Экономиканың нақты секторын инвестициялау, жаңа технологияларды игеру және қайта құру
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ .5
1.1 Инвестиция ұғымы және оны макроэкономикалық талдау ... ... ... ... ... .5
1.2 Кәсіпорындарды қайта құрудың, кеңейтудің экономикалық тиімділігі мен жүргізілу барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Инновация өнеркәсіпті құрылымдардың негізгі формасы ретіндегі кезеңдері мен өнеркәсіп дамуы үшін маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Өнеркәсіпте жаңа технологияларды игерудегі инвестициялық және инновациялық саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстан Республикасының бүгiнгi өнеркәсіптік жағдайы ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта құрылымдау, кеңейту, қайта қаруландыру және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Өйткенi егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын өзекті мәселенің бірі болып отырған «Экономиканың нақты секторын инвестициялау, жаңа технологияларды игеру және қайта құру» деп алдық.
Бұл тақырыптың өзектілігі Қазақстан өнеркәсібіндегі қызмет ететін кәсіпорындарды қайта құрудың, техникалық қайта қаруландырудың қажеттігі жоғары шамада туындап отырған ол ұлттық машина жасау өнеркәсіп орындарының жағдайы болып табылады. Өйткені бүгінгі таңдағы машина жасау өнеркәсібі біздің елімізде ғана емес, сондай-ақ дамыған шетелдердің өзінде де өте күрделі, қайта қаруландыру мен жаңа технологияларды енгізуді қажет ететін басты салалардың бірі болып табылады.
Жұмысты орындау барысындағы негізгі мақсат болып экономиканың нақты секторын инвестициялау, қайта құру мен жаңа технологиялармен қаруландырудың экономикалық тиімділігін, оның жүргізілу барысын және қайта қаруландыруға инвестиция мен инновацияның маңыздылығын ашу, осы аталғандардың Қазақстандағы жүргізілу барысы мен мәселелерін, жетілдіру жолдарын талдау мен ұсыну болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қарастырылады:
1) Ұлттық нақты секторды қайта құру мен кеңейтудің қажеттігі мен жүргізілу кезеңдерін талдау мен жанжақты зерттеу;
2) Өнеркәсіп саласында қызмет ететін кәсіпорындардың бүгінгі таңдағы жағдайы мен шешуді қажет ететін мәселелерін анықтау.

1. Нургалиев К.Р., Нургалиев А.К. Экономика Казахстана: Учебник. – Алматы: «Зият Пресс», 2007. – 306 с.
2. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
3. Кожахмедов Д.Б. “Машиностроение как основа формирования конкурентспособной экономики Қазахстана” // Аль-Пари , №1.2004г.
4. Купешова Сауле Телеухановна / “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” – диссертация, Алматы, 2002 г.
5. Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
6. Оспанов М.Т. Иностранный капитал и инвестиции. – Алматы: 1997 г.
7. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика: Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М.: Дело. 2002. – 472 с.
8. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
9. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
10. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
11. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат №2, 2005
12. Статистический ежегодник. Алматы. – 2008г.
13. Бердибек Сапарбаев «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане и перспективы дальнейшего развития экономики страны» // РЦБК, №4, - 2007 г. 23-27 стр.
14. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
15. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ ЖӘНЕ
ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ .5
1. Инвестиция ұғымы және оны макроэкономикалық талдау
... ... ... ... ... .5
2. Кәсіпорындарды қайта құрудың, кеңейтудің экономикалық тиімділігі мен
жүргізілу барысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..10
1.3 Инновация өнеркәсіпті құрылымдардың негізгі формасы ретіндегі
кезеңдері мен өнеркәсіп дамуы үшін маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
МЕН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Өнеркәсіпте жаңа технологияларды игерудегі инвестициялық және
инновациялық саясат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..16
2.2 Қазақстан Республикасының бүгiнгi өнеркәсіптік жағдайы
... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ..26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
КІРІСПЕ
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта
құрылымдау, кеңейту, қайта қаруландыру және жанама индустрияландыру уақыт
талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп
қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-
инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге
мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Өйткенi егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге
назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу
байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып
отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi
бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп
кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы
елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған
елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей
байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ
мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын өзекті мәселенің бірі болып отырған
Экономиканың нақты секторын инвестициялау, жаңа технологияларды игеру және
қайта құру деп алдық.
Бұл тақырыптың өзектілігі Қазақстан өнеркәсібіндегі қызмет ететін
кәсіпорындарды қайта құрудың, техникалық қайта қаруландырудың қажеттігі
жоғары шамада туындап отырған ол ұлттық машина жасау өнеркәсіп орындарының
жағдайы болып табылады. Өйткені бүгінгі таңдағы машина жасау өнеркәсібі
біздің елімізде ғана емес, сондай-ақ дамыған шетелдердің өзінде де өте
күрделі, қайта қаруландыру мен жаңа технологияларды енгізуді қажет ететін
басты салалардың бірі болып табылады.
Жұмысты орындау барысындағы негізгі мақсат болып экономиканың нақты
секторын инвестициялау, қайта құру мен жаңа технологиялармен қаруландырудың
экономикалық тиімділігін, оның жүргізілу барысын және қайта қаруландыруға
инвестиция мен инновацияның маңыздылығын ашу, осы аталғандардың
Қазақстандағы жүргізілу барысы мен мәселелерін, жетілдіру жолдарын талдау
мен ұсыну болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қарастырылады:
1) Ұлттық нақты секторды қайта құру мен кеңейтудің қажеттігі мен
жүргізілу кезеңдерін талдау мен жанжақты зерттеу;
2) Өнеркәсіп саласында қызмет ететін кәсіпорындардың бүгінгі таңдағы
жағдайы мен шешуді қажет ететін мәселелерін анықтау;
3) Инновация мен инвестициялық саясат өнеркәсіпті тиімді қайта құрудың
және түбегейлі дамуға апаратын құрылымдау формалары ретінде қарастырып
өту;
4) Қазақстан өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың жағдайы мен оларды
құрылымдау барысын, орын алып отырған мәселелерді талдау болып
табылады.
Жұмыстың құрылымына келетін болсақ, бірінші бөлімде өнеркәсіпті қайта
құрудың, кеңейтудің маңыздылығы және оны іске асырудағы инновацияның
маңыздығы қарастырылса, ал екінші бөлімде Қазақстанның бүгінгі өнеркәсіптік
жағдайы, даму мәселелері мен шешу жолдары және экономиканың нақты саласын
инвестициялау туралы айтылды.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ ЖӘНЕ
ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
1.1 Инвестиция ұғымы және оны макроэкономикалық талдау
Инвестиция дегенiмiз табыс табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметке
салынған мүлiктiк және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрi.
Инвестициялық қызметтiң негiзгi мақсаты кәсiпкерлiк табыс табыс пен пайыз
алу болып табылады. 1,141б
Инвестицияның экономиканың тиімді және тұрақты дамуындағы маңыздылығы
жоғары. Инвестиция негізінде бос капиталдардың, мемлекеттік қаржылардың
және шетелтік капиталдардың экономикалық шаруашылықтың қаржыға мұқтаж болып
отырған салаларға капитал ағымдары орын алады. Бұл әсіресе ұлттық маңызы
бар өнеркәсіп және өндіріс түрлерін дамыту үшін қажетті. Сонымен қатар
инвестициялық саясат жүргізуде шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану,
оларды активті инвестицияларға бағыттау мәселесінің орны ерекше.
Жалпы коммерциялық практикада инвестицияның келесi үш түрiн көрсетуге
болады:
1) Физикалық активтегi инвестициялар;
2) Ақшалай активтегi инвестициялар;
3) Материалдық емес активтегi инвестициялар. 2, 18 б
Бағалы қағаздар арқылы жүргiзiлетiн инвестицияларды портфельдi
инвестициялар деп атайды. Қаржылық инвестицияларға – акционерлiк
кәсiпорындар немесе мемлекет шығарған акциялар, облигациялар және басқа да
бағалы қағаздар, банктiк депозиттерге салымдар жатады.
Ал физикалық активтегi инвестициялар нақты инвестициялар болып
табылады. Нақты инвестициялар бұл өндiрiстiк капиталға ( құрылыс, машина
және құрал-жабдықтар, ақпарат тарту, байланыс) салынған капиталдық
салымдар. Бұлардың барлығы экономикада қозғалмайтын мүлiктермен байланысты.
Инвестиция объектiлерi болып жаңа инновациялық өнiм немесе қызмет
түрiн өндiруге бағытталған құрылыс орындары, техникалық қайта жабдықталушы
және өндiрiс көлемiн кеңейтушi кәсiпорындар, ғимараттар, негiзгi қорлар
жатады. Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей
ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуеттiк, экономикалық, мемлекеттiк
маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай
өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық
жұмыстарға қатысу.
Инвестиция – экономикалық стратегияның маңызды элементі. Өйткені
қазіргі экономика жүйесін дамыту кезеңінде ішкі қаржылындыру көздерінің
мүмкіндіктері жетіспеуде, сондықтан да сыртқы капиталды тарту және оны
тиімді пайдалану мәселелері өте маңызды орын алуда.
Жалпы экономикада инвестиция қалыптасуының негізгі қайнар көздеріне
келесі қаржылар мен капиталдарды жатқызуға болады:
1) Экономикадағы бос қаражаттар;
2) Ұлттық банк немесе екінші деңгейдегі банктердің шығарған қарыз
түріндегі бағалы қағаздары;
3) Кәсіпорындардың акция шығару арқылы қаржы тартуы;
4) Мемлекеттен арнайы берілетін немесе жеңілдікті инвестициялар;
5) Халықтың әр түрлі салымдары;
6) Банктердің ұзақ мерзімді несиелері;
7) Шетелдік инвестициялар. 3, 21 б
Тікелей шетел инвестициялары қазіргі уақытта жаһанданып жатқан
экономиканың өндірістік негізі – халықаралық өндіріс жүйесін дамыту.
Халықаралық инвестициялаудың әлемнің жалпы дамуындағы маңыздылығы оның
капиталдардың жинақталған елдерден осы капиталға мұқтаж болып елдерге
ағылуы болып табылады. Ал осының нәтижесінде әлемдік қоғамның тұрақты әрі
біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі.
Әлемде салымдарының көлемі бойынша ең ірі 100 трансұлттық компаниялар
өндірісі дамыған елдерде орналасып, олардың шетелдерге инвестиция
салымдарының көлемі 1,4 трлн доллардай бағаланып отыр. Осы аталған
компаниялар негізінен АҚШ, Жапония, Германия және Оңтүстік Корея елдері
жатады. Осы компаниялардың стратегиясы тікелей шетел инвестицияларының өсе
түсуін мақсат етеді. Әлемдегі осы алашқы 100 компанияның үлесі 42%-ды
құрайды. Бұл трансұлттық компаниялардың негізгі бөлігі экономикасы дамыған
елдерге тәуелді, ал дамушы елден шыққан трансұлттық компаниялар Оңтүстік
Кореяның Дэу, Сингапурдың Крейтив технолджи (компютерлік мультимедиялық
рыноктың 60%-ын құрайды) компаниялары жатады.
Соңғы 10-20 жылда шетелдік инвестициялардың басым бөлігі қазіргі жаңа
индустриялы елдер аталып кеткен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне бағытталды.
Осындай шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және оларға қолайлы орта
қалыптастыруда шетелдік инвестициялардың алатын орны ерекше болды. Жоғарыда
атап өткен қазіргі шетелге инвестиция шығарушы елдер қатарына кіріп отырған
Оңтүстік Корея Республикасының өзі кезінде ұлттық экономикасын шетелдік
инвестициялар арқылы дамытқан болатын. 1992 жылы осы аталған елдер қатарына
кіретін Қытай ең көп шетел инвестицияларын қабылдаушы ел болды. Осының
негізінде Азиялық инвестициялық бумға Қытай экономикасы үлкен әсер етті.
4, 9 б
Экономиканы тиімді дамытудағы инвестициялық саясаттың негiзгi мақсаты
болып ғылыми-техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн, техникалық дамудың
жаңа сатыларына алып шығатын және өте тиiмдi өнеркәсiп салаларын зрттеу мен
оны iске асыру болып табылады. Сондай-ақ инвестицияарқылы ұдайы өндірісті
қамтамасыз етуші қаржы ресурстары қалыптасып, жалпы шаруашылықты жүргізу
мен ынталандырудың қайнар көзі болып табылады.
IS-LM моделі жиынтық сұранысты қамтамасыз етудегі тауар және ақша
нарығындағы тепе-теңдік моделі болып табылады. Тауар нарығы IS инвестиция
мен жинақтардың ара қатынасын, олардың теңдік ережесін көрсетеді. 5, 186
б
Е (В) Кейнс кресті
E= C(Y-T)+I(R1)+G=Xn
Y=E
А
E= C(Y-T)+I(R2)+G=Xn
В
Табыс
(А) Инвестиция функциясы У2 У1 У
R R
(С) IS қисығы
R2 R2
R1
R1 IS*
Табыс
I(R2) I(R1) I Y2
Y1 Y
Сурет 1 – IS қисығының қалыптасуы
1-ші суреттен көретініміз пайыз қойылымы өскен сайын жоспарланған
инвестиция көлемі төмендейді, ал Кейнс кресті бойынша жоспарланған
инвестициялар көлемі кеміген сайын табыс та (У1-ден У2-ге дейін) кемиді.
Осыдан келіп IS қисығы бойынша неғұрлым пайыз қойылымы өскен сайын,
соғұрлым табыс деңгейі де төмендей береді. 5, 186 б
Жалпы инвестициялық саясатты іске асырғанда жобалар жобалық кезеңдер
арқылы іске асады. Оларға:
1) Жобаны формулировкалау. Бұл кезеңде кәсіпорынның ағымдағы жағдайы және
дамуының неғұрлым маңызды салаларын талдайды. Бұл таңдаудың негізі
көбінесе бизнес-ойлар түрінде болады. Егер бірнеше тиімді бизнес-ойлар
бар болған кезде, кәсіпорын тиімді шешім қабылдауда келесі кезеңге
өтеді;
2) Жобаны дайындау. Бұл кезеңде нақты шешім қабылдау үшін жобаны барлық
жағынан: коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық,
институционалдық талдау қажет. Бұл кезеңде маңызды шара болып жобаның
жекелеген есептерін шешуге қажетті ақпараттарды табу және жинақтау;
3) Жобаны экспертизиялау. Жобаны іске асырудан бұрынғы оны жүйеленген
сынақтан өткізу инвестициялық жобаның өміршеңдігінің кепілі болып
саналады. Егер жоба стратегиялық инвестициялар арқылы қаржыланған
болса, онда инвестордың өзі жобаға экспертиза жүргізеді. Ол сынақты
консалтингтік фирмалар арқылы жасауы мүмкін.
4) Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-ойдың нақты дамып, іске асуымен
сипатталады. Мұнда кәсіпорынның инвестициялық жобасының нақты қызмет
етуі жобаны іске асыруға қажетті қызметтер және инвестордың қалауын
қамтамасыз етуді көздейді.
5) Иинестициялық жобаның нәтижесін бағағалау. Бұл кезең инвестициялық
жобаның іске асып, аяқталғанымен көрініс табады. Яғни мұнда
инвестициялық салымдар мен оның нақты орындалғандығының, жалпы
инвестициялық тиімділігін бағалау жүргізіледі.
Экономиканың шаруашылық жүргізудің нарықтық тәсілге көшуінің ерекше
жағдайлары шаруашылық қызметін қаржыландыруға, бұрыннан бар кәсіпорындарды
техникалық қайта жарақтандыруға және жаңаларын құруға байланысты көптеген
шешім қабылдауды керек етеді. Инвестициялық процесс және оған тиісті
инвестициялық жоспарлау жүйесін жетілдіру, анығырақ айтқанда болжалап
отырған инвестицияның бюджетін қаржылық жоспарлау мазмұнына жаңа
ерекшеліктер қалыптасуда. Оның қалыптасуына мемлекеттік қаржыландыру
мөлшерінің айтарлықтай қысқаруы елеулі ықпал етті. Өйткені қаржыландырудың
балама көздері іздестірілді. Бұл жұмыста шаруашылық жүргізудің түрлі
жүйесіндегі қаржы жұмсау инвестициясының тиімділігін бағалаудың
тәсілдемелік амалдары қарастырылған.
Инвестицияның шетелдік теориясын зерттеу объектісінің, ең алдымен
қаржылық инвестиция екенін атап көрсету керек. Отандық экономика ғылымы
күні кешеге дейін нақты инвестициямен айналысты. Ғылыми ортада талқыланған
мәселелердің ішінде тиімділік критерийі экономикалық тиімділік, өтелу
мерзімі жағдайлары пікір – талас тудырды. Пікір – таласқа С.Струмилин,
Н.Новожилов, Н.Ноткин, Хачатуров тәрізді белгілі ғалымдар қатысты. Одан
кейін халық шаруашылығының негізінде қаржы жұмсаудың экономикалық
тиімділігін бағалу мәселесіне А.Анчшикин, Д.Львов, В.Красовкий, А.Әлімбаев
т.б. көптеген ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Сондықтан да инвестициялық саясаттың негiзгi мақсаты болып ғылыми-
техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн, техникалық дамудың жаңа
сатыларына алып шығатын және өте тиiмдi өнеркәсiп салаларын зрттеу мен оны
iске асыру болып табылады. Инвестицияның қарқынды мөлшерi әсiресе негiзгi
өндiрiс құрал-жабдықтарының 80% ескiрген, өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi сан-
алуан болып келетiн Қазақстан Республикасы үшiн маңызы ерекше.
Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы
қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Ал ол үшiн даму
жағынан артта қалған және дамушы елдерге тән, шығындық өндiрiске алып
келетiн шикiзаттық экономикадан тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз
ететiн жоғары индустриялы-техникалық өндiрiстi қамтамасыз етiп, бәсекеге
қабiлеттi тауарлар мен қызметтер өндiруiмiз керек. Ол үшiн елiмiз
экономикасына көп мөлшерде инвестиция тартылып және олар тиiмдi салаларға
жұмсалуы тиiс. Ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып келетiн өңдеушi салаларға
шетелдiк иныесторлар қаржы салуға ынталы емес, себебi олар үшiн
инвестицияны салып, одан жылдам пайда түсiретiн шикiзаттық өндiрiстер
тиiмдi болып отыр.
Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды
инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк
инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм
шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң
шикiзатымыз болып отыр. Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық
өндiрiске салынуда. 5, 14 б
Инвестициялық стратегия ұзақ мерзiмдi кезеңдегi жоспарланған
инвестициялардың және шетелдік инвестициялардың тұрақты дамуын, оларды
тартудың және шығарудың тиiмдi жолдарын көрсету, жалпы болашақтағы
инвестициялық бағдарларды айқындайды. Ал осы инвестициялық стратегияның
iске асуы үшiн кәсiпорын белгiлi мерзiм аралықтарында және рынок
құрылымының өзгерiсiнде инвестициялық саясаттарды iске асырады. Осы
инвестициялық саясаттарды iске асырғанда келесi қағидаларды ескеру қажет:
1) Қарастырылып отырған шараларды экономикалық, ғылыми-техникалық,
экологиялық және әлеуметтiк тиiмдiлiктерiн максималдау;
2) Шетелдік капитал салымдарынан түсiп отыратын ұсыныстарды тиiмдi
инвестициялау;
3) Пайдалы емес жобаларды iске асырғанда ақша ресурстарын тиiмдi
пайдалану;
4) Шетелдік инвестицияның тиiмдiлiгiн арттыруда мемлекеттiк қолдауларды
қажет ету;
5) Шетел инвесторларыннан несие және қарыз алуда белгiлi бiр
жеңiлдiктерге ие болу;
6) Инвестициялық тәуекелдiлiктердi минималдауды қамтамасыз ету және
инвестициялық ортадағы бәсекелiктi ескеру;
7) Шетелдік инвестицияларды сақтандыру және коммерциялық
тәуекелдiлiктерге кепiлдеме берiлу жағдайлары.
1.2 Кәсіпорындарды қайта құрудың, кеңейтудің экономикалық тиімділігі
мен жүргізілу барысы
Қазіргі қоғамда кәсіпорын өте маңызды роль атқарады. Ол арқылы еңбек,
материалдық және қаржылық ресурстар қалыптасып, бір орталыққа жинақталады.
Осы кәсіпорындар арқылы қоғамның қажеттілігі болып табылатын тауарлар мен
қызметтер өндіріледі.
Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару мемлекеттік тапсырыстар мен оларды
бөлумен айналысу негізінде сенімді қызмет атқарады. Ол кезде қаржылық
қамтамасыз ету өнімнің сапасы тапсырысты орындау мерзіміне және нарықтағы
сұранысқа байланысты болады.
Еліміздің 1991 жылы егемендігін алып, экономикалық дамуда мүлдем басқа
құрылым және өзгеше ойлау мен әрекет етуге апаратын нарықтық қатынастағы
экономикаға өтуі өнеркәсіптік шаруашылықтарды қиын жағдайға қалдырды. Бұл
ауыр кезеңнен өтіп кетуге көптеген кәсіпорындардың шамасы келмеді. Осының
салдары негізінде елімізде өнеркәсіп саласында жаппай құлдырау басталды.
Бұл өз кезегінде негізгі құралдардың басым бөлігінің тозуы, бұрында
мемлекет күшімен ұстап отырған заман талаптарына жауап бере алмайтын
өндірістер мен кәсіпорындар арты-артынан банкротқа ұшырап жатты. Ол
көріністер ұлттық технологиялардың бәсеке қабілетсіздігі, шығынды
өндірістің қалыптасуы, қазіргі құралдардың моралды және физикалық тозуы,
мотивизациялаудың әлсіздігі, қызмет етіп отырған кәсіпоырндардың нарықтық
қатынастар механизмдеріне бейімделмеуі және қоғамда жалпы сұраныстың кемуі
мен тұрақсыздықтың орын алуы, әріптес мемлекеттермен жүйеленген байланыстың
үзілуі нәтижесінде орын алды. 1,141б
Осы аталған кәсіпорындардың жан-жақты құлдырауын ескере келе елімізде
өндірістің құлдырауы соңғы 2000 жылға дейінгі аралықтарда жалғасын тапты.
Айта кететін жағдай елімізде бүгінгі таңда тек шикізат бағытында қызмет
ететін кәсіпорындарда ғана олардың өнеркәсіптік құрылымын қайта құрудың,
кеңейту және қайта қаруландырудың шаралары жүргізілуде, ал қалған
салалардағы (ауыл шаруашылығы, өңдеу салалары, машина жасау және жеңіл
өнеркәсіп) кәсіпорындарда әлі де болса өнеркәсіпті қайта қаруландыру мен
жетілдіру шаралары толық қанды іске аспай отыр.
Елімізде осы мәселелерді ескере отырып, сол жылдардан бастап әр түрлі
реформалар экономикалық саясаттар мен реттеу шаралары жүргізілді. Оларға:
кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру, несиелеуді дамыту, әсіресе лизингтік
несиені жетілдіру, өнеркәсіп кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету,
сонымен қатар ең маңыздысы 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-
инновациялық бағдарлама қабылдап, оның іске аса бастауы болып табылады.
Қазақстан өнеркәсібіндегі қызмет ететін кәсіпорындарды қайта құрудың,
техникалық қайта қаруландырудың қажеттігі жоғары шамада туындап отырған ол
ұлттық машина жасау өнеркәсіп орындарының жағдайы болып табылады. Өйткені
бүгінгі таңдағы машина жасау өнеркәсібі біздің елімізде ғана емес, сондай-
ақ дамыған шетелдердің өзінде де өте күрделі, қайта қаруландыру мен жаңа
технологияларды енгізуді қажет ететін басты салалардың бірі болып табылады.
Ал Қазақстанда осы аталған машина жасау өнеркәсібі құралдары мен өнім
өндіру технологиялары мүлдем ескірген, технологиялық әдістері заман
талабына сай емес және оларды қайта құрылымдау дәрежесі мүлдем төмен болып
отыр. Яғни, бұл жерде мұнай саласына байланысты машина жасау кәсіпорындарын
есептемегенде. Себебі, еліміздегі батыс аймақтарында орналасқан мұнай
саласының қарқынды дамуына байланысты ондағы машина жасау және құралдар
дайындау өнеркәсібі де мұнай саласымен бірге дамып, соңғы заман құрал-
жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Өнеркәсіп орындарын қайта құрылымдау нарықтық экономикада қызмет
ететін кәсіпорындардың барлығы үшін қажет және күрделі қызмет болып
табылады. Қайта құрыылымдау өндірістің құрылымын және өндіру
технологияларын, қаржы-инвестициялық механизмін, шаруашылық процестерді
басқару және өнімдерді нарықта өткізудің тиімді болып табылатын жаңа
құрылымдық формаларын енгізуден тұрады. Яғни, қайта құрылымдау
өнеркәсіптік комплекс құрылымын сапалы түрде, соңғы заман жетістіктеріне
негіздеп өзгерту шаралары болып табылады. 2, 67 б
Бұл анықтаманың кең қоданылатын қолданысында келесі ұғымдармен тікелей
байланыста болады: кәсіпорынның құрылымын ұйымдастырушылық, құқықтық,
экономикалық, техникалық және мамандану жағынан қайта құру немесе жетілдіру
шаралары жиынтығын құрайды. Сондай-ақ осындай құрылымдау мен қайта
қаруландырудың негізінде сапалы өнімдер өндірумен және өндірістің
тиімділігін дамытумен байланысты болады.
Кәсіпорынның қайта құрылымдау түрлеріне келесілер жатады:
1) Қаржылық қайта құрылымдаудың мәні кәсіпорынның қаржыларының
құрылымдарын талдау және олардың қайта құрудың маңыздылығын
арттыру;
2) Физикалық қайта құрудың өндіріс қуаттылығын, машина және құрал-
жабдықтарды ауыстыру, яғни артық жұмыс күшін қысқарту және
өндірістің өнімділігін арттыру кіреді.
Бизнесті қайта құрылымдау кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасына
маркетингтік зерттеу жүргізу және соның барысында бизнестің мақсатын,
нарықтық құрылымын, басқару жүйесін ұйымдастыру қарастырылды.
Қайта құрылымдау отандық кәсіпорындардың қаржылық жағдайын
тұрақтандырушы құрал қызметін атқарады. Соңғы уақытта қаржыландыру
көздерінің құрылымында келесідей өзгерістер болды. Жергілікті және
республикалық бюджет капитал салымдарының үлесі : 1995 жылы 5%, 2000 жылы
8%. 1995 жылдан бастап өнеркәсіп кәсіпорындарының меншік қаражаттары азая
бастады, оның 1995 жылғы шамасы 92% болса, ал 2000 жылы бұл шама 62%,
биылғы жылы 50% шамасында болып отыр. Инвесторлардың қаржыландыру үлесі
елеулі өсті, яғни 1995 жылы 2%, ал қазіргі уақытта 40% шамасында.
Машина жасау кәсіпорындарының ұзақ уақыт мерзімде төлемқабілетсіздік
жағдайы әсіресе жанармайға тарифтердің жоғары болуы, элетр қуатының
қымбаттауы, әлсіз несие саясаты мен мемлекеттік қолдаудың
жеткіліксіздігінен көрініс тапты. 3, 26 б
Сонымен машина жасау өнеркәсіптерін қайта құрылымдау комплекстік
формада жүргізіледі. Шетел тәжірибелері көрсеткендей машина жасау саласы
үздіксіз жаңарып отыруды талап етеді. Яғни, осының нәтижесінде ғана жоғары
рентабельділік пен бәсекеге қабілетті бола алады.
Бәсеке қабылеттілік ұғымының қасиеті болып табылатын жаңашылдық
жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің
техника-технологиялық жаңартуымен байланысты техникалық жаңалық болып
табылады. Мұның құралы құрал жабдықтар мен апаратура, өндірістің техникалық
құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасы ету сондай-ақ өнімдерді өндіру
аясындағы жаңалықтарды игерудін әдістерімен тәсілдері кіреді.
Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне - әлеуметтік жаңалықтар
жатады. Мұндай жаңылықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік
технологиялардың жиынтығы қарастырылады. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін
деңгейіне негізінен мынандай факторлар әсер етеді :
1) өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми техникалық
деңгейі;
2) жаңа өнер табулармен жаңашылдықтарды қолдану;
3) қазіргі заманға сай автоматтандырылған және жұмыстандырылған өндіріс
құралдарын еңгізу.
Сонымен, бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсеке қабілеттілік
қасиетін қалыптастыруға қажетті жеткілікті жағдайларды айқындайды.
1.2 Инновация өнеркәсіпті құрылымдардың негізгі формасы ретіндегі

Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар
аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды.
Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл
шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты
орындардамыз.

қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске
өтiп, индустриялы-инновациялы дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен
даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы
атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және
экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты
экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп,
әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. реформалар жүргiзiп
және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн
көрсетуге болады:
1) инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы
бәсекелестiкке төтеп бередi;
2) инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
3) жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тигiзедi;
4) инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде. 4, 21 б
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар
техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi
әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
1) экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор
инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
2) экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
3) интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi
болып табылады.
Инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi
1. Алынған ойларды жүйелеу:
1) Рынок өзгерiсi туралы ақпарат жинау, жаңалықтар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан
алынған және маркетингтiк зерттеулер, фирма аппараттарының сауда
делдалдарынан жинаған ақпараттары және т.б;
2) Фирманың жаңа өнiм өндiру мүмкiншiлiгiн және тәуекелдер деңгейiн
анықтау;
3) Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар жинау;
2. Жекелеген ойларды талдау және жаңа өнiм идеясын зерттеу:
1) Мүмкiншiлiктердi және ойды практикалық iске асыруды анықтау;
2) Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнiм өндiру жоспарының сәйкес келуi;
3) Болашақ өнiмнiң патенттiк айқындығын анықтау;
3. Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiне анализ жасау және
маркетингтiк бағдарлама құру: 5, 31 б
1) Өнiм өндiру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау;
2) Өнiмнiң техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасына және
тұтынушылық қасиетiне баға беру;
3) Потенциалды рынок сұранысына және сату көлемiне талдау жасау;
4) Жаңа өнiмдi өндiруге кететiн шығындарды анықтап, өнiмнiң өз құнын
өтеу мерзiмiн белгiлеу;
5) Жаңа өнiм өндiруге қажеттi негiзгi ресурстардың көздерiн табу.
Оларға: техникалық машиналар, құралдар, шикiзаттар, материалдар,
кадрлық персоналдар және қаржылық ресурстар көздерi жатады;
6) Жаңа өнiмдi игеру және оның рынокқа шығу мерзiмi;
7) Өнiмнiң пайдалылығын талдап, оған маркетингтiк бағдарлама жасау;
4. Жаңа өнiмдi дайындау:
1) Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
2) Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтiк
қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң қоршаған орта жағдайына әсерi);
3) Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн, оралуын, маркировкасын
жасау;
5. Рынокта жаңа өнiмдi тестiлеу:
1) Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
2) Сатылудың оптималды шараларын талдау;
3) Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
4) Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
6. Жаңа өнiмдi өндiрiске енгiзу туралы шешiм қабылдау:
1) Жаңа өнiмнiң коммерциялық негiздемесi: сату көлемi, өнiмнiң
пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесi, өткiзудiң негiзгi
каналдары мен әдiстерi, фирманың рыноктағы имиджi, тұтынушылармен
байланыстың тұрақтылығы;
2) Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi бар ресурстарды тиiмдi пайдалануы
және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етiлуi;
3) Қаржылық мүмкiншiлiктер: инвестициялар, несиелер және гранттар;
4) Жаңа өнiмде патенттiк қорғаныстың болуы. 5, 33 б
Жалпы алғанда өндіріске енетін жаңа техника күрделігіне қарай
конструкторлық сынақ жұмыстарының нақты түрлері 200-205-ге дейін жетеді.
Сондықтан бұл жұмыстарды тиімді басқару үшін кестелі графика қолданған
лайықты болады.
Технологиялық дайындау кезінде жаңа өнім қалай жасап шығарулуы керек
жолы іздестіріледі. Бұл қызмет бірнеше кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – сызбалық технгологиялық бақылауды өткізу. Бұл жұмыс
сынақ үлгісін жасап шығарарда басталады. Негізгі мақсаты – конструкция
құрған кезде оны жасап шығару жолдарын заводтағы мүмкіншілікке сай
іздестіруі керек.
Екінші кезең, цехаралық технологиялық маршрутты құру. Әр бөлшекке
арнап заводтың қай цехтарынан өтетінін көрсететін кеңістік жылжу схемасы
құрылады.
Үшінші кезең – механикалық өңдеудің технологиялық процесін жасау.
Сызбаға қарап технологтар техникалық шарттарды, өндіріс программасын, құрал-
жабдық құрамын, әр түрлі нормативтерді ескеріп жасайды.
Төртінші кезең – құрастыру технологиялық процесін жасау.
Бесінші кезең – технологиялық жабдықтарды жобалау және жабдықтарды
жасап шығару.
Алтыншы кезең – технологияларды ақырғы рет түзеп, өндірісте қолдану.
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын
құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз
ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер,
ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек. 5, 45 б
2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы
Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін
жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру,
қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық
даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары
қарай дамыту.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-
келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет
көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер
болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп,
ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады. Бұл
айтылғандар машина жасау өнеркәсібіне тікелей қатысты болмақ.
Машина жасау кешенiн дамытудың ұзақ мерзiмдiк стратегиясы Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 қырқүйектегi қаулысымен бекiтiлдi.
Онда оның негiзгi даму бағыттары мен экономикаға қажеттi салаларын көтеру
жолдары анықталды. Отандық iрi машина жасау заводтары өзiнiң мүмкiндiгiне
қарай жұмыс iстеумен шектелiп, қуаттарын барынша толық қолдана алмай отыр.
Олар тапсырыс бойынша жұмыс iстеп, өз профилiнен айрылып келедi.
Дегенмен, экономикадағы соңғы жылдары қалыптасқан өсу үрдiсi кейбiр
кәсiпорындардың қайта бас көтеруiне оң септiгiн тигiзiп отыр. Әсiресе,
“Казмұнайгаз” ААҚ мәлiметтерi бойынша 2005 жылы мұнай өндiрушiлердi машина
жасау өнiмдерiмен жабдықтау 26 млн. АҚШ доллары құраған. Сөйтiп, қазiргi
кездегi республикада машина ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz