Халықтың Қанышы


Жоспар :
- Кіріспе : Халықтың Қанышы
2. Негізгі бөлім : Қ. И. Сәтбаевтың педагогикалық көзқарастары
а) Өмірі мен негізгі кезеңдері
ә) Тамаша геолог еді
б) Ұлының өшпес іздері
в) Қаныш ағаның педагогикалық еңбектері
г) Адамгершілік мұрасы
д) Аға арманы
3. Қорытынды : Қаныш ағадан қалған мұра мәңгілікке сақталмақ
ХАЛЫҚТЫҢ ҚАНЫШЫ
Біздің халкымыздың Ұлы Октябрь революциясынаи кейінгі тамаша тағдыры тудырған құбылыстардың бірі - еліміздін өндіргіш күштерін дамытып, өркендеуіне ықпал ететін совет ғылымының ғажап өкілдерінің өмірі мен қызметі. Коммунистік партия мен Совет өкіметі елімізде жаңа өмір орнатып, социализм кұрылысы өрістей бастаған жағдайда совет ғалымдары тәрбиеленіп, қайнаған өмірге белсене араласты. Олар дарқан дарыны, өзгеден озық тірлік-тынысы арқылы өз бойына заманының тәжірибесі мен жетістіктерінің ең құнды жақтарын жинақтады. Сондықтан да олардың өмірі де, ісі де, қызметі де қымбат қазына, маңызды мұра, сол мұраны бойына ілтипатпен сіңірген ұрпақ прогресске ұмтылу жолында жемісті нәтижелерге жетпек.
Аса көрнекті ғалым және қоғам қайраткері, СССР Ғылым академиясыныц және Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - совет заманы тудырған ғажап құбылыстардың бірі. Ол сирек талант, дарынды екендігімен коса жаңа дйуір жемісі, елімізде социализм орнату мақсат-мұраттары дүниеге әкелген совет ғылымының тамаша өкілі, интернационалист ғалым. Елімізде социалистік құрылыс өрістей бастаған кезде Қ. И. Сәтбаев енді кемеліне келе бастаған жігіт болатын. Содан бері ол туған елінің игілігіне мол қабілетін, зерделі зейінін, сергек санасы мен кайсар қайратын аямай ерен еңбек етті. Бойындағы кадір-касиетін, қажырлы қайрат-жігерін Отан үшін жұмсап, ұлан-асыр ғылыми және мемлекеттік кызметінің бар жемісін халық игілігіне арнаған, шарапатын көпке тигізе білген үлкен ғалымның өмір жолы, ерлік еңбегі - ғибрат, тағлым. "Ғалымның парасатты қызметі халқының көз алдында өтті, оның әрбір әсерлі қадамы замандастардың есінде қалды. Сондықтан академик, К. И. Сәтбаевтың ғажап өмірі, ғалымдық жолы тірі кезінде де өнеге еді. Енді оның дүние салғап уақыты алыстаған сайын халкының ардакты адал перзентінің өмір жолының мәні мен ғнбраттылығы, ұрпақ үшін кажеттілігі бұрынғыдан да ұлғал, биіктей түскен тәрізді.
Академик Қ. И. Сәтбаевқа арналған бұл жинақ онымен араласып, жақын жүріп қызметтес болған ғалымдардың, ғылыми мұрасын зерттегендердің, жазушылардың, журналистердін, жүзбе-жүз кездесіп әсер алған адамдардың естеліктерінен құралды. Жиналғап материалдардың ішінеи сұрыпталып, екшеліп алынғандары - академик Қ. И. Сәтбаевтың ғылым мен қоғамдағы сан - алуан еңбектерінің кейбір қырын едәуір ашатын құнды естеліктер.
Академик К. И. Сәтбаевтың бүкіл өмірі совет ғылымының тарихымен, туған республикамыз дамуымен. Қазақ ССР Ғылым академиясымен тығыз байланысты. Сондықтан да жинақта келтірілген материалдар, есте қаларлық кездесулер, ғалымның өмірбаяны мен ғылымдық ұйымдастырушының қызметіне қатысты пікір-тұжырымдар совет ғылымының, Қазақстанның тарихын зерттеу үшін қажетті. құнды материалдар болып саналады.
Ғылымның әр саласындағы мамандардың академик К. ИI. Сәтбаев туралы жазғандарының енді бір құнды қыры сол - оларда ғалымның өмірі мен қызметі туралы пікір-тұжырымдар мен өмір-баяндық кейбір қызық фактілерден басқа Қ. И. Сәтбаевтың еліміз дамуының жолдары мен ерекшеліктері туралы, сан алуан проблемалар туралы бұрын беймағлұм болып келген, баспасөзде жарияланбаған толғам-түйіндері, ой толқындары келтіріледі. Мұның өзі ғалым мұрасын, жазба еңбектерін молайта, қорландыра, жүйелей түсері хақ. Академик Қ. И. Сәтбаевтың ұланғайыр мол мұрасы енді ғылыми жүйеде терең зерттеле бастады, оған ғылымның әр саласындағы мамандар білгірлікпен, жанашырлықпеп катынасуы кажет.
Партиямыз бен үкіметіміздің кең байтақ қазақ жерінің таусылмас казына қоймасын туған Отанның игілігіне жарату міндет-мақсаттарын іс жүзіне асыруда, ғылым мен практиканы үйлесімді жүргізуде Қ. И. Сәтбаев аянбай еңбектенді. Ал бұл еңбек озық совет ғылымының бай тәжірибесіне сүйену қажеттігін туғызды. Қ. И. Сәтбаев еліміздің ең көрнекті геолог, металлург, геофизик, геохимик, географ, астрофизик ғалымдарымен, тағы да баска салалардағы мамандармен мәжілістес, пікірлес, жылы карым-қатынаста болды.
Аса көрнекті совет геологы және географы, академик, Социалистік Еңбек Ері, Лениндік және Мемлекеттік (екі мәрте) сыйлықтын лауреаты Владимир Афанасьевич Обручевпен Қаныш Имантайұлы сонау Томскіде студент болып жүрген кезінен таныс болған, лекцияларын тыңдаған, В. А. Обручев Томскіде профессор болып қызмет істегенде үғымтал, зерек, ақылды, жігерлі студентіне назар аударған. Профессордан жас айырмашылығы көп (30 жыл) бола тұрса да, сол кездерде басталған жылы карым-қатынастар, кейін, СССР Ғылым академиясының академиктері ретінде катар еңбек еткенде нығая түсті. Ұстаз бен шәкірт арасындағы адам қызығар ғажап үйлесімдіктер мен қарым-қатынастар ғылым кажеттеріне калай ықпал, әсер еткенін академик В. А. Обручевтің академик Қ. И. Сәтбаев туралы жазған «Мен үшін ол - зор мақтаныш» деп атаған тамаша естелігінен көруге болады. Мұндай естелік - ғылыми-танымдық және тәрбиелік маңызға ие.
Советтік ғылымның интернационалдық сипаттарының біп тармағы, бір кыры-Одақтас республикаларда ғылым саласының мейлінше өркендеуі, ғылым ордасы - академиялар, филиалдар, ғылыми зерттеу орындары ашылуы. Қазақ ССР Ғылым академиясының басшысы, президент ретінде де, білгір маман ретінде де академик К. И. Сәтбаев одақтас республикаларда ғылым дамуына көмек керсетіп, үйлестіру жұмыстарын шебер іске асырып отырғаны белгілі. Осы бір курделі саладағы академик Қ. И. Сәтбаевтың енбегінің кейбір қырлары, мысалы, осы жинақтағы СССР Ғылым академиясының корреспондент мүшелері Мұхамед Сайфитдинович Асимовтың, Сагид Рауфович Рафиковтың, СССР Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі Иса Кунаевич Ахунбаев сол сияқты бірнеше ғылыми қызметкерлер мен журналистердің естеліктерінде, очерктерінде көрініс тапқан.
Жинактың жартысынан көбі дерлік республикамыздың көрнекті ғалымдары, жазушылары, қоғам қайраткерлері, ғылымның әр саласындағы мамандар, практиктер жазған естеліктер. Олардың басым көпшілігі осындай жинаққа кезінде арнайы жазылуымен де академик К. И. Сәтбаевтың ғалымдық бейнесін, тұтас алып тұлғасының кейбір жекелеген кырларын танып, білуге дәнекерлесетіндігімен де қымбат. Академик К. И. Сәтбаевпен заманда болып, көп жыл бойы қызметтес қатар жүріп, іштей түсінісіп, бірін-бірі кадірлеп, бірегей мақсатта жан аямай енбек еткен аяу-лы азаматтар: Ә. Бектүров, М. Әуезов, Ә. Марғүлан, М. Русаков, М. Галузо, А. Жұбанов, С. Мұқанов, М. Горяев, С. Вәйшев, Ө. Байқоныров жазған естеліктер, макалалар аса кұнды.
Жинаққа Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылымның әр саласындағы мамандар дайындауға ерекше көңіл бөлгендігін, ағалық қамқорлығы мен мейірімін, адамдармен қарым-қатынаста, сәйлескенде, істің байыбына барғанда аса бір адамгершілік жылылығын, карапанымдылығын ашуға дәнекерлесетін естеліктер енгізілді.
Жалпы, бұл жинақ мазмұны жағынан жан-жақты матерналдарға бай. Олардың біразы бұрын баспасөз бетінде, көбіне, орыс тілінде жарияланғанмен қазақ тіліне алғаш аударылды. Көптеген материалдар тыннан қосылып, оқушылар назарына тұңғыш ұсынылып отыр. Академик Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 90 жыл толу қарсаңында жеке кітап болып, қазақ тілінде алғаш рет ұсынылып отырған бұл жинақ ұлы ғалымның тамаша өмірі мен ұланғайыр қызметі туралы жан-жақты мағлүмат беретін, оның өшпес жарқын бейнесін өрнектейтін, болашақпен ұштастыратын құнды еңбек екені аян.
Осы тақырыптың өзектілігі : ғалымның педагогика саласына қосқан еңбектері мен көзқарастары мәңгілікке сақталмақ екенін және оның жазған кітаптарында өзінің қолтаңбасы бар, онда өзінің ұзақ жылғы еңбегі бар екенін, сайып келгенде, академиктің кітапханасы білім мен ғылымға құштар жандардың сусындап отыратын сарқылмас бұлағы екенін айғақ. Қаныш ағаның өмірі мен жасаған еңбектері, жазған шығармалары және басқа да өзекті материалдар Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ғылым академиясында, сонымен қатар біздің университетімізде де мол мұралар сақталған.
Ал, тақырыптың мақсатына келетін болсақ, көзі тірісінде екі жүзден астам ғылыми еңбек жазған ұлы ғалымның кітап қоры табиғат пен қоғамтану ғылымының барлық саласын қамтиды. Міне, мақсат , ғалымның осы еңбектерін оқып-үйретумен қатар, мәдениет пен өнер салаларында ғылыми ізденістер жасауды, сонымен қатар этнографиялық зерттеулер жүргізуді оқытып-үйрету болып табылады.
Мақсаттардың ішінде мынадай міндеттерді бөліп қарастырамыз, яғни:
- Педагогика саласындағы шығармалары арқылы Қ. И. Сәтбаевты ұлы педагог ретінде таныту;
- Қаныш ағаның педагокикалық еңбектерінің негізінде қазіргі ұрпаққа білім беру жүйесін қалыптастыру;
- Қаныш Имантайұлының педагогикалық көзқарастары басқа ұлы педагогтардың көзқарастарынан кем еместігін ұғындыру;
ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
1899, 12 апрель (ескіше 31 март) - Ақкелін болысынын. 4-аулында (осы күнгі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) туған.
1909-1911 - ауылдық орыс-қазақ мектебінің оқушысы.
1911 - 1914 - Павлодар қаласындағы 2-кластық училищенің шәкір-
ті.
1914-1918 - Семейдегі оқытушылар семинариясының студенті.
1918-1919 - Семейдегі мұғалімдер курсының оқытушысы.
1920-1921 - Баянауыл ауданы, 10-учаскенің халық соты.
1921 - 1926 - Сібір технология (Томск) институтының кен факультетінің студенті
1926 - Атбасцветмет тресі және Қарсақбай мыс қорыту комбинатының геологиялық барлау қызметінің жетекшімі.
1940 - Жезқазған-Ұлытау аймағының кен байлығын іздеу жолындағы үздік еңбегі үшін Қазақ ССР-ының 20-жылдығы қарсаңында Ленин орденімен наградталды.
1941-1964 - Қазақ ССР Ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтыныц директоры.
1941 - СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалының президиум председателінің орынбасары, 1943 жылдан председателі
1942 - Бүкілодақтық аттестация комиссиясының шешімі бойынша, геология-минералогия ғылымдарының докторы атағы беріледі. «Жезқазған ауданындағы кен орындары» еңбегі үшін СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
1942-1945 - СССР Ғылым академиясының Орал, Батыс Сібір, Қиыр Шығыс және Қазақстанның шикізат қорын Отан қорғау мүддесіне жұмылдыру жөніндегі комиссияның мүшесі.
1943 - СССР Ғылым академиясына корреспондент-мүше болып сайланады.
1944 ВКП(б) мүшелігіне қабылданды.
«Қазақ ССР-ының ғылымына еңбегі сіңген қайрат-кер» атағы берілді.
1945 - СССР Ғылым академиясының 220-жылдық мерекесіне байланысты Ленин орденімен екінші мәрте наградталады. Тыл өндірістерін майдан қажетіне жұмылдырған еңбегі үшін екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені мен наградталған.
1946 - Қазақ ССР Ғылым академиясына академик және президент болып сайланады. СССР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. СССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланады.
1947 - Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланады. СССР парламент делегациясы құрамында Англияда болды.
1947-1964 - СССР Министрлер Советінің Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар комитетінің президиум мүшесі.
- Қазақстаи ҚП(б) Орталық Комитетінің мүшесі.
- «Геология профессоры» атағы беріледі.
СССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланады.
1951 - Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланған.
Тәжік ССР Ғылым академиясының қүрметті мүшесі.
1952 Қазақ ССР Ғылым академиясының президент! және
президиум мүшесі міндетінен босайды.
1952-1958 - «Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам карталарын жасау» жүмысының жетекшісі.
1955 - Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланады.
1955-1964 - Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті.
1956 - ҚПСС-тің XX съезінің делегаты.
Қазақстан Қомпартиясы Орталық Комитетінің мүшесі.
1957 - Тыңды игеруге Қазақстан ғылымын жұмылдырған еңбегі үшін Ленин орденімен үшінші рет наградталады.
1957-1964 - Совет Одағы геологтары Ұлттық комитеті бюросы председателінің орынбасары. Дүниежүзілік металлогения картасын жасау жөніндегі Совет комиссиясының мүшесі.
1958 - Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам карталарын жасағаны үшін Лениндік сыйлыққа ие болды.
СССР Жоғарғы Советіне депутат боп сайланды.
1959 - КПСС - тің ХХІ съезінің делегаты және негізгі баяндама бойынша жарыссөзге катысады.
1960 - Казахстан Компартиясы Орталык Комитетінің мүшесі.
1961 - КПСС - тің XXII съезінін делегаты.
1961-1964 - СССР ғылым академиясы президиумының геология-география бөлімшесінің бюро мүшесі.
1962 - СССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланған, Одақ Советі председателінің орынбасары.
1964 - Москвада қайтыс болды. 3 февральда Алматыда жерленген.
ТАМАША ГЕОЛОГ ЕДІ
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еліміздегі тамаша геологтардың санатына енеді. Геология саласындағы аса көрнекті ғалымдардың бірі болып табылады. Ол геологиялық теорияның дамуына орасан зор үлес қосты және оның зерттеулері еліміздін бай табиғат қорларын, атап айтқанда, Қазақстанның мол табиғат қорларын ашуға көмектесті. Ол ұзақ уақыт бойына Қазақ республикасы Ғылым академиясының президенті болып істеді және онда ірі ғылыми орталық кұрды. Ғылымның көптеген салаларын дамытуға жәрдемдесті. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев біздің еліміздегі барлық ғылымды ұйымдастыруды дамытуда үлкен роль атқарды. Ол көп жылдар бойына СССР академиясы президиумының мүшесі болды. Оған өмірге деген, Отанымыздың күш-қуатына деген, идеяларымыздың. әділдігіне, ком-мунизмнің жеңіп шығатындығына деген терең сенім тән болатын.
Қай халық болса да өз ортасынан ғалым өсірген дәрежеге жеткенде, жалпы мәдениет тарихына өзінің елдігі мен өсуі туралы тың жаңалық мәлім еткен халық болады.
Қазақ тарихында қазақ ғалымдарының шыққандығы - тарихтық үлкен нышанның бірі. Барлық елдер сияқты, қазақ халқы да бұрынғы еткен дәуірінен өзінің елдігін қадірлейтін әр алуан асыл азаматын атап алады. Сол қатарда, ақын Абай, Жамбыл сияқты ел мақтаны болған азаматтарын айтады. Халық қамқоры, ер қайраткері Аманкелдіні айта алады. Орыс мәдениетінің қазақ сахарасына берген алғашқы жас балдырған жемісі - Шоқандай оқымыстыны, Ыбырайдай үлгілі еңбек иесі, білім, тәрбие қайраткерлерін айта алады.
Елдік қасиетті бойына жиған шешен-ділмар, ағыл-тегіл ақындар, бармағынан бал тамған күйшілер, әсем сазды әншілер болғанын ескі тарихымыз да баян етеді.
Советтік Қазақстанның бүгінгі енерлі жұртшылығы, бұрынғы мұралардың ең асылдарын, пайдаларын өзінің жарқын жолды социалистік мәдениетінің қорына қосып, бүгінгі керекке жаратады. Шын бағалы ар-дақтысын мақтан ете біледі.
Бірақ сол бұрынғы иелер жақсы деген қадірлі ұлдарының қатарында қазақ халқы бұрын атай алмайтын топтар болушы еді. Әрбір сапалы тарих пен саналы елдіктің үлкен сыны болатын бір топтан құралақан болатын. Ол - өзінен шыққан үлкен оқымыстыны қатарға қосу, қадір тұту жайы. Баяғыдан бергі өткен сансыз көп шел ғасырлар қазақтан оқымысты тұдыру түгіл, бастауыш оқу, шала сауаттың шамасынан да құр қалдырып, өгей етіп келді. Тек, Ұлы Октябрь берген, Лениндік ұлт саясаты жеткізген социалистік мәдениет, коммунистік жаңа тәрбие ғана халқымыздың тарихтарын өзгертті. Жетпегенін жеткізіп, тумағанын тудырды. Бұрынғы замандарда болмақ түгіл, болжауға батыл бармас жаңа болмыс келтірді. Бұл күнде Советтік Қазақстан саясаттық, әлеуметтік тірлікте, шаруашылық, өнер табыста, мәдениеттік жарыста қай өнерлі халықтардан да қалыспайтын боп, алдыңғы қатарға ілесті.
Ұлы орыс халқының туысқандық басшылығымен, қазақтың социалистік жаңа ұрпақтары сан биік тұрғылардың көп өмір саласындағы көрнекті шыңдарының басына самғады. Бабындағы қырандай шарықтап «Мені көр» дегендей танылып жатыр.
Данышпан Лениннің халықтар тарихына бас болған, бағыт айтқан ұлы пікірлерінің бірінде «қазақ си-яқты мәдениеттен бұрын кенже қалған, патшалық Рос-сияда теңсіздікте келген елдер, капиталистік даму дәу-іріне соқпай, социализмге төте етеді» деп еді.
Осы ойдың өмір, тарихта толық орындалғанын Қа-зақстан тірлігі сан саласының өзі-ақ көрсетеді. Қүм-шөлдерде туып, түрленген әлденеше қалалар, одақтык, дүниелік даңқы бар алып өндірістер, сансыз көп завод-тар, егін далалары, жоғары мектептер, үлкен өнерлі театрлар, гүлденген әдебиет, музыка - бәрі де зат байлығы мен интеллект байлығын танытатын айғақтарымыз. Бүгінгі Қазақстан картасына, кең көлеміне көз тастасаңыз, бірінен-бірі қызғылықты боп, шарықтап өсіп жатқан табыстарымыз көп мұнарадай бой жасап тұрады.
Осы табыстар қатарында, бүгінгі гүлденген Қазақстанда ең алдымен аталатын анық асыл айғақ - соңғы жылдар туған Ғылым академиясы. Тездігімен тарихтың өзін таңырқатқандай кереметтей табыстар арасында, совет адамының өзі бір төбе. Оның өзгеше, жиын атының өзі «қасиет» деп аталғандай. Бар табыстың иесі - совет адамы жана тарихтың жаңа бетін ашты.
Кеше, қырық жыл ғана шамасында, алғашкы балалық шақтағы көшпелі ауылда, оку-білімсіз, каранғы ата-ана қасында, мал соңында, бақташылар ортасында туып өскен бала, бұл күнде кім болып отыр? Сол бір адам, жеке адам (ұл болсын, кыз болсын) қазак халқының жана нәсілінің үлгілі өкілі. Осындап білімді адамның шықкандығы - бақытты дәуірдің ең кызық, қымбат айғағы болды. Қазактың советтік буындарының ең алдыңғы қатарында, жұртшылық мақтаны боп, толып өскен ғалым азаматтың ең алдыңғы сатында кадірлі орын алатын кісінің бірі - Қаныш Сәтбаев.
1926 жылдан санағанда, табандай 15 жыл бойында Жезқазған ауданының барлық кен байлығын зерттейік Тәжірибесі өсіп, мемлекеттік ұлы шаруаны ойдағыдай басқаратын өнерпаз болумен қатар, Каныш сол жыл-дардың өзінде де қазақ халқынан шыққан жас инженер геологтарды баулып, өсіре жүреді.
ҰЛЫНЫҢ ӨШПЕС ІЗДЕРІ
Үлкен талантпен қанаттанған талабының жемісі өз республикасына да және Ұлы Отан көлемінде де таныла бастайды. Кызықты еңбегі өркештеніп, Қаныш атын мол жұртшылыққа даңқтандырады.
Жік салмай, желісін үзбей, 15 жыл бойы оның зер салғаны бір мұрат еді. Сол ұзақ 15 жыл бойында бар еңбек, қайратын, барлық жиған білім құралын, бар өмірін бір ғана жөнге жұмсады. Жұмсады да жеңіп шықты, жетіп шықты.
Бұрынғы көшпелі ел жайлаған далада, Сарыарқада, тек киіз үйді ауылдар ғана мезгіл-мезгіл кезіп өтіп жүрген бір түкпірге зер салған. Сол жерден әлем білмеген байлық табамын деген еді.
Ол өлке туралы осыдан 2400 жыл бұрын грек тарихшысы Геродот бір сөз айтып кетіпті: «Арал тенізінің алқабында сақ, массагет деген елдер бар. Кола мен жездін молы соларда. Өз жерлерінен қазып алады» деген. XIII ғасырда соғып өткен бір кезбе: «Мұнда байлық жатыр» деп кетіпті. Сол үлкен ата-қонысты мекен еткен өзіміздің Бағаналы жер атын - Жезқазған қойыпты. Кай атасы қазғанын кім білсін!
Карсақбай, Жезқазғанды жалдамаға алып, өз меншігі еткен шетел байлары 1916-1917 жылдарда, жездің молдығын «пәлендей» деп, бір меже койған Жабыса жалмағаны жез еді. Бірақ алғаны аз, тапқаны тамтық екен. 1917 жылы өзі де кетті.
Сол Жезқазғанда 1926 жылы қызу жұмыс басталады. Сарыарқаның өз баласы, беті-жүзі келбетті, жас шырайда жарқыраған көркі бар, білім-сана нұры бар, жиырма жеті жасқа келген жігіт келді. Аз тобымен іске кірісті.
Еңсесін салған еңбекпен жыл өтті. Жігіт өсіп, жігіт ағасы бола бастады. Жым-жырт жатқан Жезқазған сол жаңа жылдардың ішінде қайта туа бастады. Жаңа жастық тапқандай. Оны көп жерде, көп жан білуге айналады. Бес жыл деген бір бел еді, ол өткен. Сол кезеңге келгенде, шетел байлары мен мамандары межелеген кен байлығы мұнда қалды. Жігіт еңбегі жеңіп келеді екен. Алдыңғылар айтқан мөлшерден отыз есе артық кен орын тауыпты. Тапқанын тығып жатқан жоқ, бар Одаққа даңқ етіп білдіре түсіп, іздеп жатты. Іздегенін ізерлеп, ғылымдық еңбек етіп жазып та жатты. Үздіксіз еңбек үстінде жігіт өсіп, ер-азамат болды. Тағы бес жыл кеткен еді. Енді, Жезқазған көп жұрт аузына ілінді, шетел мамандары тапқан межеден кеп мөлшерін алпыс есе асырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz