Қазақстан Республикасының ҚХР-мен қарым-қатынастарының даму барысы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.7
I ТАРАУ ҚХР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ
1.1 Қазақстан дамуының негіздері және Қытай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.27
1.2 Қытай Қазақстан қатынастарының құқықтық негізі ... ... ... ... ... ... 28.33
ІІ ТАРАУ. ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ САУДА БАЙЛАНЫСТАРЫ
2.1 Шекара маңындағы екі ел арасындағы сауда саттық ... ... ... ... ... .34. 41
2.2 Энергетика саласындағы қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42.50
2.3 Инфрақұрылымдық байланыстардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... 51.60
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ СЕРІКТЕСТІГІ ЖӘНЕ РЕСЕЙ
3.1.Шанхай ынтымақтастығы және аумақтағы қауіпсідік мәселесі ... ... 61.65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66.67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .68.70

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба байлықтар қоры. Жылына елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастар достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз.
Бітіру жұмысының тақырыбы қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының ҚХР-мен қарым-қатынастарының даму барысын қамтиды. Территориялардың шекаралас болуы, сондай-ақ, күшті шығыс көршінің үлкен экономикалық потенциалы мен оның халықаралық аренадағы, соның ішінде Орталық Азия кеңістігіндегі салмағы, бұл аймақтағы егеменді республикалардың Қытаймен тұрақты достық қатынастарда болу мүдделілігін анықтайды.

1. Токаев К. Внешняя политика Казахтана в условиях глобализации.-Алматы, 2000.-584 с.
2. Тимофеева С.А. О внешней торговле Казахстана // Саясат.-1998.- март.54-57с.
3. Энергетические проблемы Восточной Азии // Компас.-1998, № 13.33-36с.
4. Казахстан- реалии и перспективы независимого развития.-М., 1995.-с. 333-342с.
5. Карин Е.Т., Тулегулов А.К. Обострение борьбы за Каспийскую нефть и китайский прорыв в регион // Саясат.-1999, № 1 (44).21-24с.
6. Мукимеджанова Р.М. Государства Центральной Азии и их южные соседи // Восток.-1996, № 5.14-17с.
7. На международном форуме по нефти и газу в республиках бывшего СССР // Компас.-1997, № 11.19-22с.
8. Маклина О. Центральная Азия. Интеграционные процессы набирают силу // Азия и Африка сегодня.-1996, № 2.42-46с.
9. Хлюпин В. Геополитический треугольник: Казахстан-Китай-Россия. Прошлое и настоящее пограничной проблемы.-М., 1999.125-141с.
10. Бессарабов Г. Об экономическом присутствии России в регионе Центральной Азии // База данных Синологической библиотеки ИДВ РАН.
11. Абдуллаева К.Ш. Развитие интеграционных связей Казахстана и СУАР КНР // Вестник АН Каз СССР.-Алма Ата, 1989.-№ 9.7-10с.
12. К вопросу о подходах к деятельности «Шанхайского форума» // База данных 3ДСНГ МИД Росии// Сообщение ИТАР-ТАСС.-2000.-25 декабря.
13. Белокреницкий В.Р. Центральная Азия в Евразийской перспективе // Восток.-1995, № 5.35-38с.
14. Бессарабов Г.Д. Двусторонние экономические связи Китая со странами СНГ и проблема обеспечения интересов Росии // Экономика, предпринимательство, окружающая среда.-М., 1996, № 2.9-11с.
15. Акбари Р. Казахстан уменьшает военные силы на китайской границе // http://www. caarp.kz
16. Экспресс опрос руководителей государств-участниц «Шанхайской пятерки» // Слово Кыргызстана // http://www. caarp.kz
17. Сейфуллина Т.А. Проблемы развития экспортных нефтепроводов Россия-Казахстан // Евразийское сообщество: общество, политика, культура.-1998, № 3.12-15с.
18. Лукьянов А. Наш партнер-СУАР // Экономика и жизнь.-1990, № 8.18-19с.
19. Казахстан и Китай создают транспортный коридор в Беларусь // http://www. caarp.kz
20. Бондарец Л.М. Климат доверия в Азии: КНР-Центральная Азия// Саясат.-1999, № 11.32-34с.
21. Казахстан-Китай-нефтепровод // База данных 3ДСНГ МИД России // Сообщение ИНТЕРФАКС.-2001.-16 февраля.
22. Китай-Казахстан-оборона // База данных 1 ДА МИД России // Сообщение ИТАР-ТАСС.
23. Шанхайская пятерка может стать региональной организацией // База данных 3ДСНГ МИД России // Сообщение ИНФО-ТАСС.
24. Соглашение об организации проектов сотрудничества в оласти нефти и газа между КНР и Росиией // Проблемы дальнего востока.-1997, № 4.42-43с.
25. Соглашение об укреплении доверия в военной области, 1996 // База данных 1 ДСНГ МИД России.
26. Экономика Китая в предверии ХХІ века.-М.,1999.- Инфор. Бюлл., № 2.
27. Торгово-экономическое соглашение между правительствами КНР и РК, 22 декабря 1992 // Министерство иностранных дел Казахстана // http://www.mail.ru
28. О Казахстанско-китайских отношениях // Отчет Посольства России в Казахатане // 3ДСНГ МИД Росии.
29. Партнерство на Каспии // Вестник Каспия.-2001, № 23.21-23с.
30. Краткий статистический ежегодник Казахатана.-Алматы, 1992.78-82с.
31. Программа развития КННК // официальный сайт КННК // http://www.google.kz
32. Андев М. Куда идет Шанхайская пятерка? // http://www.analytik.ru
33. Картов А.Н. Внешнеэкономические связи молодого суверенного государства: основные направления и воздействия на формирование рыночных отношений.-Автореферат диссертации.-М., 1993.95-124с.
34. Маршрут через «Дружба-Алашанькоу назван преоритетным в развитии транспортного корридора Восток-Запад // http://www.pubs.karnegie.ru
35. Присяжнюк С.О. О перспективах обеспечения КНР углеводородным сырьем // Проблемы Дальнего востока.-1998, № 8.12-16с.
36. Хафизова К.О. Казахстанско-китайская граница в прошлом и сегодня // Проблемы Дальнего Востока.-1998, № 4.35-37с.
37. Черкизов В. Казахстан-Синьцзян // Советский Казахстан сегодня.-Алматы, 1989.21-25с.
38. Что касается соглашения о гранце с Китаем // Казахстанская правда.-1998, 15 июля. 34-35с.
39. Лидеры «Шанхайской пятерки» намерены взаимодействовать в освоении западных районов Китая // База данных 1ДСНГ МИД России // Сообщение ИТАР-ТАСС.-2001.
40. Совместная декларация о дальнейшем развитии и углублении дружественных взаимоотношений между РК и КНР, Пекин, 11 сентября 1995 // МИД Казахстана // http://www.mfa.kz

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-7
I ТАРАУ ҚХР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ
1. Қазақстан дамуының негіздері және
Қытай ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .8-27
2. Қытай Қазақстан қатынастарының құқықтық негізі ... ... ... ... ... ... 28-33
ІІ ТАРАУ. ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ САУДА БАЙЛАНЫСТАРЫ
2.1 Шекара маңындағы екі ел арасындағы сауда саттық ... ... ... ... ... .34- 41
2.2 Энергетика саласындағы қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42-50
2.3 Инфрақұрылымдық байланыстардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... 51-60
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ СЕРІКТЕСТІГІ ЖӘНЕ РЕСЕЙ
3.1.Шанхай ынтымақтастығы және аумақтағы қауіпсідік мәселесі ... ... 61-65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66-67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .68-70
Кіріспе
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі
мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің
дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге
асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық
институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын
қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға
сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол
халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен
өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.
Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен
дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің
елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16
өкілдігі жұмыс істейді.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер
ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба
байлықтар қоры. Жылына елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар
игеріледі. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастар
достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара
пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз.
Бітіру жұмысының тақырыбы қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының ҚХР-
мен қарым-қатынастарының даму барысын қамтиды. Территориялардың шекаралас
болуы, сондай-ақ, күшті шығыс көршінің үлкен экономикалық потенциалы мен
оның халықаралық аренадағы, соның ішінде Орталық Азия кеңістігіндегі
салмағы, бұл аймақтағы егеменді республикалардың Қытаймен тұрақты достық
қатынастарда болу мүдделілігін анықтайды. Және де бұл қарым-қатынастар
теңдік, өзара мүдделілік пен мемлекеттердің ішкі істері мен жағдайларына
қол сұқпаушылық принциптеріне негізделіп орнатылуы керек.
Орталық Азияның жас мемлекеттері ҚХР-мен көп векторлы байланыстардың бар
болуын ең алдымен территориялық тұтастық пен қауіпсіздік, экономикалық даму
мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін қолайлы сыртқы жағдайларды құру сияқты
мәселелерді шешу тұрғысынан қарастырады.
Өз кезегінде, Орталық Азия Қытайдың экономикалық және қауіпсіздік
мүдделер шеңберіне кіреді. Бұл аймақтағы республикалармен байланыстарды
нығайту – ҚХР сыртқы саясатының басты міндеттерінің бірі. Қазіргі кезеңде,
ҚХР шекараларына жақын жерде АҚШ әскери базаларының орналасуы
жағдайларында, Пекин сыртқы саяси мүдделері мен басымдақтары арасында
Орталық Азия аймағының маңыздылығы күрт өсуде.
Бітіру жұмысының жазылу барысында қолданылған әдебиеттерге тоқталып
өтер болсақ, Қ.Тоқаевтың Внешняя политика Казахтана в условиях
глобализации, Казахстан- реалии и перспективы независимого развития
атты еңбектерінде көрсетілген Қытайдың Қазақстанға қатысты саясаты жайлы
толық мағлұматтарды негізге алдым. Белгілі дипломат әрі саясаткер К. К.
Токаревтың монграфиясы ХХІ ғасыр алдындағы Қазақстанның сыртқы
сааясатындағы өзекті мәселелерге арналған. Отандық саясаттануда алғаш рет
үшінші мыңжылдық шебіндегі әлемнің геосаясаттық картасы, саясат пен
экокномиканың жаһандану проблемалары, сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы
саясатындағы экокномикалық факторлар зерттеледі. Саясаттын,
экокномикасын, идеологиясын, географиялық жағдайын және тағы басқаларын
қоса алғандағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының ағымдағы
проблемалары мен болашақтағы мүмкіндіктеріне баса назар аударылған. Автор
кітапты жазу барысында әртүрлі жергілікті материалдарға сүйеніп қана
қоймай, аталған тақырып бойфынша қытайлық және батыстық ағылшын тіліндегі
дерек көздерін пайдалануға тырысқан.
Ал Хлюпин В. жазған Геополитический треугольник: Казахстан-Китай-
Россия. атты әдебиетінен де көп мағлұматтар алдым. Осы кітапта аймақтық
интеграцияның теоретикалық және нақты тарихи проблемаларына арналған.
Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының ерекшеліктері мен транскаспилік
аймақтың геосаясаты, ортазиялық аймақтағы күштердің жаңа арақатынасы, осы
заманғы интеграциялық үдерістердің теоретикалық және әдістемелік
проблемалары іс жүзінде ашылады. Аймақтағы интеграциядағы болжамалық
сценарилерге, жаһандану жағдайында кеңестік кеңістіктегі қоғамдардың
жетілдірілуі мен трансформациялануының келісімдік сценарилерін іздеуге
баса назар аударылады.
Абдуллаева К.Ш. жазған Развитие интеграционных связей Казахстана и
СУАР атты әдебиетінен мен Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы жайлы көп
керекті деректер жинадым. Осы әдебиет ҚХР ШҰАР-дағы 1996 жылдың 1
қаңтарындағы жағдай бойынша дербес аудандағы округтік деңгейге дейінгі
партиялық, әкімшілік, әскери және саяси элита туралы деректерден тұрады.
Осы заманғы Шыңжан және оның Қазақстан – Қытай қатынастарындағы орны мен
рөлі ҚХР-дағы Шыңжан-Ұйғыр дербес ауданының мәдени ұлттық , экокномикалық,
саяси дамуына байланысты мәселелер кешенін қарастыратын тараулардан тұрады.
Негізгі мәтінінде оның Қазақстан – Қытай қатынастарындағы орны мен рөлін
қарастырады.
Бітіру жұмысының мақсаты Қытайдың жүргізіліп отырған сыртқы
саясатындағы Орталық Азияға қатысты позициялары арқылы бұл мемлекеттің
бүкіл аймақ қауіпсіздігіне әсер етуін анықтау және осының арқасында қарым-
қатынастардың болашақ даму перспективасын ашып көрсету болып табылады. Осы
мақсаттардан төмендегідей міндеттер түындап отыр:
– Қытайдың қазіргі сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының орны
мен ролін анықтау;
– Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы елдердің Қытайменен сыртқы саяси
байланыстары және ынтымақтастықтың даму барысын айқындау және оның жағымсыз
жақтарын көрсету;
– Аймақтағы қауіпсіздік мәселесі төңірегіндегі сұрақтарды, соның ішінде
қауіпсіздік жағдайлары мен шараларын зерттеу, Қытаймен ынтымақтастықтың
дамуына шолу жасау, сол сияқты Қытайдың аймақ қауіпсіздігіне ықпалын
қарастыру;
– Сауда, мұнай-газ секторындағы қатынастарның және заңсыз қытайлық
миграциясының қауіпсіздік жағдайына әсерін ашу.
Бітіру жұмысының бірінші тарауында Қазақстанның дамуы негізіндегі
Қытаймен қатынастары туралы жазылған. Бұл тарауда Қазақстан тәуелсіздік
алған күннен бергі ұстанған саясатына талдау жасалып, Қазақстанның сол
жылдары бері даму жолына да шолу жасалған. Қазақстанның өзге елдермен
ұстанып отырған саясаты жайлы, экономикаалық тұрғыдағы даму кезеңдері мен
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясаты жайлы да талдау
жасауға тырыстық. Тарау соңында осы барлық аталып өткен елдер ішінен
Қазақстан саясатындағы Қытайдың рөліне де Қытай-Қазақстан қатынастарының
құқықтың негізіне де тоқталып өттім.
Бітіру жұмысының екінші тарауы Қытай мен Қазақстанның сауда
байланыстарына арналған. Бұл тарауда қазіргі таңда, Қазақстан үшін Қытай ең
басты сауда серіктестерінің бірі екеніне екпін жасай келе, маңызды
шекарааралық сауда мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, энергетика
саласындағы екі мемлекет арасындағы қатынастарға, инфрақұрылымдық
байланыстардың дамуы жағдайына да шолулар беріледі. Осы саладағы дамуда
қандай компаниялар шаралар атқарып, осы байланыста маңызды рөл атқаратыны
жайлы деректерге тоқталамыз.
Бітіру жұмысының соңғы үшінші тарауы, Қазақстан мен Қытай
серіктестігі және Ресей деп аталады. Қазіргі таңда, Ресей елімен байланыс
орнату Қазақстан үшін де, Қытай үшін де ең тиімді болып отыр. Сондықтан бұл
ел екі елдің саясатында маңызды орын алады деп айтсақ қателеспейміз. Бұл
тарауда Шанхай ынтымақтастығы Ұйымы қызметі және аумақтағы қауіпсіздік
мәселесі жайлы айтылады. Сонымен қатар, осы Шанхай ынтымақтастығы Ұйымына
кіретін елдер арасындағы белді ойыншылардың бірі- Ресей мемлекетінің
аймақтағы саясаты жайлы талдау жасалынады.
ТАРАУ.ҚХР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ
1.1 Қазақстан дамуының негіздері және Қытай
1991 жылы тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстанда экономиканы
реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың
базалық бағыттары мыналар болды-әлеуметтік экономикадан кейiнгi қайта құру,
дағдарысқа қарсы бағдарлама, макроэкономикалық тұрақтандыру, дүниежүзүлік
экономикалық дағдарысты еңсеру, экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Бiрiншi кезең (1991-1992 ж.ж.) Қазақстанда әлеуметтік экономикадан кейiнгi
экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 1970-
жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы
салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық
саясат өрiстеп кете алмады [1].
1990-жылдардың басында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
әлеуметтік-экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы
құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру:
сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң
қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын
кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп
ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың
жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық
нысандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi
дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.
1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды.
Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды,
көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек ауыл-шаруашылығында ғана
тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан
басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллар, 1992 ж. 5561 АҚШ
доллар. Болды [1, 5-6]. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы
бағдарламасы- “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде
дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым
бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар
белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара
байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi
меншiк нысандары ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік
нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидасын
iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау.
Екiншi кезең (1993-1994 ж.ж.) экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне
айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық
байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу
дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993-1994 жылдары және 1995
жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши
түстi: 1993 жылы тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей
Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете
құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991-1993 жылдары 1976 жылғы деңгейге
дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы
экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi [1]:
1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан
басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ долл.
болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс
сальдоға жеттi (410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына
шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру
жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта-теңгенi енгiзу
(1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен
бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру;
алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа
қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және
өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн
қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы,
яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше
жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын
шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды
қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде
қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкiметi басшылық нұсқамасымен
“директивалық” несиелер беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы қолдау
көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көлемі 14063,7 млн. теңге болды.
Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан
мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды.
1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң
алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды [2]. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiмнiң серпiнi
өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай
жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды.
Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi
тұрақтандыратын әлеуметтi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ
қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9 млн.
теңгеден 1673,5 млн. теңгеге дейiн ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы,
есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн.
теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi [3]. Сөйтiп, экономиканың нақты
секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек
1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды.
Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның
салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның
экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика
дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға
мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол
елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.
Үшiншi кезеңде (1995-1997 ж.ж.) Макроэкономиканы тұрақтандыру
бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi
көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық
экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық
стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және
сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-
несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының
тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi
шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын)
белгiлеу [3]. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен
нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың
нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды
(1994 ж.-1 долл. үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. -60,93 теңге, 1996 ж.-67,29
теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған
бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. Әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық
қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру,
көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру [3], әлеуметтік сала
мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды
енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн
ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi
қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу
негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда
бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар
негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен
салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi [4]. 1997
жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға
болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе
ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды
жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды,
нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы
рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды;
мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi
жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие,
бюджет-салық саясатының экономикалық тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне
қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік-демографиялық ахуалы күрт
нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды;
бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi:
қазақстандықтардың 31%-ға жуығы [4], тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде
өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi
екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеуметтік саясат қағидаларын
өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік көмек пен
қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қамқорлықты
қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi:
елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi
енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды;
Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; респбликаның тәуелсiздiгi
мәртебесiн дүниежүзі қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы ин-
ттарына кiрдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда
жекеше зейнетақы, сақтандыру және медицина қорларын құруға жол ашты [4].
Төртiншi кезеңде (1998-1999 ж.ж.) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму
стратегиясы қабылданды. “Қазақстан-2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-
өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң
“Қазақстан халқына жолдауы” бағдарламасы - ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегия
дамуының тұжырымдамалық негiзi-даму бағыттары және елдiң дамыған елдер
тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан
2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған
20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс [4]. 1997 жылдың аяғында басталған
дүниежүзі қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай
ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске
асыру мақсатында Президенттiң 1998 жылы 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР
дамуының 1998-2000 жылдарға арналған стратегияның жоспары бекiтiлдi, ол
дүниежүзі қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты
секторын сауықтыру жолымен экономикалық өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк
аяны реформалауға, белсендi әлеуметтік саясат жүргiзу жағдайында ел
экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды [5]. Бұл
кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ долл. 1998 ж.-78,29
теңгеге, 1999 ж.-119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен
салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын ынталандыруға мүмкiндiк
бердi. 1999 ж. экспорт көлемінде 5592,2 млн. АҚШ долларына жеттi; Бұл
кезеңде тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жалпы iшкi өнiм 74891,6
млн. АҚШ долларынан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долларына (1999) көбейдi [5].
Жалпы iшкi өнiмнiң нақты көлемі 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы
реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне
көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың
қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542
млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге).
Бесiншi кезеңде (2000 жылдан қазiрге дейiн) Қазақстан экономикалық өрлеу
жолына түстi. ҚР дамуының 1998-2000 жылдарға арналған стратегияның жоспарын
iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң
жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды:
2000-2002 ж. орт. және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-
экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық
дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды:
тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша 2000 ж.-87607,5 млн. АҚШ доллары,
2001 ж.-101674,1 млн. АҚШ доллары 2002 ж. жалпы iшкi өнiм көлемi бұрынғыдан
9,5%-ға көбейдi. 1999-2000 ж. бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк
инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 ж. iшкi
инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың
жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. 2000-2002 ж. елдiң экономикалық
дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға бас назар аударылды. Өз
қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119
келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2
млрд. АҚШ доллары) инвестициялық мiндеттеме қабылданды. 2001 ж. негiзгi
капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі [5]. 775,7 млрд. теңгенi
құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда
Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi
стратег. жоспары” бекiтiлдi. Қазiргi кезде 2010 стратегиясы (2001),
Үкiметтiң 2002-2004 ж.ж. арналған iс-қимылдар жоспары және соның негiзiнде
әзiрленген 2003-2005 жылдарға арналған республиканың бюджеттiң болжамдық
көрсеткiштерi экономика үшiн негiз ретiнде басшылыққа алынып отыр. Негiзгi
мақсат-бәсекелестiк қабiлетi күштi экономика құру, жалпы iшкi өнiмдi 2002
жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай iлгерiлеуге стратегиялық
салаларды-мұнай-газ секторын, энергетика мен аграрлық-өнеркәсiптiк секторды
оңтайлы реттеу жолымен қол жеткiзiледi [6]. ҚР-ның 2003-2005 жылдарға
арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасының қабылдануы осыны
қуаттайды. Бұл бағдарламада негiзгi басым бағыттар көрсетiлдi, олар: елдiң
азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; аграрлық бизнестiң белсендi
жүйесiн қалыптастыру; iшкi және сыртқы рыноктарда ауыл шаруашылық өнiмiн
және оның ұқсатылған өнiмдерiн сату көлемiн ұлғайту; ауыл шаруашылық
өндiрiсiн мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екi жылдағы
экономикалық өрлеу Қазақстандағы әлеуметтік ахуалға дұрыс ықпалын тигiздi:
жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесi азая түстi.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеуметтік,
зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi,
қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн
жағдай жасалды [6].
Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетика,
металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi.
Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан,
магний, қарашiрiк, синтетика, каучук, шайыр, пластмасса, химиялық
талшықтар, автомобиль шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл
жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, күш трансформаторларын,
рентген аппараттарын, ауыл шаруашылық машиналарын, тракторлар,
экскаваторлар, т.б. өндiредi [6].
Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан-тауар рыногiне мұнай, газ, қара,
түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы ел. Кен қазу
өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады . 2001
ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3%-ы осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда
көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз
әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды, олардың көбi
республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен Атырау облысында. Олардың iшiнде 1
млрд. тоннадан астам мұнай қоры бар Теңiз кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3
және конденсат қоры 700 млн. тоннаға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты
кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен,
Құмкөл кенiштерi бар [19]. 2000 ж. Қазақстанда Солтүстік Каспий қайраңында
iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң
жалпы геологиялық қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндiрiп алынатын қоры-13
млрд. баррельге жуық. Атырау облысындағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800
млн. тоннадан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700
млн. т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын қоры 30,5 млн. т),
Кенбай кенiшi (30,8 млн. т). Маңғыстау облысындағы аса iрi мұнай кенiштерi:
Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе
облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндiрiсiндегi
келешегi зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық
мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi
жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда
мұнай мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда
(“Теңiзшевройл” бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай
компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-
дары, т.б.) [6].
Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа
шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина,
Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi
2001 ж. 49,3% болды.
Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде түстi металлургияның үлесi
11%. Өндiрiс деңгейi бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты iрi көлемде
өндiрушiлер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем
бойынша мыс өндiрудегi үлесi 2,3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары:
Италия (50 %) мен Германия (35 %). Экспорт құрылымында мыс пен мыс
қорытпалары 7 % [7]. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы
өндiредi, ол Қазақстанның түрлi аймақтарында бiрнеше зауыттарды, кенiштердi
және энергия нысандарын бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр кентасының қоры
жөнiнен әлемде 8-орында. Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн
темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара
металлургиясы өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 7 %-ға жуығын өндiредi. Мұндағы аса
iрi кәсiпорын-Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын
мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90 %-дан астамын
өндiредi. Бұл комбинат өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа
шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец
және темiр-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын
өндiредi. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа
заттары жұмыс iстейдi [7]. 1994 жылдан кен-металлургия кешенi
кәсiпорындарының көбi шетелдiк және отандық компаниялардың басқаруына
берiлдi. 1996-1997 жылдары кен байыту және металлургия кәсiпорындарын
бiрыңғай технологиясы тiзбекпен байланыстырған iрi бiрлестiктер құрылды,
олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс” корпорациясы, “Қазақстан алюминийi”, “Испат-
Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық акционерлік компаниясы.
Полиметалл кенiштерi негiзiнде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор
полиметалл, Зырян қорғасын, Шығыс Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл,
Жезкент кен-байыту комбинаттары жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр
тобы-Өскемен титан-магний, Белогор кен-байыту комбинаттары, Үлбi
металлургия, Ертiс химия-металлургия зауыттары сирек металдармен олардың
қосылыстарын, т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру
зауыты, сары фосфор алынатын фосфориттi кентастарды өңдейтiн iрi кешен
“Қазфосфат” ЖШС жұмыс iстейдi. Ол “Қаратау” кен-химия комбинаты, Жаңа
Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық тыңайтқыштар зауыты сияқты аса iрi
кәсiпорындарды бiрiктiрiп отыр [7].
Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы
көлемiнде 3%-ға жуық. Оңтүстік аймақта Станок жасау зауыты, Алматыда Ауыр
машина жасау зауыты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солтүстік
аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi,
“ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атындағы зауыт”, Петропавл “Ауыр машина
жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi.
Олар ауыл шаруашылық машиналары үшiн босалқы бөлшектер, жабдықтар,
двигательдер, көшпелi электр ст-ларын, тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар, газ
бен электр энергиясының шығынын есептейтiн есептеуiштер шығарады.
Қазақстанда құрылыс индустриясының дамуына ел ордасының Астана қаласына
көшiрiлуi жаңа серпiн бердi. Құрылыс материалдары өнеркәсiбi өнiмiнiң
көлемi республика өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 4 %-ға жуық.
Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк
тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк
магистралiнiң ұзындығы 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км - темір жол,
87,4 мың км-автомобильдер жолы, 4 мың км-өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай
арасында Достық-Алашанькоу шекаралық темір жол өткелi, Түрiкменстан мен
Иран арасында Серакс-Мешхед темір жол өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы
бойында жаңа транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы
Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан,
Түрiкменстан, Иран, Түркия, Жерорта теңізі мен Парсы шығанағының порттарына
қатынау мүмкiндiгi туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомобиль
жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға,
сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара теңізбен Жерорта теңізінiң, Үндi
мұхитының порттарына шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий
теңізінде Ақтау порты арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен
Қара теңізбен Балтық теңізіне шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе
компаниясы, басқа да жетекшi компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруда [8].
Биылғы жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік дәуіріндегі белесті
кезең Тәуелсіздікке 15 жыл толды. Дүниежүзілік тарих тұрғысынан алғанда
егемендігін жүздеген жылдармен есептейтін өзге елдермен салыстырғанда бұл
мерзім тым аз көрінуі де мүмкін. Алайда жаһандану үрдісімен ерекшеленетін
XXІ ғасырға қадам басқан сәтте арадағы 15 жылды Президент Нұрсұлтан
Назарбаев еліміз үшін маңызы мен мәні жағынан жүз жылға теңеген болатын.
Бұл пікір-боямасы жоқ ақиқат. Өйткені, дәл осы кезеңде біздің егемен
еліміздің мемлекеттік іргесі бекіп, еңсесі биіктей түсті-экономикада,
әлеуметтік салада және сыртқы саясатта аса ауқымды, іргелі өзгерістер мен
алға басушылықтар іске асырылды [2].
Қазақстанның шет елдермен ынтымақтастығының заңдық негізі 15 мыңнан астам
құжатпен бекітілді. Бүгінде біздің еліміз Ресеймен одақтастық, Қытаймен
тату көршілік, сондай-ақ орталық-азия елдерімен достық және ынтымақтастық
қатынастарын дамыту үстінде. Қазақстан АҚШ-тың стратегиялық әріптесі болып,
Еуропалық Одақпен жан-жақты ықпалдастығын тереңдетуде. Тәуелсіз
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа батыл да сенімді енгенін аузы дуалы
халықаралық сарапшылардың өздері жиі айтатын болды.
Осы жылдар аралығында бір жүйеден мүлде кереғар екіншісіне өту кезеңін
бастан кешкен Қазақстанның экономикасы нарықтық экономика деп мойындалды.
Елдің экономикалық дамуына халықаралық қаржы институттары жоғары баға
беріп, бұл өз кезегінде ірі жобаларға шетелдік инвестицияларды тартуға
оңтайлы ықпал етті. Әрине, бұл мақсатқа жету үшін өткен жылдар ішінде
орасан ауқымды жұмыстар атқарылды. Президент Н.Назарбаев халықаралық іскер
орталарға Қазақстанның мол мүмкіндіктерін түсіндіру ісіне батыл кірісті.
Тіпті, бастапқы кезде шетелдерге сапарлары барысында Елбасы қолына таяқ
алып, Қазақстанның қай жерде тұрғанын картадан өзі көрсеткен кездері де жиі
болатын.
Уақыт талабына сай сыртқы саясат пен экономикалық мүдделердің ажырағысыз
қатар жүргізілуі-нарық экономикасын құруға бағытталған мемлекетіміздің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуден туындаған болатын. Алғашқы сәттерден бастап
мемлекет алдында тұрған міндеттердің мазмұны мен елдің мүмкіндіктеріне
толық сай келетін тұжырымдамаларды жасау қажеттігі күн тәртібіне көтерілді.
Ең алдымен ішкі реформалардың табысты болуына қолайлы жағдайлар туғызу
мақсатында біз еліміздің экономикалық әлеуметі мен саяси мүмкіндіктерін
ескере отырып, байыпты әрі белсенді жан-жақты сыртқы саясат жүргізуін басты
бағыт ретінде таңдап алдық.
Геосаяси орналасуы және аумағының көлемі жағынан ірі еуразиялық мемлекет
болғандықтан Қазақстан халықаралық қатынастарының саяси және географиялық
мазмұнын барынша тереңдету қағидатын ұстанды. Бірінші кезекте өзіміздің
тікелей көршілеріміз - Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты
мүшелері Қытай мен Ресей, сондай-ақ Орталық Азиядағы бауырлас елдермен тату
көршілік, достық және өзара түсіністікке сүйенетін қарым-қатынастар
орнатуға айрықша мән берілді. Алғашқы күндерден бастап біздің алдымызда
саяси әдістер арқылы әлемнің басты саяси және экономикалық державаларының
Қазақстанда және осы аймақта бір-бірімен қайшылықсыз болуын қамтамасыз ету
міндеті тұрды [8]. Түптеп келгенде осының барлығы ішкі тұрақтылық пен
келісімді сақтай отырып, қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру арқылы
мемлекеттігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы дәйектеген “алдымен
экономика, сосын саясат” қағидасы өтпелі кезеңде өзін толық ақтады.
Ықпалды әлемдік державалармен тұрақты, болжауға болатын және жүйелі
ынтымақтастық орнату қазіргідей күрделі кезеңде Президент Н.Назарбаевтың
зор беделі және тиянақты ойластырған сыртқы саяси стратегия арқасында
мүмкін болды. Бұл арада отандық дипломатия Қазақстанның экономикалық қуаты
мен саяси мүмкіндіктеріне жауап бере алатындай арнада жүргізілгеніне
тоқталғым келеді [8].
Өткен кезең ішінде біз елдегі реформалар үшін қолайлы сыртқы жағдай жасау
міндетін жүзеге асыруға қол жеткіздік. Осы бағыттағы стратегиялық табысымыз
- Қазақстанның құрлықтағы 13,5 мың км. шекарасы заңды түрде түбегейлі
рәсімделгенін айрықша атап өту қажет. Бұл аса маңызды табыс біздің көрші
елдермен жаңа сападағы байланыстар жүргізуімізге жол ашты.
Жалпы шекара мәселесі Кеңес одағы ыдыраған шақтан бастап күн тәртібіне
шыққан болатын. Бұған дейін жетпіс жылдан астам уақыт бойында арада
ешқандай ресми шекаралармен шектелмей, бір кеңістікте бірге өмір сүріп
келген миллиондаған адамдардың тағдырына бірден өзгеріс еніп, олардың
бойында алаңдаушылық пен торығушылық сезімдері пайда болды.
Осы тұрғыдан келгенде біздің негізгі әріптесіміз және одақтасымыз
Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарымыз екі ел арасында ғана емес, бүкіл
ТМД аумағындағы экономикалық интеграцияның қозғаушы күші, әрі тұрақтылық
кепіліне айналды. Солтүстіктегі көршімізбен байланыстарымыз зор ауқымды,
серпінді және жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Біздің арамызда мәселелерді
тең тұрғыда, екі жақтың мүдделеріне сай келетіндей шешу тәжірибесі
қалыптасты. Қазіргі кезде сауда айналымын 20 млрд. долларға жеткізу сөз
болуда. Берік ынтымақтастықтың кепілі болған шарт-құқықтық негіз туралы
айтқанда, ең алдымен 1992 жылы қол қойылған ҚР мен РФ арасындағы “Достық,
ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартты” бөліп айту қажет. Екі елдің
байланыстары тарихында мұндай маңызды келісім бұрын-соңды болып көрмеген.
Кейіннен бұл басты құжат мемлекетаралық байланыстардың өзге салаларында
өзара тиімді түсіністіктерге жетуге игі ықпал етті. Солардың қатарында,
мәселен, Байқоңыр ғарыш айлағын игеруді атап өтуге болады.
Осы ғарыш айлағынан 18 маусымда Ресей мен Қазақстан президенттерінің
қатысуымен қазақстандық алғашқы “КазСАТ” байланыс және хабар тарату ғарыш
серігі ұшырылды. Алдағы уақытта қазіргі заманғы жаңа зымыран-ғарыштық
“Бәйтерек” кешенін тұрғызу мақсатындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл Қазақстанда
жаңа өнеркәсіптердің дамуына түрткі болып, екі елге де өздерінің ғылыми-
техникалық және интеллектуалды әлеуетін толығырақ жүзеге асыруға мүмкіндік
бермек [9].
Ресей қазақстандық энергоресурстарды экспорттауда маңызды орын алады.
Өткен жылы Ресейдің мұнай құбырлары арқылы сыртқа 43,4 млн. тонна
қазақстандық мұнай тасымалданды.
Біздің елдеріміз Каспий теңізінің шельфін бөлу мәселесін өзара тиімді
шешті. Жер қойнауын пайдалану мақсатында РФ мен ҚР арасында Каспий
теңізінің табанын бөлетін модификацияланған ортаңғы сызықтың өтуі
тіркелген. Сонымен қатар, “Құрманғазы”, “Центральное” және “Хвалынское” кен
орындарын игеру бойынша бірлескен қызметті ұйымдастырудың бірқатар
мәселелері шешілді [10].
Сондай-ақ, Ресейдің мұнай құбырларының жүйесі арқылы Еуропа нарығына
Қазақстанның табиғи газын экспорттауды жүзеге асыру үшін 2002 жылы
тасымалдау бойынша бірлескен “КазРосГаз” ұжымы құрылды. Ол 2002 жылдың
күзінен бастап қазақстандық газды Еуропа мен ТМД елдеріне тасымалдап
келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 5 млрд., кубометрден астам газ
тасымалданды. Жақын болашақта жылына газ тасымалын 15 млрд., кубометрге
жеткізу жоспары бар.
Бүгін Қытаймен қатынастарымыз бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Біз
ауқымды экономикалық байланысты дамытып, халықаралық ұйымдарда аймақтық
мәселелер бойынша мүдделерімізді сәтті үйлестіріп отырған көршілерміз.
Біздің жанымызда мыңдаған жылдық тарихы бар және өте бай мәдениеті мен
дүниетанымы мызғымастай қалыптасқан, сондай-ақ өркениет пен берік
мемлекеттік идеологияға сүйенген Қытай мемлекеті қарқынды дамып келеді. Бір
миллиард екі жүз миллионнан астам халқы бар Қытайдың қарқынды экономикалық
дамуы әлемдік күштер балансына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Сондықтан бұл
алпауыт мемлекетпен достық әрі терезесі тең қатынастарды дамыту – Қазақстан
үшін баламасы жоқ бірден бір қажеттілік деп білу қажет.
Бүгінгі күні екі жақты қатынастарды реттейтін құқықтық база 100-ден
астам құжаттан тұрады, оның ішінде 2002 жылғы Тату көршілік, достық және
ынтымақтастық келісімі ерекше маңызға ие. Екі ел арасындағы сауда айналымы
жылдан-жылға артып келеді, екі тарапқа ортақ стратегиялық маңызы бар
қомақты экономикалық жобалар іске асырылуда [9].
Қытай Төрағасы Ху Цзиньтаоның біздің елімізге шілде айында жасаған
мемлекеттік сапары табысты өтті. Сапар барысында тату көршілікті сақтауды,
өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейтін стратегиялық
әріптестік декларациясына қол қойылған болатын.
Таяу күндері Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қытай Халық
Республикасына болатын мемлекеттік сапары екі ел қарым-қатынастарының жаңа
дәуірін бастайды деуге толық негіз бар. Сапар барысында стратегиялық
ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетін маңызды құжаттарға қол қойылмақ
[3].
Әрине, трансшекаралық өзендердің су қорларын тиімді пайдалану, сондай-
ақ екі ел арасындағы көші-қон деңгейін тиянақты бақылау сынды күрделі
мәселелерді өзара шешіп алу қажеттігі күн тәртібінен түспейді.
Біз оңтүстік шекараларымыздағы Орталық Азия елдерінде түпкілікті саяси
тұрақтылық пен экономикалық-әлеуметтік ахуалдың көтерілуіне барынша
мүдделіміз. Аймақтағы көршілес мемлекеттермен біртұтас алып қарағанда,
Қазақстан ұланғайыр нарықтың бел ортасында тұр. Өңірдегі көрші елдермен
сауда және экономикалық байланыстардың беки түсуі саяси тұрақтылық пен
аймақтағы ортақ қауіпсіздіктің кепіліне айналатыны белгілі. Еліміздің күн
санап өсіп келе жатқан экономикалық және саяси мүмкіндіктері бізге осы
аймақтағы интеграциялық үдерістерде барынша белсенді де салмақты рөл
атқаруға игі ықпал етеді [11].
Осы тұрғыдан қарағанда Ауғанстандағы жағдайдың қалпына келуі аймақта
жақын орналасқан бізді ғана емес, жалпы дүниежүзілік қоғамдастықты
алаңдатып отыр. Тіпті Талибтер билігі кезінде бұл ел орта ғасырларға қайтып
оралғандай күй кешкені есімізде. АҚШ бастаған антитеррористік коалицияның
әрекеттері нәтижесінде Ауғанстан діни содырлар құлдығынан құтылса да,
есірткі мен жоқшылық, қоғамдағы бытыраңқылық пен халқының сауатсыздығынан
арыла алмады. Мемлекеттің өміршеңдігін қалпына келтіру үшін ауған халқы
халықаралық қоғамдастықтың көмегін қажет етеді. Олай болмаған жағдайда, бұл
ел аймақтық емес, ғаламдық деңгейде тұрақсыздыққа себеп болып отырады. Бұл
елде тұрақтылық орнамайынша, бүкіл Орталық Азияда тұрақты қауіпсіздікке қол
жеткізу оңай болмайды. Қазіргі уақытта біз Хамид Карзай бастаған
Ауғанстанның жаңа басшылығымен тығыз қарым-қатынастар орнаттық. Бірер ай
бұрын менің бұл елге ресми сапарым барысында бірқатар келісімдер жасалды.
Қазақстанның Кабулдағы Елшілігі оларды жүзеге асыру жұмысына өз үлесін
қосатын болады.
2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған қатыгез лаңкестік әрекеттерден
соң АҚШ бастаған әскери коалицияны Қазақстанның қолдауы да өз еліміздің
ұлттық мүдделерімен сабақтас еді. Жалпы, Америка Құрама Штаттарының Орталық
Азия аймағына назары күшейіп отыр. Вашингтон осы аймақта ең алдымен
Қазақстанды стратегиялық әріптес санайтыны біз үшін барынша маңызды. АҚШ
Қазақстанның аймақтық және дүниежүзілік қауіпсіздікті сақтаудағы рөліне
жоғары мән береді, біздің еліміздің ядролық қаруды таратпау мәселелерін
шешуге, терроризм және экстремизмге жол бермеу, энергетикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету ісіне қосып отырған үлесін жоғары бағалайды [11].
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың биылғы АҚШ-қа ресми сапарының
нәтижелері бұған нақты дәлел бола алады. Н.Назарбаев аймақ бойынша АҚШ-та
аса жоғары деңгейде қабылданған бірден-бір мемлекет басшысы болды.
Президент Дж. Бушпен екеуара ұзақ келіссөздер жүргізуі, сондай-ақ
Америкалық беделді саяси, іскер орталардың өкілдерімен өткен маңызды да
мазмұнды кездесулер Қазақстан басшысы сапарына мұхиттың арғы жағында
айрықша мән берілетінін тағы бір айғақтады [8].
Желтоқсан айының басында Президент Н.Назарбаевтың Бельгияға ресми
сапары Еуропалық Одақ (ЕО) тарапынан біздің елімізге экономикалық һәм
геосаяси қызығушылықтың барынша күшейіп отырғанын көрсетті. Қазақстан
“Еуропаның көршілестік саясаты” бағдарламасы шеңберінде ЕО-ның әріптес-
елдері қатарына кіру туралы мәлімдеген болатын. Нақты айтқанда, біз тек
қана тығыз саяси диалог туралы емес, Еуропа Одағына мүше елдер пайдаланатын
экономикалық тиімділіктерді Қазақстанға беру туралы әңгіме жүргізіп отырмыз
[12].
Өткен 15 жылдың ішінде Қазақстан жаһандық саясатта танымал бола түсті.
Біз тек қана көмірсутегі қорларына бай ел емес, экономикасы мен мәдениеті,
білім мен ғылымы дамып келе жатқан мемлекет ретінде ғаламдық өркениетке
өзіндік үлес қоса алатын танымал ел бола түстік. Дүниежүзілік қауымдастық
Қазақстанды байыпты ішкі саясатынан айнымай, күрделі кезеңдерде бейбітшілік
пен тұрақтылықты сақтай білген ел ретінде құрметтейді.
Егемендіктің алғашқы күндерінен бастап біздің сыртқы саяси күн
тәртібімізде аймақтық және дүниежүзілік деңгейдегі көпжақты құрылымдарға
белсенді қатысу ұдайы назарда тұрды. Бұл орайда, біз ұлттық мүдделерімізге
қызметі қайшы келмейтін ұйымдар жайында айтып отырмыз.
Минскіде Қазақстанның төрағалығымен өткен ТМД Мемлекет басшыларының
саммитінде көп тарапты интеграцияны дамытуға баса көңіл бөлініп, Ұйым
шеңберіндегі ЕурАЗЭҚ, ҰҚШҰ, тәрізді ұйымдардың жұмыс істеуі Достастық
Жарғысына қайшы келмейтіні, қайта Қазақстан бастамасымен ТМД-ны түбегейлі
реформалауға қол жеткізу мақсаттарымен үндес келетіні мәлімделді. Қазіргі
уақытта ТМД көлемінде заңсыз көші-қон, халықаралық лаңкестік және басқа да
гуманитарлық мәселелерді шешу алдыңғы қатарға шықты. Әрине, қазір сыналып
жүргендей ТМД-ны жалаң пікірсайыс клубына айналдырмай, нақты істерді
шешетін іргелі ұйым деңгейіне көтерудің маңызы талас тудырмайды. Бұл орайда
мүше мемлекеттердің алдағы уақытта бірлесіп атқарар жұмыстары аз емес. ТМД-
ның болашақ кескіні Еуразиялық идеясымен бір арнада көрінеді. Осы идеяның
авторы Қазақстан басшысы: “Еуразияшылдық – бүкіл ХХІ ғасырдың басты бір
идеясы. Еуразиялық идеясының Қазақстанның бастамасы бойынша іске асырылған
үш киті – бұлар ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ. Бұл – бір ғана айтып жеткізгісіз
Орталықтың, біртұтас Еуразиялық идеяның үш түрлі іс жүзіндегі көрінісі” дей
келіп, осы ғасырда бұл идеяның іске асарына сенім білдірген болатын [9].
Қазақстан мүшесі болып отырған аймақтағы ең іргелі құрылым-үш
миллиардтан астам халықты біріктірген Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Былтыр
Астанада өткен ШЫҰ саммитінде ынтымақтастықты нығайту туралы маңызды
шешімдер қабылданды. Ұйым қауіпсіздік саласында, атап айтқанда терроризм,
діни экстремизм, заңсыз есірткі тасымалына қарсы тізе қосып әрекет етуді
қолға алып отыр. ШЫҰ өзінің өсу жолына сай халықаралық саясаттың салмақты
факторына айналып, геосаяси жағдайға оң ықпал етуі қуантады [9].
2007 жылы Ұйымның Бас хатшысы Қазақстан өкілі болады, осы орайда біз
ШЫҰ батысқа қарсы бағытталған деген алыпқашты әңгімелерді болдырмауға күш
салуымыз қажет.
Еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылында-ақ Н.Назарбаевтың бастамасымен
дүниеге келген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі
кеңесті жүзеге асыруға байланысты көп жылғы жанқиярлық еңбек өз жемісін
берді. Бірнеше жылдың ішінде Қазақстан АӨСШК басты мақсаттарының бірі-пікір
алшақтығын барынша азайта отырып, ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашатын
ортақ әрі әділ шешімдерге келу екенін дәлелдеуге қол жеткізді. Салыстырмалы
түрде алғанда қысқа мерзім ішінде Азия мемлекеттері АӨСШК шеңберінде
құрлықтағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік тетіктерін жасауға байланысты өз
ұстанымдарын келісуде айтарлықтай алға жылжыды.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің мәні зор. Ұйымға кіру
шарты ел экономикасы үшін тиімді болуы тиіс. Экономикалық бағытта еліміздің
шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері мақсатты түрде жұмыс жасауда. Бұл
бағытта жоғары технологиялық жобаларға қатысу, Қазақстан экономикасына
инновациялық бизнесті тарту амалдары көзделген [10].
Осылайша Қазақстан Республиканың ядролық қаруды таратпау ісіне айрықша
үлес қосып, бұл бағыттағы сындарлы саясатын тұрақты түрде жалғастырып
келеді. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009
жылы төрағалық етуге ұсыныс білдіруі халықаралық қауымдастықта айтарлықтай
серпіліс туғызып, саяси орталардағы талқылаулардың тақырыбына айналғаны
қазір баршаға мәлім. Біздің еліміз демократиялық және азаматтық қоғам құру
жөніндегі стратегиясын ешқашан және ешбір жағдайда өзгертпей, көп ұлтты
халқымыз өмірінің жоғары қалыптарын сақтай отырып, бейбітшілік пен
тұрақтылықты қорғау, келісім мен үндестікті қолдау, еркін және
демократиялық қоғамды дамытуға барлық күш-жігерін жұмсауда. Осы салаларда
белгілі табыстарға қол жеткізгендіктен біз бұл тәжірибені ЕҚЫҰ-ға қатысушы
мемлекеттермен бөлісе алатынымызға сенімдіміз. Төрағалық арқылы Қазақстан
ЕҚЫҰ күш-жігерін ұйымның күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелерді шешуге
тиімді бағыттауды көздейді. Қазақстан үлгі ретінде танылып үлгерген
төзімділік, этникаралық және мәдениаралық қарым-қатынастарды қолдау
тәжірибесін таратуды да осы қатарда атауға болады. Біз ЕҚЫҰ-ның барынша
ұйымшылдығына жәрдемдесуге және Ұйым қызметінің барлық өлшемдеріндегі
нақты теңдікке қол жеткізуге ынта білдірдік [12].
Бұл ұсыныс елдің саяси жүйесін реформалауда алға басып, экономикасын
дамытуды орнықты жалғастырарына нық сенімінен туындады. Бірқатар
халықаралық ұйымдар тәрізді ЕҚЫҰ-ның жұмысы да көп ретте біржақты сипат
алып, Ұйымның өз Жарғысында айтылған бағыттардан жиі ауытқитыны көп
айтылуда. Қазақстанның аталған Ұйымға төрағалық ету ұсынысы саяси
амбициялардан аулақ және Ұйымның жұмысына оның өз атына сай жаңа леп
әкелуді көздейтін игі ниеттен дүниеге келді. Брюссельде өткен ЕҚЫҰ-ға
қатысушы елдер Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Қазақстанның ұсынысын
келесі жылы қарастыру жөнінде шешім қабылданды. Бұл біздің алға қойған
мақсаттарымызды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік береді.
1.2 Қытай Қазақстан қатынастарының құқықтық негізі
Қазақстан-Қытай қатынастары 1992 жылғы 3 қаңтарда дипломатиялық
қатынастар орнағаннан бері оң сипатта және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz