Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І ИНФЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Инфляция және оның экономикалық мәні . . . 5

1. 2 Инфляция түрлері мен экономикалық және әлеуметтік салдары . . . 8

ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ САЯСАТТАРЫ

2. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары . . . 14

2. 2 Инфляцияға орта мерзімді кезеңге болжам және 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағдарлар . . . 19

ІІІ Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляциялық процестердің салдары . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

КІРІСПЕ

Инфляция ақша жүйесінің дағдарыстық кезеңі болып табылады, яғни ол қоғамның дамуының тепе-теңдігінің бұзылуына себепші болады. Инфляция сондай-ақ көптеген макроэкономикалық көрсеткіштермен тікелей байланыста болады, сондықтан осы инфляцияны тиімді реттеу саясатын жүргізу арқылы барлық шаруашылықтың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Ол үшін экономиканың құбылысы ретінде инфляцияның пайда көздерін, оның пайда болуындағы сан алуан себептерді, шаруашылыққа тигізер салдарларын және инфляцияға қарсы саясаттың негізгі түрлері мен олардың қолданылуын анықтауды қажет етеді.

Инфляция экономикалық құбылыс ретінде Қазақстан Республикасының дамуында басты мәселелердің бірі болып келеді. Сондықтан инфляцияға қарсы саясатты тиімді жүргізу елдің тұрақты дамуының негізі болып табылады. Инфляцияға қарсы саясат өз кезегінде ақша-несие саясатының аясында іске асады. Ал ақша-несие саясатын елімізде жүргізетін Ұлттық банк болып табылады.

Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын «Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы» деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектілігі ақша-несие саясаты ұлттық экономиканың дамуының тиімділігін реттейтін басты саясаттардың бірі болып табылады. Бұл саясаттың экономиканың дамуындағы маңыздылығын Қазақстан Республикасы Қаржы саласының бүгінгі таңда ТМД елдері бойынша ең дұрыс қалыптасқан және әлемдік талаптарға сай дамып отырған бірегей жүйе болуымен және елдің ақша-несие саясатында 2002 жылдардан бастап негізгі басты мақсат ұлттық валютаның тұрақты деңгейін, оның нығаюын қамтамасыз ету болып отырғандығын көре аламыз.

Курстық жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым экономикалық құбылыс ретінде жалпы инфляция теориясын талдап, соның негізінде Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді талдау болып табылады.

Осы курстық жұмысты орындау барысында, еліміздегі инфляцияның қазіргі жағдайы, туындап отырған мәселелерге және болашақтағы экономикалық даму жоспарымызға орай келесідей міндеттер орындалады:

  • Инфляцияның жаратылысын, оның түрлерін, оған әсер етуші факторларды қарастыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • Инфляцияның елдің әлеуметтік-экономикалық салаларға тигізер әсерлерін, ода болатын экономика және қоғам дамуындағы зардаптардың алдын алу шараларын;
  • 2009-2011 жылғы инфляцияның жоспарланған шегінен асып кету қаупінің себептері мен экономикаға және әлеуметтік қоғамға тигізер салдарларын қарастыру мен талдау;
  • Бүгінде еліміз экономикасының қаржы саласы және мемлекеттік деңгейде инфляцияға қарсы саясатын және оның негізгі бағыттарын, олардың ішінде ұлттық экономика ерекшілігіне байланысты тиімділерін ұсыну;

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде жалпы инфляцияның экономикалық мәнін ашу, оның түрлеріне тоқталу және инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарларына тоқталу болса, ал екінші бөлімде еліміздегі инфляциялық процестерді талдау және инфляцияға қарсы саясаттың экономика үшін маңыздылығын анықтау қарастырылады. Сондай-ақ екінші бөлімде инфляцияның қазіргі уақыттағы жоғарғы қарқынның пайда болу себептері мен статистикалық шамаларға тоқталдым.

І ИНФЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1Инфляция және оның экономикалық мәні

Инфляция - бұл айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі, сонымен қатар халықтың нақты табысының төмендетілуі, ақшаның құнсыздануы. Инфляция деген сөз - латын тілінен аударғанда «көтерілу, қабыну» деген мағынаны білдіреді.

Конъюнктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне «классикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Кездейсоқ апараттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су батып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс.

Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді.

Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілері дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.

Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкеледі. Импорттық инфляциямен күресу мүмкінлігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетін төмендетеді.

Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол инфляцияны күту нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою - инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті. /1; 58-60б/

Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

«Инфляция» - қабару, көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да қауырт жағдайларда экономиканы дамыту үшін мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының көтеріліп, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соғады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783 жылдардағы соғысы және 1861-1865 жылдардағы соғысы (соңғы екі жылында доллардың сатып алу мүмкіндігі 60%-ға дейін төмендеген), ХХ ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы, 1789-1791 жылдардағы француз революциясы. Әсіресе, Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары деңгейге жетті, 1923 жылы күзде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға жетіп, ақша көлемі триллион есе құнсызданды. Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен екенін дәлелдейді. /2; 67б. /

Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен ежелгі Қытайда болып тұрған. Алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша ақша айналымы өзін-өзі реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндіреді. Сонымен, инфляция - тек қана қағаз ақшаның айналымына тән, айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда қағаз ақшамен артық шамада толып кетуі, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция табиғи апаттар мен қоғам сілкіністерінің жиі серігі, саяси және әлеуметтік жанжалдар нәтижесі екенін тәжірибеде көрсетеді. /3; 89-90б. /

Инфляцияның өмірдегі көрінісі - тауар бағаларының күрт өсуі. Осы көріністі американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт «ақшаның тауарды қууы» деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебі - айналымдағы ақша массасы мен сатылуға тиіс тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Мұндай диспропорция, біріншіден, өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіден, айналымдағы тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны шектен тыс көп шығаруынан болады.

Ал қазіргі инфляцияға тән бірнеше ерекшеліктер бар. Олар:

  • Егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен шықпаса, қазіргі инфляция елдің бүкіл жерін қамтиды;
  • Егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі инфляция көп уақытқа созылған құбылыс;
  • Егер бұрын инфляция тек ақшаның көмегімен туындаған болса, қазіргі инфляция көптеген ақшасыз және басқа да факторларға байланысты болады

Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге де ие және бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау көрінісі ғана емес, сонымен қатар ол бүкіл ел экономикасының мүшкіл халіне байланысты болып келеді. Инфляцияның негізгі себебі - халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы: қор жинау мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың, мемлекеттік табыстар мен шығындардың, кредиттің, капитал көлемі мен мөлшерінің, айналымдағы ақша массасының мөлшері мен шаруашылықтағы ақша сұранысының тепе-теңдігі бұзылғаны болып табылады. Ақша айналымы арналарының толып кетуі артық ақша эмиссиясын, тауарлық масса мен жасалған қызметтердің, ақша белгілерінің айналым жылдамдығы азайған кезде болуы мүмкін. /2; 69б. /

Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді. Осыған байланысты мынаны атап өтуге болады, инфляция ақшаның молшылығынан ғана емес, негізінен алғанда күнделікті сұраныс тауарларының жетіспеушілігі - «сұраныс инфляциясын» тудырып отыр. Соңғы екі-үш жыл ішінде отынға, ТКШ қызмет көрсетулердің тарифтеріне бағалар елеулі түрде жоғарылады. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі кезде, біздің талдауымызша, инфляцияның өсу себептері мыналар: 1) «сұраныс инфляциясы» немесе жалпы тауарлар тапшылығы, әсіресе күнделікті сұраныстағылары; 2) монополистер мен делдалдардың бағаға келісуі; 3) қызмет көрсетуге, көлікке, энергияға бағалар мен тарифтердің өсіп кетуі; 4) ақша массасының молшылығы; 5) субъектілердің өнімділікті арттыруға қарағанда пайда алуға көбірек ұмтылуы; 6) жергілікті жерлерде атқарушы биліктің инфляцияны тежеу және негізгі тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулеріне бағалар мониторингін жүзеге асыру жөнінде нашар жұмыс жүргізу; 7) төмен еңбек өнімділігі; 8) инфрақұрылымға салынған инвестициялардың жоғарғы үлес салмағы және күрделі қаржыны игеру мерзімдерінің ұзақтығы; 9) әлсіз бәсеке; 10) өндіріс шығындарының өсуі. Алайда, айналымдағы ақша массасы тұрақты болған кей жағдайларда да инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 1940-1970 жылдары АҚШ-та ақша массасы бір қалыпта болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетілген қызметтің көлемі қысқарып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдығын арттырудың нәтижесінен болған инфляция еді. Ақша айналымының шапшаңдығын арттыру өзінің экономикалық тиімділігі жөнінен басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша шығарғанға тең.

Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан айналысқа құйылады, себебі айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ ол инфляция әсерін күшейтеді, несиені, өндіріске салынатын инвестицияны және тауарлар ұсынысын қысқартады. /4; 29-30б. /

1. 2 Инфляция түрлері мен экономикалық және әлеуметтік салдары

Батыс экономистері жасаған қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.

Дүниежүзілік тәжірибеде инфляцияны мынандай белгілері бойынша жіктеуге болады:

  • Экономиканы қамтитын аумағына байланысты: жергілікті және әлемдік инфляция болып бөлінеді;
  • Инфляциялық процеске байланысты:
  • ашық инфляция - (тек нарықтық экономикада) бағаға кедергі болмайды, еркін өседі;
  • жабық инфляция - (тек тоталитарлық мемлекеттердің экономикасында) тауар тапшылығы жағдайында мемлекет бағаға қатаң бақылау жасап отырады;
  • инфляциялық шок - бір мезетте баға бірден өсіп кетеді.
  • Бағаның өсу қарқынына қарай:
  • баяу инфляция - бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 10%- дан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталады. Мұндай жағдайда ақшаның құны тәжірибе жүзінде сақталады, номиналды бағалармен өзара шарттарға қол қою тәуекелі болмайды. Сондықтан оны экономиканың жөнді даму элементі ретінде қарастыруға болады.
  • орташа инфляция - баға өсуінің орташа қарқыны 10-50%-ды құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция. Оның кезінде өзара шарттар бағаның өсуіне «байланады», ақша тез материалданады. Инфляцияның бұл түрі қауіпті саналып, тиімді шаралар қолдануды талап етеді.
  • қарқынды инфляция (гиперинфляция) - бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляциясы, бағалардың өсуі жылына 100%-дан асады. Ол шаруашылық механизмді ақсатады, экономикалық байланыстар үзіліп, бартерлік айырбасқа өтеді. Мұндай жағдайда бизнесті жүргізу мүмкін емес.
  • Пайда болу сипатына қарай:
  • әкімшілік инфляция - «әкімшілікті» басқарулы бағалардан туындаған бағаның өсуімен пайда болатын инфляция;
  • шығын инфляциясы - ресурстар мен өндіріс факторларына бағаның өсуімен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығындар және тауарлардың бағалары өседі. Ресурстарға бағаның өсу себептері - ресурстарға әлем бағаларының өзгеруі мен ұлттық валюта курсының төмендеуі, жұмыстың өнімділік деңгейі төмендеп, өндірістің құлдырауы, энергетикалық дағдарыс және т. б;
  • сұраным инфляциясы - ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуымен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция;
  • ұсыным инфляциясы - өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өндірістік шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция;
  • импортталған инфляция - сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция;
  • кредиттік инфляция - шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған инфляция. /3; 92-93 б. /

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс инфляциясы - айналымдағы ақшаның жиыны көбейіп кеткенде шығады. Өйткені, айналымдағы артық ақша тауар мен көрсететін қызметтерге сұранысты көбейтеді, ал бұл өз кезегінде бағаның өсуіне алып барады.

Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскеи, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т. б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.

Шығын инфляциясы. Шығын инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтық жалақыны көтеру талабынан және т. б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.

Бағаның өсу қарқынына қарай инфляцияның келесі түрлері бар:

Жылжымалы инфляция. Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-дан аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

Қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200 пайызға жетеді. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.

Ұшқыр инфляция. Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектеген тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ға дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.

50-60-жылдарда көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты қарқынмен жүрді. Ал 70-жылдары ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндіретін қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70-жылдардың еінші жартысы. Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылдары - 1, 7%, 1966-1974 жылдары - 5, 1%, 1975-1980 жылдары - 9, 3% болды. Англия осы кезде ол 3, 1; 6, 0 және 17, 9%, Францияда 5, 0; 5, 9 және 10, 9%, 80-жылдардың соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4%-ке тең болды, 1987 жылы - 3, 7%-ға төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келеді. Мұны көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.

Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса, оны - стагфляция деп атайды.

Инфляцияның қарқыны статистикалық көрсеткіш тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады. Тұтыну бағаларының индексі - тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.

Тұтыну қоржыны - адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру үшін кезекті азық-түлік өнеркәсіп тауарларының жиынтығы және тұрғын үй коммуналдық, тұрмыстық, дәрігерлік айықтыру және басқа да қызметтердің құндық мөлшері.

Мысалы: 1) баға индексі = 100% болса, онда бағаның өзгерімін білдіреді, яғни инфляция жоқ;

2) егер баға индексі 100% жоғары, мысалы, = 150% болса, онда баға 1, 5 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданады;

3) егер баға индексі 100% төмен болса, онда баға 30% төмендеді, яғни инфляцияны дәлелдейді. /1; 67-71 б. /

Инфляцияның қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық салдарлары әр

алуан. Олар өзара қайшылықта болып, мынадай жағдайларға әкеп соғады:

Біріншіден, инфляция ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай болжамсыз қайта бөлінуіне мәжбүр етеді.

Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының бірі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы инфляциялық салықпен өтеледі. Бұл салықты нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады. Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдер: инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Әлемдік нарықта және Қазақстан Республикасындағы инфляцияның экономикалық маңызы мен ролі және оларды тежеу әдістері, тиімді шешу жолдары
Қазақстанда жүргізілген макроэкономикалық реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері
ҚР инфляциялық жағдайы, себептері мен оған қарсы күрестің жолдары
Инфляцияға қарсы күрес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz