Қазақстандағы шетел азаматтары жағдайларының құқықтық аспектілері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


i. Шетел азаматтары жағдайларының жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ii. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі
iii. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары құқықтық жағдайларының негізгі принциптері және шетелдіктердің категориялары (санаттары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
iv. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі құқықтық жағдайлары ... ... ..


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың барынша дамуы мен Қазақстан Республикасының барлық елдерге өзінің есігін ашып, қатынас жасауы, әрине, Қазақстанның халықаралық жағдайына да өзінің әсерін тигізеді. Бұл көрсеткіштердің дамуы Қазақстан Республикасын барлық мемлекеттердің тану көрсеткіші болып табылады.
Осы халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына мемлекеттерден гөрі, жеке тұлғалардың әсері зор болып отыратыны хақ. Мемлекет те өзінің экономикалық әріптестерін таңдай отырып, халықаралық қатынастардың негізін қалыптастырады және осы қалыптасқан қатынастарды жетілдіруші және дамытушы болып жеке тұлғалар танылады.
Жеке тұлға халықаралық жеке құқық теориясының қызықты сұрақтарының бірі болып табылады. Өйткені халықаралық экономикалық қатынастардағы тұлға мәселесі маңызды сұрақтардың бірі болып келеді. Тұлғаның статусы, оның құқықтары мен міндеттері, тұлғаның әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі мәселелері, азаматтардың басқа мемлекеттердегі құқықтық жағдайлары және тағы басқалары өте күрделі мәселелер, өйткені мұндағы коллизиялық сауалдарды шешу құқығын анықтау оңай шаруа емес.
Бұл курстық жұмыста жеке тұлғаның халықаралық экономикалық қатынастарда алатын орны, шетел азаматтарының құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілетілігі, олардың пайда болу негіздері мен шектелуінің тәртібі, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі құқықтық жағдайлары және олардың құқықтық статустарының ерекшелігі туралы мәселелер көтеріледі және кеңінен талқыланады.
Курстық жұмысты жазу барысында қазақстандық азаматтық құқыққа кеңінен талқылау жасалынып, шетелдік, соның ішінде ресейлік халықаралық жеке құқық теориясы өкілдерінің еңбектері кеңінен пайдаланылады.
1. М.М.Богуславский. Международное частное право. Москва. Международные отношения 1994 год.
2. Дмитрева. Международное частное право. Москва 2000 год.
3. Лазарев Л.Н., Марышева Н.И., Пантелеева И.В. Иностранные граждане (правовое положение). М.,1992 год.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Қазақстандағы шетел азаматтары жағдайларының құқықтық аспектілері

Орындаған:
Тексерген: Л.Б.Нысанбекова

Алматы 200 ж.

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

i. Шетел азаматтары жағдайларының жалпы
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
ii. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқық
қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі
iii. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары құқықтық жағдайларының
негізгі принциптері және шетелдіктердің категориялары (санаттары)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
iv. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі құқықтық
жағдайлары ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.

Кіріспе

Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың барынша дамуы мен Қазақстан
Республикасының барлық елдерге өзінің есігін ашып, қатынас жасауы, әрине,
Қазақстанның халықаралық жағдайына да өзінің әсерін тигізеді. Бұл
көрсеткіштердің дамуы Қазақстан Республикасын барлық мемлекеттердің тану
көрсеткіші болып табылады.
Осы халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына мемлекеттерден
гөрі, жеке тұлғалардың әсері зор болып отыратыны хақ. Мемлекет те өзінің
экономикалық әріптестерін таңдай отырып, халықаралық қатынастардың негізін
қалыптастырады және осы қалыптасқан қатынастарды жетілдіруші және дамытушы
болып жеке тұлғалар танылады.
Жеке тұлға халықаралық жеке құқық теориясының қызықты сұрақтарының
бірі болып табылады. Өйткені халықаралық экономикалық қатынастардағы тұлға
мәселесі маңызды сұрақтардың бірі болып келеді. Тұлғаның статусы, оның
құқықтары мен міндеттері, тұлғаның әрекет қабілеттілігі мен құқық
қабілеттілігі мәселелері, азаматтардың басқа мемлекеттердегі құқықтық
жағдайлары және тағы басқалары өте күрделі мәселелер, өйткені мұндағы
коллизиялық сауалдарды шешу құқығын анықтау оңай шаруа емес.
Бұл курстық жұмыста жеке тұлғаның халықаралық экономикалық
қатынастарда алатын орны, шетел азаматтарының құқық қабілеттілігі мен
әрекет қабілетілігі, олардың пайда болу негіздері мен шектелуінің тәртібі,
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі құқықтық жағдайлары және
олардың құқықтық статустарының ерекшелігі туралы мәселелер көтеріледі және
кеңінен талқыланады.
Курстық жұмысты жазу барысында қазақстандық азаматтық құқыққа
кеңінен талқылау жасалынып, шетелдік, соның ішінде ресейлік халықаралық
жеке құқық теориясы өкілдерінің еңбектері кеңінен пайдаланылады.
1. Шетел азаматтары жағдайларының жалпы ережелері

Халықаралық жеке құқық нормаларымен шетелдіктердің мүліктік, жеке
мүліксіз, отбасылық, еңбек және процессуалдық құқықтары реттеледі. Шетелдік
өз мемлекетінің жерінен тыс жүргенде екі мемлекеттің құқығына бағынады.
Олар: отандық және ол мекен етіп жүрген мемлекеттің заңы. Осы екі жақтылық
құқықтар мен міндеттерді иеленуде шетелдіктің құқықтық жағдайының өзіндік
ерекшелігі айқын көріне бастайды.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы басқа мемлекеттерді уақытша
немесе тұрақты мекен етіп жүрген осы шетелдіктердің көбеюімен көзге түседі.
Мәселен, ГФР-да 1988 жыл мен 1992 жыл арасында шетелде тұратын
шетелдіктердің саны 2 млн.,-нан асып, 6,5 млн., адамға жетіп қалған жайы
бар.
Халықаралық қауымдастық пен әріптестіктің дамуы мен күшеюі, сонымен
қатар көршілес мемлекеттердегі жағдайлардың тым нашар болуы және де
шекаралардың барлықтарына бірдей ашық болуы Қазақстан Республикасына
шетелдік болып келетін азаматтардың санын күннен күнге өсіруде.
Шетелдік жеке тұлғалар болып Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылмайтын және басқа бір мемлекетке тиісті екендігін дәлелдейтін
құжаты бар азаматтарды айтамыз. Аталған жұмыста “шетелдік” деген түсінік
“шетел азаматы” деген терминмен қатар қолданылады.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы ең біріншіден, Қазақстан
Республикасының Конституциясымен анықталады. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 12-бабына сәйкес “Конституцияда, заңдарда және халықаралық
шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды
пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады”.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайын анықтау кезінде тегіне,
әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,
тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе
кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды
деген түсініктен келіп шығады[1].
Қазақстан Республикасының негізгі заңына сәйкес ер азаматтар мен
әйел азаматтары заң алдында бірдей құқықтар мен бостандықтарға ие болып
табылады. Біздің елде үстем етіп тұрған әйелдер мен ер азаматтардың теңдігі
шетел азаматтарына да қолданылады.
Сондықтан да Қазақстан Республикасында күйеуге шыққан әйелдердің
құқықтарын қандай да бір жолмен шектеуге жол берілмейді. Ер адамның әйел
адамның үстінен билік жүргізуі сияқты Нидерландының, Грецияның, Белгия мен
Бразилияның заңнамасының ережелері Қазақстан Республикасына келген кезде
әрекет етпей қалады. Әйелі өзінің күйеуінің келісімінсіз Қазақстан
Республикасында жұмысқа тұруға, мүлкін иеленуге, сотқа жүгінуге және тағы
басқаларға құқылы болып табылады.
Ер адам мен әйел адамның теңдігін сөзсіз мойындау Қазақстан
Республикасында әйел адамға қарсы ер адамның құқыққа қайшы әрекетінің
біреуі де жасала алмайды дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы шетелдік азаматтарды екі топқа:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша тұартын тұлғалар деп
бөледі. Бұндай екі топқа бөлу шетел тұлғасының Қазақстан Республикасында
тұрған уақытысымен емес, оның біздің республикамызбен құқықтық байланысына
және Қазақстан Республикасының территориясына келу мақсатына байланысты
болып келеді.
Елде қандай да бір тұлғаның тұрақты тұру фактісі оның құқықтық
маңызына елеулі түрде әсер ететіндігі белгілі. Сондықтан да мұндай
сауалдарда еңбек ету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық көмек
көрсету, білім беру және тағы басқа түрлі салаларда шетел азаматтары
түгелімен Қазақстан Республикасының азаматтарына теңестіріледі.
Сонымен, мұндай адамдардың статусы біздің республикамыздың
террториясына уақытша келуші азаматтардың статусынан айырмаланады.

2. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқық
қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 12-бабына сәйкес,
Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары,
сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы
кодкесте белгіленбесе, бұл тараудың ережелері барлық жеке тұлғаларға
қоданылады делінген.
Заңның аталған ережесі шетелдіктерге ұлттық режимнің
белгіленгендігін көрсетеді. Осыған орай шетел азаматтары Қазақстан
Республикасында өз азаматтары қандай құқық қабілеттілік пен әрекет
қабілеттікке ие болса, дәл сондай қабілеттіктерге шетел азаматтары да ие.
Бұл дегеніміз, шетел азаматының құқықтық жағдайы, азаматтық құқық
қабілеттігі оның өз зааңымен еемс, қазақстандық заңнамамен анықталады.
Шетелдіктерге жеке тұлғаның заңын қолдану – оның қай мемлекеттен болса, сол
мемлекеттің заңын қолдану Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын
халықаралық құжаттарға сәйкес қолданылуы мүмкін.
Шетелдіктерге ұлттық режимді қолдану дегеніміз олардың қазақстандық
азаматтарға берілген құқықтардан басқа артықшылық құққытарды иелене алмайды
дегенді білдіреді, яғни біздің заңның шеңберінен тыс құқықтар мен
бостандықтар оған берілмейді[2].
Заңнамада бектілген азаматтық құқық қабілеттікке байланысты ұлттық
режим шартсыз сипатқа ие болып келеді, яғни ол барлық кезде шетел
азаматтарына екіжақтылықты талап етпей беріле береді. Бұл принциптен түрлі
салалардағы шетелдіктердің құқықтық жағдайларын анықтайтын басқа да заң
актілері келіп шығады.
Аталған ереже кефбір жағдайларда құқытарды беру екіжатылыққа алып
келмейді деген қорытынды жасауға алып келмейді.
Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен теңдей
құқық қабілеттілікті беру, әдетте, шетелдіктің ел территориясында тұрғын
жайының болуына байланысты емес. Дегенмен, заңда тікелей көрсетілген
жағдайларда белгілі бір құқықтарды беру шетелдіктің Қазақстан
Республикасының территориясында тұрақты тұруына байланысты болып келеді.
Азаматтық кодекс анықтағандай, Қазақстан Республикасының
азаматтарының меншікке байланысты ережелері шетел азаматтарына да
қолданылады. Осыған сәйкес олар Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс
жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге, мүлікті
мұраға алып, мұраға қалдыруға, республика аумағында еркін жүріп тұруға және
тұрғылықты жер таңдауға, республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және
оның аумағына қайтып оралуға, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген
қызметпен айналысуға, дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды
тұлғалармен бірлесіп заңды тұлғалар құру, заң құжаттарында тыйым салынбаған
кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу, өнертабыстарға, ғылым,
әдебиет және өнер шығармашылығына, интеллектуалдық қызметтің өзге де
туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға, материалдық және
моральдік зиянның орнын толтыруды талып етуге құқығы болады. Басқа да
мүліктік және жеке құқықтары болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы шетел азаматтарына өз
азаматтарымен бірдей құқықтар мен бостандықтар беруге байланысты бірқатар
шектеулерді енгізуі мүмкін. Қазіргі кезеңде қолданылатын шектеулерді
біршама деп атауға болмайды, бірақ олар біздің заңнамада бар екендігін айту
қажет. Оларды екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа шетелдіктердің белгілі бір лауазымды иелену мен
белгілі бір қызмтетерді жүзеге асыру мүмкіншілігінің шектілігіне байланысты
болып келеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, шетел
азаматтары мен шетелдік заңды тұлғалар су қоры мен су объектілерін қорғау
қызметіне жіберілмейді. Сонымен қатар олардың ішкі суларда зерттеумер мен
түрлі эсперименттер жүргізуіне тыйым салынған. Бұл қатарға, шетелдіктердің
континентальдік шельфтердегі байлықтарды игерумен байланыст ы зерттеу
жұмыстарын жүргізу мүмкіншілігінің шектелуін атап айтуға болады.
Қазақстан Республикасында сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдардың
да қатары жиі болып келеді. Олардың қатарына Қазақстан Республикасындағы
оның азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа бір мемлекетке тиесілі
екендігін дәлелдей алмайтын азамат болып табылады. Заматтық заңнаманың
ережелеріне сәйкес шетел азаматтары біздің республиканың азаматтарымен
бірдей құқықтарды иеленіп, міндеттерді жүзеге асырады. Жекелеген шектеулер
басқа заң актілерімен көзделуі мүмкін.
Сонымен, азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты олар Қазақстан
Республикасының территориясында тұратын, тұрмайтындығына байланысты ұлттық
режим принципі әрекет етеді. Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігіне
байланысты коллизиялық сауалдар түрлі мемлекеттерде азаматтың әрекет
қабілеттігінің толық болу сәті қай кезден басталатындығының бірдей
болмауымен байланысты болып келеді. Континентальдік Еуропа мемлекеттерінің
көпшілігіндегідей біздің мемлекет те әрекет қабілеттілікке байланысты
сауалда lex patriae байламын қолданады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1095-бабы Қазақстан
Республикасында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтық
құқық қабілеттігін, Қазақстан Республикасының заң актілеріне немесе
халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады дей келе, жеке адамның
әрекет қабілеттігі оның жеке заңымен анықталады делінген. Осымен қатар
басқа да ерекше жағдайлар да бар екендігін атап кету керек.
Азаматтығы жоқ адамның азаматтық әрекет қабілеттілігі оның тұрақты
тұратын жердің заңымен анықталады. Шетел азаматтарының азаматтық әрекет
қабілеттілігі және зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелеріне
байланысты заң ерекше талаптар қояды. Атап айтқанда, жеке адамның мәмілелер
мен зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелерге қатысты азаматтық
әрекетке қабілеттілігі мәміле жасалған немесе зиян келтіруден туындайтын
міндеттемелер пайда болған жердегі елдің құқығы бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының территориясында тұратын шетел азаматтары
мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында әрекет қабілетсіз
немесе заңда көзделген тәртіпте шекті түрде әрекетке қабілетсіз болуы
мүмкін.
Құқықтық көмек көрсету туралы мемлекеттер арасында жасалатын
шарттарда жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның азаматтық заңы бойынша
анықталады.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) мемлекеттерінің арасында 1993
жыл 22 қаңтарда жасалған құқықтық көмек көрсету туралы көпжақты Конвенцияға
сәйкес жеке тұлғалардың әрекет қабілеттігі сол елдің азаматы болып
табылатын елдің заңнамасымен анықталады.
Шетелдіктердің құқықтары туралы ережелер Қазақстан Республикасы қол
қойған түрлі халықаралық шарттарда (сауда шарттарында, консулдық
конвенцияларда, құқықтық көмек көрсету туралы конвенцияларда, салық салу
бойынша заңнамаларда) жинақталған. Бұл келісімшарттарда шетелікдтерді
отандық азаматтармен теңестіру (яғни ұлттық режимге ендіру) немесе оларға
ондай статусты бермеу көрсетілген. Осындай халықраалық келімішарттарға
байланысты мысалдарды келтірейік.
КСРО мен Франция арасында жасалған 1951 жыл 3 қыркүйектегі сауда
қарым-қатынастары туралы келісімде француз азаматтары мен францияның заңына
сәйкес құрылған француздық заңды тұлғалар КСРО территориясында шаруашылық
қызметті жүзеге асыру барысында сол мемлекетте анағұрлым жақсы жағдайдлы
иелентін тұлғалармен бірдей құқықтық жағдайды иеленеді.
КСРО мен Финляндия арасында жасалған құқытық қорғау мен құқықтық
көмек туралы екі жақты келісімде ұлттық режимді беру туралы келісім
көрсетілген. Финляндия азаматтары КСРО-да өздерінің жеке және мүліктік
құқықтарын пайдалану кезінде сол елдің азаматтарындағыдай құқықтық жағдайға
ие болып, сотта және де басқа да мекемелерде өз құқықтарын қорғауларына
болад делінген.
Сонымен, шетелдіктер Қазақстан Республикасында шетел азаматтары
Қазақстан Республикасының азаматтарымен теңдей дәрежеде мүліктік және жеке
мүліксіз құқықтарға ие бола алады. Бұл құқықтарды олар Қазақстан
Республикасының азаматы қандай дәрежеде жүзеге асырса, дәл солай олар да
жүзеге асырулары тиіс. Аталған құқытарды жүзеге асыру олардың қоғамдағы
мақсатына байланысты жүзеге асрылуы тиіс.
Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтары секілді
оларға тиесілі мүлікті біздің заңдарда көзделген шектерде қолданулары тиіс
болып табылады. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері
Туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау диплом жұмысы
Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың негіздері
Халықаралық бала асырап алудың түсінігі мен шарттары
Әйел құқығын қорғаудың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
Көші - қонның шарықтау шегі
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларғалардың құқықтық жағдайы
Халықаралық және ішкі мемлекет құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін реттеудегі мәселелері
Пәндер