Қазақ тіліндегі рай категориясы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ

Кіріспе

Тілдердің даму тарихы, грамматикалық категериялары, қызметі, лексикаөсемантикалық ерекшеліктері, т. б. тілдік құбылыстар жалпы тіл білімінде жалпы қарастырылады.

Сол сияқты жеке тілдің грамматикасын үйрену үшін оны екінші бір тілмен салыстыра оқимыз. Салыстсра оқуө сабақ оқыту методикасының тиімді әдісі екендігі бәрімізге белгілі. Ал ағылшын тілін өзіміздің ана тілімізбен салыстыра отырып оқытсақ, немесе оқысақ, біз тіл үйретудің ең үлкен проблемаларын орындаймыз. Олар бөгде тілде сөйлеуді, ой жинақтауды, байланыстырып сөйлеуді, двмытуды ұйренеді.

Шет тілін ана тілімен салыстыра оқытуды көптеген ірі ғалымдар қолдайды және оны мұғалімнің тәжірбиесінде қолдану керек екендігін уағыздайды. Мысалға: Л. В. Щербе, П. Я. Гальперин, О. С. Ахманова т. б.

Тіл-тілде грамматикалық категориялар сан алуан. Курстық жұмыстың көлеміне сәйкестендіріп, мен етістік райларының трамматикалық категорияларын салыстыра оқытуды қалай жүргізуге болатындығы туралы жазып шықтым.

Ағылшын тілі сабағында фонетиканы, лексиканы, трамматиканы оқытқанда, яғни қай тақырып болмасын, бәрінде де салыстыру қолданылады. Өйткені өмірдегі құбылыстар бірдей, ал оның аталуы әр тілде әр түрлі. Тілді үйрене отыоып, өз тіліміздегі ұғымды басқа тілде айтй аламыз.

Сондықтан тілдің ішкі заңдылықтарын сөздердің, сөз тіркесткеінің, морфемаларының, т. б. тіл материалдарының ерекшеліктерін үйрену арқылы ойымызды екінші бір тлде жеткіземіз. Қазақ мектептерінде оқушыларға ағылшын тілінің трамматикасын өте жақсы білуге тиіс екен. Қазақ тілі мен ағылшын тілін қазақша оқитын сыныптарда салыстыра оқудың маңызы зор. Етістік райларының қызметін, трамматикалық категорияларын, синтаксистік қызметін, құрылымдық түрлері және т. б. тілдік ерекшеліктерін тиянақты түрде түсіндіруге болады.

Қазіргі қазақ тілінде етістіктің бес түрлі райы бар деп қаралады. Рай әдетте етістіктің модальдық мән беретін тұлғалары аталады. Сондай рай деп аталатын етістік категориялары әрі трамматикалық класс, әрі семантикалық топ құрады. Арнаулы трамматикалық көрсеткішер райлық топ құрайды. Алайда, кейде бір ғана грамматикалық көрсеткіш екі түрлі рай мәнін беріп, екі түрлі қолданылуы мүмкін. Бір жағынан, мұндай құбылыс рай мәндертнің бір-бірімен тығыз байлапныстылығын көрсетсе, екінші жағынан, олардың бастапқы генезистік бірлігін де байқатады.

Қазақ тілінде қалау райлық мән - қы, -кі тұлғалы етістіктердің көмекші етістіктермен тіркесі арқылы беріледі. Барғым келеді, барғың келеді, барғысы келеді тәрізді синтасистік тіркестер айқын тілек, қалау мәнін берудің негізгі тәсілі есебінде біздің тілімізде аса жиі қолданылады. Қашқари ниет, мақсат мәнін беретін бір алуан етістік тіркестері жайлы былай деп жазады: «Сөйлемде хабар беріліп отырған істі атқару оның хақы екенін білдіретін сөздер. Мұны істеуші бір істі атқаруға ниет қойғанын білдіретін сифат десе де болады».

Барғым келеді тұлғасының қалау рай мәнінде тұрақталуын семантикалық жіктелумен байланыстыруға болар еді. Атап айтқанда, етістік қимыл есім тұлғасында дербес қолданудан қалып, көмекші етістікті тіркес құрамында ғана айтылған болған. Бұл құбылыс бір жағынан есім мен етістік арасында болған тұлғалық жіктелуге де байланысты болса, екінші жағынан тұлғаның қолданылу аясының тарылуының нәтижесі де. Бір кезде етістік есебінде де, есім есебінде де қолданыс тапқан тұлға есім сөздің морфологиялық форманты ретінде дербес қолданыла алмайды.

Қазақ тілінде -ғай тұлғасының жіктелуі арқылы да қалау рай жасалады. Бұл тұлға, сонымен қоса, келер шақтың мәнін береді. Орхон- Енисей жазбаларында сирек, бірақ қалау, тілек мәнінде келер шақ жасайтын тұлға деп қолданылған.

Етістіктің ерекше жіктелетін түрі- қалау рай тұлғасы. Қалау рай тұлғасын тәуелдік жалғау арқылы жаққа жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі, жақ иесі атау тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.

I. Менің бар-ғы-м келеді, кел-гі-м келеді, айт-қы-м келеді

Біздің бар-ғы-мыз келеді, кел-гі-міз келеді, айт-қы-мыз келеді.

II. Сенің бар-ғы-ң келеді, кел-гі-ң келеді, айт-қы-ң келеді

Сендердің бар-ғы-ларың келеді, кел-гі-лерің келеді, айтқыларың

келеді.

Сіздердің бар-ғы-ңыз келеді, кел-гі-ңіз келеді, айт-қы-ңыз келеді.

Сіздердің бар-ғы-ларыңыз келеді, кел-гі-леріңіз келеді, айт-қы-ларыңыз келеді.

III. Оның бар-ғы-сы келеді, кел-гі-сі келеді, айт-қы-сы келеді.

Олардың бар-ғы-лары келеді, кел-гі-лері келеді, айт-қы-лары келеді.

Бұл түрленудің ерекшелігі сол- қалау рай тұлғалы күрделі етістіктің негізгі етістігі тәуелдік жалғау тұлғасында тұрады да көмекші етістік кел жедел өткен шақ немесе ауыспалы келершақ тұлғасында келіп, жіктік жалғаудың 3-жағында айтылады: келді дегенде нольдік форма, келеді дегенде -ді жалғауы-3жақ жіктік жалғауы.

Сондай-ақ -у тұлғалы тұйық етістікке тәуелдік жалғауы үстеліп, керек, қажет, мүмкін, тиіс сияқты модаль сөздердің тіркесуінен жасалған баяндауыштар да осы тәріздес түрде жіктеледі.

  1. Менің бару-ым қажет, керек, мүмкін

Біздің бару-ымыз қажет, керек, мүмкін

  1. Сенің бару-ың қажет, керек, мүмкін

Сендердің бару-ларың қажет, керек, мүмкін

Сіздің бару-ыңыз қажет, керек, мүмкін

Сіздердің бару-ларыңыз қажет, керек, мүмкін

  1. Оның бару-ы қажет, керек, мүмкін

Олардың бару-лары қажет, керек, мүмкін

Бұйрық райдың негізгі берілу тәсілі- етістіктің түбірлері екені мәлім. Бұл тәсіл көне түркі тіліне де тән; Етістіктің түбір тұлғасы арқылы кейде осы тұлға көпше мәнде де қолданылғаны байқалады: Тоқуз оғуз бегілері будуны бу сабымын едгүті есід, қатығды тыңла. Бұл сөйлем бір ғана кісіге емес, көпшілікке арналса да етістік түбіріне арнаулы қосымша жалғанбаған. Әдетте етістіктің жалаң түбірі деп түркі тілдерінде бұйрық райдың II-жақ анайы (немесе қатаң бұйрық) тұлғасы айтылады. Қазақ тіліндегі бұйрық райдың II- жақ тұлғасы дегеніміз, сонымен бірге, етістіктің түбірі деп те ұғынылады. Көне түркі тілдері ескерткіштерінің материалдары қазіргі түркі тілдеріне тән осы ерекшеліктерді жоққа шығармайды. Орхон- Енисей жазбалары тілінде де, жоғарыда айтылғандай, етістіктің түбір қалпы, екінші жағынан, бұйрықтық мән беретін тәлілдердің бір көрінісі есебінде қолданған. Алайда, осы ретте кейбір тарихи ескерткіштер тілінде, сондай-ақ қазіргі тілде ұшырасатын мынадай ерекшелік бар: тарихи тұрғыдан етістік түбір атаулының бәрі бұйрық мәнін беріп, бұйрық райдың II жақ тұлғасы есебінде ұғынылуы бұлжымас заң болмауы ықтимал. Э. Наджип XVI ғасырға жататын қыпшақ ескерткіштері фактілерінің негізінде осындай ерекшеліктерді көрсете отырып, «Гүлстан» поэмасы тілінде қолданылатын ачып етістігінің түбірі ач (аш, ашық) бұйрық рай мәнін бермейтінін, бұйрық рай мәні соы түбірден жасалған ачық тұлғасы арқылы ғана берілгенін мысалға келтіреді. Қазақ тілінде де нақ осы етістік түбірден бұйрық мәні тумайды. Сонымен қатар, Э. Наджип тат, аң, арқа, қары, қартай, сөздерін ескерткіштер тіліне сүйене отырып, әрі етістік, әрі есім, яғни етістік ретінде бұлардың қайсысы да бұйрық мәнін бермеген деп түсіндіреді. Қазақ тілінде олардың біразы-ақ басқаша сипат алғанын байқауға болады. Тат-етістік түбірі болып ұғынылады да, есім мәнінде түбір тұлғасы татым жұмасалады. Аң сөзі нақ осы күйінде қазақ тілінде ұшыраспайды, осы түбірден жасалған етістік-аңда, аңлама, ал есім- аңсыз, аңдаусыз болады. Арқа- тек қана зат есім, туынды етістік -арқала. Тоз түбірі нақ соы күйінде қолданылмайды(тек тоз-тоз қос сөзін ескермесек), бірақ осы түбірден жасалған тозаң зат есімі, тозаңдат етістігі бар. Қары сөзі осы тұлғасында сын есім, қартай тек етістік. Бұдан шығатын қорытынды: бір кезде әрі етістік, әрі есім болып ұғынылатын түбірлер айқын бұйрық мәнін бермеген. Кейінгі дәуірде олардың кейбірі етістік ретінде қалыптасады да, аффикстер арқылы есімге айналады немесе есім есебінде қалыптасады да, аффикстар арқылы етістікке айналады, сөйтіп айқын бұйрық мәніне ие болады. Қазіргі қазақ тіліндегі тарыл, тарық етістігі мен тар есімі тәрізді фактілер қар, тар естміне етістікке жалғанатын етіс қосымщалары қажет болды. Кейін қолдану барысында ол да түбір есебінде қалыптасып кетті. Бұл жай етістіктер мен есімдердің синкретизмімен ұштасады.

Қазақ тілінде бұйрық райдың II жақ көптік түрінің қосымшасы құрамында келетін, ал өзбек тілінде жақ жекеше түрін білдіретін-ң, -ың, -ің қосымшасы көне жазбалар тілінде ұшырасады: Су барың тіді. Алтун йышда олурың тіді И. А. Батманов бұл қосымшалар бұйрық мәнін жұмсарту, ыңғайластыру мақсатында көбіне көпше, кейде жекеше де мәнде қолданылғандығын айтады. Сол сияқты, ол тілде етістік түбірге -ғыл қосымшасы жалғану арқылы да бұйрық мәні беріледі. Қарағу едгүті урғыл. Бұйрық райдың IIIжағы -зун, -зүн қосымшасы арқылы берілген: Су басы йнел қаған Тардуш шад барзун-тіді. Орта ғасырлық таңбалар тілінің фактілерін осы айтылғандармен салыстырып қарағанда, үлкен айырмашылық байқалмайды. Осы аталған тұлғалар кейбір өзгерістермен қайталанып отырады. Орта ғасырлық түркі тілдерінің кейбір ерекшеліктерін Қашқари былай түсіндіреді: « бұйрық тұлғасында-ғыл, -қыл, -гіл қосымшаларының жалғануы тыңдаушы біреу болғанда ғана мүмкін.

Қазіргі қазақ тілінде де III жақтық бұйрық рай деп танылып жүрген тұлғаның контекстік қолданыуында кейде бұйрықтан гөрі ұйғару, шешім мәні басым болып отыратыны бар. Бұйрық райдың III жағы ежелгі түркі тілдеріндегідей еріндік дауыстылармен емес, езулік дауыстылар айтылады. А. М. Шербак ерінділікпен айтылу шығыс түркістандық тілдерге тән де, екеуін жарыса қолдану батысқа орналасқан тілдерге тән болса керек деп пайымдайды. Егер осы пікірді қолдасақ, қазақ тілінде езуліктермен айтылу тайпалық кезден қалыптасқан деп қарау мақұл. Қазіргі оңтүстік-шығыс тілдерінде ұшырасатын, сол сияқты қазақ тілінің Жетісу говорында кездесетін -ғын тұлғасы тек қана XIV ғасырдан кейінгі уақыттағы жазбаларда қолданылған. Алайда, кейьір мәліметтерге қарағанда-ғыл және -ғын аффикстерін екі түрлі тайпа өкілдерінде қолданылған варианттар деп есептеуге де мүмкіндік бар. Алтын Орда ескерткіштерінде тек қана -ғыл қолданылған. Қалай болғанда да, қазақ тілінің Жетісу говорында кездесетін -ғын аффиксі батыс тілдерінің қалдығы емес, шығыс түркі тілдерінің әсерінен пайда болған деуге дәлел бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістіктің рай категориясын зерттелу тарихынан
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Модальді етістіктердің аудармасы
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Етістік категориялары
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Септік категориясының мағыналары
Модификациялық етістіктер
А. Байтұрсыновтың есім сөздерді жіктеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz