ұйымы болып табылады.
ДЗМҰ әкімшілік ететін халықаралық келісімдерден басқа, зияткерлік меншік саласындағы елдердің ынтымақтастығы мынадай аймақтық ұйымдар аясында жүзеге асырылады:
Еуропалық патенттік ұйым (ЕПҰ) ;
Еуразиялық патенттік ұйым (ЕАПҰ) ;
Африка зияткерлік меншік ұйымы (ОАРИ) ;
Африка аймақтық өнеркәсіптік меншік ұйымы (ARIPO) .
Сонымен қатар, Дүниежүзілік сауда ұйымы шегінде (бұдан әрі - ДСҰ) жасалған ТРИПС келісімі әлемдік зияткерлік меншікті қорғау жүйесінде аса маңыздысы болып табылады. Бұл Келісім зияткерлік меншік құқықтарының барлық дәстүрлі түрлерін - авторлық құқықтарды, сабақтас құқықтарды, өнеркәсіптік меншік құқықтарын және жабық коммерциялық ақпараттар құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. ТРИПС келісімі осы келісімге қатысушы барлық елдер үшін міндетті ең төменгі стандарттарды белгілейді.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңдар толығымен ТРИПС Келісімінің нормаларына сәйкестендірілді деуге болады.
Соңғы кезде белсенді дамып келе жатқан экономикалық байланыстарды жаһандандыру және халықаралық сауданы одан әрі ырықтандыру инновациялардың және олардың әлемдік нарықта сенімді құқықтық қорғалу қажеттілігін күшейте түсіп, бәсекелестік сайысты шиеленістіре түсті. Ол өз кезегінде жалпы зияткерлік меншікті және әсіресе өнеркәсіптік меншікті құқықтық қорғау жүйесінің рөлін арттырады, өйткені соңғысы өнеркәсіптік меншік зерттеулер мен өңдемелердің нәтижелерін қорғауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, ғылыми-техникалық дамуды ынталандырады. Жапония, АҚШ, Австралия, Қытай сияқты алдыңғы қатарлы әлемдік державалар зияткерлік меншікті қорғау саласында
ХХІ ғасырға арналған өзіндік стратегияларын қабылдаған. Мысалы, Ұлыбритания мен АҚШ-та олар басқыншылық. Олардың мәні - өнертабыстардың көпшілігін басқа елдерде, көбінесе дамушы елдерде тіркеуде. Бұл стратегия ертеңгі тауарлар және қызметтер нарығын жабуға және өзіндік технологияларды ілгері тартуға көмектеседі. Осындай зияткерлік экспансияның мүмкін болуына мемлекеттік протекционизм саясаты қосымша күш береді. Жапонияның осы саладағы стратегиялық бағдарламасы «зияткерлік меншікке негізделген ұлтты қалыптастыруға» бағытталған.
1985 жылдан бастап экономикалық дамыған елдердің шетелге жіберетін өтінімдер ағынының елеулі өсуі белгіленеді. 2001 жылғы деректер бойынша АҚШ шетелдік патенттеуі ең жоғары денгейдегі ел болып табылады, жалпы әлемдік ағында американдық өтініш білдірушілерден келіп түскен өтінімдер үлесі 28 % құрайды. Жапон және Германия фирмалары өз үлестерін өсіруде, олар тиісінше 14, 3% және 19%-ға ие, келесі орында Ұлыбритания мен Франция.
РТС Шарты бойынша берілетін өтінімдер статистикасы мына кестеде ұсынылады.
Ел 2004 жылғы бүкіл әлемде берілген РСТ өтінімдерінің жалпы санынан пайыздық үлесі
АҚШ 34, 99
Жапония 16, 9
Германия 12, 4
Франция 4, 4
Ұлыбритания 4, 2
Финляндия 1, 4
Ресей 0, 4
Қазақстан 0, 006
Қалған елдер 25, 304
Барлығы 100% (120100 өтінім)
Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерге сүйенсек, шетелдік патенттеу денгейі бойынша және РСТ тәртібімен берілген өтінімдер саны бойынша, мемлекеттік денгейде қабылданатын нақты стратегиялары мен бәсекеге қабілетті патенттік жүйелері бар әлемнің жетекші елдері көш басқаратыны айқын.
Экономикалық қатынастарды жаһандандыру зияткерлік меншікті құқықтық қорғау жүйесін интернационалдандыру және ұлттық патенттік рәсімдердің үйлесімді болу қажеттілігін тудырады.
Бүгінгі таңда зияткерлік меншікті қорғаудың әлемдік жүйесінде ұлттық жүйелер арасындағы ерекшеліктерді жоюға әкеп соғатын тұрақты үрдіс байқалып отыр, ол зияткерлік меншік иегерлеріне жаһандық құқық қорғауды пайдалануға мүмкіндік береді.
Ұлттық жүйелер көбінесе дамыған елдер болып табылатын мейлінше ұйымдасқан зияткерлік меншік жасаушылар мүдделерінің тұтынушылардың мүдделерінен іс жүзінде басым болуы тәуекеліне қақтығысып отыр.
Әлемдік патенттік жүйені дамытудың қалыптасып отырған жалпы әлемдік үрдісіне орай инновациялық даму мақсатында Қазақстан зияткерлік меншікті сенімді қорғауды қамтамасыз ететін, икемді әрі тиімді, қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті патенттік жүйенің жаңа үлгісін жасауға ұмтылып отыр.
3. 2. Қазақстанның патенттік жүйесінің даму тарихы мен проблемалары
Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесінің құрылуы «Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық патенттік ведомство туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 806 Жарлығына қол қойған күннен, яғни 1992 жылғы 23 маусымнан бастау алады. Ұлттық патенттік жүйені құрудың негізгі мақсаттары республиканың ғылыми-техникалық потенциалын сақтап қалу және қорғау, өнеркәсіптік меншік саласындағы өркениетті нарықтық қатынастарды құру, отандық өнертапқыштардың шығармашылығын демеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Патенттік ведомствосы өзінің қызмет ету кезеңінде бірқатар ұйымдастырушылық өзгерістерді басынан кешті және қазіргі кезде мемлекеттік басқару органы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен сараптама жасау ұйымы - «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК-ны қамтитын екі деңгейлі құрылым болып табылады.
Ұлттық патенттік жүйенің негізін 1992 жылғы маусымда ТМД елдері арасында алғаш қабылданған Қазақстан Республикасының Патент заңы (бүгінде 1999 жылғы 16 шілдедегі Заң қолданылып жүр) және 1993 жылғы қаңтарда қабылданған «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бүгінде 1999 жылғы 26 шілдедегі Заң қолданылып жүр) құрған.
Кейінгі жылдары зияткерлік меншік саласындағы заңдар «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Интегралды микросхемалар топологиясын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен толықтырылды.
Қазақстанда ұлттық заңдарға сәйкес, үстірт тексеру, формальды патенттеудің жүйесі әрекет етеді, бұл жағдайда өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге екі түрлі қорғау құжаты беріледі.
Үстірт тексеру жүйесі бойынша өтінім материалдарының формальды сараптамасы әлемдік жаңашылдық, өнертабыстың өнертапқыштылық денгейі және өнеркәсіптік қолдану, патентке қабілеттілігі сияқты өлшемдерді тексерусіз өткізіледі, ал қорғау құжаты (алдын ала патент) 5 жыл мерзімге өтініш білдірушінің тәуекелі мен жауапкершілігіне беріледі.
Патенттеудің тексеру жүйесі патент алу үшін өтінім материалдарының толық сараптамасын (мәні бойынша сараптама) жасау кезінде қолданылады, ол өнертабысты патентке қабілеттіліктің барлық өлшемдері - әлемдік жаңашылдық, өнертапқышты деңгейі мен өнеркәсіптік қолдану бойынша тексеруді қамтиды. Мәні бойынша сараптаманы өткізу кезінде, әлемде басымдықтың күніне дейін жалпыға қолжетімді болған және РСТ құжаттарының минимумы болып саналатын ақпарат көздері бойынша ақпараттық іздестіруді жүргізу қажет. Бұл жетекші елдердің: Германияның, АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Швейцарияның (тек неміс және француз тілдерінде), Жапонияның, КСРО-ның, Ресейдің, осы елдерде берілген патенттерді қоса алғанда, патенттік құжаттары; РСТ жүйесі бойынша жарияланған халықаралық өтінімдер; Еуразиялық патенттік ведомствоның КСРО-ның 1920 жылдан бері мүмкін болған жерде жарияланған патенттеріне, ретроспективасы бар авторлық куәліктерге өтінімдер; Еуразиялық патенттік ведомствоның жарияланған өңірлік патенттері, КСРО-ның ретроспективасы бар авторлық куәліктері, сонымен бірге 5 жылдан кем емес (басымды 30 жыл шамасында) ретроспективасы бар ғылыми-техникалық ақпарат. Өнертабыстың жаңалығын анықтау кезінде Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер ескеріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнертабыстарға және пайдалы модельдерге басқа адамдар тапсырған өтінімдер (олардың басымдығы бұрынырақ болған жағдайда) . Патент өзінің иесіне 20 жыл мерзімге объектіні рұқсатсыз пайдаланудан толыққанды қорғауға мемлекет кепілдік беретін қорғау құжаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының патент жүйесі әрекет еткен уақытта өнертабыстарға берілген 18377 қорғау құжатының ішінде алдын ала патенттеудің үлесі 13446 немесе олардың жалпы санының 73 % құрайды.
Бұл жағдай елдегі инновациялық қызметке теріс әсер етеді, өйткені бизнес пен өндірушілер алдын ала патентті өндірісте іс жүзінде жүзеге асыру үшін орта және ұзақ мерзімді салымдардан ұстанады, себебі ол формальды сараптама жасау негізінде өтінім берушінің, патент иеленушінің тәуекелі мен жауапкершілігіне беріледі.
1993-2005 жылдар аралығындағы алдын ала патенттер мен патенттердің берілу серпіні
Кестеде көрсетілгендей, өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау көбінесе патенттеудің үстірт тексеру жүйесі негізінде берілген алдын ала патенттермен жүзеге асырылады. Патенттеудің үстірт тексеру жүйесін басым жүйе ретінде айырып қарастырудың бірден бір себебі, патентке қабілеттіліктің барлық өлшемдерін тексерумен бірге өтінімдерге қажетті мәні бойынша сараптама жүргізу үшін Қазақстанда әлемдік патенттік құжаттаманың сараптамалық қорының болмауынан туындады. Мұндай қорлардың негізгісі РСФСР-да (Өнертабыстар бойынша мемлекеттік комитет), резервтік қор Украина КСР-да орналасқан болатын. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, Қазақстан аталған қорларды пайдалану мүмкіншілігінен айырылды. Сондықтан да ұлттық өтінім берушілердің өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды қамтамасыз ету тек формальды сараптама қамтитын үстірт тексеру жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылды, бұл мәселенің бірден бір шешімі болып табылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz