Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ ... ... .5
1.1.Инвестицияның түрлері және көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Инвестициялаудың дамыған елдер тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУ ПРОЦЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Қазақстанға шетел инвстицияларын тарту процесіне талдау ... ... ... ... ..15
2.2 «Жезқазғантүстіметалл» АҚ.ңың инветсициялық қызметі ... ... ... ... ... 31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

Менің қарастырылатын тақырыбым – Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару – қазіргі таңда өте актуалды болып саналады, себебі Қазақстан Республикасының сыртқы борышы әлемдік тәжірибесі бойынша критикалық нүктеге жетті. Сол себептен инвестициялардың қажеттігін дәлелдегеннен соң, оның тиімді пайдалануды бақылап басқарудың ролі айқындата түседі.
Инвестициялау деген не? Ол ағылшын тіліндегі (investments) қаржы жұмсау (қаржы салу) деген атаудан шыққан инвестиция (investment) деген мағынаны білдіретін өндіріс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларды дамытып, өркендету үшін ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.
Қазақстан экономикасына инвестициялаудың жай-жапсарына келсек, бұдан 9-10 жыл бұрын ғана әлемдік аренаға шығып, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің дүние жүзіндегі аса ірі саясаткерлер мен кәсіпкерлердің назарына ілігіп, көңіл аударар объектісіне айналып отырғаны шындық. Ол заңды да. Себебі еліміздің жер асты байлығымен қатар, басқа да орасан мөлшерде шикізат қоры, маманданған арзан жұмысшы кадрлары жетіп артылғандай. Ішкі нарық көлемінің шектеусіз екені тағы бар. Сондықтан басы артық капиталдарын осында орналастыру олар үшін мейлінше қолайлы да тиімді.
Шетел инвестициялары елдің экономикалық қызығушылығына айтарлықтай сәйкес келеді, қашан мазмұны жағынан өте арзанға бар фабрикаларды, зауыттарды, электростанцияларды, кеніштерді және т. б. сатып алу емес, шынайы түрде қаржылық және материалдық ресурстарды құятын болса. . Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне батыстың ескі құрал-жабдықтарын жоғары бағамен «өткізіп» жіберу мақсатында біріккен кәсіпорын құру практикасы да сай келмейді. Біріккен кәсіпорын көмегімен Қазақстан рыногынан өзінің бақталастарының өндірісін құлатуға тырысқан жағдайлар да бар. Экономикалық қауіпсіздік мәселелері шетел инвесторлары жағынан отандық әлеуметтік саясатты, қоршаған ортаны қорғау нормаларын, қаржылық ұтым жағынан қойылатын талаптарды сақтауда шиеленісе түседі.
Республикадағы шағын және орташа бизнесті көтеру сын көтермейді. Сапырылысқан коммерция арзанқол тауарлармен тоғытып, елдің еңсесін түсіріп жіберді. Ал өзіміз шығарған бірде бір өніміміз жоқ. Биыл осынау салаға 49,5 млрд теңге бөлініп отыр. Әй, қайдам, тағы қолды болып кете ме деген қауіп жоқ емес. Шын кәсіппен, өз өнерін салайын деген адамдарғажолжоқ. Олардың бизнес-жоспарлары да айлап сарғайып жатқаны. Орта жолдан кіріскен алаяқтар бұрынғы едәуір қаржы мен несиені қағып кетіп, айналдырып, шетел асырып, ит рәсуасын шығарды. Ал шынайы кәсіпкер болам деген ауылдың да, қаланың да атпал азаматтары шөміштен қағылуда.

1. Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года N 4189 “О Государственной программе развития и поддержки малого предпринимательства в Республике Казахстан на 2004-2005 годы.”
2. Атамкулов Б. Государство как гарант рыночной экономики. Азия: экономика и жизнь. - 1998. - №1. - с. 20-21.
3. Оноприенко В.И. Малые предприятия: Опыт, проблемы М.: Профиздат, 2001.
4. Разумнова И. Мелкие предприятия в промышленности США. "Проблемы теории и практики управления", 2000г.
5. Тукаев А. Анализ развития малого бизнеса в Казахстане. // АльПари. - 2004. - №2. - с. 69-74.
6. Хизрич Р, Питере М. Предпринимательство. Вып. 1. М., 1991, с. 20.
7. Хоскинг А. Курс предпринимательства. , 2003, с. 28.
8. Шулятьева Н.А. Малый бизнес в условиях рынка. "Деньги и кредит", 2002, N 1
9. Шахмалов Ф. Малое предпринимательство в системе рыночных реформ проблемы роста или выживания. "Вопросы экономики", 2003г.
10. Шумпетер И. Теория экономического развития. - 2002г. с. 184-194,211-225.

МАЗМҰНЫ
КІрІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бӨлІм. Инвестиция жӘне оның экономикадағы ролі ... ... .5
1.1.Инвестицияның түрлері және көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Инвестициялаудың дамыған елдер тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2-БӨЛІМ қаЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУ
ПРОЦЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Қазақстанға шетел инвстицияларын тарту процесіне талдау ... ... ... ... ..15
2.2 Жезқазғантүстіметалл АҚ-ңың инветсициялық қызметі ... ... ... ... ... 31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
КІрІСПЕ
Менің қарастырылатын тақырыбым – Қазақстан Республикасындағы шетел
инвестицияларды басқару – қазіргі таңда өте актуалды болып саналады, себебі
Қазақстан Республикасының сыртқы борышы әлемдік тәжірибесі бойынша
критикалық нүктеге жетті. Сол себептен инвестициялардың қажеттігін
дәлелдегеннен соң, оның тиімді пайдалануды бақылап басқарудың ролі
айқындата түседі.
Инвестициялау деген не? Ол ағылшын тіліндегі (investments) қаржы жұмсау
(қаржы салу) деген атаудан шыққан инвестиция (investment) деген мағынаны
білдіретін өндіріс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларды дамытып, өркендету үшін
ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.
Қазақстан экономикасына инвестициялаудың жай-жапсарына келсек, бұдан 9-
10 жыл бұрын ғана әлемдік аренаға шығып, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің
дүние жүзіндегі аса ірі саясаткерлер мен кәсіпкерлердің назарына ілігіп,
көңіл аударар объектісіне айналып отырғаны шындық. Ол заңды да. Себебі
еліміздің жер асты байлығымен қатар, басқа да орасан мөлшерде шикізат қоры,
маманданған арзан жұмысшы кадрлары жетіп артылғандай. Ішкі нарық көлемінің
шектеусіз екені тағы бар. Сондықтан басы артық капиталдарын осында
орналастыру олар үшін мейлінше қолайлы да тиімді.
Шетел инвестициялары елдің экономикалық қызығушылығына айтарлықтай
сәйкес келеді, қашан мазмұны жағынан өте арзанға бар фабрикаларды,
зауыттарды, электростанцияларды, кеніштерді және т. б. сатып алу емес,
шынайы түрде қаржылық және материалдық ресурстарды құятын болса. .
Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне батыстың ескі құрал-жабдықтарын
жоғары бағамен өткізіп жіберу мақсатында біріккен кәсіпорын құру
практикасы да сай келмейді. Біріккен кәсіпорын көмегімен Қазақстан
рыногынан өзінің бақталастарының өндірісін құлатуға тырысқан жағдайлар да
бар. Экономикалық қауіпсіздік мәселелері шетел инвесторлары жағынан отандық
әлеуметтік саясатты, қоршаған ортаны қорғау нормаларын, қаржылық ұтым
жағынан қойылатын талаптарды сақтауда шиеленісе түседі.
Республикадағы шағын және орташа бизнесті көтеру сын көтермейді.
Сапырылысқан коммерция арзанқол тауарлармен тоғытып, елдің еңсесін түсіріп
жіберді. Ал өзіміз шығарған бірде бір өніміміз жоқ. Биыл осынау салаға 49,5
млрд теңге бөлініп отыр. Әй, қайдам, тағы қолды болып кете ме деген қауіп
жоқ емес. Шын кәсіппен, өз өнерін салайын деген адамдарғажолжоқ. Олардың
бизнес-жоспарлары да айлап сарғайып жатқаны. Орта жолдан кіріскен алаяқтар
бұрынғы едәуір қаржы мен несиені қағып кетіп, айналдырып, шетел асырып, ит
рәсуасын шығарды. Ал шынайы кәсіпкер болам деген ауылдың да, қаланың да
атпал азаматтары шөміштен қағылуда.
1-бӨлІм. Инвестиция жӘне оның экономикадағы
ролі
1.1.Инвестицияның түрлері және көздері
Инвестиция, инвестор дегендеріміз – кеңестік кезеңде онша белгілі
болмағанымен, күллі әлемде бұрыңнан кеңінен мәлім, практикалық маңызы үлкен
ұғымдар. Дүниежүзілік нарықтық экономиканың негіздері, материалдық және
рухани өрлеу мүмкіндіктері инвестициялаумен тікелей байланысты. Бұған
экономикалық саясатта инвестицияларын молынан қамтып, әрі оны іске асыруда
барлық мүмкіндіктерді іскерлікпен пайдалана білген көптеген мемлекеттердің
тәжірибелері дәлел.[1]
Инвестиция дегеніміз – негізгі капиталды көбейтуге немесе сақтауға
бағытталған шығындар.
Инвестицияның түрлері:
1. Құрылымы бойынша инвестициялық шығындар 2 түрге бөлінеді:
1) Жалпы инвестиция.
Жалпы инвестиция дегеніміз – негізгі капиталдың жиынтық
қосындысына шыққан шығындар.
2) Таза инвестициялар.
Таза инвестициялар дегеніміз – жалпы инвестициялардан
амартизациялық қорды алып тастағандағы инвестиция.
2. Объекті бойынша инвестициялық шығындар 3 топқа бөлінеді:
1) Кәсіпкерлік инвестиция.
Кәсіпкерлік инвестиция дегеніміз – фирмалардың еңбек
құралдарына шығарған шығындары.
2 Кәсіпкерлік инвестицияның негізгі нысаны бар:
1) Тікелей инвестиция. Тікелей инвестиция дегеніміз - өндірістік
кәсіпорындарға тікелей қор салу.
2) Партфельдік инвестиция. Партфельдік инвестиция дегеніміз –
инвестордың пайда алу мақсатымен кәсіпорынның акция, облигация және
т.б. құнды қағаздарын сатып алуы.
2) Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция.
3) Тауарлық – материалдық запастарға бағытталған
инвестициялар.
Бұл запастарға шикізат, аяқталмаған өндіріс және сатылуын
күтіп жатқан дайын тауарлар жатады.
3. Субъектілеріне байланысты инвестицияның түрлері 3 бөлінеді:
1) Мемлекеттік
2) Жеке
3) Сыртқы
Қолдану бағыттарына байланысты инвестицияның 2 түрі болады:
1. Нақты инвестициялар, яғни қорды материалдық активтерге салу.
2. Қаржылық инвестиция, яғни қорды құнды қағаздарға салу.
Инвестор дегеніміз - кәсіпорынның негізгі капиталына қор салып
отырған субъект.
Инвестицияның қайнар көзері:
1. Инвестицияның ішкі көздері
2. Инвестицияның сыртқы көздері
Инвестицияның ішкі көздері:
1. Жинақтар (халықтың, ұйымның, мемлекеттің). Жинақтар дегеніміз –
алынған табыстардың тұтынылмаған көздері.
Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар
немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың
жинағы инвестиция көзі болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының,
дәрігердің т.б. жинағы). Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты
өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине,
инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы
және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда жинақшы мен инвестор
сәйкес.
Инвестицияның сыртқы көздері:
1. Шетелдік тікелей инвестициялар.
Тікелей инвестициялар – Қазақстан Республикасының дербес кепілдіктеріне
байланысты және Қазақстан Республикасына берілетін ресми техникалық көмек
немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың
барлық түрі.
Шетелдік тікелей инвестициялар шетелдік капитал тартудың тиімді нысаны.
1. Халықаралық валюта қоры.
2. Халықаралық даму банкі.
Олар тек инвестицияны перспективті деп саналатын салаларға ғана салады.
Олармен қатар транснационалдық компаниялар да салады. Мысалы: Шеврон, Окиок
т.б.
2. Шетелдік партфельдік инвестициялар. Жалпы шикізатқа байланысты
компанияның акциясын сатып алуы.
3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымның гранттары.
Гранттар – халықаралық ұйымдардың лабараториялық материалдарды,
құралдарды сатып алып академиялық зерттеу мен айналысу үшін (80 мың, 200
мың доллар көлемінде). Сонымен бірге жеңілдетілген ұзақ мерзімділі қарыз
грант түрінде қаржылық және техникалық көмекке беріледі. Қазіргі кезде
дамуға ресми көмек шеңберіндегі қаржылық көмек елімізге халықаралық және
экономикалық ұйымдар, мәселен, халықаралық қайта жабдықтау және даму банкі,
Азиялық даму банкі және демеуші елдер – АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция
тарапынан көрсетіледі. Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарында қаржы
негізінен төлем баланысын қолдауға, ұлттық валютаны нығайтуға жұмсалынды.
4. Шетелдік несиелер мен қарыздар.
Олар көбінесе Қазақстанға халықаралық ұйымдар мен дамыған елдер
тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды 5-7 жылға дейін берді.
Олардың қатарынан Ислам даму банкін, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ,
Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы сияқты дамыған мемлекеттерді
қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді пайдалану мемлекеттің
инвестициялық саясатына байланысты.
1.2 Инветициялаудың дамыған елдер тәжірибесі
Кейбір ғалымдардың еңбек-терінде олардың үшінші әлем елдері туралы
ғылыми көзқарастарының хронологиялық жағынан өсу эволюциясы ескеріле
отырып, шартты түрде 1950 жылдардан бастап осы кезге дейінгі аралық төрт
кезеңге бөліп көрсетіледі. Ең соңғы төртінші кезең - 1980 жылдар
еңбектердегі талдаудың көрсеткеніндей, неоконсервативтік бағытта дамуымен
ерекшеленеді.
Осы арада Г. Д. Геншер құрастырған, батыс германдық сарапшылардың ГФР
сыртқы саясатының перспективалары туралы өз пікірлерін білдірген жинағын
ерекше атап көрсетуге болады (Бонн, 1987 жыл). Сондай-ақ батысгермандық
социал-демократтардың үшінші әлем елдеріне қатысты саясаты туралы У.
Хольцтің жариялаған еңбектері көп назар аударуды қажет етеді.
Оларда ГФР-дің үшінші әлем елдеріне арналған негізгі үлгілері, соның
ішінде, әсіресе, Христиандық-демократиялық одақ, Христиандык-әлеуметтік
одақ - Еркін демократиялық партия және ГСДП (Германияның социал-
демократиялық партиясы) партияларының үлгілері қарастырылады, сонымен бірге
олардың аталған елдердің дамуына бөлетін батыс германдық көмекпен өзара
байланысы көрсетіледі.
Аталған мәселеге байланысты ГФР-дің 1980 жылдардағы саясатында мынадай
төрт түрлі жаңа қүрылымдық сәттерді бөліп көрсетуге болады:
1. Бақылау: кедей елдердің формальді түрдегі тәуелсіз үкіметтерін
батысгермандық көмек жобаларына мықтап таңу, сырттан тұрақты түрде саяси
басқару әдістеріне араласу институттарын заңдастыру.
2. Үшінші әлемдегі жекешелендіруді күшейту: экономикадағы мемлекеттік
секторды қолдауды қысқарту, жекеменшік инвестицияларға қолайлы жағдайлар
жасау, экономиканы орталықтандырудан бас тарту және т.б.
3. Пайдалылық түрғысынан (неомеркантильдік) араласу: ұлттық экономиканы
германдық даму көмегі арқылы қаржыландыруды күшейту, жас мемлекеттердің
өнеркәсіптік рыноктарын қамтамасыз ету, әлі түпкілікті даму жолын таңдап
болмаған елдерде ГФР-ге экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени
басыбайлылықты күшейту.
4. Дамытуға арналған көмекті жекешелендіру: даму көмегін жекеменшік
кәсіпкерліктің қыска мерзімдік мақсаттарына байланыстыру және аталған
көмекті бірте-бірте анағұрлым көбірек үлесте, әсіресе, кедей елдерге
байланысты жекеменшік ұйымдарға ауыстыру.
Бұл арада Бонның алға қойған негізгі мақсаты аталған елдерде өндірісті
түгелдей жетілдіруге емес, дамушы елдердегі дағдарыстарды реттеуге
бағытталған саясат ұстанатынын көрсетеді. ГФР аталған елдердегі
проблемаларды өзінің ұлттық мүдделерімен байланыстыра отырып шешуге
тырысады.
80-жылдарда Батыс Германияның халықаралык; ұйымдар арқылы үшінші әлем
елдеріне көрсетіп отырған жәрдемі екі жақты негізде көрсетіп отырған
көмегінің небәрі үштен бір бөлігін ғана қүрайтын еді.
ГФР-дің дамушы елдерге қаржылай көмегі 1959-1992 жылдар аралығында
салықтарды алып тастағанда, 385 млрд неміс маркасын қүрайды. Оның ішінде
308 млрд неміс маркасы екіжақты ынтымақтастық бойынша, ал 77 млрд неміс
маркасы көпжақты ынтымақтастық бойынша берілді. Дамушы елдерде көмек
жөніндегі мемлекеттік ынтымақтастық бойынша аталған соманың ішінде шамамен
170 млрд неміс маркасы бөлінген екен. Сөйтіп, қазіргі кездегі мәлімет
бойынша Германия дамушы елдерге жылына 11 млрд неміс маркасын бөледі.
Мәселен, Федеральдық экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігінің
1993 жылға бөлген қаржысы 1992 жылмен салыстырғанда, тиісінше 8,32 млрд
неміс маркасынан 8,46 млрд неміс маркасына дейін өсті. Бұл, әрине, бір ғана
министрліктің бөліп отырған қаржысы.
Екі жақты негізде көрсетілетін көмекті ГФР-дің мемлекеттік аппараты мен
жекеменшік ұйымдары және фирмалары жүзеге асырады. Осымен бір мезгілде
мундай көмектерге тікелей де тікелей мемлекеттік инвестициялар арқылы),
жанама түрде де (жекеменшік ұйымдарға жәрдемдесе отырып) ыкпал ете алады.
Тікелей және жанама ықпалдардың арасында нақты айқын шекара жоқ, өйткені,
біріншіден, ГФР мемлекеті кейбір жағдайларда жекеменшік фирмаларға
мемлекеттік қазынаның есебінен (салықты жеңілдету, дотациялар және т.б.)
жәрдемдеседі, сонымен бірге, екіншіден, жекеменшік ұйымдар көбінесе
мемлекеттік аппараттың нақты тапсырмаларын орындап отырады.
Ал енді германдық көмектің көрсетілетіні туралы мәселеге келер болсақ,
оның мынадай нысандарын атап көрсетуге болар еді: қаржы және техникалық
көмек, мәдени құндылықтар мен тұрмыс-тіршіліктің артықшылығы, бүқаралық
ақпарат құралдары, т.б.
Қаржы саласында көрсетілетін әр түрлі көмектің нақты мақсаттарын былайша
жіктеп көрсетуге болады: жобалық, бағдарламалық, сауда, жедел мерзімдік,
құрылымдық (бұл түрі дамушы елдердің құрылымын қазіргі дүниежүзілік
экономикалық-шаруашылық құрылымына жақындату үшін 1987 жылдан бастап
енгізілген), сондай-ақ үштараптық операция, аралас қаржыландыру, т.б.
Германдық қаржылай көмектердің түпкі мақсатын ескере келіп, мынандай
қорытынды жасауға болады: ГФР өзінің экономикалық ынтымақтастығын және оның
ішінде, әсіресе, қаржылай көмегін әртүрлі аймақтардағы өзінін әсер-ықпалын
барынша күшейте түсу құралы ретінде қарастырады. Сонымен бірге инженерлік-
техникалық кадрлар даярлау мәселесін де Боннда көбінесе жас мемлекеттерге
әсер-ықпал етудің маңызды кұралы ретінде қарайды.
ГФР дамушы елдермен өз қатынастарында мәдени саясат құралын аса тиімді
турде пайдаланып отыр. Германияның мәдени саясатының ресми мақсаты - Дүние
жүзінде ГФР туралы объективті түсінік, пікір тарату болып табцылады деп
түсіндіріледі. Бұдан шығатын қорытынды: әр түрлі көрсетілетін көмектін
барынша ортақ функциясы дамушы елдерде жекеменшік экономикаға қажетті негіз
бен іс-әрекет кеңістігін өрістетуге жағдайлар әзірлеу болып табылады.
ГФР-дің Дамушы елдерге көмек жөніндегі федеральдық министрі Карл Дитер
Шпрангер өзінің Боннда сөйлеген бір сөзінде Федеральдық үкіметтің үшінші
әлем елерімен ынтымақтастығы тұжырымдамасына ерекше тоқталып өтті. Бұл
тұжырымдама бойынша дамушы елдерге, әсіресе, үш салада: кедейшілікке қарсы
күрес, қоршаған ортаны корғау және білім беру салаларында көмек көрсетуді
күшейте түсу көзделген.
Сондай-ақ, ол дамушы елдерге көмек берілуі үшін олардың мынадай бес
түрлі талап-өлшемдерге жауап беруі қажеттігін атап көрсетеді: біріншіден,
көмек көрсетілетін елде адам құқығы сакталуы тиіс; екіншіден, әрбір әріптес
елдің халқы саяси шешім қабылдауға қатысуы тиіс; үшіншіден, қүқык пен
заңдылыктың қамтамасыз етілуіне кепілдік болуы тиіс; төртіншіден,
әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікті ескере отырып, нарықтық
экономикаға көшу; бесіншіден, әріптес елдің жалпы саясатында экономикалық
және әлеуметтік жетістіктер халыктың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға
жәрдемдесуі тиіс. Бұл бес талап-өлшем, әрине, күштеп міндеттеуге жатпайды,
дейді К. Д. Шпрангер, бұл - тек дамушы елдерге кеңес ретінде берілетін
жалпы бағыт-бағдар ғана.
Батыс Германияның сыртқы саясатын жүргізуде ерекше рөл атқаратын
арналардың бірі жартылай үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды құрал
ретінде пайдалану болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде әр түрлі қоғамдық
ұйымдар мен қызметтердің, жетекші саяси қорлардың жұмысын атап көрсетуге
болады. Олардың үшінші әлем елдеріндегі қызметін талдап көрсек, мұндай
ұйымдардың жүйесі өзге бірде-бір батыс елдерінде жок екенін көреміз. Мүндай
қызметке сондай-ақ шіркеу қызметі, миссионерлік қызметтер де жатады.
Үкіметтік емес ұйымдардың бағдарламалары саяси-идеологиялық жағынан аса
бір шектеулі емес. Сондықтан да мұндай мекемелердің қаржы жұмсау
мәселесінде өз еріктері өзінде және қызмет нысанын өздері таңдауға да
ерікті. Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік мекемелермен салыстырғанда өз
қызметінде ықшам әрі ыңғайлы, сондай-ақ үкіметтің саяси бағытының өзгеруі-
не аса бір тәуелді емес.
Үшінші әлемдегі үкіметтік тапсырмаларды орындауға үкіметтік емес
үйымдарды жегу бұл тапсырмалардың барынша икемді, тез арада және жергілікті
халықтың саяси шамшылдығын туғызбай-ақ жүргізуіне мүмкіндік береді. Егер
мәселе сәтсіз шешілген жағдайда немесе коньюнктуралық өзгерту болған
жағдайда ГФР үкіметінің әрқашанда қандай да бір үкіметтік емес ұйымынан өз
іргесін аулақ сала алуына мүмкіндігі бар.
ГФР өз саясатында Батыстың үшінші әлемдегі негізгі мақсаттарына қол
жеткізу осы елдердегі ішкі саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастар
саласына мақсат керлік түрде және түрақты түрде ықпал-әсер етпеген жағдайда
қол жеткізуге болмайтынын үнемі ескеріп отырады. Мұндай жағдайда сондай-ақ
дамудың германдық үлгісіне ерекше сенім білдіріп отыр. Бұл үлгінің
негізін Германиядағы ХДОХӘО, ЕДП партияларының түсінігіндегі әлеуметтік-
рыноктық шаруашылық теориясы құрайды. Сондай-ақ ГСДП-ның ұсынып отырған
Дамудың үшінші жолы үлгісі де оны тек ГФР мемлекетінің ғана және тұтастай
алғанда Батыстың ғана жүзеге асыру қажеттілігімен және мүмкіндігімен
тікелей байланыстырады.
Бұл арада әңгіме Германияның жалпы қаржы инвестициялық саясаты емес,
оныңтек үшінші әлем елдерінде ғана қатысты болып отырғанын ұмытпауымыз
керек. Ал, дүниежүзінің басқа елдерімен салыстырғанда, ГФР капиталын
инвестициялау кейінгі жылдарда едәуір қарқын алғанын байқаймыз. Мәселен,
Германия кәсіпкерлері 1995 жылы 1994 жылғымен салыстырғанда 60 процентке
артық мөлшерде шетелдерге инвестиция жұмсады. Соның ішінде 1995 жылдың
бірінші жартысында басқа елдерге, әсіресө, Еуропа Одағы елдеріне 28 млрд
неміс маркісін бөлді.
Батыстың үшінші әлем елдеріндегі саясатын жузеге асыратын аппараттың
1990 жылдардан бастап улғая тускенін ұмытпауымыз керек. Дамуға көмек
көрсетудің қосымша құралдарын жасау жолдары іздестіріліп отыр. Германияның
Жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу, Диалог концепцияларын ГФР-дің алдыңғы
кезектегі мақсаттары айқындайды. Ол мақсаттар негізінен мына төмендегідей:
жан-жалдардың себептерін сол аймақта өзінін статускво мәртебесін сақтауға
мүдделі күштердің пайдасына біржақты түрде түсіндіруге ұмтылу; өзгерістерге
қол жеткізу үшін саяси және экономикалық қысым көрсету шараларын
пайдаланудан бас тартқан жағдайда аймақтарда капитал мүдделерін күшейте
түсуге тілек білдіру; тіпті қолданылатын құралдар мен әдістер туралы пікір
алшақтығы болған жағдайдың өзінде де Вашингтоннын сыртқы саяси
стратегиясына кайшы келмеу және адал одактастық шеңберінде әрекет ету.
Дамушы елдерде өз қоғамының үлгісін енгізуге ГФР-ді итермелейтін
себептер тек ішкі себептер ғана емес, сондай-ақ сыртқы жағдайлар да бұған
едәуір әсер етеді. Сыртқы жағдайларды атағанда, бұл арада шетелдік
бәсекелестер мен одақтастардың, ең алдымен АҚШ-тың кысымшылығын атап
көрсетпеске болмайды. ГФР мұндай қысымынын күшейе түскенін қаламайды,
әрине. Аталған кысымды әлсіретуге және өзіне арналған ойын алаңын кеңейте
түсуге ұмтыла отырып, Бонн үкіметі әсіресе АҚШ-тың әсер-ықпалы мен беделі
азая түскен аймақтарда (мысал үшін, Латын Америкасы) өзінің әсер-ықпалын
күшейтуге күш-жігер жұмсайды.
Үшінші әлемдегі өзінің АҚШ-қа деген одақтастық адалдығын дәлелдей
отырып, ГФР біріншіден, өзінің кейбір елдердегі шығындарының орнын басқа
елдерге қысым көрсету жолымен толтыруды тілейтін Вашингтонның саяси шам-
шылдығын болдырмайды; екіншіден, осылайша өзі үшін сыртқы саяси бағытта
белгілі бір дәрежеде дербестік алуға қол жеткізеді. Бұл алдыменен ГФР-дің
қарусыздану, ортақ еуропалық үй, шығыс Еуропа елдерімен сауда мәселелерінде
атқаратын рөлінен айқын көрінеді.
ГФР-дің үшінші әлемдегі барынша икемді саясатының тәжірибесі 1990
жылдарда АҚШ ушін ерекше маңызға ие болып отыр. Өйткені, қазіргі кезде АҚШ
уақыт рухына сәйкес келетін өз көсемдігін қамтамасыз ету үшін шаралар
қарастыру-да. ГФР тәжірибесі көрсеткеніндей, АҚШ-тың саясатына оның әскери-
соғыс іс-әрекеттері емес, керісінше, осы елдердің әлеуметтік реформалар
жасауына көмек көрсетуі және даму саласындағы ынтымақтастық саясатын
өрістетуі аса тиімді көмек болып табылар еді деген ойға жетелейді.
Германияның дамушы елдерге көмек тәжірибесін дүниежүзінің көптеген
елдері құптап отыр. Атап айтқанда, кейінгі жылдары Еуропа Одағы да ГФР-дің
бұл мәселедегі оң тәжірибелеріне ден қоя бастады.
Батыс елдері апдағы онжылдық кезеңде ГФР-дін тәжірибесін пайдалана
отырып, өздерінің үшінші әлемдегі саясатын жүзеге асыру үшін
қуралтаңдауда өз бағыттарын өзгертетінін айқын аңғаруға болады. Бұл арада
әңгімежумсалатын қаржының тиімділігі мен шығыстарды азайту мақсатында
дамушы елдердің қоғамдық ұйымдарын таңдап ала білу және оларды барынша
көбірек қузметке тарту туралы болып отыр.
2-БӨЛІМ қаЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУ ПРОЦЕСІ
2.1 Қазақстанға шетел инвстицияларын тарту процесіне талдау
Өзінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикасының дамуы
үшін Қазақстанның күшті потенциалы бар. Егер тек шикізаттық сектордың
мүмкіндігін айтар болсақ, онда республика қойнауындағы минерал шикізатының
шығымын эксперттер 8,7 трлн долларға бағалайды. Елімізде дүние жүзімен
салыстырғанда мыстың қоры 10 процент, қорғасын - 19 процент, мырыш -13
процент, темір - 10 процент. Қазақстан уранның қоры бойынша дүние жүзінде
бірінші, алтын бойынша - жетінші орында. Жалпы дүниежүзілік қорлардан
бариттің анықталған қоры 1,1 есе, ал вольфрамдікі - 1,2 есе жоғары. Мұнай
мен газ қорлары бойынша республикамыз дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы
елдермен таласады.
Осы бір табиғи ресурстар іске косылу үшін оған ақша жүмсау керек, атап
айтқанда төте инвестиция түріндегі.
Инвестициялық пәрменділіктің терең және ұзақ әлсіреуі аяқталмаған
қүрылыстағы жағдаймен дәлелді сипатталады.
Қазақстанның үлттық есептеу агенттігінің дерегі бойынша аяқталмаған
және іске қосылмаған қүрылыстарға, оның ішінде уақытша объектілерге
жүмсалған капиталдың қаражат мөлшері 1995-2004 жылдары іс жүзінде өзгерген
жоқ және орасан көп сома 296 млрд теңгені қүрайды. Аяқталмағандардың
шамамен 80 проценті энергетика, түсті және қара металлургия және басқа
қаржы көп талап ететін өндірістік құрылыстар болып табылады. Аяқталмаған
қүрылыстарды шаруашылық айналымға енгізу - республика экономикасының
қауіпсіздігін нығайтудағы аса ауқымды және жауапты мәселе.
Республиканың өз инвестициялық ресурстары өте шектеулі екендігі анық.
Осыдан шетелдік инвестициялардың көбірек түсуін жанжақты қолдау қажет
екендігі шығады. Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда негізгі қорларды күту және
жаңарту үшін шетелдік инвестициялар үлесі өсті, бірақ әлі де жеткіліксіз.
2004 жылы бірінші жартыжылдығында республикада 8,9 млрд теңге шетелдік
инвестиция (шамалы сома) пайдаланылды, ол
негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемінің 20 проценті. Шетелдік
капиталдың жартысын бірлескен кәсіпорун, үштен бірін шетелдік фирмалар мен
компаниялар пайдаланды. Қалған үлес отандық өндірістерге: жекеменшіктерге
(15 процент) және мемлекеттік ұжымдарға калады.
2003-2004 жылдары төте инвестициялық көлем бойынша инвестор елдер ішінде
алдыңғы қатарда (кему ретімен) Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және
АҚШ, Алмания, Франция, Нидерланды және басқа батысеуропалық мемлекеттердің
Қазақстанға қызығушылығы төмен, тіпті төте инвестиция аз берген (1-кесте).
1-кесте
Түсу көздеріне орай төте шет елдік инвөстициялардың жүйесі
Демеуші елдер2003 жыл2004 (І-ші
тоқсан)
Төте 100 100
инвестициялар
Оның ішінде:
Жапония 28,4 36,6
Оңтүстік 27,5 28,9
Корея
Ұлыбритания 15,7 13,5
АҚШ 11,1 11,1
Алмания 4,1 1,0
Италия 3,5 0,4
Түркия 3,1 2,4
Франция 2,1 2,4
Нидерланды 0,9 0,4
Израил 0,6 1,0
Швейцария 0,3 -
Басқалары 1,4 2,5
2004 жыл басында Қазақстанда шетелдердің қатысуымен 995 бірлескен
кәсіпорын және шетелдік инвесторлар басқаратын 100-ден аса кәсіпорын жұмыс
істеді. Бұдан отандық өндіріс даму үшін және де алдыңғы қатардағы
технология мен басқаруды үйрену үшін қаражат (мемлекеттің қарызын
құрамайтын) алады. Шетелдіктер кәсіпорындарға біршама немесе толық
бақылауға қол жеткізеді де инвестиция бойынша дивидендті және түскен
пайданы өз қалағанынша репатрияция жасай алады.
Өзіміздің қандай да бір дұрыстау бос дағдарысы қаражат болмаған жағдайда
және экономиканың терең кризисі кезінде, шетелдік инвестициялар экономиканы
көтеру үшін допингтің ролін атқарады, оның өзі мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігін нығайтуға тікелей әсерін тигізеді. Екінші жағынан кейбір
сомалар, әсіресе қорғаныс мәні бар, экономикалық қауіпсіздік жағынан
шетелдік инвестициялар үшін жабық болуы тиіс.
Мысалы, Жапонияда, шетелдік осы салаларға жататын кәсіпорындардын
акцияларын да сатып ала алмайды. Басқа батыс елдерде де шетел инвесторлары
үшін лицензия берудің қатаң режимі бар, біздің республикада ол әрине әзірше
жоқ. Алайда, дүниежүзілік алдыңғы қатардағылардан айтарлықтай артта қалған
қорғаныс салалары мен өндірістері үшін шетел капиталының түсуі осы артта
қалушылықты жоюдың және ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың жолы болып
табылады.

Қазақстан экономикасына қазiргi келiп жатқан көптеген шетел
инвестициялары негiзiнен әлемдiк тарнсұлттық корпорациялардың бiздiң
экономикамызға салған инвестициясында көрiнiс табуда. Елiмiздегi ауқымды
трансұлтты компаниялардың басым көпшiлiгi АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және
Оңтүстiк Корея елдерi екенi белгiлi. Осы дамыған елдердiң елiмiздегi басты
және кең көлемде қызмет етiп отырғандарына келесiлердi жатқызуға болады:
Шеврон, Бритиш Газ, Аджип, Сумимото Корпорейшн, Эльф Акитэн, БМВ, Туркие
Петроллери, Оман Ойл компани, Джапан Петролеум Эксплорейшн, LG және т.б.
трансұлттық корпорациялар жатады.
Осы аталған жағдайларды ескере отырып, елiмiздiң отандық мұнай және
газ салаларында қызмет ететiн корпорациялары (“КазМунайГаз”, ОАО “СНПС –
Актобемунайгаз”, “Карачаганак Петролеум Опереитинг”, ТОО Казахойл-Актобе,
ТОО КазГерМунай”, ЗАО “Торгай-Петролеум” және т.б. компаниялар) өздерiнiң
инвестициялық саясатын жалпы түрде келесi бағыттарда құру керек:
• Корпорация қаржылары мен активтерiн дамыту және тиiмдi пайдалану;
• Корпорацияға инвестиция тартудың тиiмдi көлемiн және оның қажет
деңгейiн алдын-ала анықтау;
• Тартылған инвестицияларды өндiрiстiң өңдеушi саласын дамытуға немесе
өнеркәсiп саласын дамытуға ынталандыру;
• Инвестиция тартудың әр түрлi жолдарының (несие, лизинг, тiкелей,
портфельдi, құрал-жабдықтай немесе мемлекеттiк гранттар) өздерiне ең
ұтымды көздерiн анықтау;
• Инвестициялық тәуекелдiлiктерiн барынша азайту немесе сақтандыру;
• Негiзгi капиталды инвестициялауға баса назар аудару, әсiресе мұнай-
химия өнеркәсiбiн дамытуды қолға алу;
• Мұнай саласында инновациялық жоғары технологияларды пайдалануды дамыту
және шетелдерден қажеттi жаңа технологияның түрлерiн алдын-ала
тiзiмдеу;
• Мұнай және газ саласында қызмет ететiн отандық және шетел
корпорациялары ұлттық өнеркәсiптiң басқа салаларын инвестициялауға
ынталы болуы керек;
• Осы мұнай-химия және мұнай өiмдерiн шығаратын салаға мемлекеттiң
бөлген субсидиялары мен гранттарын ұтып алу болып табылады.
Бiрақ қазiргi уақытта шетелдiк инвестицияның басым көпшiлiгi
елiмiздiң шикiзаттық қорын игеруге салынып отыр. Осыған байланысты
экономикалық өсудiң өзi осы сонғы жылдарда әлемдiк рыноктарда мұнайға деген
бағаның өсуiмен байланысты болып отыр. Ал экономиканың тұрақты өсуiн
қамтамасыз ету үшiн өндiрiстiң өңдеушi саласын дамыту мәселесi туындап
отыр. Ол үшiн осы салаларға инвестиция салуды ынталандыруды мемлекеттiк
тұрғыдан ынталандыруды қолға алу керек. Жалпы оның себебiн 2006 жылы
негiзгi капиталға тартылған инвестиция мөлшерiмен анық көруге болады.
(сурет 1).
Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды
инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк
инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм
шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң
шикiзатымыз болып отыр. Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық
өндiрiске салынуда. Оны келесi суреттен көре аламыз:
Сурет-1 – Елiмiзге келiп жатқан шетел инвестициясының құрылымы
Бүгiнде елiмiз экономикасы үшiн маңызды сала болып табылатын өнеркәсiп
саласының өңдеушi секторына инвестиция тартудың жалпы инвестициялардағы
үлесi керiсiнше жылдан жылға азаю үстiнде. Оның басты себебi негiзгi
инвестиция көзi болып табылатын шетелдiк компаниялар инвестициясы өз
қаржыларын өңдеушi салаға салғанға қарағанда шикiзаттық салаға салуға
ынталы болып келедi. Сондықтан ендiгi жерде мемлекет пен ұлттыө компаниялар
өз мүдделерiн бiрiктiрiп, өздерiнiң инвестициялық саясатын негiзiнен
өңдеушi салаға бағыттауы керек. Ол үшiн оған мемлекет тарапынан белгiлi бiр
экономикалық саясататр арқылы жеңiлдiктердi қалыптастыр керек.
Ендi осы жалпы инвестициядағы мұнай саласындағы өнеркәсiп пен өңдеушi
өнеркәсiпке тартылған инвестициялардың үлесiн келесi сурететн көре аламыз:
Сурет- 2 - Өнеркәсiп саласына тартылған инвестициядағы мұнай
және өңдеушi өнеркәсiпке салынған инвестицияның үлесi
2-шы суреттен көрiп отырғанымыздай елдегi өнеркәсiп саласына
инвестициялардың басым бөлiгi мұнай өнеркәсiбiне салынуды, ал маңызды сала
болып табылатын өңдеушi салаға инвестиция көлемi өсудiң орнына жылдан жылға
төмендеу барысында.
Сонымен, бүгiнгi таңда басты мәселенiң бiрi болып отырған,
Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсiп
салаларына жаңа мiндеттердi шешудi жүктеп отыр. Ол сыртқы және iшкi
нарықтарда бәсекеге төтеп бере алатын тауарлардың инновациялық деңгейiн
көтеру болып табылады. Мұны, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань елдерiнiң
өнеркәсiптiк тауарлары әлемдiк нарықта дәлелдеп шықты. Яғни, тауар саясатын
дайындауда кез келген өндiрiстiк кәсiпорын өнiмнiң ғылыми-техникалық
сиымдылығын көтеруi тиiс, сөйтiп инновациялық мәнi бар тауар өндiруде өз
бағыты мен механизмiн анықтап алуы керек.
Қорыта айтқанда, шетел инвестицияларын тарату экономиканы
модернизациялаудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Әуелі дамыған
елдер арасында пәрменді түрде капитал алмасу жүріп тұрады, ал өркендеуші
елдер шетел инвестициясын тарту үшін дүниежүзілік деңгейде қатал
бәсекелестікке қатынасады. Батыс Еуропада 60 жылдары Америка капиталының
күштеп кіруі жайлы айтылғанын айта кеткен жөн (С. Шрейбер. Американский
вызов және басқалар). Алайда, 70-жылдардың басындаақ батыс-еуропалық және
жапондық түрақты капиталдар сыртқы рынокқа пәрменді шыға бастады, оның
ішінде АҚШ рыногына да 90 жылдары, мысалы, АҚШ-тың шетелдегі төте
капиталының жалпы көлемі 800 млрд доллардан астам болса, америка
экономикасына берілген қарамақарсы шетелдік төте инвестициялардың көлемі
600 млрд доллардан асқан. Жанашырларға (Қазақстан Президентінің термині
сақталған) жауап бере тұра, Н. Ә. Назарбаев Ресейдің мемлекеттік қызмет
академиясында сөйлеген сөзінде Құрама Штаттарында, мысал үшін, өздерінің
рыногінде жапон капиталы болғанына сыпайгершілікпен қарайды. Елге пайдалы
болса халыққа да пайдалы. Бізде де сондай болып жатыр. Испат-Кармет бір
жылда өндірісті 12 процентке көтерді. Басқа кәсіпорындарда да сондай
жағдай. Шетелдік фирмалар арқасында Қазақстанда миллиард доллардың
ресурстары тартылды. Қазіргі өтпелі кезеңде шетел фирмаларымен қарымқатынас
жасау республика үшін өте тиімді. Шарттың жағдайлары Қазақстанныңөндіріс
потенциалының дамуына оң әсер ететіндіктен, ресурстарды талантаражға салу
жөнінде ешқандай сөз болуы мүмкін емес.
Шетел инвесторларының капитал құюының сала бойынша кескіні 2-кестеде
келтірілген.
Жоғарыда келтірілген деректерден мұнай-газ және көмір өнеркәсіптері
инвестициялардың жалпы көлемінен қомақты үлес алатыны көрініптүр,
Атапайтқанда, республикаға түсетін шетел инвестициясы арқасында Ақтөбе
облысында геологиялық-барлау жүмыстары, Батыс Қазақстан облысында жанар май
өндірудің кіші қондырғысын, Маңқыстау облысында мұнай скважиналары құрылысы
және т. б. жұмыстары жүргізілуде.
2-кесте
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының салалық жүйесі: (2004 жыл
бірінші жартысы)
Салалар Миллион теңгеБарлыгына шаққанда
Іроценгпен
Экономика салалары бойынша,
барлығы 8923 100,0
Оның ішінде:
Электроэнергетика 753 8,4
Мүнай өндірісі І229 13,8
Газ 937 10,5
Көмір 1334 14,9
Қара металлургия 145 1,6
Түсті металлургия 340 3,8
Құрылыс материалдар өндірісі 12,0
1007
Ет және сүт 21 0,2
Ұн-жарма 36 0,4
Ауыл шаруашылығы 7 0,1
Құрылыс 29 0,3
Геология және жер қойнауын
зерттеу 589 6,6
Тағам 522 7,0
Тұрғын үй қүрылысы 1127 1,4
Коммуналдық құрылыс 1270 14,2
Денсаулық сақтау, дене тәрбиесі
және әлеуметтік қамтамасыз ету 208 2,3
Білім 30 0,3
Жаңа жоғары технологиялық өндірістер пайда болуын және елдің экономикалық
қауіпсіздігін нығайтуды қамтамасыз етудің өте тиімді инвестициясының мысалы
ретінде мұнай-газ саласын келтіруге болады. Мәселен, Теңіз мұнай кенішін
барлау үшін 40 жылға 25-30 млрд АҚШ доллары қажет. Мұндай қаражат
республикада болмағандықтан американнын Шеврон корпорациясымен сәйкес
келісімшарт жасалды. Оның мәні - жобаның шетелдік қатынасушысы Шеврон
техникалық, экологиялық жағын өз жауапкершілігіне алады, қаржымен
қамтамасыз етуді ұйымдастырады, ал түскен пайда республика мен инвесторға
бөлінеді.
Уранның дүниежүзілік қорының төрттен бірі Қазақстанда. 1992 жылдың
өзінде-ақ дүниежүзілік алдыңғы қатарлы үш уран компаниясы біздің
кеніштерімізде біріккен кәсіпорын құру үшін таласты бастаған. Ол жерде
Қазақстанда нақты барланған уран қорының жартысы шоғырланғанын еске сала
кетейік, оның құны жер қойнауында 13 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz