Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы. Филлипс қисығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Ι ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР РЕТІНДЕ, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Инфляция түсінігі және оған әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жұмыссыздық және оның әлеуметтік.экономикалық мәні ... ... ... ... ...8
1.3 Филлипс қисық сызығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ΙΙ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Жұмыссыздық пен инфляция болу себептері,проблемалары және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Жұмыссыздық пен инфляцияның соңғы жылдағы көрсеткіштер динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны айқындалып отыр. Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-әлеуметтік, жаңа экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған жаңа жүйелер дүниеге келді. Бүгінгі Қазақстанның бет-әлпеті - демократия мен нарық экономикасы. Осы экономиканы дамыту мақсатында Елбасымыз “мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылу керек” деп атап көрсетті./1/
Бүгінгі таңда әлемнің дамыған елдерінің қайсысын қарасақта олардың экономикасның негізгі бағытының бірі әлеуметтік салаға бағыттаған болып келеді.Өйткені әлеуметтік сала сол елдегі халықтың тұрмыс жағдайын, халықтың өмір сүру деңгейін және сол елдің жалпы экономикасының жағдайын көрсетеді.
Сондықтан әрбір елдің экономикасы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеу үшін тұрақты экономикалық өсуді қажет етеді. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты еңбек рыногының, қаржы рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал әлеуметтік саланың жағдайын жақсарту ең бірінші сол елдің рыогына, халықтың ақшалай табыстарына, инфляцияның деңгейіне, елегі экономикалық активті халық пен жұмыссыздық деңгейіне байланысты болады.
Қазақстан өз егемендігін алғанан кейін өзінің банктік жүйесі құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Еліміздегі экономикалық өсудің тұрақтылығы, инвестицияның көптеген таратылуы, кәсіпкерлердің экономикалық ынтасы, экономикалық активті халықтың саны, халықтың әлеуметтік жағдайы елдегі макроэкономикалық көрсеткіш және экономикалық негативті құбылыс болып табылатын инфляция деңгейіне тікелей байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономканың жалпы көрінісін, оның даму жағдайын инфляция деңгейінің қарқынымен оның қаншалықты тиімділігін айтуға болады.
Инфляция экономикалық құбылыс ретіндегі анықтамасын келесіей беруге болады : инфляция - тауар айналымының қажеттігмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен тлып кетуі, олардың құсыздануы жәе соның нәтижесі ретінде - тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі ; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Ифляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Еңбек рыногында тепе - теңдіктің бұзылуы экономикада қоғам дамуына тиімсіз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қарастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті, бірақ қазіргі уақытта жұмыс орны жоқ адамдар болып табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететін бірден-бір көрсеткіш. Себебі, жұмыссыздық тікелей елдің экономикалық
1. Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан - 2030» стратегиясы , 1997ж.
2. С.Б. Мақыш/Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған.-Алматы:ИздатМаркет,2004.-428б
3. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметов, У.А.Жанайдаров. Экономикалық теория / Оқу құралы. - Астана. 2002. - 464б.
4. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев Экономикалық теория/ Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті.1999ж. - 280б.
5. Крымова В. Экономикалық теория / Кестелік оқу құралы, - Алматы : Акраим. 2003ж. – 120б.
6. Е.Б.Жатқанбаев / Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы. - Алматы 2006 ж. - 300б.
7. Н.Қ. Мамыров М.Ә. Тілеужанова / Макроэкономика: Оқулық. -Алматы : Экономика, 2003ж. - 432б.
8. Б.Көшенова / Ақша, несие , банктер, валюта қатынастары. Оқу құралы. «Алматы» - 2000ж.
9. Стататический ежегодник. Алматы. - 2006г
10. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің бюлетені. 2005 жылғы Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша.-Алматы. 2005 жыл.
11. Д.А.Федотов «Причины инфляции и пути борьбы с ней» // Вестник КазНу. Серия экономическая №1 2004г. Бердибек Сапарбаев «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане и перспективы дальнейшего развития экономики страны» // РЦБК, №4, - 2007 г. 23-27 стр.
12. «Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу» // Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. №2.2007ж.(27-28бет) ; №1. 2007ж. (30-33бет) ; № 3.2007ж.(30-32бет) ; №12.2007ж.(32-33бет)
13. Қазақстан цифраларда (34-35 ; 42-44 б)
14. АльПари экономический журнал. №3(4)2006ж. Бейсембетов К.А. К анализу факторов инфляции в экономике РК.(3-14б)
15. Бердибек Сапарбаев «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане и перспективы дальнейшего развития экономики страны» // РЦБК, №4, - 2007 г. 23-27 стр.
16. Сайденов А.Г. « О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях детяльности Национального Банка » // Бенки Казакстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.
17. Кинасова О. «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса » // Банки Казакстана, № 9, 2005 г. 41-44стр.
18. « О текущией ситуации на финансовом рынке » // Банки Казакстана №12, -2006, 2-3стр.
19. www.stat.kz ҚР Статистика агенттігінің ресми сайты
20. www.government.kz ҚР Үкіметінің ресми сайты
21. www.nationalbank.kz ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайты

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Ι ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
РЕТІНДЕ, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5

1. Инфляция түсінігі және оған әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ...5

2. Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-экономикалық мәні ... ... ... ... ...8

3. Филлипс қисық сызығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ΙΙ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
5

1. Жұмыссыздық пен инфляция болу себептері,проблемалары және оларды
шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2. Жұмыссыздық пен инфляцияның соңғы жылдағы көрсеткіштер
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...26

КІРІСПЕ

Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны
айқындалып отыр. Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-
әлеуметтік, жаңа экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған жаңа
жүйелер дүниеге келді. Бүгінгі Қазақстанның бет-әлпеті - демократия мен
нарық экономикасы. Осы экономиканы дамыту мақсатында Елбасымыз
“мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылу керек”
деп атап көрсетті.1
Бүгінгі таңда әлемнің дамыған елдерінің қайсысын қарасақта олардың
экономикасның негізгі бағытының бірі әлеуметтік салаға бағыттаған болып
келеді.Өйткені әлеуметтік сала сол елдегі халықтың тұрмыс жағдайын,
халықтың өмір сүру деңгейін және сол елдің жалпы экономикасының жағдайын
көрсетеді.
Сондықтан әрбір елдің экономикасы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеу
үшін тұрақты экономикалық өсуді қажет етеді. Еліміздің нарықтық экономикаға
өтуіне байланысты еңбек рыногының, қаржы рыногының қатынастары күрделене
түсуде. Ал әлеуметтік саланың жағдайын жақсарту ең бірінші сол елдің
рыогына, халықтың ақшалай табыстарына, инфляцияның деңгейіне, елегі
экономикалық активті халық пен жұмыссыздық деңгейіне байланысты болады.
Қазақстан өз егемендігін алғанан кейін өзінің банктік жүйесі құрылып
және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Еліміздегі экономикалық
өсудің тұрақтылығы, инвестицияның көптеген таратылуы, кәсіпкерлердің
экономикалық ынтасы, экономикалық активті халықтың саны, халықтың
әлеуметтік жағдайы елдегі макроэкономикалық көрсеткіш және экономикалық
негативті құбылыс болып табылатын инфляция деңгейіне тікелей байланысты
болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономканың жалпы көрінісін, оның даму
жағдайын инфляция деңгейінің қарқынымен оның қаншалықты тиімділігін айтуға
болады.
Инфляция экономикалық құбылыс ретіндегі анықтамасын келесіей беруге
болады : инфляция - тауар айналымының қажеттігмен салыстырғанда айналыс
сферасының артық қағаз ақша массасымен тлып кетуі, олардың құсыздануы жәе
соның нәтижесі ретінде - тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі ;
ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Ифляция кезінде қоғамдық
өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына
байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Еңбек рыногында тепе - теңдіктің бұзылуы экономикада қоғам дамуына
тиімсіз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қарастырады. Экономикада
жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті, бірақ қазіргі
уақытта жұмыс орны жоқ адамдар болып табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел
экономикасының жағдайын көрсететін бірден-бір көрсеткіш. Себебі,
жұмыссыздық тікелей елдің экономикалық

құрылымына, өнеркәсіп салаларына, жалақы деңгейіне, халықтың әеуметтік
жағдайына байланысты болады.
Сонымен қатар, экономикалық зерттеуде инфляция мен жұмыссыздықтың
өзара байлыныстықтары бар екендігін Филлипс қисығы бойынша анықталған.
Сондықтан мен курстық жұмыстың тақырыбын Жұмыссыздық пен нфляцияның
байланысы. Филлипс қисығы деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі инфляцияны
және жұмыссыздықты макроэкономикалық тұрақсыздық экономикалық құбылыс
ретінде жан-жақты қарастырып, ұлттықэкономика инфяция мен жұмыссыздықтың
экономикалық тиімді дамуға тигізер салаларын, олардың пайда болу себептерін
қарастырып, еліміздің экономикасының тұрақты және отандық өндірістің
қарқынды амуы үшін жұмыссыздық және инфляциялық процесстердің алдын алу
және оны реттеу саясатын қарастыру болып табылады.
Осы курстық жұмысты орындау барысында, еліміздегі жұмыссыздық және
инфляцияның қазіргі жағдайын, туындап отырған мәселелерді және болашақтағы
экономикалық даму жоспарымызға орай келесі міндеттер қарастырылады :
• Инфляцияның жаратылысын, оның түрлерін, оғн әсер етуші факторларды
қарастыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшеліктерін ашп
көрсету;
• Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементі ретінлде қарстыру және жан-
жақты талдау;
• Филлипс қисық сызығын талдау және жұмыссыздық пен инфляцияның өзара
байланысын қарастыру;
• Еліміздегің жұмыссыздық пен инфляциялық жағдайын, олардың пайда болу
себептерін қарастыру;
• Қазақстандағы жұмыссыздық пен инфляцияның проблемасын шешу жолдарын
қарастыру болап табылады.

Ι ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ РЕТІНДЕ,
ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА

1. Инфляция түсінігі және оған әсер етуші факторлар

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.

Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналды.
Инфляция термині ( латынның Inflatio сөзінен шыққан, аудармасы –
“қабыну”, “ісіну” ) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде
пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз
шығарылунмен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы
бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік
экономикалық әдыбиеттерде ло 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляция бағаның
өсуіене. Тауарлар тапшылығының және тауарлар мен қызметтер сапасының
төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу
қабілетінің төмендеуі.5
Инфляцияның дәстүрлі ең көп тараған жалпы анықтамасы – тауар
айналымының қажеттігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша
массасымен толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде –
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі ; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің
алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша
айналысының заңы бұзылды.
Тауар айналысы процесіндегі қолма – қол ақша қозғалысы және төлем
ақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен
қаржы несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша
айналысы деп аталады.
Ақша айналысы заңы – құн заңының арасындағы айналыс аясындағы
көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға
тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен
реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі
факторға : біріншіден, бір кезеңде, сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді.
Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

M= P*YV

Инфляция - өз кезегінде ақша жүйесінің және ақша айналысының
дағдарысты жай күйін көрсетеді. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар
себепші болады:
● айналысқа артық ақшаның шығарылуы
● қолайсыз төлем балансы
● үкіметке сенімнің жоғалуы

Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санап отырып , ол ақшаның
құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында тұсіндіріліп келді. Әлі
де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы
деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының
өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды.
Бұл рыноктық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс болып
табылады. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі
дамуының ең өткір мәселелерінің бірі болып есептеледі.
Инфляцияның көріну нысандары келесідей:
● тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бір қалыпты емес
өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетің төмендеуіне
алып келеді;
● ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағасының
төмендеуі;
● ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі.
Бүгіндегі инфляция бағасының өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу
қабілетінің құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық
дамуының жалны қолайсыз вхуалымен ды байланысты. Инфляцияға өндіріс пен
өткізу сферасындағы әр түрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-
қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық
шаруашылықтың түрлі салаларындағы жинақтау мен тұтыну. Сұраным мен ұсыным,
мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар екені белгілі.
Инфляция - бұл кез-келген экономикалық даму улгісіне тән объективті
құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі кездегі экономикалық қатнастардың күрделенген кезіндегі инфляция
келесідей факторларға байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс
аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық
несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға : қоғамдық өндірістегі теңсіздікке,
шаруашылықтың шығындық механизіміне, мемлекеттің экономикалық
саясатына, оның ішінде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы
экономикалық саясатына баиланысты факторлар жатады.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақша-монетарлық факторды бөлуге
болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкессіздігінің бұзылуы,
экономиканың циклдік дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың
теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси

сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Ал дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар ( шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляциясының сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретіндегі инфляция- бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы
алшақтықтың көрініс.
Жоғарыдағы инфляция факторларының ерекшелігіне байланысты инфляцияның
екі түрі болады : сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы келесідей факторлардың әсерінен туындайды :
● әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттігінің нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық
болып қалады;
● мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни
мемлекеттің қысқа және орта метзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет
тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
● несиелік экспансиялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер
мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
● ауыр өнер кәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау;
● импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар
айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы.
Шығын инфляциясы – бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай
факторлардың болуымен сипатталады:
● еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
● көрсетілген қызметтің маңызының артуы;
● бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе
жалақының өсуі;
● энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар келесі құн формаларына қатысты
құнсызданады:
● алтын мен күміске;
● тауарларға;
● шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны
артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел
валютасына қатысты ұлттық валютаның бағасы төмендейді.
Инфляцияны келесідеі белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
1) Инфляциялық процестің сипатына қарай::
● ашық инфляция, яғни баға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі
байқалады;
● жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң
бақылау жасап отырады;
●инфляциялық шок, яғни бір мезетте баға өсіп кетеді;
2) Таралу орнына қарай:
● локальық ифляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
● дүниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Бағаның орташа өсу қарқына байланысты:
● баяу инфляция - баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
● орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200%-ға дейін өседі,
мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға
шалдықтырады;
● ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейін және одан жоғары
қарқынмен өседі. Инфляцияның бұл түрі ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп
соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші түріне
жатады. Еліміздің 1992-1993 жылдардағы ұшқыр инфляциядан соңғы жылдардан
бастап баяу инфляцияға өтуі қаржылы еңбектің жемісі болып табылады.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш – тұтыну бағаларының индексі
көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін
қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады. Оны есептеуде келесі формула
қолданылады:
ТБИ = Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасын бөлеміз базалық
жылдағы тұтыну қоржынының бағасына, одан шыққан санды 100-ге көбейтеміз.
Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні боулы мүмкін :
● Баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
● Баға индексі 100%-дан жоғары, мысалыға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы
жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша
инфляциялық құнсызданады;
● Баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы
баға базалыққа қарағанда 20%-ға тең.

1.2 Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-экономикалық мәні

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен
кетү деген сөз, қызметкерлер еңбек табысы көзінен айрылып, көтеріңкі
психикалық жүк көтереді. Ал қоғам үшін жоғары салық шығынына ұшыратады,
адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға
байланысты мәселелер асқынады және т.б. бос уақыт падасы жұмыссызбен
келетін кемшіліктерді басып кетуі шүбәлі болып келеді. Сонымен қатар бұл
құбылыстың кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық
экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі
резерві әрқашанда болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта
экономиканың нормальді қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.6

Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмысс
қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық
деңгейіне әсер ететін факторлар және т.б. сұрақтар осы уақытқа дейін
талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті,
өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатнастары күрт
өзгеруіне байланысты адам қылықтарына өзгешеліктер енді.
Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған
келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам - ол жалақы мен еңбек
жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алатын және жұмыс іздеп жүрген
адамдар. Ал жұмыссыздықты – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін
жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз. Халықаралық еңбек
ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс
істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам
танылады.
Жұмыссыздықты есептеу формуласы (u) жұмыссыздар саны (U)
экономикадағы белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және пайызбен
көрсетіледі.
u = UL=UU+E
Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген
сұраныс және еңбек ұсынысы арқылы еңьек рыногында тепе теңдік жағдай орын
алады деп есептелінеді. Бірақ шын өмірде мұндай еңбек рыногының тепе-
теңдігінің орын алуы сирек кездеседі. Еңбеқ рыногының тептеңдігі дегеніміз
экономикадағы қызмет етіп отырған кәсіпорындар қанша жұмыс күшін қажет етсе
соған сәйкес экономикада жұмысқа ынталы экокомикалық активті халықтың саны
сондай дегенді білдіреді.
Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық
болып отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи
деңгейі орын алады дегенді білдіреді. Егер де осы табиғи деңгейден асып
кетсе (жұмыссыздқ ттабиғи деңгейі Оукен заңы бойынша 3%), онда экономикада
тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесі орын алады.
Бұл жағдайды келесі еңбек рыногының тепе-теңдік графигінен көруге болады.
Сурет-1

Сурет-1 – Еңбек рыногындағы тепе-теңдік

Бұл суреттен көретініміз еңбек сұранысы қисығы Nd менеңбек ұсынысы
қисығы Ns қиылысында Е нүктесі пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы
тепе-теңдікті сипаттайды. Осы тепе-теңдік нүктеге сәйкес WE нақты
жалақының және NE жұмысбастылық деңгейінің тепе-теңдігі шығады. Егер
жалақы W1 деңгейде жоғары болса, онда рыноктық сәйкессіздік нәтижесінде
ұсынылатын еңбек көлемі еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседі, осының
нәтижесінде Nb –Na мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады.7
Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс
сәйкессіздігінен болатын еңбек рыногының бөлінбес элементі. Жұмысшы күші
болып табылатын адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бірнеше
категорияға бөлінеді.
Еңбекке қабілетті адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге
қабілетті адамдар. Адамдардың жекеленген категорияға бөлінуі олардың
экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында жұмыс істеуіне
байланысты жүргізіледі. Яғни, рыноктық емес құрылымда қызмет ететіндерге
мемлекеттік әскер, пголиция, мемлекеттік аппарат және т.б. институттар
кіреді.
Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті, бірақ
жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күні толық
емес тұлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады.
Жалпы жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.
Жұмысшы күші құрамына кірмейтіндер өзара жеке категория болып табылады.
Бұларға жұмысы жоқ және жұмыс істеу талабы жоқ адамдар жатады.
Сондай-ақ жұмыс істегісі келетін, бірақ әртүрлі себептермен жұмыс істеуден
күдер үзген адамдар. Адамдардың бұл катнгориясы жұмыссыздарға кірмейтін
адамдарға жатады.5
Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесі көрсеткіштер арқылы
сипатталады:

● Институтционалдық емес адамдар;
● Жұмыс істеушілердің саны;
● Жұмыссыздар саны,
● Жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдар саны.
Осы көрсеткіштердің арасында өзара келесідей байланыс бар:
● Жұмысшы күшінің саны Чрс═Чз+Чб
● Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесі Чз═ЧзЧин
● Халықтың жұмыссыздық дәрежесі Уб═Чб(Чз+Чб)
● Жұмыссыздықтың нормасы Nб═Чб(Чз+Чб)*100%
Макроэкономика тұрғысынан осы көрсеткіштердің дәрежесі мен динамикасы
бірнеше факторларға тәелді, оларға демографиялық, жастық және жыныстық,
этникалық, халықтың әлеуметтік құрамы, жекеленген аймақ пен салалардағы
еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
Жұмыссыздық дәрежесін батыс статистикасы қолданатын көрсеткіштермен
айқындауға болады, яғни жұмыссыздықтың таралуы мен мерзімінің ұзақтылығын.
Жұмыссыздықтың таралуының көрсеткіші жұмысшы күшінің жұмыссызданған бөлігін
сипаттайды. Жұмыссыздықтың ұзақтық мерзімінің көрсеткіші бар болған
жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын сипаттайды.
Батыс экономисттерінің көбісі рыноктық жағдайда жұмыссыздықтың
белгілі бір дәрежесін болуын заңды және қажет деп мойындайды. Дж.Кейнс
амалсыз жұмыссыздықтың түсінігін жиынтық сұраныстың бейімділігінің
жеткіліксіз екендігіене болады деп есептейді. Оның пікірінше, толық
жұмыспен қамтылу тиімді сұраныстың қосымша кеңеюіне байланысты
жұмысшылардың санының өзгермеген жағдайы болып табылады. Тиімді сұраныстың
әрі қарай өсімі тек таза инфляциялық өсім болады. Осындай кезде амалсыз
жұмыссыздық нольге тең.
Кейбір экономисттер жұмыссыздықты еңбек рыногының икемділігінің
көрсеткіші деп санайды. Осы жағдайда жұмыссыздықиың табиғи дәрежесі туралы
айтады. Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатындығына
байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты
қолдайтын жұмыс күші болады, бұл экономикалық саясаииың маңызды мақсаты.3

Табиғи жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы
санының ішінде жұмысы жоқ азматтардың статистикалық көрсеткіші.
Статистикалық деректерде әрбір адам үш түрлі санаттың біреуіне жатады.
Оларға : жүмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс
істейтін адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы
жұмыс істейтіндер осы топқа кіреді. Егерде азамат жаңа жұмысқа кіруді күтіп
жұмыс істемесе және уақытша жұмыстан босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе
онда ол жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтыен адамдар
(студенттер, зейнеткерлер және үй шаруашылығындағы әйелдер) жұмыс күші
құрамына кірмейді, іздемейді және жаңа жұмысқа кіруді күтпейді.7
Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал
жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың
пайыз түрінде анықталуы.
Сондай-ақ экономиканың еңбек рыногында экономикалық активті халық
деген негізгі ұғым қолданылады. Ол дегеніміз еңбек рыногында еңбек жасына
келген және еңбекке қабілетті, жұмыс істегісі келетін адамдар саны.
Батыс экономисттері әдетте табиғи жұмыссыздықты және толық жұмыспен
қамту болғандағы жұмыссыздықты еңбек рыногындағы объективтік
диспропорйияларды көрсететін құрылымдық жұмыссыздық деп қарайды. Ал табиғи
жұмыссыздыққа уақытша (фрикциондық) және маусымдық жұмыссыздықты жатқызады.
Шынында да жұмыссыздық дәрежесінің оның табиғи нормасынан артып кетуі
экономикадағы құрылымдық өзгерістермен байланысты, оның циклмен даму
ерекшеліктері салалардағы өндірістің құлдырауымен байланысты болады.
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Басқа сөзбен
айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдік
жұмыссыздық нольге тең болған жағдайда ғана орындалады. Толық жұмысбастылық
кезінде жұмыссыздықты “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп айтады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі
“экономиканың өндірістіқ әулеті” деп аталады. Бұл толық
жұмысбастылықкезіндегі экономиканың өндіре алатын өнімінің нақты көлемі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз – оң өлшем, өйткені уақытша
жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін уақыт керек. Құрылымдық
жұмыссыздарға да оқу курсынан өту үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген
адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші
рыноктары сәйкес келмейді деген сөз, мұндай жағдайда жиынтық сұраныс
тапшылығымен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда
жиынтық сұраныс артық болған жағдайда жұмыс күшінің жетіспеушілігі
байқалады, яғни бос жұмыс орындарының саны жұмыс іздеп жүрген адамдар
санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі
жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен төмен болады. Еңбек күші рыноктарындағы
мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.4
Экономикадағы жаппай жұмыссызжықтың орын алуы әлеуметтік
экономикалық мәселелерінің ең ауыр жағдайы екені белгілі. ОЛ қоғам өмірі
мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар формаларына нақты қауіп
тудырады. Мысалы, жаппай жұмыссыздық орын алған кезде қоғамда ұрлық, адам
өлтірі, тонау, адамдарға сенімсіздік жиі қайталанады. Бұл дегеніміз
экономикалық құбылыс болып табылатын жұмыссыздықтың өршуі қоғамдық,
адамзаттық қатынастарға кері әсерін тигізеді дегенді білдіреді.3

1.3 Филипс қисық сызығы

Инфляция өз кезегінде халықты жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер
етеді. 1958 жылы ағылшын экономисті А.Филлипс оның ықпалын көрсететін
“сұраныс инфляция” деген үлгіні ұсынды. Ол жұмыссыздықтың нормасы мен
жалақының арасында тәуелділік бар екеніне назар аударған. Оның қорытындысы
бойынша, жұмыссыздықтың кейбір дәрежесіне (6-7%) жалақының дәрежесі тұрақты
және оның өсімі шапшаңдайды және керісінше. Соңынан жалақы мен бағаның
өсуінің өзара қатал байланысы бар тезис пайдаланып, осы заңдылық
жұмыссыздық және бағаның өсу қарқынының өзара байланысы болып қайта
өзгертіледі. Фиииипстің қисық сызығын келесі суреттен көре аламыз:

Сурет-2 – Филлипс қисық сызығы

Мұндағы,
W – номиналдық жалақының өсу қарқыны;
P – инфляция дәрежесі;
U – жұмыссыздық дәрежесі, %;
Суреттен көріп отырғанымыздай филлипс қисық сызығы жұмыссыздық пен
инфляцияның арасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
IS-LM моделі
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Макроэкономикалық тұрақсыздық. Инфляция және жұмыссыздық
Жұмыссыздық, инфляция
Инфляция және инфляция теориялары
Фиилипс қисығы қасиеті
Филлипс қисығы
Инфляцияның мәні, себептері әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі
Инфляция. Филлипс қисығы
Пәндер