Тiлдегi кiрме элементтер және оның қалыптасу жолдары



Қай тiлдiң болмасын сөздiк қорын сөз еткенде негiзiнен өзiнiң байырғы төл сөздерi мен өзге тiлдерден енген кiрме сөздерден тұратындығын көремiз. Өйткенi кез келген тiлдiң сөздiк қорына қоғамдағы түрлi тарихи оқиғалар өз әсерiн тигiзбей қоймайтындығы заңды құбылыс. Дәл осындай құбылыс қазақ тiлiне де тән екенi белгiлi.
Қазақ тiлiнiң сөздiк қоры да өзiнiң сан қилы өмiр тарихында талай тарихи кезеңдердi басынан өткiзгенiн ескерсек, осының негiзiнде тiлiмiздiң сөздiк қорынан өзге тiлдерден көптеп сөз ауысқанын көремiз. Орталық Азиямен сонау Византия, Оңтүстiк Алтайдан Амударияға дейiнгi аралықты алып жатқан территорияда мекен еткен түркi тiлдес халықтар (ру-тайпалар) қашанда көршiлес болған халықтармен сауда, мәдени, саяси және экономикалық қантынасқа түсiп, тiптi шапқыншылыққа ұшырап отырғаны тарих беттерiнен белгiлi. Көршiлес халықтардың өзара саяси, мәдени, экономикалық, қарым-қатынастары да, қоғамның дамуындағы ғылыми-техникалық жетiстiктерге қатысты жаңа сөздер мен сөз тiркестерi де сөздiк қорды толықтырып, үнемi дамытып отырады. Осының салдарынан лексикалық норма тұрғысынан көз жүгiртсек сөздердiң қолданысында бiр сөздер ескiрiп, архаизм терминiн қалыптастырса, ендi бiр сөздер жаңа қолданыс тауып неологизм терминдерiн қалыптастырады. Осы терминдермен қоса кiрме сөздердiң де лексикалық нормаға түсiп, кең қолданыста жүргендiгiн көруiмiзге болады. Бұл процесс үнемi тiлдiң сөздiк қорында тоқтаусыз дамып, өзгерiс тудырып тұратын құбылыс екенiн көрсетедi.
Түркi халықтары ежелден орыс халқымен көршiлес отырып тiлдерiнiң арасында өзара тығыз байланыста болғанын тарихшылар көне ескерткiштер арқылы дәлелдеп отыр. “Бiздiң дәуiрiмiздiң VI-VII ғасырларында-ақ Славяндар алғаш түркi-аварлармен, кейiнiрек барып хазарлармен, сосын Едiл бойындағы бұлғарлармен, түркi тiлдес тайпалармен сауда қатынасын жасап тұрды.” (Рүстемов Л.З. “Қазiргi қазақ тiлiндегi араб-парсы кiрме сөздерi”. А., 1982, 16-бет). Сондықтан орыс тiлiнiң қазақ тiлiмен аралас-құралас болуы ертеден басталады.
Осы орыс және түркi халықтарының өзара байланысын тарихшыларымыз бiрнеше кезеңге бөлiп қарастырады. Бiрiншi, Х-ХII ғ. Киев русi дәуiрiндегi қарым-қатынас. Бұл дәуiрдегi орыс халқы оғыз және қыпшақ халықтарымен арақатынасы. Екiншi, ХVIII ғасырдың алғашқы ширегi, яғни Қазақстанның Россияға қосылуы. Ұлы октябрьге дейiнгi кезең ХVIII ғ. екiншi жартысы 1731 жж. Бұл кезеңде қазақ тiлiне орыс тiлiнен бiрқатар қолданысқа түскен мынадай сөздердi айтып өтуге болады. Мысалы: Волост-болыс, уезд-ояз, писарь-песiр, чиновник-шенеунiк, стол-үстел т.с.с. Бұл сөздер бiрте-бiрте сiңiсiп, қазақ тiлiнiң фонетикалық заңдарына бағынып, нормаларына сәйкес өзгерiске ұшырап отырған. Үшiншi, Ұлы Октябрдiң келуi және ғылыми-техникалық прогрестiң дамуы. Ұлы Октябрдiң қазақ тiлiне жаңа терминдер мен сөз қолданысын алып келдi десек артық айтқандық болмаса керек. Бұл тұста мынаны қоса айта кету керек орыс тiлiндегi көркем әдебиет, саяси-көпшiлiк

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Тiлдегi кiрме элементтер және оның қалыптасу жолдары.

(Қазақ тiлiндегi кiрме сөздердiң кiрiгу тарихы мен оның қалыптасу жолдары)

Қай тiлдiң болмасын сөздiк қорын сөз еткенде негiзiнен өзiнiң байырғы
төл сөздерi мен өзге тiлдерден енген кiрме сөздерден тұратындығын көремiз.
Өйткенi кез келген тiлдiң сөздiк қорына қоғамдағы түрлi тарихи оқиғалар өз
әсерiн тигiзбей қоймайтындығы заңды құбылыс. Дәл осындай құбылыс қазақ
тiлiне де тән екенi белгiлi.
Қазақ тiлiнiң сөздiк қоры да өзiнiң сан қилы өмiр тарихында талай
тарихи кезеңдердi басынан өткiзгенiн ескерсек, осының негiзiнде тiлiмiздiң
сөздiк қорынан өзге тiлдерден көптеп сөз ауысқанын көремiз. Орталық Азиямен
сонау Византия, Оңтүстiк Алтайдан Амударияға дейiнгi аралықты алып жатқан
территорияда мекен еткен түркi тiлдес халықтар (ру-тайпалар) қашанда
көршiлес болған халықтармен сауда, мәдени, саяси және экономикалық
қантынасқа түсiп, тiптi шапқыншылыққа ұшырап отырғаны тарих беттерiнен
белгiлi. Көршiлес халықтардың өзара саяси, мәдени, экономикалық, қарым-
қатынастары да, қоғамның дамуындағы ғылыми-техникалық жетiстiктерге қатысты
жаңа сөздер мен сөз тiркестерi де сөздiк қорды толықтырып, үнемi дамытып
отырады. Осының салдарынан лексикалық норма тұрғысынан көз жүгiртсек
сөздердiң қолданысында бiр сөздер ескiрiп, архаизм терминiн қалыптастырса,
ендi бiр сөздер жаңа қолданыс тауып неологизм терминдерiн қалыптастырады.
Осы терминдермен қоса кiрме сөздердiң де лексикалық нормаға түсiп, кең
қолданыста жүргендiгiн көруiмiзге болады. Бұл процесс үнемi тiлдiң сөздiк
қорында тоқтаусыз дамып, өзгерiс тудырып тұратын құбылыс екенiн
көрсетедi.
Түркi халықтары ежелден орыс халқымен көршiлес отырып тiлдерiнiң
арасында өзара тығыз байланыста болғанын тарихшылар көне ескерткiштер
арқылы дәлелдеп отыр. “Бiздiң дәуiрiмiздiң VI-VII ғасырларында-ақ Славяндар
алғаш түркi-аварлармен, кейiнiрек барып хазарлармен, сосын Едiл бойындағы
бұлғарлармен, түркi тiлдес тайпалармен сауда қатынасын жасап тұрды.”
(Рүстемов Л.З. “Қазiргi қазақ тiлiндегi араб-парсы кiрме сөздерi”. А.,
1982, 16-бет). Сондықтан орыс тiлiнiң қазақ тiлiмен аралас-құралас болуы
ертеден басталады.
Осы орыс және түркi халықтарының өзара байланысын тарихшыларымыз
бiрнеше кезеңге бөлiп қарастырады. Бiрiншi, Х-ХII ғ. Киев русi дәуiрiндегi
қарым-қатынас. Бұл дәуiрдегi орыс халқы оғыз және қыпшақ халықтарымен
арақатынасы. Екiншi, ХVIII ғасырдың алғашқы ширегi, яғни Қазақстанның
Россияға қосылуы. Ұлы октябрьге дейiнгi кезең ХVIII ғ. екiншi жартысы 1731
жж. Бұл кезеңде қазақ тiлiне орыс тiлiнен бiрқатар қолданысқа түскен
мынадай сөздердi айтып өтуге болады. Мысалы: Волост-болыс, уезд-ояз, писарь-
песiр, чиновник-шенеунiк, стол-үстел т.с.с. Бұл сөздер бiрте-бiрте сiңiсiп,
қазақ тiлiнiң фонетикалық заңдарына бағынып, нормаларына сәйкес өзгерiске
ұшырап отырған. Үшiншi, Ұлы Октябрдiң келуi және ғылыми-техникалық
прогрестiң дамуы. Ұлы Октябрдiң қазақ тiлiне жаңа терминдер мен сөз
қолданысын алып келдi десек артық айтқандық болмаса керек. Бұл тұста мынаны
қоса айта кету керек орыс тiлiндегi көркем әдебиет, саяси-көпшiлiк
кiтаптардың, ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық шығармалардың қазақ
тiлiне аударылуы да көптеген орыс тiлiндегi сөздердiң тiлiмiзге енуiне өз
септiгiн тигiздi. Сол арқылы көптеген сөздер мазмұны жағынан жаңаланып,
көркемдiк сапасы жағынан жаңарды.
Тiлдiң тарихында тiлдердiң өзара сөз ауысуына жаугершiлiк, басқыншылық
саясаттың да тиiстi деңгейде әсерi барлығы белгiлi жай. Түркi халықтарының
тарихындағы ХIII-ХV ғасырлар аралығындағы Орта Азия мен Қазақстан жерiне
Шыңғысхан бастаған монғол шапқыншылығы үлкен септiгiн тигiздi. Монғол
шапқыншылығы түркi халықтарының экономикасына, мәдениетiне және саяси-
әлеуметтiк жағдайларына жасаған зорлық-зомбылығы сол кездегi жергiлiктi
халықтың, ру-тайпалардың сөздiк қорына өз әсерiн тигiзбей қоймады. Соның
бiр айғағы қазiргi қазақ тiлiнiң сөздiк қорында монғол тiлдерiнен ауысқан
мынадай сөздердiң бой көрсетуi: талқы, қанжыға, байсал, аймақ, дөнежiн,
атан, жасақ т.б.
Жалпы қазақ, монғол тiлдерiндегi сөздердiң айтылуы фонетикалық
тұрғыдан бiр-бiрiне жақын тiл. Кейде олардың морфологиялық құрлысында да
ортақ белгiлер бар екенi көрiнедi. Осыған орай осы тұста бұл жөнiнде
мынадай пiкiрлер барлығын еске түсiре кеткен жөн. “Осы сөздер монғолдан
түркi тiлдерiне келiп кiрдi ме, болмаса монғолдар түркi тiлдерден қабылдап
алды ма, бұл жөнiнде белгiлi бас жiп таққан пiкiрдi таба алмаймыз. Бiздiң
пiкiрiмiзше, бұл сөздер монғолдарда да, түркi тайпаларында да бiрдей қатар
қолданылған. Ал түркi монғолдармен араласу арқылы бiр-бiрiнен қабылдады
деген пiкiрге қосылуға болмайды,”-дейдi Ә.Нұрмаханова. (Нұрмаханова Ә.Н.
“Түркi тiлдерiнiң салыстырмалы грамматикасы” А., 1971, 13-бет).
Л. З. Рүстемов та осы жоғарыда айтылған пiкiрге ыңғайлы ой түйген
сыңайлы: “Тiптi көптеген сөздердiң фонетикалық тұлғасыда бiр-бiрiне ұқсас
болып келедi. Мәселен, қазақша: дөнен-монғолша: дөнен, құнажын-гунажин, ой-
ой, тайлақ-тайлаг, түпкiр-түпкир тағы басқалар” деп мысалдар келтiредi.
(Рүстемов Л.З. “Қазiргi қазақ тiлiндегi араб-парсы сөздерi” А., 1982, 15-
бет).
Алайда монғолдар шапқыншылығынан кейiн тiл тұрмақ жалпы Шыңғыс ұрпағы
басқарып келген монғолдардың түркi халықтарына араласып, сiңiсiп кеткенi
тарих беттерiнен белгiлi. Олай дейтiнiмiз ұлы Шыңғыс билiгiнiң ыдырауы
салдарынан монғолдар бiрте-бiрте өздерi жаулап алған жерлердегi жергiлiктi
халықтарға араласып сiңiсiп кеткендiгiн көруге болады. Олар түркiлер
арасына орнығып, мұсылмандыққа бет бұрып, солардың арасынан орын алған.
Бұған қазiргi қазақтарға араласып кеткен төре тұқымдарын атауға болады.
“Ислам мәдениетiнiң құдiреттiлiгi соншалықты-кiм, ол түркiлердiң жан-тәнiне
әбден сiңгендiктен мұңғұл шапқыншылығынан кейiн Орта Азия мен Мұңғұлстанды
билеген Шыңғыс ұрпақтарын, төре тұқымдарын түгелiмен мұсылмандыққа енгiзiп,
түркi тiлдi етiп жiберген. Қазақ, Өзбек, Татар елдерiнде билiк жүргiзген
мұңғұл-тектiлер түгелiмен түркi тiлдi болып кеткен.” (Ата баба дiнi, 319-
бет)
Дейтұрғанмен бiрқатар сөздер монғол тiлдерiнiң үлесiне қалдыруға
болатын сияқты. “Түркi-монғол тiлдерiне ортақ көбеген, барымта, буыршын,
алау, т.с.с. сөздердi жатқызуға болады. Түсiнiктi барымтадан оған пайда
(Абылай). Барымта “Кектенiп жауласқан екi рудың бiрiнiң бiрi мал-мүлкiн
күшпен тартып алуы (ҚТТС,2,109). Қазақ тiлiнде барымта сөзiмен құрылымдас
тағы да үш сөз кездеседi, олар: сырымта, қоламта, қарымта. Төртеуi де
монғол тектi сөздер “. (Қарағұлова Б. С. Тарихи жырлар лексикасы. Автореф.
кан. дисс. А., 2000, 15-16 беттер).
Осыған қоса кей еңбектерде тiлiмiзде азды-көптi кытай тiлдерiнен енген
кiрме сөздердiң барлығы да сөз етiледi. ”Тiлiмiздегi жансыз жайсаң т.б.
Жайсаң тiлiмiзде сирек қолданылады. Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi:
Жайсаң-сын. Жадырап, жайраңдаған, жарқын деп анықтайды (ҚТТС, 5,337). Бiрақ
бұл анықтама жырдағы жайсаң сөзiнiң о бастағы анықтамасын ашып тұрған жоқ.
Қырғыз тiлiнде зайсан-заһан төңкерiстен бұрын кiшi әкiмшiлiк шендi
бiлдiрген (ЮСЛ, 216). Осы монғол тiлiндегi зайсан “Чиновник” терминi,
монғол тiлiне ХVI-ХVIII ғасырларда қытай тiлiнен енген”. (Қарағұлова Б. С.
Тарихи жырлар лексикасы. Автореф. кан. дисс. А., 2000, 16 бет).
Қытай тiлiнен қазақ тiлiнiң сөздiк қорына сөз ауысуын Л.З. Рүстемов та
сөз етiп бiрнеше мысалдар келтiредi. “Қазақ тiлiнiң лексикасынан қытай
тiлiнен енген сөздер де ұшырасып қалады, бiрақ мұндай элементтер көп емес.
Мұндай қытай сөздерi қазақ тiлiне тегiнде ұйғыр тiлi арқылы ауысқан болса
керек: заң-қытайша: ян, (модель, үлгi, түр); лағман ”ұйғырдың ұлттық
тағамы”-қытайша: латяормянь, мяньун деген сөз; мәнтi-қытай тiлiнде: маньтау
деп айтылады; жамбы ”құйма күмiс” -қытайдың: юаньбао деген сөзiнен шыққан”.
(Рүстемов Л.З. “Қазiргi қазақ тiлiндегi араб-парсы сөздерi” А., 1982, 15-
бет).
Әрине қытай тiлiнен сөз ауысу көне дәуiрден бастау алады. Онда
тарихтан түркi халықтарының көршiлес қытай халқымен етене араласып қарым-
қатынаста болғанының куәсi боламыз. Сөзiмiздi нақтылай түсетiн мына пiкiрдi
келтiруге болады; ...“вероятно, еще в те отдаленные времена, когда тюркские и
молнгольские племена находились в не посредственном общении с китайцами, т.
е. до эпохи движения тюркских кочевников на запад. Эти заимствования могли
быть получены как непосредственно от китайцев, так и через монголов”. (Н.Б.
Баскаков. Состав лексики каракалпакского языка и структура слова. С. 71).
Мiне, осылай қытай және соңғы кезде айтылып жүрген грек, латын
тiлдерiнен сөздердiң ауысуын тарихи деректермен мысалдар келтiрiп, терiп
жазуға болады. Ал, бiз бұл еңбекте оның тек қана шығыс тiлдерiне, яғни
араб, парсы тiлдерiне қатысты мәселелердi кеңiрек қарастыратын боламыз.
Шығыс халықтары тiлдерiнен соның iшiнде араб, парсы тiлдерiнен қазақ
тiлiне сөз ауысу процесiн ғалымдарымыз түрлiше түсiндiрiп жүр. Кей ғалымдар
араб, парсы тiлдерiнен сөз ауысуын ислам дiнiнiң келуiмен байланыстырса,
ендi бiреулер ертедегi IV ғасырдан бастап-ақ керуен саудасы болғанын
айтады. Тiптi оның күшейе бастағанын ХIХ ғасырдағы қоғамдық саяси
құбылыспен байланыстырады. Қайткенде де араб, парсы кiрме сөздерiнiң
қалыптасуы мен оның даму жолдарын қарастырып талдау жасау, олардың ақын,
жыршы, жырау тiлдерiнде, сондай-ақ қазақ тiлiндегi орны мен қолданылуын
сараптау қазiргi таңдағы өзектi мәселелердiң бiрi. Осыған орай шығыс
тiлдерiндегi араб, парсы тiлдерiнен тiлiмiзге сөз ауысуын бiрнеше тарихи
кезеңге бөлiп қарастыруды мақсат тұттық: а) араб, парсы сөздерi кiрiгуiнiң
алғашқы дәуiрi; ә) араб, парсы сөздерi кiрiгуiне VI-VIII ғасырлардағы ислам
дiнiнiң әсерi; б) араб, парсы сөздерiнiң қалыптасуына ХIХ ғасырдағы саяси-
қоғамдық құбылыстың әсерi.

а) Араб, парсы сөздерi кiрiуiнiң алғашқы дәуiрi.

Шығыс араб, парсы тiлдерiнен сөз ауысуын қашанда ислам дiнiнiң кiрiгуi
себеп болды дейтiнiмiз рас. Сонау VI-VIII ғасырларда басталатын бұл
саясаттың түп қазығын арыдан қарастыру керек шығар. Сондықтан бiз осы
процестi одан iлгерiректен бастағанды жөн көрдiк. Ең алғашқы кезең араб
халифатының дәуiрлерiнен бұрыңғы кезең. Ол бiздiң эрамыздың бастапқы
кезеңi. Түркi тайпаларының Орта Азиямен Қазақстанның қазiргi
территориясында орналасуы арабтардың кезiнен бұрын аяқталған. Кей ғалымдар
Тохарстанда түркi тайпаларының өкiлдерi эрамыздың бастарында жасағандығы
туралы мәлiметтiң барлығын мойындайды. “Тәжiкстан, Ауғаныстан мен Иранның
солтүстiгiнде жасаған түркi тайпаларының сол жерлерде мекендеген парсы-
тәжiк тiлдес халықтармен араласып өмiр сүргендiгi, түрлi қарым-қатынаста
болғандығы анық”. (Оразов М. Шағатай тiлi Қазақ ССР ҒА Хабарлары Тiл,
әдебиет сериясы, 1991, N4, 44-бет).
Сөзiмiз дәлелдi болуы үшiн мына пiкiрлердi де ұсынғанды жөн көрдiк.
Шығыс зерттеушiсi, тарихшы белгiлi ғалым Н.Я. Бичурин өз еңбектерiнде осы
мәселеге байланысты мынадай құнды материалдарды көрсетiп жазады:
“Значительную ценность представляет арабо-персоязычная литература, от части
также сакские, тохарские и тибетские источники, в которых сведения
касающиеся Средней Азий в древной период до VI-VIII вв. единичны и
зачастую содержатся в текстах намного позже того времени, которое ими
описывается. Это прежде всего относится к арабо и персоязычной литературе”.
(Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в
древние времена ч. I. 1851.)
Сонымен қатар кей жазбаларда ислам дiнi қазақ жерiне қарусыз келдi
дегендi айтады. Себебi ислам дiнiне дейiн халықтың амал әрекеттерi ислам
шариғатына сәйкес, үндес келетiн едi. Демек, ислам дiнi кiрiккенге дейiн
түркi халықтары әдет-ғұрыптарының кей тұстары ислам шариғаты амалдарына
ұқсас, сәйкес келдi деуге болады. “В религии тюркютов господствовал культ
неба-тангры, которому совершилась регулярные жертвоприношение. Они
поклонялись духа неба, который назывался кудай (бог)”. (Хидоятов Ғ.А. “Моя
родная история” Т., 1990, с.76).

ә) Араб, парсы сөздерi кiрiгуiне VI-VIII ғасырлардағы ислам дiнiнiң әсерi.

Араб, парсы тiлдерiнен сөз кiрiгуiн тiлге тиек етсек болғаны қашанда
араб шапқыншылығы және ислам дiнiнiң кiрiгуiмен байланыстырамыз. Ол тарихта
сонау VI-VIII ғасырларға барып тiреледi. Араб шапқыншылығы түркi халықтары
тарихында сұрапыл жылдар деп есептелiп келдi. Олар жаулап алған жерлерiнде
жергiлiктi халықтар мен ру-тайпалардың салт-дәстүрiн, мәдениетiн,
әдебиетiн, жазба нұсқаларын қырып-жойып, өз саясаттарын жүргiзу үшiн
қарумен күштеп бағындырды деген пiкiрлер бар. Яғни, араб шапқыншылығын
әшкерелейтiн түрлi пiкiрлердi кездестiремiз. Бiз осы тұста оған өзiндiк
пiкiрлер айтқымыз келедi.
Араб шапқыншылығының мақсаты жергiлiктi бұқараны ислам дiнi негiзiнде
бағындыруды көздеген болатын делiнген тарихи көзқарастар қалыптасқаны рас.
Бiздiңше, мұнда араб шапқыншылығының мақсаты емес әр кезде халифалық құрған
халифалардың көздеген жеке көзқарастарынан туындаған мақсат болуы мүмкiн
деп жорамалдаймыз. Олай дейтiнiмiз оны Орта Азия мен Қазақстан жерiне ислам
дiнiнiң келуiн тарихқа шолу жасай келе бiрнеше кезеңге бөлiп қарауға
болады. Бұны Араб халифаларының әр жылдардағы халифалық құрған кездегi
жорықтары және олардың ислам дiнiне жасаған саясаттарын бағалау тұрғысынан
сараптау қажет.
а) Умеяттар халифалық құрған тұстағы қатынас.
Умеяттар халифалық құрған тұста әсiресе Кутайба ибн Муслим әл Бахили
әмiрлiгi тұсында қатал болды деп жазады бiздiң тарихшылар. Ол жаулап алған
жерлерде жергiлiктi халықты күштеп бағындырды. Соның iшiнде Орта Азия
жорықтарында түркi тiлдес ру-тайпалардың мәдениетiн, әдебиетiн жазу-сызуын
жойып, жазба ескерткiштердi қиратты делiнген. Әсiлiнде бұл солай болды ма,
немесе бола ала ма? Олай дейтiнiмiз Кутайба ибн Муслим әл Бахили Хорасан
әмiршiсi болып тағайындалды, ол халифа емес. Оған қоса бар болғаны 9-10
жылдай (705-715 жж) Хорасан өлкесiне әмiрлiк еткен аз уақытта бiр халықтың
мәдениетiн, жазу-сызуын мүлдем жойып жiберуi мүмкiн бе? Тiптi екi ғасыр
бойы монғол билiгiнiң кезiнде мәдениетi мен жазу-сызуын сақтап қалған
қайсар халық 10 жылда бар болмысынан айрылып қалды деу ақылға сыймаса
керек.
Керiсiнше, осы Кутайбаның тұсында ең алғаш Орта Азия халықтарына Ислам
дiнiн қабылдауға көп септiгiн тигiзген. Сол кезде көптеген оқу орындары,
медреселер ашылып, мешiттер салынған едi. Жалпы осы өңiрде Ислам дiнiнiң
орнығуына аса үлкен рол атқаратын Самарқанд пен Бұхара қалаларын өзiне
қарату басты мақсаттың бiрi едi. Өйткенi сол кезде Самарқанд бұтқақұлдықтың
орталығы саналатын. Сол үшiн Мауераннаһрде үстемдiк орнатуда бұл екi
қаланың маңызы өте күштi болды. Осы мақсатта Кутайба Самарқанд, Бұхара, Шаш
пен Ферғана қалаларына түрлi жорықтар жасады. Сөз жоқ нәтижесiнде бұл
қалалар мұсылман әлемiнде танымал дiни орталыққа айналды. Әлемге әйгiлi
ғалымдар, ғұламалар, дiн және мемлекет қайраткерлерi шықты.
Даңқты қолбасшы Кутайба Мауераннаһр өлкесiнiң мұсылмандануы үшiн бар
күшiн аянбай жұмсағанын көруге болады. Тiптi Ислам дiнiн қалыптастыру
жолында түрлi амал-тәсiлдер қолданды. Сондай тәсiлдердiң бiрi Кутайба
тұсында ақшалай сыйлық беру болып табылады: “Усердiе кь новой вере даже
награждалось денгами кто являлся вь пятницу на молитву в месжиди Кутайбе
построенную в 94 (712) году, тоть получил два дирема в награду”. (Бамбери
Г. История Бохары или Трансоксании с древнейших времен до настоящего. Т. I.
С.- Петербург, 1873, стр. 33). Осының тарихи шындық екенiне дау жоқ.
ә) Саманилер тұсындағы қатынас.
Саманилердiң тұсында дiннiң таралуына көп жағдайда негiз болған дiни
оқу орындарының ашылуы. Атап айтқанда Бұхара, Самарқанд, Үргенч қалалары
үлкен мәдениет ошағына айналған. Онда көптеген медреселер ашылып, тек қана
шариғат iлiмдерi оқытылатын болған. Бұл кезiнде ислам дiнiнiң таралуына
негiзгi арқау болған деуге болады. Осындай медреселердiң ашылып, онда дiни
мамандарды әзiрлеу ислам дiнiн Орта Азияда таратудың дәуiрлегенi соншалық
тiптi халифат заманында да мұншалықты болмаған деседi. Өйткенi
тарихшылардың айтуына қарағанда Бағдад қаласында медресселердiң ашылуы тек
ХI ғасырды көрсетедi. “В ХI в. было построено первое медресе в Багдаде, в
ХII в. -в Каире, в ХIV в- в Марокко.” (Бартольд В.В. Ислам, Петроград Изд.
“Огни” 1918г. стр.52). Саманилердiң дәуiрi Х ғасыр.
Бұқара Саманилердiң ғылыми мәдениет орталығы болып есептелiнген.
Осылардың жемiсi болса керек орта ғасырлардағы атақты Аль-Хорезмидiң
“Астрономиялық таблицасы”, Ибн Синаның “Медециналық каноны”, Аль-Фарабидiң
“Өлең өнерiнiң қағидалары”, Аль-Берунидiң “Шахнамасы” секiлдi
шығармалардың, ғылыми-концепсиялық прогресшiл ойшылдардың белгiлi болуы.
б) Аббаситтер дәуiрiндегi қарым-қатынас.
Ал, келесi бiр ең үлкен, әрi күрделi кезеңi аббаситтер дәуiрi.
Аббаситтер заманында ислам дiнiне құрмет көрсетiп, беделiн арттыруды мақсат
еткен болатын. Осы аббаситтер тұсында ислам тарихын жазуға көп көңiл
бөлiндi. Құран сүрелерiн түсiндiретiн тафсирдi жазу кеңiнен дами бастады.
Аббасидтiк халифа әл-Мамун тұсында ислам дiнi үлкен беделге ие болды.
“Ислам дiнiн бұрмаламай, Құран iлiмдерiн сол қалпында бiлуге оның араб
халифатында жақсы тарала беруiне әл-Мамун көп еңбек сiңiрдi. Көптеген
жазбагерлер ислам дiнi және халифалардың оған қатынасы туралы мәселеде оны
жақсы түсiнгенi Құранды терең меңгерген және жақсы жақтарын терең
бiлгендiгi жөнiнде әл-Мамунге тең келетiн халифа кемде-кем деседi”.
(Жолдасов С. “Ислам тарихы”. А., 1998, 131-бет).
Сондай-ақ осы әл-Мамунның дәуiрiнде ислам дiнi өзге дiндерге кеңшiлiк
жасап, христиандар өз шiркеуiнде сиынуға рұқсат берiлген-дi. Осының салдары
болса керек Қазақстан халқының арасында осы кезеңде әр алуан нанымдар мен
сенiмдер сақталып қалды. Жергiлiктi халық арасында отқа табыну, ата-баба
әруағына сиыну, көшпелi елдiң бiраз бөлiгiнде шаманизм қалдықтары көрiнiп
жатты. Яғни, жергiлiктi түркi тектес ру-тайпалар өздерiнiң ескi әдет-
ғұрыптарын жүзеге асырған. Қала бердi бұл амал әрекеттердiң қалдырған
iздерi қазiргi таңға дейiн сақталып келедi. Атап айтар болсақ отпен бет
бүрку, киiмдi отпен аластату секiлдi амалдар солардың бiр белгiсi.
Демек ислам дiнi тарихшылар тарапынан (берiлген баға) айтқандай
қылыштың жүзi, найзаның ұшымен ендiрiлген деген пiкiрлер шындыққа
қаншалықты жанасады.
Әрине халифалар жөнiнде соңғы кезге дейiн бәрi бiрдей бас кесерлер,
әдiлетсiз, өзiнiкi болмаса өзгенiкiмен келiспейтiн болған деген пiкiрлер
қалыптасқандығы белгiлi. Ал расында олардың iшiнде тек ақылдылығымен емес,
сонымен қатар кiшiпейiлдiгiмен, имандылығымен, әдiлеттiлiгiмен көзге
түскендерi қаншама. Кейбiрi дiни басшы болуына байланысты имандылықты,
әдiлеттiлiктi, Құран аяттары мен пайғамбарымыздың сүннет жолында жүрудi
бiрiншi кезекке қойып, оны өзгелерден де талап еткен. Араб халифаларының
басқа жерлерге жасалған жорықтарының негiзгi мақсаты жердi жаулау, дүние
алу емес, бейбiт жолмен мұсылмандыққа енгiзу екенiн дәлелдейдi.
Шындығында кейбiр тарихшыларымыз бен шығыстанушыларымыз осы Ислам
дiнiн құбыжық көрсету мақсатында Орта Азия мен Қазақстанға таралуы жайлы
керағар пiкiрлер айтқандары баршылық. Бiздiңше бұл пiкiрлер мүмкiн сол өз
заманына лайықты берiлген сыңаржақ пiкiрлер болуы мүмкiн деп ойлаймыз.
Әрине егемендiк алған елiмiзге ендi тарих беттерiндегi ескi көзқарастарды
қалдырып, шынайы шындық көзқарастарды жасырмай айтуға уақыт жеткен секiлдi.
Ислам дiнiнiң таралуы жайлы қылыштың жүзi, найзаның ұшымен емес өзге
қажеттiлiктiң тұрғысында қалыптасып дамығанын ашып айтқанымыз дұрыс шығар.
Олай дейтiнiмiз ең алғаш ислам дiнiнiң таралуы ислам тарихында үгiт-
насихаттан бастау алады. Пайғамбарымыз Мұхаммед с. а. у. өзi туып-өскен
жерде алғаш уағыз-насихат арқылы бастады. Бiрiншi кезекте ол өзiнiң туған-
туысқандарын үгiттесе, соң өзiнiң айналасындағы таныс-бiлiс болған
жекелеген адамдарға жеткiздi. Сондықтан Ислам дiнiнiң таралу негiзi ашық
дағуат арқылы дәрiптелдi. Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн қасиеттi Құран Кәрiмнiң
мына аятын келтiруге болады:
Алғаш өзiңе жақын ағайындарыңа ескерт و أنذر عشيرتك الاقربين (Шұғара
сүресi, 214-аят.)
немесе
Саған берiлген әмiрдi орында да, оны мушриктерге дәрiпте (жеткiз) فاصدع بما
تؤمر وأعرض عن المشريكين (Һижр сүресi, 94-аят.)
Ал түркi халықтары жайлы пайғамбарымыз Мұхаммед с. а. у. хабардар
болған деседi. Тiптi олар жайында қалған хадистер баршылық. Ол хадистердiң
бiрiнiң мазмұны былай болып келедi: “Түрiктер сендерге тиiспесе, сендер де
оларға тиiспеңдер!” (Ресаил-ұл Жаһиз, I том, 76-бет.)
Соғысу, жаугершiлiк саясатқа байланысты мәcеледе сахабаларымыз әбден
тек мұсылман болғаны үшiн зәбiр көрiп, қорланған сәттерде пағамбарымызға
келiп “Соғысайық!” дегенде пайғамбарымыз Мұхаммед с. а. у. оларға “Маған
соғысу әмiр етiлген жоқ!” деп, сабырлыққа шақырып, тоқтатушы едi. Мiне,
осындай мәселелерден кейiн қалайша ислам зорлық дiнi, қатал дiн, ол
қылыштың жүзi, найзаның ұшымен ендi дей аларсың. Шындығында бiз жоғарыда
айтқандай әр халифаның халифалық құрған кезiндегi тарихи кезеңдер мен жеке
халифаның көздеген мақсатынан туындаған болуы мүмкiн дедiк. Әрине ибн
Кутайба мен әл-Мамунның ел басқару жүйесi, исламияттағы саясаты мен өмiрге
деген көзқарастары сәйкес келмейдi. Ибн Кутайба тым қатал болса, әл-Мамун
жаны жайсаң момын болды. Сондықтан қашанда ислам дiнiнiң келуiн сөз еткенде
ол қылыштың жүзi, найзаның ұшымен ендiрiлдi немесе Ислам қылыштың күшiмен
таралған, арабтар түрiктердi күштеп дiнге енгiзген, әлiппелерiн жойған
деген пiкiрлерге қоса осындай ойлардың барлығын ұмытпаған жөн.
Кей жазбалардың айтуына қарағанда Орта Азия халықтарының барлығы
бiрдей ислам дiнiн бiрден қабылдай салмаған. Сiрә, бұл бiздiң Қазақстан
жерiне қатысты болған болса керек. Өйткенi сол кезеңдерде араб, иран
басқыншылары қазақ жерiне тiкелей келiп қоныстана алған жоқ, ал
кiргендерiнiң өзi тұрақтанған жоқ. Сондықтан болса керек ислам дiнi қазақ
даласына толық орныға алмады, яғни қазақ халқы толық мұсылманшылыққа бет
бұра қоймаған деген пiкiрлер айтылып жүргенi шындыққа жанасады.
“Х-ХII ғасырдағы Қазақстан халқының арасында алуан түрлi нанымдар мен
сенiмдер орын алып отырды. Бұрынғысынша аруағына сыйыну сақталып қалды,
Өлген адамға iстелетiн жоралғы ескi әдет-ғұрып бойынша жүргiзiлдi. Көшпелi
халықтың едәуiр бөлiгi әлi де шаманизмдi ұстанады, табиғаттың дүлей күшiне
рухқа табынады, сонымен бiрге ислам бiртiндеп кiре бастады. Алайда
жергiлiктi халық жаңа дiндi бiрден тани қоймады, оның бiршама кеңiнен
тарауы үшiн ұзақ уақыт керек болды. Орта Азияның халықтары исламдандыру
негiзiнен VIII ғасырдың аяғына қарай аяқталады, ал Қазақстанда бұл процесс
ұзаққа созылды, соның өзiнде солтүстiк аудандарда ол оңтүстiктегiге
қарағанда әлде қайда баяу тарады”. (Қазақ ССР тарихы. А., 1983, 114-бет).
Ал, өзге аудандарға таралуы осы өңiрдегi дiни ғұламалардың еңбектерi
мен өсиеттерi және амал әрекеттерi деп қабылдау қажет. Олай дейтiнiмiз ол
аудандарға араб халифаты тұрмақ араб әскерлерiнiң ат iзiн салғандығы
жөнiнде тарих беттерiнде нақтылы дерек жоқ. Қараңыз “Х ғасырда исламды
төменгi Сырдариядағы оғыздардың бiр бөлiгi қабылдады, бiрақ көшпелi халық
арасында мұсылман дiнi жаппай тараған жоқ”. (Қазақ ССР тарихы. А., 1983,
115-бет).

б) Араб, парсы сөздерiнiң қалыптасуына ХIХ ғасырдағы саяси-қоғамдық
құбылыстың әсерi.

Әдебиет тарихында әр ғасырдың өзiндiк сипаты бар. ХVII ғасыр
ақындарының өлең жырлары арпалысқа толы өмiр шыншылдығы мен Есiм хан
тұсында болған тарихи жорықтарды және бiр орталыққа бiрiккен күштi мемлекет
құру туралы идеялар болса, ХVIII ғасыр ақындарының негiзгi тақырыптары
жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берудi аңсаған батырлық сарында болды. ХVII
ғасыр ақындарының iшiнде Марғасқа мен Жиембет жыраулардың аттары аталады.
“Марғасқа мен Жиенбеттiң бiздiң заманымызға жеткен санаулы ғана толғаулары
ХVII ғасырдағы қазақ поэзиясының сын-сыпаты, даму бағдары ежелгi арна,
байырғы дәстүр ауқымында болғандығын танытады.” (Б.ғ.ж. I т. 9-бет)
Ал, ХVIII ғасыр ақындары Ақтамбердi, Үмбетей, Тәтiқара, Бұқар
жыраулардың тақырыптық идеялары мен негiзгi бағыттары жоңғар шапқыншылығына
тойтарыс беру, бүкiл ел болып атқа мiнудi, жалпы халықты ерлiкке,
батырлыққа үндеу. Жау қолында қалған жерлердi азат етудi армандаған, елiм,
жерiм деп еңiреген ерлердi аңсаудан туындаған. “Ақтабан шұбырынды алқа көл
сұлама”, алма кезек жорықтар, қырғын соғыс, саяси-қоғамдық өзгерiстер сол
кездегi жыр тақырыбының негiзгi арқауы. “Бұл жыраулар өмiрнамасындағы
отаншылдық, патриоттық сарындар ХVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының бағыт-
бағдарын, өзектi ойларын айқын танытады.” (Б.ғ.ж. I т. 9-бет)
ХIХ ғасыр ақындарының тақырыптары дүниенiң тарылғаны, ақырзаманның
келуiн, зар заман халiн суреттеуден туындаған. Патшалық Ресейдiң қазақ
жерiне көз тiгiп, қол салғанын ащы жырлайды. “ХIХ ғасырдың бас кезiндегi
ақындар патшалы Ресейдiң қазақтың жерiн алумен бiрге, оның өзiн әртүрлi
саясатпен жою мақсатын жүзеге асыруға жанын салғанын сездi, тiптi жерiмен
қоса, дiнiн, дiлiн, тiлiн алу жағын да ойластырды”. (Қалижанұлы У. Қазақ
әдебиетiндегi дiни-ағартушылық ағым, А, Бiлiм, 1998, 10-бет)
ХIХ ғасырдағы қоғамдағы саяси құбылыстың тiлге де әсерi болды, оның
iшiнде араб, парсы кiрме сөздерiнiң кiрiгiп, қалыптасуына өз кезегiнде көп
септiгiн тигiздi. Олай дейтiнiмiз ХIХ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің жасалу көздері мен оларды аудару мәселелері
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
Қазақ тілінде кірме сөздердің қолданылуы
Лексика - семантикалық, фонетикалық - орфограммалық және грамматикалық варианттардың ерекшеліктерін саралап көрсету, нормадан ауытқу немесе сай келу заңдылықтарын талдау және варианттарды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру
Қазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуы
Медициналық терминдердің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі
Дипломатиялық терминдер
Қазақ - ағылшын прагматонимдерінің семантикалық және құрылымдық ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Пәндер