ҚАЗАТОМПРОМ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АТОМ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 "Қазатомпром" ұлттық атом өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 "Қазатомөнеркәсібінің" даму мәселелері ... ... ... ... ... ... ..
2 УРАН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
2.1 Уранды байыту және өңдеу өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Атом өнеркәсібіндегі қауіпсіздік шаралармен қатысты белгілемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 УРАН ӨНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 "Қазатомөнеркәсібінің" қазіргі өндіріс жағдайы ... ... ... ... ... ...
3.2 Уран өнеркәсібі және табиғатты қорғау мәселесі ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі, алғашқы онжылдық Қазақстанның атом өнеркәсібіндегі маңызды өзгерістермен ерекшелінеді. 1997 жылдың 14-ші шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақатомөнеркәсібі ұлттық атом компаниясың ЖАҚ-ы құрылды.
"Қазатомөнеркәсіп" компаниясы құрылғанша, оның құрамына кіретін кәсіпорындардың қаржылық және экономикалық жағдайы ауыр болды. Осыдан төрт-бес жыл бұрын қордаланған проблемалар бойынша еліміз дәстүрлі өнім өткізу нарқынан айырылды. Нәтижесінде өнім өндіру көлемі қысқарды. Өндіріс өнімдерінің кему салдарынан өнімнің өзіндік құны екі есеге дерлік қымбаттады.
Осындай қиындықтарды "Қазатомөнеркәсібі" жеңіп шықты.
Бүгінгі күні "Қазақатомөнеркәсібінің" құрамында 10 мың адам еңбек етуде. Оларды қазір Үкімет те, компания да бағалап отыр. Олар басқа салаларға қарағанда жоғары жалақы алуда. Технология мен кадрлар жөнінен Қазақстан атом өнеркәсібінін бүгінгі күнгі жетістіктеріне ең дамыған елдердің өздері қызғанушылықпен қарайды.
Атом өнеркәсібінің негізгі шикізаты уранды өндіру және байыту барысында экологиялық мәселелерді сақтау айрықша маңызды жұмыста осындай мазмұндар қарастырған.

1. Петров Г.Н., Языков В.Г., Аубакиров Х.Б., Плеханов В.Н., Вершков А.Ф., Лухтин В.Ф. Урановые месторождения Казахстана: (экзогенные). -Алматы, Ғылым, - 1995 (Санат)
2. Салтыков Л.Д., Шалаев И.Л., Лебедев Ю.А. Рациональная безопасность при разведке и добыче урановых руд. М.; Атомиздат, 1997
3. http: // www. Word-nuclear. org/sym/. Интернет мәліметтері.
4. Жұмасұлтанов Т. Қазақстан бүгін-Алматы, "Инфкеком-Азия", Алматы, 1998
5. "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖАҚ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Жаратылыстану-география факультеті
География кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: "ҚАЗАТОМПРОМ" БІРЛЕСТІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Орындаушы:
Сырттай оқу бөлімінің
3-курс студенті ----------------------------- А.
Жанпейсова
Ғылыми жетекшісі:
г.ғ.к., аға оқытушы -------------------------------- Ә.С. Ақашева
Нормалық-тексеруші ----------------------------- К.
Ниетжанова
Кафедра мәжілісінде
талқыланып,
қорғауға жіберілді
Хаттама № 8, .04. 07ж.
Кафедра меңгерушісі -------------------------- С.Қ.
Қасенов
Алматы, 2007
Р Е Ф Е Р А Т
Диплом жұмысы 59 беттен, кіріспе, 2 бөлімнен, қорытынды, интернет
мәліметтері мен 3 кесте және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстанда атом өнеркәсібінің
қалыптасуы мен даму болашағы және оның қоршаған ортаға әсері мәселелерін
жан-жақты қарастыру. Бұл жұмыс барысында кездесетін негізгі ұғымдар: ААҚ-
ашық акционерлік қоғам, ҮМЗ -Үлбі металлургия зауыты, ДЕ-дайын ерітінді,
ШЕ-шаймалау ерітінді, ЖАҚ –жабық акционерлік қоғам.
Зерттеу әдісі: статистикалық, әдеби, салыстырмалы және тарихи түрде.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АТОМ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1. "Қазатомпром" ұлттық атом өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... ... ...
2. "Қазатомөнеркәсібінің" даму мәселелері ... ... ... ... ... ... ..
УРАН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
2.1 Уранды байыту және өңдеу өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Атом өнеркәсібіндегі қауіпсіздік шаралармен қатысты
белгілемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
УРАН ӨНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ
ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 "Қазатомөнеркәсібінің" қазіргі өндіріс жағдайы ... ... ... ... ... ...
3.2 Уран өнеркәсібі және табиғатты қорғау мәселесі ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі, алғашқы онжылдық Қазақстанның
атом өнеркәсібіндегі маңызды өзгерістермен ерекшелінеді. 1997 жылдың 14-ші
шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
Қазақатомөнеркәсібі ұлттық атом компаниясың ЖАҚ-ы құрылды.
"Қазатомөнеркәсіп" компаниясы құрылғанша, оның құрамына кіретін
кәсіпорындардың қаржылық және экономикалық жағдайы ауыр болды. Осыдан төрт-
бес жыл бұрын қордаланған проблемалар бойынша еліміз дәстүрлі өнім өткізу
нарқынан айырылды. Нәтижесінде өнім өндіру көлемі қысқарды. Өндіріс
өнімдерінің кему салдарынан өнімнің өзіндік құны екі есеге дерлік
қымбаттады.
Осындай қиындықтарды "Қазатомөнеркәсібі" жеңіп шықты.
Бүгінгі күні "Қазақатомөнеркәсібінің" құрамында 10 мың адам еңбек
етуде. Оларды қазір Үкімет те, компания да бағалап отыр. Олар басқа
салаларға қарағанда жоғары жалақы алуда. Технология мен кадрлар жөнінен
Қазақстан атом өнеркәсібінін бүгінгі күнгі жетістіктеріне ең дамыған
елдердің өздері қызғанушылықпен қарайды.
Атом өнеркәсібінің негізгі шикізаты уранды өндіру және байыту
барысында экологиялық мәселелерді сақтау айрықша маңызды жұмыста осындай
мазмұндар қарастырған.

Алғашқы онжылдық Қазақстанның атом өнеркәсібіндегі маңызды
өзгерістермен ерекшелінеді. 1997 жылдың 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен Қазақатомөнеркәсібі ұлттық атом компаниясың ЖАҚ-ы
құрылды.
Компанияның жарғылық капиталына Степной, Орталық, №6 РБ мемлекеттік кен
басқармаларының мемлекеттік кешені, сондай-ақ, Үлбі металлургия зауытың,
Волков-геологияң және КАТЭПң акционерлік қоғамдары акцияларының
мемлекеттік пакеті енгізілді. Степной кен басқармасың, Орталық кен
басқармасың, мен №6 кен басқармасың, Қазақатомөнеркәсібің компаниясының
филиалдары болып қайта құрылды.
Степной кен басқармасы (Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы,
Степной кенті) Уванас және Мыңқұдық кен орындарының қойнауын пайдаланады.
Жобалық қуаты – жылына 800 тонна. Өндіргіш күштерді толық іске қосқанда,
кен қоры 35-40 жылға жетеді.
Орталық кен басқармасы (Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы
Таукент кенті) Қанжуған кен орны игереді. Жобалық қуаты – жылына 600 тонна.
Өндіргіш күштерді толық іске қосқанда, кен қоры 20-25 жылға жетеді.
№6 кен басқармасы (Қызылорда облысы) Сырдария уранды өңірінің құрамына
кіретін қабатты-инфиьтрациялықуран кен орындарын игереді
Солтүстік Қарамұрын кен орнында бірегей терен әдіс-құбыр арқылы жер асты
күкірт қышқылымен сілтісіздендіру жолмен өндіріледі. Жобалық қуаты-жылына
700 тонна. Өндіргіш күштерді толық іске қосқанда 20 жыл бойы пайдалануға
болады.
Өндіріс технологиясын жетілдіру саласындағы ғылыми зерттеулерге баса
назар аудару. Табиғи уранды жер астында сілтісіздендіру арқылы алу
әдістерінің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда қор үнемдеу дәрижесі де,
кәсіпорын жұмысшыларына, халыққа зиян келтірмей, қоршаған ортаның ластануы
мен оның зардаптарын азайтатындықтан, қауіпсіздік денгейі де әлде қайда
жоғары.
10 жыл тәуелсіздік Қазақстанның атом өнеркәсібінің абыройын арттырып,
халықаралық ынтымақтастыққа оң нәтижелер әкеледі. Қазатомөнеркәсібі ұлттық
атом компаниясы КОЖЕМА ядролық материялдар бас компаниясы (Франция), КАМЕКО
корпарациясы (Канада), ЗАМБЕЗИЯ холдинг СА халықаралық корпарациясы
(Швейцария) сияқты әлемдік маңызы бар фирмалармен бірлесіп, “КАТКО біріккен
кәсіпорны” ЖШС мен “Инкай біріккен кәсіпорны” ЖШС құрды. Осы уран өндіруші
кәсіпорындар 2001 жылдық өзінде-ақ өз өнімін өндіре бастаған.
“Үлбі металлургия зауыты” ААҚ (“ҮМЗ”)-дүнежүзіндегі бірегей
кәсіпорын. Кәсіпорын ИСО стандарттарына сәйкес халықаралық сапаны басқару
сертификациясына өтті. Береллий өндірісі қайта іске қосылды. Береллий
өнімінің жоғары сапасының арқасында дүнежүзілік нарықтың 10% “ҮМЗ”-ға
тиесілі, ал таяу 2-3 жыл ішінде дүнежүзілік нарықтың 30-40% иеленуге толық
мүмкіндік бар.
Бүкіл әлем құрамында аса жоғары сапалы береллий бар өнімнің алуан
түрлі ассортиментін өндіретін екі-ақ компания бар, олар-“ҮМЗ” мен “Бараш
Веллман” (АҚШ). Соңғысы “ҮМЗ”-ын лайықты әріптес деп танылды.
“ҮМЗ-ның” бериллий өнімін тұтынып келген Ресейдің бірнеше ондаған
кәсіпорындары іскерлік әріптестікті қайта жаңғыртты. Реактор қауіпсіздігін
арттыратын эрбий мен гадолинийдің күйгіш жұтқыщтары қосылған таблеткалар
өндірісі басталады. Қазіргі уақытта дүнежүзінің әр 20-шы энергия блогы “ҮМЗ-
де” дайындалған отынды тұтынады. АҚШ, Англия, Франция және Германия
тұтынушылармен “ҮМЗ-ның” уран және бериллий өнімдерін жеткізу туралы ұзақ
мерзімді келісім-шарттар жасалған.
“ҮМЗ-де” Еуразия құрылғандығы ең ірі тантал-ниобий өндірісі қайта
қалыпына келтірілді. Оның өнімдері электрондық, ядролық, химиялық, мұнай-
газ және металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, медицинада қолданылады.
Соңғы жылдары өндірісті ұлғайтып, тантал-ниобий өнімдерінің өткізілу аймағы
кеңеюде.
2000 жылдың соңында өткен “ХХІ ғасырға жан-жақты сапамен” республикалық
көрме байқауда “ҮМЗ” жеңімпаз атанды.
Республикадағы атом энергиясының бірегей кәсіпорыны-Маңғышылақ атом
энергокомбинатындағы БН-350 жылдам нейтронды өндірістік реакторы.
БН-350 реакторы энергетикалық қуат деңгейінде 1973 жылдың шілдесінен
бері жұмыс істтейді. Реактор қызыметінің жобалық мерзімі аяқталды.
Экономикалық тұрғыдан БН-350 реакторын пайдалыныстан шығарып, оны 50 жылдан
кейін қайтадан “іске қосуға немесе жоюға бағытталған шаралар іске
асырылады.
Қазақстан Үкіметінің “Манғыстау облысының Ақтау қаласындағы БН-350
реакторын пайдаланыстан шығару туралы” 1999 жылдың 22 сәуіріндегі қаулысы
бойынша, “Ақтау қаласындағы БН-350 реакторын пайдаланыстан шығару жөніндегі
бірінші кезекті шаралар жоспары” бекітілді. Бағдарламаның негізгі
қатысушылары болып АҚШ жағынан- Аргон ұлттық лабораториясы, Қазақстан
жағынан-Энергетика және минералдық қорлар министрлігінің “Маңғышылақ атом
энергокомбинаты” республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ядролық технология
қауіпсіздігі орталығы және Ұлттық ядролық орталық бекітілді. Жоспар
бойынша, жұмыс 1999 жылы шілдеде басталып, жұмыстың аяқталуы БН-350
реакторын пайдаланыстан шығару жобасы бекітілуі тиіс болған 2001 жылдың
шілдесіне белгіленді. БН-350-мен жүргізілетін жұмыстарға бақылау жасауды
МАГАТЭ, КЭС және басқа халықаралық ұйымдар іске асырады.
2004 жылы Қазақстанда уран өндірісі 10 пайызға өсіп, 3719 тоннаға
жеткен. “Қазатомөнекәсіптің” мұндағы үлесі 3363 тонна екен. Биыл 400 тонна
уран өндірілмекші. Ұлттық компанияның бас жоспары бойынша, 2010 жылы табиғи
уран өндірісі 15 мың тоннаға жетіп, кәсіпорын әлемдегі №1 уран өндіруші
атанбақшы.
1.2 "Қазатомпром" ұлттық атом өнеркәсібі
Қазақстанның атом өнеркәсібі туралы мағұлматтар, тек Қазақстан
тәуелсіздік алғалы ақпарат құралдары жаза бастады. Мұның бірнеше себептері
болуы мүмкін. Соның басты себебі-атом өндірісінің жылдар бойы құпия түрде
жүргізілу салдарынан болуы керек. Ал Қазақстанның әлемде уран өндіретін 10
елдің қатарында екенін біреу білер біреу білмес.

Қазақстан уран өндіріу көлемінің әлемдік деңгейі бойынша 13-орыннан
4-ші орынға көтерілді.
Сөйтіп, табиғи уранды экспорттау кеңейіп, өнім өткізу мәселелері
түбегейлі шешілді.
Атом кешені ресми ядролық мәртебесі бар елдерде болсын (Ресей, Франция,
Ұлыбритания, АҚШ, ҚХР), ядро маңындағы елдерде болсын (Израйль, Үндістан,
Пәкістан), әрқашан стратегиялық басымдыққа ие болған.
Атом энергетикасы қазірдің өзінде әлемдік электр қуаты өндірісінің 25
пайызына жуығын қамтамасыз етіп отырса, Франциядан атом электр энергиясының
80 пайызын ұсынуда. Халқы көп, оның үстіне өнеркәсібі дамыған Ресеи, АҚШ,
Жапония, Қытай, Корея, Үндістан, Бразилия, Франция сияқты елдер алдағы
кезеңдерде атом энергетикасын дамытуға басымдық беретінін жасырмайды.
Мұндай жоспарлар алдағы 10-20 жылда табиғи уранға болатын жоғары сұранысқа
негіз қалайды.
2007 жылдан басталады деп күтіліп отырған жыл сайынғы 10000
тоннадан астам уран тапшылығы іс жүзінде Қазақстан мен Австралияның уран
өнеркәсібі ғана жұмсарта алуы мүмкін. Мұндай жағдайда негізгі уран тұтынушы
елдер болашақта Қазақстандық уранды жеткізудің ұзақ мерзімді кепілдігін
алуды қажет деп тапты. Канада, Франция және Ресей "Қазатомөнеркәсібі"
Ұлттық атом компаниясы мен бірге Мойынқұм, Төртқұдық, Ыңғай және Заречное
кен орындарында уран өндіретін біріккен кәсіпорындар құрылды.
Оңтүсттік Кореялық "KHWP" Қытайлық, "CNNC" Германиялық, "RWE Nukem
GmBH" компаниялары Қазақстан ураның сатып алу жөнініндегі ұзақ мерзімді
келісімдерге қол қойды. Сол сияқты Иточу және Марубени фирмалары арқылы
Жапонның энергетикалық компаниялары үшін Қазақстан уранын жеткізіп беру
туралы келісімдер үстінде жұмыстар жүргізілуде. Мұнымен қатар АҚШ нарығына
шығуға да шектеусіз жол ашады. Сөйтіп Қазақстанда уран өндірісін шұғыл да
қарқынды дамыту бағдарламасы түгелдей әлемдік нарықтағы басты ойыншылармен
арадағы нақты стратегиялық келісімдерге негізделген.
Ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, Семей ядролық сынақ алаңы
жабылған соң Қазақстанда бұл саланың тек "бейбіт" құрамдас бөліктері табиғи
уранды өндіретін және атом электр стансияларына арналған ядролық отын
дайындайтын кәсіпорындар ғана "Қазатомөнеркәсібінің" құрамында ғана қалды.
Көп тармақты металлургия саласы ішінде уран өндірісі ғана мейлінше
жоғарғы технологиялық және ғылымда көп қажет ететін буын саналып отыр.
Бүгінде барланған уран қоры жөнінен бірінші және екінші орындарда
Австралиямен тең бөлісетін Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемде төртінші
орында тұр. Оған қоса, аз байытылған ураннан ядролық отын өндіру көлемі
жөнінен де елімізде алар орны салмақты.
Ядролық кешен жер қойнауынан уран өндіру, химиялық технологиялар
көмегімен оның таза құрамаларын алу, жоғарғы қуатты газ қысымы көмегімен
изотопты байыту, уран диоксидінен ұнтақ және таблетка түрінде ядролық отын
дайындау, электр қуаты мен бу алу үшін атом реакторларында отын қолдану,
сондай-ақ, радиоактивті қалдықтарды жабу жумыстарын жүргізу сияқты бірқатар
күрделі өндірістік циклды қамтыған.
Қазақстанда ядролық-отындық цикл буындары жоқтығынан, бүгінде ол Ресей
сияқты басқа да ядролық мемлекеттермен өндірістік кооперация жолымен
алмастырылуда. Уранның өзінен және түпкі мақсатты металл-тутонинден басқа
КСРО атом өнеркәсібі өзіне және басқа да салаларға арнап көптеген сирек
өнімдер – цирконий, молибден, тантал, бериллий, литий, алтын, фтор және
фторидтер, изотоптар, жоғарғы өткізгіштер, иониттер, тыңайтқыштар жасап
шығарды.
Өндірістік бағдарламаға қосымша ретінде компания бірнеше бөлімнен
тұратын арнайы инновациялық бағдарламаны да дайындаған. Сол құжатқа сәйкес
Қазатомөнеркәсібің. Ұлттық атом компаниясы барлық кәсіпорындарында
бұрғылау және тау-кен компаниясында, Өскемен мен Степногорскідегі
металлургия зауытында, Ақтаудағы МАЭК – Қазатом өнеркәсіпң энергетикалық
компаниясында технология мен қондырғыларды жаңарту, сондай-ақ, геологиялық
барлау, қоршаған ортаны қорғау, жобалау және ғылыми-техникалық зерттеулерді
дамыту мен жетілдіру көзделген.
Отандық атом кешені жоғарғы технологиялық бериллий мен тантал
өндірісімен де ерекшеленеді. Стратегиялық тұрғыдан алғанда маңызы жоғары
бұл металлдарды әлемдік ауқымда өндірудегі Қазақстанның үлесі тиісінше 29%.
Берилий және тантал өнімдерінің басты тұтынушылары негізінен Солтүстік
Америка, Еуропа және Шығыс Азиядағы телекоммуникациялық жабдықтар,
комьпютерлер электроника автомобиль, супербалқымалар, қорғаныс және әуе-
ғарыштық техникалар шығаратын кәсіпорындар.
2004 жылға дейін бұл салалар АҚШ, Жапония, Еуроодақ елдерінде
экономиканың жалпы құлдырауы мен электроника, компьютер және
телекоммуникация секторындағы өнімдерге сұраныстың төмендеуіне байланысты
бериллий мен танталды қолдану көлемін кеңейткенде.
2004 жылдан бұл нарық жанданып бериллий мен танталға тапсырыс ұлғая
бастады. Бериллий мен тантал рыногы жоғарғы деңгейде монополизацияланған.
Олай дейтініміз, дүние жүзінде бериллийді тұтас өңдірістік циклмен
өндіретін үш қана кәсіпорын бар: Қазатомөнеркәсібің ұлттық атом
компаниясының еншілес кәсіпорыны, Үлбі металлургия зауытың ААҚ. АҚШ-тың
Браш Веллманң және Қытайдың Shuі КоІ Shanң компониялары.
Казатомөнеркәсібің Ұлттық атом компаниясының (ҰАК) құрамында бериллий бар
өнім жеткізіп беруші алып компания болып қала береді.
Әлемде тантал өндіруші кәсіпорындар да Үлбі металлургия зауытынң
қоспағанда үшеу. Тантал және онымен қосарлана жүретін ниобий өндіретін
толық циклды өнеркәсіпті Кавот суперметалес (АҚШ) Н.С.Starck CembHgco KG
(ГФГ) Nіngxіa Onіental Tantalum іnglustru CO. LTD (ҚХР) фирмалары
меңгерген. Әлемдегі тантал өнімінің 80 пайызы осы үш компания үлесінде.
Уран, бериллий және тантал саны жағынан халықаралық стандартқа сәйкес.
Үлбі металлургия зауытының өнімдері бірнеше рет арнайы дипломдары мен
медальдармен халықаралық және республикалық көрмеде женіп алды. Бұл өнімдер
медицинада протез және спортық товарларда пайдаланады.
Сондай-ақ бүгінгі таңда уран бағасы өсе түсуде. Қазатомөнеркәсібі уран
өндіруді арттыра түсуде. Жаңа алынған кен орындары арқылы және өндіріп
қоймай жаңадан алынған өндірісті халықаралық кәсіпорындармен КАТКОң
бірлескен кәсіпорны Ыңғайң Камекомен бірлесіп өндіруде.
Бұл аталған кәсіпорындармен бірге Қазатомөнеркәсібі карайтын Дала кен
басқармасы, Орталық кен басқармасы, Мойынқұм кен басқармалары. Оңтүстік
Қазақстан облысы Созақ ауданында орналасқан. Дала кен басқармасы: Уванас
және Маңқудың кен орындарының қойнауын пайдаланады. Жобалық қуаты жылына –
800 тонна. Орталық кен басқармасы Қанжуған кен орнын игерді. Жобалық қуаты
- жылына 600 тонна. 2004 жылы бұл кен басқармасының құрамына Ақдала ң жаңа
кен орны қосылды.
Қазақстанның уран кенорындары:
• Шу-Сарысу уранкен провинциясы. Қазақстанның жалпы қоры мен
ресурстарынан 60,5 пайызын құрайды. Осы уақытта Ағанас, Мыңқұдық,
Қанжуған және Мойынқұм кен орындарында уранды ұңғылық шаймаландыру
тәсілімен жүргізілуде
• Сырдария уранкен провинциясы. Провинцияда уран қоры Қазақстанның
жалпы қорынан 12,4 пайызын құрайды. Уранды өндіру ұңғылық жерасты
шаймаландыру тәсілімен Солтүстік және Оңтүстік кен орындарында
жүргізіледі.
• Солтүстік Қазақстан провинциясы.
Провинцияның сомалық қоры Қазақстанның жалпы қорынан 16,5 пайызын
құрайды. Осы уақытта Шығыс кен орнында уранды өндіру шахталық
тәсілмен жүргізілуде.
• Маңғыстау провинциясының уран кендері.
Уран қоры Қазақстанның жалпы қорынан 1,8 пайызын құрайды. Уран өндіру
осы уақытта жүргізілмейді.
• Кіндіктас-Шулы-Бетпақдала провинциясы немесе Балқаш маңы. Уран кен
орнының негізгі түрі-құрлықтық вулкан кешендеріндегі эндогендік кен
орны. Провинцияның негізгі кен орындары қазылып біткен. Қалған уран
кен орны қазақстанның жалпы қорынан 0,4 пайызын құрайды. Уран өндіру
тоқталылған.
• Іле уранкен провинциясы. Негізгі қоры сұркөмір қаттары төбесін
топырақтың тотықтыруымен құрылған уран-көмір кен орнымен байланысты.
Қоры Қазақстанның жалпы қорынан 1,8 құрайды. Уран өндіру осы уақытта
жүргізілмейді.
1.2 “Қазатомөнеркәсібінің” даму мәселелері
Бүгінде Созақ өндіріс өнімдері жөнінен облыста үштікке кіріп отыр.
Былтырғы жыл қортындысы бойынша 2669 миллион теңгенің өніміңн өндірген өңір
энергетика материалдарын берудің көзіне айналған.
Қазатомөнеркәсібің ұлттық компаниясы уран өндіруден бюджетке 250
миллион теңге кіріс кіргізіпті. Бұл қаржы ауданның 53 пайыз кіріс бөлігін
құрады. Осы кен орындарында 10000 адам жұмыс істейді.
Жоғарыда баян етілген бағдарламаларды өмірге енгізу үшін бірінші
кезекте білікті мамандар қажет. Соңғы он жылдықта көптеген елдерде, соның
ішінде Қазақстанда да, атом өнеркәсібіндегі мамандардың басқа салаға ағылу
нәтижесінде, талай жылдар бойы жинақтаған технологиялық және методикалық
білімдердің жоғалуы байқалды. Соған қарсы Қазатомөнеркәсібің компаниясында
іс-шаралардың екі тобы жүзеге асырылуда.
Біріншіден кең ауқымдағы арнайы компьютерлік Білім базасы құрылып,
онда уран өндірісіне қатысты бар бұрыннан қордаланған және жаңадан туындап
жатқан білім мен ақпараттар жинақталған.
Білім базасы компания мамандарын қажетті ақпаратпен үздіксіз әрі тез
қамтамасыз етіп, олар басқару шешімдерін қабылдауда болсын, жаңа
қызметкерлерді болсын кеңінен қолданылады.
Екіншіден, өнеркәсіпке қажетті негізгі техникалық мамандықтар
бұрғылау, геотехнология, химиялық технология, металлургия, энергетика
бойынша мамандар дайындау мен қайта дайындау ісі қанатын жая түскен. Осы
мақсатта басқа іс – шаралармен қатар отандық техникалық университеттермен,
бірінші кезекте Қазақ Ұлттық техникалық университетімен өзара іс-әрекеттер
аясын кеңейту жүзеге асқан. Қазатомөнеркәсібің мен оның шетелдік
серіктестері Каткоң БК, Ыңғайң БК қолдауымен мамандандырылған.
Қазақстанның ядролық университеті құрылып, ол отандық университеттермен
қатар, жуырда ғана Лондонда ашылған дүние жүзілік ядролық университетпен де
ынтымақтастықта жұмыс жүргізеді.
Сондай–ақ аталған кәсіпорындар Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ
ауданының Таукент кентінен жұмысшылар дайындайтын арнайы училище ашылған.
№23 Созақ кәсіптік-техникалық мектебінің Таукент поселкесіндегі филиалында
оқу мерзімі 9 айлық курстар ашылған. Атап айтқанда, мына мамандықтар
бойынша:
-Бақылау-өлшеу приборлары мен автоматика жөндеушісі.
-Газбен және электормен дәнекерлеуші-сантехник.
-Компрессор қондырғыларының машинисті.
-Дизель электростанцияларының машинисті.
Училищені бітірген мамандар, Ақдала, Мойынқұм, Орталық, Дала,
Каткоң, Ыңғайң кен басқармасына орналастырады.
Сонымен бірге Қазатомөнеркәсібі тек уран өндірумен ғана шектелмей,
аудан халқына әлеуметтік көмек беріп отыр. Аудан оқушылары демалатын
Марданң лагері, үш маусымда жұмыс істейді. Облыс орталығындағы Эдельвейсң
лагеріне жазға маусымда, қырық шақты оқушылар демалып қайтады.
2004 жылы Қазатомөнеркәсібің аудан емханаларына 10 жедел-жәрдем
машинасын, тұрмысы төмен отбасыларына 5 пәтер, бірнеше адамдарға ақшалай
көмек көрсетті. Бір ғана Орталық кен басқармасынан 340 адам тегін
медициналық емделді.
Санаториялар жолдамасының 30 пайызын кәсіпорын өз мойынына алған.
Таукент кентінде 2004 жылы жаңа емхана іске қосылды. Алдағы уақытта 100
орындық балалар бақшасы, арнайы спорт комплексі іске қосылмақ. Тұрмысы
төмен отбасынан шыққан жақсы оқитын балаларды Томск технологиялық немесе
Қ.Сәтбаев атындағы техникалық университетке жолдама беріп тегін оқытуда.
Осы өндіріс орындары ашылған жерлерде кен орындарынан тыс шағын бизнеспен
бірнеше адам шұғылданады.
УРАН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
2.1 Уранды байыту және өңдеу өнеркәсібі
Уран радиоактивты химиялық элемент Менделеев таблицасының ІІІ-
группасына жатады. Атомдық нөмері 92 атомдық салмағы 238,029 актиондар
қатарына жатады.
Табиғатта 3 изотопты, U-238, U-234,U-235. Күйінде кездеседі. Уранды
окси күйінде UO 1789 жылы М.Г Клопротом металдық күйінде Э. Пелиго 1841
жылы ашты.
Уран күміс түсті ақ жылтыр метал. Балқу температурасы 1134С, қайнау
температурасы 4200С.
Уран жер бедерінің литосфера қабатында кездеседі. Басты уран минералдары
ішінде настуран. Ол 4 валентті күйінде жақсы сақталған. Қышқылмен
шаймалауда уран минералы жақсы араласады (НО22) түзеді. Қышқылдық құрамына
байланысты және сульфат-ион түрінде ерітіліп, уранил-сульфат комплексін
түзеді. (5)- ші формула бойынша РН 2
(5)-ші формула бойынша қышқыл ортада уран үш сульфат уранила, реакциясы
жүреді. Бұл күйде анион ауыспалы сиола уранды бойына жақсы сіңіреді.
Қышқылмен шаймалауда қышқылдың шығын минералдық құрамына байланысты.
Негізінде қышқыл шығыны корбанаттың ерітілуіне байланысты.
Ca (Mg) CO3 +H2SO4 Ca (Mg) SO4 +H2 CO3 (6)
Fe CO3 + H2SO4 3Fe SO4 +H2CO3
(7)
(5)-ші формула десорбцияда пайдаланады. Бұл үшін күшті қышқылдар
пайдаланады. Қышқыл мен бірге нитратты ерітінді пайдаланады. Нитратты
ерітінді аз мөлшерде қосылады. Бұл процессте шаймалау арқылы алуда метал
алатын ұңғы 1 (біреу) (ДЕ) оған 3 шаймалау ұңғысы (ШЕ), ШЕ-ге 50 грамға
дейін күкірт қышқылын жібереді. Күкірт қышқылы уранды ерітіп ДЕ ұңғысы
арқылы колоннаға жіберіледі. Уран мен бірге басқа металдар араласып келеді.
Оларды ШЕ-ерітіндісімен қайтадан жер қабатына жібереді. Жер астынан келген
металды ионитті смолаға жабысады.
ДЕ-дайын ерітінді. ШЕ-шаймалау ерітінді.
Бұл процесс мына процестерден тұрады.
1) шаймалау
2) барабаннан сүзгіден өткізу тұнба қайнау CH2SH4 Ca (ОН)
РШ-3 болған жағдайда отырғызу
Сүзгі Сүзгі - Fe(OH)3 тұнба
NH4 OH аммиакты отырғызу
Флотация
РН-8 болған жағдайда FeS4
Қалдық
Сүзгі H2SH4
Диуранат аммони
Қыздыру
Уранды алу осы жолдардан өту арқылы алынады.
Шаймалау әдісінде уранды еріту үшін күкірт қышқылы қолданады. Күкірт
қышқылы басқа қышқылға қарағанда арзандау.
Шахталық методқа қарағанда шаймалау әдісі қоршаған ортаға аса зиян
келтірмейді. Дайын өнімі уранның таблетка болып халық шаруашылығында
пайдаланады.
Таблетка өндіретін зауыттар, Степногоскіде, Үлбі зауыты. Таукенттегі
порошок күйінде өндіріліп, Степногорскідеге түйіршіктеуге жіберіледі.
Бұл өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың айлық табысы 40-50 мың
аралығында. Сонымен бірге олардың денсаулығы техника және еңбек
қауіпсіздігін сақтау үшін бар шаралар қарастырған.
2.1 Атом өнеркәсібінде жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің қауіпсіздік
шаралары мен тәртіптері
1. Мекеме туралы және өндірістін ерекшеліктері туралы мәліметте
Мекемеде өндіріс жұмыстары уран кені шығатын жерлерде орналасқан
полигон түрінде, жер астында сілтілендіру тәсілімен, өнім қабатына
орналастырылған ұңғылар (скважина) системасынан тұратын және өнімдік
қоспаларды өңдейтін қондырғылар арқылы жүргізіледі.
1. Еңбекті қорғау заңдарынын негізгі ережелері.
Мекеменің әкімшілігі мекемедегі бөлімдерде өнімі еңбек жағдайларын
бақылап, тексеріп тұрады, еңбек жағдайларының санитарлық нормаларға сәйкес
болуына тиісті шаралар қолданады;
– Жұмысшыларды арнаулы жұмыс киімдерімен, арнаулы аяқ киіммен, жеке
қорғаныш заттармен нормаға сәйкес қамтамассыз етіп отырада.
– Арнаулы жұмыс киімдерін, арнаулы аяқ киімін, жеке қорғаныш заттарын
уақытылы жуып, шаңнан тазартып, дезактивация жасап, жамап-жөндеп тұрады;
– Жиі-жиі өндіріс орындарын, санитарлық-қорғаныш зоналарын, тұрғын
жайларын дозиметірлік тексеруден өткізіп тұрады;Квартал сайын еңбек
колективін қоршаған ортаның жағдайы туралы хабардар етіп тұрады.
– Жыл сайын зиянды әсері бар жұмыстардағы жұмысшыларды дәрігерлік
тексеруден өткізіп тұрады.
Негізгі жеңілдіктер мен компинсациялар жыл сайын қабылданатын еңбек
шарттарында, ал еңбекті қорғау жаңадан енгізген Еңбекті қорғау
басқарымының системасынаң сай жүргізіледі.Техника қауіпсіздігінің жағдайы
және еңбекті қорғауды бақылау жұмыстары мекемнің ведомствалық тексерумен
жүргізіледі.
3. Еңбекшілердің жалпы тәртібінің ережелері.
Мекемеге жұмысқа алдын ала дәрігерлік тексеруден өткен, техника
қауіпсіздігі және өрт қауіпісіздігі туралы нұсқаулармен танысқан адам
қабылданады.
Мекемеге қарасты территорида жұмысқа түскен кезде:
– арнаулы жұмыс киімін, бас киімді, аяқ киімді киіп, жеңін аузын мықтап
бекітіп, жеке қорғаныш заттарының жарамдылығын, түгел екенін тексеруі
керек.
– тапсырма алып, оны роындауға кірісу керек, жұмыс орындағанда жүріп-
тұратын жолдармен танысып, өрт, авария болған жағдайда қай жерден
адамдарды эвакуация жасайтынын біліп алу керек.
– тапсырыс алған жұмысқа қатысы болмаса босқа басқа цехтарда, бөлімдерде
жүруге болмайды.Темекіні тек арнаулы орындарда ғана шегуге рұқсат
етіледі.
– өндіріс орындарында және тұрмыстық жағдайларда тазалық болу керек,
өндіріс жағдайларында суды тек ағып тұрған фонтанчиктерден немесе арнаулы
құйылған ыдыстардан, санитарлық нормаларға сәйкес келетін, ыдыстан ішу
керек.
4. Негізгі қауіпті және қатерлі өндіріс факторлары
Негізгі факторларға мыналар жатады:
Электор тоғымен жарақат алу, химиялық күйік, шандылық, радиациялық
қатер.
Электор тоғымен жарақат алу үшін электр жабдықтарының жарамдылығын
уақытылы тексеру, оны жер арқылы заласыздандырылғаның, электор
қауіпсіздігінің ережелерін сақтау және жеке бас қорғаныш заттарың қолдану
керек.
Химиялық күйік алмас үшін жеке бас қорғаныш заттарың қолдану керек.
Табиғи жолмен ауа алмасуы мүмкін емес жайларда арнаулы ауа алмастырғыш
желдеткіштер орналастырылады.
5. Өндіріс санитариясы мен жеке гигиенаның негізгі талаптары.
Жұмыс орны таза болу керек, жылы болу керек, ауасы санитарлық нормаға
сәйкес боу керек. Тамақ ішер алдында қолды сабындап жуу керек, ал соңында
душ қабылдау керек.
6. Жеке бас қорғаныш заттары.
Жеке бас қорғаныш заттарына мыналар жатады:
- арнаулы киімдер, аяқ киімдер, тыныс жолдарын изоляция жасайтын заттар,
фильтірлер, көзілдірік, маска, каска, қолғап, есту оргының сақтайтың
заттар. ЖКЗ заңда қаралған нормаларға сәйкес беріледі.
7. Бақытсыз жағдайларды тексеру тәртібі.
Егер жұмысшы 1 күн жұмысқа қабілетін жоғалтса, онда ол бақытсыз жағдай
деп саналып, арнайы тексеруге жатады Бақытсыз жағдайларды тексеруге және
есепке алу ережесінең сай есепке алынады.
8. Өрт қауіпсіздігі.
Барлық жұмысшылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек. Өрт болған
жағдайда өз бетінше өрт сөндіретін құралдарды пайдаланып, шара қолдану
керек, білім бастығына хабарлап, қажет болса өрт сөндіргіш машинаны шақырту
керек.
9. Жарақаттанушыларға алғашқы дәрігерлік көмек.
Жарақаттанушыларға алғашқы дәрігерлік көмек мекемеде бекітілген
терапевтпен келісілген ережеге сай көрсетіледі. Бөлмеде бақытсыз жағдай
болған кезде, жарақаттанушыны жарақаттанған фактордан арылтып, оған
дәрігерлік көмек көрсетуге кірісу керек, болған жайды мастерге хабарлау
керек, қажет болса жедел жәрдем шақыру керек, болған жайды егер ол одан
әрмен бақытсыздыққа әкелмесе, қауіпті болмаса сол қалыпында сақтау керек.
10. Техника қауіпсіздігін бұзғандағы жауапкершілік.
Техника қауіпсіздігі ережелерін бұзған кінәлі адам, одан келген
залаланған байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында қаралған
жауапкершіліктерге тартылады.
ЖҰМЫСТЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН МАСТЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Кіріспе бөлімі
1. Осы негізгі ереже механикалық аспаптарды қолданып, монтаждау және
жөндеу жұыстарын атқару жөніндегі қауіпсіздік техникасынің түпкі
талаптарынан тұрады.
2. Әрбір оператор осы ережені сақтай отырып, оны орындауға тиіс.
3. Берілген ережедегі талаптарды бұзған кінәлі адам, әкімшілік және
қылмыстық жауапкершіліктерге тартылады.
4. Өндіріс тереториясында тек қана бас қорғау киімімен жүру керек.
Автокөлік ішінде немесе өндірістен тыс ғимараттар (ӘТҒ) бас қорғау
киімінсіз жүруге болмайды.
1. Негізгі ережелер
1. Жұмысқа ГТА операторы ретінде қабылданатын адамдар ГОСТ 12.0.004-ке
сәйкес дәрігерлік тексеруден, еңбек қауіпсіздік ережесін оқып, еңбек
қорғау ережелері бойынша білімін тексеруден өту керек, жасы 18-ден кем
болмауы қажет.
2. Еңбек қорғау ережелері жарты жылда 1 рет қайталанады, жыл сайын еңбек
қорғау ережесі бойынша білім тексеруден өту керек.
3. ГТА операторы ішкі еңбек тәртібінің ережесін орындауға міндетті.
4. Осы мамандық бойынша қауіпті факторларға мыналар жатады:
таза күкірт қышқылы;
технологиялық ерітінділер;
оттегі;
5. ГТА операторы білуге міндетті:
полигонның технологиялық сызбасын;
негізгі ереже;
бақытсыз жағдайдағы алғашқы көмек жөніндегі ереже;
арнайы рұқсат құжаты берілгенде орындалатын аса қауіпті жұмыстардың
тізімің;
өрт қауіпсіздігі жөніндегі ереже;
өндіріс аймақтарындағы қалдықтарды жинау және шеттету, көму жөніндегі
ереже;
апат болған жағдайдағы жоба;
6. Бақытсыз жағдайда тез арада медпунктке және жұмыс басшысына хабар беру
қажет.
ГТА операторы, дәрігер келгенге дейін тазалық ережесін сақтай отырып,
№1-02 ереже бойынша алғашқы көмек көрсетуге тиіс.
7. Тапсырма түсінікті болған жағдайда жұмысқа кірісуге болады. Егер
тапсырма түсініксіз болса, басшыдан қосымша түсінік алу қажет.
8. Тек басшы тапсырған жұмысты орындау керек.
9. Қозғалмалы транспорт жүргізушінің берген дабылына, және жүк көтергіш
механизмдер жұмыс істеп тұрғанда ыждағатты болу керек.
10. Өндіріс аймағындағы бекітілген қозғалмалы бағдарлар сақталуға тиіс.
11. Өндірісте биіктікте жұмыс жүріп жатқан кезде, ол жерден айналып өту
қажет.
12. Электірмен дәнекерлеу жұмыстары жасалып жатқанда көздің мөлдір
қабығының күймеуі үшін электір доғаға қарауға болмайды.
13. Газбен дәнекерлеу орынында, ацетилен генераторында, балонды қысылған
газ болғанда, жеңіл тұтанатын сұйықтардың жанында темекі шегуге немесе
от жағуға болмайды.
14. Оттегі балоны жақын маңда болғанда, жарылыс болдырмау үшін, оған май
тигізбеу керек немесе майдағы бар киімімен жақындауға болмайды.
15. Тапсырма берілмеген жағдайда машина және механизмдерді қосуға немесе
өшіркге (тек апат жағдайында болмаса) тыйым салынады.
16. Қоршаған технологиялық және электр жабдықтарын арнайы рұқсатсыз
пайдалануға болмайды.
17. Жарық арматурасына, үзілген және жалаңаштанған сымдарға немесе ток
өткізетін нәрселерге жақындауға болмайды.
18. Электр жабдықтары бұзылған жағдайда оларды өз бетінше жөндеуге тыйым
салынады.
19. Аса қауіпті жұмыс наряд ( арнайы рұқсат құжат) берілгенде ғана
орындалады. Аса қауіпті жұмыстарға төмендегілер жатады:
қоршаусыз, биіктігі 1.3 метрден асқанда;
жерден тереңдігі 2 метрден төмен;
жерасты жұмыстарын жүргізу кезінде, коммуникациялық,
электр энергиясы, байланыс, жылу, су құбырларын т.б
орнатқанда;
ыстық битуммен немесе шайырмен жұмыс істеу;
жүк көтергіш машиналардың техникалық тексеру
жұмыстары;
арнайы ыдыстарды және құбырларды тексеру жұмыстары;
өндіріс ғимараттың төбесін жабу ( төбе жабу жұмыстары);
құдық тұндырғыш және арнайы ыдыс ішіндегі жұмыстар;
қойытылған қышқыл мен сілті болған құбырларды,
жабдықтарды жөндеу;
20. Бақытсыз жағдайда тез арада медпунктке және жұмыс басшысына хабарлау
қажет.
2. Жұмысты бастау алдындағы қауіпсіздік талаптары.
3.1 Арнаулы жұмыс киімін кию, қорғану амалдардың түгелдігін қадағалау және
олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру керек.
3.2 Тәжірибе алу ыдыстарының және құрал- жабдықтарының жараидылығына көз
жеткізу керек.
3.3 Саймандардың, құралдардың ақаулығы табылғанда немесе жұмыс киімінің
және арнаулы қорғану амалдарының жарамсыздығы байқалғанда, оларды тез арада
ауыстыру қажет.
3.4 ГТА операторлары үшін ауыспалы жұмыс тәртібі тағайындалған. Ауысуды
қабылдаған кезде оператор өткен ауысымдағы, жарлықтармен байланыстардағы
өзгерістермен және жұмыс регламентін өзгерістермен танысуға міндетт, сондай-
ақ ауысымды қабылдап алғаны жөнінде қол қоюы керек.
3. Жұмыс уақытындағы қауіпсіздік талаптары.
4.1 Жұмыс істеп тұрған ұңғыдан және құбырлардан сынамаларды алар кезде,
денеге немесе көзге, ерітінді шашырамас үшін қорғаныш көзілдірігін, резеңке
қолғап кию қажет.
4.2 Сынамаларды алар ыдыстар бүтін және сызатсыз болып, ыдыс шеті қолды
кесіп кетуден сақтауы қажет. Сынамалар құйылған ыдыстарда тек қана арнайы
жәшіктің ішінде сақтауға болады.
4.3 Құм қайырдың тұнбасының көлемін өлшер кезде тек қана түзу рейкамен
өлшеп, көпірден тұтқадан ұстап асықпай жүру керек.
4.4 Полигонды түнгі байқау кезінде, өзімен бірге шамды алып жүру қажет.
Қазылған орға 1-м-дей арақашықтықта жақындамау керек.
4.5 Құбырлардан қышқыл ерітіндісі төгілген апат жағдайында, ауысым
бастығына тез арада хабарлау қажет. Сонымен бірге оны тез арада тоқтату
шараларын қарастыру қажет. Қыщқыл ерітіндісі төгілген жерді сілтімен
залалсыздандыру қажет және ол жерді қоршап, ескерту белгісін қою қажет.
4.6 Қышқыл құбырдағы жапқыштармен вентильмен жұмыс істер кезде арнайы жұмыс
киіміне қосымша резеңке алжпқыш, жеңғап, резеңке қолғап шынылы қалқандарды
пайдалану қажет.
4.7 Ауа құбырындағы вентильді ашар кезде қорғаныш көзілдірігін кию қажет.
4.8 Жұмыс істеу барысында электр қондырғыларға, электр таратқыш қалқандарға
жалпы электр жарығы арматурасына, электр өткізгіштерге немесе басқа ток
өткізгіш бөлшектерге жұғысуға, электр тартқыш шкафтардың есіктерін ашуға,
ток өткізгіш қондырғыларды сақтайтын қоршалған қорғаныстарды алып тастауға
рұқсат етілмейді.
4.9 Өлшегіш аспаптар, қысыммен істеп тұрған құбырлар, сораптар, ұңғы шаятын
гидравликалық қондырғылар жұмыс істеп тұрған кезде оларды бөлшектеуге тыйым
салынады.
4.10 Қандайда бір электр жабдықтарының ақауын байқаған кезде міндетті түрде
ауысым бастығына немесе бөлім басшысына хабарлау қажет. Оларды өз бетінше
жөндеуге тыйым салынады.
4.11 Анықтау ұңғысынан алар кезде пленкалы алжапқыш, жеңғап, қорғаныс
көзілдірігін кию қажет.
4.12 Газбен дәнекерлеу кезінде полиэтилен шлангісінің жарылуын, олардың
ауыстырылып түсуін, қиылысуын мұқият қарау қажет.
4.13 Жарылып тұрған шлангіге ауа жіберуге тыйым салынады.
4.14 Арнайы жұмыс киімімен, орынында, автобустарда жүруге тыйым салынады.
Жөндеу жұмыстары және техника қызметкерлері арнайы киімін киім қабылдағыш
орында қалдыру қажет.
15. Газ тәрізді оттегімен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік талаптары.
4.15.1 Оттегі құбырларын жөндеу жұмыстары кезінде соған жауапты басшы,
жұмыстың ақаусыз істелуіне қамтамассыз ету керек.
4.15.2 Кері екпін кесірінен жел жанғанда ауысым бастығына хабарлау қажет.
4.15.3 Жаңадан аспаптарды, құбырлардың бөлшектерін, кислород құбырларын
орнатар алдында 4-хлордық көміртегімен майсыздандыру қажет.
4.15.4 Апат жағдайында оттегі жабдықтарын жөндеу кезінде, жұмысшылар май
дақсыз киіммен қамтамассыз етілуі керек.
4.15.5 Оттегі сіңген киім жанған жағдайда жапа шеккен адамды су толы ыдысқа
батырып, немесе үстіне су құю қажет, одан кейін жанған киімді шешу керек.
4.15.6 Оттегі жиналған жерге 1-метрдей арақашықтықта темекі шегуге немесе
от жағуға болмайды.
4.15.7 Оттегі мол болған жерде өрт болған жағдайда оны сөндіру үшін су,
көбік, ұнтақты және көміртотықты өрт сөндіргіштерді қолдану қажет.
4.15.8 Пайдаланатын арнайы жұмыс киімдерде, және аспаптарда май дақтары
болмауы керек.
9. Оттегі құбыры көгілдір түске боялуы керек және ОТТЕГІ МАЙ ҚАУІПТІҢ
ескерту жазу белгісі болу қажет.
Құбырларды жерленген тұйықтағыш нүктесіне жалғай отырып, фланцияға ( бір-
біріне жалғанатын құрылғы) ток өткізгенде, оларды жерлендіру,
қауіпсіздендіру керек. Өтетін оттегі кедергісі 0,03 Ом-нан аспауы қажет.
9. Оттегіде ақау болмау керек.
10. Қысымды өлшейтін монометр тек ғана оттегіні өлшеуге арналған.
11. Оттегі құбырларын пайдалану жүйесінің арматурасы шойыннан немесе
болаттан, сондай-ақ золотник және седлоның жоғары тығыздағышы, түсті
металдан (қола,жез) пайдалануға жіберіледі. Оттегі құбырларға арматура
орнаттарда, Ол бөлшектелген және майдан таза болу қажет. Набивканың
(тығыздағыштың) төсемін және сальнигін (бір-бірінін ортасына қойылатын
резина) ауыстыру қажет. Сальниктік тығыздағыш прографияландырылған
астбесттен (күйдірілмейтін жіп) дайындалады. Астбест
прографияландырудың алдында 300С 5 минуттай қыздырылу қажет.
12. Оттегі құбырлары үшін фланецтін үсті тығыздалған болу керек, алтын ала
майсыздаған ШИП-ПАЗң маркасы төсемімен фибра маркасы ФПК, фторопласт-
4, поронитті тығыздығы 4 мм болу қажет.
13. Оттегі құбыры арматурасының жыл сайын тығыздығы тексеріледі, ал оттегі
құбырының гидравликалық тығыздығы 3 жылда біррет тексеріледі. Сондай-
ақ гидравликалық беріктігі және тығыздығы әр жөндеу сайын немесе басқа
бөлшектерді ауыстыру кезінде тексеріледі.
14. Құбырларды жөндер кезде желілерді өшіру керек, жөндейтін жерге бітеу
қою қажет, құрамында 2.5 % оттегі бар азотпен үрлеу қажет. Үрлеп
біткеннен кейін көлемі 3-4 есе азотты жіберу керек.
15. Құбырдағы ойма біріктірулерінің тығыздануы тазартылған суға араласқан
қорғаныс глетті қолдану қажет.
16. Арнайы жұмыс киімдер, аспаптарды сүртетін маталар таза, майсыз болу
қажет.
17. Оттегіден тазаланылмаған метал құбырларда ұшқын пайда болмас үшін
арамен немесе басқа аспаптармен кесуге- ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
18. Вентильді ашып-жабуда баяулық керек. Бірден қатты ашуға болмайды.
19. Газ құбырларын және арматураны жөндеуге, сондай-ақ құбырларының
фланциялық қоспалардың болаттарын қатайтуға үлкен қысым болғанда- тиым
салынады.
20. Құбыр қоспаларының тығыздығын тексерер кезде тек қана сабындау керек.
21. Құбырларды оттегімен толтырарда, біріншіден көлемі 4азотпен үрлеп,
содан кейін көлемі 3 есе оттегімен үрлеу қажет. Үрленген оттегі
адамдардан қауіпсіз жерде сақталуы қажет.
22. Құбырлардағы ақауды тексеруде бір адам болу керек, ал екінші адам
қауіпсіз жерде бақылау қажет.
23. Мұз басқан оттегі құбыры тек қана ыстық бумен немесе ыстық сумен
жылытылуы қажет. Ашық отпен қыздыруға және электрмен қыздыруға- ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
24. Оттегі құбырларын, газ бөлшектеу орындарын, арматураны т.б тексерерде
жылжымалы электр шамы қолданылады. Сондай-ақ оның герметикалық
корпусының кернеуі 12 вольттан аспау керек, немесе жарылу
қауіпсіздігінен сақтау үшін аккумуляторлық шам қолдану қажет.
4.16 Күкірт қышқылымен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы.
1. Күкірт қышқылы тазаланылған күйінде және араласқан күйінде тері
қабаттарын өте қатты күйдіреді. Тері қабаттарына қатты әсер
еткенде өлім қаупіне соқтырады. Қышықлдың тамуы көздің мөлдір
қабығына өте қауіпті. Қышқылдың буы SO SO тісті бұзады, үстінгі
тыныс жолдарына зиян келтіріп, мұрын ішіне зақым келтіреді, жөтел
пайда болады, дем алу ауырлай түседі, көзіңді ашытады.
2. Қышқылды кез келген адамның қолына беруге тыйым салынады. Өндіріс
қажеті үшін жазба түрде ГТА-нін және зауыт бастығы қышқылды алуға
рұқсат бере алады.
3. Сыйымдылықтан немесе құбырлардан қышқылдың төгілгенін немесе оның
аққанын көре салысымен ауысым бастығына хабарлап, маркасы “В”
противогазын киіп ( “М” маркасын қолдануға болады), қышқыл ағысты
тоқтату шараларын қолдану қажет. Қажет жағдайда апатты жою жоспары
бойынша (АЖЖ) шара қолдану керек.
4. Бекітіп тастайтын арматураның сальниктегі тығыздағышы арқылы
қышқылды ағуына жол бермеу керек, тез арада жөндеу керек.
5. Сораптағы сальниктің тығыздағыштары арқылы қышқылдың ағуы болса
сальниктегі тығыздағыштарды қатайту керек.
6. Сораптардың тығыздауышынан немесе бекітетін арматурасынан тамшылап
аққан қышқылды тоқтату мүмкін болған жағдайда, жұмыстс жөндеп
біткенге дейін тоқтату қажет.
7. Жабдықтарды бекіту- арматураны және құбырларды жөндеумен
байланысты, ағу және басқа апаттарды жою жөнінде қышқыл
шаруашылығына байланысты жұмыстарды орындауға байланысты
жұмыстарды орындауға тек жазба түрінде арнайы рұқсат құжат
беріледі. Бұл жұмыс аса қауіпті жұмысқа жатады.
8. Автоцистернадан қышқыл құюшы жұмыскерлер арнайы түсіндіру алғандар
және тәжірибелі жұмыс берушінің бақылауында сынау мерзімін өткізу
қажет.
9. Қышқыл құюшы жұмыскер, жұмыс бастамай тұрып арнайы жұмыс киімін
қорғаныс қалқаншаны, резеңке қолғап, резеңке етік киюі қажет.
10. Сода ерітіндісінің (кем дегенде 5 литр) және апат душы болуына көз
жеткізу керек. Егер апат душы жұмыс істемесе немесе сода
ерітіндісі болмаса, қышқыл қабылдауға- ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
11. Автоцистернадан қышқыл құю үшін арнайы диаметрге сәкес келетін
қабылдау құбыры болуы қажет.
12. Қышқылды қабылдап жатқанда қабылдау құбырының астымен немесе
жанымен өтуге тыйым салынады.
13. Автоцистернаның ағызатын түтікті немесе қабылдағыш құбырларына
қиысқан жерлерін тығыздау үшін бөтен маталарды және заттарды
қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады.
14. Қышқыл қабылдарда қабылдау операциясы №008 нұсқау бойынша қатаң
орындауға тиіс.
15. Қышқылдың жерге төгілуіне жол бермеу керек. Апат жағдайында қышқыл
төгілгенде, оны тез арада бейтараптандыру, қышқыл үстіне сода
ерітіндісін құю керек, содан соң топырақтың беткі қабатын алып
тастап орнына жаңа топырақ себу керек.
16. Уландырғыш қалдықтарды жинау, шеттеу және көму жөніндегі
қауіпсіздік талаптары.
1. Сұйық уландырғыш қалдықтарды, жинау орларға, шұңқырларға,
құдықтарға, ұңғыға, даладағы сүзгілерге қоюға тыйым салынады.
2. Қатты уландырғыш қалдықтарды кәдімгі қоқырсықтардан бөлек жинау
және шеттету қажет.
3. БК “КАТКО”-дағы уландырғыш қалдықтарды және кәдімгі қоқырсықтар
арнайы контейнерға жиналады. Толған контейнерлер ПВ-5 кен орнвна
сақтауға апарылады.
4. Былғанған жабдықтарды және арнайы орындағы қалдықтарды жояр
алдында, оларды қышқыл қалдықтарынан тазарту керек. Тазаланбаған,
қышқылданбаған және қалдықтарды жоюға тыйым салынады.
5. Уландырғыш қалдықтардың көлемін азайту үшін, оларды тығыздау
(кесу, майдалау) қажет.
6. Қалдықтарды “КАТКО” (Мойынқұм) аймағынан алып кету үшін,
дозиметриялық бақылаудан өтіп, белгіленіп тіркелу қажет.
4. Апат жағдайындағы қауіпсіздік техникасы.
1. Пайдаланған құрал-жабдықтарда, аспаптарда ақау болған жағдайда,
жұмысты тоқтатып жұмыс басшысына хабар беру керек.
2. Әрбір жазым жағдайында жапа шеккен немесе оны көрген адамға жұмыс
басшысына хабар беру керек.
3. Жазым болғанды көрген адам жапа шеккен адамға “Бақытсыз жағдайда
жарақаттанушыға алғашқы көмек көрсету ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz