Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі қалпы мен даму ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 КӘСІПКЕРЛІК: ДАМУЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ ... .. ... 4

1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 6

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ҚАЛПЫ МЕН ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2.1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ҚАЛПЫ...11

2.2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
Нарық қатынастарының пайда болуы мен дамуы коптеген жағдайларды қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Рыноты экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын кездейді. Негізгілері: икемді рынок жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қатынастар кезінде ғана емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс.
ҚР-ның Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: “Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. /2/
Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiперлiк” деген термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда “делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық теориясында кең түрде XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кэненiң, А.Смиттiң, Ж.Сэйдiң есiмдерiмен байланыстырады. “Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi Ричард Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп рынок жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Кәсіпкерліктің даму тарихына тоқталатын болсақ, алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік мәмілелер (тауар — тауар) формасында болған. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған қауымдастықтардың ыдырап, құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді.
Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты — жаулап алу нәтижесінде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар. Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі — сауданың пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болган. Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу нарықтарында қиыншылық тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына - Ост-Индиямен, Гудзон шыганағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. Бұдан кейін акционерлік капитал өнеркәсіпте, банк саласында ары қарай жалғасын тапты. /3/
1. 2006 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 02.03.2006 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
3. Горфинкель В.Я., Курс предпринимательства:Учебник для вузов.- М., ФИНАНСЫ, 1997. - 5-11 стр.
4. Нысанбаев С.Н., Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері. – Алматы: Қазақ Университеті, 2004. – 1-3 б.
5. Волков О.И., Экономика предприятия. – М., ИНФРА-М, 1997. – 42-71 стр.
6. Бизнесті қалай ұйымдастыруға болады: оқу-әдістемелік құрал. – Астана, 2005 жыл.
7. Сафронов Н.А., Экономика предприятия. – М., ЮРИСТЪ, 1999. – 46-67 стр.
8. Окаев К.О., Предпринимательство в Республике Казахстан. – Алматы, ЭКОНОМИКА, 1999. – 15-33 стр.
9. www.frmp.kz
10. www.mit.kz
11. www.ifk.kz
12. www.souz-atameken.kz
13. www.assembly.kz

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. КӘСІПКЕРЛІК: ДАМУЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЭКОНОМИКАДАҒЫ
РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ ... .. ... 4

2. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЭКОНОМИКАДАҒЫ
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 6

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ҚАЛПЫ МЕН ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ҚАЛПЫ...11

2. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

1 КӘСІПКЕРЛІК: ДАМУЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ

Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда
пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет
тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар
мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
Нарық қатынастарының пайда болуы мен дамуы коптеген жағдайларды
қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Рыноты
экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын кездейді.
Негізгілері: икемді рынок жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік
қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қатынастар кезінде ғана
емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән
ерекшеліктері бар құбылыс.
ҚР-ның Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi:
“Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды
шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы
қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және
мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. 2
Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк
қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы
мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiперлiк” деген
термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда “делдалдық”
дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық теориясында кең түрде
XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның,
А.Тюргоның, Ф.Кэненiң, А.Смиттiң, Ж.Сэйдiң есiмдерiмен байланыстырады.
“Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi Ричард Кантилон. Ол
“кәсiпкер” деп рынок жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Кәсіпкерліктің даму тарихына тоқталатын болсақ, алғашқы қауымдық
қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік мәмілелер (тауар — тауар)
формасында болған. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған
қауымдастықтардың ыдырап, құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып
келді.
Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты
— жаулап алу нәтижесінде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар.
Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі — сауданың пайда болуы
және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және
миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болган. Осылайша, халықаралық сауданың
дамуы өткізу нарықтарында қиыншылық тудыруымен байланысты көпестердің
бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына - Ост-
Индиямен, Гудзон шыганағымен сауда жасаған ағылшын және голландия
компанияларының пайда болуына алып келді. Бұдан кейін акционерлік
капитал өнеркәсіпте, банк саласында ары қарай жалғасын тапты. 3
Қазақстандағы кәсіпкерлік пен коммерцияқ жағдайына келсек, мұнда бұл
салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік дәуірінде Жетісу
қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер
орталықтары болған. ХІІІ ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік
Қазақстан территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл
атқарған Батыс-Шығыс халықаралық сауда жолы өткен. XVIII ғасырда қазақтар
Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарында — мал, жылқы, тері, жүн және
аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан
Ресейге керуендер жөнелтілген. Орынбор, Тобыл, Семей арқылы сауда жасау өте
маңызды болған. XIX ғасырдың алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-
кен ісі дами бастады. Сонымеи қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу
басталып, балқыту және тері илеу зауыттары ашыла бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында натуралды шаруа шылықтың бөлінуі
Қазақстанның Ресей, Орта Азия, Қытаймен сауда қатынастарының жалғасуымен
ұласты.
XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуына ресейлік және
шетелдік капиталдың келуі де үлкен пайдасын тигізді. Өте кең дамығаны —
банк капиталы болды. Сауданың стационарлық жене жәрмеңкелік түрлері
етежақсы дамыды. Жөрмеңкелік сауда бүкіл ресейлік сипат ала бастады. Осы
кезеңце шет ел капиталының әсері өте маңызды болды. Ақпан жөне Кдзан
төңкерістерінің өсері рыноктық экономикалық байланыстардың өлсіреп
жойылуына әкеліп соқгы.
Кәсіпкерлік қызмет ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) кезіне біршама дамьщы.
Алайда рыноктық кдтынастардың қысқартылуы кәсіпкерлік қызмеггің
етімділігіне де кері әсер етті. Жоспарлы экономикада да коммерция өте кең
тараған құбылыс.деген пікір бар. Оның өзіне тән ерекше формалары
Қазақстанда "кәсіпкерлік" занды негізде тек 90-шы жылдары ғана енгізілген.
Шағын кәсіпкерлікті талдау жасау экономиканың жеке секторындағы
субъектілер саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығын және 2002
жылдың басында 360 мың кәсіпкерлік болғандығы белгілі. Яғни 1 млн астам
адам жұмыспен қамтылған. Шағын кәсіпкерлікте барлығы 1,6 млн адам
немесе экономикалық белсенді халықтың 21% жұмыс істейді. Қазіргі
қызмет етіп жатқан шағын кәсіпорындардың 40%-дан астамы 1992-1993
жылдары, шағын көсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер көрсетілген кезде
құрылған. Қазіргі кезеңде Қазақстанда экономикасына шағын бизнестің қосар
үлесі айтарлықтай. Бірақ кәсіпкерліктің одан ары дамуына кедергілер
туындататын жагдайлар да бар. 4
Кәсіпкерліктің мәні мен рөліне тоқталатын болсақ, нарықтық экономика —
еркін кәсіпкерлік экономика. Білікті кәсіпкер болу үшін осы жұмыстың
негізін, атап айтқанда оның пайда болу тарихын, қалыптасуын, мәні мен
мазмұнын, таным түсініктерін және т.б. жете меңгерген дұрыс.
Кесіпкерлік үғымына анықтама беруші келесі ағым — кәсіпкерлікке тои
тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапксршілікті
жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер — іскерлік қызметке жауаи
беруші, косіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, үйымдастырып жәнс оған
иелік етуші түлға деген.
Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық
қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң
экономикалық жағдайларына байланысты. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың
алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау.
Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi
мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, адамдар жатады. Мұндай кәсiпкердiң
қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi қолдануға
негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк қызметтi
бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы – мiндеттi шарттар
мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi – ұжымдық, коллективтiк
деп аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi - әртүрлi ассосациялар:
акционерлiк қоғамдар, кооперативтер және т.б. жеке-дара кәсiпкерлерге
қарағанда кооперативтер немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi
мәселелердi шеше отырып, олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi.
Кәсiпкерлiк объектiсi – адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы
нәтижесi - өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр
кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске
асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты
мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша
минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай
ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны
жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк
қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс.
Сонымен кәсiпкерлiк – рыноктағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа
мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың
салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу болып табылады.
Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi – новаторлық, жаңашылдық,
ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi
факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта
ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу
тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi –
шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн
қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп
қалыптастырады. Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды
алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн
ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу
болып табылады.

2. КӘСІПКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ МЕН ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Кез келген кәсіпкерлік іс-әрекеті белгілі бір кәсіпорындардың ұйымдық
форма шекарасында жүзеге асады. Форманы таңдау кәсіпкерлердің жеке
қызығушылықтар мен мамандығына байланысты болады, бірақ көбінесе объективті
жағдайлармен анықталады:
- іс-әрекет саласы;
- қаражаттың көлемімен;
- белгілі бір кәсіпорын артықшылығы;
- нарық жағдайымен.
Кәсіпкерлік алуан түрлі және кешенді ұғым. Мысалы, кәсіпкерлік
атқаратын жұмысына байланысты өндірістік, коммерциялық, кеңес беру,
қаржылық және т.б. болып бөлінеді. Бұлар бірігіп немесе өз алдына әрекет
етуі мүмкін. Олардың әрқайсысының өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
Өндiрiстiк кәсiпкерлiк – кәсіпкерліктің жетекші түрі ретінде тауарлар
мен өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын, қызметтер көрсетіліп, белгілі-бір
құндылықтар жасалатн кәсіпкерлік түрі. Оған негiзiнен материалдық, рухани
және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi
жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең қажеттi, өте
салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Өндiрiстiк бизнес -
бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық
өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес - бұл
тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа
тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi
шығару. Өндiрiстiк бизнесмен - бұл кейiннен сатып алушыларға,
тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани
игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен
айналысатын iскер.
Коммерциялық кәсiпкерлiк - нарыққа өту кезеңімен, тауарлар мен
қызмет көрсетулерді сату және сатып алу операцияларымен сипатталатын
кәсіпкерлік түрі, пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық, сауда-
дайындық жұмыстарының жиынтығы. Коммерция өзiнiң бастапқы
мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерсант - сауда,
тауар айырбастау, тауар - ақша операцияларымен айналысатын
саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен
тiкелей байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу
немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық
iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң
түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер
етедi.
Коммерциялық кәсіпкерліктің обьектісі капитал болғанда қржылық
кәсіпкерлік қызметі туындайды. Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Ол саудалық бизнеске әлдеқайда жақын
тұрған iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның негiзiнде сатып
алу сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта бағалы қағаздар
сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi.
Кеңес беруші кәсіпкерлік түрін жүргізу формалары сан алуан. Олардың
ішінде кең тарағаны – бір мәрте ауызша кеңес беру, ең жиі кездесетіні –
консалтингтік жобалар. Бұл кәсіпкерлік түрі басқа кәсіпкерлік түрлеріне
қарағанда өте табысты болып табылады.
Кәсіпорын формасы – кәсіпорын бойынша серіктестер арасындағы ішкі қарым-
қатынасты және сол кәсіпорынның басқа кәсіпорындарымен және мемлекеттік
органдармен қарым-қатынастыанықтайтын нормалар жүйесі болып табылады.
Кәсіпкерліктің келесі түрлері бар:
- жеке;
- ұжымдық;
- корпоративті.
Кәсіпкерліктің жеке формасы жеке ынталандырылған кәсіпкерлік түрі
болып табылады. Жалпы алғанда жеке кәсіпкерліктің өндірістік секторда
алатын үлесі шамалы болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық формасы ХХ ғасырдың аяғында шағын және ірі
бизнеске басымдылық танытты. Мемлекеттік заңдар айырмашылығына қарамастан,
дүниежүзінде келесідей ұжымдық формалар белгілі болды:
- шаруашылық серіктестік;
- шаруашылық қоғам;
- акционерлік қоғам;
- қауымдастық, одақ. 5
Шаруашылықтың сетіктестіктердің төрт түрі бар: толық, коммандиттік,
жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысу-шылары
(жеке түлғалар) серіктестіктің міндеттемелері бойынша (серіктестік үшін
қүқықтық салдарды тудыратын эрекеттерді жасай отырып істерді жүргізеді)
өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік
толық серіктестік деп танылады. Сондықтан азамат бір ғана толық
серіктестіктің қатысушысы бола алады және ол үшін жарғылық капиталдың ең
төменгі мөлшері белгіленген. Толық серіктестіктің өзгелерден айырмашылығы
серіктердің толық жеке жауапкершілігімен байланысты.
Сенім (коммандиттік) серіктестігі серіктестіктің міндеттемелері бойынша
өзінің бүкіл мүлкімем (толық серіктерімен) косымша жауап беретін бір немесе
одан да коп қагы-сушылармен қатар, серіктестіктін (салымшылардын) мүлкіне
өздері салған салымдардың жнынтығымен шекпелетін бір немесе одан көп
катысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік кызметті жүзеге
асыруға қатыспайтын серіктестік болып танылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бір немесе бірнеше адам құрған,
жарғьшық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске
бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Серіктестікке
қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің
қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымда-рының құны шегінде
тәуекел етеді.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - қатысушылары оның
міндеттемелері, жарғылық капиталына қосқан салымдары, ал олардың кемшілігі
бар жерде - ездеріне қосымша тиісті мүліктері көлемінде, өздерінің салған
еселі салымдары бойынша жауап береді. ҚЖС ерекшелігі - мүлкі жетіспей
қалған немесе банкротқа ушыраган жағдайда қатысушылардың бірінің
жауапкершілігін өзге қатысушылардың арасында үлестірін беру болып табылады.
Өндірістік кооперативтер – ортақ өндірістік немесе басқа да
шаруашылықтық іс-әрекет үшін мүшелік негізде құрылатын тұлғалардың бірігуі.
6
Акционерлік қоғам – қаражатты капиталға біріктіру, акцияны шығару
арқылы пайда болатын кәсіпорын формасы, яғни өзінің қызметін жүзеге асыру
үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік
қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының
шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн
қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға
сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы,
ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның
табыстарына корпорация салығы салынады. 2
Концерн - тығыз өндірістік әріптестік құру мақсатында персоналдық
немес басқа да шарттырдың болуымен сипатталатын жүйе арқылы бірнеше
кәсіпорынды біріктіретін дербес кәсіпорын. Демек, концернді
интеграцияланған құрылым, шектелген дербестігі бар кәсіпорындар
бірлестігі, ірі өндірістік корпорациялар және қаржы-несиелік менеджменттің
барлық компоненттерін қолдануға негізделеген.
Концернді басқаруды құқықтық қамтамасыз ету құрылым қағидасынан шығады:
аналық компания – еншілес (тәуелді) фималар – аналық компаниядан ресми
тәуелсіз және концерн қатысушыларымен келісім-шарттық міндеттемелері бар
компаниялар. Сондай-ақ концерн ретінде бірлескен ұйымдар тобы, яғни
кәсіпкерлік келісім-шартқа қатысушы жақтар бола алады.
Холдингдік компания – басқа компаниялардың акцияларының бақылау пакетін
иемденетін және оларға қатысты бақылау функциясын жүзеге асыратын
акционерлік қоғам немесе ЖШС формасында құрылған заңды тұлға. Холдингтің
концерннен айырмашылығы – бірлестікке қажетті келісім шарттардың болмауы.
Холдингтің мынадай түрлері бар: таза, аралас, субхолдинг, пирамидалық
және қаржылық холдинг.
Картель – коммерциялық іс-әрекетті көздейтін, яғни орнатылған
квоталар, тауарлардың құны, өткізу шарттардың көмегімен өткізуді бақылау
мақсатымен бір саладағы кәсіпорынның бірігуі немесе біртекті өнімді
өндіретін тәуелсіз кәсіпорындардың белгілі-бір нарыққа үстемдік орнату
мақсатында ұйымдастырылған бірлестік.
Синдикат – оның мүшелерінің өнімін бір өткізу органы арқылы өткізуді
көздейтін, акционерлік қоғам немесе ЖШС формасында құрылатын картельдік
келісімнің бір түрі. Оған қатысушылар өзінің құқықтық және коммерциялық
еркіндігін, кей жағдайда, синдикаттың немесе акционерлік қоғамның өткізу
катонрасымен тығыз байланысты өзінің жеке өткізу желісін де сақтап қалады.
Концорциум – белгілі-бір уақыт аралығына арнайы белгіленген мәселелерді
шешу үшін құрылатын кәсіпорындық уақыттық бірлестік.олар кез-келген
бағыныштылық және кез-келген меншік формасындағы кәсіпорныдарды
біріктіреді.
Ассоциация – ғылыми, жобалық, конструкторлық, құрылыстық және т.с.с.
әдетте шектелген, кейде тек номиналды ғана міндеттемесі бар, өнеркәсіптік
кәсіпорынның ерікті түріндегі бірлестігі(одағы). 7
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк
болып бөлiнедi.
Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке
тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын,
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішінде активтерінің жалпы құны 60000
еселік айлық көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмаған жеке тұлғалар
және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтердің жалпы құны 325000 еселік
айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны
250 адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі
активтердің жалпы құны 325000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын
заңды тұлғалар жатады.
Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк ұлттық
шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық
жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi. 8
Нарықтық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызына келетін болсақ,
кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың
өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен толығуына
және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда,
кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана
қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында
оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды.
Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
• Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
• Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
• Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
• Рыноктық қатынастарды дамыту;
• Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
• Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
• Жаңа жұмыс орындарын ашу;
• Рыноктағы сұранысты қамтамасыз ету;
• Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
• Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
• Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
• Кластерлiк жүйенiң дамуы;
• Лизингтiк қатынастардың дамуы;
• Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
• Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн
құрайды.
Соңғы он төрт-он бес жыл бойы республиканың әлеуметтік-экономилық
саясаттың маңызды басымдылықтарының бірі кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту
болып табылатыны - кәсіпкерліктің ел экономикасының маңызды элементі екенін
дәлелдейді. Нарықтық шаруашылықтың қазіргі заманғы жүйесі ірі, орта және
шағын кәсіпкерліктің тиімді үйлесімді болуын талап етеді. Бұл – ХХ
ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің экономикасының маңызды
ерекшелігі – кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық алға жылжу, бұл
бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми-
техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды пайдалану, ақша
қаражаттарының аз жұмсалуымен және т.б. байланысты.

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ҚАПЛІ МЕН ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚАЛПЫ

Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп
отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны
белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм
соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк
үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi
экономикасында лайықты орын алуда.
Біз Қазакстанды жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып
келе жаткан мемлекеттердің біріне айналлыру туралы алдымызға өршіл мақсат
қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін
арттыру аркылы ғана кол жеткізуге болады, — деп атап керсетті Президент.
Мемлекет басшысы реформалар жүргізілген жылдар ішінде оған барлық
қажетті жағдайлардын жасалғанын атап керсетті. Тәуелсіздіктің алғашкы
жылдарында, тауардың мейілінше тапшы, гиперинфляция мен халыктың тұрмыс
деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық кәсіпкерлікті
құру жұмыстары басталды. Ол киын шешімдер кезеңі еді. Экономикада
мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарык қатынастарын дамыту үшін
заңдық база мүлде болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік пен
кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі -
қоғамдық пікір де оған қарсы тұрды. Осы жылдар ішінде мемлекет
экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға
басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді камтамасыз етті. Бірінші
кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғыруларды жүзеге асыруға
мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық каты-настарының қисынына
қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды. Келесі ірі кадам
мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылды. Соның
нәтижесінде бүгінде онеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы
жеке секторда өндіріледі. Еллің ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі
шамамен 25 пайьз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен
қамтылған халыктың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы
бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана
лицензияланатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір
ляцензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай
қарапайымландырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың
перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және
орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол
“Қазақстан-2030” Стратегиясы, “2010-стратегиялық жоспарда” және
Қазақстанның 2015 жылға жейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы
тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.
Ол мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар жинақталған. Арнайы құрылған
даму институттары — Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму
банкі, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация.
Инжнниринг және технологиялар трансферті орталығы осы жылды қоса
есептегенде 120 миллиард теңгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызды.
Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1
триллион 570 миллиард теңге болатын 760-тан астам жобаларды қарады. Қазіргі
уақытта сомасы 60 миллиард теңгеден асатын 90-ға тарта жоба
каржыландырылуда.

2.2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН
ҚОЛДАУ

Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру
жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны
жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi
мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн
рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау
және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр.
Кәсiпкерлiктi қолдаудың және реттеудiң келесiдей түрлерiн атап өтуге
болады:
• Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және реттеу;
• Инновациялық қолдау және ынталандыру;
• Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
• Құқықтық қолдау және заңдар қабылдау;
• Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
• Салықтық жеңiлдiктер арқылы кәсiпкерлiктiң маңызды салаларын дамыту iс-
шаралары жатады.
Осы жоғарыда айтылған кәсiпкерлiк қызметтi қолдау мен ерттеу
шараларының iшiндегi қалған бағыттарға да әсер ететiн негiзгi реттеу мен
қолдауды, кәсiпкерлiктiң дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын
және ұсынатын мемлекеттiк iс-шаралар жиынтығы болып табылады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржылық
қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi қаражат есебiнен жыл сайын
аталған мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ ҚР-сы
мемлекеттiк бюджетiнен, мемлекеттiк заемдардың, мемлекеттiк ақшалай
гранттар есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдау мен
реттеудiң негiзгi бағыттарына:
• Елде жекешелендiрудi одан ары жүргiзу;
• Рыноктық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiк қызметтердiң еркiн қызмет
етуiне қолайлы ортаны қалыптастыру;
• Кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн
лицензиялаудың, олардың өнiмiн сертификаттаудың оңайтылған тәртiбiн
белгiлеу;
• Ұлттық маңызды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту
үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен
пайдалану жүйесiн жасау;
• Қаржы көздерiн анықтай отырып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие
берудiң арнаулы бағдарламаларын жасау;
• Елдегi кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестерiмен сауда,
ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса
алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
• Өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып
алуды орналастырған кезде отандық кәсiпкерлiк субъектiлерiне
артықшылықтар беру.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын
және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын
береді. Ұйымдастырушылық құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау
саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске
асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті кіреді.
Республикадағы кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымының келесі
сатысы Астана және Алматы, қалалары және облыс әкімдері мен аппараттары.
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік саясатты іске асыру үшін
әкімшілік жанында Кәсіпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық)
құрылған. Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың 1
қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы
Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі
құрылымдары енгізілді.).
Кәсіпкерлік және өндірістің облыстық Департаменті (сонымен қатар қалалық
Алматы және Астана қ.) өз өкілеттігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдауды жүзеге асыруға құқылы.
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың соңғы бауы
болып аймақтық атқарушы органдары табылады. Республика аудандары мен
облыстардың әкімшілік аппараттарымен ұсынылған, олардың құрамына Экономика
және бюджетті жоспарлау бөлімі немесе Экономика және қаржы бөлімі кіреді.
Аймақтық атқарушы органдарына мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша
шешімдерді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоспарларды іске
асыру міндеттелген.
Қазіргі таңда мемлекет, орта және шағын кәсіпкерлік инновациялық
экономикада өз орнын шұғыл түрде табу үшін рыноктағы шынайылықты,
жеделдікті, иілмелілігін қолдану қажеттігі туындап отырғанын түсінуде.
Кәсіпкерлік ортаның ынтасын дамыту үшін және Президенттің жүктеген
міндеттерін іске асыру үшін Үкімет жергілікті органдардың әкім аппараттары
жанында Кәсіпкерлік бойынша Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен кері
байланыс ұйымдар кестесі жасалынды, оның қызметіне мыналар кіреді:
• шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді
зерделеу;
• атқарушы билік жергілікті және аймақтық органдары үшін ұсыныстар мен
кеңестерді жетілдіру.
Кәсіпкерлермен кері байланыс ұйымдары үшін орталық атқарушы органдар
деңгейінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер
Кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі міндеті:
• кәсіпкерліктің дамуына және қолдауына бағытталған ұсыныстарды
жетілдіру;
• рынокты экономиканың дамуын ынталандырушы, мүмкіндіктерді жасау;
• Қазақстан Республикасында жұмыс жасаушы кәсіпкерлік одақтар мен
қауымдастықтарды, іскер ортаны байланыстыру;
• Кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік шешімдерді шешу үшін
кеңестерді дайындау.
Президент жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі, кәсіпкерлер істері бойынша
комиссиялардан және қауымдастықтар мен кәсіпкерлерден Президентке,
парламентке, үкіметке түскен ақпараттарды және нақты ұсыныстарды жетілдіру
үшін құрылған. Сонымен қатар олардың міндетіне, шағын және орта бизнестің
дамуына кедергі келтіретін мәселелерді жою жатады.
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және құру
мақсатынан басқа мемлекет кәсіпкерлікке, затты – техникалық, ақпаратты –
сараптамалық,, қаржылық жағынан қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыруда.
Қолдаудың барлық түрлері жергілікті және аймақтық атқарушы деңгейде
қабылданатын түрлі бағдарламалар көмегімен атқарушы органдар арқылы жүзеге
асады.Жоғарыда көрсетілген қызметтерді атқарушы ұйымдарға төмендегі
мемлекеттік компаниялар жатады.
Технология трансферті және инжиниринг орталығы АҚ-ның негізгі мақсаты
жаңа технологияларды тасымалдау мақсатымен Қазақстандағы экономиканың нақты
салалық секторындағы бәсекелестікті көтеру. Сонымен қатар, республикадағы
инновациялық қызметті жандандыру; Маркетингті-сараптамалық зерттеулер
орталығы АҚ Үкіметке мемлекеттік саясатты құру саласында ақпаратты-
сараптамалық, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметінің экономикасын және қаржы жағдайын талдау
Демократиялық саяси жүйенің орнығуы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметке салық салу
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Кәсіпкерлікті несиемен қамтамасыз ету анализі
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық әлеуеті
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
Шағын кәсіпкерлікке жалпы түсінік
Пәндер