Дәстүр мен жаңашылдықтың әдебиеттегі маңызы



Қандай бір өнер саласы болмасын, дәстүр мен жаңашылдық ешқашан маңызын жоймайтын мәселе. Уақыт пен кеңістік өзгергенімен өмірде қалап алынған фәлсапалық танымы терең ғасырларға жететін құбылыстар өзінің ізінен қалыптасқан бір жолды қалдырып отырады. Ол уақыт өте келе дәстүрлі, нағыз бастау бұлаққа айналады. Өзгелер осы дәстүрді үйреніп, соның нәтижесінде өзге де бір жаңа құбылыстырды дүниеге алып келеді. Дәуірдің талабына қарай ол – ең озық, жаңашыл танымды қалыптасырады. Алайда, шығармашылық даралықтың қалыптасуында белгілі бір логика, заңдылық бар. Кәсіби суретші өзінен алдыңғылардың тәжірбиесіне «тұтынушылық» сипатта келуі тиіс, яғни оны қазіргі заманғы құндылықтар деңгейінде қарастыруы қажет. Ол үшін өнер тарихын зерттеу кезінде әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерін абстрактылып, жалпы білім деңгейінде меңгеру маңызды емес. Суретші оларды өз санасында ойлау және сезім арқылы қайта өңдеуден өткізуі тиіс. Өткен дәуір тәжірбиелерін меңгеру жолында суреткерді өзіндік ерекшеліктер күтіп тұр: ол өз дарынына үйлеспейтін әсерлер мен дәстүрлердің қаншалықты ғажайып құбылыс болса да ол тасада қалып қоюы мүмкін. Майдың судың араласпайтыны сияқты, суреткердің шығармашылық «мені» мен оның кейбір алдыңғы суреткерлердің тәжірбиесі де кейде бір-бірімен байланыспай жатады. Соңғысы көбіне ұлттық әдебиет пен өнер бұрмаланатын немесе жете бағаланбайтын сияқты орын алады. Әлемдік классика – ұлттық мәдениеттің терең негіздерінен бөлек қабылданады. Таланттың туған топырақтан тамыр үзуі осылай жүріп отырады. Көп ғасырлық өнер тарихында ұлттық негізден абстракциялана отырып, өзіндік болмысқа ие болған ірі ақынды, прозаикті, кескіндемешіні, композиторды табу мүмкін емес. Талант өзге тілді мәдениетті қабылдап алады. Айталық, шыққан тегі поляк Францияның ұлттық ақынына айналады, француз өзін Ресейдің шебері ретінде таниды. Басқаша айтқанда, бір ұлттық ортадан келесісіне өтуі мүмкін. Бірақ қиын, әрі сирек жағдайда ұшырасады. Суреткердің ұлттан тыс дамуы – проблемалық мәселе болып табылады. Әлемдік классикалық әдебиетте орыстың ұлы ақыны Пушкиннің образы озық үлгі болып табылады.Пушкиннің ғаламат туындылары қай тілге аударсаңыз, сол тілде жүрекке жылы тиіп, төл туындысындай әсер береді.
Сонымен, дәстүр мәселесінде мәдениетте қазірше ұлттық факторлар аксиологиялық роль ойнап тұрған шақта, ұлттық бастаулар туралы ұмытпау қажет. Кеңес дәуірінде «Вопросы литературы» журналының кезекті бір санында жазушының дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімі туралы сауал қойылғанда төмендегіше жауаптар алынды.
Бір жаңашылдыққа – көркемдік ойлаудың өзіндік стилі, келесісіне – жаңа тақырып, үшінші біреуіне ерекше формальді және техникалық тәсілдер, төртіншісіне – дүниені эмоциялық қабылдау тәсілі тән болып келеді.
«Вопросы литературы» журналының сауалнамасына берілген жазушылардың жауаптары мұның көп мағыналыған білдіреді. Соның ішінен кейбір жауаптарды келтірейік.
1. 1. Л.Толстой. Собрание сочинений, т. Х, стр. 717.
2. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1997, 164 б.
3. Әуезов М. Жыл келгендей жаңалық сезінеміз // ХХ томдық шығармалар
4. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А., 1998 ж., 3 б.
5. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы . А.,2007 ж., 14 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дәстүр мен жаңашылдықтың әдебиеттегі маңызы

М.Көпбаева, Ф.ғ.к., М.Әуезов ат. ОҚМУ
Шымкент қ.

Резюме
В статье рассмотрены пути развития и своевременные актуальные вопросы
Шерхановедения.

Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен мен жаңашылдық мәселесі
қарасытырылған.

Қандай бір өнер саласы болмасын, дәстүр мен жаңашылдық ешқашан маңызын
жоймайтын мәселе. Уақыт пен кеңістік өзгергенімен өмірде қалап алынған
фәлсапалық танымы терең ғасырларға жететін құбылыстар өзінің ізінен
қалыптасқан бір жолды қалдырып отырады. Ол уақыт өте келе дәстүрлі, нағыз
бастау бұлаққа айналады. Өзгелер осы дәстүрді үйреніп, соның нәтижесінде
өзге де бір жаңа құбылыстырды дүниеге алып келеді. Дәуірдің талабына қарай
ол – ең озық, жаңашыл танымды қалыптасырады. Алайда, шығармашылық
даралықтың қалыптасуында белгілі бір логика, заңдылық бар. Кәсіби суретші
өзінен алдыңғылардың тәжірбиесіне тұтынушылық сипатта келуі тиіс, яғни
оны қазіргі заманғы құндылықтар деңгейінде қарастыруы қажет. Ол үшін өнер
тарихын зерттеу кезінде әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерін
абстрактылып, жалпы білім деңгейінде меңгеру маңызды емес. Суретші оларды
өз санасында ойлау және сезім арқылы қайта өңдеуден өткізуі тиіс. Өткен
дәуір тәжірбиелерін меңгеру жолында суреткерді өзіндік ерекшеліктер
күтіп тұр: ол өз дарынына үйлеспейтін әсерлер мен дәстүрлердің қаншалықты
ғажайып құбылыс болса да ол тасада қалып қоюы мүмкін. Майдың судың
араласпайтыны сияқты, суреткердің шығармашылық мені мен оның кейбір
алдыңғы суреткерлердің тәжірбиесі де кейде бір-бірімен байланыспай жатады.
Соңғысы көбіне ұлттық әдебиет пен өнер бұрмаланатын немесе жете
бағаланбайтын сияқты орын алады. Әлемдік классика – ұлттық мәдениеттің
терең негіздерінен бөлек қабылданады. Таланттың туған топырақтан тамыр үзуі
осылай жүріп отырады. Көп ғасырлық өнер тарихында ұлттық негізден
абстракциялана отырып, өзіндік болмысқа ие болған ірі ақынды, прозаикті,
кескіндемешіні, композиторды табу мүмкін емес. Талант өзге тілді мәдениетті
қабылдап алады. Айталық, шыққан тегі поляк Францияның ұлттық ақынына
айналады, француз өзін Ресейдің шебері ретінде таниды. Басқаша айтқанда,
бір ұлттық ортадан келесісіне өтуі мүмкін. Бірақ қиын, әрі сирек жағдайда
ұшырасады. Суреткердің ұлттан тыс дамуы – проблемалық мәселе болып
табылады. Әлемдік классикалық әдебиетте орыстың ұлы ақыны Пушкиннің образы
озық үлгі болып табылады.Пушкиннің ғаламат туындылары қай тілге аударсаңыз,
сол тілде жүрекке жылы тиіп, төл туындысындай әсер береді.
Сонымен, дәстүр мәселесінде мәдениетте қазірше ұлттық факторлар
аксиологиялық роль ойнап тұрған шақта, ұлттық бастаулар туралы ұмытпау
қажет. Кеңес дәуірінде Вопросы литературы журналының кезекті бір санында
жазушының дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімі туралы сауал қойылғанда
төмендегіше жауаптар алынды.
Бір жаңашылдыққа – көркемдік ойлаудың өзіндік стилі, келесісіне –
жаңа тақырып, үшінші біреуіне ерекше формальді және техникалық тәсілдер,
төртіншісіне – дүниені эмоциялық қабылдау тәсілі тән болып келеді.
Вопросы литературы журналының сауалнамасына берілген жазушылардың
жауаптары мұның көп мағыналыған білдіреді. Соның ішінен кейбір
жауаптарды келтірейік.
Г.Менюк Менің ойымша, шығармашылықтағы ізденістер, басты ретте,
адамдарды ерекше жағдайларда көрсету үшін, өз өлкесі мен оның адамдары
туралы танымдық материал беру үшін мазмұннан басталуға тиіс. [1,25]
Василий Федорев Кез келген өнерде барлық нәрсе адамнан басталып,
адаммен аяқталады. Адам өзгереді. Мен үшін оның рухани дүниесін барынша
толық әрі дәлме-дәл бейнелеп беретін адам жаңашыл.
Евгений Винокуров Жаңа суретші – бұл ең алдымен дүниені жаңаша
көре білу, он аллитерация немесе инверсиның жаңа тәсілі емес, жаңа бір
тұтас психологиялық микроком.
Л.Промет Біздерді толғандыратын, біздерді бұрын болмаған сезімдер
мен ойларға тереңдете түсетін, ішкі дүниемізді байытатын, біздердің
эстетикалық қажеттіліктерімізді қанағаттандыратын әрбір жаңа туынды
жаңашылдық болып табылады.
Ион Гобану Мұның барлығы (Қазіргі өмірдің жаңа құбылыстары)
суретшінің алдына міндеттердің міндетін, яғни біздің дәуіріміз бен
қазіргі адамның сипатына сай келетін бейнелеу құралдарын табу
міндетін қояды.
Мұнда әлеуметтік және дүниетанымдық бағыттары бойынша бір-біріне
жақын адамдардың ойлары келтірілген. Жаңашылдық табиғатына деген
олардың көзқарастары ортақ болып келуімен қатар, олардың әрқайсысы
өздері үшін маңызды әрі қажет бір нәрсеге көңіл бөледі. Лилли Промет
мәселеге психологиялық ішкі жағынан келеді. Оған туындының жаңаша
ойландырғаны, жаңа ойлар мен сезімдер тудырғаны маңызды. Пішін мен тақырып
мәселесі ол үшін кейінге қалдырып отыр. Г.Менюк, керісінше, жаңа
тақырыптарды көздеп отыр. Ол үшін негізгісі – адамдарды ерекше жағдайларда
көрсету, өз өлкесі туралы жаңа танымдық материал беру. Ион Гобану бейнелеу
құралдарын іздестіруді міндеттердің міндеті ретінде қарайды.
Осындай түрдегі сан алуан пікірлер түрлі дәуірлердегі суретшілердің
түрлі шығармашылық әдістер туралы пікірлеріне көңіл бөлетін болсақ,
оның саны көбейе түсетін болады, адамды абдыратпауға тиіс. Осы
пікірлердің әрқайсысы әлдебір дәрежеде жазушының жеке тәжірибесін
сипаттап, өнердің шынайы деректеріне сүйенеді. Өнер тарихынан жаңашылдық
мәселесіне арнап айтылған осы көзқарастардың кез келгенін растайтын
көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен осы көзқарастардың бірін
абсолюттік шындық деп, келесі бірін абсолюттік жалған деп танудан
тұрмайды. Мәселенің маңызы жаңашылдықтың объективті шамасы мен
құндылығын, оның градациясы мен критерийінен анық көрінеді.
Осы мәселемен көптеген өнер теоретиктері айналысты. Кезінде оның
сенімді шешімін Кольцовтың өмірі мен шығармалары туралы мақаласында
В.Г.Белинский берген болатын. Белинский шығармашылық даралықтың мүмкін
болған екі түрін қарастырады: жаңа дүние мен пішіндерді жасайтын
кемеңгер шығармашылығын жан-жақты сипаттайтын түрі мен кемеңгер талант
шығармашылығын сипаттайтын аз-маз әмбебап түрі. Осы екініші түрінің
шеңберінде жаңашылдықты түсінудің алуан түрлі ұстанымдары мен үрдістері
болады. Кемеңгер талантты суретші қажеттілігіне қарай біржақты келеді.
Кемеңгер өзі өмір сүріп отырған шындық өмірдің тұтас саласын қамтып,
толықтырады, кемеңгер талант – оның бір бұрышы. Бірақ олардың арасындағы
ұқсастық пен ортақ қасиеттер, олардың арасын бөліп тұратын алып кеңістікке
қарамай, ол көптеген еліктеушілерді тудыратын, бірақ бірде-бір өз бетінше
әрекет ететін талантты дүниеге әкелмейтін, оны меңгеру мүмкін болмайтын
сол бір өзгешелік пен өзіндік болмыс болып танылады.
Кемеңгердің шығармашылығы жан-жақты әрі бәрін қамтитын сипат алатын
жаңашылдықтың жоғары идеясы ретінде көрінеді. Кемеңгер таланттың
шығармашылығы (қазіргі терминология бойынша жай ғана талант) қандай да бір
немесе бірнеше аспектілерді өзіндік болмысқа ие болып келеді (іс жүзінде
мұны Белинский Кольцовты Пушкинмен салыстыру кезінде көрсетіп
берді). [2,145]

Сонымен қатар өнердегі жаңашылдық кешенді сипатқа ие. Бұл мазмұн
мен пішіннің жаңашылдығы. Суретші өзінің түрлі жұмыс кезеңдерінде осы
компоненттердің кейде онысына, кейд мұнысына басымдық беріп отырады.
Алайда, өнер туынды өзгешелік дәрежесін бағалау кезінде осы
компоненттердің бірін басшылыққа алуға болмайды, өйткені әрбір туынды –
біртұтас құрылым. Оның барлық буындары өзара органикалық байланысты
болады. Осы құрылымның әлдебір элементінің өзгешелік сипаты жүйенің
дидактикалық өзара әрекеттесу заңы бойынша оның барлық элементтеріне
әсер етуі тиіс. Олай етпеген жағдайда жүйе ыдырайды. Осыған орай
өнердегі жаңашылдықты таза мазмұндық немесе таза пішіндік жаңашылдық
деп тану қателікке ұрынады.
Өнердің қарапайым аксиомасы бар. Көркем туынды өзі үшін ғана өмір
сүрмейді. Ол әрқашан біреулер үшін жасалады. Мұның өзі автордың адамдарға
деген толық қызығушылығы жоқ екендігі туралы айтқанда да дұрыс болып
келеді. Ол рухы бойынан өзіне жақын адамдар ортасын интелектуалды элитаны
немесе қалың халық бұқарасының ең кемеңгер немесе олардан барлығын бірге өз
ортасы деп істің мәні басқаша. Алайда, автордан субъективті бағытына
қарамай, көркем туындының объективті мәні көп жағдайда тұтынушы үшін,
яғни олармен тыңдаушы, көрермен үшін шынайы немесе әлеуетті маңыздылығымен
анықталады. Бұл дегеніміз, туынды қайсыбір шамада әлеуметтік, саяси,
этикалық, философиялық эстетикалық құндылықтардан құралуға тиіс. Сол
арқылы эвристикалық қызмет жаңа көркем құрылымдарды жай ғана жаратуымен
ғана емес, сондай-ақ осы құрылымдардың шеңберінде жаңа қоғамдық
құндылықтарды жасауымен де сипатталады. Олар шешуші дәрежеде жұрттың осы
туындыға деген объективті қызығушылығын анықтап береді.
Суреткердің тарапынан шығармашылық жұмыстың құндылық аспекті қай шамада
ұғылып, танылады. Бұл көптеген жағдайларға байланысты дәуірден түрлі
жағдай, дүниетаным, жеке өмір тіпті осы автор жұмыс істейтін өнер
өрісінің прогрессивтік көңіл күйдегі суреткерлерге өз қызметінің
қоғамдық мәнін, оның философиялық және эстетикалық маңызын түсіндіре
білді. Алайда осы маңыздылықты азды-көпті дәрежеде терістейтін мысалдар да
белгілі. Терістеу жағы белгілі бір дәрежеде Флоберге тән. Олар өз
сөздерінде әдебиеттің этикалық әлеуметтік миссиясын дұрыс бағаламады. Бұл
факты егер олардың туындыларының объективтік гуманистік мағынасын ескерер
болсақ едәуір тосын жай болып табылады.
Егер осындай жете бағаламау жағдайы өз сөздерінің теориялық
категориялылығына үміт артпайтын және өз пікірлерінде жеке қатынастарға
негізделетін жазушы үшін бұл кешірімді болса, онда ол өнердің даму және
қызмет етушінің объективті заңдылықтары бойынша қарастыратын сыншы
немесе ғалым үшін дүдамал жайт.

Осы ерекшеліктің бір жаңа – көркем жаңашылдықтың өлшемді сиапаты біздің
тарапымыздан жоғарыда атап өтілді. Енді аксиологиялық тұрғыдан
жаңашылдықтың ішкі көздері және оның көркемдік дәстүрімен байланыс
мәселесін қарастырайық.
Көркемдік дәстүр деген не? Түрлі анықтымалық басылымдарда, сондай-ақ
монографиялық зерттеулерде ол өнерді дамытудағы, өткен дәуірдің көркем
тәжірибесін игерудегі сабақтастық, классиктерден оқып үйрену ретінде
анықталады. Әрине – деп атап өтеді В.Маяковский, - біздер осындай
туындыларды жүздеген рет қайта оралатын боламыз (Пушкиннің Евгений Онегин
сияқты), тіпті біздің мойнымызға өлім жібі байланғанда да қайта оралып
отырамыз. Осындай бұрынғы тиімді шығармашылық тәсілдерге үйренетін боламыз.
Мұның өзі ой алынған, әмір етілген және сезілетін ойды дұрыс құрып, шексіз
ләззат беретін болады.
Мұнда істің мәнісі өз өнеріміз бөтен өнерден жақсы деген де емес.
Бұл терминдер Гете мен Пушкинді, Иванов пен Делакруаны, Вагнер мен
Скрябинді, Эйнштейн мен Гаплинді салыстыру негізінде мүлдем қолдануға
келмейді. Үлкен шеберлер ұлты мен нәсіліне қарамай мәдени тұрғысы
келетін суретші үшін өздерінікі болуға тиіс.
Әрине, ұлттық дәстүрлерге мұқият көңіл бөлу ұлттық және неовинизм
үрдістеріне қатысты емес. Бұл үрдістер көркем құбылыстарды біржақты әрі паң
сезіммен бағалауға әкеліп, мәдениеттің жауыз дұшпандары болып келеді.
Терең дүниетаным ұстанымында тұрған суреткерге эстетикалық білімнің ұлттық
және интернационалдық элементтерін ұластыруға деген диалектикалық әдіс тән.
Бір жағынан алағнда, отандық өнерді тұрақты әрі жан-жақты зерттеймейінше,
шетелдік өнерді үйлесімді меңгеру мүмкін емес. Келесі жағынан алғанда, өз
мәдениетін жақсы танудың бір шарты – бұл өзгелердің мәдениетін терең
білу.
Көзбен көрген, оқыған және естіген жайттардың қайталанбас
трансформацияны осы процестердің нәтижесі болуға тиіс. Бұл кезде бүкіл
сыртқы эстетикалық тәжірибе суретші тұлғасының ажырмас бөлігіне айналады.
Осы тұрғыдан алғанда, С.Эйзенштейннің шығармашылық бейнесі озық үлгіге
жатады. Ол нағыз энциклопедиялық білімге ие болды. Ол орыс фольклоры мен
Пушкиннің поэзиясын, Л.Толстойдың прозасын және Суриковтың кескіндемесін
тамаша білді. Антикалық трагедиялар мен ежелден Шекспирдің трагедияларынан,
Золяның романдарынан, Рагнердің музыкасынан мол хабары болды. Өзінің
үздік фильмі Потемкин броненоцесі финалдық кадрларындағы шығармашылық
тарихын талдай отырып, ол өзіне тән әзілмен былай деп атап өтті.
Потемкиннің ата-бабалары әр түрлі даңққа ие. Осы бір көркем
ассоциациялардың және еске алулардың қайсысы менің ойымды рәсімдеуге ықпал
етті екен. Бұл ойдың өзі алайда, өзі тұтанған іске асырылған және монтажды
түрде осы фильм аяқталған жағдайдағы пафостық. Эйзенштейнге өз
ассоциациялары мен еске алуларының нақты бастау көздері туралы айту қиынға
соғатын. Себебі олар оның санасында бір-бірінен және туындының түпкі ойынан
бөлек өмір сүретін. Оның авторлық меніне терең сіңісіп, онда таралып
кеткендей болатын. Сондықтан Потемкин броненосенінде ешбір эстетикалық
кірме жайттарды, өзге тілді элементтерді, көркем цитаталарды табу мүмкін
емесболатын. Мұндай жағдайлар таланты аз авторлардың туындыларында
табылатын.
Эйзенштейннің фильмінде шебер қолданатын көркем материалдардың
трансформациясы толық әрі шешімді болғаны соншалық, кірме элементтер
мүлдем жоқ, ал фильм болса өнердегі жаңа сапалы құбылыс ретінде дүниеге
келді. Осындай ішкі үйлесімдік трансформация, алғашқы кезекте, автор
өзі бөлектенгісі келетін шындық өмірге және туындыны құрайтын өмірлік
материалға байланысты.
Мұндай біздер суретшінің адамзат мәдениеті тәжірибесін үйлесімді
меңгерудің тағы бір аспектін қарастырдық. Оның маңызы мынада, қалай
болмасын, эстетикалық білімнің маңызы зор. Әрбір нағыз суретшінің басты
ұстазы өнер емес, шынайы өмір және оның мәңгі қозғалысы болып
табылады.
Өмір білімі деп айтылатын жайт күрделі әрі ұзақ күш-жігер
жұмсаудың нәтижесінде келеді. Баршамызға белгілі болғандай, әрбір суретші
дүниені кітаптан қабылдау кезеңінен өтеді. Ол шындық өмірге әдеби-
эстетикалық реминисценциялардың және образдардың призмасы арқылы
қарайды. Осы кезеңде ол ерікті – еріксіз күйде өз жұмысында әлдебір
ескі немесе жаңа шеберлерге еліктейді. Тіпті кейде өзгенің емес, өзінің
бақылауларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поэзия - жүректің сөзі
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Проза, оның даму сатылары және дәстүрмен жаңашылдық
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мемуарлық шығарма (конспект)
Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Әдіс грек
Лирикалық проза
Пәндер