Ақша, банк, несие жүйелері



І тарау. АҚША ЖҮЙЕСІ
1.1. Ақшаның пайда болуы.
1.2. Ақша жүйесі
II тарау. БАНК ЖҮЙЕСІ
2.1. Банкілердің пайда болуы және олардың түрлері.
ІІІ тарау. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ
3.1. Несие мәні
1.1. Ақшаның пайда болуы.
Ақша адамдарға ертеден белгілі. Ақша құнкөрісінің формасы болып, тауар өндірісі мен айырбастың ұзақ дамуының процесінде пайда болды.
Айырбастың ең қарапайым түрі бартер болып табылады.
Мысалы, диқан 500 кг дәнін бақшаның бір малына айырбастайды. Дегенмен, бартерлік келісім айырбасқа шектеулі тауарлар ұсынылғанда ғана кедергісіз жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар бартерлік айырбасқа қатысушылардың саны да шектеулі болады. Өйткені шаруашылық субьектілірінің кең шеңберін саудаға қатыстыру кезеңінде бартерлік айырбас үлкен қиындықтарға әкелетін болады. Мысалы, сіз өз астығыңызды мыс құмыраға айырбастағыңыз келеді, бірақ құмырап иесіне сіздің астығыңыздың қажеті болмайды, мұндай жағдайда айырбас іске асуы үшін бірнеше сауда келсімдерін жасауға тура келеді.
Тағыда да басқа мысал келтірейік. 1873 жылы Орталық Африканы зерттеуші Камерунның қайық сатып алуы қажет болды. Ол Танганика көлінің жағасындағы базардан өзіне қажет қайықты тапты, бірақ бұл қайықтың иесі Камеруның қолында жоқ пілдің сүйегін талап етті. Сондықтан да қайықты алу үшін зерттеушінің бірнеше келісім жасауына тура келеді. Камерунның қолында мыс сым болды, оны ең алдымен шұғаға, одан кейін шұғаны піл сүйегіне айырбастады.Сөйтіп барып қана ол өзіне қажет болған қайықты ала алады.
Айырбастың әрі қарай дамуы айырбас қатынасында ақша рөлін атқаратын жаңа тауврлардың пайда болуына алып келді. Алайда ақша рөлін атқаратын тауарлардың көп болуы айырбас келді. Алайда ақша рөлін атқаратын тауарлардың көп болуы айырбас қатынасын қиындатьа түсті. Осындай қиыншылықтар, басқа тауарлармен айырбасқа түсетін тауардың көпшілік тауардан біртіндеп бөлініп шығуына жапғдай жасады.
Мұндай айырбас кезеңі К. Маркс көрсеткен,жалпыға бірдей құн формасына сәйкес келеді:

2 қап дән
2 балта → 1 қой
10 г алтын

Ертеде осы тауарлардың кез келгені ақша (эквивалент) рөлін атқарған болса, енді еңбек өнімі өз құнын жалпыға бірдей эквивалент рөлін атқараты басқа бір тауар арқылы көрсете бастады. Жалпыға бірдей эквивалент рөлін әр халықта әр түрлі тауарлар атқарады: мал (ежелгі гректерде және түрік халықтарында), мыс (Ежелгі Римде), шай (Монғолияда), тұз (Қытайда, Батыс Суданда және т.б.
Жергілікті нарықта қызмет атқаратын жэалпыға бірдей эквиваленттің көп болуы халықаралық сауданың дамуына кері ықпал етті. Мұндай эквиваленттердің көбінің сапасы бірдей болмауы, сондай-ақ, оларды ұсақ бөліктерге еркін бөлуге және осы бөліктерді қайта құрастыруға болмауы сыртқы сауданың ғана емес, ішкі сауданың дамуын,а да кедергі келтірді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
І тарау. АҚША ЖҮЙЕСІ

1.1. Ақшаның пайда болуы.

Ақша адамдарға ертеден белгілі. Ақша құнкөрісінің формасы болып, тауар
өндірісі мен айырбастың ұзақ дамуының процесінде пайда болды.
Айырбастың ең қарапайым түрі бартер болып табылады.

Мысалы, диқан 500 кг дәнін бақшаның бір малына айырбастайды. Дегенмен,
бартерлік келісім айырбасқа шектеулі тауарлар ұсынылғанда ғана кедергісіз
жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар бартерлік айырбасқа қатысушылардың
саны да шектеулі болады. Өйткені шаруашылық субьектілірінің кең шеңберін
саудаға қатыстыру кезеңінде бартерлік айырбас үлкен қиындықтарға әкелетін
болады. Мысалы, сіз өз астығыңызды мыс құмыраға айырбастағыңыз келеді,
бірақ құмырап иесіне сіздің астығыңыздың қажеті болмайды, мұндай жағдайда
айырбас іске асуы үшін бірнеше сауда келсімдерін жасауға тура келеді.
Тағыда да басқа мысал келтірейік. 1873 жылы Орталық Африканы зерттеуші
Камерунның қайық сатып алуы қажет болды. Ол Танганика көлінің жағасындағы
базардан өзіне қажет қайықты тапты, бірақ бұл қайықтың иесі Камеруның
қолында жоқ пілдің сүйегін талап етті. Сондықтан да қайықты алу үшін
зерттеушінің бірнеше келісім жасауына тура келеді. Камерунның қолында мыс
сым болды, оны ең алдымен шұғаға, одан кейін шұғаны піл сүйегіне
айырбастады.Сөйтіп барып қана ол өзіне қажет болған қайықты ала алады.
Айырбастың әрі қарай дамуы айырбас қатынасында ақша рөлін атқаратын
жаңа тауврлардың пайда болуына алып келді. Алайда ақша рөлін атқаратын
тауарлардың көп болуы айырбас келді. Алайда ақша рөлін атқаратын
тауарлардың көп болуы айырбас қатынасын қиындатьа түсті. Осындай
қиыншылықтар, басқа тауарлармен айырбасқа түсетін тауардың көпшілік
тауардан біртіндеп бөлініп шығуына жапғдай жасады.
Мұндай айырбас кезеңі К. Маркс көрсеткен,жалпыға бірдей құн формасына
сәйкес келеді:

2 қап дән
2 балта → 1 қой
10 г алтын

Ертеде осы тауарлардың кез келгені ақша (эквивалент) рөлін атқарған
болса, енді еңбек өнімі өз құнын жалпыға бірдей эквивалент рөлін атқараты
басқа бір тауар арқылы көрсете бастады. Жалпыға бірдей эквивалент
рөлін әр халықта әр түрлі тауарлар атқарады: мал (ежелгі гректерде және
түрік халықтарында), мыс (Ежелгі Римде), шай (Монғолияда), тұз (Қытайда,
Батыс Суданда және т.б.
Жергілікті нарықта қызмет атқаратын жэалпыға бірдей эквиваленттің көп
болуы халықаралық сауданың дамуына кері ықпал етті. Мұндай эквиваленттердің
көбінің сапасы бірдей болмауы, сондай-ақ, оларды ұсақ бөліктерге еркін
бөлуге және осы бөліктерді қайта құрастыруға болмауы сыртқы сауданың ғана
емес, ішкі сауданың дамуын,а да кедергі келтірді.
Бастапқыда ақшаның қызметін мыс, темір, одан кейін күміс, ал ең
соңында алтын атқара бастады. Өйткені басқа тауарларға қарағанда алтынға
ерекше қасиеттер тән болды.
Олар алтынның:

1) бағалылығы;
2) қолайлылығы;
3) экономикалық бөлінімділігі;
4) сиректігі;
5) сақталымдылығы.

Әйтседе де, тарихи оқиғалардың барысы көрсеткендей, ,, алтын ғасыр,,
ұзаққа созылған жоқ. Ол XIX ғасырдың соңғы үштігі мен XX ғасырдың бірінші
он жылдығын қамтыды. Содан кейін, бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен
бастап, алтынның демонетизация процесі барынша күшейе түсті. Ал екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін барлық елдерде алтын монеталар пайдалану
тоқтатылған. Ақша айналысы аясында қағаз және несиелік ақшалар орын алды.
Ел экономикасында ақша бірнеше маңызды қызмет атқаратынына қарамастан,
белгілі бір сұранысты көрсетеді. Халық ақшаны дәл осындай қызметі үшін
бағалайды.
Ақшаның атқаратын қызметтері:
- құн өлшемі,
- айналым құралы,
- қор жинау құралы,
- төлем құралы,
- дүниежүзілік ақшалар.
Енді ақшаның осы қызметтеріне толығырақ тоқталайық.

Құн өлшемі қызметі. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтері арқылы
ашылады. Ақшаның ең басты және бірінші қызметі құн өлшемі болып табылады.
Ақша құн өлшемі қызметін атқара отырып, әр түрлі тауарлар мен қызметтердің
құнын өлшейді.

Бағасы әр түрлі тауарларды қалай салыстыруға болады? Ол үшін баға
өлшемін бірдей қалыпқа келтіру өте қажет. Ерте ғасырларда баға мөлшерінің
қалпы ретінде металдың салмақ мөлшері пайдаланылған, ал қазір әрбір елде
барлық тауардың бағасын өлшеуге, заңды түрде бекітілген ұлттық ақша белгісі
(доллар, теңге, т.б.) қолданылады.
Қоғам әр түрлі игіліктер мен ресурстардың салыстырмалы құнын өлшеудің
мөлшері ретінде ақша бірлігін қолдануды қолайлы деп санайды. Біз
арақашықтықты мил, километр арқылы өлшейміз және оларды салыстырамыз, сол
сияқты игіліктер мен ресурстардың құнын ақшамен өлшейміз.
Ақша жүйесінің арқасында әрбір өнімнің бағасын басқа өнім арқылы
өлшеуді қойып, енді ақша бірлігі арқылы өлшейді. Ақша бірлігін қолдану,
келісімге қатысушыларға әр түрлі тауарлар мен ресурстардың салыстырмалы
бағалығын жеңіл теңестіруге мүмкіндік береді.
Айналым құралы. Ақшаның екінші қызметі – құн өлшемі сияқты, айналым
құралы қызметі. Бұл қызметі оның сыртқы көрінісі болып табылады.
Айналым құралы қызметі тауарлар мен қызметтерді (Т-А-Т) айырбастау
кезінде делдал рөлін атқарады. Яғни, мұнда ақшалар бір тауар иесінен екінші
бір тауар иесіне тек тауарды көшірудің құралы ғана болып табылады. Мұндай
операциялар орындалу үшін жалпыға бірдей эквивалент рөлін атқаратын тауар
қағаз ақша белгілеріне немесе алтынның белгілі бір салмақ бөлшегіне қарсы
тұруы тиіс.
1286 жылы Пекинде болған атақты саяхатшы және зерттеуші Марко Поло ең
алғаш қағаз ақшалар Қытайда пайда болғандығы жайлы айтады.
Қор жинау қызметі. Ақша қор жинау қызметін атқарады. Ақша өтімді құрал
және байлықты сақтаудың тиімді, қолайлы формасы болып табылады. Ақша
байлықты сақтау негізінде, мысалы, жылжымайтын мүлік (меншік) және бағалы
қағаз (акция, облигация және т.б.) формасында, ақшалай табыс алып келеді.
Ақша фирмада немесе үй шаруашылығында қаржылық міндеттемені қанағаттандыру
үшін пайдаланылады.
Төлем құралы. Бұл қызметінде ақша тауарлар мен оның бағасының
қозғалысы арасында үзіліс пайда болған жағдайда (мысалы, несиеге сату,
еңбекақы төқлеу және т.б.) көрініс табады.
Дүниежүзлік ақшалар. Қазіргі жағдайдаосы қызметті ертедегідей алтын
емес, қағаз ақшалар, яғни дамыған елдердің ұлттық ақша белгісі (мысалы,
доллар, фунт стерлинг, неміс маркасы және т.б.) атқарады.

1.2. Ақша жүйесі

Қазақстанның ақша белгісі-теңге. Кеңес одағының ыдырауына байланысты
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.
Дегенмен, Ресей рублі Қазақстанда қолданыла берді. Өтпелі экономиканың ауыр
кезеңінде 1992 жылы Ресейдің жаңа ақша белгісін шшығаруы Қазақстанның
экономикалық жағдайын қиындата түсті. Ақша айналымында кеңес ақшасының
көлемі шектен тыс көбейіп, құнсызданады. Осы себептерге байланысты
Қазақстан 1993 жылы қараша айында өз ұлттық ақшасын енгізді.
Қазақстан тарихына көз салатын болсақ, бұдан көп ғасырлар бұрын Жібек
жолының бойында, ірі сауда орталықтары болғаны белгілі. Әрине, ақша
қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз
дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өззінде-ақ теңгелер жасалды, алтын
теңге (алтыннан жасалған), күміс теңге (күмістен жасалған) ақша рөлін
атқарған.
Енді ақша жүйесі туралы әңгіме етейік.

Ақша жүйесі - әрбір елде тарихи қалыптасқан және мемлекет заңы бойынша
белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы.
Ақша айналысы – төлем құралы мен айналым құралы қызметтерін атқаратын
ақшаның үздіксіз қозғалысы.
Ақша жүйесінің элементтері:
- ақша бірлігі (елде қщабылданған ақша өлшемдері-теңге, рубль, доллар,
т.б.);
- баға масштабы, яғни ақша бірлігі және оның құрама бөлшегі ретінде
елде қабылданған ақшаның сандық, салмақтық мөлшері (мысалы, рубль өткен
ғасырдың 60-80-жылдары 0,987672 г алтынға теңелді);
- эмиссиялық жүйе, яғни ақша және бағалы қағаздарды шығаратын мекеме
(мысалы, орталық банк және т.б.);
- ақша белгілерінің түрлері, яғни айналыста заңды төлем құралы болып
табылатын несиелі қағаз ақша және ұсақ монеталар жүйесі;
- ақша жүйесінің институттары, яғни ақша айналысын реттейтін
мемлекеттік емес мекемелерщ.
Тарихта ақшаның айналыс жүйесі биметаллизм мен монометаллизм арқылы
өтті.
Биметаллизм – ақша ретінде екі металдың – алтын мен күмістің
қолданылуына негізделеді (XVI-XIX ғ.ғ).
Монометаллизм – ақша ретінде тек алтынды пайдаланды, ал қағаз және
несие ақшалар оған еркін айырбасталды.
Монометаллизмнің үш түрі бар:
- алтынның металдық стандарты (1821 жылдан бірінші дүниежүзілік
соғысқа дейін). Ол алтын монеталардың айналысымен, сондайақ, қағаз және
несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталады.
- алтын құйма стандарт (Англия және Францияда бірінші дүниежүзлік
соғыс жылдары). Ол құн белгілерін алтынға айырбастауды қарастырды, егер
олар алтынның стандарт құймасының бағасына сәйкес болса (мысалы, егер сурет
бағасы 1 кг алтынның құнына сәйкес келсе, ол оған айырбасталады);
- алтын девиздік стандарт (XX ғ. 20-30 ж.). Ол алтынға ұсақталатын
банкноттардың шетелдік валютаға (девиздік) айырбасталуын қарастырады.
1929-1933 жылдардағы дағдарыстан кейін банкноттардың алтынға еркін
айырбасы тоқтатылды, яғни монометалллизм дәуірі аяқталды.
1930 жылдан бастап бірыңғай несие ақша жүйесі бекітілді. Оның
белгілері: айналыстан алтынның кетуі (алтынның демонетизациялануы),
банкнотты алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың алтындық мәнінің
жойылуы, несие ақшалардың жағдайын күшгейту, қолма-қол емес ақша айналысын
кеңейту; ақша массасын көбейту мақсатымен мемлекеттің ақша эмиссиясын қолға
алу.
Ақшаның өзі мен ақша айналысының эволюциясы – тауар өндірісінің
дамуындағы объективті тарихи процесс. Ақша рөліндегі алтынды несие-қағаз
ақшамен алмастыру тауарды айырбастауда тауардың қандай құны бекітілгенін
анықтауға емес, айырбасқа ұсынылған тауарға қанша көп немесе аз құн
бекітілгенін айқындауға байланысты болады. Құндарды өлшеу үшін зат
фомасындағы нақты тауардың құны пайдаланылмайды. Маңыздысы – айналыстағы
ақшалар айырбасталатын тауарлардың эквивалентті құны ретінде қызмет атқаруы
тиіс, ал олардың өз құны болуы міндетті емес.
Мұның өзі алтынды жай қағаз белгілерімен ауыстыруға мүмкіндік
туғызады.
Алтынды несие ақшамен ығыстыру ақша қызметтерін (банкнот, вексель,
чектер) атқарушы тұлғалардан несиелік карточкаларға айырбастау қарқынын
күшейте түсті.

Несиелік карточканың түрлері:
1. Жаңаратын карточкалар. Дүкендер, мейрамханаларда қолданылады.
Карточкалардың қарыздары жабылғаннан кейін қайтадан жаңартылады.
2. Бір айлық карточкалар. Туристік фирмалармен есеп айырысу үшін
қолданылады. Қарыздар айдың соңында жабылуы керек.
3. Сыйлықтық немесе алтын несиелік карточкалар. Олар тек жоғары жылдық
табысы бар клиенттерге беріледі.
Несиелік карточкалар 1915 жылдан бастап пайдаланылады, олар ең бірінші
рет АҚШ-та қарызды жабу түрінде пайда болған.
Ақша эволлюциясының осы заманғы кезеңіне электронды ақшалар жүйесі сай
келеді. Олардың көмегімен ақша операциялары жүргізіледі: банк есебінен ақша
алу, салымдарды қабылдау, төлемдер, чектік кітапшалар беру және т.б.
Электронды чектік кітапша болып табылатын смат-карточкалар пайда
болды. Қазақстанда электронды ақшалар жүйесі қалыптасу сатысында. Алғашқы
пластикалық ақшалар шектелген көлемде 1989 ж. Сыртқы экономбанкіде
қолданылады. Қазіргі кезде оларды елдің ірі банкілері қолдана бастады.

II тарау. БАНК ЖҮЙЕСІ

2.1. Банкілердің пайда болуы және олардың түрлері.
Нарықтық қатынастар жағдайында банкілер қоғамдық шаруашылық өмірдің
негізгі буыны болып табылады. Банк жүйесі арқылы ақша қаражаттарының әр
түрлері өндіріс салалары арасында қайта бөлінеді. Банк ісінің пайда болу
тарихы Ежелгі Вавилон, Египт мемлекеттерінен басталады.
Сол кезеңде ақша уақтауды кәсіп еткен адамдар қоғамның мәдени дамуында
алғашқы банкирлер болып есептелінеді.
Ежелгі Египетте (б.з.б. 3100-300 жж.) өсім алушылар сауда келісімдерін
жүргізе отырып қарыз бере бастады. Әрбір келісім бойынша саз балшықтан
жасалған тақтайшаларадан жазбаша міндеттемелер жазылды. Алданып қалмау үшін
әрбір саз тақтайшаны тағы да бір қабат батпақпен жауып, жазуларды қайталап
отырды. Егер келісім жасаушылардың арасында жазбаның жасандылығына күмән
болған жағдайда тақтайшадағы жазбаның жоғары қабатын бұзып, ондағы жазудың
төменгі қабатындағы тақтайшамен салыстырып, қарыздарды 1,5-2 есе өсіретін
болды.
Тіпті, кей жағдайда қарыздарын, кредиторларға өздерінің құлдарын жалға
беру арқылы қайтарды. Құлдың бір айға істеген жұмысы қарыз үшін төлемдерді
ақтай алмағандықтан, бұл форма көп қолданыла бермеді.
Алғашқы банк мекемелері Жаңа Вавилон хандығы тұсында Ежелгі
Месопотамияда пайда болды. Вавилонда банк операциялары алғашқыда шіркеу
абыздары арқылы жүзеге асырылды. Ақшаны қарызға алу жылдық 20 пайызбен
берілсе, ал бидаймен қарыз алу екі есе жоғары болды, яғни жылына 40 пайыз
өсіммен берілді.
Ассирия үстемдігі уақытында банк қызметтерін атқаратын алғашқы сауда
үйлері пайда бола бастады, мұнда сауда және банкілік қызметтер атқарылды.
Олар өз салымшыларынан сақтауға ақша қабылдап, сақтауға берілген ақшаны өз
қалаулары бойынша жұмсамай, тек өз клиенттерінің атынан төлем жүргізіп
отырды.
Ал Вавильон көпестерінде айналымда алтын мен күміске дәлме-дәл,
болашақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
Банкаралық ақша аудару жүйесі
Электрондық банктік қызметтерді көрсету талаптары
Казкоммерцбанктегі жүргізілетін қызметтер
Орталық банктің ақша – несие саясаты
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ
Мемлекеттің ақша – несие саясаты жайлы ақпарат
Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының экономикалық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау
Пәндер