1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған Ұлт-азаттық көтеріліс


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

«Тарих» кафедрасы

Диплом жұмысы

Тақырыбы: «1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған Ұлт-азаттық көтеріліс»

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

І тарау Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан

І. 1 XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. 9

І. 2 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Қазақстанның либерал-демократ зиялылардың ұстаған бағыты. 17

ІІ Тарау Амангелді Имановтың бастауымен болған Торғай көтерілісі

ІІ. 1 Көтерілістің шығу себептері мен барысы 29

II. 2 Көтерілістің нәтижесі . . . 46

Қорытынды . . . 51

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер . . . 53


кіріспе

1916 жылғы қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс отандық тарихта ерекше орын алады. Аталған көтеріліс еркін сүйгіш қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін жан аямайтынын анық көрсетті.

1916 жылғы казақ халқының ұлт азаттық көтерілісі отарлы патша өкіметінің жүргізіп жатқан әлеуметтік және ұлттық езгіге қарсы жауабы болатын.

Ресей империясы тарапынан отаршылдық езіп-жаншудың барлық кезеңі ішіндегі қазақ халқының азаттық күресінің шарықтау шегі болды. Өкімет билігімен басқарудың институттарын қайта құру, қарулы күштерді ұйымдастыру, белсенді саяси күреске санасы оянған халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі, бізге ұлттық азаттық қозғалыс туралы айтуға негіз береді, ол саяси егемендікке жетуді және мемлеткеттілікті қалпына келтіруді өзінің мақсаты етіп қойды. Осының бәріне Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі белең ала бастаған белгілі бір алғышарттар себін тигізді.

Көтерілістің басты себебі әлеуметтік экономикалық қоғамдық саяси және рухани мәдени мәселелерге тікелей байланысты болды. Атап айтқанда олар Қазақстан мен Орта Азия халықтарының жерін отарлаушыларға тартып әперудің тез қарқынмен жалғасуынан, салықтар мен басқа алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан қалың бұқараның өмір сүру жағдайының күрт төмендеуінен өз көрінісін тапты.

1916 жылға таман патша өкіметі қазақ халқының 40-50 млн. десятина жақсы жерлерін басып алды. Өздерін құнарсыз және шөлейт аудандарға тықсырып, аштыққа душар етті. Қазақстанның аумағы толықтай шикізат базасына айналды. Соғыс қисапсыз шикізатты, азық-түлікті, малды тағы басқа материалдық игілікті жалмай берді. Уақыт өткен сайын соғысқа байланысты тонау мен қанау күшейе түсті. Әртүрлі салықтардың мөлшері артып, жаңа салықтар енгізілді. Жергілікті халықтар төлейтін салықтар көлемі 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есеге дейін көбейді. Сонымен қатар халық күнделікті тұтынатын заттар үздіксіз қымбаттай берді. Мысалы, 1914-1916 жылдар аралығында Жетісу облысында әр түтінге салынатын салық 3 сомнан 8 сомға өсті. XX ғасырдың басында бір пұт ұнның бағасы 94 тиын болса, 1916 жылы ол 40 сомға дейін көтерілді. Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарында 1916 жылы бидай ұнының бағасы 1, 5 есе, ал еттің бағасы 2 есеге дейін жоғарылады.

Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының басым бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, халықты рухани езгіге де түсірді. Оны тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында жымысқылықпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды.

Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық пен аш-жалаңаштықтың етек жаюы - міне, осының бәрі халықтың басым көпшілігі тарапынан жаппай наразылық туғызды.

Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» ер-азаматтарын 19-43 жас аралығында майданның тыл жұмыстарына, қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салуға, окоптар қазуға тағы сол сияқты «реквизиция» туралы жарлығы тікелей сылтау болды. Жарлық бойынша тыл жұмыстарына Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде қазақтардан 240 мыңға жуық кісі алу белгіленді. Егер сол кездегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан сәл асатынын ескеретін болсақ, патша жарлығы тұтастай орындалған жағдайда әрбір үшінші шаруашылық өзінің негізгі еңбек етушісінен айырылады екен. Ал мұндай мөлшерде жұмысшы қолы майданның тыл жұмыстарына әкету Қазақстанды ұлттық апатқа ұшыратуы мүмкін еді.

Жарлық Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік жаппай наразылық тудырды. Алихан Бөкейхановтың сөзімен айтсақ: «Қалың елдің дариядай толқуы» басталды.

Қазақстанның әр аймағында стихиялы түрде басталған патша жарлығына қарсы әрекеттер бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты.

Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды, алайда оның ірі ошақтары алдымен Жетісуда, одан кейін Торғай, Ырғыз өңірінде калыптасты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күшін ұлттық шаруалардың қалың тобы сондай-ақ сол кезде қалыптасу үрдісін бастан кешіп жатқан жұмысшы тобының өкілдері құрады. Сонымен бірге оның ұлт азаттық сипатта өрістеуіне оған қазақ халқының басқа әлеуметтік топтарының байлар мен ауқаттылардың және патшаның билік жүйесіндегі төменгі баспалдағының жекелеген өкілдерінің қатысуы әсер етті.

Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және жекелеген басқа халықтардың өкілдері қатысқан оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақты сол кездегі Сырдария, Жетісу облыстарын қоспағанда Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы өзінің ұлттық құрамы жағынан бір ұлттық қазақтық күрес болды.

Қазақ қоғамында атап айтқанда, оның сол кездегі саяси элитасының арасында көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ. Қазақ зиялыларының радикалды өкілдері Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ә. Жүнісов, Т. Рысқұлов, С. Меңдешов, Ә. Жангелдин тағы басқа патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды. Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан либерал демократияшыл зиялылардың жетекшілері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов және басқалар патша әкімшілігіне тыл жұмысына адам алуды асықпауды өтініп, әуелі дайындық шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар жасады. Сонымен қатар олар көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауда қарсылық көрсетпеуге шақырды.

Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылғы шілде айының бас кезінде пайда болды. Халықтың ашу-ызасының бастапқы соққыларына жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқармалары, ауыл старшындары және жергілікті әкімшіліктердің басқа да қызметкерлері ұшырады. Өйткені тізім жасаудағы бұрмалаушылық әуел бастан жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылыкты туғызған болатын. Әкімшілік жүйесі ол кезде қазақтарда туу туралы куәліктердің болмағандығын пайдаланып, тізімге жас шамасына қарамастан, кедейлерді енгізіп, ауқатты әулеттерден пара алып, олардың өкілдерін шақырудан босатты.

Көтерілістің алғашқы ошағы Жетісу облысында пайда болды. Мұнда патша жарлығына қарулы қарсылық шілде, тамыз айларында бұқаралық сипат алды. Патшалық үкімет органдары Жетісуға ірі жазалаушы әскери күштер жеткізе бастады. Жергілікті гарнизондар нгығайтылды, қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін облыстағы селолары мен қазақ станцияларының тұрғындарынан қарулы жасақтар құрылды.

Өкімет органдары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға босып кетуге мәжбүр болды. Генерал губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдері мен Түркістан өлкесінде өлім жазасына 347 адам, каторгалық жұмыстарға 168 түрмеде тұтқындауға 128 адам кесілді. Өлім жазасына кесілгендер қатарында Верный (Алматы) уезіндегі көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев және оның үзеңгілес серіктері болды. Жетісу, Сырдария, Ақмола, Семей облыстарымен Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында көтерілісшілер қозғалысы басып жаншылып жатқанда, Торғай даларында ол күш алып, күннен күнге өрши түсті. Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин бастаған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды болды және ұзаққа созылды.

Хан сайлау дәстүрін және олардың халықтың кандай әлеуметтік топтарының өкілі болғандығын атап айтқанда, сұлтандар әулетінен сайланатынын жетік білетін. Әбдіғаппар өзін әмір деп атаған, кейіннен 1916 жылғы қарашада 13 болыс (6 болыс қыпшақ, 6 болыс арғын және 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында Әбдіғаппар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып танылды. Осы құрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары хан Қасымұлының серігі - атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов Үдербайұлы көтерілісшілердің сардарбегі, қолбасшысы болып тағайындалды.

Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873 ж. 3 сәуір - 1919 ж. 18 мамыр) қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт азаттық көтерілістің басшысы Торғай уезі Қайдауыл болысының үшінші ауылында кедей шаруа отбасында туған. 7 жасында әкесі бес жылдан кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалды. Ол байларға жалшы болды. Еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көрді. Оның самодержавиеге байлар мен билердің езгісіне деген өшпенділігі осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқаңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянды. Амангелді бала кезінен әділетсіздікті жаны сүймейтін. Социал демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны «Сенімсіз» адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды. Амангелді Имановтың есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халық бостандығын көздеді.


І Тарау Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан

І. 1 XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы

XX ғасырдың басында патшалық Ресейдің Орта Азияның шығыс аудандары мен Қазақстанды отарлауы өте күшті қарқынмен жүргзілді. Қазақтардың жерлерінде патша үкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шырайлы жерлерін тартып алды. Сөйтіп, жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерде не су не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында Хиуа мен Бұқараны қоспағанда 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс поселкелерінің әрбір тұрғынына 3, 17 десятина егін егетін жрден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз және т. б. ) 0, 21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп ешқандай жері жоқ қазақ, қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Қазақтардың жерін жаппай тартып алу тоқталмады. Ұлттық және әлеуметтік-экономикалық езгі күшейді. Тек Жетісу облысының бір өзінен ғана соғыстың алғашқы 3 жыл ішінде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайылымдық және егістік жерлер тартып алынды. Ал осы жерлердің шын қожалары қазақтар шаруашылық жүргізуге жарамдылығы аз немесе мүлдем жарамсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшіріліп жіберілді. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне шенеуніктерге, дінбасыларына, казак әскерлері мен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірді. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 пайызынан астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс-украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістірді. Жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарға да кеңінен тарады.

1914 жылы патшалық Ресей дүние жүзілік соғысқа тартылды. Бұл бірінші дүние жүзілік соғыс империалистік соғыс барлық халықтарға соның ішінде Қазақстанға да ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша шенеуніктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығыи күшейтті. Соғыс қажетіне орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғысқа қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына ірі қара мал азаюына әкеліп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты.

Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің кажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пұт ет, 473 928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12 797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Сондай-ақ тек Жетісудан ғана 1914 жылы 34 млн. сомның малдары мен мал шаруашылық өнімдері тасып шығарылды. Осылайша қазақ халқының жерлерін тартып алу соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түлік өнімдерін мемлекет керегіне еріксіз алу жалғасып жатты. Соғыс жүктерін темір жол станцияларына жеткізу үшін олардың көлік күштерін өздерінің ықтиярынсыз жұмылдырып отырды.

Патшалық Ресей жаңа отарларды жаулап алу үшін бірінші дүние жүзілік соғысқа кигіліп, империалистік соғысқа байланысты жаңа салықтар мен алымдарды арнайы соғыс салығын, майдан мұқтажына қайыршылдық деп аталатын алымдарды енгізді. Жеке малды, теріні, киіз үйді және тағы басқа заттарды алуды жүргізді.

Өлкеде ақша құнсыздануы күшейе түсті. Алып сатарлық өріс алды. Соғыс елде өнеркәсіпті күйретті. Ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Көлік дағдарысы аштық жайлады. Байырғы халыққа салынатын салық 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есеге дейін өсті. Оларды төлеуден бас тартуын айыптағанның өзінде салықтарды төлеуді сәл кідіртудің өзі дүре соғылуға дейін апарды.

Дүние жүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына ауыл шаруашлығының тоқырауына, халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым-салық жинауы едәуір өсті. Бұл кезде әртүрлі салықтардың онға жуық түрі болды. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқына тағы бір ауыртпалық әскери салық салды. Оның әр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді. Осы бірінші дүние жүзілік соғыс Қазақстанға орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құндылықтарды жалмап жұтты. Азық-түліктің, киім-кешектің, тұрмыс қажетіне керек заттардың бағасы үздіксіз қымбаттай берді. Мысалы, XX ғасырдың басында ұнның бір пұты 94 тиын тұрса, 1916 жылы ол 40 сомға дейін көтерілді. Халық арасында наразылық одан әрі күшейді.

Қазақстаннан патша үкіметі барған сайын көп азық-түлік, ауыл шаруашылығы, шикізаты мен ақша талап етті. Басқа да деректерге қарасақ соғыстың үш жыл ішінде Түркістан өлкесінен ол кезде қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарының жері кіретін 20, 8 мың пұт мақта, 300 мың пұт ет, 109 мың пұт шит май, 474 мың пұт балық, 224 мың пұт сабын сондай-ақ 70 мың жылқы, 16, 7 мың түйе, 3, 8 мың шаршы кез тері, 13, 4 мың киіз үй тасып әкетілді. Майдандарда жауды жеңу мақсатына деген сылтаумен қазақ халқын тонау, олардың жерін тартып алу одан әрі жалғасты. Орыс және шетел капиталистері жұмысшыларды өздеріне бұрынғыдан да кіріптар ету үшін соғыста пайдаланып қалуға тырысты. Олардың жалғасы үнемі кеми берді. Халық бұқарасын тонаушылық соғысқа және патшалық самодержавиенің саясаты барған сайын күшейе түсті. Өкімет билігі мен басқарудың дәстүрлі институттарын қайта құру қарулы күштерді ұйымдастыру, белсенді саяси күреске санасы оянған халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі бізге ұлттық азаттық қозғалыс туралы айтуға негз береді. Ол саяси егемендікке жетуді және мемлекеттікті қалпына келтіруді өзінің мақсаты етіп қойды. Осының бәріне Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі белең ала бастаған белгілі бір алғышарттар себін тигізді.

1916 жылға таман патша үкіметі қазақ халқының 45-50 млн. десятина жақсы жерлерін басып алды, өздерін құнарсыз, шөлейт аудандарға тықсырып, аштыққа душар етті. Қазақстанның аумағы толықтай шикізат базасына айналды.

XX ғасырдың басында бұл үрдіске сонымен бірге 1906 жылы қабылданған Столыпиннің аграрлық реформасы да жәрдемдесті. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты жаңа сипатқа ие болды. Ауылдарда әлі де болса сақталып қалған рулық сарқыншақтары жағдайында феодалдық патриархалдық қатынастар үстем болды. Байлар өздерінің қолында басым көпшілігін шоғырландырды. Жақсы жайылымдарды және егістік жерлерді шүйгін жайлауларды пайдаланды. Қазақ халқынан мал шаруашылығы өнімдері және басқалары тым арзан бағаға сатылып кетті. Ал олардың орнына үш есе қымбат өнеркәсіп бұйымдары өткізілді.

Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі соғыс кесепаты - халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті. Және өлке халқының әртүрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды.

1914 жылғы бірінші дүние жүзілік соғыс халықтың басына жаңа ауыртпалықтар түсті. Сол экономикалық жағдайды күрт нашарлатып, елдегі тапты қайшылықты шиеленістіріп жіберді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі әсіресе Жетісу, Сырдария облыстарында жергілікті халықтан жерді тартып алу әрекеті толастамады. Малды ауыл шаруашылық өнімдерін жем-шөпті жаппай реквизиция жүргізілді. Еңбекшілердің материалдық жағдайы қатты нашарлап, жұмысшылардың жалақысы төмендеді. Азық-түлік екі есе тіпті одан көп қымбаттады. Салықтар мен алымдар жерге, жолға тағы басқа полициялық бақылаушылар патша шенеуніктерінің байлардың зорлық-зомбылығы күшейді. Ауылдарда таптық күштер жіктелді. Ереуілдер мен стачкалық қозғалыстар үдеп, экономикалық талаптармен қатар саяси талаптар да қойылды.

1914-1915 жылдары Қарағанды мен Екібастұз шахтерлерінің темір жолшыларының, Спасск және Қарсақбай зауыттары мыс қорытушыларының, Риддер Жезқазған Успен рудниктері жұмысшыларынын ереуілдері болды. Аграрлық толқулар да етек алды. Оралда, Ақмолада, Семейде тағы басқа қалаларда астыртын социал демократтық топтар жұмыс істеді. Азық-түліктің, киім-кешектің, тұрмыс қажетіне керек заттардың үздіксіз қымбаттай берді. Осындай жағдайда жығылғанға жұдырық жегендей 1916 жылдың 25 маусымында патша үкіметі Қазақстанның Орта Азияның және ішінара Сібірдің жергілікті ер азаматтарын әскери тыл жұмыстарына алу туралы жарлық шығарды. Патша үкіметі соғысқа дайындалу барысында оған Ресейдің бүкіл халықтарын шақыруды бұрыннан-ақ ойластырған. 1909-1910 жылдардың өзінде жоғарғы әкімшілік арасында бұрын әскер қатарына алынбағандардың бәрін бұл міндетті өтеу жөнінде сөз болған. Оған Түркістан мен Дала өлкесінің бұратана халықтары да кірген. Бұл мәселенің жан-жақты ойластыруды мемлекеттік Дума соғыс министрі Сухомоликовке жүктеді. Ол 1914 жылдың шілдесінде мемлекеттік думаға мынадай мазмұнда жауап қайтарды. Қазақтар көшпелі халық, көшпелік пен мемлекеттік бір-біріне үйлеспейтін ұғымдар. Қазақтардың мәдениеті төмен, орысша білмейді, жазу танымайды, солдат тамағын тамақсынбайды, әскер қызметіне шыдамайды, бұларға қосымша қазақтар соңғы кезде панисламизм тәрбиеленіп отыр. Панисламизм дегенде бүкіл мұсылман халықтарының бірігуі мүмкін. Олардың қаруландырсақ, ол қаруды өзімізге қарсы бағыттауы мүмкін деп қауіптенді. Сондықтан бұл мәселені түпкілікті шешу кейінге қалдырған оның орнына соғыс басталғаннан кейін әскери салық төлету енгізілген жөн.

1914 жылдың бірінші жартысында Ембі мұнайшылардың ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу дәуірінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындарының айыптарды көбейтуден бас тартуына қол жетті. Ол патша шенеуніктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті.

XX ғасырдың басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облыстан тұрды. Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал губернаторлығының (орталығы Ташкент қ. ), ал Ақмола, Семей, Торғай облыстары Дала генерал губернаторлығыыың құрамына кірді. Ішкі Бөкей Ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закасспий облысына қарады. 1914 жылы өлке халқының жалпы саны 5 910, 0 мың адамға жетті. Солардың 3 845, 2 мыңы немесе 651 проценті қазақтар еді. Өлке халқының өсімі өзге жағдайлардан басқа негізінен алғанда әсіресе Столыпиндік аграрлық реформадан кейін Ресейден Ақмола, жетісу және Торғай облыстарына жаппай ағып келген қоныс аударушылар есебінен көбейді. XX ғасырдың басында өлке халқы бұрынғыдан да көп ұлтты бола түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патша үкіметі
Ұлт-азаттық күрес
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс жайлы
Амангелді Иманов бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қысқаша тарихы
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Амангелді Иманов – ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
Амангелді Иманов туралы ақпарат
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz