Райымбек ауданының егіншілік саласы



КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1. Райымбек ауданының егіншілік саласы.
2.Егіс көлемі және оның құрыльшын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар
3 Тау баурайында топырақты өңдеу
4. Күздік бидайды жалдап өсіру технологиясы
5. Суармалы жерде картоп өсірудің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Киелі Райымбек бабамыздың есімімен аталатын аймақ келешегі зор, ауыл шарушылығы саласы бойынша ел экономикасына қосатын үлесі ауқымды аудан. Ол жері шұрайлы, табиғаты аса көрікті Іле Алатауының биік тау қойнауларын алып жатыр. Тау асулары мен жазық кеңістік алмаса отырып, Тянь-Шань шыңдарымен шектелген ерекше бір ландшафты құрайды. Бұл жерде ата кәсіп, мал шарушылығы өркендеп даму үстінде, яғни мал басы жыл сайын қарқынды өсіп келеді. Ал егіншілік саласын алсақ оның дамуы кейінгі кездері баяулап қалды, егіс көлемі қысқарып, техникалар ескіріп, егіншілік саласында көп қиындықтар бой көрсетті.
Осы жағдайда егіншілік саласына инвестиция тарту, ғылыммен байланысты күшейту, алынған өнімді терең өңдеу арқылы оның қосымша құнын ұлғайту тағы басқа шаруаларды аудан әкімшілігі мен ауыл шаруашылығының еңбекерлері өз назарында ұстауда. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу орталығының ғалымдарда егіншілік саласында қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, ғылым тәжірибелері мен жетістіктерін, жаңа сорттарды өндіріске еңгізу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, Райымбек ауданының ауа-райы климат ерекшілігін, топырақ жағдайларын талдай келе және агроландшафтық жүйеге негізденген егіншілік саласын дамыту жөнінде осы курстық жұмыста көптеген ұсыныстар беріліп отыр. Бұл ұсыныстардың негізгі мазмұны алда турған мынадай міндеттерді іс жүзіне асыруды көздейді:
- егіншілік саласында күздік бидай, жаздық арпа, эспарцет, картоп егіс көлемдерін ұлғайту, жаздық бидай егісін қысқарту;
- егіншілікті әртараптандыру мақсатында ауданға дәстүрлі емес, бірақ ауа райы климат жағдайына лайықты жана дақылдарды (рапс, қарақұмық, ас бұршақ) өндіріске енгізу, өйткені кәзіргі кезеңде бұларға сұраныс өте жоғары;
- мал шаруашылығының одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда айтылғандай арпа мен эспарцеттің егіс көлемін ұлғайту және табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту және тиімді пайдалану жұмыстарын жандандыру;
- ауыл шаруашылығының өнімдерін сақтау және оны өңдеу жұмыстарын ұйымдастыруды әрқашан назарда ұстау, қосымша құн арқылы өнім өңдірудің тиімділігін арттыру. Мысалы, бидайды толықтай ұнға айналдыру, рапстан май сығу, ас бұршақтан және қарақұмықтан жарма алу, арпа дақылының негізінде құрама жем өндіру, картопты өңдеу арқылы әртүрлі тағамдық өнімдер шығару т.б.
Осындай даму жолдарын таңдау ауданның шалғай жерде орналасуы және тасымалдау тарифтерінің жоғары болуына тікелей байланысты. Жоғарыда аталған дақылдардан мол және сапалы өнім алуды қамтамасыз ете алатын технология және сорттар осы ұсыныста егжей - тегжей баяндалып отыр. Егіншілік мәдениетінің өсуі барысында топырақ өңдеудің жаңа тәсілдеріне көшу де (жер өндемей тұқымды тікелей себу немесе қарапайым түрде өңдеу) қарастырылады.
1. Асанов К.А. ҚР, жайлымдылық шарушылықтарындағы шұғыл шаралар туралы// Вестник с/х науки Казахстана. 1991. №4.
2. Абалкин Л. Нарықтық экономиканың құрылуы мен реттеуіндегі мемлекеттің рөлі// Вопросы экономики. 1997.
3. Әубәкіров Я.Ә. 2030 жылға дейінгі стратегияняң экономикалық мәселелері // 1997 жылғы 13-14 қарашада өткен конференция материалдары. Алматы.1997.
4. Статисгикалық пресс-бюллетень. 1999. №1. 125-126-66.
5. Қалиев Ғ. Қазақстандағы аграрлық реформа: тарихы, қазіргі кезеқ болашағы Алматы, 1998. 231-6.
6. Кейнс Дж. М. Жұмыспен қамту, пайыз. және ақша туралы жалпы теория. М., 1993.
7. Бочаров В. Инвестиция нарығының реттеудегі қаржы-несиелік әдістері М, 1993. 7-б.
8. Сатыбалдин А.А. Еліміздің агрокәсіптік кешені: жағдайы, мәселелері және одан әрі даму жолдары// Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы: мәселелер және оларды іске асыру жолдары. Алматы. 1998.
9. Сүлейменов Ж., Оспанов М. Қазақстан ауыл шаруашылығын реформалауды басқарудың мәселелері//Транзитная экономика. 1998. №3
10. Қалиев Ғ.А., Сатыбалдин А.А. Шаруа қожалықтарының аймақтық үлгілері және оларды дамытуды мемлекеттік қолдау. Алматы.1997.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1. Райымбек ауданының егіншілік саласы.
2.Егіс көлемі және оның құрыльшын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар
3 Тау баурайында топырақты өңдеу
4. Күздік бидайды жалдап өсіру технологиясы
5. Суармалы жерде картоп өсірудің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Киелі Райымбек бабамыздың есімімен аталатын аймақ келешегі зор, ауыл
шарушылығы саласы бойынша ел экономикасына қосатын үлесі ауқымды аудан. Ол
жері шұрайлы, табиғаты аса көрікті Іле Алатауының биік тау қойнауларын алып
жатыр. Тау асулары мен жазық кеңістік алмаса отырып, Тянь-Шань шыңдарымен
шектелген ерекше бір ландшафты құрайды. Бұл жерде ата кәсіп, мал шарушылығы
өркендеп даму үстінде, яғни мал басы жыл сайын қарқынды өсіп келеді. Ал
егіншілік саласын алсақ оның дамуы кейінгі кездері баяулап қалды, егіс
көлемі қысқарып, техникалар ескіріп, егіншілік саласында көп қиындықтар бой
көрсетті.
Осы жағдайда егіншілік саласына инвестиция тарту, ғылыммен байланысты
күшейту, алынған өнімді терең өңдеу арқылы оның қосымша құнын ұлғайту тағы
басқа шаруаларды аудан әкімшілігі мен ауыл шаруашылығының еңбекерлері өз
назарында ұстауда. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу
орталығының ғалымдарда егіншілік саласында қалыптасып отырған жағдайды
ескере отырып, ғылым тәжірибелері мен жетістіктерін, жаңа сорттарды
өндіріске еңгізу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, Райымбек ауданының
ауа-райы климат ерекшілігін, топырақ жағдайларын талдай келе және
агроландшафтық жүйеге негізденген егіншілік саласын дамыту жөнінде осы
курстық жұмыста көптеген ұсыныстар беріліп отыр. Бұл ұсыныстардың негізгі
мазмұны алда турған мынадай міндеттерді іс жүзіне асыруды көздейді:
- егіншілік саласында күздік бидай, жаздық арпа, эспарцет, картоп
егіс көлемдерін ұлғайту, жаздық бидай егісін қысқарту;
- егіншілікті әртараптандыру мақсатында ауданға дәстүрлі емес, бірақ
ауа райы климат жағдайына лайықты жана дақылдарды (рапс, қарақұмық, ас
бұршақ) өндіріске енгізу, өйткені кәзіргі кезеңде бұларға сұраныс өте
жоғары;
- мал шаруашылығының одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында
жоғарыда айтылғандай арпа мен эспарцеттің егіс көлемін ұлғайту және табиғи
шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту және тиімді пайдалану жұмыстарын
жандандыру;
- ауыл шаруашылығының өнімдерін сақтау және оны өңдеу жұмыстарын
ұйымдастыруды әрқашан назарда ұстау, қосымша құн арқылы өнім өңдірудің
тиімділігін арттыру. Мысалы, бидайды толықтай ұнға айналдыру, рапстан май
сығу, ас бұршақтан және қарақұмықтан жарма алу, арпа дақылының негізінде
құрама жем өндіру, картопты өңдеу арқылы әртүрлі тағамдық өнімдер шығару
т.б.
Осындай даму жолдарын таңдау ауданның шалғай жерде орналасуы және
тасымалдау тарифтерінің жоғары болуына тікелей байланысты. Жоғарыда аталған
дақылдардан мол және сапалы өнім алуды қамтамасыз ете алатын технология
және сорттар осы ұсыныста егжей - тегжей баяндалып отыр. Егіншілік
мәдениетінің өсуі барысында топырақ өңдеудің жаңа тәсілдеріне көшу де (жер
өндемей тұқымды тікелей себу немесе қарапайым түрде өңдеу) қарастырылады.
1 Тарау. Райымбек ауданының егіншілік саласы.

Жоғары дамыған елдерде егіншілік тәжірибесінің көрсеткеніндей - ауыл
шаруашылық өнімдерінің нарық жағдайында тек бір дақылды ғана өсіру тиімсіз.
Осыған байланысты алдағы уақытта астық дақылдарымен қоса тиімділігі жоғары
дәстүрлі емес бұршақ, май, жарма дақылдарын, өндіру қажеттілігі туындайды.
Райымбек ауданында ауыл шаруашылығы өндірісінде өсірілетін дақылдар
қурамы шектеулі. Бұлар - күздік және жаздық бидай, жаздық арпа және картоп.
Сондықтан егістік алқабы құрылымында дақылдардың көптеген жиынтығы болуы
тиіс, мұның өзі қолайсыз жылдары кейбір дақылдардың түсімі нашар болғанда,
ауа райының ондай жағдайына тұрақты басқа дақылдардың түсімін арттыру
арқылы толықтырылады.
Жиі қайталанатын экстремальдық жағдай (қуаңшылық, суық т.б.)
агроэкожүйейенің неғұрлым тұрақты болуы мен сорттар құрамының әртүрлі
биоценоздары арқылы қалыптасады. Сонымен қоса нарық және шаруашылық
талаптары егістік алқабының құрылымына өзгеріс енгізуге өз әсерін тигізбей
қоймайтынын да ескеру қажет. Мысалы, көктемгі-жазғы қуаңшылыққа төзімді,
күздік дақылдарды дұрыс таңдағанда, жаздың бірінші жартысындағы жауын
шашынды жақсы пайдаланатын ерте себілетін жаздық дақылдар және жаздың
екінші жартысындағы жауын-шашынды тиімді пайдаланатын кеш пісетін дақылдар
арқылы өнімнің түсімін арттыруға болады.
Осылайша, әрбір табиғи аймақтың биоклиматтық әлуетін ұтымды пайдалану,
өсімдік шаруашылығын әртараптандыру негізінде, нарықтық экономика
жағдайында өсімдік өнімдерін өндірудің экологиялық және экономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету - маңызды шара болып саналады, әрі қазіргі
ғылыми бағытқа және әлемдегі егіншілікті дамыту үрдісіне сәйкес келеді.
Ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің негізі - топырақты өңдеу болып
саналады. Көптеген агротехникалық тәсілдердің ішінде топырақты өңдеу,
түсімді арттырудың маңызды шарасы болып саналады, өйткені мұның өзі
топырақтың көптеген физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттеріне, ең
соңында оның құнарлылығына жан-жақты әсер етеді. Алайда аудан
шаруашылықтарында топырақты өңдеудің дәстүрлі әдісін пайдалану - соқамен
жырту - үлкен энергияны қажет етеді. Сонымен қоса, осындай өңдеудің
кемшіліктері де жоқ емес. Атап айтқанда олар - топырақ құрылымының бұзылуы
мен, шаңдануы, соқа табаны деп аталатын кедергінің пайда болуы, эрозиялық
процестердің қауіптілігінің артуы. Осының барлығы айналып келгенде
топырақтың агрофизикалық және басқа да қасиеттерінің, тиісінше мәдени
өсімдіктердің тіршілік жағдайының нашарлауына әкеліп соғады.
Қазіргі кезеңдегі егіншіліктің өзекті мәселелердің бірі - ауыл
шаруашылық дақылдарын өсіруде ресурс үнемдейтін технологияны пайдалану.
Осыған орай соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде ауыл шаруашылық
дақылдарын өсірудің жаңа әдісі - топырақты шектеп өңдеу технологиясы
кеңінен қолданылуда. Шектеп өңдеудің қажеттілігі мынадай жағдайға
байланысты туындайды: біріншіден, топырақты өңдеудегі энергетикалық және
еңбек шығындарының көптігі: (ауыл шаруашылық дақылдырын өсіруге шамамен 40
пайыздай энергетикалық және 25 пайыздай еңбек шығындары жұмсалады)
екіншіден, ауыр тракторлар мен топырақ өңдейтін техникалардың әсерінен
топырақтың шамадан тыс нығыздалуынан өнім шығымдылығы 15-30 пайыздай
кемиді: үшіншіден, топырақ шаңдануынан эрозиялық процесс және механикалық
өңдеудің қарқындылығынан топырақтағы органикалық заттардың ыдырауы
күшейеді. Осы ретте, өсімдікті қорғайтын химиялық заттарды кеңінен қолдану
- механикалық өңдеуді барынша азайтуға, кейбір жағдайда одан мүлде бас
тартуға (нөлдік өңдеу немесе тікелей себу) мүмкіндік береді.
Демек, энергия бағасының тұрақты өсуіне ресурс үнемдейтін технологияға
көшу өте қажет. Бұл жағдайда ең басты технология - топырақты шектеп және
нөлдік өңдеу (тікелей себу). Шектеп өңдеу бір немесе бірнеше шағын
өңдеулерден түрады. Сол арқылы сабан мен өсімдік сабағы жамылғы (мульча)
реттінде топырақ бетінде қалады. Нөлдік өңдеуде - өңделмейтін танапта
сақталған сабақтар мен біркелкі шашылған майда сабандардың үстінен тікелей
себу жүргізіледі. Алайда осындай технологияны енгізу кезінде аңыздық
қалдықтармен қоса, органикалык және минералдық тыңайтқыштарды, өсімдікті
қорғаудың қазіргі заттарын қоса қолдану қажет (экологиялық зиян келтіретін
аурулар мен арамшөптердің жоғарғы шегін ескере отырып). Сондай-ақ ауыл
шаруашылық кәсіпорындарын техникамен жабдықтандыру және аталған
технологияны жоғары дәлдікпен орындайтын көпфункционалдық техникалар керек.
Әрбір өңірде ресурс үнемдейтін технологияны енгізу үшін машина -
технологиялық станцияны құрған қолайлы, ал олардың сатып алатын
техникалары, тұқымы, тыңайтқыштары және өсімдік қорғау заттарының шығындары
мемлекеттік бюджет есебінен, сонымен қоса техника лизингі арқылы
қаржыландырылуы тиіс.
Тұтастай алғанда, атап көрсететін жайт, дәстүрлі агротехникадан
қазіргі агротехнологияның басты өзгешелігі - технологиялық операцияларды
жүйелі түрде және дәл орындау болып саналады.
Егіншіліктің қазіргі бағытытарының бірі - оны биологизациялау,
минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді мүлде қолданбау деген сөз емес,
керісінше оларды шектеулі мөлшерде қолдану. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын
материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қымбаттауына байланысты, ауыл
шаруашылық өндірісінде биологиялық факторлар мен қарқындату
(интенсивтендіру) құралдарын бірге пайдалануға мәжбүрлейді. Осы мәселе
бойынша органикалық тыңайтқыштар, сонымен қоса егіншілікті
биологизациялайтын мал қиы - топырақ құнарлылығын қалпына келтірудің
негізгі көзі болып саналады. Көптеген минералдық тыңайтқыштардан
органикалық тыңайтқыштардың өзгешелігі, оның ұзақ уақыт әсері болады,
сондықтан оны себілетін дақылға байланысты ауыспалы егіске ауық-ауық енгізу
абзал. Тәлімі жерлерде қидың тиімділігі сүрі танапқа енгізгенде артады.
ЕӨШҒӨО деректері көрсеткендей ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі
жер жағдайында таза сүріге гектарына күздік бидай түсімі 4,8 цга, ал
ылғалы жетіспейтін тәлімі жерде - 5,8 ц.
Осындай қолайлы және шығынсыз факторлардың бірі дәнді масақты
дақылдардың өнімін жинағаннан кейін танапта ұсақталған сабан қалдықтарын -
қалдыру, мұның өзі егісте ылғал сақталуын қамтамасыз етеді, әрі тәлімі
жерде дәнді дақылдардың түсімділігін арттырады. Алдын ала ұсақталған
сабанды топырақпен жабу түрінде немесе дискілі топырақ қопсытқышпен және
ауыр дискілі тырмамен 6-8 см тереңдікке жүзеге асырылады. Жауын - шашынмен
аз камтамасыз етілетін аумақтық егісте сабанды қалдыру
тиімділігі артады.

1-сурет – Райымбек ауданындағы егістік алқаптың құрылымы
1 суретте келтірілген деректерде көрсетілгендей Райымбек ауданында
2007 жылы өңделетін жер 1981-1985 жылдардағы (осы жылдары ауданда ауыл
шаруашылыгы саласы неғұрлым қарқынды дамыған) көрсеткіштермен салыстырғанда
125,6 мың гектардан 65,3 мың гектарға дейін, яғни екі еседей кеміген. Осы
жылдары егістік алқабы 107,8 мың гектардан 52,0 мың гектарға дейін, дәнді
дақылдар егісі төрт еседей, оның ішінде күздік бидай 3,6 есе кеміген. Арпа
егістігі алқабы да өте көп кеміді. Егер 1981-1985 жылдары арпа егісі орта
есеппен 49,1 мың гектар болса, 2007 жылы бұл дақыл небары 7,0 мың гектарға
егілді. Күздік бидайдың негізгі алғы дақылы таза-сүрі жер алқабы осы
жылдары 1,3 есе кеміді.
Әлемнің бірқатар елдерінде егіншіліктің табысты болуы оны әртүрлі
агроэкологиялық жағдайға байланысты (саралауға) ауыл шаруашылығы
технологиясының өндірістің әртүрлі деңгейіне бейімделу қажеттілігіне,
шаруашылық қарым-қатынасқа және де ауыл шаруашылығы өнімінің нарығына
байланысты.
Осы уақытқа дейін жыртылатын жердің табиғи әлуетін неғұрлым толық
пайдалану аймақтың егіншілік жүйесін игеру арқылы іске асырылып келді.
Алайда, оның маңыздылығы бола тұра, елеулі кемшілігі - жүйе егіншілікті
тереңірек ғылыми бейімдеуге толық мүмкіншіліктерін ашқан жоқ. Өйткені соңғы
уақытта экологиялық қарама - қайшылықтың шиеленісуіне орай, егіншілікті тек
табиғи жағдайға ғана емес, оны жаңа өндірістік қатынасқа бейімдеудің
қажеттілігі туындайды. Сондықтан егіншілік жүйесін әзірлеу мен жобалау
әдістерінің осы күнге дейінгі қалыптасуы уақыт талабына сай келмейді және
егіншілік жүйесін сараптауға қажетті, қазіргі кездегі топырақ-
картографиялық материалдарын, аумақтың геологиялық - геоморфологиялық,
литологиялық, микроклиматтық ерекшеліктерін және оның алуан түрлі құрылымын
толық көрсетпейді.
Жерді пайдаланудың әртараптылығымен бейімдеуді арттыру бойынша
мемлекеттік жаңа агротехникалық саясатты құру, егіншіліктің жаңа ландшафтық
- бейімдеу жүйесін жасау және оны игеру арқылы орындалады, ал ол ауыл
шаруашылық дақылдарын өсірудің біріктірілген жүйесі болып саналады. Сол
арқылы қазіргі егіншілікте және өсімдік шаруашылығында бір біріне өзара
байланысы жоқ тәсілдер мен шаруалардың кейбір дәстүрлі нұсқаларының орнын
басады.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, Райымбек ауданында өсірілетін
дақылдардан жоғары өнім алуга ықпал ететің, ақшыл, күңгірт-қоңыр топырақты,
сондай - ақ қара топырақты, жартылай ылғалды және толық ылғалды тәлімі
жерлер бар және негізгі ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер шоғырланған.
Сол себепті онда жыртылатын жерді тиімді пайдалану үшін жаңа ұсыныстар,
яғни бірінші кезекте тау жағдайының агроландшафтық негізіне орай егіншілік
жүйесі қажет.
Зерттеулердің көрсеткеніндей, ауданның егіншілік алқабының өзіне тән
ерекшелігі - табиғи ландшафтылығы және ауыл шаруашылыгын жүргізудің ерекше
жағдайы, әрі жерді пайдалануда бірқатар ерекше тәсілдерді қолдануында.
Шағын алқаптың табиғи - өндірістік қасиеттерінің әртекті болуына
байланысты, таулы жерлерді олардың жекелеген учаскелерінің ерекшелігіне
сәйкес шаруашылық түрғыда тиімді пайдалану қажет. Бұл орайда жердің
әртектілігі және агроөндірістік бытыраңқылығы ең әуелі оның бедеріне
байланысты.
Ауданның тау аймағына түсетін жауын-шашының жылдық мөлшері 450-600 мм
болғанымен жер бедерінің күрделілігінен судың тоқтамуына, әрі күн сэулесі
көрсеткішінің жогарылығынан оның тез булануына байланысты өсімдіктің өсіп-
өнуіне аса қажетті ылғал керек кезінде жетіспей жатады.
Аудан жағдайында топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және ауыл
шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру соңғы уақытта біршама қиындық
туғызып отыр. Эрозия салдарынын топырақтың тозуы күшейіп, онда қарашірік
құрамы кеміді, агрохимиялық көрсеткіштері нашарлап, топырағы тығыздалды.
Антропогендік жүктелім салдарынан топырақтың өздігінен қалыптасу қабілеті
кеміді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын топырақтың нитрификациялану
қабілеті кеміп, соның әсерінен оның минералдық азотпен қамтамасыз етілуі
азайды. Сонымен қоса, қазіргі кезде аудан топырағының көпшілігінде
жылжымалы фосфор мен, үштен бірінде алмаспалы калий мөлшері төмен.
Қазіргі кезде экономикалық және
материалдық-техникалық қиыншылықтардың салдарынан жыртылатын құнарлы жерлер
мен пайдаланатын жерлердің көпшілігі бос қалып арамшөптер басқан, ал мұның
өзі ауыл шаруашылық дақылдарының өсуін шектейді.
Ауданның таулы жағдайында аязсыз кезеңнің қысқалығы жердің
арамшөптермен жоғары денгейде ластануы, және де - су эрозиясынан топырақ
құнарлылығының кемуі, бірінші тиімді дақылдарды таңдап алуды және
жергілікті агроландшафтық жағдайда өсіруге бейімделген ресурс үнемдейтін
тәсілдерді колдануды, сонымен қоса табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды,
әрі сақтауды қамтамасыз етуді керек қылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін
эуелі егістік жерді агроэкологиялық аудандастыру қажет, мұның өзі оны
біркелкі тиімді пайдалануды камтамасыз етеді.
Осы мәселелер бойынша Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми -
өндірістік орталығының (ЕӨШҒӨО) ғалымдары ауданның таулы аймағына тән -
Ақтасты шаруашылығында ғылыми зерттеулер жүргізді. Онда айдалатын жер
топырағының әртүрлі агроэкологиялық тобтары анықталып, олардың құнарлылығы
мен экологиялық жағдайларға байланысты тозуы, әрі антропогендік
пайдаланылуы
ЕӨШҒӨО-ның деректері бойынша, ылғалы жетіспейтін тәлімі жерде күздік
бидай түсші 2,6 цга артады, ал ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген жерде
біршама төмен (1,7 цга). Атап көрсететін жайт - сабанды майдалап шашу,-
топырақты шектеп өңдеудщ әрі оның құнарлылығын сақтаудың бірден - бір жолы.

2.Егіс көлемі және оның құрыльшын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар

Ауданның жер ресурстарын және биоклиматтық әлуетін тиімді пайдалану
мақсатында, дәнді дақылдар егістік көлемін, атап айтқанда күздік бидайды 20
мың гектарға дейін, арпаны 30 мың гектарға дейін ұлғайту қажет.
Аудан үшін жаңа ауыл шаруашылық дақылдары: рапс пен қарақұмықтың егістік
алқаптары 1000 гектардан болуы қажет. Екпелі сүрі жерге сұлы мен араластыра
ас бұршақ дақылдарын сеуіп, оның көлемін бірте - бірте 5 мың гектарға дейін
жеткізу қажет, сонда таза сүрі жер алқабы 15 мың гектарға дейін өседі.
Осылайша, тәлімі жерде күздік бидай толықтай таза және екпелі сүрі жерден
кейін орналасады. Азықтық дақылдар көлемін 30 мың гектарға дейін жеткізген
жөн. Осы мақсатта ауданда өңделген жердің көлемін бұрын айналымнан шығып
қалған жерлерді айналымға кайта енгізу арқылы 110 мың гектарға дейін
жеткізу керек.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып тәлімі жерде ауыспалы егістің
мынадан 4 нұсқасы ұсынылады:
5 танапты ауспалы егістіктер:
1. Таза сүрі жер 1. Екпелі сүрі жер (асбұршақ +
сұлы)
2. Күздікбидай 2. Күздік бидай
3. Арпа 3. Арпа
4 Арпа 4. Арпа
5. Көпжылдықшөп 5. Көпжылдық шөп (тыс танап)
(тыс танап)

4 танапты ауспалы егістіктер:
1.Екпелі сүрі жер 1. Екпелі сүрі жер (асбұршақ +
сұлы)
2. Рапс 2. Қарақұмық
3. Қарақұмық 3. Рапс
4. Арпа 4. Арпа
Күздік бидай. Аудан климатыньш өзікдік ерекшеліктеріне орай күздік
бидайды тамыз айында егу қажет. Дәнді дақылдарды жинау едәуір кеш, яғни
қыркүйек - казан айларында жүргізілетіндіктен аудан жағдайында күздік
бидайды таза қара сүрі жерге орналастырған жөн. Таулы және таулы-аңғарлы
аймақтарда топырақты өңдеудің әртүрлі тәсілдері қолданылады: таулы жерде -
аудармалы, таулы-аңғарлы жерде - сүдіре жырту.
Таулы таза сүрі жерді өңдегенде соқамең 25-27 см тереңдікке жыртады,
сонымен қоса таптауышпен нығыздайды немесе тырмалайды. Ерте көктемде -
тісті тырмамен ылғалын жабады. Көктемде сүрі жерді алғашқы өңдеуді, арамшөп
қаулап өскеннен кейін сыдыра қопсытқышпен - немесе дискілі сыдыра
жырткышпен 10-12 см тереңдікке жүргізеді. Жазда өңдеудің мөлшері танаптың
арамшөптенуіне байланысты жүргізіледі. Жаздың қуаңшылық кезінде топырақты
қопсытумен қоса оны шығыршықты таптауышпен нығыздайды. Сүрі жерді жаздағы
соңғы өңдеу егуге дейін 10-15 күн қалғанда 6-8 см тереңдікке жүргізіледі.
Тау аңғарындағы таза сүрі жерді өңдеуді сыдыра өңдеу құралымен 25-27
см тереңдікке жүргізу қажет. Көктемде - ылғалды жабу үшін шанышпалы тырманы
пайдаланады. Жазда одан кейінгі өңдеу таулы аумақтағы сүрі жерді өңдеуге
үқсас. Жазғы кезеңде сүрі жерді механикалық өңдеуді гербицидпен өңдеумен
алмастыруға болады. Тағы бір атап кететін жайт, аудан жағдайында қара сүрі
жерге қараганда, ерте сүрі жер едәуір тиімсіз, өйткені сүрі жерді айдау
кезеңі 3-4 айға қысқарып, арамшөппен күресу қиындай түседі.
Танаптар арамшөптерден негурлым тазарған сайын күздік бидай егісінің
біразын екпелі сүрі жерге орналастыруға болады. Сүрі жерде өсірілетін дақыл
ретінде асбұршақ - сүлы қоспасын пайдаланған дұрыс. Мұндай жағдайда сүрі
жерде өсірілген көк балаусаға арналған дақылды жинағаннан кейін топырақ
бетін дискілі құралмен 6-8 см тереңдікте өңдейді, таулы жерде 10-15 күн
өткеннен кейін соқамен 20-22 см терендікте жыртады және сонымен қоса
тырмалайды немесе нығыздайды. Ал тегіс жерлерді жыртудың орнына дискілі
құралмен қайталап өңдейді.
Күздік бидайды себудің қолайлы мерзімі Кеген аңғарында 15 тамыздан
қыркүйекке дейін, ал Жалаңаш аңғарында - қыркүйектің 1-15 аралығында.
Биіктігі 1700-2000 м Нарынқол аумағында күздік бидайды себуді тамыздың
екінші онкүндігінде бастап, 1 қыркүйекке, ал одан төменірегінде - 10
қыркүйекке дейін дейін аяқтаған жөн.
Тұқымды себудің ең қолайлы мөлшері - бір гектарға 5,0-6,0 млн. дана
шығымды дән болуы керек. Топырақтың ылғалы жетіспегенде немесе кеш себілген
кезде себу мөлшері біршама көбейтіледі.
Таза сүрі жерде күздік бидай тұқымын себу тереңдігі 5-6 см, ал жеңіл
топырақта егіс алқабының беткі қабаты құрғағанда және тұқымды сепкен кезде
тұқымды сіңіру біршама терең болады. Дақылды еккеннен кейін егісті
шығыршықты таптауышпен нығыздау міндетті тәсіл болып саналады.
Күздік бидай егісіне күтім жүргізудің маңызды тәсілі - ерте көктемгі
тырмалау, сол арқылы қыста тапталған топырақ қопсытылады, оның қабыршағы
жойылады және аәрациясы жақсарып, ылғалы сақталады, өсімдіктің солған
бөлігі алынады. Ал шамалы жетілген және сиректелген егісті тырмалаудың
қажеті жоқ.
Райымбек ауданының таулық қара және күңгірт қоңыр топырақтарында
ылғалмен қамтамасыз етілген тәлімі жер жағдайында фосфор тыңайтқыштарын
пайдалану неғұрлым тиімді. Оны сүрі жер танабының ауыспалы егіс айналымына
бір рет енгізу ұсынылады. Егіске 60-90 кгга э.з. фосфор енгізгенде оның
топырақтағы мөлшері орташа болып, 25-30 цга сапалы дән алуды қамтамасыз
етеді.
Күздік бидай егісіне себіумен бірге фосфор тыңайтқышының 15 кгга э.з.
мөлшерін енгізу тиімді. Осы орайда тек түйіршікті тыңайтқыштар қолданылады:
қос суперфосфат, аммофос, нитрофос.
Қар кеткеннен кейін ерте көктемде өсімдікті қоректендіру үшін азот
тыңайтқыштарын енгізу ұсынылады, оны тырмалау арқылы егістің әр гектарына
мөлшері 30-45 кг э.з. енгізу қажет. Өсімдікті үстеп қоректендіру үшін азот
тыңайтқышының шашу арқылы енгізетін таңдаулы қатарына аммиак селитрасы және
карбамид сияқты түрлері жатады.
Жаздық арпа. Тау аңғары аумағында топырақты өңдеу алғы дақылды
жинағаннан кейін сыдыра өңдеу қуралымен 20-22 см тереңдікке жүргізген жөн.
Көктемде шанышпалы тырмамен ылгалды жапқаннан кейін арамшөп тұқымын өсірмеу
мақсатында, топырақты 10-12 см тереңдікке сыдыра қопсыту қажет. Содан барып
пайда болған арамшөп өскіні егу алдындағы өңдеуде топырақтың арпа егілетін
тереңдігіне дейін құртылады. Жалаңаш аңғарының егістігінде ылғалды
жапқаннан кейін бірден егу алдындағы топырақты қопсыту жұмысын жүргізу
қажет. Бұлай болатын себебі, көктемнің ерте кезеңінде мұнда жауын - шашын
аз түседі және ауа температурасы тез көтеріледі, сондықтан себу мерзімінің
кешеуілдеуі арпа түсімінің едәуір кемуіне әкеліп соғады. Осындай жағдайда
арамшөпті құртуды күзде егінді жинағаннан кейін жүргізу қажет.
Таулы аймақта арпа өсірілетін топырақты өңдеу үшін оны 20-22 см
тереңдікке жыртып, таптауышпен нығыздайды және тырмалайды. Көктемде
шанышпалы тырмамен екі ізбен ылғалды жабады, мұның өзі арамшөптердің тез
қаулап өсуін қамтамасыз етіп, кейін оларды себу алдындағы өңдеумен жойып
жібереді.
Ескеретін жайт, таулы аймақта топырақты өңдеудің әртүрлі тәсілдерінің
тиімділігі көбінесе жылдың ауа райына байланысты: жауын - шашын мол жылдары
арпа өсірілген сүдігерді өңдеудің ең қолайлы тәсілі - 20-22 см тереңдікке
жырту, ал куаңшылық жылдары 20-22 см сыдыра өңдеу тиімді. Екі жағдайда да
топырақты ерте көктемде және егу алдында өңдеген жөн. Топырақты, егу
алдында өңдеудің болмауы, арпа түсімін 1,4-1,8 цга, ал егуден кейінгі
нығыздаудың жүргізілмеуі тиісінше - 0,6 - 0,7 цга. азайтады.
Егер шаруашылық күзде сүдігер топырағын өңдеуді жүргізе алмаса, онда
көктемде жыртудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда күзде өңделмеген аңызда
арамшөп тұқымының өсуін болдырмайтын шараларын, яғни арамшөптердің өсіуне
жағдай жасап барып оларды жою жұмыстарын жүргізу қажет. Егу алдында аңызды
қопсыту немесе дискілеу жаздық арамшөпті құртуға және топырақ ылғалын
сақтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, тау алқабы жағдайында көктем көбінесе
үзаққа созылып, суық қайталанады, түнгі уақытта температура күрт төмендеп,
топырақ баяу қызады. Осыған байланысты ерте сепкенде, әдетте, өсімдік сирек
өседі, әрі қара сұлы қаулайды, ал неғұрлым кеш сепкенде күзгі суыққа тап
болуы мүмкін. Сондықтан жаздық арпаны себудің ең қолайлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КАРТАСЫН ҚҰРАСТЫРУДА ГЕОАҚПАРАТ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ
Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау
Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы
Жер учаскелерінің кадастрлық құнын бағалау
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Мемлекеттік орман қорының жерлері
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Пәндер