1850-70 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І - тарау. 1830-40 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстарды басу саясаты

1. 1. И. Тайманұлы, М. Өтемісұлы бастаған көтерілістерді басу саясаты . . . 7

1. 2. К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің жеңілу себептері . . . 20

ІІ - тарау. 1850-70 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс

2. 1. Жанқожа мен Есет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің ерекшеліктері . . . 30

2. 2. Маңғыстаудағы адайлар көтерілісінің тарихи маңызы . …… . . . 42

Қорытынды . . . 51

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 52

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі

Қазақстанда патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық наразылығының көрінісі ұлт-азаттық көтерілістердің тууы заңды құбылыс болатын. Бұл көтерілістердің жеткілікті ұйымдаспаған сипатта болуы, айқын бағдарламасының жоқтығы, қозғалысты өз мақсатына жеткізе алған жоқ. Бірақ олардың қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылу жолындағы азаттық идеясын шыңдауда үлкен әсері мен ықпалы болды.

Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлау мәселесі Ресейге «қосылуы» тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономикалық және саяси себептеріне мүлде тереңдеп бармай, оны тек ғана сырт жағынан қарап, қосылу кездейсоқтықтан болды деп санады. Кейбіреулері империялық идеяларды ашықтан-ашық уағыздап, қазақстарды «жабайылар» деп санады. Сөйтіп олардың сан ғасырлық созылған дербес және мәдени дамуын мүлде ескермеді.

КСРО ыдырағаннан империялық ойлауды жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл, империялық держава болған жоқ дегеннен айнымай келеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін зерттеушілер отандық тарихи проблемаларды идеологиялық өктемдіксіз зерттеуге мүмкіндік алды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Қазақстанда патшалық Ресейге «өз еркімен қосылды» делініп келген Кеңестік концепцияның негізсіз екендігін атау.

  • Патша өкіметінің қазақтардың азматтық қозғалыстарын аяусыз басу саясатын көрсету;
  • Азаттық қозғалыстарын басуда «құйтырқы» немесе «алдау - арбау» саясатының болғандығына көз жеткізу;
  • Патшалық Ресейдің империялық пиғылының Қазақстанда жүзеге асқандығын ұғыну;
  • Отандық тарихымыздың бұрмаланған осынау кезеңінің тарихи шындығын ашуға қатысты зерттеулерді көрсету;
  • Ж. Нұрмұхамедұлы Хиуа хандығының езісіне қарсы кейінен патша өкіметінің оқшау саясатына қарсы көтерілісінің ерекшеліктер мен нәтижесін көрсету;
  • Есет Көтібарұлының 1856 жылға дейіні патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы және патша өкіметіне қызметке өткеннен кейінгі әрекеттері туралы мағлұматтарды талдау;
  • Маңғыстаудағы адайлар көтерілісінің басты себептері мен ерекшеліктерін көрсету;
  • Кенесары Қасымұлының ұлт азаттық көтерілісінің жеңілуінің себептерін талдау;
  • Патша өкіметінің қазақтардың азаттық қоғалысын басуының нәтижесінде орнаған отарлау саясаттарының ерекшеліктерін көрсету.

Диплом жұмысының хронологиясы

Жұмыстың хронологиялық шеңбері 1840-1870 жылдар аралығын қамтиды. Аталмыш кезеңдегі қазақ ұлысының тарихы мәселелеріне орай жазылған еңбектерді ғылыми көзбен електен өткізу арқылы байыбына бару басты міндетіміз.

Дипломдық жұмыстың тарихнамасы

ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы азаттықт қозғалыстардың тарихнамасын үш кезеңге бөліп қарастырамыз. 1836-38 жылдардағы Бөкей Ордасында Исатай Таймановтың (Махамбет Өтемісұлы) басшылығымен көтерілісі туралы зертеулердің еңбегін атау. 1837-47 жылдары аралығында Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1856-57 жылдары Сырдария өңірі қазақтарының отаршылық езгіге қарсы Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілісі болып, 1855-56 жылдардағы Есет Көтібаров басшылық еткен көтеріліс Батыс Қазақстан аумағын қамтыды. 1870 жылы патша өкіметінің отаршылық саясатына қарсы Маңғыстауда толқу болып өтті. Сол кезең әдебиеттерінде бұл оқиғалар тым жұтаң көрсетілген. Негізінен алғанда олар түрлі басылымдардағы үздік-үздік жарияланымдар. Барлық жарияланымдарда халық бұқарасының бой көрсетулері «Бүлік» деп түсіндірілді, ал көтерілістер басшыларының жеке басы автордың көзқарасына қарай түрліше сипаттама алды.

Е. Бекмаханов ХІХ ғасырдың бірінші жартысынд Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы еңбек жазды. Еңбектің басым бөлігі К. Қасымов басшылық еткен азаттық қозғалысына арналған. Мұнда көтерілістің қозғаушы күштері оның орта жүзде құлаш жаюы, Кенесарының қазақ мемлекеттігін нығайту жөніндегі іс-шаралары, Қоқанға қарсы күресі, оның бұл күреске қырғыздарды тартпақ болған әрекеттері, сондай-ақ Кенесары мен оның жақындарының қырғыздар комиссиясы қаза көрсетіп берді. Қорытындысы автор Қазақстандағы 20-40 жылдардағы оқиғаларды жинақтап олардың жалпы Орталық Азиядағы қазақ халқының содан кейінгі жасалған ықпалын анықтап берді. ХХ ғасырдың 50 жылдардың аяғы 60 жылдардың басында Кенесары Қасымовтың көтерілісне көзқарас түбегейлі теріс бағытта болды. Тұтас алғанда, көтеріліс феодалдық-монархиялық деп танылды, ал зерттеу авторы ұлтшыл деп айыпталып, қуғынға түсті.

С. Асфендияров, Е. Бекмаханов еңбектеріне жаңсақ берілген бағаны қайтадан ой елегінен өткізіп, олардың Қазақстандағы ұлттық қозғалыстарға арналған еңбектерін қайта шығару көзделді. 1992 жылы Ақтөбе қаласында ғылыми -теориялық конференция өткізіп, оның «ХҮІІ-ХХ ғасырдағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс, біртұтас тарихи үрдіс, проблемалар, ізденістер, шешімдер» деген материалдары жарық көрді.

Бұл жылдары жарық көрген империяның отаршылдық саясаты: орыстандыру, христиан дініне кіргізу, әскери және шаруалар арқылы жүзеге асты.

«Орта Азия шолу» беттерінде «Қазақтар және Пугачевтің көтерілісі» деген мақала жарияланды, бірқатар еңбектерде Е. Көтібаров пен Ж. Нұрмұхамедов (ХІХ ғ. 50 жж), Исатай Тайманов пен М. Өтемісов (1836-38 жж. ) бастаған көтерілістер туралы айтылады.

Жұмыстың құрылымы

Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттеу деңгейі, жұмыстың мақсаты ммен міндеттері айқындалған.

І - ТАРАУ. 1830-40 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫ БАСУ САЯСАТЫ.

1. 1 И. Тайманұлы, М. Өтемісұлы бастаған көтерілістерді басу.

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында Ордада шиеленіскен «ақсүйек» сұлтандар мен «қарасүйек» қарапайым халық арасындағы әлеуметтік және экономикалық қарама-қайшылық жаңа көтерілістің бірден-бір себепшісі болды. Бірақ бұл өзінің сипаты жағынан бұрынғы хандық үкімет үшін өзара жауласқан, сұлтандар басқарған көтерілістен мүлдем өзгеше еді.

Осынау көтерілісті бастаған сұлтандар емес, қарапайым халықтың өкілдері болғандықтан, хандық биліктен үміткер адамдар арасындағы өзара күреске мүлде ұқсамады, себебі бұлардың бір жағын халықтық партия ұсынған болса, басқалары орыс үкіметінің итаршылары болатын.

Бұл көтеріліс бірінші кезекте тіпті де ұлттық автономия үшін күресу мақсатын көздеген жоқ, бәрінен бұрын езілген халық бұқарасының билеуші-сұлтандар мен қожаларға қарсы таптық күресін бейнеледі. Өзінің таптық күрес сипаты жағынан бұл көтеріліс мүлдем жаңаша серпінге ие болды. Мұндай жағдай, қаншама халық жағында болғанына қарамастан, рулық аристократия өкілдерінің - сұлтандардың көтерілісінде ешқашан байқалған жоқ-ты.

Сырым батыр көтерілісінен бастап, бұрынғы болып өткен көтерілістердің бәріне де тек қана жай халық емес, сондай-ақ «ақсүйектер» өкілі - сұлтандардың да қатысқаны белгілі. Бұл секілді жай Қаратай, Қайыпқали, Кенесары және басқалардың да көтерілісінде байқалған еді. Қарапайым халықтың табы ешқашан Исатай батыр көтерілісі кезйндегідей билеуші-сұлтандарға қарсы тұрған жоқ, бірде-бір «ақсүйек» өкілдері де Исатай жағына шыққан жоқ. Бөкей ордсында болған кезіндегі батырдың бүкіл өткір құралы осы сұлтандар мен қожаларға және Жәңгір ханның тура өзіне бағытталды.

1836 жылы басталған осынау жаңаша сипаттағы көтерілістің басты ұйымдастырушы көсемдері, орыс қағаздарына жазылғандай, Исатай Тайманов пен Мұхамед (Махамбетті солай жазған) Өтемісов болды. Батырдың екеуі де Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан және екеуі де старшын деп саналған.

Исатай өз туыстары ішінде ерекше қабілетті екенін ерте бастан танытты да, Бөкей хан оны 1812 жылы әлгі Жайық бөліміне старшын етіп тағайындады. Ақырында бұл тағайындауды Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, 1814 жылғы 25 қарашада Исатайдың қолына старшын деп жазылған Жарғы мен мөрін ұстатты.

Жастығына қарамастан старшын ретінде Исатай өз туыстары арасында үлкен беделге ие болып, Ордаға белгілі дәрежеде ықпалы жүрды. Көтеріліс жеңілген соң орыс отряды үйімен қоса басып алған Исатайдың жеке архивінен тбылған қағаздан көрінгеніндей, ол кезінде орыс үкіметі мен Жәңгір ханның маңызды тапсырмаларын орындаған болып шықты.

1818 жылы Ордада халық толқыны болғаны бізге бұрыннан мәлім. Бұл толқуға Исатай батырдың қандай көзқараста болғанын архив құжаттары бойынша айыру қиынға соқты. Бірақ орал атаманы Бородиннің 1819 жылғы 14 қазандағы хаты сақталған екен, сонда ол Исатай батырдан Орданы тыныштандыру мақсатында халыққа ықпал етуін сұрап жазыпты. Бородин әлгі хатында: «Сізден ордашыларды иландыруды өтінемін: мырзамыз Бөкейге Астрахань губерниясынан жер сыйлағанда, халықты бұл жерлерде өз еркіне қарсы қою ниетін көздеп отырған жоқ. Егер де халықтың тілегі заңды түрде болған болса, өкімет тағайындаған жарлыққа қарсы шығып, бойсынбай жүрмесе, қайырымдылық хабарын олардың талап тілегіне бағыштауға әзір отыр» деген [1]

Өзінен-өзі түсінікті, Әскери атаман Ордаға ықпалы жүрмейтін адамға мұндай хатты жазбаған да болар еді.

Жәңгірді хандыққа көтерер алдында Исатай оның сеніміне кіріп алған-ды. Мұның бір дәлелін мысалы, Жәңгір ханның 1826 жылғы 29 қарашадағы Исатайға жазған жарлығынан көреміз; бұл жарлығында хан Исатайға өзінің Бұхар елшілігі жанындағы өкілі болуды тапсырған, елші онымен бірге Бөкей Ордасы арқылы Астраханьға сапар шеккен.

Исатай батыр елшімен әуелі Сарайшық қамалында жолығыс ып, оған достық ілтипат пен сенім көрсету арқылы Орданың жолдарында барлық уақытта қасынан қалмай алып жүрген. Бұл мәліметтердің бәрі де Исатайдың үй қағаздарынан табылды. Бірақ оның үкіметке және ханға көрсеткен тгі қызметтерінің өзге деректері сақталмапты.

Сол кездің барлық қазақтары секілді Исатай да сауатсыз болған, сондықтан да ол өзінің қызмет бабы туралы ештеңе жазып қалдыра алмаған.

Ол тұстағы сауаттылық хан мен сұлтандардың іс жүргізушілеріне және татар молдаларына үлкен жеңілдік келтірді. Сол себепті де тек қана орыс үкіметі мен Ордадағы неғұрлым көрнекті адамдар арасындағы арнайы жазысқан қатынас-хаттарды қоспағанда, қазақ старшындарының өзара байланыстарын, қарым -қатнасын растайтын қандайда бір қағаздарды сирек кездестіретіруге болатыны хақ.

Беріш руының старшыны ретінде Исатай 1828 жылы Ұялы учаскесінде өткізілген Орда өкілдерінің белгілі съезіне қатысқан, мұнда Жәңгір хан мен Шекара комиссиясының төрағасы, полковник Генс те болған. Осында Исатай өзге старшындармен бірге Жәңгір ханға бағынатыны жөнінде өзінің жазбалы антын беріп, оған мөрін басқан.

Әрина, Исатайдың Ордадағы әрқилы істерге араласуы осы біз айтып өткендермен ғана шектелмесе керек, өйткені біз тек қана архив материалдарында сақталғандарын келтіріп отырмыз.

Қайткен күнда де, өктем де ауыр мінезді, әрі еш адамға тәуелді емес, өзіндік ой-пікірі бар старшын Исатайдың қызмет мансабы әрқашан түзу бағытта болғанын көреміз. Ол ханның ізгі ықыласын әрдайым пайдаланған жоқ. Себебі Жәңгір хан халық арасында ықпалы күшті мұндай мазасыз старшынның көзін жоғалту ниетінен, тегінде аулақ емес-ті. Шамасы, олардың тарапынан батырды өлтіру әрекеті де болған сияқты және мұндай жағдайда олар сол кездегі Орданың билеуші топтарының рухына сай келетін бықсық өсек аяңнан да тіпті арам ниетті сатқындықтан да қашпаған болар еді.

Исатайдың көтерілісі туралы іс басталған кезде, Жәңгір хан 1837 жылғы 13 желтоқсанда Орынбор Әскери губернаторы генерал Перовскийге жазған хатында: «Исатай Тайманов ешуақытта өзінің жақсы өнегесін танытқан жоқ» деп мәлімдеді.

Хан келтірген мәліметтен көрінгеніндей, генерал Эссен губернатор қызметіне кіріскен алғашқы жылда Исатай «Өтеміс Құлманиязовтың үйін тонады» деген желеумен Орынбор Шекара комиссиясының сотына тартылған екен. Осы іс бойынша сотталған Исатай ұзақ уақыт Сарайшық қамалының түрмесінде жатып, одан туысқандары 30 мың сом ақша төлеп босатып алған. Өтемістің қандай адам екені және оның үйін тонаудың қандай сипатта жүргізілгені ханның берген мәлімдемесінде айтылмаған. Мұны, әдетте қазақтар арасында болатын жай ғана барымта деп шамалауға да болар еді. Әрине, мұндай іс орыс заңы бойынша қылмыс ретінде, тонау ретінде жазаланып келді. Ал, ОРданың әдет-ғұрпы бойынша жазаға мүлде жатпайды, тек қана шығынға ұшыраған жақтың өз кегін қайтаруына құқысы бар деп есептеледі.

Бөкей Ордасының сұлтаны Шығай Нұралиев «Тама руының Бессары бөлімінен шыққан Нысан Уталилов деген қазақты өлтірді» деген айыппен 1823 жылы Исатай батырды екінші рет тұтқындады. Сөйтіп оны Каспий линиясы бойынан әкелінген Дон казактарының күзеті арқылы Орынбор қаласына аттандырған болатын. Бірақ Исатай жолда күзетінен сытылып шығып, қашып құтылып, елге қайтып оралады да өзінің бұрынғы Жайық бөліміндегі старшындық қызметін қайтадан жалғастырады.

Сірә, кісі өлтіргені жөніндегі Исатайға тағылған айып нақты дәлелденбесе керек, әйтпесе ол қашып келгеннен кейін өзінің старшындық қызметінде қала алмас еді ғой. Егер оған тағылған айып дәлелденген болса, онда ол Иркутск мен Архангельск губерниясының біріне айдалған болар еді. Исатайдың өзі 1836 жылғы желтоқсанда берген түсінігінде «Бастықтың өз ықтиярымен аяқталғанын» айтқан.

Исатай батыр өз үстінен осындай қылмысты іс қозғалғанына қарамастан, барлық уақытта да старшындық қызметін атқара берді және Ордада үлкен құрметпен, беделге ие болды.

Осы деректерге сүйене отырып, Жәңгір ханның орыс үкіметінің көзінше өз қарсыласын қаралап көрсетуге тырысқан әрекетін саяси күрестің таза тәсілі емес, халық үшін рухани күрескер Исатайды кәдімгі қылмыскер ретінде бейнелеуге тырысқанынан басқа түкте емес деп ұйғаруға әбден болады.

Исатай батыр өзіне бағынышты ауылдармен бірге тиісті қонысқа да қожалық етті, оны Бөкей хан 1812 жылы 12 наурызда грамотамен бекітіп берген болатын, соның көшірмесін толық келтіреміз:

«Маған бағынышты Беріш руының старшыны Исатай Таймановқа осы ерікті хатымды беремін: сол үшін оған қарасты қазақтарға Каспий теңізі жағалауынан - Кокорев пен жазғы Құлпын кордондары арасынан қысқы қоныс алуларына рұқсат етемін. Ол далалық кордон жолынан сонау теңізге дейінгі аралықтан өзі үшін де және өзіне қарасты қазақтар үшін де жақсы қоныс табатын болады. Ал қазақтардың қандай да болса да көші-қонын Таймановтың қамқорлығы мен еркіне қалдырамын».

Исатай мен оған бағынышты қазақтардың мұндай қонысқа қожалық ету құқысын 1826 жылы тамыз айында Жәңгір хан да бекітіп бергенді. Ол бұл турасында:

«Исатай Таймановқа жыл сайын қыстап келген жерлерінде көшіп-қонуға және Каспий теңізі жағалауындағы Құйған-Арал, Қара-Қамыс деп аталатын тұстағы жем-шөпті пайдалануға рұқсат етемін» - деп жазды.

1834 жылы Жәңгір хан Исатайлар қоныс тепкен жерлерге ерекше жоспарлы қосымшасымен, сірә жер өлшегіштер жасаған болу керек, жаңа грамота тапсырды. Бұл жоспарда тоғайлы сай-саланың масштабы мен басқа да топографиялық ережесі сақталынбаған әрі қоңыр бояумен ала-құла етіп боялған дөрекі схемасы ғана беілген. Схеманың орта тұсына Мақтуба тауы белгіленген де, төңірегіне мынадай елді-мекендер: Борлы үй, Қара-Қойлы, Өтепберген, Байбота, Құдық шағлы, Қазан-Түпқараған, Ащы-Қойлы, Түбер-Күй, Қураған-Шаған, Құрыған-Шаған, Көнтоғай, Ақ-Бабыр, Жалқұм орналастырылған.

Жоспарға Жәңгір ханның қойы қойылып, төмендегі мазмұнда берілген: «Осы жоспарды бекітіп, ынталы қызметі үшін старшын Исатай Таймановқа және оның жақын туыстарына осында сызылған мекендерде қыстап, пайдалануына рұқсат етемін. Жәңгір хан, мөрімді бастым»[ 2] .

Сонымен руластар арасында жер бөлісі кезінде Жәңгір хан Исатай батырды ренжіткен жоқ. 1834 жылы ол Исатаймен өзінің қайын атасы Қарауыл қожаның арасында қақтығыс болдырмау мақсатында батырдың иелігіне қыруар жер бөліп, оларды айрықша жоспарға енгізуге бұйрық берді. Бірақ, дей тұрғанмен де, бұл жағдайда да аталған адамдар арасындағы қақтығстың бетін қайтара алмады. Өйткені Исатай батыр тек өкпелеген өз туыстары үшін ғана емес, өзге де рулардың қазақтары үшін шайқасқа шықты.

Исатай Таймановтың кнзінде басынан өткерген азабы - түрмеге қамалуы барлық күрескерлер үшін де шарасыз бір мектептей боп көрінді; шынында да көтерілістің, барлық тамаша қайраткерлері өздерінің түрмелік мерзімін өтеп шықты. Барлық даңқты деген орыс бүлікшілері де сондай-ақ қазақ көтерілісшілері: Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов те, Қайтқали Есімов сұлтан да осынау жолдан өтті.

Қырандай қалықтаған қазақ даласының еркін ұлдары үшін түрмеге қамалудан асқан ауыр азап болған жоқ! Көпшілігі орыс түрмелерінде жан тапсырды, тап-тар торға қамалған еріксіз құстардай, түрме тәртібін көтере алмады. Түрмелердің сол дәуірде жаппай патша түрмесі болғандығын Исатай өзінің жеке тәжірибесінен байқап білді. Ол түрмедегі өз жамағайындарының шеккен азабын көзімен көрді. Батыр Сарайшық түрмасінен шыққанда орыс үкіметі туралы жақсы ойда болған жоқ-ты. Өзінің оған деген ашу мен ыза кегін жүрегінің терең түкпіріне қанша сақтағанымен, уақыты соққанда бұрқ етіп сыртқа жарып шықты!

Исатай батырдың тамаша серігі Өтемістің ұлы Махамбет болды. Ол орыс жазбаларында Мұхамед деп аталып келіпті.

1836 жылғы 8 қарашада орыс тергеушісіне берген түсінігінде Махамбет: «Жәңгір хан мені старшын етіп тағайындады, оны растайтын 1834 жылғы 9 маусымда берген ханның № 572 санды ашық жарлығы бар. Бірақ Шекара комиссиясы, қандай себеппен болса да, мені бұл атаққа бекітпепті» деп жазған.

Махамбет Өтемісұлы татарша да, орысша да өте сауатты болған көрінеді. Бұл сол кездің қарапайым қазағы үшін аса сирек кездесетін қасиет еді. Міне, осы қасиет оны өз замандастарының көз алдында тым аспандатып -ақ жіберді. Махамбеттің қайда жүріп сауат ашқаны бізге беймәлім. Шамасы ол саяхатқа көбірек шыққанға ұқсайды: Хиуада болғанда үйрендіме, бәлкім Бұқараға барғанда үйренген шығар. Ол тамаша ақын, әрі шешен ретінде, Ордада құрметке бөленді, Махамбет бір кезде ханның Ставкасында тұрып, оның сарай ақыны болыпты дейтін де сөз бар. Қалай дегенмен де ақын хан отбасыларының ықылас-сеніміне бөленген. Бірақ ақыр аяғында ол қандай себеппен болса да ханнан ажырасып тынған. Жәңгір хан мұны 1837 жылы 13 желтоқсанда Орынбор губернаторына жазған хатында растап, Махамбеттің бір кезде өз ұлымен бірге тұрғанын айтқан: «Исатайдың ең жақын әрі ең бірінші сыбайласы және осынау бүлікке дем берушісі қазақ Махамбет Өтемісовтың тәртібі нашар болды, - деп жазған хан. - Ол Орынборда менің жас ұлым Зұлқарнаймен бірге тұрғанды. Бірақ мен оны жексұрын адам ретінде қуып жібердім»[3] .

Исатай мен Махамбеттің өшпенді жауы Қарауыл қожа бірде ханға: «Махамбет Өтемісов адал құлықты адам емес, Орал линиясы арқылы Хиуадан шыққан контрабанданы өткізгені үшін айыпталып, Қалмақ қамалында тұтқанға алынды» -деп хабарлаған. Ал Махамбетте мұны жасырмаған, өзінің 1836 жылғы 10 желтоқсанда берген түсінігінде: «Осыдан 6-7 жыл бұрын орыс үкіметі ұстап алып, Орал линиясы арқылы жасырын өткені үшін айыптап, содан екі жылдай Қалмақ бекінісінің түрмесіне отырып шықтым» деген. Сол кезде яғни 1831 жылғы оба сүзегі кезінде түрмеден қашып шығып, Махамбет қырға келіп жасырынған. Бұл да Исатай секілді түрмеден орыс үстемдігіне қарсы жеккөрінішке толы сезіммен шыққан . . . Міне, осынау сезім екі батырды бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түскені анқ. Табанды да, қызу қанды әрі ақын, әрі шешен Махамбет асып-саспайтын байыпты да парасатты, қандай да бір істе болмасын шешімді қадам жасамас бұрын барлық жағдайды өлшеп-пішіп, салмақтай алатын ақылды ағасы Исатай батырға ұқсап бақты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Австрия империясындағы революция
Жануарлардың қоныс аудару
Жетісудағы ұлт - азаттық қозғалыс (19ғ.ІІ жартысы-20ғ. басы)
Сырым Датұлының өмірі
Қазақстан жаңа заман тарихы
Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Оқу құралы
Дүние жүзі тарихы
Қазақстан жаңа және қазіргі заман тарихы
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz