Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1.ТАРАУ.
Инфляция теориясы және оның табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Инфляция түсінігі және оның даму факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.ТАРАУ.
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процесс ... ... ... ..11
2.1 ҚР.ның инфляциялық жағдайы және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Ұлттық экономикада инфляцияға қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3.ТАРАУ.
2005.2008 жылдардағы инфляцияны төмендету саясаты
және инфляцияны таргеттеудің ҚР.да қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Инфляция - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр.Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістерді туғызады.
Инфляция мен экономикалық дағдарыстардан осы уақытқа дейін бірде бір ел тыс қалып көрген емес.XIX-XX ғғ. дағдарыс пен инфляцияға АҚШ жане Еуропа (1929-1933 жж. 1950-1980жж.), Оңтүстік Америка (1970-1990 жж.), Оңтүстік-Шығыс Азия (1980-1990жж.), ТМД елдері (1990-жылдары) ұшырады.
Бірақ бұл процестің өзіндік жақсы жақтары да бар - барлық елдерде ең ауыр дағдарыс әдетте экономиканың жаңаруымен және өрлеуімен аяқталады. Сондықтан экономикалық дағдарыс пен инфляция көбінесе мемлекеттің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының бетбұрыс кезеңі болып қаралады. Бұл жөнінде нақты мысал ретінде 1990 жылдардың басындағы ТМД елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы дағдарысты айтуға болады.
Инфляция бүгінде әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының күрделі мәселелерінің бірі болғандықтан , оның мәнін түсіндіру, талдап үйрету жоғары сапалы экономист-мамандар дайындауда маңызды орын алады. Ал бұл мәселені талдауға арналған арнаулы оқулықтар қазіргі уақытта жоқ.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын "Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат" деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі және менің оны таңдаудағы мақсатым - экономикадағы инфляциялық процестерге толық мағыналы талдау жасау, олардың пайда болу себептерін және экономикадағы тауарлар мен қызмет бағаларының өсуіне ықпал жасайтын мәселелерді ашып беру, инфляцияға қарсы саясаттың жолдарымен, қазіргі кездегі инфляцияның теориялық негіздерімен және олардың эволюциялық дамуымен таныстыру.
Осы курстық жұмысты орындау барысыеда, еліміздегі инфляцияның қазіргі жағдайын, туындап отырған мәселелерді және болашақтағы экономикалық даму жоспарымызға орай келесідей міндеттерді орындаймын:
• Инфляцияның жаратылысын, оның түрлерін, оған әсер етуші факторларды қарастыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшеліктерін ашып көрсету;
• Инфляцияның елдің әлеуметтік-экономикалық салаларға тигізер әсерін, одан болатын экономика және қоғам дамуындағы зардаптардың алдын алу шараларын;
• Инвестиция, жұмысбасты халық, экономикалық активті халық, кәсіпкерліктің дамуы сияқты экономикалық көрсеткіштермен инфляцияның арасындағы өзара байланысты қарастыру;
• Еліміздің егемендігін алғаннан кейінгі инфляциялық жағдайын, олардың пайда болу себептерін және зардаптарын шешу жолдарын қарастыру;
• Биылғы 2008 жылғы инфляцияның жоспарланған шегінен асып кету қаупінің себептері мен экономикаға және әлеуметтік қоғамға тигізер салдарын қарастыру мен талдау;
• Бүгінде еліміз экономикасының қаржы саласы жәнемемлекеттік деңгейде инфляцияға қарсы саясатын және оның негізгі бағыттарын, олардың ішінде ұлттық экономика ерекшелігіне байланысты тиймділерін ұсыну;
Енді осы міндеттерді орындау үшін нақты жұмысқа кірісіп, инфляция жаратылысы туралы тереңірек мағлұмат алайық.

1.Инфляция жене Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат: Оқу құралы / Жаналинов Б.Н.-
Алматы: Экономика, 2007.
2.Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейітқасымов.- Алматы: Экономика, 2001,-466 б.
3.С.Б. Мақыш / Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-ші басылым, қайта өңделген және
толықтырылған.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.- 248 б.
4.Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары,- Алматы: "Экономика"
2000 ж.
5.2007 жылдың алдын ала қорытындылары туралы статистикалық мәліметтер // Банки Казахстана,
№1,-20 05 г.
6.Д.А. Федотов "Причины инфляции и пути борьбы с ней" // Вестник КазНУ. Серия
экономическая. №1,- 2004г.
7.Р.Е. Джаншанло "Инфляция и обменный курс в экономике Казахстана" // Вестник КазНУ. Серия
экономическая. №3, - 2004г.
8.Беларусовтар: "Инфляция: факторлары және механизмдері", - Алматы: 2002 ж.
9.Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова "Макроэкономика", - Алматы: 2001 ж.
10.www.nationalbank.kz.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1-ТАРАУ.
Инфляция теориясы және оның
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Инфляция түсінігі және оның даму
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...4
1.2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2-ТАРАУ.
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық
процесс ... ... ... ..11
2.1 ҚР-ның инфляциялық жағдайы және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...11
2.2 Ұлттық экономикада инфляцияға қарсы
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 15
3-ТАРАУ.
2005-2008 жылдардағы инфляцияны төмендету саясаты
және инфляцияны таргеттеудің ҚР-да
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...26
КІРІСПЕ
Инфляция - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол
көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің
басты экономикалық проблемаларына айналып отыр.Инфляция экономикалық өрлеу
қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің
шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістерді
туғызады.
Инфляция мен экономикалық дағдарыстардан осы уақытқа дейін бірде бір
ел тыс қалып көрген емес.XIX-XX ғғ. дағдарыс пен инфляцияға АҚШ жане Еуропа
(1929-1933 жж. 1950-1980жж.), Оңтүстік Америка (1970-1990 жж.), Оңтүстік-
Шығыс Азия (1980-1990жж.), ТМД елдері (1990-жылдары) ұшырады.
Бірақ бұл процестің өзіндік жақсы жақтары да бар - барлық елдерде ең
ауыр дағдарыс әдетте экономиканың жаңаруымен және өрлеуімен аяқталады.
Сондықтан экономикалық дағдарыс пен инфляция көбінесе мемлекеттің саяси,
әлеуметтік және экономикалық дамуының бетбұрыс кезеңі болып қаралады. Бұл
жөнінде нақты мысал ретінде 1990 жылдардың басындағы ТМД елдеріндегі, оның
ішінде Қазақстандағы дағдарысты айтуға болады.
Инфляция бүгінде әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының күрделі
мәселелерінің бірі болғандықтан , оның мәнін түсіндіру, талдап үйрету
жоғары сапалы экономист-мамандар дайындауда маңызды орын алады. Ал бұл
мәселені талдауға арналған арнаулы оқулықтар қазіргі уақытта жоқ.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын "Инфляция және ҚР-дағы
инфляцияға қарсы саясат" деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі және менің
оны таңдаудағы мақсатым - экономикадағы инфляциялық процестерге толық
мағыналы талдау жасау, олардың пайда болу себептерін және экономикадағы
тауарлар мен қызмет бағаларының өсуіне ықпал жасайтын мәселелерді ашып
беру, инфляцияға қарсы саясаттың жолдарымен, қазіргі кездегі инфляцияның
теориялық негіздерімен және олардың эволюциялық дамуымен таныстыру.
Осы курстық жұмысты орындау барысыеда, еліміздегі инфляцияның қазіргі
жағдайын, туындап отырған мәселелерді және болашақтағы экономикалық даму
жоспарымызға орай келесідей міндеттерді орындаймын:
Инфляцияның жаратылысын, оның түрлерін, оған әсер етуші факторларды
қарастыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшеліктерін ашып көрсету;
Инфляцияның елдің әлеуметтік-экономикалық салаларға тигізер әсерін, одан
болатын экономика және қоғам дамуындағы зардаптардың алдын алу шараларын;
Инвестиция, жұмысбасты халық, экономикалық активті халық, кәсіпкерліктің
дамуы сияқты экономикалық көрсеткіштермен инфляцияның арасындағы өзара
байланысты қарастыру;
Еліміздің егемендігін алғаннан кейінгі инфляциялық жағдайын, олардың пайда
болу себептерін және зардаптарын шешу жолдарын қарастыру;
Биылғы 2008 жылғы инфляцияның жоспарланған шегінен асып кету қаупінің
себептері мен экономикаға және әлеуметтік қоғамға тигізер салдарын
қарастыру мен талдау;
Бүгінде еліміз экономикасының қаржы саласы жәнемемлекеттік деңгейде
инфляцияға қарсы саясатын және оның негізгі бағыттарын, олардың ішінде
ұлттық экономика ерекшелігіне байланысты тиймділерін ұсыну;
Енді осы міндеттерді орындау үшін нақты жұмысқа кірісіп, инфляция
жаратылысы туралы тереңірек мағлұмат алайық.
I ИНФЛЯЦИЯ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБИҒАТЫ
1.1 Инфляция түсінігі және оның даму факторлары
Инфляция - ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы
деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық
әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі.
Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады.
" inflatio " (инфляция) - ежелгі медицина саласындағы ұғым. Оның мағынасы
латынша inflatio - " іштің қампиюы, ісініп өсуі " деген түсінік береді.
Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған
- американ экономисі А. Делмар. Ол 1864 ж. Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың
Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) айналымға
алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар (" гринбаксы "- green
bakcs: " зелёные спинки ") шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен
тыс көбеюін А. Делмар " inflatio " (" вздутие бумажного пузыря ") деп
атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа
елдерінің ( Франция, Ұлыбритания, Германия ) қаржыгерлері мен банкирлерінің
арасында қолданалып , ХХ ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде
орын ала бастады.
Инфляцияның шығу тегі - медальдың екі жағы сияқты, ақша мен инфляция
өзара тығыз байланысқан ұғымдар. Инфляцияны кредиттік ақшаның " сырқаты "
деп айтуға болады. Ерте заманда инфляция өте сирек кездесетін құбылыс
болған, яғни бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған.
И. Фишердің айырбас теңдеуі MV=PQ инфляцияның " феноменін " бірінші рет
түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған
тауар көлеміне тең болуы тиіс. Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл
шарт "автоматты" түрде орындалды. Өйткені ол кезде айналымда тек қана сауда-
саттық жүргізуге қажетті алтын ақша мөлшері болды. Тауар азайған уақытта
артық ақша "қазына" ретінде жинақталып, "алтын сандықтарда" сақталды.
Қажетті тауар көбейіп, ақшаға сұраныс өскенде, сақталған алтын ақшалар
қайтадан айналысқа түсіп, тауар бағасының тұрақтылығын ұстады.Алтынға толық
айырбасталатын қағаз ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы сақталып
отырды.
Алтын монеталық стандарт жойылғаннан кейін ақша айналымында мүлдем
басқа жағдайлар орын алды. Айналымға алтын айырбасталмайтын қағаз ақшалар
шығарылды. Бұл алтын монета айналымы кезіндегі И. Фишердің теңдеуі бойынша
инфляцияға қарсы "автоиатты" механизмнің іс-әрекетін тоқтатуға әкелді.
Қағаз ақшаларды қазына, байлық ретінде жинақтап бір жерде сақтаудың
ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақшалар айналымда
сақталып қала берді, ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік
бұзылды. Осының бәрі өз кезегінде экономикада инфляцияның орын алуына әкеп
соқты.
Маркстің классикалық анықтамасы бойынша:"...ақша - тауардың айырбастық
құны, ол тауардың өзіндік құнынан бөлінген, бірақ ол өз бетінше жеке тауар"
деп айытқаны инфляцияның шығу тегін түсінуге шамалы болса да жарық
түсіреді. Егер осы берілген анықтаманы негізге алатын болсақ, онда ақша
тауардың құнынан бөлініп шығуымен бірге, өзінің өзіндік құнынан айырылған
тауар. Сондықтан бүгінгі таңдағы ақша алтын монеталық дәуірдегі ақша
айналымы сияқты жинақталу немесе қайтадан айналымға түсіп, кеңею
қасиеттерінен "автоматты" түрде айырылған. Сұраныстан жоғары мөлшердегі
қағаз ақша тауар айналымын толтырып, өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің
бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бағаның өсуі инфляцияның алғашқы айқын
көзі болып табылады. Қазіргі таңдағы инфляция феноменінің мән-мағынасын
осылай түсіндіруге болады.
Инфляция күрделі әлеуметтік -экономикалық феномен, оның пайда болу
себептері көбінесе бір жақты айтылмайды.Бірақ инфляцияның негізгі пайда
болу себептерін экономикадағы барлық нарықтарда (тауар, ақша, тұтынушылық
қызметтер, т.б. нарықтарда)бір уақытта сұраныстар мен ұсыныстарының
арасындағы баланстың бұзылуынан (сұраныстың артуынан) деп есептейді
.Инфляцияның даму факторлары әр түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және
ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция
сұраныс инфляциясы, ал ақшалай емес - шығын инфляциясын білдіреді.
Бұл екеуі де ішік факторларға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың
өсуі, кредит экспансиясы, ақша айналыс жылдамдығының өсуі және т.б. жатады.
Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі, экономиканың
циклдік дамуы, халық шаруашылығы салаларының арасындағы пропорциялардың
бұзылуы, экономиканың монополизациясы, директивалық бағаның түзелуі жатады.
Импортталған инфляцияны туындататын сыртқы факторларға - елге шетел
валюталарының артық ағылуы, импортталған тауарлар бағаларының өсуі және
т.б. жатады.
Инфляциялық факторлар экономикалық емес сипат алуы мүмкін екенін ерекше
атаған жөн. Адам қылықтарының психологиялық аспектілері (күту инфляциясы),
әлеуметтік сілкіністер (соғыстар, апаттар), өкіметке сенімділіктің жоғалуы,
саяси тұрақсыздық және т.б. факторларға жатады.
Инфляция факторларын былайша топтаймыз:
ұдайы өндірістік факторлар - тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе
өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болады. Экономика құрылымының
бұзылуы: өндірілген жиынтық өнімнің 34 бөлігінің көбі машиналар өндірісі,
жабдықтар мен басқа өндіріс құралдарын құрайды, ал тұтыну заттарының
өндірісі халық қажеттілігін қамтамасыз етпейді, жұмыс өнімділігінің өсуі
мен халықтың ақша табысының арақатынасының бұзылу;
қазыналық (фискалды) факторлар - ақша эмиссиясы есебіне бюджеттік
тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі;
ақшалай факторлар - ұлтық валютаның валюталық бағамының құлдырауы үнемі
сипат алып отыпады: біріншіден, жағымсыз валюталық бағамның тұрақсыздығы
билікке деген сенімділікті жоғалтуға әкеп соғады, импорт қымбаттайтын
болады, екіншіден, жағымды - Қазақстандағф сияқты экономиканың шикізат
салаларының дамуын, экспортқа бағытталған салалардың дамуын ынталандырады,
шетел валютмлардың еркін айналымы(сенімділіктің жоғалғаны үшін ұлттық
валютаның валюта бағамының құлдырауы ), қосымша ақша эмиссиясы, кредит
экспансиясы, (өндіріс пен қызметтер өсу қарқынына қарағанда кредит
қарқынының алдын ала өсуі кезінде, шамадан тыс кредиттеу);
сыртқы факторларға - экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің
ұлғаюы, мемлекеттің сыртқы қарызының шамадан тыс өсуі, сырттан қарыз алу
жатады.
Экономикалық теорияда инфляция факторларының бірнеше түсінігі бар.
Кейнсияндық теорияның өкілдері көп факторларданқаржы, ақша-кредит,
саясатының экспансиясы, өндіріс шығындарының өсуі, директивалық бағаның
түзілуі сияқты негізгі инфляция факторларын бөліп шығарады. Сұраныс
ұсыныстан артық болуы, өндіріс шығындарының көтерілуі, осыған сәйкес,
тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, сондай-ақ монополиялық бағалардың
өсуі осы факторлардың салдары болады деп санайды.
Тақыстық (ортодоксальный) монетаризмның жақтаушылары, керісінше тек ақша
массасының артық өсуі бағалардың ұзақ мерзімді көтерілуінің жалғыз себебі
болады деп есептейді. Олар тек ақша жиынын (массасын) жалғыз инфляция
факторы ретінде санап, басқа факторларды оның өсу себебі деп қарастырады.
Олар инфляцияны халықта бар ақшаның мөлшері өндіріс тауарлары мен
қызметтердің жиынтық көлемінен арттырумен біріктіреді. Оның себебі артық
сұраныс, ол инфляцияны туындауына жол ашады.
Қазіргі монетаристер, " ақша - бағаның " тұрақты байланысына қарағанда,
бағалардың өсуі мен ақша жиынының арасында өте күрделі тәуелділіктің бар
екенін мойындайды. Инфляцияны тек қана айналымдағы артық ақша ғана емес, ең
алдымен шаруашылық әдістері, ұдайы өндіріс процестерінің бұзылуы, ақша
айналымы заңының бұзылуы тудырады.
1.2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары
Инфляцияның қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық салдары әр алуан, өзара
қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соғады.
1.Инфляция ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен,
экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және
болжамсыз қайта бөлінуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция
факторының біреуі болып табылатынмемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық
салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары
төлейді. Ол өзімен-өзі автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде
ақша капиталы құнсызданады. Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының
төмендегенін көрсетеді.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол-ақша басып
шығаруғамонополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан
банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған
шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған
ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады.
Белгіленген табыстары бар (зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер,
жәрдемақы алушылар) адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстарының
төмендеуінен шығынға ұшырайды.Индексацияланған табыс алушы топтар
табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға
мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Ал нарықта жұмыс берушілер
және монополистер инфляция жағдайында белгілі бір ұтысқа келеді.
Экономикада нақты активтер иелерінің (қозғалмайтын мүліктің,
антикварианттың, өнер туындыларының, асыл заттардың) инфляцияның қорғанысы
мықтырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның
жалпы дәрежесінен артық болып отырады.
Пайыз қойылымы өзгермеген тұрақты болса, коптеген инфляцияның нәтижесінде
несиелеуші тұлғалар ұтылысқа ұшырайды, ал бұл өз кезегінде инвесторлар мен
экономиканы несиелеушілердің ынтасын төмендетіп, жалпы өндіріс құлдырайды.
Сондай-ақ инфляция кезінде қарыз алушылар ұтысқа кеңеледі. Шығындарын
азайтуды көздеп, банктер пайыз қойылымын жоғарылатады. Ал пайыздық
қойылымның өсуі өндіріске салынатын ішкі және шетелдік инвистициялардың
көлемінің төмендеуіне алып келеді. Бұл жағдай өз кезегінде мемлекеттің ЖҰӨ
көлемін азайтады және оның үстіне инфляцияны одан әрі жандандыра түседі.
2.Инфляцияның жоғары деңгейі және баға көлемінің күрт өзгеруі
кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі.
Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қатер-қауіп өседі. Осының
төлемі ретінде пайыз қойылымы мен пайда өсе бастайды. Ал инвистициялар
қысқа мерзімдік сипат ала бастайды, инвистициялар жалпы көлемінде күрделі
құрылыстың, маңызды өнеркәсіп салаларының үлес салмағы төмендейді және
спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе бастайды. Болашақта бұл
жағдай ұлттың тұриысын, әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетеді.
3.Қоғамның саяси тұратындылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі.
Яғни, елде ұрлық-қарлық, тоноушылық, адамдарға сенімсіздік және т.б.
келеңсіз әлеуметтік жағдай орын алады.
4.Экономиканың "ашық" секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары
қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді. Бұның
нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және
тауар өндірушілер банкротқа ұшырай бастайды.
5.Тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Осыдан барып ұлттық
капиталдың шетелге кетуі өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді
және тауар өндірушілер банкротқа ұшырай бастайды. Осылар қосылып бағаның
одан әрі өсуін жылдамдатады.
6.Ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты
активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның
жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі
экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан "қашуға" себеп болады.
Фирмалар мен үй шаруашылығы инфляцияға төтеп беру мақсатында нақты
активтерді сатып алу үшін қосымша шығындарға ұшырайды.
7.Мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты табыстары
төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық саясат
жүргізуге мүмкіндік шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттің
қарыздары өседі.
8.Жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін
экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп,
халықтың көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуінталап етеді.
Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің төлемі және
оның стимулы болып та табылады. Дефляция, керісінше, жұмыспен қамтуды және
өндірістік қуаттарын пайдалануын төмендетеді.
9.Стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен
ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік бермейді.
Бірақ, инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемі және жұмыссыздықтың, екінші
жаақтан, арасында тікелей өзара байланыс болмайды.
10.Әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірісінің
көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады. Ұзақ мерзімді уақыт интервалында
"инфляцияның шапшаңдауы" теориясы бойынша, жылдан-жылға инфляцияның
қарқынының өсуі, өндірістің нақты көлемін, оның өзінің табиғи дәрежесінен
жоғары ұстап отыруға көмек береді.
Инфляция өз кезегінде халықты жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді.
1958 жылы ағылшын экономисі А.Филипс оның ықпалын көрсететін "сұраныс
инфляция" деген үлгіні ұсынды. Ол жұмыссыздықтың нормасы мен жалақының
арасында тәуелділік бар екендігіне назар аударған. Оның қорытындысы
бойынша, жұмыссыздықтың кейбір дәрежесіне (6-7%) жалақының дәрежесі тұрақты
және оның өсімі нолге тең болады. Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден төмен
болса, онда жалақының өсуі шапшаңдайды және керісінше. Соңынан жалақы мен
бағаның өсуінің өзара қатал байланысы бар тезис пайдаланылып, осы заңдылық
жұмыссыздық және бағаның өсуі қарқынының өзара байланысы болып қайта
өзгертілді. Филипстің қисық сызығын келесі суреттен көре аламыз:
U
Сурет-1 Филипс қисық сызығы
Мұндағы,
W-номиналдық жалақының өсу қарқыны;
P-инфляция дәрежесі;
U-жұмыссыздық дәрежесі, %;
Суреттен көріп отырғанымыздай Филипс қисық сызығы жұмыссыздық пен
инфляцияның арасында тұрақты және болжауға болатын керісінше байланыс бар
екенін көрсетеді. Осыны кейнсшілердің инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы
ғана дәрежесінде жоғары болуы мүмкін және керісінше дегенді де дәлелдейді.
Экономикада практика жүзінде бағаларды өсірмейтін жұмыспен қамту дәрежесі
болады.
XX ғасырдың 50-60 жылдардағы дамыған елдердің статистикалық
көрсеткіштерін зерттеудің қорытындысы Филипс қисық сызығын толық растады.
Сол жылдары көптеген елдердің экономикасында жұмыспен қамту толық жүзеге
асырылды. Өндірісті одан әрі өсіруге және жұмыссыздықты қысқартуға
мақсатталған шаралардың орындалуы бағаның өсуін шапшаңдатты және керісінше
- инфляцияның қарқыны төмендеген сайын жұмыссыздық өсе түсті.
Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы керісінше байланыс неше түрлі
сипатта дәлелденуде. Жартылай бұл жағай еңбек рыногының бейімділігімен
дәлелденеді. Еңбек нарығы жұмыспен қамтудың құрылымы, квалификациялары,
орналасқан орны және т.б. бойынша сегменттелген сипаты бар, көптеген
жекелеген рынок болып табылады. Осы жағдай мынаған әкеледі: еңбек рыногінің
кейбір сегментінде экономика бірте-бірте жұмыспен толық қамтуға жылжығанда,
жұмыссыздыық практика жүзінде сақталады, ал сонымен қатар, еңбек рыногының
басқа сегменттерінде қанағаттандырылмаған сұраныс сақталады. Бұларда
шығындардың көбеюіне және бағаның өсуіне әкелетін жалақының өсуі жалғаса
береді. Осы процестің макроэкономикалық нәтижесі - инфляцияның қарқынының
өсуімен сипатталады.
Экономика дағдарыстар кезінде баға және жұмыссыздық бірдей қосарласып
өседі. Осындай экономикалық қолайсыз жағдай стагфляция (инфляциямен бір
мезгілде келетін экономикалық тоқырау) деп аталады.Осы кездегі инфляция мен
жұмыссыздықтың өзара байланыстары туралы деректер екі қорытынды жасауға
мүмкіндік береді: Филипстің қисық сызығы оңға қарай жоғары жылжиды да, ол
инфляция дәрежесінің әрқайсысына жұмыссыздықтың өскен дәрежесі сәйкес
келеді немесе осы құбылыстардың арасында байланыс болмайды.
Екінші бағыт инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстарының
тұрақтылығын және үзілмейтіндігін жоққа шығарады. Экономикада орынды
қарқыны берілген инфляция жағдайында, жұмыспен қамтудың ең жоғары деңгейіне
жетуге болады.
Стагфляцияның пайда болуын Кейнстік мектептің экономистері бірінен соң
бірі келіп отырған ұсыныстың болмай қалуымен, үзілумен дәлелдейді. Бағалар
мен жұмысты болудың өзара байланыстарының бұдан бұрынғы талдауы,
өзгермейтін тұрақты ұсыныс жағдайында жиынтық сұраныстың дәрежесі өзгеріп
тұратындығына негізделген болатын. Жиынтық ұсыныстың төмендеуі инфляция мен
жұмыссыздық дәрежесінің бірдей бір мерзімде өсуіне әкеледі, бұл өз
кезегінде стагфляция пайда болады, Филипс қисық сызығы жылжиды.
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС
2.1 ҚР-ның инфляциялық жағдайы және ерекшеліктері
Инфляция ақша жүйесінің дағдарыстық кезеңі болып табылады, яғни ол
қоғамның дамуының тепе-теғдігінің бұзылуына себепші болады.Инфляция
экономикалық құбылыс ретінде ҚР-ның дамуында басты мәселелердің бірі болып
келеді. Өйткені еліміздің 1991 жылы өз егемендігін алуымен байланысты
ұлттық экономикамыз бірден дағдарысқа ұшырай бастады. Оның бірден-бір
себебі бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе бұзылып,
қатаң түрде реттеліп келген елдің ақша айналысы жүйесінің тиімсіздігі дереу
көрініп қалды. Сол кездегі айналыста жүрген Ресейлік рубльдердің
құнсыздануы шапшаң болды. Олай болатын себебі, экономикада өндірілген
өнімдер мен қызмет көрсетулерден ақша массасы тым артып кетті.
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерімен
бірге "рубль аумағында" қала берді. Бірақ бұрынғы орталықтан басқарылып
келген экономикалық жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар орын ала бастауына
байланысты экономика айналыста жүрген ақша массасы күннен-күнге өсіп,
инфляция кең етек ала бастады. Осының салдарынан 1992 жылы айналысқа 200,
500, 1000 рубльдік купюралар шыға бастады. 1992 жылы маусым айында алғаш
рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.
Алайда өндірістің одан сайын құлдырауы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығының
өсуі, жалпы экономикалық дағдарысқа ұшырауы инфляцияны одан сайын үдетті.
Тіпті сол кездегі инфляция гиперинфляцияға айналды, нақтырақ айтсақ
инфляция деңгейі 2000%-пайыздан асып кетті. Осыған байланысты бұрынғы 15
елдің рыноктық қатынастарға өтуге бетбұрвс жасауы ортақ валютаны ұстап
тұрудың тиімсіз екендігін мойындады.
Осыған байланысты 1992 жылдың бірінші жартысынан-ақ ҚР-ның жетекшілері
ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған
болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның "Харрисон" фирмасымен шарт
жасасты . Сөитіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50, және 100 теңгелік ақшалар
Қазақстанға жеткізілді. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесі
болды.
1993 жылы 12 қарашада ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан
Республикасында Ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарғыға қол қойды. Осы
жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта - теңге
енгізілді.
КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және
банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қолма-қол
ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен міндеттемелердің теңгеге
айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.
ҚР-ның 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша
айырбастай алды. Айырбас бір рет ғана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа
белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып,
оны алты ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан
қаражаттардың шығу тегінің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді.
ҚР Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1доллар=4теңге 70 тиын
шамасында белгіледі.Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес
бағамен жалақы да өсті.
15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі халық теңгемен және рубльмен де есеп
айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге
асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері
күнделікті қабылданды. Кәсіпорындардың баланстарындағы рубльмен берілген
активтер мен пассивтер екі күн ішінде қайта есептелінді. Қолма-қол ақшаны
айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер
клиенттермен операциялар жүргізбеді.
Алайда теңгенің енгізілгеннің өзінде де инфляция өсуі белең алып отырды.
Оның бірден бір себебі еліміздегі өндірістің құлдырауы, мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы экономикадағы жаппай теңсіздіктің орын алуы. Еліміздегі
инфляцияның пайда болуының және қарқынды өсуінің себебіне сұраныс және
шығындық инфляциялар әсер етті.
Қазақстанда ақша массасының өсуіне үш түрлі себепті атап өтсек болады:
Біріншіден, бюджеттік тапшылықты қаржыландыру үшін орталық банктерден
келген несиелер;
Екіншіден, Ұлттық банктің коммерциялық банктерге несиесі - қайта
қаржыландыру үшін несиелер;
Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие - олардың Қазақстанменсаудадағы
тапшылығымен байланысты;
Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция
жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейткен болатын. Осы мәселе туралы
ұлттық валюта енгізілгеннен бастап елдегі банк жүйеміз нақты ақша-несиелік
және валюталық реттеуге кірісті. Осының нәтижесінде экономикада 1995 жылдан
бастап инфляция деңгейі төмендей бастадығ, ал ол өз кезегінде экономикалық
өсуге жол ашты.
Елімізде инфляциялық дағдарыстың орны ерекше деп те атасақ болады.
Өйткені 1990 жылдан бастап өндірістің құлдырауы, бұрынғы орталықтанған
экономиканың ақшаны құнсыздануға жібермей ұстап тұрған саясаты жойылып,
экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда қаржы саласы дереу дағдарысқа
ұшырады. Осының салдарынан Қазақстанда 1992-1994 жылдары тұтынушылар
тауарына инфляция деңгейі 2000%-дан асып кетті. Өндіріс пен инфляцияның
дағдарысқа ұшырауы әлеуметтік саланың күрт құлдырауына алып келді. Халықтың
ақшалай кірістері кеми бастады, еңбек ақы төмендеді, жұмыссыздық мәселесі
орын алды, елдің өнеркәсібіне инвестиция құйылуы кеміді, жалпы елде
кедейлік деңгейі өсе бастады.
Әлемдік тәжірибеде инфляциялық дағдарыс деп екі жыл аралығында инфляция
деңгейі 40%-дан төмендесе айьады. Ал Қазақстанда 1992-1994 жылдарда
гиперинфляция болды.
Осы мәселеге мемлекетіміз әр түрлі саясаттарды іске асыра бастады. Бірақ
1991-1993 жылдар өзіміздің ұлттық валютамыз болмауы есебінен қаржы жүйеміз
ақша-несие және валюталық саясатты толық түрде жүргізе алмады. Осыдан
бастап еліміз экономиканы ақша-несиелік және валюталық түрде реттей
бастады,ұлттық валютамызды тұрақтандыру саясатын жүргізуді қолға алды және
жаппай мемлекеттік меншікке жекешелендіру саясаты, яғни кәсіпкерлікті
дамыту реформалары жүргізілді. Бұл саясаттардың барлығын жүргізіп, іске
асырып отырған мемлекетіміздің Ұлттық банкі болды.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты.
2007 жылы инфляция үрдістері әр түрлі бағыттағы сипатта болды. Жыл
басында инфляцияның өсу қарқынының біршама бәсеңдегені байқалды: Стастика
агенттігінің деректері бойынша жылдық инфляция 2007 жылғы желтоқсанның
қорытындысы бойынша 7,4%-дан 2008 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша 6,2%-
ға дейін азайды.
2008 жылдың екінші жарты жылдығында Қазақстан экономикасында инфляциялық
үрдістер күшейді. 2008 жылдың қыркүйек - қарашада ғана бағаның өсуі 6,5%
жетті. Бұ ретте осы кезеңде инфляцияның өсуі,бірінші кезекте азық-түлік
тауарларының 10,7% қымбаттауынан туындады.
Тұтастай алғанда 2008 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның жылдық
деңгейі 6,6% болды. Орташа жылдық инфляция 5-7% құрады.
2008 жылы 2007 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бағаның неғұрлым
жоғары өсуі ТБИ барлық топтары бойынша байқалды. Азық-түлік тауарлары -
16,6%, халыққы ақылы қызмет көрсету - 12,4%, азық-түлікке жатпайтын
тауарлар - 10,5% қымбаттады.
Бағаның неғұрлым өсуі күнбағыс майына 46,8%, нанға 48,5%, макарон
өнімдеріне 40,2%, жұмыртқаға 36,9%, денсаулық сақтау мекемелері қызметіне
22,0%, ТКШ қызметіне 18,4% болды.
Бұл ретте соңғы 8 жыл ішінде жылдық инфляцияның соншалықты айтарлықтай
өсуі байқалған жоқ.
2008 жылы инфляцияның көтерілуі ақша ұсынысының бірқалыпты өсуі аясында
жүрді.Ақшы массасының өсуі 2008 жылы 25,5 % болды. Ақша базасы 2008 жылы
2,5% азайды. 2008 жылы инфляция динамикасын айқындайтын негізгі
факторлардың ішінде күйзеліс сипатындағы сыртқы факторды, жиынтық
сұраныстың өсуін, еңбек өнімділігінің төменділігін, нақты экономикадағы
бағаның өсуін атап көрсетуге болады. 2008 жылғы екінші жарты жылдықта
инфляциянфң айтарлықтай өсуіне әлемдік нарықта азық-түлік тауарлары
бағасының қүрт секіруі негізгі себеп болды (бидай, өсімдік майы).
Мәселен Дүниежүзілік банктіңдеректері бойынша 2008 жылы бидайдың әлемдік
бағасы (Канада) 2 есе өсті, 2008 жылғы АҚШ ауыл шаруашылығы департаментінің
деректері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz