Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпорынның басқару есебі және ондағы қаржылық менеджменттің рөлі 9
II КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Кәсіпорынның өнім өндіруге, өнімділікке, сатуға кеткен және басқа да шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Кәсіпорынның бизнес шешімін бағалаудағы өндірілген өнімнің өзіндік құнының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
1. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
2. Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: “Перспектива”, 1996.
3. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
4. В.В.Бочкаров Корпоративные финансы. – СПб: Питер, 2002. – 544 с.
5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
6. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
7. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
8. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
9. Баймухамбетова С. С. Финансовый менеджмент. – А.: Казак университетi, 1998.
10. Нурсеитов Н. А., Нурсеитов А. А. Финансовый менеджмент. – А, 1996.
11. Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия. – М, 1997.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1. Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі
... ... ... ... ... ... 5
2. Кәсіпорынның басқару есебі және ондағы қаржылық менеджменттің рөлі 9

II КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ
ЖІКТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2.1 Кәсіпорынның өнім өндіруге, өнімділікке, сатуға кеткен және басқа да
шығындары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.2 Кәсіпорынның бизнес шешімін бағалаудағы өндірілген өнімнің өзіндік
құнының есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
0

КІРІСПЕ

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында
басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым
бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі
төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс
көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді.
Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң
бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң
өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы
үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және
қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған
ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс
шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық
және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын
өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары
жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады.
Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы
төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және
бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі
мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады.
Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын
шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны
түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне
және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін
алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте
тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес
шығындарға бөленеді.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Кәсіпорынның өндіріске,
өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары деп алдым. Бұл тақырыптың
өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық
кәсіпорындардың рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол
өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы
кәсіпорындардың дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық
шығындарды толық зерттеп, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу
маңыздылығы, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынын калкуляциялық есебін жүргізу
арқылы кәсіпорындардың тиімді экономикалық қызмет етуін қалыптастыру
негізінде кәсіпорындардағы бизнес шешімін бағалаудағы шығындардың
маңыздылығын атап өту және кәсіпорын шығындарын басқарудағы қаржылық
менеджменттің рөлін анықтау осы тақырыпты орындаудағы мақсатым болып
табылады.

I КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІ

1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит
абсалюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы
шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке
жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке
бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың
барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер
шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те
дәлелдейді.
Маркцистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың
қанша тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған
шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан тауардың
құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып
зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек ығындарына және капитал
шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау
жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.
XIX ғ. соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер
бойынша шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып
табылады. Олардың шекті пайдалығымен белгіленетін өндіріс факторлары үшін
фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық
теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп
есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының
функциясы деп түсініледі.
Австриялық теоретик Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының
субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың өндіріс шығындары, өндіріс
ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін
барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің
маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты
шығындарды барынша төмендету теориялары пайда болды.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К.
Кларк және Джон А. Гобсон қосымша шығындар мәселелерімен айналысқан және
шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсалюттік, үстеме,
қаржылы, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген.
Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғымдар енгізді. Бұған еңбек
амаланың сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек
бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс
факторларына жұмсалатын шығындар тұрақты және өзгермелі сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы
пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу
шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін). Трансакциондық
шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу
бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас
дейді.
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған
ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс
шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар
қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын
шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған
еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі
болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен
жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып
бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты
жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар
сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және
статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне
және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін
алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте
тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес
шығындарға бөленеді.
Осы аталған өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық
белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден көре аламыз:
Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша
формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы
ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге
жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т.б.
Айқын емес шығындар – дегеніміз өндірісте пайдаланылған фирманың өз
иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға
бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статикада айқын емес шығындар
көрсетілмейді.

Кесте 1
Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі
Классификациялау белгілері Шығындардың бөлімшелері
Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық элементтері
Калкуляцияның өзіндік құнның баптары
Өзіндік құнның баптары
Негізгі және үстеме шығындар
Технологиялық процесс Бір элементтік, кешендік, жанама
Құрамы бойынша
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу Тікелей және жанама
тәсілі бойынша Өндірістік , өндірістен тыс
Өндіріс процесіндегі ролі
Шығын жасаудың мақсатқа сай Өнімділік және өнімділік емес
келетіндігі Жоспарланған, жоспарланбаған
Жоспарға енгізу мүмкіншілігі Тұрақты және өзгермелі
Өндіріс көлеміне қатысты Ағымды және біржолғылық
Пайда болуының кезектілігі Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын
Дайын өнімге қатынасы өнім шығындары

1.2 Кәсіпорынның басқару есебі және ондағы қаржылық менеджменттің рөлі

Басқару есебі өз кезегінде басқаруды ақпаратпен қолдауды қамтамасыз
етіп отырады.
Басқару есебі арқылы кәсіпорын менеджерлерінің қаржылық және қаржылық
емес ақпараттарды дер кезінде анықтап отыруына өз үлесін қосады. Яғни,
келесі қызметтер іске асырылады:
• Жоспарлау немесе болжау;
• Бақылау;
• Шешім қабылдау.
Бухгалтерлік есеп жөніндегі экономикалық ақпараттарға сұраныс
тудыратын экономикалық тұлғаларға: менеджерлер, акция ұстаушылар,
инвесторлар, жалдамалы жұмысшылар, несие берушілер және мемлекеттік ұйымдар
жатады.
Бухгалтерлік ақпаратты қолданатындар екі топқа бөлінеді:
• Ішкі қолданушылар, кәсіпорынның ішіндегі қолданыстар мен есептерді
жүргізу;
• Сыртқы қолданушылар, кәсіпорын құрамына кірмейтін тұлғалардың
қолданылуы.
Калькуляция немесе басқару есебінің негізгі мақсаты кәсіпорын
құрамында қызмет ететін тұлғаларды ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық есеп жүйесінде ақпарат сыртқы қолданушыларға арналып
дайындалады.
Қаржылық менеджмент немесе қаржылық ресурстарды және қатынастарды
басқару шаруашылық субъектінің бәсекелестік қабілетінің көтерілуі
мақсатында қаржы саласында нарықтық механизмді реттеудің нысандары мен
тәсілдерін, қағидаларын, әдістерін қамтиды.
Өндірістік есеп жүйесінде өндірістік қорлардың құнын бағалау үшін
өндірістік шығындарды анықтайды. Осы өндірістік шығындар негізінде
кәсіпорынды тиімді басқару, шешім қабылдау және бақылау, жоспарлау,
көрсеткіштерді бағалау іске асырылады. Ал бұл дегеніміз басқару есебінің
негізі болып табылады.

Кесте 2
Басқару есебі мен қаржылық есепті салыстыру

Салыстыру ауданы Басқару есебі Қаржылық есеп
1. Есеп жүргізу Басқарма шешімі бойынша Заң жүзінде талап
міндеттілігі етіледі
2. Есепеу мақсаты Жоспарлау, басқару және Ұйымнан тыс
бақылауда администрация пайдаланушыларға арнап
көмек көрсету есеп дайындау
3.Ақпаратты Фирма ішілік әр түрлі Шаруашылықтан тыс
пайдаланушылар басқармалар тұлғалар мен ұйымдар
4. Базистік құрылым Ақпараттарды пайдалану Негізгі тендік: Активы =
мақсаттарына тәуелді Міндеттеме + Капитал
емес
5. Негізгі жағдай Басқаруға жарамдының Бухгалтерлік есеп
барлығы стандарттары
6. Уақытпен қатыстылығы Ақпараттарды тарихи Тарихи сипаттама
сипатында болашаққа негізінде
жоспар және бағалау
жасау
7. Ақпараттын көрсетілу Ақшалай немесе ақшалай Ақшалай берілуі
немесе берілу түрі емес ақпараттар негізінде
8. Ақпараттың нақтылық Көптеген мөлшерлеме Нақтылықтын болуы
деңгейі бағалаулардың болуы
9. Есеп беру жиілігі Қашан сұраныс болады Кезеңдік, реттеушілік
негізде орын алады
10. Есеп объектісі Әр түрлі құрылымдық Ұйым толығымен алынады
бөлімшелер

Басқару үрдісі және бухгалтердің басқару үрдісіндегі ролі

Басқару үрдісі келесі элементтерден тұрады:
• Жоспарлау
Жоспарлау үрдісінде бухгалтерлер жоспар құруға, шешім қабылдау үшін
ақпаратпен қамтамасыз етуге, баға құруда, инвестиция көлемін анықтауда
оның жоспарланған мөлшерлемесін ұсына алады;
• Бақылау
Бақылау үрдісінде бухгалтерлер нақты нәтижелер арқылы оларды
жоспарланған көрсеткіштермен салыстыра отырып, әрбір орталықтың
қызметін бақылауды іске асырады.
• Коммуникация
Бухгалтерлер тиімді есеп беру жүйесі арқылы коммуникацияның дамуына
үлес қосады. Мысалы, смета негізінде менеджерлерге жоспардың құрамы
жеткізіледі, сондай-ақ сметадағы ақпараттар менеджерлер қызметіндегі
координацияға пайдалы.
• Мотивация
Сметалар және есеп-қисаптар сметаның орындалуы туралы ақпараттары
ұйымның персоналдарының мотивациясына басты әсер етеді. Смета
менеджерді белгіленген мақсатқа жетуге ынталандырады. Өз кезегінде
сметаның орындалуы туралы есеп-қисап белгіленген мақсаттың жоспары мен
нақты орындалған істің нәтижесін салыстыруға мүмкіндік береді.
Қаржылық менеджердің аясында әдістер мен тәсілдер көп түрлі. Оларды үш
топқа бөлуге болады: жалпы экономикалық, болжамды – сараптамалық және
арнайы.
Бірінші топқа несиелеу, саудалық – қарыздық операциялар, кассалық және
есептесу операцияларының жүйесі, сақтандыру жүйесі, есептесу жүйесі
қаржылық санкцияларының жүйесі, трансферттік опреациялар, амортизациялық
аударымдар өндірісінің жүйесі, салық салу жүйесі жатады. Мұндай тәсілдердің
жалпы логикасы олрадың негізгі параметрлері, орындаудың мүмкіндігі немесе
міндеттілігі экономиканы мемлекеттік басқарудың жүйесінің шеңберінде
орталықтандырылған. Бірақ оларды қолданудың вариабельдігі жеткілікті
дәрежеде шектеулі болғанымен, жекелеген тәсілдерді пайдаланудың варианттары
нақты кәсіпорынның деңгейінде жиі анықталады.
Екінші топқа қаржылық жоспарлау, салықтық жоспарлау, болжау әдістері,
үлгілеу әдістері жатады. Бұлардың көбісі табиғаты бойынша жасалған.
Осы екі топ арасындағы аралық жағдай орталықтандырылған реттеудің
дәрежесі бойынша жеке қолданудың міндеттілігі бойынша қаржыларды басқарудың
арнайы тәсілдері алады. Олардың көбісі өзінің таралуын енді бастап жатыр,
бұл дивиденттік саясат, қаржылық аренда, факторингтік операциялар,
франчайзинг, фьючерстер. Осы тәсілдердің негізінде туынды қаржылық
құралдар жатыр.
Қаржыларды басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің негізі болып
қаржылық сипатты кез келген мәліметтер, соның ішінде бухгалтерлік есепті,
қаржылық органдардың хабарландырудың, банктік жүйенің мекемелерінің
ақпаратын, тауарлық, қорлық және волюталық биржалардың мәліметтерін, өзге
де ақпараттарды айтуға болады.
Қаржыларды басқарудың техникалық қамтамасыз ету жүйесі дербес болып
табылады және оның негізгі элементі болып табылады. Көптеген, қазіргі
таңдағы қағассыз технологияға негізделген (банкаралық есептесулер өзара
есептесулер несие карточкалар арқылы есептесулер, клирингтік есептесулер)
жүйелер ЭВМ желісін, персоналды компьютерлерді, қолданбалы бағдарламалардың
қызмет ету пакеттерін қолданусыз мүмкін емес. Ағымдағы сарапатамалық
есептерді орындау үшін қаржылық менеджер стандартты бағдарламалық
қамтамасыз етумен, соның ішінде Excel, Lotus типіндегі пакетпен қолдануы
мүмкін.
Қаржыларды басқарудың кез келген жүйесін қызмет етуі құқықтық және
нормативтік қамтамасыз етудің шеңберінде жүзеге асырылады. Оған
президенттің заңдары, бұйрықтары, үкіметтің қаулылары министрлер мен
ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулары, лицензиялар, жарғылық құжаттар,
нормалар, инструкциялар, әдістемелік көрсеткіштер жатады.
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент тиімділігі көп жағдайда
пайдаланылатын ақпараттық болады және анықталады. Өз кезегінде
кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің ақпараттық базасының қалыптасуы
стратегиялық шешімдерді қабылдауға және қаржы қызметін ағымдық тиімді
басқаруға бағытталған сәйкесті ақпараттық көрсеткіштерді мақсатты бағытты
таңдау процесін білдіреді.
Нақты кәсіпорын үшін, қаржылық менеджменттің ақпараттық
көрсеткіштерінің қалыптасу жүйесі оның салалық ерекшеліктерімен,
ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен, шаруашылық қызметінің көлемімен және
диверсификациялану деңгейімен, басқада жағдайлармен байланысты. Сондықтанда
қаржылық менеджменттің ақпараттық базасын құрайтын барылқ көрсеткіштердің
жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін және нақты
кәсіпорынның тәжірибелік қызметінде әрбір топ бойынша қолданылуын
процедуралық дәйектеуді талап етеді.
Қазақстан Республикасындағы Бухгалтерлік есеп туралы заңға сәйкес
қаржылық есеп берушілік үш есеп беруді қамтиды:
1. бухгалтерлік баланс;
2. қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру;
3. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.
Баланстың екі бөлігі болады: жоғарғы бөлікте активтер тізіледі, ал
төменде – міндеттемелер және жеке өзіндік капитал. Активтер категориясына
объект жатқызылуы мүмкін, егер де ол үш шартқа жауап берсе: объекттің
құндылығы бар, объект өлшенетін құн бойынша сатып алынған, объект
кәсіпорынмен бақыланады немесе оның меншігінде болады. Активтер статьялары
екі топқа жинақталған: ағымдық активтер, олар қолма-қол қаражатқа айнала
алады немесе толығымен бір жылдан аз уақытта пайдаланылуы мүмкін және ұзақ
мерзімді активтер. Активтердің статьялары әдетте кемімелі өтімділік
тәртібінде орналасады. ¤тімділік – активтердің қолма-қол ақша қаражаттарына
қаншалықты айнала алатындығының мөлшері, статьялардың өтімділігі жоғары
болған сайын, сәйкесті активтерді қолма-қол ақшаға айналдыру соншама жеңіл
болады.
Компанияның қаржылық құрылымы кәсіпорынның қаражаттарының қалыптасу
көздері тізілетін кестенің төменгі бөлігінде суреттеледі. Бұл қаржы
көздері негізгі екі типке бөлінеді: міндеттемелер және өзіндік капитал.
Міндеттемелер кәсіпорынның ресурстарының ішкі көздерін білдіреді.
Міндеттемелер статьялары ұқсас түрде екі статьяға жинақталады: ағымдық
міндеттемелр, олар бір жылдан кем емес уақытта жабылуы тиіс болады және
ұзақ мерзімді міндеттемелер. Кәсіпорын қаражтарының қалыптасуының басқадай
көзі өзіндік капитал деп аталады. Компанияға ресурстарды капитал формасында
берген инвесторлар, акцияларды алады. Инвесторларымен берілген капиталдың
жалпы сомасы акционерлік капитал деп аталады. Капиталдың қалыптасуының
екінші көзі пайда болып табылады. Инвесторларға қатысты міндеттемелерді
жабуға жіберілмейтін пайданың бөлігі кәсіпорын иелігінде қалады және
бөлінбеген пайда деп аталады.
Пайдалар және шығындар туралы есеп беру компанияның қандай пайда
алғандығына және ол бір жыл ішінде қандай шығындарға батқандығына куә
болады. Пайда және шығындар туралы есеп беру, компаниямен болашақта не
болатындығын алдын ала айтатын барометр ретінде болып табылады. Бір жыл
ішіндегі цифрлар сізге компанияның қызметі туралы толық түсінікті
қалыптастыруға сәл ғана көмек береді. Бірнеше жыл қатарынан көрсеткіштерді
салыстыру - одан да барынша маңызды. Әдетте пайда және шығындар есеп
беруіенде екі жылға мәлметтер кертіріледі, ал он жылда бір рет жинақты
қаржы есеп беруі дайындалады.
Пайда және шығындар туралы есеп беру, компанияның өндірістік қызметінің
нәтижелері бойынша қаржылық түйінді қамтиды. Баланстық есеп беруге қарама-
қарсы пайда және шығындар туралы есеп беру, белгілі бір уақыт кезеңде
немесе нақты есептік жылда жүргізілген қызметті қамтиды. Пайда және
шығындар туралы есеп беру, баланстық есеп беруде бейнеленген компанияның өз
активтерін қаншалықты табысты пайдаланғандығын көрсетеді; басқаша айтқанда
компанияны басқару бойынша менеджерлер тиімділігінің деңгейі бір жыл ішінде
алынған немесе шеккен пайда және шығындар мөлшерінде бейнеленеді.

II КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ
ЖІКТЕЛУІ

2.1 Кәсіпорынның өнім өндіруге, өнімділікке, сатуға кеткен және басқа да
шығындары

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар мен құрал-жабдықтардың
шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған
еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің
қандайына болмасын жанды және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп
тұжырымдалады. Өткен еңбек білім, информация түрінде жинақталады.
Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде – зат немесе құн түрінде -
өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды. Өндірістің нәтижелерін,
оларды жасауға жұмсалған шығындармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігі
айқындалады.
Өнімділік – осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген
өнімдерінің сол мерзімде жасалған немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған
ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталаған бір түрінің
(еңбек, капитал, қуат, ақпарат, материалдар) өнімділігін есептеу қажет
болса, онда бұл есеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өндірістегі шығындар есебі
Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау
Кәсіпорынның өндіріске, жұмысқа, өнімді өткізуге, сатуға кеткен шығындары
Өзіне меншікті өндіріс шалафабрикатының есебі
Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
Жалпы өндірістік шығындар
Үстеме шығындардың есебі
Өндірістік шығындар туралы ақпарат
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Пәндер