Поэзиялық аударма мәселелері (Иран-Ғайыптың өлеңдері мысалында)



Көркем аударманың тәржіме жұмысында күрделі сала екендігі өз алдына айқын. Ал соның ішінде поэзиялық аударма ерекше мәнге ие. Бір тілдегі поэзиялық туындыны екінші бір тілге аудару барысында өлең сөздің ұлттық өрнегі мен ішкі ой әуенін дәл жеткізу үшін ең алдымен асқан сезімталдық қажет. Мұның сыртында екі тілді де жетік білу, ұлттық ойлау өрісінің қыр-сырына қанық болу, шығарманың түйінді сырын анық басып, дәл жеткізу сынды талап-тілектер де ескерілуі тиіс.
Иран-Ғайып – замандас ақындарымыздың арасында өлеңдері өзге тілдерге, соның ішінде орыс тіліне жиі аударылып, кеңінен таралған ақындарымыздың бірі. Жалпы ақынның әр жылдары жарық көрген «Жүрек жырлайды» (1974), «Жеті қазына» (1977), «Түннің көзі» (1979), «Сұлулықпен сырласу» (1980), «Өмір-Өлең» (1982), «Сұлулық сарасы» (1985), «Дүниежарық» (1987), «Батқан Кеменің Бейбақтары» (1990), «Мұнар, Мұнар, Мұнарым...» (1992), «Иран бағы» (1995), «Сөз патшалығы» (1996), «Жыр әлемі» (1996), «Қорқытттің Көрі» (2001) атты жыр кітаптары кеңінен таныс. Елуге жуық жыр кітаптары жарық көрген Иран-Ғайып – республикалық, халықаралық деңгейдегі көптеген жыр мүшәйраларының жеңімпазы, поэзия фестивальдарының бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Иран-Ғайып «Глаза ночи» (1983), «Царь слова» (1984), «Наследник» (1988) сынды жыр жинақтары арқылы орыс тілді оқырмандарға да кеңінен танымал десек, артық айтпаспыз. Ақын өлеңдерін орыс тіліне тәржімелеушілер қатарынан Владимир Савельев, Егор Самченко, Нина Габриэлян, Марат Акчурин, Орынбай Жанайдаров, Екатерина Мосина сынды есімдерді кездестіреміз. Ақынның 2006 жылы жарық көрген он үш томдық жыр жинағын парақтай отырып, кей жағдайда бір өлеңді әртүрлі аудармашылардың түрліше тәржімелеген жағдайларын да кездестіріп, таңырқадық. Мұның өзі қоғам өмірінің түрлі қия-қалтарыстарына, терең тұңғиықтарына бойлап, тыңнан ой қозғап, соны пәлсапалық ой түюге бейім ақын өлеңдерінің аудармаға сұранып тұратындығын айғақтамай ма? Бірақ бұл – жеке әңгіме («Дуэль» өлеңінің аудармасы төңірегінде).
Әдеби тәржімеде, әсіресе поэзиялық тәржімеде аударманың көркемдік тұрғыдан биік деңгейде орындалуы түрлі факторларды есепке алуды қажет етеді. Түпнұсқадағы ұлттық бояуды сақтай отырып, тілі жатық әрі көркем аударма жасау дегеннің өзі кереғарлықтан туындаған қатаң талап екені белгілі. Дегенмен ескеру қажет. Кей жағдайда аудармашылардың сөзбе-сөз тәржімеге бой ұратын кездері де болады. Толыққанды көркем аударма жасауда мұндай тәсілдің тиімді бола бермесі анық. Себебі поэзиялық аудармада ең негізгі назарда ұстайтын мәселе – лирикалық қаһарманға тән ой-сезім ауанының түпнұсқадан ауытқымай, мейлінше жуық бедер табуы.
1 Иран-Ғайып. Он үш томдық таңдамасы. Т.1. – Алматы, 2006.
2 Иран-Ғайып. Он үш томдық таңдамасы. Т.11. – Алматы, 2006.
3 Жайлибаева М.Н. Көркем әдебиет саласындағы аударма мәселесі // Вестник КАСУ. №2. 2006.
4. Асанұлы Қ. Е.Букетов және көркем аударма мәселелері // Ақиқат. №2, 2006. – 93-95 бб.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Поэзиялық аударма мәселелері
(Иран-Ғайыптың өлеңдері мысалында)

Баянбаева Ж.А.,
әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
аға оқытушысы

Көркем аударманың тәржіме жұмысында күрделі сала екендігі өз алдына
айқын. Ал соның ішінде поэзиялық аударма ерекше мәнге ие. Бір тілдегі
поэзиялық туындыны екінші бір тілге аудару барысында өлең сөздің ұлттық
өрнегі мен ішкі ой әуенін дәл жеткізу үшін ең алдымен асқан сезімталдық
қажет. Мұның сыртында екі тілді де жетік білу, ұлттық ойлау өрісінің қыр-
сырына қанық болу, шығарманың түйінді сырын анық басып, дәл жеткізу сынды
талап-тілектер де ескерілуі тиіс.
Иран-Ғайып – замандас ақындарымыздың арасында өлеңдері өзге тілдерге,
соның ішінде орыс тіліне жиі аударылып, кеңінен таралған ақындарымыздың
бірі. Жалпы ақынның әр жылдары жарық көрген Жүрек жырлайды (1974), Жеті
қазына (1977), Түннің көзі (1979), Сұлулықпен сырласу (1980), Өмір-
Өлең (1982), Сұлулық сарасы (1985), Дүниежарық (1987), Батқан Кеменің
Бейбақтары (1990), Мұнар, Мұнар, Мұнарым... (1992), Иран бағы (1995),
Сөз патшалығы (1996), Жыр әлемі (1996), Қорқытттің Көрі (2001) атты
жыр кітаптары кеңінен таныс. Елуге жуық жыр кітаптары жарық көрген Иран-
Ғайып – республикалық, халықаралық деңгейдегі көптеген жыр мүшәйраларының
жеңімпазы, поэзия фестивальдарының бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстан
Жазушылар Одағы сыйлығының, Тәуелсіз Тарлан сыйлығының иегері, ҚР
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Иран-Ғайып Глаза ночи (1983), Царь слова (1984), Наследник
(1988) сынды жыр жинақтары арқылы орыс тілді оқырмандарға да кеңінен
танымал десек, артық айтпаспыз. Ақын өлеңдерін орыс тіліне тәржімелеушілер
қатарынан Владимир Савельев, Егор Самченко, Нина Габриэлян, Марат Акчурин,
Орынбай Жанайдаров, Екатерина Мосина сынды есімдерді кездестіреміз. Ақынның
2006 жылы жарық көрген он үш томдық жыр жинағын парақтай отырып, кей
жағдайда бір өлеңді әртүрлі аудармашылардың түрліше тәржімелеген
жағдайларын да кездестіріп, таңырқадық. Мұның өзі қоғам өмірінің түрлі қия-
қалтарыстарына, терең тұңғиықтарына бойлап, тыңнан ой қозғап, соны
пәлсапалық ой түюге бейім ақын өлеңдерінің аудармаға сұранып тұратындығын
айғақтамай ма? Бірақ бұл – жеке әңгіме (Дуэль өлеңінің аудармасы
төңірегінде).
Әдеби тәржімеде, әсіресе поэзиялық тәржімеде аударманың көркемдік
тұрғыдан биік деңгейде орындалуы түрлі факторларды есепке алуды қажет
етеді. Түпнұсқадағы ұлттық бояуды сақтай отырып, тілі жатық әрі көркем
аударма жасау дегеннің өзі кереғарлықтан туындаған қатаң талап екені
белгілі. Дегенмен ескеру қажет. Кей жағдайда аудармашылардың сөзбе-сөз
тәржімеге бой ұратын кездері де болады. Толыққанды көркем аударма жасауда
мұндай тәсілдің тиімді бола бермесі анық. Себебі поэзиялық аудармада ең
негізгі назарда ұстайтын мәселе – лирикалық қаһарманға тән ой-сезім
ауанының түпнұсқадан ауытқымай, мейлінше жуық бедер табуы.
Лирикалық туындыны аударудағы бір қиыншылық ондағы көңіл ахуалының
толқымалылығы, тілге тиек етілген ой-сезімнің абстрактылығына байланысты
болып келеді. Мұндайда, әрине, аудармашы белгілі бір мөлшерде интуитивтік
болжамға жүгініп, өлең сырына өзіндік тұрғыдан баға беруі мүмкін. Иран-
Ғайыптың Түн. Тұтқыныңмын атты өлеңінде жанарына мұң тұнған жас әйелдің
басындағы психологиялық ахуал лирикалық қаһарман тарапынан зерделенеді.
Жалпы өлеңдегі негізгі эмоционалдық-экспрессивтік фон да, ой түйіні де
алғашқы шумақта жатыр:

Қалқам,
Құрбандығы – сен түннің...
Бәлки түннің өзісің!
Бәлки, түннің көзісің!!
Дауасы бар дертіңнің! -
Менің тезисім!!! [1, 101]

Тұтастай өлеңдегі ситуацияны шамалап көрейік. Қара жамылған жас жесір,
оның дертіне дауа іздеп шарқ ұрған лирикалық қаһарманның шарасыздығы,
еңсені басқан түн қараңғылығы... Енді Н.Габриэлян тәржімесіне көңіл
аударайық:

Кто ты, любимая?
Словно две ярких звезды среди ночи –
Так над судьбою моею взошли твои очи.
Ты – глаза этой ночи,
Мягкая нежная тьма...
А может, ты – ночь сама? [Ночь. Я пленник твой, 2, 175]

Түпнұсқа жырға арқау болған сезім сыры мейлінше жасырын. Сезімді
білдіруде ұлттық танымдағы алыстан орағытып әкеліп мегзейтін эстетикалық
тұрғыда әсерлі дәстүр сақталған. Қалқам қаратпа сөзінің аударма нұсқада
Любимая болып келуінің өзі лирикалық қаһарман мен кейіпкер
арақашықтығының (дистанция) азайғанын аңғартады. Мұңлы сұлуды түнге я
түннің көзіне балаған метафоралық қолданыс сақталғанымен, екі нұсқадағы
семантикалық сипаты әрқилы. Түпнұсқадағы түн де, түн құшағындағы кейіпкер
де құпия сырға толы. Бәлки, түннің көзісің! метафоралық қолданысының
аудармасы (Словно две ярких звезды среди ночи – Так над судьбою моею
взошли твои очи. Ты – глаза этой ночи) қаралы сұлудың лирикалық қаһарман
үшін тағдырлық мәнге ие болғандығын айшықтап өтеді.
Өлеңнің идеялық тұжырымы да нұсқаларда әртүрлі. Басына төнген
қасіреттен қабырғасы қайысқан жас әйел мына өмірден баз кешеді. Лирикалық
қаһарман: ...Түннен тұтқа таба алмай, Түңлігін ашып-жаба алмай,
Тұтқының боп мен тұрмын деп, өмір заңының алдында шарасыз кейіп
танытқанымен, оның Дауасы бар дертіңнің! сынды үмітті сөздері мол
сеніммен арқау етіп, қуатты әсер қалдырады. Ал аудармада бұл тұжырым
пессимистік сарынға біржолата бой алдырғандай:

Не гляди на меня с тоской –
Не исцелить мне тоску твою,
Ведь сам болен, болен тобой,
Видишь – пленник твой – на пороге твоем стою... [2, 175]

Иран-Ғайыптың Сауал атты өлеңін де Н.Габриэлян аударған екен.
Тәржімеде негізгі поэтикалық баяндауға арқау болған детальдар толығымен
сақталған. Ішінара кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
И. Оразбаев поэзиясының шеберлік тұғыры
Иран-Ғайып шығармашылығы және қазіргі қазақ поэзиясы
Мысал жанрының қалыптасуы
МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануы
А.Байтұрсынов аудармаларының маңызы
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Шәкәрім және шығыс әдебиеті
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Пәндер