Венгрия


ВЕНГРИЯ
Астанасы - Будапешт .
Жер көлемі - 93030 ш. шқ
Халқы - 9810 000
Ресми тілі - венгр тілі
Діні католиктер - 68% , протестанттар - 25% , қалғаны - 7%
Мемлекеттік құрылымы - Республика
Ақша бірлігі - форинт
Сауаттылық деңгейі - 99%
Орташа өмір сүру жасы - 70 жас
1 дәрігерге 340 адам
Дунай өзені Венгрияны екіге бөліп жатыр. Шығысында Венгрия территориясының жартысын алып жатқан Ортадунай жазығының бір бөлігі - Альфельд жатыр. Солтүстік шекараны бойлай таулар орналасқанымен, Ортадунай жазығы - бұл, негізінен, екінші ірі өзен Тиса ағып жатқан ойпат. Дунайдың батысында Трансданубия таулы аймағы орналасқан. Мұнда Баконь тауы бар, ол Балатон көлін бойлай орналасқан.
Венгрияның климаты қоңыржай континентальды суық бұлтты қыс, жылы жаз, күзгі және көктемгі жауындары мол.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі. Ортадунай жазығының қара топырағы өте құнарлы. Осыған вегетациялық кезеңге сәйкес келетін мол жауын-шашынды құрғақ әрі жұмсақ климатқа байланысты Венгрияда жер өңдеу өте жақсы дамыған. Көп жерлерде бақтар, жүзім және дәнді дақылдар мен жемістер өсіріледі. Мал шаруашылығы да, негізінен, шошқа шаруашылығы және құс өсіру дамыған.
2-дүниежүзілік соғысқа дейін Венгрия аграрлы ел болып саналды., тек соғыстан кейін 1949-1989 жылдары Венгрия құрамында болған социалистік лагерь елдерінің қаржылық қолдауының арқасында венгр кәсіпорындары дами бастады. Болат, алюминий тері өңдеу, автомобиль, станок жасау өнеркәсібі мен тыңайтқыштар өндірісі маңызды салаға жатты. Тоқтаусыз индустриалды даму қоршаған ортаның өте ластануына әкелді. Әсіресе, Балатон көлі мен Дунайдың салалары, жалпақ жапырақты ормандар зардап шекті.
Венгрлер .
ХІХ ғасырда Венгрияның территориясы үлкенірек болған. Оған Хорватия, Трансильвания, Словакия және Закарпатье кірді. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет өзінің шеткі провинцияларынан айырылып қалды. Бүгінде халықтың 95 - венгрлер. Венгрияға 1100 жыл бұрын қоныс аударып келген тайпалардың ұрпақтары. Ежелгі мадьярлар жоғары дамыған мәдениеті бар халық болды, бұл осы күнге дейін әсіресе, Альфельдтің қалалары мен ауылдарында сақталып келеді. Мұнда ұлттық киім, фольклор және ұлттық тағамдар әлі сақталған.
Венгр халқының негізін шамамен б. з. б. 5 мың жыл бұрын Батыс Сібірдегі вогул/мансы/, остяк/ханты/ жұрттары мен Орал бойын мекендеген угорлар және түркілер құраған. Б. з. б. 1-мың жылдықтың ортасында қазіргі Солтүстік Батыс Сібір мен Оңтүстік Батыс Орал аралығында көшіп-қонып жүрген Венгр тайпалары кейін Тобыл мен Мұғалжар - Еділ бойы төңірегінде көне Венгр мемлекетін құрған.
Венгрлер еуропалық нәсілдің тұран өтпелі түріне жатады. Финн-угор тілдер тобының венгр тілінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Олардың басым көпшілігі католиктер, кальвиншілер, аздап лютерандықтар да кездеседі. Венгрлердің көне тарихы мен этногенезі ғылымда шешімін таппаған даулы мәселелердің бірі. Үнемі батысқа қарай жылжумен болған олар тарихта Леведия /Еділ мен Дон арасында/, Етелкөз /Днепр мен Дунайдың төменгі ағысы арасында/ аталған өңірлерде қыпшақ, оғыз, бұлғар, т. б түркі тайпаларымен, түркі тілді аварлармен саяси, әскери байланыстар жүргізген. Венгрлер 895 жылы Карпат қой науына біржолата қоныстанған. Осы кезеңде Венгр ұлтының қалыптасуында басты міндет атқарған Хетумадьяр тайпалары - медьер, тариан, иенө, кери, кеси, ньек, күртүдьермет болды. Олар түркі тайпаларынан шыққан және олардың саны шартты түрде 7 болғанымен шын мәнінде 8 немесе 11 болған. Мұнан кейінгі кезеңдерде Венгрлер герман тайпаларымен, византиялықтармен, фракиялықтармен және Дунай бұлғарлары мен араласқан. Венгрлер 997 жылы христиан дінін қабылдап, батыстық үлгідегі христиан мемлекетіне айналған. 15-16-ғасырларда оларды Осман сұлтандығы басып алған кезде түркілердің тілдік, мәдени әсері бұрынғысынан да күшейе түскен. Венгрлердің этногенезі мен көне тарихына қатысты фин-угор текті деген болжаммен қатар кейбір ғалымдар /Корочи, Немет, Лиген және т. б/ Венгр этногезінде түріктік тек басым деп есептейді. Оның дәлелі -9 ғасырдағы Византия, араб, пелеви /парсы/ жазбаларында Венгрлерді түріктер деп анық жазғандығы. Венгр халқының атауы /унгар, хунгари/ Ұлы даладағы огур жұртымен және оногур-бұлғар одағымен байланысты шыққан /Немет/.
Будапешт - Дунай патшасы .
Венгрияның астанасы әрі ірі қаласы - Будапешт. Бұл қала ежелгі Обуда, Буду және Пешт қалаларының қосылуынан пайда болды. Дунайдың батыс жағалауындағы Буду алғашқы Венгр корольдығының астанасы болды. Пешт- шығыс жағалаудағы қала сауда мен өнеркәсіп орталығы ретінде дамыған 1849 жылы Буду мен Пешт қалаларын қосатын Дунай арқылы көпір салынды. Будапештте венгр студенттерінің жартысынан көбі оқитын университеттер мен институттар орналасқан. Қалада шетел компаниялары салатын капиталдың 2/3 бөлігі шоғырланған Венгрияға жылына 15 млн турист келеді, соның ішінде Будапештке келеді.
Әдебиеті. Венгрия жазба әдебиетінің тарихы 11-12 ғасырлардан басталады. 13-14 ғасырларда венгр әдебиеті діни бағытта дамыса, кейіннен Я. Витец /1408-1472/ бен Я. Паннониус /1434-1472/ әдебиетті гуманистік арнаға бұрды. 16 ғасырда венгр празасында ренессанс дәуірі туып, ежелгі венгр аңыздарына негізделген әңгімелер пайда болды. Қайта өркендеу дәуірінің көрнекті ақыны Б. Балашши /1554-1594/ лирикасы Венгрия әдебиетінің дамуына үлкен ықпал етті 17-18 ғасырларда венгр әдебиеті ағартушылық азаттық бағытында дамыды. 19-ғасырда әдебиетте әр түрлі бағыттар пайда болды. Вөрөмшартидің өлеңдері мен поэмалары, /1800-1855/ Ш. Петефи /1823-1849/ поэзиясы венгр әдебиетінде сілкініс әкелді. 20-ғасырда венгр әдебиетінде Б. Баклаш/1884-1949/, Ф. Карикаш /1892-1938/, А. Комьят /1893-1937/, т. б жазушылар келді. Дарваштың «Мас жаңбыр» /1963/ романы, т. б шығармалар 20-ғасырдағы венгр әдебиетінің жетістігі болып табылады. Венгрияда жарық көрген әлем әдебиетінің 9-томдық энциклопедиясы Мандоки Қоңыр /1949-1992/ қазақ жазушылары туралы мақалалар берсе, аудармашы Буда Ференц қазақ ертегілерін аударып жариялаған. Ақын Корменди Лайош қазақ ақындарының өлеңдерін мадьяр тілінде кітап болып шықты/1996/. Гонц шығармалары «Белгісіз мажар бейнесі» деген атпен қазақ тілінде жарық көрді.
Өнері.
Венгрия жерінде неолит дәуірінен сақтар мен кельд өнерінің ескерткіштері, саз-балшық мүсіндері сақталған Рим қоныстарынан /Аквинк, Скарбанция, т. б/ виллалар мен амфитеатр орны табылған Венгрлер, яғни мажарлар 9-ғасырда Венгрияға металл өңдеу дәстүрін ала келді. Ортағасырлық сәулет өнері ғибадатханалары /Яктегі шіркеу, 13-ғасыр/, қорғандар, тұрғын үйлер готика үлгісінде дамыды. Қайта өркендеу дәуірінің сәулет өнері 15-16 ғасырларда, ал барокко стилі 17-ғасырдың соңы мен 18-ғасырдың басында қанат жайды. 19-ғасырда портрет /М. Барабаш/, пейсаждық сурет өнері /әкелі-балалы Марколар/ мен мүсін /И. Ференци/ және графика (М. Зичи) өркендеді. 19-ғасырдың алғашқы жартысында сәулет және мүсін өнерінде классицизм ықпалы басым болды. 1830-1840-жылдары кескіндемедегі классикалық сипат романтизм бағытымен ұштасып жатты. 1860 жылдан бастап қоғамдағы әлеуметтік қақтығыстарға үн қосқан реалистік суреттер маңызды рөл атқара бастады. Реалистік, халықтық сипат Ш. Бихари мен М. Мункачи шығармаларынан көрініс тапты. 19-20-ғасырлар аралығында «модерн» стиліндегі бағыт көрініс берді. Халықтық - демократиялық құрылыс орнағаннан кейін Венгрия өнері халықтың күнделікті өміріне еркін араласты. Құрылыс ауқымының ұлғаюына орай монументті сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері қатарына халық стадионы, Будапештегі эржебет көпірі, Ньиредьхазадағы өнеркәсіп ғимараттары, Дебрецен мен Кечкеметтегі мейманханаларды, т. б атауға болады. 1948 жылы кино өнеркәсібі мемлекет меншігіне көшті Венгрия кинематографияшылары деректі кино түсіру саласы бойынша да үлкен жетістіктерге жетті.
Емдік сулар.
Будапешттегі түрік моншаларының ұлы архитектуралары бұрындары елдің біраз бөлігі Осман империясының құрамында болғандығының дәлелі болып табылады. Жер астынан геотермалды және минералды бұлақтар шығып жатқан жерлерде көптеген курорттар орналасқан. Адамдар ежелден осы жерлерге ауруларын емдеу үмітімен келіп жатады және мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ - Балатон көлі орналасқан.
Малайзия
Малайзия - Оңтүстік Шығыс Азиядағы федералды мемлекет. Батыс бөлігі Малакка түбегінің оңтүстігінде, шығыс бөлігі Калимантан аралының солтүстігімен солтүстік - батысында орналасқан. Жерінің аумағы 332, 8 мың шаршы шақырым. Халқы - 21, 3 млн. Тұрғындарының 54 %-ы малайлар, 35 %-ы қытайлар, 10 %-ы үнділер. Астанасы - Куала Лумпур қаласы Әкімшілік тұрғыдан 13 штатқа және 2 федералды аумаққа бөлінеді. Ресми тілі - малай тілі. Негізгі діні - ислам (мұсылман-суниттер), сонымен бірге, буддизм, христиан діндерін ұстанады. Малайзия - Конституциялы монархиялы мемлекет. Ел басшысы - сұлтан. 13 штаттың 9-ын мұрагерлік құқығы бар сұлтан әулетінің өкілдері билесе, төртеуін губернаторлар басқарады. Сұлтандар жоғарғы басқару кеңесін құрып, 5 жылдық мерзімге өз арасынан Жоғарғы сұлтанды сайлайды. Жоғарғы заң шығарушы органы екі палатадан (Сенат және Өкілдер палатасы) тұрады. Атқарушы билік премьер-министрге бағынады. Ұлттық мерекесі - Тәуелсіз күні-31 тамыз. Ақша бірлігі - ринггит.
Табиғаты.
Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Батыс аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай таулы белдеу кесіп өтсе, шығысын жағалаулық жазықтық алып жатыр. Климаты оңтүстігінде экваторлық, солтүстігінде субэкваторлық, муссондық. Орташа жылдық температурасы 25-28 С. Жауын-шашын мөлшері жылына жағалаулық өңірлерде 2000-2500 мм, таулы аймақта 4000-5000 мм. Ірі өзендері - Раужанг, Бором, Кинабатонлон. Малайзия жерінің жартысына жуығын ылғалды тропиктік орман алып жатыр.
Тарихы.
Малайзия жерін адамдар өте ерте заманнан қоныстанған Б. З бас кезінен жергілікті мемлекет бірлестіктер құрылды. Үндістан мен Қытай арасындағы сауда жолдары бойында орналасқандықтан, елге әсіресе үнділердің ықпалы күшті болды. Дегенмен Малайзияның ежелгі тарихы жөнінде мәліметтер өте аз. Малайзия жерінде 7-ғасырда үнділік мемлекет құрылды. 13-ғасырда елдің солтүстік Қытайға бағынды. 15-ғасырдың басында барлық Малайзия жерлерін біріктірген Малакка патшалығы қалыптасты. 16-ғасырда Малакка Португалия, кейінірек, Голландия басып кірді. 18-ғасырдан бастап, бұл аймаққа ағылшын әскерлері келіп үш кезеңдік үлкен отарлау саясатын жүргізді. 1) 1786-1824, 2) 1834-1867, 3) 1867-1914, 1914-41жыл М Британ билігінде болды. 1941жылы елді Жапония жаулап алды 1945 жылы Жапония 2-дүниежүзілік соғыста жеңілген соң Малайзия қайтадан Британ отарына айналды. 1948 жылы Малайя федерациясы құрылды. 1948-60 жылы ұлт-азаттық қозғалыс күшейіп, нәтижесінде 1957 жылы 31 тамызда М. Британ бірлестігі аумағында өз тәуелсіздігін жариялады. 1963 жылы Малайя, Сингапур, Саравак, Сабах және Солтүстік Борнео елдері бірігіп, Малайзия федерациясын құрды. 1965 жылы саяси экономикалық тартыстардан кейін Сингапур бөлініп шықты. 1965-66 жылы Индонезиямен әскери қақтығыстар болды. 1969-71 ж елде малайлар мен қытайлық қауым арасында жанжал туындап, конституциясы уақытша күшін жойды. 1980 жылы Малайзияда ислам дінін жақтаушылар көбейді. 1980-90 жылдары Оңтүстік - Шығыс Азиядағы аса дамыған мемлекеттер қатарына қосылды, әрі ислам елдері арасында беделі күрт өсті. Халықтың тұрмыс деңгейі жақсарды. Ел астанасында әлемдегі ең биік үйлер салына бастады.
Экономикасы.
Малайзия экономикасы мұнай, каучук, қалайы, ағаш өнімдерін экспортқа шығаруға негізделген. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары - күріш, какао, бұрыш. 1995 жылдан экспорттық тауарлар қатарына автокөлік бөлшектері, радиоэлектроника, тоқыма-тігін тауарлары және цемент, станоктар, т. б. қосылды. 1990 жылдан Малайзия Дүниежүзілік туризм орталығына айнала бастады. Негізгі сауда серіктестері: Жапония, АҚШ, Сингапур, Қазақстан мен Малайзия дипломатиялық қарым- қатынасы 1992 жылы 16-наурыздан бастап орнығып, тұрақты елшіліктер ашылды. Н. Назарбаев 1996 жылы мамырда Малайзияға ресми сапармен барса, 1996 жылы шілдеде 2003 жылы қыркүйекте Малайзияның Жоғарғы билеушісі Қазақстанға келді. Малайзия Қазақстанның мұнай, туризм, спутниктік байланыс саласындағы негізгі әріптестерінің бірі болып табылады.
ПОЛЬША
Польша Республикасы - Орталық Еуропадағы мемлекет Жерінің аумағы 312, 7 мың шаршы шақырым. Халқы 38, 7 млн. Халқының басым бөлігі: Поляктар - 98%, қалғандары немістер - 1, 3%, беларусьтар - 0, 6%, украиндар - 0, 5%, т, б. Ресми тілі - поляк тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің католик, Солтүстік аудандары протестант тармақтарын ұстанады. Конституция бойынша мемлекет басшысы президент. Жоғарғы заң шығарушы органы - екі палаталы парламент (Сейм және сенат) . Астанасы - Варшава қаласы. Әкімшілік жағынан 16 провинцияға (воеводаларға) бөлінген. Ұлттық мейрамы - 11 қараша - Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі - злота.
Табиғаты.
Польша жерінің 90 %-ынан астамы жазық, тау масссивтері оңтүстік жағында ғана кездеседі. Балтық теңізімен жалғасатын бөлігі жатық, құмды. Солтүстік Польшаның жер бедері негізінен аккумуляттық шөгінділерден түзілген Ұлы Польша, Мазовия және Подляс ойпаттары алып жатыр. Бұларға оңтүстіктен Силизия, Кіші Польша, Люблин асимметр. Қыраттары жалғасады. Польшаның оңтүстік -батыс шетінде Сугет тау массиві, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Карпат тауының сілемдері (ең биік жері 2499м) орналасқан. Климаты қоңыржай батысынан шығысына қарай теңіздік климаттан континенттікке ауысады. Қаңтардағы орташа температура теңіз жағалауында және батысында 1°С, таулы өңірінде 6°С; шілдеде 17°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 500-1000 мм. Өзен торы негізінен Балтық теңізі алабына жатады. Аса ірі өзендері - Висла және Одра. Аумағының 27, 6% -ы орман (көбіне қылқан жапырақты ағаш түрлері басым) .
Тарихы. Польша жерін адамдар палеолит заманына бастап мекендеген. Б. з. б. 7 ғ. - б. з. 4 ғасырында Польша аумағында әр түрлі халықтар (кельттер, германдар, батыс словяндар, т. б. ) тұрды. 7-10 ғасырларда батыс словяндар этнографиялық жағынан бірге бастады. 966 ж поляк халқы христиан дінін қабылдады. 11 ғасырдың басында герман-поляк соғысы болып, Будушин келісімі бойынша Лужица, Мишен және Моравия жерлері Польшаға қосылды. Осы ғасырда «Қасиетті Рим империясы» мен Чехия Поьшаға жиі-жиі соғыс ашып тұрды. 11 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырдың басында Польша мемлекеті әлсіреп, саяси бытыраңқылық кезеңі басталды. 1226 жылдан Польшаға Тевтон орденінің шабуылы күшейді. 1241-1259 және 1287 жылдары Польшаға Алтын Орда әскерлері басып кірді. 13 ғасырдың соңында Польша жері жағынан бірігіп, экономикасы дамыды. 1385 жылы Тевтон орденіне қарсы тұру үшін Ұлы Литва князімен Кревск униясына қол қойды. 1410 жылы Польша-литва және қыпшақ (Алтын Орда) әскерлерінің біріккен күштері Грюнвальд шайқасында жеңіске жетті. Тевтон орденімен 13 жылға созылған (1454 -66) соғыста шығыс Поморье, Хельм және Михаилов жерлерін қайтарып, Тевтон орденін өзінің вассалына айналды. 15 ғасырда біртұтас Польша мемлекеті құрылды. 1569 жылы Польша королі мен Ұлы Литва княздігі бірігіп Речь Посполитая деп аталатын мемлекет құрылды. 1648-54 жылы Польшаға қарсы украин халқының азаттық соғыстары Ресей қолдау көрсетіп Украинаның едәуір бөлігін өзіне қаратып алды. 17 ғасырдың 2-жартысында Польша Швециямен, Осман сұлтандығымен болған соғыста біраз жерінен айырылды. 18 ғасырдың 2-жартысынан Пруссия, Ресей және Австрия, Речь, Пополитаяға ықпалын жүргізу үшін өзара күрес жүргізді. 1772-73 жыл үшін мемлекет Польша жерін бөліске салды. 1794 жылы Польша патриоты Т. Кастюшко бастаған көтеріліс болды. 1795 жылы Речь Посполитая үшінші рет бөліске түсіп, тәуелсіздігінен айырылды. 1807 жылы Наполеон І Пруссия әскерлерін талқандап, өзі басып алған поляк жерлерінің бір бөлігінде Францияға тәуелдік Варшава герцогтігін құрды. 1830 жылы Ресейге қараған Польша жерінде көтеріліс басталды. Ресей көтеріліске қатысқандарды Сібірге жер аударды. 1915 жылы жазда герман, Австрия- Венгрия әскерлері бүкіл Польша корольдігінің жерін басып алды. 1-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен, олардың әскерлері Польша жерінің көп бөлігінен шығарылды. 1918 жылы 11- қарашада Польша тәуелсіздік алып, 2- Речь Посполития мемлекеті жарияланды. 1920 жылы сәуір айында Кеңес өкіметімен соғыс болып, Рига келісімі бойынша Батыс Украина мен Беларусь жерлері Польшаға берілді. 1920 жылы қазан айында Литваның Вильнюс облысын өзіне қосып алды. 1926-35 жылы Польшада Пилсудский диктатурасы орнады. 1939 жылы қыркүйекте фашистік Германия Польшаға шабуыл жасап, ІІ дүниежүзілік соғыс басталды. Кеңес Герман келісімшарты бойынша КСРО Батыс Украина мен Батыс Белорусь жерлерін өзіне қосып алды. Польша халқының фашизмге қарсы ұлтазаттық қозғалысына Лондонда құрылған иммиграциялық үкімет пен КСРО басшылығындағы поляк коммунистері жетекшілік етті. 1944 жылы КСРО-ның қолдауымен Польшаның Уақытша үкіметі құрылды. 1945 жылы Қырым конференциясында АҚШ, Ұлыбритания және КСРО басшылары Польша мәселесін шешу туралы келісімге қол қойды. Польшаның батыс шекарасы Орда өзенімен оның сағасы Ниса-Лужица арқылы өтті. КСРО-ға сүйенген Коммунистік партия елдегі саяси билікті толық өз қолдарына алып, Поляк Халық Республикасын құрды. 1945-53 жылдары Польша сталиндік қуғын-сүргін саясатына ұшырады. 1945-80 жылдары Польша коммунистік партиясы елдегі дағдарыстарды Кеңес әскерлерінің күшімен шешіп отырды. 1980 жылы Гданьск қаласында «Ынтымақ кәсіподақ ұйымы құрылды. 1981 жылы осы ұйымды қолдаған Гданьск, Гдыня қалаларының халқы ереуілдер ұйымдастырды. Олар демократия орнатуды, Польша біріккен жұмысшы партиясымен үкіметтің биліктен кетуін талап етті. Польша 2003 жылы солтүстік Атлантика ұйымына (НАТО), 2004 жылы Евроодаққа мүше болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz